Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
Ресей өзінің энергетикалық дипломатиясын мемлекеттік егемендіктің және энергетикалық ресурстарға егемен құқықтар шеңберінде, саяси және экономикалық ынтымақтастықтың рухында жүргізіуде.
Ресей Федерациясы энергетикалық дипломатиясының басты мақсаты – төмендетпеушіліктің, теңбе-теңдіктің негізінде, энергетикалық саясатты энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті іске асыру бойынша болжамды нәтижелерді ескеріп, әлемдік энергетика нарығында тұрақты жұмыс істейтін энергетикалық нарықтың дамуына әсер ету.
Ресей сонымен бірге Азиялық энергетикалық стратегияға қолдай көрсетуде.
Азиялық энергетикалық стратегиясы дегеніміз ең алдымен мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделеріне негізделініп, саяси бөлігін азайту қағидасын басшылыққа алады.
Азиялық энергетикалық стратегиясы
әрбір елдің энергетикалық
Азиялық энергетикалық стратегиясы мүше - елдердің энергетикалық қауіпсіздігін бұзып тастауға бағыт алмауы керек. Әрбір мүше мемлекет бүкіл Азия континентінің қауіпсіздігі үшін өз энергетикалық қауіпсіздік деңгейінен бас тарта алатын деңгейлерді белгілеуге тиісті. Азиялық энергетикалық стратегиясы мемлекеттер арасындағы басқа нарықтарға энергетикалық ресурстарды жеткізу саласында келісілген уағдаластықты ешқашан бұзбайды. Стратегияның шеңберіндегі мүше-елдердің ынтымақтастығы теңбе-теңдіктің қағида мен мүше мемлекеттер үшін барынша тиімді әрі ашық экономикалық шарттарға негізделуі керек. Мүше-елдердің ынтымақтастығы Азиялық мұнайгаз энергетика ресурстар биржасын құру бағытында жүргізілуі керек. Азиялық энергетикалық стратегиясына мүше мемлекеттер дүниежүзілік энергетикалық кеңістікке дәйекті түрде ықпалдасуы керек.
Ортаазиялық республикалар
– Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Өзбекстан және Түрікменстан – маңызды
энергетикалық ресурстарға ие. Бірақ,
бұл ресурстар әртүрлі бөлініп
тұр.Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан
қазба отынның маңызды
Ресейдің Энергетикалық саясатының мақсаты – экономиканың өсуі мен халықтың өмір сүруінің сапалылығын көтеру үшін табиғи отын-энергетикалық ресурстардың және энергетикалық сектордың әлеуетін барынша тиімді пайдалану.
Энергетикалық стратегиясының мақсаттары:
• ОЭК-нің сапаны көтеру жолдарын анықтау, дүниежүзілік нарықтағы кешенді дамыту басыңқы бағыттарды белгілеу және әлеуетін қолдану, мемлекеттік энергетикалық саясаттың шаралар мен механизмдерін құру, бұл саясаттың болжамды нәтижелерін ескеру негізінде ОЭК-нің өнімі мен қызметтің бәсекеге қабілеттіліктің өсуі.
• Халық пен экономиканы қолжетерлік әрі энергияны үнімдеуін ынталандыратын бағалары бойынша толық және сенімді түрде энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету, тәуекелдерді төмендету және мемлекетті энергиямен жабдықтауында дағдарысты ахуалдарды дамытпау.
• Өндіріске сыбағалы шығындарды азайту және энергетикалық ресурстарды тұтынуын рационалдандыру арқасында пайдалану, энергияны үнемдейтін технологиялар мен жабдықтарды қолдану, ОЭК-нің өнімді шығару, қайта өңдеу, тасымалдау, сату барысында шығындарды азайту.
• Қаржы тұрақтылығын және энергетикалық сектордың әлеуетін қолдану тиімділігін көтеру, мемлекеттің әлеуметік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін еңбек өнімділігін арттыру.
• Өнімді шығарудың, қайта өндеудің, тасымалдаудың, сатудың және тұтынудың жаңа технологияларды енгізу мен өндірістің құрылымын жақсарту және экономикалық ынталарды қолдану негізінде энергетиканың қоршаған ортаға техногендік ықпалын азайту.
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі екі маңызды мәселелерді шешу керек:
• Біріншіден, ОЭК-нің ескірген және тозған технологялық негізінің жаңартылуын өткізіп, ОЭК-мен өндіретін ресурстік базасының ұдайы өндірісін қамтамасыз ету керек.
• Екіншіден, отын-энергетикалық ресурстарды өндіруінің және тұтынудың құрылымын өзгерту керек.
Ресейдің энергетикалық сектордағы сыртқысаяси стратегиясы:
• Ресейдің дүниежүзілік энергетикалық ресурстар айналымының жүйесіне кіруі, отын-энергетикалық ресурстарды шығаруы мен игеру саласындағы, бұл ресурстарды тиімді тұтыну және жаңа энергетикалық нарықтарды игеру салаларындағы халықаралық ынтымақтасуы.
• Әлемнің барлық аймақтардағы мемлекеттермен, ТМД елдерін қоса, өзара әрекеттесуі Ресеймен ұлттық пайда түсіру ұстанымына негізделуі керек [5].
Сыртқы
энергетикалық саясатының
• Ресейдің дүниежүзілік энергетикалық нарықтардағы позицияларының нығайтылуы, отандық ОЭК-нің экспорттық мүмкіндіктерінің барынша тиімді іске асырылуы, дүниежүзілік нарықта оның өнімі мен қызмет көрсетудегі бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
• энергетикалық секторда сыртқыэкономикалық қызметі үшін кемсіту емес тәртібінің орнатылуы, ресей энергетикалық компаниялары үшін батыс энергетикалық ресурстар нарықтарына, қаржы нарықтарына, озат энергетикалық технологиялар нарықтарына қолжетерлігі.
Халықаралық энергетика агенттiгiнiң
сараптамашылары соңғы уақытта
дамыған елдер үкiметтерiн
Балама энергия көздерiн зерттеу шеңберiнде, басты назар «қайта шығарылатын энергия көздерiн» аударылуда. ЕО биоотынды пайдалану 2005 жылдың аяғына дейiн Евроодақ елдерiнде сатылатын автомобиль бензинiнiң 2% кем болмауы тиiс деген шешiмiне қарамастан Франция 2010 жылға дейiн оны 6% арттыру қажет деп есептейдi. Қазiргi уақытта Евроодақта шығарылатын барлық биодизель отынының жартысынан көбi Германияның үлесiне тиесiлi, оның үкiметi таяудағы екiжыл iшiнде ауылшаруашылығын биоотынға көшiрудi жеделдетудi белгiледi. Мұндай жұмыстарды өзге де елдер жүргiзуде. Бүгiнде рапстың жалпы егiстiк алқабы 22-24 млн. гектар. Оның үштен екiсi Индияда, Қытайда және Канадада. Мемлекеттiк биодизельдiк бағдарламалар Францияда, АҚШ-та, Австралияда және Бразилияда қабылданды. Зерттеулер нәтижесiнде батыс сараптамашылары қазiргi уақытта биоотын екi түрлi формада ұсынылып отыр деген пiкiрге тоқталды:
Этанол — қамыстан, жүгерiден, қант қызылшасынан, шөптi өсiмдiктерден, қант қамысынан және олардың ашыған өнiмдерiнен, ауылшаруашылығы және ағаш өңдеушi өнеркәсiп қалдықтарынан алынады. Оны таза түрiнде де бензинмен аралас түрiнде де пайдалануға болады, және этанол 25% болған жағдайда «газоголь» деп аталатын отын алынады. («gasohol»). Бұл өнiм этанолдан гөрi аз буланады, және оны тазарту зауыттарында араластыруға болады.
Биодизель — өсiмдiк майын метанолмен араластыру арқылы өндiрiледi, нәтижесiнде күрделi эфир майы алынады (VOME). Оны тiкелей отын ретiнде пайдалануға болады немесе мұнай дизелiмен араластыруға болады. Биологиялық отын өндiрiсi дамуы сараптамашылардың тұжырымдауы бойынша жеделдетiлген қарқынмен жүргiзiледi. Бiрiншiден, мұнайға сұраным өсе түсiп, бәсекелестiктi күшейттi, жаҺандық қор азаюда, ал оның бағасы аспандап барады. Қатары өсе түскен елдер тек мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң импортына иек артады, ал оның үзiлiп қалу қаупi тағы бар. Биоотынды көптеген елдер елдiң өз iшiнде өсiрiп, өндiре алады, сонысымен импортты қысқарта отырып оның үзiлiп қалуынан қауiптенбейдi. Екiншiден биотын экологиялық таза. Оны көлiктер қызметiнде пайдалану ауаның ластануынада жол бермейдi [10,с.91].
Сонымен бiрге биоотын қайта шығарылатын энергия көзi болып табылады және ол үшiн қажеттi шикiзат өсiру кезiнде көмiрқышқыл газын жұтады, сөйтiп, отынды жағу барысында пайда болатын көмiр қышқыл газды болдырмайды. Сондай-ақ әңгiме өндiрiстiң топық циклы және биоотынды пайдалану, әсiресе энергия тұтыну жөнiнде болса пiкiрлер екiге бөлiнедi. Алайда, олар көлiк секторын экологиялық жағынан тазартуға келгенде мүмкiн болған аз тәсiлдiң бiрi деуге болады.
Үшiншiден мұнай және мұнай өнiмдерiне тәуелдi көптеген елдер iшкi биоотын өндiруге мұнай импорты үшiн ұлғая түсiп отырған шығынды қысқарту құралы деп бiледi. Бұл әсiресе отынға деген iшкi баға субелдия арқылы болатын және отынға субсидияны алып тастауды талап ететiн оппозициясы күштi елдер үшiн маңызды. Қазiргi уақытта дамушы елдер де, дамыған елдер де өздерiнiң отындық спецификасын қатайта түсуде. Европа елдерi, оның iшiнде Франция, ЕО отыны үшiн жаңа специфика егер биоотынды көп көлемде пайдалану мен таза жанып кетуi жағдайында ғана нақты орындалуы мүмкiн деп есептейдi. Евроодақ бекiткен жаңа норма EN 590, отын ретiнде 5% VOME-нi пайдалануды талап етедi. Одан өзге ЕО елдерi үкiметтерi биоотынды пайдаланудың нақты мерзiмiн анықтау туралы шарт қоюда. Соның iшiнде Европа комиссиясы 2005 ж. қарай рыноктағы биоотын үлесi 2% жеткiзудi мақсат етiп қойды. Нәтиже 1,4% болды, бұл 2002 ж. 0,2% салыстырғанда едәуiр арта түскендiгi. Комиссия 2010 ж. мөлшердi 5,75% деп белгiледi. Ал биылғы жылы 2003 жылғы отын жөнiндегi директиваны қайта қарау үстiнде. Күн тәртiбiнде осы мақсаттарға мiндеттi түрде жету мiндетi тұр [10,с.99].
Сонымен биоотын энергетикалық және ауыл шаруашылығы рыноктарын текетiреске түсiруде. Ондай бәсекелестiк биоотын өндiру жөнiндегi кемшiлiктердi болдырмауға сеп болатынына қарамастан сонда да болса, ауылшаруашылығы субендиялары арқылы үнемделген қаржыны биоотын өндiрiсiн жолға қою үшiн жұмсауға болады.
Бразиялияның аймақтық энергетикалық
саясаты. Латын Америкасы аймағындағы
энергетикалық саясат бүтiндей алғанда
АҚШ-пен және мұнай мен газды
импорт арқылы алатын (Бразилия, Перу,
Чили, Парагвай, Уругвай) мемлекеттердiң
оны сыртқа шығаратын елдерге
ықпал үшiн бәсекелестiк
Аталған саясаттың мақсаты — оңтүстiк америкадағы мұнай шығарушы елдерге ықпал ету. 1990 жылы Бразилия үкiметi көмiрсутегi импортының аймақтық жүйесiн қалыптастыруға, сондай-ақ мұнай шығарушы елдерден (Венссуэла, Мексика) әлемдiк рынокқа көмiрсутегiнiң толассыз ағынына ықпал ететiн көмiрсутегi импортының аймақтық жүйесiн құру мiндетiн қойды.
Осы бағыттағы бiрiншi қадамы мемлекет 30% меншiгiн және 55% саяси құқығын өзiне алған «Петробраз» мұнай компаниясын жекешелендiру болып табылады. Ол шара өзiн ақтады да. «Петробраз» бүгiнде әлем таныған және су тереңдiгiнде мұнай барлау жұмыстарын да жүргiзе алатын жетекшi компания [11].
Соңғы екi жылда «Петробраз» компаниясы:
— Экваториалдың Гвинеяда, Нигерияда, Ливияда барлау жұмыстар жүргiзу концессиясын, Shell компаниясының Колумбиядағы, Парагвайдағы, Уругвайдағы. Активтерiн сатып алды;
— екiншi кезектегi метанол өндiру үшiн АҚШ-тың Жапониядағы зауыттарын пайдалану үшiн өзара түсiнушiлiк туралы Меморандумға қол қойды;
— Венесуэла және Колумбияның жағалаулардағы газ кен орындарын барлау концессияларын, сондай-ақ Уругвайдың — Газеба және Коннекта газ тасымалы жөнiндегi екi жүйесiн сатып алды.
— Мексика шығанағындағы газ кен орнын аша отырып, оның барлау жөнiндегi концессиясының 53% сатып алды.
Инвестициялық саясатты ұтымды пайдалана отырып, «Петробраз» компаниясы Бразилия Президентi Л.И.Лула да Силваның сыртқы саясаттағы елеулi құрамына айналды. Оның жыл сайынғы инвестициялық бюджетi 2004-2009 жылдар бойынша 11 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Бразиялияның энергетикалық кешенiнiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету және елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiн нығайтуға бағытталған аймақтық энергетикалық саясаттың басымдығы жолында жұмсалған күш-жiгерi екiншi қадамы болып табылады.
Осыған орай Бразилия Президентi Лула да Силва былай деп мәлiмдедi:
— елдi энергетикамен 100% қамтамасыз
ету үшiн энергетикалық
3,4 млн. баррельге жеткiзу үшiн 2005-2011 ж. аралығында осы салаға
3,4 млрд. доллар инвестиция салуға шешiм қабылданды.
— Сант Басин жаңа кен орнын игеру есебiнен табиғи газдың ұлттық қорын ұлғайту (газ өндiрудiң жалпы көлемi 2002 жылғы 70 млрд. 2006 ж. 400 млрд. текше метрге жеттi) [11].
Сондай-ақ Латын Америкасы
аймағындағы мемлекеттерге
Бұл қадам өз кезегiнде
тек Бразилиямен ғана емес, сонымен
бiрге Испаниямен де арақатынас шиеленiсе
түстi. Бүгiнде Бразилияның
Ресейдің ядролық электр станцияларның келешегі мен проблемалары
Ресей Федерациясы 2020 жылға дейін 4 атам электр станцияларын салуды болжауда. АЭС-ын салу Тверь, Нижегород, Челябинск, сонымен қатар Ярослав немесе Костромо облыстарында жоспарланған. Бұл станцияларды салу жоспары Ресей Федерациясының электроэнергетика объектілерін орналастыру туралы генералды схемасымен қарастырылған.Құжатқа сәйкес,бірінші эксплуатацияға түсетін Тверь облысындағы АЭС. Оны 2011-2015 жылдар аралығында қосу жоспарланған. Қосылғаннан кейін 5 жыл ішінде станция қуаттылығын жинайды деген үмітте [5].