Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
Біздің ұзақ мерзімді экономикалық
өркендеуіміз орнықты өндіріске
және энергия тұтынуымызға байланысты.
Осы тұрғыда Үкімет соңғы технологиялар
мен ноу-хауды пайдалана
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі әлемде энергия көзіне деген сұраныс артып келеді. Бұл ретте энергия шикізатына бай елдердің үлес салмағы артатыны сөзсіз. Сонымен бірге энергия көдерін игерумен қатар, оың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және соған байланысты экологиялық қауіпсіздікті де сақтау мәселесі өзекті екені анық. Осы ретте Қазақстан да, Ресей де шикізаттың осы бір түріне бай болғандықтан, ендігі жерде екі мемлекеттің арасындағы экономикалық қатынастардың негізі – энергия көздерін тиімді пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ынтымақтасуға бағыттылатыны сөзсіз.
Зерттеуді аяқтай келе, жұмыс
барысында зерделенген
Біріншіден, жаһанды энергетикалық қауіпсіздік көптеген фаторлармен анықталады, соның ішінде демографиялық, әскери -саяси, макроэкономикалық, экологиялық, ғылыми - технологиялық және ресурсты -шикізатты. Демографиялық фактор негізінде жердегі адамзат өсуімен анықталады, бұл дамушы елдердегі энергиямен қамтамасыз етудегі қиыншылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Энергоресурстарды қолдануда экономикалық даму шешуші фактор болып табылады, себебі ең көп энергоресурстарды қолдану индустриалды дамыған елдерде кездеседі екен. Экологиялық фактор да маңызды болып келеді. Себебі энергетика қоршаған ортаны ластауда бірінші орынды алады және жаһанды экологиялық мәселелерге әкеліп соқтырады.
Екіншіден, әлемдік
энергетиканы қауіпсіздікпен
Халықаралық қатынастар көрсеткеніндей энергетика халықаралық қатынастарда конструктивті және деструктивті функцияларды атқарады. Ол әлемдік қауымдастыққа көптеген халықаралық ұйымдарға энергетикалық мәселелерді шешу үшін, бірігуге, сонымен қатар мемлкеттер арасындағы қарым-қатынастардың шиелінісуіне де алып келуі мүмкін. Кеңес Одағы ыдырағаннан Еуразияда кейін энергетика айналасында мықты тұрақсыздық пайда болды.
Үшіншіден, Еуразиялық энергетикалық кеңістіктегі бақылау үшін энерготұтынушы және энергоөндіруші мемлекеттер арасында күрес жүруде. ЕО, Ресей, посткеңістіктік мемлекеттер және АҚШ ең басты ойыншылар болып табылады.Энергетикалық бәсекелестікті аймақтағы мемлекеттер өздерінің геосаяси статусын көтеру үшін және максималды экономикалық пайда көру үшін пайдаланады. Аймақтағы энергетикалық серіктестік белсенді жүргенімен, мемлекеттердің стратегиялық қызығушылықтары өте әр түрлі.
Төртінші, әлемнің «Энергетикалық картасының өзгеруі» жаңа «геосаяси жүйелердің» және жаңа стратегиялық альянстардың қалыптасуны алып келеді. АҚШ-тың энергетика саласындағы планетаның барлық континенттерінде антиамериканизмді тудырды. Ресей, Иран, Венесуэла және Қытай секілді энергоресурстарды экспорттаушы елдер әр түрлі бағыттарда стратегиялық серіктестікке түсіп, АҚШтың Латын Америкасында, Орталық Азияда және Таяу Шығыстағы әсерін кішірейткісі келеді. Бұның барлығы көпполярлы әлемдік жүйені тудыруы мүмкін.
Бесіншіден, Қазақстан және Ресей қазіргі таңда өзінің халықаралық саясатын энергетиканы сыртқы саясатындағы орталықтандырылған фактор ретінде қолданады. Бұл жұмысындағы оның маңызды бағыты оның шығысқа деген көзқарасы болып келеді. Бұл жерде Шығыс Сібірмен, Таяу Шығыс маңызды рөл ойнайды. Көп уақыт бойы Шығыс Сібірмен Таяу Шығыс Ресей ішіндегі жабық аймақ болды. Ең алдымен бұл олардың экономикасына орталықтандырылған инвестицияның болмауынан, Ресейдің оралықтандырылған райондарынан алыс болуы, аз қоныстану мен әлеуметтік - экономикалық облысының дамымағандығынан аймақ артта қалушылар қатарында қалды. Аймаққа деген іскерлік көзқарас 2002 жыдан бастап басталды. Шығыс аймақтағы стратегиялық дамудың ең басты рөлі « 2020жылға дейінгі Энергетикалық стратегияда» берілген.
Алтыншыдан, энергетикалық саясаттың «шығыс векторы»саясатының негізі шығыс аймақтардағы жаңа жанармай-энергетикалық базаларды құруда. Бұл Ресейдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады, аймақтар арасындағы бұзылған жанармай-энергетикалық жүйені қалыптастыра түседі және де федералды, аймақаралық, аймақтық маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі. Ең басты міндеттер болып бұл жерде мемлекеттер мен аймақтардың энергетикалық қауіпсіздігі, энергетиканың экологиялық қауіпсіздігі, жанармай-энергетикалық комплекстің территориалды-энергетикалық құрылымының жақсаруы, елдің шығысындағы транспортты - энергетикалық инфрақұрылымның қалыптасуы, демек мұнай жүйесінде – газ құбырларында, Ресейде бірдей транспорттық - экономикалық кеңістіктің құрылуы болып келеді.
Жетіншіден, Қазақстан мен Ресей арасында энергетика саласындағы ынтымақтастық өзара түсінушілік жағдайында дамуда. Ресей Қазақстан мұнайын әлемдік рынокқа шығаруға көмек көрсетіп отыр, сонымен бірге Екібастұз аймағында жылу электр станцияларын салып, бірігіп пайдалануда екі жақ ынтымақтасуда. Сонымен бірге екі ел атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану үшін өзара консультациялар алмасып, ғылыми – зерттеу жұмысын бірігіп жүргізуде.
Пайдаланылған әдебиеттер