Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
Мамандардың пікірінше, Кеден одағының құрылуы Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық секторда ынтымақтастығында жаңа көкжиектер ашылып отыр. Сонымен бірге бірқатар проблемалар кездесуде. Бәрімізге белгілі, Кеден одағы құрылғаннан кейін Ресей, Белорусь және Қазақстан 2010 жылдың 1қаңтарынан бастап бірыңғай кеден тарифтеріне көшкен болатын. Содан бері тасымалданатын мұнайға салынатын экспорттық баж салығына қатысты Мәскеу мен Минк арасында ара - тұра кикілжің туындауда. Бұл өз кезегінде Ресейден еліміздің мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу және Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы тасымалдау мәселесіне де кей-кейде кері әсерін тигізіп жатады. Қазіргі таңда мамандар Кеден одағы аясында мұнай және мұнай өнімдеріне салынатын баж салықтарын қайтадан қарастыру қажеттігін айтуда. Себебі, оның көлемі үш елде үш түрлі. Осы бағытта әлі бірқалыпты шешім қабылданбаған.
Сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық сектордағы әріптестігі электр энергетикасы, газ, атом энергетикасы салаларында да табысты жүзеге асып жатыр. Бұған дәлел - екі ел энергожүйесінің параллельді жұмысы жолға қойылған. Екібастұздағы ГРЭС-2-нің базасында бірлескен кәсіпорын құрылып, жұмыс істеуде. Орынборда бірлескен газ өңдейтін кәсіпорын ашылды. Жуырда «Самұрық - Қазына» қорының басшысы Тимур Құлыбаев энергетикалық алып компания «Газпромның» Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. «Газпромның» әлемдік рынокқа табиғи газ жеткізетін ірі компаниялардың бірі екені белгілі. Осындай алып құрылымның энергетикалық саясатына Қазақстан өкілінің араласуы сарапшылар тарапынан жоғары бағалануда. Олар бұл қадам «Қазақстанның газ саласындағы күннен-күнге өсіп келе жатқан беделі мен үлкен бәсекелестігін көрсетеді» дейді.
Уранды өндіру мен байытуда да бірқатар перспективалы бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және уран өндірісін көбейту саласында екі елдің бірлескен үш кәсіпорны жұмыс істейді. Келешекте Қазақстанда атом электр стансасын салу көзделген. Ғарышты игеру саласында космостық ракеталық «Бәйтерек» кешені, «Қазсат» серіктері мен ғаламдық спутниктік навигациялық «Глонасс» жүйесін бірге игеру жұмыстары екі ел үшін маңызды рөл атқарады [33].
Екі ел арасындағы сауда - экономикалық байланыстың нығайып отырғаны туралы айтқанда, жоғары технология саласындағы ынтымақтастықты басымдылықпен дамыту қажеттігі алғы кезекке шығады.
– Атом энергетикасы саласында біздің құрылтайшылық етуімізбен Иркутск облысының Ангарск қаласындағы халықаралық орталық базасында байытылған уран өндірісі бойынша жоба жүзеге асырылуда.
Біздің Президент сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның өзінің тұрғындарын қажетті мөлшерде энергиямен, азық - түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері толық жететінін қадап айтты.
Энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты Ресей басшысы аймақтық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтумен тікелей байланыстырды. Әлемдік энергетика рыногына қатысушылардың қазіргі қалыптасқан жағдайы жеткізушілерді де, импортқа шығарушыларды да қанағаттандырмайтынын атап өтті. Олардың бұл салада тұрақтылыққа мүдделі екенін де жасырмады. Алайда, бұл тұрақтылықтың екіжақты бірдей болуы қажеттігін алға тартты.
– Сондықтан да біз бұл салада халықаралық құралдарды жетілдіруге мүдделіміз. Энергия ресурстарын тұтынушыларға жайлы жағдай жасау үшін, энергия ресурстарын жеткізушілерге қалыпты жағдай туғызбауға болмайды. Ал Қазақстан мен Ресей транзиттік мемлекеттер үшін энергия ресурстарын жеткізушілер болып табылады. Болашақта біз осы бағытта күш біріктіруміз керек, – деді Ресей Президенті. Оның айтуынша, Ресей тиімді болған жағдайда көмірсутекті шикізатты өндіру мен экспортқа шығаруды жалғастырады, жаңа құбырлар тартады, отын-энергетика кешеніне кең көлемде инвестиция тартады. Сондай-ақ, пайдаланылып келе жатқан энергия көздерін әртараптандырады, энергетиканың жаңа түрлерін дамытады [34].
2010 жылы 4- мамырда Қазақстан мен Ресей энергия жүйелерінің параллель жұмысын қамтамасыз ету шарттарының толық топтамасына қол қойылды.
Аталған шара екі ел Мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау мақсатында әрі Қазақстан мен Ресей біртұтас энергия жүйелерінің параллель жұмысын қамтамасыз ету шаралары туралы үкіметаралық Келісіміне сәйкес жүзеге асырылып отыр.
2009 жылдың соңына таман
«KEGOK» АҚ мен «ИНТЕР РАО ЕЭС»
Энергия жүйелерінің бірлескен
жұмысы бойынша жасалған келісімдер
топтамасы инфрақұрылымдық
Ресей біртұтас электр жүйелері Қазақстанның біртұтас жүйелерімен 2000 жылдың маусымынан бастап параллель режимде жұмыс істеп келеді [35].
«Екі мемлекеттің электр энергетикасы саласындағы дәстүрлі серіктестік қарым-қатынасы сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Қазақстан мен Ресей басшыларының Біртұтас кедендік кеңістікті құру бағытындағы саясаты шеңберінде бүгінгі жасалған келісімдер осы энергия жүйелерінің параллель жұмысының экономикалық және технологиялық артықшылықтарын екі мемлекет тұтынушыларының игілігі үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті «KEGOC» АҚ Президенті Алмасадам Сәтқалиев [36].
Екі мемлекеттің біртұтас энергия жүйелерінің көрсететін өзара қызметтері коммерциялық негізге көшеді. Ресей жағы электр энергиясын қазақстандық желілер арқылы жеткізу - тасымалдауды ақылы негізде жүзеге асыратын болады. KEGOC АҚ өз кезегінде, Қазақстан аталмыш жүйенің жүйелік операторы ретінде нормативтік жиілікті қадағалау қызметіне ақы төлей бастайды. Осы уақытқа дейін қуатты (жиілікті) реттеу электр энергиясының транзитіне қайтарым ретінде жүзеге асырылып келген болатын. Шарттық міндеттемелердің болуы диспетчерлік қызмет жауапкершілігін арттыруға және екі мемлекет шекарасы арқылы өтетін электр энергиясы ағынының сальдосын қадағалауға ықпал етпек.
Энергия жүйелерінің бірлескен
жұмысы бойынша жасалған келісімдер
топтамасы инфрақұрылымдық
2010 жылы 10 желтоқсанда Мәскеу
қаласындағы ҰҚШҰ және ТМД
саммиті барысында екі елдің
мемлекет басшыларымен қол
Қазақстан мен Ресей Ресейдің
магистральді құбыр желісін
Қазіргі таңда, қазақстандық
«Атырау – Самара» мұнай 2009 жылы «Атырау – Самара»
құбыр желісі жүйесімен мұнай
тасымалының көлемі 17,5 млн. тонна мұнайды
құрады. Бұл көрсеткіш «Атырау – Самара» учаскесі бойынша «Өзен – Атырау – Самара» магистралды мұнай құбырынан 2010 жылы 11 ай көлемінде 14 млн. 021 мың тонна мұнай өндірілді. Қазақстан Республикасы аймағында
орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры
учаскесімен ресей мұнайының
тасымалы 2010 жылдың қорытындысы бойынша
5 млн. 625 мың тоннаны құрап, 2009 жылдың
қаңтар-желтоқсан айларымен Қазақстан мұнайын экспорттауда басым бағыттардың бірі – 2001 жылы іске қосылған Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры. Мұнай құбыры іске қосылғаннан бастап (2001 ж.), 239 млн. тонна тасымалданды, оның ішінде қазақстандық мұнай 201 млн. тоннаны құрады. 2009 жылы экспортқа 35 млн. тонна мұнай артылып, 2008 жылмен салыстырғанда 9,9% өсім көрсетті. Оның ішінде қазақстандық мұнай 28 млн. тоннаны құрап, 2008 жылдың сол кезеңімен теңестіргенде 6% көп болды. 2010 жылдың 9 айы бойынша
Каспий құбыр желісі Қазақстан - Ресей жылу энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңызды элементі Каспий құбыр желісі консорциумын 2015 жылға дейін жылына 33-тен 67 млн. тоннаға дейін ұлғайтудың принциптері туралы Меморандумға қол қою болды. Оның ішінде, қазақстандық мұнайды жылына – 52,5 млн. тоннаға арттыру [37]. Каспий құбыр желісі консорциумының құбыр желісі жүйесінің механикалық күшін екі еседен аса кеңейту бойынша жобаны инвестициялау жөніндегі толық шешімге 2010 жылы 15 желтоқсанда қол қойылды. Құрылыс жұмыстары 2011 жылы көктемде басталады. Қазақстан мен Ресей екі
жақты ауқымда Каспий теңізінің
қайраңын бөлу туралы мәселені шешті.
Жер қойнауын қолдану мақсатында
Каспий теңізінің түбінде біздің
елдерді бөліп тұратын Қазақстан бар жағынан дерлік құрылықпен қоршалған, сондықтан да экспорттың өсіп келе жатқан көлемі жағдайында көліктік инфрақұрылымдарды жетілдіру мәселесі маңызды болып қалады. Соңғы жылдары бұл саладағы қызмет айтарлықтай жанданып келеді. Бас Компаниямен тығыз қарым-қатынас ҚМГ БӨ-ге құбыр желісі инфрақұрылымына сенімді қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨАС және КҚК мұнай желілері Компания үшін негізгі экспорттық бағыттар болып табылады. ҚМГ БӨ Атырау МӨЗ-ге ірі өнім беруші болып табылады. Қазгермұнай Қазақстан-Қытай құбыр желісі бойынша мұнай береді. Ұзақтығы 1 500 км болатын Өзен – Атырау - Самара құбыр желісі (ӨАС) Компания экспортының басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қара теңіздің Новороссийск портына дейін созылып жатқан ұзақтығы 1 500 км Каспий Құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры ҚМГ БӨ мұнайын жеткізудің неғұрлым пайдалы бағыты. Сондықтан да ҚМГ БӨ ол арқылы мұнай беру үлесін арттыра түсуге ұмтылып отыр.
2005 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен Қытайдың арасында ұзындығы 1 000 км. Атасу - Алашаңқай құбыр желісі іске қосылды. Құбыр желісінің өткізу қабілеті жылына 10 миллион тоннаны (тәулігіне 202 мың баррелді) құрайды және таяудағы болашақта екі есеге арттырылуы мүмкін. 2006 жылдың шілдесінде Каспий және Жерорта теңізін тікелей жалғастыратын, өткізу қабілеті жылына 50 млн. тонна (тәулігіне 1 млн. баррель) тұңғыш құбыр желісі пайдалануға берілді. Баку – Тбилиси - Джейхан құбыр желісі Әзірбайжандағы Бакуден Түріктің Джейхан айлағына дейін барады. Бұл Қазақстанда өндірілетін мұнай үшін транзиттік мүмкіндіктерді кеңейте түсетін тағы бір бағыт. Келтірілген мысалдар көрші елдерге тәуелділікке қарамастан Қазақстан мұнайдың экспорттық рыноктарына кіруді диверсификациялауға және ұдайы үдете түсуге ұмтылып отырғанын көрсетеді. Бұл ретте КМГ БӨ-нің өзінің бас компаниясымен қарым - қатынасы Компанияға ҚМГ ҰК-ге тиесілі көлік инфрақұрылымдарына кепілдікті қол жетімділігі болуға мүмкіндік береді [37]. |
2010 жылы 7 қыркүйекте Өскемен
қаласында Қазақстан Қазақстан газын өндірудің және оны іске асырудың артуына байланысты, газды Ресейде өңдеу бойынша өзара іс-қимыл және оны экспортқа шығару үшін ресей көлік инфрақұрылымын пайдалану белсенділігі арттырылды. Одан басқа, екі жақты қатынастардың маңызды құрамдарының бірі өзбек және түрікмен табиғи газын Ресейге, одан әрі Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады.
2007 жылы желтоқсанда Қазақстан,
Ресей және Түрікменстан
Электр энергиясының ортақ
Ортақ энергетикалық жүйе Қазақстан және Ресей энергожүйелерінің қатарлас қызметін әрі қарай жетілдіру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату мәмілесі жөнінде оператор қызметін атқаратын Бірлескен кәсіпорын құру мәселесі талқылануда. Атом энергиясын бейбіт мақсатта
пайдалану саласы бойынша ынтымақтастық
белсенді дамуда. Оның ішінде, бірлескен
қазақстан-ресейлік үш кәсіпорынмен уран
өндірісін арттыру мәселесі, азаматтық
ядролық энергетика саласында бірлескен
компания құру, Қазақстанда ВБЭР-300
реакторы бар АЭС құрылысы жөніндегі
Келісім жобасын жасау бар. Осы
бағыттағы қызметті жеделдету мақсатында
2010 жылдың ортасында Атом энергиясын
бейбіт мақсатта пайдалану саласында
ынтымақтастықты тереңдету
МАГАТЭ-ның бақылауымен Ресей
аумағында басқа елдердің 2011 жылы 5 шілдеде «Росатом» атом энергиясы жөніндегі Мемлекеттік корпорация және АҚ «ҰАК «Қазатомпром» арасында Бірлескен мәлімдемеге және Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласында ынтымақтастық және интеграция жөнінде меморандумға қол қойылды. |
Міне, қарап отырсақ Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық сектордағы ынтымақтастығы жыл сайын нығайып келеді. Бұл өз кезегінде экономикаларымыздың ықпалдаса қарқынды дамуына септігін тигізуде. Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан расталған мұнай қоры жөнінен әлемде 9-шы орында тұр. Тәуелсіздіктің 20 жылында мұнай өндіру елімізде 3 еседен астамға ұлғайған. Болашақта көмірсутек өндірісінің көлемі елеулі өседі деп күтілуде. Қазақстан өндірістің шырқау шегіне әлі жетпеген әлемдегі аз ғана елдің бірі. Еліміздің мұндай әлеуетін жақсы білетін Ресей бізбен энергетикалық сектордағы ынтымағын одан әрі өрістетуге мүдделі. Біз де бұл ынтымақтастықты қалаймыз. Ал жалпы сайып келгенде Қазақстан мен Ресей энергоресурстарының ортақ нарығын қалыптастыру экономикалық жағынан да, саяси қырынанда екі елге пайдалы болмақ.
3.2 Қазақстан мен
Ресейдің энергетикалық
Электр энергетикасы базалық
салалардың бiрi бола отырып, кез келген
мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк
саласында маңызды рөл
Қазақстанда экономиканы
әртараптандыру мен
Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикалық жүйесi Ресейдiң БЭЭЖ-мен және Орталық Азияның бiрiккен энергетикалық жүйесiмен (БЭЖ) қосарлас жұмыс iстейдi.
Қазақстанның БЭЭЖ
үш шартты аумаққа бөлiнген:
Солтүстiк (Ақмола, Ақтөбе,
Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан,
Шығыс Қазақстан, Қарағанды
Оңтүстiк (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары);
Батыс (Атырау, Батыс
Қазақстан, Маңғыстау
Қазақстан бойынша барынша жоғарғы энергия тұтыну 1990 жылы тiркелдi (104,7 млрд. кВт.сағ). Одан кейiн 1999 жылы 50 млрд. кВт. сағатқа дейiн энергия тұтынудың төмендеуi орын алды. 2000 - 2011 жылдар арасында электр тұтынудың шамамен орташа есеппен жылына 5% серпiнмен тұрақты өсуi байқалды.
Қазақстанның электр энергиясының даму тенденциясын талдау жасай келіп төмендегі мәселелер анқыталды [38]:
Қазақстанның электр энергетикасы саласының күштi жақтарына мыналар жатады:
арзан көмiрдi пайдаланатын жылу электр станцияларында электр энергиясын өндiрудiң жоғары үлесi (2009 жылы жалпы өндiрiс көлемiнiң шамамен 74%-ы)
кернеуi 220-500-1150 кВ жүйе
құрушы электр беру
жедел диспетчерлiк басқарудың орталықтандырылған
жүйесi;
жаңартылатын энергияның айтарлықтай
әлеуетiнiң болуы (1,0 трлн.кВт.сағ жоғары);
Қазақстанның БЭЭЖ-нiң Орталық
Азияның БЭЖ-мен және Ресейдiң БЭЖ-мен
қосарлас жұмыс iстеуi;
электр энергиясының көтерме сауда - бөлшек сауда нарығының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн нормативтiк-құқықтық база жасалды;
электр энергиясын экспорттау
мүмкiндiгi және транзиттiк әлеуеттiң
болуы;
отын - энергетика ресурстарының елеулi
қорының болуы.
Электр энергетикасы саласының әлсiз жақтарына:
өндiрушi жабдықтардың парктiк ресурсын айтарлықтай ендiру, бұл жұмыс iстеп тұрған электр станцияларының электр энергиясын өндiру мүмкiндiктерiн шектейдi (ұлттық маңызы бар ЖЭС қалдық парктiк ресурс 18-30 % құрайды);
гидроэлектр станцияларының
өндiрушi қуаттар
өндiрушi қуаттар таралуының әркелкiлiгi (Қазақстанның БЭЭЖ орнатылған қуаттарының 42% Павлодар облысында шоғырланған);
өңiрлiк электр желiлiк компаниялардың электр желiлерi тозуының жоғары деңгейi ( 65-70%);
жаңа электр станцияларын салуды қамтамасыз ететiн тетiктiң жоқтығы;
Қазақстанның БЭЭЖ-нен электр байланысының жоқтығына байланысты Қазақстанның БЭЭЖ Батыс аймағының (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары) Ресейден жеткiзiлетiн электр энергиясына тәуелдiлiгi жатады.
Электр энергетикасы саласының мүмкiндiктерiне:
Батыс аймақты КР БЭЭЖ негiзгi бөлiгiмен бiрiктiру;
елдiң жекелеген өңiрлерiнде
энергетикалық қауiпсiздiкке
қуат нарығын iске қосу;
Республика өңiрлерiн iшкi энергетикалық ресурстармен жеткiлiктi қамтамасыз ету;
елдiң экспорттық және транзиттiк мүмкiндiктерiн арттыру;
электр энергетикасы объектiлерiн
дамытуға инвестиция тарту үшiн саланың
инвестициялық тартымдылығын
Электр энергетикасы саласының негiзгi қауiп - қатерi:
жұмыс iстеп тұрған
электр станцияларында иелiк