Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
Энергетикалық қауіпсіздік
Қазақстан мен Ресейдің ұлттық қауіпсіздігінің
маңызды бөлігі екені анық. Сондықтан
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
энергетикалық саясаттың
Энергетикалық қауіпсіздік елдің, оның азаматтарының, қоғамның, мемлекеттің, экономиканың сенімді жанармай және энергиямен қамтамасыз етілуде қауіптерден қорғалуы болып табылады. Бұл қауіптер тек сыртқы факторлармен ғана емес, елдің энергетикалық секторының жағдайы мен қызметімен де анықталады.
Жанармай энергетикалық
кешеннің дамуын тежейтін аталған факторлар
Ресейдің энергетикалық қауіпсіздігіне
қауіп төндіретін негізгі көз
болып табылады.
Бұл
отын - энергетикалық кешеніне деген
қауіптердің шынайы пайда болып жатқанын
көрсетеді. Ресейдің бөлек аймақтарындағы
отын-энергетикасының диспропорциясы
«созылмалы ауруға» айналған (коммуналды
энергетиканың қанағаттандырылмауы, жылумен
қамтамасыз етудегі ауытқулар) аймақтағы
энергетикалық қауіпсіздікке шынайы
түрде қауіп төндіреді. Мәселені бастапқы
энергоресурстар орналасқан
география, мұнай өнімдерінің өндірісі
және елдің аймақтарындағы электроэнергия,
Таяу Шығыс пен Сібір және елдің еуропалық
бөлігін қосатын электр қуатын беру
жүйесінің мықтылығының нашар болуы
жағдайды ушықтырады.
Энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін, алдымен екі маңызды мәселені шешу керек.
Біріншіден, әбден ескірген
Отын Энергетикалық Комплекстің (ОЭК)
технологиялық базасының
Болашақ онжылдықта инвестициялардың
(мұнай саласынан басқа) шектеулі
болғандығынан, бірінші бар өндіріс
қуаттылығының технологиялық
Екіншіден, қолдану құрылымын
өзгерту мен отын - энергетикалық
ресурстарының өндірісін
Энергетикалық қауіпсіздік 3 маңызды факторлармен айқындалады:
Соңғы жылдардағы энергетикалық
қауіпсіздіктің жағдайы және энергетикалық
тұтынудың теңдестігі аса қауіп
төндіреді. Бұл газдық өндірісте
және электроэнергетикада
Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саясатындағы энегретикалық фактор және қауіпсіздік мәселесін бүгінгі аймақтық геосаяси мүдделер және Ресей секілді жетекші державаның сыртқы саяси әлеуеттік мүмкіндіктеріне сай бағамдау бітіру жұмысының өзектілігі болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің саяси - құқықтық технологияларына институционалды сараптама жасау, институционалды - құқықтық механизмдер арқылы энергетика облысындағы ұлттық қызығушылықтарды қорғау деңгейін анықтау.
Осы мақсатты ашуға негіз болған мынадай міндеттер қойылды:
Зерттеу жұмысының нысаны Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі саясаты.
Зерттеу жұмысының пәні Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екіжақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың
өзекті салалары мен бағыттарына
талдау жасауда Қазақстан
Негізгі әдебиетер қатарында Қазақстан - Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екіжақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Ұзақ уақыт бойы энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесі қазақстандық және ресейлік ғылымның көзқарасын өзіне аударған жоқ. Зерттеуге негізгі арнау болған Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен Ресей мемлекет басшыларының еңбектері, сөйлеген сөздері мен берген сұхбаттары.
Тақырыпты зерттеу барысында қолданылған негізгі әдебиеттер қатарында отандық авторлар Қ.Тоқаев, Т.Мансұров еңбектерін атап өтуге болады.
Тәуелсіз дамудың алғашқы
жылдарынан Қазақстанның көпвекторлы
сыртқы саясаты алдындағы
Тақырыпты зерттеу барысында
негізге алынған әдебиет
Қазақстан - Ресей байланыстарының қазіргі таңдағы сипаты, энергетика, көлік, қаржы салаларындағы байланыстары мен сауда қатынастары, шекаралас аумақтар деңгейіндегі екіжақты байланыстар баспасөз беттері мен электронды ресурстарда жарық көрген М.Аққұл, Ж.Жағыпарұлы, Қ. Бораш, Қ.Бөрібай және т.б. авторлар мақалаларында қарастырылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында жалпы методологиялық принциптер басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысының методологиясы тарихтану ғылымының, халықаралық қатынастартану және саясаттану ғылымдарының қазіргі замандағы теориялық методологиясы қағидаларына негізделді.
Зерттеу жұмысында автор деректік материалдар мен құжаттарды ғылыми тұрғыдан жинақтау, сараптау, салыстырмалы тарихи талдау және қорыту әдістерін кеңінен қолданды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығына Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетикалық ынтымақтастық және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі саясақа ғылыми негізде талдау жасауға талпыныс негіз болады. Зерттеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы кейінгі кезеңдегі мұнай – газ секторы мен атом энергиясын пайдалану саласындағы келісімдер мен атқарылған шаралар тобы бірінші рет талданып, ғылыми айналымға енгізілуі жаңалық болып табылады.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Ғылыми зерттеу барысында алынған нәтижелер мен қорытындыларды халықаралық қатынастар тарихы, халықаралық қатынастардың қазіргі кезеңдегі мәселелері, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және дипломатиясы пәндерін оқытуға пайдалану маңызды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1. Жаңа әлемдік
тәртіп және Ресейдің
Қазіргі замандық жаһанданулық жағдайда кеңістік пен уақыттың жаңа өлшемдерін игеру қажеттілігінің пайда болуы анық. Жаңа ақпараттық технологиялардың, олардың жаңа өрістер мен әлемдік аймақтарды қамтуының маңызы өсе түсуі әлемнің «тұтас жазық» түсуінің үрдісі.
Сондықтан, жалпы адамзаттық өркениет тағдыры мен қазіргі замандық өркениетке тиесілі бұл процестің мәні неде болып түр? Бүгінігі ғылымда көптеген зерттеушілер жаһандануды модерннің бір бөлігі деп түсінуде. Бұл процесстің жандануы Батыстың ықпалы мен оның мәдениетінің бүкіл әлемге таралуымен байланысты. Жаңа индустриялдық, ақпараттық технологиялар әлемнің түрлі аймақтарының арасындағы әрекеттестіктердегі теңсіз фрагментациялардың жаңа негізі болғанын айқындайды. Қазіргі замандық жаһандық кезенде бай елдер мен кедей елдер өмір деңгейлерінің арасындағы айырмашылық өсе түсуде. Жаһандану бүгінгі заманда әлемнің көптеген елдері үшін референттік көрсеткіш болғандықтан көп жағдайда ол құндылықты бағдарланулардың ерекше жүйесіне айналды. Бұл жүйенің негізінде басым жағдайда батыстық елдердің аксиологиялық жүйелері жатыр. Мысалы саяси жүйеде-демократия, азаматтық қоғам, горизонтальды байланыс; нарықтық шаруашылық жүйелері - жеке меншік институттары, бәсекелестік, еңбекке жалдану мен табыс; мәдени жүйесінің мәні - индивидуализм, прагматизм болып табылады. Сондықтан бүгінігі мәселе - жай кезекті халықаралық қатынастар жүйесін жасау емес, ол ортақ жаңа әлемдік ережені қалыптастыру мәселесі болып отыр[1,с.32].
Ресей Федерациясының жаһандану
кезеңіндегі энергетикалық
«Жаһандану» терминін алғаш рет «Гарвард бизнес ревью» журналында жариялынған «Нарықтың жаһандануы» деген мақаласында Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левитт үсынған болатын. Осы ұғым арқылы ол «жаһандық фирмалар» деп аталған кәсіпорындардың жаңа нышанындағы іс - әрекеті арқылы дүниежүзіндегі нарықтардың бірігуін атады. Оның пікірінше, жаһандану және технологиялар халықаралық қатынастрды анықтайтын басты екі факторға айналды.
«Жаһандану» термині 1980 жылдардың ортасынан бастап, ақпарат пен коммуникация саласындағы жаңа технологиялардың күрт дамуы салдарынан капиталдың жарылыс бейнелі қозғалысы процесін, әрі қаржы сондай-ақ биржалық нарықтардың интеграциясын бейнелеу үшін қолданыла бастады. Сонымен, 1980 жылдардың соңында «Жаһандану» үғымы экономикалық және қаржы саласына қатысты ғана айтылып келді [2,с.41].
XX ғасырдың соңғы он жылдығында қырғи қабақ соғыстың аяқталуына байланысты саяси процестер, орасан зор көлемдегі экологиялық қауіп -қатерлер, біртүтас жершарын ортақ сезінуге әкелген экономикалық өзара тәуелділіктің артуы «Жаһандану» құбылысына экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси, тарихи, географилық және мәдени сипат бере келе, оның барынша кеңеюіне алып келді.
У.Бектің ойынша, жаһанданудың
бірқатар өлшемдерін ажырата білу қажет.
Бүл орайда олардың кез келген
тізбесіне коммуникациялық
Ал Гарвардтың белгілі ғалымы Стэнли Хоффман әлемде «жаһандануды» қақтығысы жүріп жатыр деп пайымдайды, өйткені жаһандану оның пікірінше, әрқайсысының өз «проблемасы бар үш нысаннан тұрады. Бірінші - бұл экономикалық жаһандану, ол технологиялар, ақпарат, сауда, шетелдік инвестициялар және халықаралық бизнестегі революцияның жемісі болып табылады. Оның басты ойыншылары компаниялар, инвесторлар, банктер, жеке сектор, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық үйымдар болып табылады. Компаниялардың мамандануы мен интеграциялануы ортақ байлықты арттыруға мүмкіндік берді, алайда таза капитализмнің логикасы әлеуметтік әділдік үшін қолайлы емес. Сондықтан экономикалық жаһандану мемлекеттер арасындағы және олардың ішіндегі теңсіздіктің ықтимал себепкері болып, жаһандық бәсекелестікке және мемлекеттер мен бұл процеске баска да қатысушылардың осы проблеманы шешуіне байланысты аландаушылық пен торығуды туғызады [3,с.23].