әлеуметтік қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.

Файлы: 1 файл

Берик энерг.қауіпсіз. 11.05.12.docx

— 238.20 Кб (Скачать)

Қазiргi таңда Еуроодақ «Газпромға»  төтеп берудiң тиiмдi жолдарын қарастырумен әлектенiп жатса, Польша, Балтық жағалауы елдерi сияқты Ресейге күдiкпен қарайтын бiрнеше мемлекет энергоқордың басқа  көзiн табу мақсатында күш бiрiктiрдi. Польшаның экономика министрлiгiнiң  баспасөз хатшысы Петр Наимски Катардан тасымалданатын табиғи газды сақтайтын  терминал немесе Норвегиядан тiкелей  тасымалдау үшiн құбыр салу мәселесiн  қарастырып жатқанын айтты. Аталған  екi жобаның екеуiнiң де құны тым  жоғары. Оның үстiне, ЕО-ға мүше алпауыт  елдердiң басым бөлiгi Балтық теңiзi арқылы тiкелей тасымалданатын ресейлiк  газға қызығушылық танытып отыр. Германияның канцлерi Ангела Меркель  Путиндi «адам құқығын аяққа таптады» деп айыптағанмен, энергоқорлар мәселесiне келгенде, аталған құбырдың газ тасымалдауда тұрақтылық пен сенiмдiлiкке негiз болатындығына үмiт артады. Посткеңестiк кеңiстiктегiлер мен поляктар орыстарға төтеп беруге шамасы келгенше талпынып жатса, Ақ Үй де «қол қусырып қарап отырған» жоқ. Америкалық сенаторлар алдында сөз сөйлеген АҚШ мемлекеттiк хатшысы Кондолиза Райс энергетикалық саясаттың халықаралық дипломатияға керi әсер ететiнiн айта келе, Түркия мен Грецияны Ресейге деген тәуелдiлiктi төмендетуге шақырып, табиғи газды Әзiрбайжаннан тасымалдауды көздейтiн жаңа жоспарларына қолдау бiлдiрдi. Осы аптаның соңында АҚШ вице-президентi Дик Чейни Қазақстанға келмек. Басты себеп: Қазақстан мен Түркiменстанды Орталық Азиядағы энергетикалық қорларға үстемдiк етiп отырған Ресейдiң ықпалын әлсiретуге мүмкiндiк беретiн құбырлар құрылысын салуға көндiру. Негiзi КСРО ыдырағаннан кейiн посткеңестiк кеңiстiкке ықпал ету мәселесiнде «қолын мезгiлiнен кеш сермеп қалған» Америка ол қылықтардың орнын толтыруға жанталасуда. Әрине,тұтынушылық қажеттiлiгiн оңай, арзан, сенiмдi серiктестiк жолымен шешудi қалайтын алпауыт елдер де америкалықтар мен орыстар арасындағы бәсекеден шет қалған жоқ. Посткеңестiк елдерден жиналған журналистер үшiн арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген АҚШ Мемлекеттiк Департаментi Орта Азия мәселелерi жөнiндегi бөлiм бастығының орынбасары, Оңтүстiк және Орта Азия мәселелерi жөнiндегi бюро жетекшiсi Джим ДеХарк мырзадан: «Батыс пен АҚШ, Қытай мен Ресей табиғи ресурстарға бай орталықазиялық аймақтағы «майлы жiлiктiң» басына таласуда. Державалар мен әлемдiк билiк тiзгiнiне ұмтылған өзге елдер арасындағы саяси сайыс Орталық Азия елдерiне керi әсер етпей ме?» деп сұрағанбыз. Ол саяси бәсекенiң ашықтық пен демократияға құралатынын, орталықазиялық аймақта аталған елдердiң күштерiн сынға салатын ешқандай күрестiң болмайтынын, сондықтан бұл аймаққа төнетiн ешқандай қауiптiң жоқтығын айтты [7,с.82].

Ресейдің энергетикалық  дипломатися туралы, әлемдік энерго жүйесіндегі алатын орны туралы Қазақстан  Президентінің 2010 жылғы 12 науырызда Егемен Қазақстан газетінің тілшісіне берген сұхбатын келтірейік. Сұхбат G8-дің әулеті деп аталады. Нұрсұлтан Әбішұлының «Үлкен сегіздік» туралы ойын сұрағанда, келесідей жауап берді:  «Егер «сегіздікке» қатысушы елдердің үлесіне әлемдік экспорттың 49 пайызы, өнеркәсіп өндірісінің 51 пайызы, ХВҚ активтерінің 49 пайызы келетінін ескерер болсақ, «Сегіздік тобы» – әлемнің барынша дамыған мемлекеттерінің экономикалық және саяси бағытын үйлестірудің төтенше маңызды тетігі екендігі әбден айқын болады. Осы саммиттің аясында бүкіл әлемдегі жүздеген миллион адамдарды толғандыратын өзекті проблемалардың талқыланып жатқаны өте маңызды[8].

Солай болса-дағы «Үлкен сегіздіктің» рөлі оған кіретін мемлекеттердің экономикалық және әскери әлеуетімен ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, әлемнің жетекші державалары лидерлерінің жыл сайынғы кездесуінде талқыланатын адамзаттың барынша өткір проблемаларын шешу жөніндегі сындарлы серпіліспен айқындалады.

Әр мүше елдің саяси  ықпалын ескере отырып, саяси міндеттемелер  формасына көшетін бұл шешімдер көп ретте арналы көзқарасты тұжырымдайды, ол бүкіл әлем қоғамдастығы үшін жақсы  бағдар қызметін атқарып, кейіннен бүкіләлемдік институттар аясында әмбебап  сипатқа ие болады.

Демек, «Үлкен сегіздік»  орынды түрде осы заманғы саясаттың  шешуші бейресми тетіктерінің бірі болып  табылады. Бұл ғана емес, ол халықаралық  қатынастардың болашағын немесе «жаңа әлемдік тәртіп» деп аталатынның негіздерін тұжырымдық түйсіну талдап жасалатын орталықтардың бірі.

«Сегіздік» – бұл жаһандық басқарудың жаңа орталығы және осы  сипатта ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  орнын ауыстырғысы келетін шамшылдығын  танытуда дейтін көзқарасқа қарсы тұрғыда, егер күн тәртібіндегі мәселелерді  талқылауға және келісілген шешімдерді талдап жасауға мүдделі мемлекеттерді, ең алдымен, дамушы елдер мен басқа  факторлардың мемлекеттерін тарту  практикасы кеңейе түсетін болса, «Үлкен сегіздіктің» рөлі тек қана өсе түсетінін  атап көрсету қажет. Жетекші индустриялық демократия елдерінің сегіздік тобы халықаралық қатынастардың демократиялануын нығайтуға, қазіргі бар жаһандық проблемаларды әділ шешуге жәрдемдесе алады және жәрдемдесуге тиіс». Самиттің Ресей ұсынған күн тәртібі  туралы елбасымыздың пікірін сұрағанда,  Ресей осынау беделді форумға  алғаш рет жетекшілік жасап отыр, алайда Ресей төрағалығының күн  тәртібі осы заманғы дүниенің нақтылығы мен сынақтарына сай  келеді деп нық сеніммен айтуға болады. Прагматизм, өзектілік, кешендік сипат  және нақты нәтижелерге бағдарланушылық  – әлемнің жетекші державалары  лидерлерінің талқылауы үшін таңдап алынған басымдықтарды біз нақ  осылай сипаттаймыз.

Ресей бүгінде дүние жүзіндегі  өзінің позициясын, планетаның тұрақтылығына, тұрлаулы дамуы мен өркендеуіне  ерекше үлес қосуға қабілетті елдің  позициясын қалпына келтіруде. Сондықтан  төрағалық идеологиясы Ресейдің өзекті әлемдік проблемаларды шешуге қатысу мүмкіндігін ескере отырып, талдап жасалғаны заңды болып  көрінеді.

Зор энергетикалық және ресурстық  базасы бар мемлекет болып табылатын Ресей жаһандық энергетикалық нарықтардың мөлдірлігін, болжамдылығын және тұрлаулығын арттыру мақсатында энергетикалық қауіпсіздіктің жаһандық проблемаларын талқылау бастамасын көтерді. Бұл мәселелер өндірушілер мен тұтынушылар, сондай-ақ транзиттік мемлекеттер үшін бірдей деңгейде өзекті.

Жаһанданудың өскелең  жағдайында білім мен денсаулық  сақтау мәселелері тұрлаулы прогрестің кепіліне және ажырағысыз құрамдасына  айналуда, жаһандық экономикалық қауіпсіздік  пен ұлттардың өркендеуі соларға  байланысты болады. Осы мәселелерге  жеткілікті назар аудармаушылық  экономикалық даму жолында елеулі тосқауылдар  туындата алады, бұл өздеріне байланысты «қалыптаспаған мемлекеттер» термині қолданылатын үшінші дүниенің бірқатар мемлекеттерінің мысалынан айқын көрінді және жаһандық сипаттағы бүлдірушілік салдары болмақ. Бұл сондай-ақ тұтас ұрпақтарды жақсы болашаққа деген үмітінен айыруы мүмкін.

Ресей төрағалығы ішкі мемлекеттік, өңірлік және жаһандық деңгейлерде  жұқпалы ауруларға тиімділікпен қарсы тұруға мүмкіндік беретін жүйелі көзқарасты негізге алып, кешенді шаралар талдап жасау ниетінде екендігі назар аудартады.

«Үлкен сегіздік» саммитінің тақырыбы Қазақстан мемлекетін дамыту басымдықтарымен ұқсас екендігін  атап өтпеуге болмайды. Энергетика, білім беру және денсаулық сақтау Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту стратегиясының шешуші басымдықтарының  бірі болып табылады. Біз Қазақстанда  Ресейдің дәуірлегеніне қуанамыз және біздің елдеріміздің арасында қалыптасқан әріптестік деңгейін шын ниеттен мақтаныш етеміз»деп жауап берді.

Елбасымыздың ТМД Төрағасы ретінде  қозғағысы келетін мәселелері төмендегідей: «ТМД Төрағасы үшін саммит жұмысына қатысу – «сегіздік» мүшелерімен  әріптестік ықпалдастықты, соның ішінде жоғары деңгейдегі «жеке білістік дипломатиясы»  арналары бойынша ықпалдастықты  кеңейту жөніндегі бастамаларды іске асырудың маңызды бір бағыты. Қатысушылардың басты назарында  өзекті халықаралық мәселелер мен  адамзаттың жаһандық проблемаларын  шешуге деген жетекші әлем мемлекеттерінің  ұжымдық көзқарасын келісу тетігі талқыланатын болады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы әмбебап проблемаларды шешуге шоғырлану  тұрғысынан эволюциядан өтіп келе жатқанын атап өткен жөн. Осыған байланысты адамзаттың осынау жаһандық проблемаларын шешу жөнінде бірлескен күш-жігер қабылдау қажеттігіне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудартқымыз келеді» [8].

 «Сіз ТМД дамуының  динамикасын және бұл ұйымдағы  істің қазіргі жағдайын қалай  бағалар едіңіз?», - деген сұрағына, «Үстіміздегі жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өз құрылуының 15 жылдығын атап өтеді. Өткен кезеңде Достастық егемен мемлекеттердің өркениетті қалыптасуына, олардың әрқайсысының өзіндік сыртқы саяси бағытын, экономикалық даму моделін таңдауына, азаматтық қоғамдастық құруына жәрдемдесудің маңызды тарихи миссиясын орындады [8].

Бірақ та, Достастық аясында  ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарының ойдағыдай дамуына және қауырт экономикалық дамудың зор қажеттігіне қарамастан, мемлекеттік деңгейдегі халықаралық  шарттар мен келісімдерде жазылған барлық өлшемдер іс жүзінде толық  көлемде іске аса бермейді немесе орындалмайды. Сондықтан біздің ынтымақтастықтың бүгінгі жай-күйін қолда бар мүмкіндіктердің пайдаланылмаған әлеуеті ретінде сипаттауға әбден болады. Осы жағдайлар Достастық мемлекеттері басшыларының ТМД органдарын жетілдіру және реформалау қажеттігін түсіну себебіне айналды.

Бүгінгі күні бірінші кезектегі  міндеттер қатарында ТМД-ны дамытудың  жаңа стратегиясын талдап жасау қажет  болып көрінеді, ол Достастықтың барлық қатысушы мемлекеттерінің қажеттіліктері мен мүдделерін барынша ескеріп, осы заманғы әлемнің жаңа жағдайларына бейімделген болуы тиіс. Осы бағытта  дәйектілікпен жұмыс жүргізілуде. Қазан саммитінің қорытындылары  бойынша ұйымды одан әрі дамыту және реформалау жөніндегі ұсыныстарды  талдап жасау үшін Достастық елдерінің  интеллектуалдары қатарынан қалыптастырылған Жоғары деңгей тобы құрылды.

Біздің пікірімізше, болашақ  ынтымақтастық жоспарында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің негізгі күш-жігері гуманитарлық сипаттағы міндеттерді  шешуге, жаңа сынақтар мен қатерлерге қарсы тұру мәселелеріне, Достастық  мемлекеттерінің халықаралық аренада  өзара саяси ықпалдасуына шоғырлануы тиіс. Достастық елдерінің ерекше мүдделілігі болашақта экономикалық дамыған елдермен, соның ішінде G8 халықаралық клубына кіретін  әлемнің барынша өнеркәсіптік дамыған мемлекеттерімен халықаралық ынтымақтастыққа түсу перспективасынан көрінеді»,-деп жауап берді.

Нұрсұлтан Әбішұлының  ТМД  елдерінің талқыланып жатқан, соның  ішінде «Үлкен сегіздік» аясында  да талқыланып жатқан үрдістер, адамзаттың алдында тұрған сынақтар мен проблемалар  тұрғысынан интеграциялану және ынтымақтасу  перспективалары  туралы ойы  келесідей: «ТМД елдерінің саммитте талқыланып жатқан мәселелер аясында ынтымақтастығына келетін болсақ, онда ұсынылған проблемалар  жеке мемлекеттер үшін де, сол секілді өңірлік бірлестіктер үшін де өте өзекті болып табылатынын нық сеніммен айтуға болады. Мәселен, әр елдің энергиямен қамтамасыз етілуі барған сайын әлемдегі тұрлаулы экономикалық даму мен саяси тұрақтылықтың өте маңызды факторына айналып келеді. Энергия тұтынудың жедел өсу проблемалары, мұнай және мұнай өнімдері рыноктарындағы күрт тербелістермен жалғасқан жоғары бағалар, әлемнің энергияны тұтынатын өңірлерінің энергия тасымалдаушылар импортына тәуелділігінің артуы әлемнің барлық мемлекеттерінің және, соның ішінде, әлемдік рынокқа энергия тасымалдаушыларды негізгі жеткізушілердің бірі болып табылатын ТМД елдерінің басты назарында тұр» [8].

Осы тұрғыда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық  рыногын қалыптастыру үшін құқықтық негіз болуға тиіс құжаттардың жобасымен  жұмыс істеу өте маңызды. Осымен бір мезгілде ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің  Орталық Азия өңірінде су-энергетикалық  реттеу мәселелерін кешенді шешумен  байланыстыра отырып, Тәжікстан мен  Қырғызстанда су энергетикасы нысандарын салу мәселесі бойынша жұмыс жүріп  жатыр.

Бүгінгі таңда энергетикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі әлем елдерінің барлығы үшін ең маңызды  мәселе болып отыр. Энергия қуатынсыз  өндіріс те, ауылшарушылығы да, ғылым  мен техника да, өркениетте дамымайтындығы сөзсіз. Сондықтан бүгінгі күннің өзекті мәселесі сол энергия қуатын беретін табиғи ресурстарды үнемдеп, тиімді пайдаланып,  энергия көздерінің жаңа балама жолдарын іздестіру арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып  отыр.

 

 

 

    1.  Ресей Федерациясының энергетиканы дамыту саясаты және стратегиясы

 

 

Ресей Федерациясы  энергетикалық  стратегиясы елдің  қауіпсіздігінің  деңгейін көтеріп, қоршаған ортаны ластау мәселелерін азайту үшін, максималдық  дәрежеде энергияның өндірісінің, қайта  жасалуының, тасымалдануының, бөлінуінің және пайдалануының тиімділігін  қамтамасыз етуге тырысады. Мысалы Ресей Федерациясы  мүше болып  отырған  ШЫҰ-ның құрамына кіретін  мемлекеттер энергетика ресурстарының  маңызды қорлары мен экономиканың даму негізі және әрбір мүше мемлекеттің ішкі әрі сыртқы саясатының құралы болып табылатын қуатты отын-энергетикалық кешенге ие.

Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының   жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, мемлекеттің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің қалыптасуын анықтайды. Табиғи отын-энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми-техникалық және кадрлік әлеуеті мемлекеттің даму көрсеткіштері болып табылады. Олардың тиімді қолданылуы мемлекет экономикасының молшылықты өсуі мен халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілуін қамтамасыз ететін тұрақты даму жолына шығару үшін барлық қажетті алғышарттарды жасайды.

Ресей экономикасының өсуі энергетикалық ресурстарға сұранымның маңызды көбейтуін болжайды. Ал бұл  мәселе өз кезегімен ғаламдану мен  жалпыдүниежүзілік бәсекелестіктің, энергетика ресурстары мен нарықтар үшін күресуінің қатаюының шарттарда  энергетикалық сектордағы мемлекеттердің реттелген саясатының әзірленуін өзектендіреді.

Ресейдің энергетикалық  дипломатиясы мемлекеттің энергетикалық  секторында ішкі және сыртқы қалыптасатын жағдайын, бұл мемлекеттің экономикалық кеңістігінің бірлестігін қамтамасыз етудегі рөлін, энергетикалық нарықтардың  ғаламдануын ескеретін ұзақмерзімді энергетикалық саясатының негізгі бағыттарын, мақсаттарын және міндеттерін нақтылайды.

Информация о работе әлеуметтік қауіпсіздік