Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
2016-2020 жылдар аралығында
Нижегородская облысындағы АЭС
Ресейдің атомдық электр станцияларының болашақ стратегиялық
дамуы үшін, келесілерді жүзеге асыруы қажет:
-АЭС-ларының белсенділігін
максималды түрде көтеу
-Мемлкеттік атомэнергетикалық
экономика секторында
-Уақытылы инвестициялармен қамтамасыз ету үшін, белсенді механизмдер;
-Жұмыс жасап жатқан АЭС-ның эксплуатация мерзімін 10-20 жылға созу;
-АЭС-ның энергиясын қолдану
мен энергия өндірісінің
-Радиоактивті АЭС қалдықтарын қайта өңдейтін комплекстарды жасау.
Проблемалары:
-Экономикалық көзқарастан,
басқа электроэнергия
-Құрылысы мен эксплуатациясы өте қымбат тұрады;
-Табиғи қоры мұнай мен газдан да аз урандық жанармайдан тәуелді;
-Эксплуатацияның жарты
ғасырынан бері ескі
-Оларды құрту жолы
әлі күнге дейін табылмаған,
-Ресейде АЭС-ның дамуы,
-АЭС Ресейліктер үшін энергия көздерінің бағасының өсу қаупі;
-АЭС Ресейде электроэнергия
жасау және қолдану
Ресейдің энергетикалық стратегиясы толықтай елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделгені анық. Бүгінгі күні Ресей өзінің халқын энергиямен қамтамасыз етуде, өндіріс орындары мен ауылшаруашылығын энергеия көзімен қамсыздандыруда ішкі және сыртқы мүмкіндіктердің бәрін пайдаланып отыр. Ресей өз территориясындағы мол шикізат қорын тиімді пайдаланып, федерацияның барлық аймақтарын энергия көзімен қамтамасыз етудің барлық шаралары жүзеге асырылуда. Энергияның қутты көздері көмір, мұнай, газ, уран, су, биоотындар Ресейдің байлығы болып табылады. Әйтседе олардың қорын үнемдеу мақсатында, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Ресей көрші орналасқан Орталық Азия елдерімен, әсіресе соның ішінде Қазақстанмен ынтымақтасуға мүдделі.
2. Қазақстанның энергетикалық саясаты және оның қауіпсіздігі
2.1 Қазақстанның энергетикалық ресурстары және әулеті
Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар.
Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген [12,с.38].
Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған.
Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 жылы басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылғы Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т. көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т. көмiр өндiрiлген. 1900 — 1918 жылдары Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т. мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т. мұнай өндiрiлген.
Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920 ж.) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр темір жолы бойындағы iрi сауда - өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзенінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 жылы Қарсақбай электр станцияларының құрылысы басталып, 1928 жылы мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғарғы Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауыты iске қосылды [12,с.43].
1925 — 1926 жылдары Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын - энергетика қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты.
Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдеріне келсек,
жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi төрт кезеңге бөлуге болады:
Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.
1990 жылы КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станцияларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87,4 кВт/сағаты меншiктi электр станцияларында өндiрiлдi.
1990 жылы республикада 131,5 млн. т. көмiр, 25,5 млн. т. мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды.
1990 жылы басқа елдерге 10 млн. т. кокстелетiн және 46,6 млн. т. энергетикалық көмiр (42,9%), 21 млн. т. мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды.
1990 жылы республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымдылығы 1 сомға шаққанда 4,01 кг. болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп [13, 56б.].
Қазақстан электр энергетикасы 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 жылдың ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды.
2000 жылдың қорытындысы
бойынша электр қуатын тұтыну
көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi.
Қазақстан энергия өндiрушi
ҚР Үкiметi 1996 жылы электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр стансиялары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания («КЕGOC» ААҚ), 110 — 35, 6 — 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акционерлік компаниялары (АЭК АҚ) құрылды [13,61 б.].
Қазақстан энергетикасын дамытудың 1997—2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногiн ұйымдастырудың мынадай үлгiлерi көзделдi:
Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. Бiр орталықтан диспетчерлiк басқару жүйесi қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелi (электр қуатын өндiру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткiштерi, атап айтқанда, электр тогының жиiлiгi жақсартылды.
Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi құрылып, жұмыс iстей бастады.
Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуетi 2001 жылдың басында 500 — 1000 мВт. деп бағаланды. Мысалы, Екiбастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы қаласының маңына) 300 мВт. электр қуатын экспортқа шығара бастады.
2030 жылға дейiн электр энергетикасын дамыту бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның электр энергетикасы жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары әзiрлендi.
Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі) тарапынан мемлекеттік бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөнiндегi тарифтердi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi реттеп отырады. 2000 жылы 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия «КЕGOC» ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегi электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған тарифтi есептеудiң жаңа әдiстемесiн қолданысқа енгiздi.
Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Республиканың электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жолмен басқару мiндетi жүктелген.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы секторын қайта құру негiзiнде электр энергетикасы нысандары түрлi меншiк иелерiнiң қолына көштi:
Шикiзат көзi
Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады.
Электр қуатын тұтынудың
есептiк деңгейлерiне жасалған талдау
1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде
электр тұтыну көлемi жалпы республикалық
және солтүстік, батыс аймақтар бойынша
2 есе дерлiк, ал оңтүстік аймақ бойынша
3 есе дерлiк кемiгенiн
Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады.