әлеуметтік қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.

Файлы: 1 файл

Берик энерг.қауіпсіз. 11.05.12.docx

— 238.20 Кб (Скачать)

Келтірілген нұсқалардың  барлығы ортақ кемшілігі –  құбыр салуға байланысты техникалық қиыншылықтар мен жоғары деңгейдегі саяси тәуекелшілдік болып отыр. Бұл жобалардың белсенді жақтаушысы Түркия. Болжамдарға қарағанда алдағы жүз жыл ішінде Түркияның энергетикалық  ресурстарға сұранысы өсе түспек. Қазірдің өзінде Анкарада Баку-Жейхан мұнай құбырының құрылысы туралы түрік-әзербайжан келісіміне қол қойылып  қойды. Оның өткізу қабілеті болжам бойынша  жылына 50 млн. тонна шикі мұнайға жетеді, ал қажетті инвестиция көлемі шамамен 3 млрд. долларды құрайды. Ең жоғарғы өткізу қабілетіне жетуіне байланысты (жылына 42 млн. тонна) 1994 жылы  1 шілдеден бастап Босфор бұғазы арқылы өткізілетін мұнай көлеміне шектеу қою арқылы Түркия тек Стамбулдың экологиялық жағдайын нығайтып қана қойған жоқ, сонымен қатар Новороссийск Қара теңіз порты арқылы мұнай экспорттауды өсіру жоспарына айтарлықтай кедергі жасады. Түркия Қазақстанға да мұнайын арзан транзит ретінде өз аумағынан өткізуді ұсынып отыр. Егер Баку-Жейхан мұнай құбыры салынып, іске қосылатын болса, ал АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясы алынып тасталғаннан кейін тағы да Киркук-Юмурталык тармағы жұмыс істейді, транзиттік мұнайдың көлемі жылына 14 млрд. тоннаға дейін жетіп, Түркияның табысы экспортты қысқартудан үнемделген 3 млрд-ты санамағанда 500 млн. долларға дейін өседі. Сондай-ақ АҚШ та аймақта өз ықпалын Ресейсіз күшейте түсу және Иранда Орта Азия елдерінен тасымалданатын мұнай жүйесінен сырт қалдыру үшін бұл жобаны қолдайды [28].

2001 жылы 11 шілдеде Алматыда  «Ұлттық компания» «Мұнай және газ көлігі» ЖАҚ-ы ( ЖАҚ «НТТНГ») мен АҚШ Үкіметі арасындағы субсидия туралы Келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес компания қазақстандық мұнайды тасымалдауда Баку-Жейхан мұнай құбыры жүйесіне дейін ұсынылып отырған бағыттардың техникалық, экономикалық және экологиялық аспектілеріне зерттеу жүргізу үшін 346 мың доллар көлемінде техникалық грант алды [29].

Шығыстық бағыт шын  мәнінде бір сценарий арқылы өрбитін  небәрі екі-ақ жоба ұсынып отыр: Қазақстан-Қытай-Қиыр Шығыс:

  • Қытай шекарасына дейін созылуы мүмкін Батыс Қазақстан-Құмкөл мұнай құбырының жобасы;
  • Шынжан мұнай құбырының жобасы.

Аталған құбырларды жасаудың бастамашысы ретінде Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы болды. ҚР Энергетика министрлігі мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының арасында мұнай құбырын қаржыландыруды Қытай  жағы өз мойнына алатындығы туралы келісім жасалды. Каспий мұнайының  Қытай рыногы мен Азия-Тынық мұхйт  аймағына шығуын қамтамасыз ететін аталған  бағыт Қазақстанның энергетикалық  тәуелсіздігіндегі кейбір ішкі проблемаларды  шешуге мүмкіндік береді және экспорт  бағытының икемділігін білдіреді. Бұл жоба іске асырылған жағдайда мұнай Шымкент және Павлодар МӨЗ-не беріліп, әрі қарай Қытайға тасымалданады. Маркетингтік көзқарас тұрғысынан алғанда, жоба өте жақсы, өйткені Қытай  мұнай және мұнай өнімдері рыногы тез өсіп келе жатқан  рынок болып  табылады. 1993 жылы Қытай шикі мұнайдың нетто-импортері болды, Қытайдың өз энергоресурстары барынша шектеулі. 1997 жылы 4 маусымда Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының  «Ақтөбемұнай» АҚ акциясының 60 пайызын сатып алатындығы туралы келісім жасалды. Келісімге сәйкес Қытай жағы сонымен қатар келешекте құбырмен жұмыс істеуді жоспарлайды. Алдан ала жоспарланғандай алдымен үш жыл ішінде Шымкент - СУАР ҚХР учаскесін салуды қарастырды, ал келесі үш жылдықта Шымкент-Ақтөбе құбыры салынатын болды. Келтірілген факторлар құрылысқа үлкен шығын жұмсалатынын және осы мұнай құбыры арқылы айдалатын мұнай өнімі көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты оның рентабельді болмау мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

Оңтүстік бағыт бойынша  мұнай тасымалдау мынадай екі  жол арқылы болжанды:

- «Юнокал-Дельта» ұсынған және ОЭС шеңберінде қарастырылған Түркменстан мен Ауғанстан арқылы Пәкістанға бартын Орта Азиялық мұнай құбыры жобасы. Жоба Түркменстан мен Пәкістан тарапынан қолдау тапты. Бұл идеяны негіздеуге Орта Азия мен Сібір мұнай өндірушілері үшін Азия-Тынық мұхит рыногының келешегі ықпал етті. «Юнокал» компаниясының ойынша Қытай арқылы жүрер жол тым ұзақ, ең ыңғайлы балама жол Араб теңізіне баратын жол болып табылады. Ол былайша көрінеді: диаметрі 42 дюим және ұзындығы 1667 км-ге созылатын құбыр оңтүстік бағытта Түркменстанның Чарджоуы, Батыс Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Араб теңізі жағалауындағы терминалға барады. Жоба құрылысының құны 2,5 млрд. долларға бағаланды. Құбырдың үлкен көлемі қалыпты топырақты аудандармен, 97 км жару жұмыстарын талап ететін қатты жер қыртыстары арқылы өтеді. Құрылыс жұмыстары инфрақұрылымы дамымаған таулы жағдайларда жүргізіледі. Сонымен қатар Ауғанстандағы саяси тұрақсыздық та үлкен тәуекелдікті қажет етеді. Дегенмен де Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің зерттеулеріне қарағанда Батыс Қазақстандағы мұнай өндіруші компаниялар мұнайды оңтүстікке, Азияға тасымалдаудан Қара теңіз нұсқасына қарағанда барреліне 1,18 доллар артығымен алатын болады [29].

- Теңіз бен Өзен мұнайын  Иранға жеткізу жобасы-КТИ мұнай  құбыры. КТИ-аббревиатурасы, яғни осы  құбыр өтуге тиісті Қазақстан,  Түркменстан, Иран елдерінің қысқарған  аты. Жобаны ұсынушы АҚШ-тың  белгілі ұстанымына қарамастан  Иранмен мұнай саласындағы ынтымақтастықты  жалғастырып келе жатқан француздық «Тоталь» компаниясы. Жоба 1992 жылы ОЭС шеңберінде қаралды. Аталған жобаның басымдылығы былайша көрсетілді: мұнайдың келешегі мол Азия рынгына тікелей шығуын қамтамасыз ететін теңіз терминалына түсуі; танкерлердің өтуіне байланысты Босфор бұғазындағыдай емес, Парсы шығанағында проблемалардың болмауы; мұнай құбырының қатысушы елдер аумағы бойынша салыстырмалы түрде оңай салынуы (теңіз денгейінен 2450 м. Биіктіктегі Иранның Загрос пен Эльбрус таулы қыраттарын қоспағанда).

Жоба ішінің екі түрлі  нұсқасы бар. Алғашқы нұсқа Қазақстаннан Түркменстан арқылы Тегеранға дейінгі  экспорттық мұнай құбыры құрылысын  қарастырады. Бұл жоба қазақстандық мұнайды экспорттау үшін неғұрлым үнемді де қысқа жол болып табылады, оның үстіне құбыр саяси тұрғыдан тұрақты  аумақтар арқылы өтеді. Қазіргі уақытта  Ақтау портынан Каспий теңізіндегі  ирандық Энзели портына, одан ары  Тегеран, Тебриз, Арак және Исфахан  МӨЗ-на дейін жеткізуді көздейтін  мұнай тасымалының нұсқасы зерттелді. Ал Қазақстан мен Түркменстан өздері жіберген мұнай көлеміне сәйкес осы елдің оңтүстік портынан Иран мұнайын алатын болады. Яғни, бұл жағдайда «своп» (ағылшынша s” ap-онын басу) келісімін жүзегек асыру қағидасы қолданылады. Қазақстан мен Иран арасындағы мұнайды алмастыру арқылы экспорттау туралы бұл келісім әлі күнге толық мәнінде іске қосылған жоқ. Бұл нұсқаның өткізу қабілеті 50 млн. тонна болса, құбырдың ұзындығы 1710 км., диаметрі 32 дюймге тең болады. Бұл жағдайда капитал салу 1950 млн. доллар құрайды (мұнан өзге, жылдық тасымал шығыны 50 млн.доллар). Ішкі рентабельдік нормасы 15%, ал мұнай тасымалы бойынша техникалық шығындар әр баррель үшін 2,3 долларға жетеді [29].

Екінші нұсқа КТИ мұнай  құбырының құрылысын тікелей  оңтүстік Иранға, Харг аралындағы терминалға дейін жеткізуді көздейді. Өткізу қабілеті жылына 25 млн. тонна құрайды (бұл сомма Теңіз бен Өзен мұнайынан  тұратын болады деген болжам жасалынған).

1996 жылы мамыр айында  Қазақстан, Иран мен Түркменстанның  Сыртқы істер министрліктері  арасында осы мемлекеттердің  аумағында салынуға тиісті құбырлардың  техникалық мәселелерін зерттеу  үшін Сарапшылар комитетін құру  туралы Меморандумға қол қойылды.  Қазақстанда қазірдің өзінде  Түркменстан аумағы арқылы Иранға  өтетін экспорттық мұнай құбырының  құрылысы бойынша алғашқы келісімдерге  дайындық жасайтын жұмыс тобы  құрылды. Алайда бұл жобаны  жүзеге асыруға Қазақстанда көптеген  мұнай-газ компаниялары жұмыс  істейтін АҚШ кедергі жасап  келеді [30].

Мұнай рыногын игеру проблемасы аса күрделі мәселелердің бірі болып  табылады. Нақтылы аймақтардағы экономикалық өсім қарқынына, әлемдік денгейде маңызды  әр түрлі кенштердегі өндіріс  денамикасына, бірқатар елдердегі саяси  жағдаиларға, тіпті олардың лидерлерінің жеке басының мақсаттарына да көп  нәрсе.

Мұнай саудасының сұлбасы  ұдайы өзгеріп тұратын ағза секілді. Онда дәстүрлі өндіріс орталықтарының ығыстырылуы-әдеттегі құбылыс, бірақ  ол әлемдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікке нұқсан келтіре  алмайды. Қажет болған жағдайда квотамен реттеледі. Мүмкіндігі мол Каспий мұнайы тек Қазақстанға ғана емес, бәсекелестікке лайық өнім ретінде әлемдік рыноктан өз орнын алуы тиіс. Жерорта теңізі рыногында өзінің молая түсуіне  байланысты Каспий мұнайы батыс африкалық  және таяу шығыстық мұнайды ығыстыруға мәжбүр.

Атап өтерлік жайт, Каспийдің  қазақ шельфінде аса ірі Қашаған  мұнай-газ кен  орнына  барлау  жүргізуші  халықаралық  ОКИОК  консорциумы,  2001 жылы наурыз айында 2000 жылы көмірсутегі табылғаннан  кейін аяқталған бірінші скважинадан  40 км. қашықтықта орналасқан кенштегі екінші барлау скважинасын бұрғылау барысында көмірсутегі белгілері табылғанын жариялады [31].

12 мамыр 2009 жылы Қазақстан, Ресей және Түркменстан ескі Каспий аймағы газ құбырын қайта құру және жаңасының құрылысы жөнінде келісті. Құрылыс 2010 жылдың қыркүйек айында басталмақ [32].

Каспий мұнайы бүгінгі  таңда бірнеше құбыр жолдары  арқылы әлемдік рынокқа шығарылып  отырғаны белгілі. Олардың ішіндегі бұрыннан келе жатқаны Атырау –  Самара – Новороссийск, жаңадан  қосылған желілілердің бірі КТК, сонымен  бірге Атасу – Алашаңқай, Атырау - Баку - Жейхан.

Каспий аймағында әлемнің  көптеген елдерінің әр түрлі мүдделері  тоғысып отыр, соның ішінде Қазақстан  бәсекелес болып табылатын мұнай  экспорттаушы елдер де бар. Жағдайдың  ары қарай дамуы, әсіресе әлемдік  рыноктың қазіргі жағдайында күтпеген бағыттардың пайда болуына ықпал  етуі мүмкін. Мұнай өнеркәсібі жаңа айтарлықтай қатаң сыртқы жағдайларға  байланысты өзгеріп отырады. Ал бұл  дегеніміз тек қана өнімі мен  тасымал құны мейлінше төмен жобалардың ғана өміршең болатындығын көрсетеді. Демек, кететін шығындардағы үлесі  айтарлықтай жоғары болып табылатын  құбырлар таривтерін мұмкіндігінше  төмендету қажет.

Жаңа құбыр құрылысының  жобалары Орталық Азия мен Закавказье елдерінің барлығында жасалды. Әлемдік  мұнай қауымдастығының сыртқы факторларға  бейімделу механизмін Каспий аймағынан  шығатын мұнай құбыры құрылысын  жүзеге асыру мен дайындауға аударар  ма деген ой келеді. Бұл ретте  Каспий аймағы елдері арасында өзара  тартыс туғызбайтын, мүмкіндігінше  мол пайда түсіруді көздейтін, Құрылыс  пен тасымалдау шығындарын төмендетудің нақтылы мүмкіндіктерін іздестіретін барлық мүдделі тараптардың келісіліп, үйлестірілген іс-әрекеттері болуы  қажет. . Онда дәстүрлі өндіріс орталықтарының ығыстырылуы-әдеттегі құбылыс, бірақ ол әлемдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікке нұқсан келтіре алмайды. Қажет болған жағдайда квотамен реттеледі. Мүмкіндігі мол Каспий мұнайы тек Қазақстанға ғана емес, бәсекелестікке лайық өнім ретінде әлемдік рыноктан өз орнын алуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстан мен  Ресейдің энергетикалық ынтымақтастығының   негізгі жетістігі және болашағы

 

3.1 Қазақстан мен  Ресейдің энергетикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы

 

Энергетикалық сектор Қазақстан  мен Ресей қарым - қатынасындағы ең маңызды әрі перспективалы саланың бірі. Бұл ынтымақтастық мұнай мен газды өндіру және өңдеу; оларды тасымалдау; электроэнергетика; атом энергетикасы салаларында жақсы дамып келеді. Осылардың ішінде, әрине, мұнай - газ саласының орны бөлек.

Себебі, екі ел де оларға өте бай мемлекеттер. Соның арқасында  қазір Еуразия кеңістігінің ғана емес, Еуропа құрлығының да энергетикалық  қауіпсіздігін қамтамасыз етуде  маңызды ойыншыларға айналды. Тараптар осы рөлін одан әрі нығайту  үшін ресейлік магистральді құбыр желілерін  пайдалану арқылы қазақстандық көмірсутекті шикізатты тасымалдауда өзара ықпалдасуын  жалғастыруда. Сонымен қатар мұнай  мен газ өндіретін өндірісті  бірлесіп жаңарту бағытындағы жобаларды  бірлесіп жүзеге асыруда.

Қазақстан Республикасы мен  Ресей Федерациясы арасында энергетикалық  саладағы ынтымақтастық 1993 жылғы 25 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Үкіметі  мен Ресей Федерациясының Үкіметі  арасындағы Ынтымақтастық және отын энергетика кешендерін дамыту туралы келісімді, 2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергиясы мен  қуатының транзиті туралы келісімді, сондай-ақ 2009 жылғы 11 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу және кейіннен пайдалану туралы келісімддер арқылы жүзеге асырылып келеді.

Жалпы қазіргі таңда Қазақстан  мұнайы экспортқа негізінен Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК), Атырау – Самара, Атасу – Алашаңқай  мұнай құбырлары және Ақтау айлағы арқылы шығарылуда. Осылардың ішінде алғашқы екеуі Ресеймен энергетикалық  саладағы ынтымақтастығымызда маңызды  орын алады.

Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК) 2001 жылы іске қосылған бұл құбыр желісі Қазақстан мұнайы экспортталатын негізгі бағыттардың бірі. Еліміздің көптеген жобалардың ішінен осыны таңдап алуы Қазақстан мұнай өндірісінің тарихындағы маңызды оқиғаның бірі болды. Бұл магистральді мұнай құбыры Қазақстанның Атырау облысы мен Ресейдің Астрахан облысы, Қалмақ Республикасы, Краснодар өлкесі арқылы өтеді. Ол іске қосылған күннен бастап 240 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданыпты, оның 201 млн. тоннасы қазақстандық қара алтын. 2010 жылы елімізде өндірілген мұнайдың 40,2 пайызы КТК арқылы айдалған. Ал жалпы жобаның негізгі мақсаты – Теңіз-Атырау учаскесінде өнімділікті жылына 34,05 млн тоннаға, ал Атыраудан Ресей шекарасына дейін тасымалданатын мұнай көлемін жылына 52,0 млн тоннаға дейін арттыру. Осы мақсатта КТК-ның әлеуетін ұлғайтудың принциптері туралы меморандумға да қол қойылған. Мамандардың пікірінше, аталмыш жоба екі жақ үшін де тиімді. Біріншіден, мұнай құбыры өтетін аймақтарда жаңа нысандар салынатын болады. Екіншіден, жобаны жүзеге асыру барысында 3000-нан астам уақытша жұмыс орны және 350 тұрақты жұмыс орны құрылады. Оның ішінде Қазақстанда 2700 уақытша және 150 тұрақты жұмыс орны пайда болмақ. Үшіншіден, оның жүзеге асырылуы Ресей мен Қазақстанның энергетикалық сектордағы ынтымақтастығының дамуына тың серпін береді [33].

Қазақстан мұнайын Ресей  аумағымен экспортқа шығаруда «Атырау  – Самара» мұнай құбыры да маңызды  рөл атқарады. Бұл құбыр желісі де ірі экспорттық маршруттардың  бірі болып табылады. Ол арқылы Қазақстан  мұнайы «Транснефть» жүйесі бойынша  Одесса, Приморск, Новороссийск айлақтарына  және Достық жүйесі бойынша Солтүстік-Батыс, Орталық және Шығыс Еуропа нарықтарына  тасымалданады. Осы құбыр жүйесімен  жөнелтіліп жатқан қазақстандық мұнайдың көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Мәселен, былтыр 15,3 млн. тонна, ал 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 8 млн. тонна  мұнай тасымалданған.

Информация о работе әлеуметтік қауіпсіздік