Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
2000 жылдың алғашқы жартысында
республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр
қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың
осы кезеңiмен салыстырғанда 7,
Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солтүстік Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.
2000 жылы 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң (БЭЖ) Солтүстік бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 жылы қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орта Азияның энергетика жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұз. тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км және 0,4 кВ — 115500 км.
Республика экономиканың
отын-энергетикалық қорының
Қазақстан өзендерiнiң су энергетика әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су - энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды.
Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң техникалық әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ [16].
1996 - 1997-жылдары электр энергиясын өндіру, беру және жеткізу секторларына да құрылымдық өзгерістер енгізіле бастады. Жеке электр стансалары, өңірлік электр желілері мен электр энергиясын сатып алып, өткізетін компаниялар құрыла бастады. «Қазақстанэнерго» ҰЭТ-тың қалған активтері негізінде мемлекетаралық және аймақаралық электр жеткізу желілері мен диспетчерлік қызметті мемлекет өз қарамағында қалдырды. Міне, осылайша 1997 жылы «KEGOC» АҚ Ұлттық компаниясы құрылып, оған 2004 жылы ҚР БЭЖ Жүйелік операторының жұмысын атқару жүктелді.
2009 жылдың қыркүйек айында Елбасының қатысуымен «Қазақстанның Солтүстік – Оңтүстік» транзитінің 500 кВт-тық екінші электр жеткізу желісі іске қосылды. Осы ауқымды жобаны жүзеге асыру Қазақстанның оңтүстік өңірін қуат көзімен қамтамасыз етудегі сенімділікті арттырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түсті.
2009 жылдың ақпанында 500 кВт-тық «Жітіқара – Өлке» әуе желісі іске қосылды, ол Ақтөбе энергия торабын ҚР БЭЖ-мен қосып, өнеркәсіпті өңірдің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты. Ұзындығы 500 шақырым болатын аймақаралық бұл желі билік пен бизнестің серіктестік шарт талаптарына сай салынды. Құны 20 млрд. теңгеге жуық жобаны «БатысТранзит» акционерлік қоғамы (акцияларының 20% «KEGOC» АҚ-ға тиесілі) біздің компаниямен бірлесе отырып, қазынаның қаржысын шығындамай-ақ іске асырды. Жоба ойдағыдай жүзеге асқандықтан, Ақтөбе облысының тұтынушылары 2009 жылдан бастап Екібастұздан арзан электр қуатын алып, әрі шетелдік жеткізушілерге де тәуелділіктен арылды [16].
2009 жылы сәуір айында Парламенттің Жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды.
Келісімнің мақсаты – Қазақстанның табиғи газды тасымалдау жөніндегі транзиттік әлеуетін арттыруды көздейді. Заң жобасы бойынша Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев түсінік берді. Сонымен қатар «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасы бірінші және екінші оқылымда депутаттардың талқысына салынды. Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының экологиялық жағынан тиімді энергия өндіруді, оның жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау жөніндегі ережелерін жүзеге асыруды көздейді.
Заң жобасының мақсаты экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін, оның ішінде парниктік газдардың шығарындыларын төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану үлесін арттыру болып табылады. Осы заң жобасы экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін төмендету, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын төмендету үшін Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын өндірудегі үлесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, энергетиканың болашағы үшін отынды үнемдеуге, халықтың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін болады.
Бүгінде Қазақстан энергетиктерінің электр желілерін салудағы қол жеткізген жетістіктері ТМД бойынша өз әріптестері арасында ешқандай күмән тудырмайтын толағай табыстармен ерекшеленеді. Соңғы жылдары жоғары вольтті электр жеткізу желілерінің ұзындығы 1700 шақырымға ұлғайды – жаңа желілер тартудағы мұндай қарқын тек қана дамыған елдерге тән. Осы аталған жобаларды іске асырудың арқасында қызмет көрсету кәсіпорындары құрылды, мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылып, электр энергетикасы саласына қажетті өнімдердің жаңа түрлерін шығару жұмысы жолға қойылды [16].
Қазақстанның жаңа индустриясы
ұлттық экономиканың шикізаттық экономикадан
тиімділігі жоғары инновациялық үлгіге
көшу дәуірі. Ұлттық экономиканың даму
негізінде 2015 жылға дейін мемлекеттік
үдемелі индустриялдық-
2011 жыл еліміздің энергетикалық саласы үшін үздіксіз белсенді жыл болмақ.
Энергетикалық қуаттың үлгерімі жоғары құрылысы республикада электр энергиясының жетімсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіп пен халықтың электр энергиясына өсіп отырған сұранысын қанағаттандыру үшін Батыс және Оңтүстік Қазақстанда бес жаңа электр станциялары енгізіледі (Орал ЖЭО, Ақшабұлақ ҚЖЭО, Атырау ЖЭО, Мойнақ ЖЭО, Балхаш ЖЭО) және еліміздің солтүстігінде үш электр станциялары жаңғыртылған (Ақсу МАЭС, Екібастұз МАЭС -1, МАЭС -2).
2011 жылғы бірінші жартыжылдықта
Индустрияландыру картасының
Павлодар облысындағы
Екібастұз МАЭС -2 кеңейту және жөндеу
оның қуатын 1500 МВт-қа дейні ұлғайтуға
мүмкіндік береді. 2011 жылғы бірінші
жартыжылдықта іске қосылған Индустрияланлыру
картасының осы жобасының құны 113
500 млн теңгені құрайды. Оның құрылысы
кезінде 750, пайдалану кезінде 300 жұмыс
орны құрылады деп жоспарлануда. Осы
жоба кәсіпорын қызметінің тиімділігін
қамтамасыз ету үшін өнеркәсіпті
кеңейтуге бағытталған.
Мемлекеттік үдемелі индустриялдық-инновациялық
бағдарлама шеңберінде Ақсу МАЭС № 2 блогын
қалпына келтіру де іске асырылады. №
2 блогын іске қосу арқылы станцияның қуаты
2425 МВт құрайды деп күтілуде. Жалпы инвестициялар
көлемі - 27 365 млн теңге [17].
Қазір энергоблокты қалпына келтіру алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы жүргізілуде.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде энергетика саласында Индустрияландыру картасының 24 жобасы іске асырылады. Жобалар шеңберінде құрылыс кезінде 12 918 жұмыс орны құрылады және пайдалану кезінде 6 422 жұмыс орны жасақталады. ҮИИД МБ осы саладағы жобаларын іске асыру кезінде оған тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі 954 971 млн теңгені құрайды. Осы жобаларды іске асыру Қазақстанның энергетиткалық тәуелсіздігін және энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға әсер ететін болады. [17].
«Қазақстан 2030 бағдарламасында»
белгілегендей еліміздің
Біріншісі, біз өз қорларымызды
жедел әрі тиімді пайдалану үшін
үздік халықаралық
Біз ұзақ мерзімді келешекке өзімізге міндеттері сәйкес келетін әріптестер іздейміз. Контрактарда біз Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін қатаң әрі парасат тұрғысынан көздестіретін боламыз.
Өзіміздің табиғи ресурстарды
пайдалануда біз үздік әлемдік
практикаға сәйкес келетін және Қазақстанның
мүдделеріне жауап беретін
Біздің кірістеріміздің тұрақтылығы және контрактарымыздың әділеттілігі, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың қолдауының кепілдігі, міне, осында жатыр.
Біздің стратегиямыздың екінші бөлігі — мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру. Тәуелсіз экспорт арналары көп болғанда ғана біз көршіміздің біріне тәуелді болудан және келесі тұтынушыға баға жөнінен кіріптар болудан қүлыламыз.
Үшіншісі. Отын ресурстарын пайдалану жөніндегі біздің стратегиямыз әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыттау. Бұл ретте біздің мұнай-газ бизнесімізді инвестициялауга тиіс компаниялар мен елдер АҚШ-ты, Ресейді, Қытайды, Жапонияны және Батыс Еуропаның мемлекеттерін қамтиды. Бұл елдер мен компаниялардың біздің ресурстарымызды тұрақты және тұрлаулы негізде экспорттауға деген экономикалық мүдделері Қазақстанның тәуелсіз және қарыштап дамуына жәрдемдесетін болады.
Төртіншіден, шетел инвестицияларын тарту арқылы біз ішкі энергетика инфрақұрылымын ұру мен дамытуды, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешетін боламыз.
Ақыр соңында, бесіншіден,
бүл стратегия осы ресурстардан
түсетін келешек кірістерді барынша
үнемшілдікпен пайдалануды
Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз [18].
Бүгінгі күні мемлекетіміздің энергетикалық жүйесі әлемнің озық елдерімен терезесі тең әрі технологиялық тұрғыдан да табысты жұмыс істеуде. Жаңадан іске қосылған аймақаралық электр жеткізу желілері өндірісті аймақтардың тұрақты дамуына жол ашып, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып отыр.
Бүгінде Қазақстандағы анықталған мұнай қоры 4,8 миллиард тонна деп белгіленген. Бұл әлемдегі барлық анықталған мұнай қорының 3 пайызына тең. Еліміз қазіргі кезде мұнай қоры мол елдердің алғашқы ондығының құрамына кіреді. 2007 жылы елімізде 67 млн.тонна мұнай және газ конденсаты игерілді. 2008 жылы бұл көрсеткіш 70 миллион тонна болмақ. Бұл әлемде өндірілген барлық мұнайдың 1,8 пайызын құрайды. 2015 жылы елімізде 100 миллион тоннадан астам мұнай өндіріледі деп күтілуде [19].
Мұнайдың қашанда үлкен саясат болатындығы білгілі. Қазақстан болашақта энергетикалық қуат көзі – көмірсутегі шикізатынан тапшылық көре қоймайды. Қазіргі таңда еліміз үшін қалыптасқан алаңдатарлық бір мәселе, электр энергиясының жетімсіздігі болғалы тұр.
Қазақстандағы электр энергиясының соңғы жылдардағы тұтыну және өндіру үдерісін екшейтін болсақ, 2000-2007 жылдары электр энергиясын өндірудің өсімі 148 пайыз болған. Ал осы мерзімде жыл сайынғы тұтыну мөлшері 6-8 пайыз артып отырған. Бұл ахуал 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында да сақталды. Электр энергиясының өсімі тек жұмыс істеп тұрған қуат көздерінің резервтерін іске қосу арқылы ғана жүзеге асырылып келеді. Жаңа қуат көздерін қосу нәтижесінде электр энергиясын өндіру осы мерзімде бар болғаны 9,5 пайызды құраған.
Алдын ала есептеулер көрсетіп отырғандай, елімізде электр энергиясын тұтыну мөлшері 2015 жылға таман 1,5 есе артады деп күтілуде. Бұл саланың техникалық қуаты 2009 жылы толық іске қосылып бітті.
Елімізде ерекше өткір болып отырған мәселе – электр энергетикасы саласының негізгі құрал - жабдықтарының ескіруі. Электр стансаларындағы негізгі жабдықтардың ескіруі 70 пайызды құраса, тарату жүйелерінің жабдықтарының 65 пайызы жарамсыз. Жылу жүйелерінің 80 пайызы толық жаңартуды қажет етеді [19].
Электр энергиясының жетіспеушілігі белең алып отырған бүгінгі таңда оны тиімді пайдалану мен үнемдеу жағдайларының ерекше маңызды екендігі даусыз. Қазақстанда ІЖӨ бойынша шығарылатын өнімге жұмсалатын энергиялық қуат дамыған елдердегі осындай көрсеткішпен салыстырғанда 3-5 есе артық. Электр энергиясын тиімді пайдалану мен үнемдеуге ықпал ететін басты тетік – оның бағасы мен тарифтері. Қалыптасқан пікір бойынша, біздің елімізде өндірілетін электр энергиясының бағасы мен тарифі басқа елдермен салыстырғанда едәуір төмен көрінеді. Сондықтан бұл баға ірі электр энергиясын тұтынушыларды энергия үнемдеу технологияларын өндіріске енгізуге ынталандырмайды.