әлеуметтік қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.

Файлы: 1 файл

Берик энерг.қауіпсіз. 11.05.12.docx

— 238.20 Кб (Скачать)

                                                   КІРІСПЕ

 

 Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің  ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.

Энергетикалық қауіпсіздік  Қазақстан мен Ресейдің ұлттық қауіпсіздігінің  маңызды бөлігі екені анық. Сондықтан  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  энергетикалық саясаттың негізгі  міндеттерінің бірі. 

Энергетикалық қауіпсіздік  елдің, оның азаматтарының, қоғамның, мемлекеттің, экономиканың сенімді жанармай және энергиямен қамтамасыз етілуде қауіптерден  қорғалуы болып табылады. Бұл қауіптер тек сыртқы факторлармен ғана емес, елдің энергетикалық секторының жағдайы мен қызметімен де анықталады.

Жанармай энергетикалық  кешеннің дамуын тежейтін аталған факторлар  Ресейдің энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін негізгі көз  болып табылады.  
    Бұл отын - энергетикалық кешеніне  деген   қауіптердің шынайы  пайда болып жатқанын көрсетеді. Ресейдің бөлек аймақтарындағы  отын-энергетикасының диспропорциясы  «созылмалы  ауруға» айналған (коммуналды энергетиканың қанағаттандырылмауы, жылумен қамтамасыз етудегі ауытқулар) аймақтағы энергетикалық қауіпсіздікке  шынайы  түрде қауіп төндіреді. Мәселені  бастапқы энергоресурстар  орналасқан   география, мұнай өнімдерінің өндірісі және елдің аймақтарындағы электроэнергия,  Таяу Шығыс пен Сібір және  елдің еуропалық   бөлігін  қосатын электр қуатын беру жүйесінің мықтылығының нашар болуы  жағдайды  ушықтырады.

Энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету  үшін, алдымен екі  маңызды мәселені шешу керек.

Біріншіден, әбден ескірген Отын Энергетикалық Комплекстің (ОЭК)  технологиялық базасының модернизациясын  жүзеге асыру және оның шығаратын  ресурстық базасын   өндіріспен қамтамасыз ету (көбінесе жаңа аймақтарда және нашар табиғи - геологиялық  жағдайларда).

Болашақ онжылдықта инвестициялардың (мұнай саласынан басқа) шектеулі болғандығынан, бірінші бар өндіріс  қуаттылығының технологиялық модернизациясы жүзеге асады (олардың қызметін жалғастыру  мақсатымен), ал кейіннен  тамырлық қайта қалпына келтіру мен   ең жақсы отандық және шет елдік  технологиялардың қолданылуымен жаңа  өндіріс қуатының пайда болуын жүзеге асыру.

Екіншіден, қолдану құрылымын  өзгерту мен отын - энергетикалық  ресурстарының өндірісін орналастыру. Атомдық және гидро энергияны  қолдануды, көмірлік өндіріс пен жаңартылған  көздерін қолдануды көбейту, сонымен қатар Батыс Сібірден басқа аймақтарға (Шығыс Сібір, Еуропалық солтүстік және Каспийлік аймақ) көмірсутек табуды  бытыратып орналастыру.

Энергетикалық қауіпсіздік 3 маңызды факторлармен  айқындалады:

  • ОЭК  экономикалық ішкі және экспорттық сұранысты сәйкес сапалы энерготасымалдаушылармен қамтамасыз ету;
  • Экономиканың тұтынушы секторының энегоресурстарды рационалды түрде қолданумен қамтамасыз еткізу, энергиямен қамтамасыз етілуіне  қоғамның көп қаржы жұмсамауын     қадағалау, жанармай - энергетикалық балансының дефициттілігі;
  • Осы факторлармен пайда болған (мұнайға деген әлемдік баға, төлемеушілік, инвестициялық  құлдырау, табиғи апаттар, сытрқы әскери, саяи және экономикалық акциялармен) энергетикалық сектордың сыртқы экономикалық және саяси тұрақтылығымен, техногенді және табиғи қауіптерді және де зиянын ықшамдау мүмкіндігі.

Соңғы жылдардағы энергетикалық  қауіпсіздіктің жағдайы және энергетикалық  тұтынудың  теңдестігі аса қауіп  төндіреді. Бұл газдық өндірісте  және электроэнергетикада инвестициялы бітемелер жасау уақытын жоғалтып алғандығына  байланысты. Бұл өз кезегінде экономикалық өсуге әсерін тигізуі мүмкін.

     Қазақстан  мен Ресейдің сыртқы саясатындағы энегретикалық фактор және қауіпсіздік мәселесін бүгінгі аймақтық геосаяси мүдделер және Ресей секілді жетекші державаның сыртқы саяси әлеуеттік мүмкіндіктеріне сай бағамдау бітіру жұмысының өзектілігі болып табылады.

Бітіру  жұмысының  мақсаты Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің саяси - құқықтық технологияларына институционалды сараптама жасау, институционалды - құқықтық механизмдер арқылы энергетика облысындағы ұлттық қызығушылықтарды қорғау деңгейін анықтау.

  Осы мақсатты ашуға негіз болған мынадай міндеттер қойылды:

  • Қазіргі жаһандану кезеңіндегі энергетикалық қауіпсіздік мәселесін анықтау және энергетикалық қауіпсіздікті қамтаамсыз ету қажеттілігін айқындау.
  • Ресей Федерациясының энергетикалық саясаты мен стратегиясына талдау жасау.
  • Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстары мен әлеуетін анықтау.
  • Қазақстанның қазіргі кезде елдің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүргізіп отырған саясатын талдау, нәтижесін қорытындылау.
  • Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің басты бағыты ретінде Каспий мұнайын әлемдік рынокқа шығару тиімділігін анықтау.
  • Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастығына талдау жасап, нәтижесін қорытындылау және болашағын айқындау.

Зерттеу жұмысының  нысаны  Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі саясаты.

Зерттеу жұмысының  пәні Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты.

Бітіру жұмысының  деректік негізі. Диплом жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екіжақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына  талдау жасауда Қазақстан Республикасының  орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екіжақты ынтымақтастықты  жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екіжақты қатынастардың қазіргі сипаты мен  келшегі екі ел басшыларының түрлі  жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.

Негізгі әдебиетер қатарында  Қазақстан - Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екіжақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.

Бітіру  жұмысының  зерттелу деңгейі. Ұзақ уақыт бойы энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесі  қазақстандық және ресейлік ғылымның көзқарасын өзіне аударған жоқ. Зерттеуге негізгі арнау болған Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен Ресей мемлекет басшыларының еңбектері, сөйлеген сөздері мен берген сұхбаттары.

Тақырыпты зерттеу барысында  қолданылған негізгі әдебиеттер қатарында отандық авторлар Қ.Тоқаев, Т.Мансұров еңбектерін атап өтуге болады.

Тәуелсіз дамудың алғашқы  жылдарынан Қазақстанның көпвекторлы  сыртқы саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының  орны мен Ресей бағыты қарастырылған  Қ.Тоқаевтың монографиялық еңбектері  мен әр жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі бастамасымен жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн.

Тақырыпты зерттеу барысында  негізге алынған әдебиет көзінің  бірі Т.Мансұровтың «Казахстанско – российские отношения в эпоху перемен. 1991-2001» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан - Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екіжақты байланытың өзекті саласы ретінде Қазақстан - Ресей экономикалық, энергетикалық ынтымақтастығы жеке қарастырылған. Экономикалық ынтымақтастықтың өзекті салалары ретінде отын - энергетика, қаржы - несие және банк салаларындағы алғашқы байланыстар аталып өтеді.

Қазақстан - Ресей байланыстарының қазіргі таңдағы сипаты, энергетика, көлік, қаржы салаларындағы байланыстары мен сауда қатынастары, шекаралас аумақтар деңгейіндегі екіжақты байланыстар баспасөз беттері мен электронды ресурстарда жарық көрген М.Аққұл, Ж.Жағыпарұлы, Қ. Бораш, Қ.Бөрібай және т.б. авторлар мақалаларында қарастырылады.

Зерттеудің теориялық  және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында  жалпы методологиялық принциптер басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысының методологиясы тарихтану ғылымының, халықаралық  қатынастартану және саясаттану ғылымдарының қазіргі замандағы теориялық  методологиясы  қағидаларына негізделді. 

Зерттеу жұмысында автор деректік материалдар мен құжаттарды ғылыми тұрғыдан жинақтау, сараптау, салыстырмалы тарихи талдау және қорыту әдістерін кеңінен қолданды. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығына Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетикалық ынтымақтастық және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі саясақа ғылыми негізде талдау жасауға талпыныс негіз болады. Зерттеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы кейінгі кезеңдегі мұнай – газ секторы мен атом энергиясын пайдалану саласындағы келісімдер мен атқарылған шаралар тобы бірінші рет талданып, ғылыми айналымға енгізілуі жаңалық болып табылады.

Зерттеудің тәжірибелік  маңызы. Ғылыми зерттеу барысында алынған нәтижелер мен қорытындыларды халықаралық қатынастар тарихы, халықаралық қатынастардың қазіргі кезеңдегі мәселелері, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және дипломатиясы пәндерін оқытуға пайдалану маңызды.

Бітіру жұмысының  құрылымы.  Бітіру жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жаңа әлемдік  тәртіп және Ресейдің энергетикалық қауіпсіздік саясаты

 

    1.  Жаһандану кезеңіндегі энергетикалық қауіпсіздік мәселелері

 

Қазіргі замандық жаһанданулық жағдайда кеңістік пен уақыттың жаңа өлшемдерін игеру қажеттілігінің пайда болуы анық. Жаңа ақпараттық технологиялардың, олардың жаңа өрістер мен әлемдік аймақтарды қамтуының маңызы өсе түсуі әлемнің «тұтас жазық» түсуінің үрдісі.

Сондықтан, жалпы адамзаттық өркениет тағдыры мен қазіргі  замандық өркениетке тиесілі бұл  процестің мәні неде болып түр? Бүгінігі ғылымда көптеген зерттеушілер жаһандануды  модерннің бір бөлігі деп түсінуде. Бұл процесстің жандануы Батыстың ықпалы мен оның мәдениетінің бүкіл әлемге таралуымен байланысты. Жаңа индустриялдық, ақпараттық технологиялар әлемнің түрлі аймақтарының арасындағы әрекеттестіктердегі теңсіз фрагментациялардың жаңа негізі болғанын айқындайды. Қазіргі замандық жаһандық кезенде бай елдер мен кедей елдер өмір деңгейлерінің арасындағы айырмашылық өсе түсуде. Жаһандану бүгінгі заманда әлемнің көптеген елдері үшін референттік көрсеткіш болғандықтан көп жағдайда ол құндылықты бағдарланулардың ерекше жүйесіне айналды. Бұл жүйенің негізінде басым жағдайда батыстық елдердің аксиологиялық жүйелері жатыр. Мысалы саяси жүйеде-демократия, азаматтық қоғам, горизонтальды байланыс; нарықтық шаруашылық жүйелері - жеке меншік институттары, бәсекелестік, еңбекке жалдану мен табыс; мәдени жүйесінің мәні - индивидуализм, прагматизм болып табылады. Сондықтан бүгінігі мәселе - жай кезекті халықаралық   қатынастар жүйесін жасау емес, ол ортақ жаңа әлемдік ережені қалыптастыру мәселесі болып отыр[1,с.32].

Ресей Федерациясының  жаһандану  кезеңіндегі энергетикалық қауіпсіздік  саясатын, оның геоэкономикалық орнын  анықтамастан бұрын жалпы жаһандану  үрдісінің, оның негізгі ерекшеліктеріне  тоқталуды, оның негіздеріне сараптама  жасау қажет.

«Жаһандану» терминін алғаш  рет «Гарвард бизнес ревью» журналында жариялынған «Нарықтың жаһандануы» деген мақаласында Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левитт үсынған болатын. Осы ұғым         арқылы ол «жаһандық фирмалар» деп аталған кәсіпорындардың жаңа нышанындағы іс - әрекеті арқылы дүниежүзіндегі нарықтардың бірігуін атады. Оның пікірінше, жаһандану және технологиялар халықаралық қатынастрды анықтайтын басты екі факторға айналды.

 «Жаһандану» термині 1980 жылдардың ортасынан бастап, ақпарат пен коммуникация саласындағы жаңа технологиялардың күрт дамуы салдарынан капиталдың жарылыс бейнелі қозғалысы процесін, әрі қаржы сондай-ақ биржалық нарықтардың интеграциясын бейнелеу үшін қолданыла бастады. Сонымен, 1980 жылдардың соңында «Жаһандану» үғымы экономикалық және қаржы саласына қатысты ғана айтылып келді [2,с.41].

XX ғасырдың соңғы он жылдығында қырғи қабақ соғыстың аяқталуына байланысты саяси процестер, орасан зор көлемдегі экологиялық қауіп -қатерлер, біртүтас жершарын ортақ сезінуге әкелген экономикалық өзара тәуелділіктің артуы «Жаһандану» құбылысына экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси, тарихи, географилық және мәдени сипат бере келе, оның барынша кеңеюіне алып келді.

У.Бектің ойынша, жаһанданудың бірқатар өлшемдерін ажырата білу қажет. Бүл орайда олардың кез келген тізбесіне коммуникациялық технологияларды, экологияны, экономиканы, іс - қимылды ұйымдастыруды, мәдениет пен азаматтық қоғамды енгізу лазым. Автор «Жаһандану» дегеніміз экономиканың, ақпараттың, экологияның технологиялардың, мәдениаралық жанжалдардың және азаматтық қоғамның әртүрлі өлшемдегі күнделікті іс - әрекеті үшін шекаралардың маңызы барған сайын азайып бара жатқанын білдіреді деп санайды. Ақша, технологиялар, тауарлар, ақпарат және уландырғыш заттар шекаралар жоқтай еркін өте береді.

Ал Гарвардтың белгілі  ғалымы Стэнли Хоффман әлемде «жаһандануды» қақтығысы жүріп жатыр деп пайымдайды, өйткені жаһандану оның пікірінше, әрқайсысының өз «проблемасы бар үш нысаннан тұрады. Бірінші - бұл экономикалық жаһандану, ол технологиялар, ақпарат, сауда, шетелдік инвестициялар және халықаралық бизнестегі революцияның жемісі болып табылады. Оның басты ойыншылары компаниялар, инвесторлар, банктер, жеке сектор, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық үйымдар болып табылады. Компаниялардың мамандануы мен интеграциялануы ортақ байлықты арттыруға мүмкіндік берді, алайда таза капитализмнің логикасы әлеуметтік әділдік үшін қолайлы емес. Сондықтан экономикалық жаһандану мемлекеттер арасындағы және олардың ішіндегі теңсіздіктің ықтимал себепкері болып, жаһандық бәсекелестікке және мемлекеттер мен бұл процеске баска да қатысушылардың осы проблеманы шешуіне байланысты аландаушылық пен торығуды туғызады [3,с.23].

Информация о работе әлеуметтік қауіпсіздік