әлеуметтік қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.

Файлы: 1 файл

Берик энерг.қауіпсіз. 11.05.12.docx

— 238.20 Кб (Скачать)

Сонымен жаһандану деген не? Бұл сұраққа бір сөзбен «Әлемдік қауымдастықты құрушы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың, өзара тәуелділігінің өсуі, олардың барлығына ортақ экономикалық, саяси және мәдени жүріс - тұрыс тәртіптері мен ережелерінің бірітіндеп бір жүйеге бірігуі» деп анықтама беруге болады [1,с.35].

Әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістердегі энергетикалық қауіпсіздік  мәселесін де жан – жағынан  талдауды қажет етеді.

Ресей Федерациясы КСРО ыдырағаннан  кейін әлемдік қауымдастығына кірген мерзімінен бастап жаңа энергетикалық  қауіпсіздік пен энергетикалық  саясатты жүргізуге кіріскен болатын.

Қазіргі танда қауіпсіздіктің қауіп - қатерлері көбейгені айқын.Бір жағынан қарағанда әлемдік қауымдастық үшін тікелей қауіп жоқ, дегенімен, әлемнің саяси сахнасындағы ойыншылардың күштер балансы өзгеріске ұшырағаны Ресей Федерациясы сияқты мемлекеттің энергетикалық саясаты әлемдік энергетикалық саясатқа әсерін тигізбей қоймайды

Қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік, тұрактылық деңгейі келесідей бақталыстарды  және қатерлерді алдын алуына байланысты.

•  Билік пен қоғам арасындағы едәуір алшақтық, мемлекеттік пен әлеуметтік институттар арасындағы мықты байланыстардың жоқтығы;

•  Конструктивті оппозицияның жоқтығы, партияльқ жүйенің аморфтығы әлеуметтік мәселелерді реттеудегі әсердің қажетті деңгейден алшактығы;

• Мемлекеттік билік институттарының тұрақсыздығы. бюрократиялық аппараттың өсуі мемлекеттік басқарудың  белсенділігіне  кері әсері;

•  Билік легитимдігіне сенімсіздіктің пайда болуы;

•  Әлеуметтік мәселелердің көбеюіне байланысты агрессиялық, маргиналды топтардың көбеюі:

• Әскери қатер;

•  Қақтығысты аймаққа жакындығы;

• Аймақтың қорғаныс деңгейінің жеткіліксіздігі;

• Экономикалық  қатерлер;

•  Экологиялық қатерлер;

• Сыртқы фактордың ықпалынан қайшылыктар туындау қатері.

Ресей Федерациясы өзінің энергетикалық қауіпсіздік саясатын қайта қарауға мүдделі.

Сонымен жоғарыдағы жағдайды ескеретін болсақ, Ресей Федерациясы әлемдік энергетика саясатында мүдделі ойыншылар арасында амалдау шеңберінде қазіргі статус - квоны сақтайды деген қорытындыға келуге болады. Осыған орай ол,  халықаралық деңгейде субъектілігін көтеруге қатысты мәселелерді шешу үшін келесідей қадамдар жасау қажет:

• жаңа қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру

•  Мұнай факторы және энергетика көздері ықпал ету үшін маңызды аймақтық қақтығыстарда күш ресурсын шоғырлану сәйкесінше шара қолдану аймағы ретінде қарастырылады;

• Негізгі көлік байланыс жолдарын бакылауын қамтамасыз етуіндегі сыртқы саяси экономикалық маңызға ие;

• Ресей Федерациясы  өзінің геосаяси ықпал етуін сақтап қалу үшін күреседі;

 Дүниежүзілік экономиканың өсуі, әсіресе, Ресей Федерациясы  экономикасының өсуі, энергетикалық ресурстарды тұтынуының маңызды көбеюімен, электроэнергияны тұтыну және өткізу нарықтарындағы бәсекелестіктің нығаюымен  бейнеленеді.

Қазіргі таңда Ресей Федерациясы  мен әлемнің мұнай - газ секторындағы жетекші ойыншылар арасындағы күрес шиеленісуде. Мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін экономикалық пайдалылықтың қажет екені анық көрінеді. Бұл пайдалылық аймақтық энергетикалық нарықты құру жолы арқылы іске асырылады.  Сонымен қатар, энергетикалық қауіпсіздіктің мәселелері үсті - үстіне анық саяси  мағынасымен ерекшелінеді [4,с.51].

      Ресей Федерациясы энергетикалық дипломатиясы мақсаты Ресейдің экономикалық  өсуінің катализаторы болуы керек.

     Энергетикалық  ресурстар нарықтың ықпалдасуы нарыққа әрбір қатысушы-мемлекеттің энергетикалық кешенінің әрекеті бойынша ашықтығының арттырылуын талап етеді. Осы мақсатпен энергетикалық нарықтың ашықтылығының арттыруы мен энергиямен сауда жүргізуінің ырықтандыруы бойынша Ресей Федерациясы  келесі ұстанымдарды қолдайды:

  • барлық мүше - елдердің энергетикалық кешендері туралы біртұтас деректер банкінің құрылуы және бұл ақпаратқа еркін қол жетерліктің қамтамасыз етілуі,
  • электроэнергетикалық, мұнайлы, газ және көмір биржаларының қосылуымен біртұтас электрондық энергетикалық биржаның құрылуы және т.б.

Ресей үлкен энергетикалық  ресурстары мен кең гидроәлеуетіне ие.

Қытайдың энергетика ресурстарының  арасында көмір мен гидроәлеуеті (әлемдегі бірінші орын), жетекші орындарда тұр, бұдан басқа, ҚХР газдың орасан-зор қорларына ие, соңғы бағалары бойынша, үш триллион текше метрге тең.

Ресей Федерациясының  энергетикалық  дамуының негізгі үрдістері  мен  болжамдары төмендегідей. 2020 жылға  дейін Ресейдің Энергетикалық стратегиясына  сай ұлттық шаруашылықты энергиямен қамтамасыз ету және ОЭК-нің салаларын  дамыту секторларында  келесі міндеттер анықталды:

• 2000 жылы бастауыш ресурстар өндіруін 1418 млн т ш.т-дан (2002 жылы – 1515 млн т ш.т.) 2010 жылы 1700-1820 млн т ш.т-ға дейін және 2020 жылы 1810-2030 млн т ш.т-ға дейін көбейту;

• 2000 жылы электрэнергияны өндіруін 878 млрд кВт/-с-тан (2002 ж. – 892 млрд кВт/с.)  2010 жылы 1015-1070 млрд кВт/с-қа дейін және 2020 жылы 1215-1365 млрд кВт/с-қа дейін көтеру;

• 2000 жылы мұнай шығаруды 324 млн т-дан (2002 ж. – 379 млн т) 2010 жылы 445 - 490 млн т-ға дейін және 2020 жылы 450-520 млн т-ға дейін көтеру;

• 2000 жылы жанармай отынның өндіруін 83 млн т-дан (2002 ж. – 88 млн т) 2010 жылы 100-110 млн т-ға дейін және 2020 жылы 115-135 млн т-ға дейін көтеру;

• 2000 жылы газ шығаруды 584 млрд м3-ден (2002 ж. – 595 млрд м3)  2010 жылы 635-665 млрд м3-ге дейін және 2020 жылы 680-730 млрд м3-ге дейін көтеру;

• 2000 жылы көмір шығаруды 258 млн т-дан (2002 ж. – 253 млн т) 2010 жылы 310-330 млн т-ға дейін және 2020 жылы 375-430 млн т-ға дейін көтеру; 2000 жылы бір ортаға бағынған отынның жіберуін 1452 млн Гкалдан (2002 ж. – 1437 млн Гкал) 2010 жылы 1570-1625 млн Гкалға дейін және 2020 жылы 1720-1820 млн Гкалға дейін көтеру [5].

     Ресейдің энергетикалық қауіпсіздігіне келетін болсақ Энергетикалық қауіпсіздік әрбір мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің маңызды құрамы болып табылады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – энергетикалық саясаттың негізгі мақсаттарының бірі. Энергетикалық қауіпсіздік – бұл мемлекетті, қоғамды, оның азаматтарын, экономиканы әртүрлі қауіп-қатерлерден сенімді отын-энергиямен қамтамасыз етудің қорғау ахуалы. Бұл қауіп-қатерлер сыртқы  факторларымен, мемлекеттің энергетикалық секторының жұмыс істеуімен және ахуалымен белгілінеді. Энергетикалық саясатының мақсаты - оның негізгі сипаттамаларының жаңа деңгейге жетуі. Энергетикалық саясаттың негізгі сипаттамалары мыналар:

• мүше-елдердің ОЭК-нің сәйкес келетін сапасы және жарамды бағасы бойынша қуат көздеріне экономикалық жағынан негізделген ішкі және сыртқы сұранымды қамтамасыз ету қабілеті;

• экономиканың тұтынушылар секторының өз энергиямен қамтамасыз етуінің тиімсіз шығындар мен отын-энергетикалық теңдестігіннің жетіспеушілігінен сақтап, энергетикалық ресурстарды тиімді түрде қолдану қабілеті; 
• энергетикалық сектордың сыртқы және ішкі экономикалық, техногендік, табиғи қауіп-қатерлерге тұрақтылығы, сонымен қатар, әртүрлі тұрақсыздандыратын факторлардың нәтижесінде пайда болған зиянды азайту қабілеті.

Энергетикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз етудің маңызды қағидалары:

• энергетикалық стратегиясына халқы мен экономикаларын қауіп-қатердің астында немесе  әртүрлі төтенше жағдай пайда болған кезде  толық мөлшерде қалыпты шарттарда және ең аз қажетті мөлшерлі энергиямен қамтамасыз етуіне кепілдік және сенімділік;

• таусылатын ресурстардың толықтырылуы (отынның таусылатын ресурстарының қолданылу екпіні олардың орнын толтыратын энергия көз-қайнарларын игеру екпінімен келісілуге тиісті);

• қолданылатын отын мен энергия түрлерінің әртараптандырылуы ;

• экологиялық қауіпсіздігінің талаптарының есебі ;

• энергиялық ысырапқорлықты болдырмау (энергетикалық тиімділігінің саясатпен өзара  байланысы, РФ энергетикалық стратегиясының іске асырылуына саяси (геосаяси) факторлардың әсер етуіне жол бермеу;

• ішкі және сыртқы нарықтарға энергиялық ресурстарды жеткізудің, өзара тиімділікті және экспорт құрылымының рационалдандырылуын қамтамасыз ететін экономикалық шарттары мен жағдайларды жасау (ең алдымен салық және кеден шараларының арқасында);

• барлық технологиялық процесстер мен жобаларында бәсекеге қабілетті жабдықтауды барынша қолдану.

    Ресей сарапшыларының пікірінше Энергетикалық қауіпсіздігінің қағидаларын ескеріп, мынаны орындау керек:

• жаңартылған энергия көздерін барынша  қолдану (мысалы, гидроэнергиялық ресурстарын) және электр беру тұрақты желісін қамтамасыз ету;

тарифтік саясатты үндестіру  үшін шарттарды жасау және болашақта  – электроэнергияны тасымалдауына  біртұтас тарифтік ұтысты қабылдау;

• мемлекеттердің энергетикалық теңдестігінде мұнайлы және газ көз-қайнарларының үлесін азайту арқылы, энергияның басқа көз-қайнарларының үлесін көбейту мақсатымен көрсеткіштерді бекіту.

Жалпы Энергетикалық қауіпсіздік, энергетикалық тиімділік, бюджеттік  тиімділік және энергетиканың экологиялық  қауіпсіздігінің ұзақмерзімді мемлекеттік  энергетикалық саясатының стратегиялық бағдарлары болып табылады. Аталған  бағдарларға қол жеткізу, энергетиканың  даму процессінің басқаруды көтеру – осының бәрі мемлекеттік энергетикалық  саясатының негізгі құрам бөліктерінің қалыптасуы мен іске асырылуын талап  етеді. Бұл бөліктер өзара байланысты болып, өз бағытына, жауапкершілігіне, қағидаларына және жүзеге асыру механизмдеріне, нәтижеліліктің көрсеткіштеріне ие.  Осындай құрам бөліктеріне ең алдымен жер қойнауының пайдалануы мен  мемлекеттік жер қойнаулары қорының басқарылуы, ішкі отын-энергетикалық нарықтардың дамуы, тиімді отын-энергетикалық теңдестерінің қалыптасуы, аймақтық және сыртқы энергетикалық саясаты, энергетикалық сектордағы әлеуметтік, ғылыми-техникалық және инновациялық саясаты  жатады.

Әлемдiк саясатта энергоқорына арқа сүйеудi мақсат еткен Кремльдiң  түрлi стратегиялық жобаларға келгенде мырзалық танытуы тегiн емес. Мысалы, Балтық жағалауы елдерi мен Польша, Беларусь пен Украинаны айналып  өтетiн ресейлiк газ құбыры орыстардың энергоқорын Германияға тiкелей  жеткiзудi мақсат етiп отыр. Жалпы  құны кем дегенде 10 миллиард долларға бағаланып отырған бұл құбыр  Солтүстiк және Батыс Еуропаға жеткiзiлетiн  «газпромдық» өнiмнiң көлемiн ұлғайта  түсуге мүмкiндiк бермек. Немiстердiң  «E.ON Ruhrgas» компаниясының басшысы  Буркхард Бергманның айтуынша, алдағы 15 жылда Ресей өзiнiң энергетикалық  саласына қаржылық қолдау (405 миллард  доллар көлемiнде) көрсету үшiн шетелдiк  инвесторлардың көмегiне зәру болмақ: «Ресейге газ, электрэнергетикалық  және мұнай саласында өте iрi көлемдегi инвестиция керек. Сондықтан орыстар  үшiн шетелдiк қаржы мен технологияны тарту өте маңызды» [6].

Орыстардың Еуропаға деген  тәуелдiлiгiн арттыруға ресейлiк  энергияның маңызды тұтынушысы болып  табылатын Қытай да мүдделi. Аспан  асты елi уақыт өткен сайын энергоқорлар жолындағы күресте стратегиялық Кремльдiң басты бәсекелесiне айналып  келедi. Мысалы, үстiмiздегi жылдың басында  ресми Пекин Қазақстанды арзан  энергоқорды Ресейге тасымалдаудан  бас тартып, Қытайға тiкелей тасымалдауға үгiттеген едi. Варшавадағы Шығыстық зерттеулер орталығының сарапшылары  Агата Лоскот-Страхота мен Александр  Ярошевич Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастық қатынасы орталықазиялық табиғи газды «ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында» ұстап отырған  Ресейге үлкен қауiп төндiретiнiн  айтады: «Орталық Азия аймағына тиесiлi арзан газ «Газпромның» экспорт  мәселесiндегi мiндеттерiн жүзеге асыруда  өте маңызды».

Кейбiр халықаралық сарапшылар пiкiрiнше, Еуропалық Одақтың «Маған кедергi келтiрсең, «шөмiштен қысам» деп  қоқаңдаған Кремльге төтеп берудiң  орнына, шарасыздық танытуына ортақ  энергетикалық саясатының жоқтығы  кiнәлi. Осыдан 2 айдай уақыт бұрын ЕО-ның энергетика жөнiндегi комиссары А.Приебалгс пен бәсекелестiк жөнiндегi комиссары Крус энергетикалық саясатты қалыптастыруға бағытталған стратегиялық жоспарын жариялады. Аталған құжат энергия көздерiн жаңалауға, табиғи газды тасымалдаудың балама жолдарын табуға және Ресейге деген тәуелдiлiктi төмендетуге арналғанмен, нақты әрекеттер көрсетiлмептi. Еуропалық Парламенттiң энергетика жөнiндегi комитетiнiң төрағасы  

Клод Турмс Еуроодақ пен  Ресей арасындағы серiктестiк қатынаста  «ойын алаңының тегiс болуы керектiгiн» айтты. Батыстық шенеунiктiң емеурiнiнiң  астарында орыстарды ашық бәсекелестiкке  шақырған үндеу жатыр. Жалпы құрамына 25 мемлекет мүшелiкке өткен ЕО өзiнiң  энергетикалық қажеттiлiгiнiң 24 пайызын  Ресей, Норвегия мен Солтүстiк Африкадан  тасымалданатын табиғи газдың есебiнен  қанағаттандырып отыр. Мамандар қолда  бар мүмкiндiктi дер кезiнде пайдаланып қалмаса, энергоқорға қатысты проблеманың  ушыға түсетiнiн айтады. Өкiнiшке  қарай, батыстық iрi компаниялар бағаны төмендетуге және өндiрiстi дамытуға жағдай жасаудың орнына, бәсекелестiктен тұратын нарықтың жариялылығы мен  ашықтығына кедергi келтiруге тырысып  бағуда. Есесiне, Батыс пен АҚШ - ты ғана емес, әлемдi «бiр шыбықпен айдаудан» кетәрi емес «Газпром» керiсiнше, ұзақмерзiмдiк жоспарға келгенде, уақытты тиiмдi пайдалана бiлдi. «Қырғи-қабақ» соғыс кезiнiң өзiнде Шығыс Еуропадағы орыстардың беделiнiң жоғары болуы соған дәлел. Ол аз десеңiз, Шығыстық зерттеулер орталығының мәлiметтерiне қарағанда, «Газпром» 2004 жылы Балтық жағалауы елдерiнен бастап, Болгарияға дейiнгi аралықта газ тасымалдауға қатысты келiсiмдерге қол қойған [7,с.64].

Информация о работе әлеуметтік қауіпсіздік