әлеуметтік қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа

Краткое описание

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.

Файлы: 1 файл

Берик энерг.қауіпсіз. 11.05.12.docx

— 238.20 Кб (Скачать)

Мамандардың пікірінше, бүгінгі  таңда әсіресе, құрамында күкірті  мол қышқыл мұнайды өңдейтін зауыттар тым тапшы болып отыр. Мұндай мұнайлар ОПЕК елдерінің рыногынан ғана жеткізіледі. Өз кезегінде Қазақстан да әлемдік энергетикалық рынокқа күкірті мол мұнайды жеткізіп келеді. Сондықтан да, әлемде нақ осы қышқыл мұнайды өңдейтін нысандар салу басымдыққа ие болып отыр. Бұл орайда Қазақстан аталған проблеманы түпкілікті шешуге бел буа кірісті. Айталық, былтыр Атырау мұнай өңдеу зауытында қайта құру жөніндегі ірі жоба іске асырылып, соның нәтижесінде зауыт қазіргі заманғы халықаралық стандарттар мен экологиялақ талаптарға сай келетін мұнай өнімдерін өндіруге икемді жаңа технологиялық қондырғылармен жарақтандырылды. Соған сәйкес автомобиль бензинінің өндірісі 2,5 есеге, ал, жоғары октанды отын көлемі 9 есеге артпақ. Нәтижесінде қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттар мөлшері 3 есеге, ал суды ластау мөлшері 130 есеге азаймақ. Аталған зауытты қайта құру жұмыстары Қазақстанда өңдеу саласын жаңартудың қайнар бастауы болып саналады [21].

Қазақстанның таяу орналасқан өңірлерде өзінің өңдеуші қуаттарын  ұлғайту бастамалары да айрықша  атап өтуге лайықты шешім. Атап айтсақ, Түркия аумағындағы Қара теңіз жағалауында Қазақстан мұнайын өңдеуге негізделген мұнай өңдеуші зауыттың құрылысы, Грузия жерінде жоғары технологиялық мұнай өңдеуші зауыт жобасы және Қазақстан - Ресей Орынбор газ өңдеуші зауытының екінші кезегін іске қосу шаралары осы игілікті істің жоталы жобалары болып табылады. Қазіргі уақытта сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы Душаньцзы жерінде өз мұнай өңдеу зауытын салу және Украинаның Броды қаласының аумағынан отандық мұнайды өңдеу жөніндегі жобалар да келешекте өз тиімділігімен ерекшеленбек.

Жаһандық энергетикалық  қауіпсіздіктің тағы бір қатерлі  тұсы қазіргі заманда энергияның жабдықталуын жаңа қуат көздерімен және технологиялық инновациялар есебінен әртараптандыруға деген салғырттық немесе салғыласушылық себеп болып отыр. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша таяудағы 25 жыл ішінде әлемнің энергия ресурстарына деген қажеттілігінің 90 пайызы қазба байлықтар есебінен қамтамасыз етілмек. Егер де 2030 жылдарға таман әлемде мұнай мен газды өндіру көлемі төмендейтінін ескеретін болсақ, онда ұзақ мерзімді келешекте энергия ресрустарына деген мұқтаждықты көмірсутегі шикізаты есебінен жабуға деген мұқтаждық сейілуі әбден кәдік. Сонымен қатар, мамандардың пікірінше, сол кезеңдерде қоршаған орта атмосфераға таралатын көмірқышқыл және басқа да газдардың көп көлеміне шыдас бере алмауы мүмкін. Осыған байланысты жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде болашақ ұрпақ үшін мейлінше көміртегі аз баламалы және жаңадан табылған қуат көздерін сондай-ақ, инновациялық энергетикалық технологияларды пайдалану тиімді болмақ. Бұл орайда, атом және термоядролық энергетика балама қуат көздері ретінде негізгі рөлге шығатыны анық.

Бұл тұрғыда да уран қоры бойынша әлемде екінші орынды иеленетін  және әлемдік рынокқа уран шикізатын  жеткізуде жетекші мемлекеттің  қатарынан орын алуға әлеуеті  зор саналатын Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үдерісі басымдыққа ие болмақ. Әлемде бұған дейін жинақталған уран қорларын пайдалану әрекеттерінен кейін таяудағы бес-алты жылда уран шикізатына деген тапшылық 16 мың тоннаға дейін ұлғаймақ екен. Ал еліміздің 2010 жылға қарай уран шикізатын өндіруді жылына 15 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын ескерсек, онда Қазақстан соңғы уақытта әлемдік рыноктағы уран отынына деген өсіп отырған қажеттілікті қанағаттандыруға орасан зор үлес қосатыны бесенеден белгілі.

Мұның сыртында республикамыз басқа да уран өндірушілер қатарында өзіндік артықшылыққа ие екенін атап көрсетуіміз керек. Бұл, біріншіден, еліміз игеріп келе жатқан кен орындарының ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден, біздің аумақта уранды өзіндік құнынан төмен деңгейде өндіруге мүмкіндік бар. Бұл бағытта бүгінде Қазақстан тек Ресей реакторлары үшін отын «таблеткаларын» өндіру технологияларына ғана ие болып отыр. Сондықтан да алдағы кезеңде еліміз үшін батыс мемлекеттердегі реакторлар түрлеріне ядролық отын өндіру мақсатында шетелдік компаниялар мен стратегиялық әріптестікті орнықтыру мейлінше маңызды саналмақ.

Қазақстанның уран саласын дамытуға қатысты экспорттық межелері әлем елдерінің таяудағы жиырма жылда атом энергетикасын дамытуға деген мүдде-ниетімен сай келіп отыр. Дәстүрлі ресейлік бағытпен бірге келешекте Қытай отыз, ал Үндістанда жиырма атомдық энергоблоктар салуды жоспарлауда. Сонымен бірге Жапония, Оңтүстік Корея және Еуроодақ мемлекеттері атом электр стансаларын тұрғызуды серпінділікпен жалғастыруда. Жақын жылдары энергетикалық тепе-теңдікті атом энергетикасының пайдасына шешу жөнінде Германия, АҚШ және Ұлыбритания елдері ашық түрде мәлімдеп отыр. 2050 жылға қарай Құрама Штаттар атом электр стансалар санын 104-тен 200-ге дейін өсіруді меже ғып белгілеген [21].

Қазақстан өз кезегінде дербес атом энергетикасын дамытуға да күш салуда. Бүгінгі күндері Курчатовтағы ядролық технологиялар паркінде энергетикалық қондырғының барлық ерекшеліктері енгізілген, қуаттылығы шамамен 700 мегаваттық реактор жасау жөнінде жобалау жұмыстары жүргізілуде. Ресейліктермен бірлесе жүргізіліп жатқан бұл жоба трансферттік технологиялардың жаңаша үлгісі болып табылады. Мұндай технологияларды игеру еліміздің дербес атом энергетикасын құрып қана қоймай, АЭС салу арқылы дамушы елдерге энергетикалық тұрғыдан жәрдемдесуге мүмкіндік бермек.

Күн энергиясы жөнінде қазіргі кезде көптеген зерттеулер жүргізіліп, біраз елде күннің энергиясы толық пайдалануда. Сонымен жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Күннің қуаты қандай болмақ? Негізі, біздің планетамызға төгілетін күн энергиясының бір апта ішіндегі көлемінің өзі жаһандық мұнай, газ, көмір және ураннның барша қорынан асып түседі екен. Оқымыстылардың зерделеуінше, күн элементіндегі бір кг. кремний 30 жыл бойына сағатына 300 МВт электр қуатын өндіре алады екен, немесе 75 тонна мұнайға барабар. Сонымен, күн қуатымен күш алатын электр стансалардың негізгі тұтыну өнімі кремний болмақ.

Бұл тұрғыда да Қазақстан  өзінің шикізаттық, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетіне иек арта отырып өзіндік кремний өндірісін жолға қойып, гелиоэнергетиканы дамытуына мүмкіндік жеткілікті. Мұны бұған дейін жүргізілген геологиялық-технологиялық сараптама нәтижесінде республикамызда кремний өндірісіне қажетті кварц қоры 65 млн. тонна, ал кварцит қоры 265 млн. тоннаға жететінін нақтылаған.

Қазақстан жаһандық энергетика қауіпсіздігі саласында қойнауындағы табиғи қазынамен ғана емес, өркениетті қоғамның іргетасы бола алатын қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасымен де үлес қоса алмақ. Үстіміздегі жылғы экономикалық өсудің «Давостық» Бәсекеге қабілеттілік индексінде 117 елдің ішінен алғашқылар қатарына Финляндия, АҚШ, Швеция, Тайвань, Норвегия, Исландия, Сингапур, Австралия, Канада, Швейцария, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Израиль шықса, Қазақстан 61-ші орынға көтерілді. Экономиканың даму деңгейі бойынша Қазақстан бүгінде әлемнің барынша серпінді дамып отырған елдерінің ондығына кірді, мұны ІЖӨ-нің өткен жылғы 9-10% деңгейіндегі экономикалық өсуі дәлелдейді. Мұның барлығы еліміз меже еткен елуліктің қол жетпейтін асқақ арман емес, мазмұнды мақсат екенін айқындап берді [22].

2011 жылы Қазақстанның энергетика саласындағы ең ауқымды жобалардың бірі - «Бейнеу – Шымкент» газ құбырының халықтық құрылысы басталды. Бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірлерін газбен қамту үшін маңызды жобалардың бірі болып табылады. Арзан газ 2 миллион қазақстандықтар үшін қол жетімді болады. Аталмыш жобаны іске асыру энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді және Қазақстанның оңтүстік өңірін газбен жабдықтауды толық қамтамасыз етеді.

Индустрияландыру картасына  енгізілген «Бейнеу – Шымкент» газ  құбыры құрылысының жобасы батыстағы  облыстардың кен орындарынан  газды жеткізу арқылы еліміздің  оңтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуге сенімділікті арттыруға мүмкіндік  береді.

Газ құбырының ұзындығы 1475 км құрайды, бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан  обыстарының аумағы.  Құрылысы 2 кезеңде іске асырылады деп болжануда: бірінші кезең (2011-2012 жж.) - «Бозой-Шымкент» учаскесінің желілік бөлігінің құрылысы (1164 км) және  Бозой п. аймағындағы компрессорлық бекет (Ақтөбе облысы). Екінші кезеңде (2014-2015 жж.) «Бейнеу-Бозой» учаскесінің желілік бөлігі (311 км) және  Қараөзек с. ауданындағы (Қызылорда облысы) компрессорлық бекет салынады [22].

Сонымен қатар, «Бейнеу - Шымкент» жобасы газ құбырының жол арнасынан  қашық орналасқан елді мекендерге газ  жеткізетін 23 желінің құрылысын  көздейді. Құрылыс кезінде профилді салалардан 2250 маман жұмысқа тартылады деп күтілуде. Бірінші кезең іске асырылған соң 2013 жылы 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылады.

«Орта Азия Орталығы» (ОАО), «Бұхара - Орал» және «Бұхара газ ауданы– Ташкент – Бішкек – Алматы» (БГА-ТБА) негізгі газ құбырларын біріктіретін осы магистралді газ құбырының құрылысы Қазақстан Республикасы бірыңғай магистралді газ құбырларының жүйесін құрайды. 

Болашақта Мемлекеттік үдемелі  индустиалдық-инновациялық бағдарламасының  маңызды жобасы болып табылатын  «Бейнеу - Шымкент» газ құбырының  құрылысы республиканың газ тасымал  жүйесінің сенімді қызметін қамтамасыз етпек, сондай-ақ табиғи газдың экспорттық бағыттарын әртараптандыруға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік  береді [22].

Әлемдегі энергетикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету шын  мәнінде жыл өткен сайын маңыздылана  және өткірлене түсуде. Қазіргі таңда  энергетикалық саладағы мүдделер қақтығысы  соғыс әрекеттеріне ұласып жатқаны  да жасырын емес. Ал әлемдік қауіпсіздікті  қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын  Еуразия кеңістігінде мұндайға жол  беруге әсте болмайды.

Қазақстанның Еуразия  кеңістігіндегі энергетикалық қауіпсіздік  пен тұрақтылыққа елеулі үлес қосып  жатқанын мынадан аңғаруға болады. Мәліметтер бойынша, қазіргі таңда  еліміздегі анықталған мұнайдың қоры 5 млрд. тоннадан асады. Бұл көрсеткіш  жер бетінде қазірге дейін  анықталған мұнай қорының 3 пайызына тең екен. Сонымен қатар Қазақстанның толық зерттелген табиғи газының  қоры 3,7 трлн. текше метрден асып отыр. 2010 жылы еліміз 81 млн. тоннадан астам  мұнай өндіріп, оның 68 млн. тоннасын экспорттаған. Ал 2020 жылға қарай  Қазақстанда 130 млн. тонна мұнай өндіріледі деп болжануда. Есеп-қисаптарға жүгінсек, еліміз алдағы 50 жыл бойы жылына 80-100 млн. тонна мұнайды экспорттамақ. Бұл дегеніміз -Қазақстанның тек  қана Еуразия кеңістігінде ғана емес, әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз етуде маңызы одан сайын  арта түсетінін білдіреді. Тіпті, қазірдің өзінде мұнай мен газға бай  Қазақстанның өңірлік энергетикалық  қауіпсіздік саясатында маңызды  ойыншы екенін төрткүл дүние мойындады. Сондықтан да әлемдік мұнай нарығындағы  баға ОПЕК секілді ұйымға ғана емес, Қазақстан, Ресей секілді мұнай  жеткізуші елдер мен Қытай, Еуропа секілді тұтынушы өңірлердің өзара ынтымақтастығына тығыз байланысты болып отыр. Осы орайда Қазақстан өзінде өндірілетін мұнай өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін сенімді және қауіпсіз жеткізушінің позициясын ұстанып келеді және бұл позиция жыл өткен сайын өзінің тімділігін көрсетуде [23].

Энергетикалық құрамдауыш жаһандық геосаяси бөліністе барған сайын  салмақты дәйекке айналып келеді. Бұл саладағы ушығуға жол бермеу мақсатында жалпыға бірдей және үйлестірілген  халықаралық қадамдар аясында тұрақтылық пен қауіпсіздікке ұмтылу керек. 

Соңғы кездері энергетикалық  қауіпсіздік ұғымын қолданудағы  акценттің белгілі бір ауысымын да байқауға болады. Егер, бұрын энергетикалық  қауіпсіздік ұғымы аясында тек негізгі тұтынушыларды көмірсутек ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі ұғылса, қазір ол айтарлықтай кеңейіп, өндіруді, тасымалдау мен халықаралық рыноктарда сатуды да қамтиды.  Сәйкесінше, жеткізуші елдер ғана емес, транзиттік мемлекеттер мен тұтынушылар, сондай-ақ трансұлттық энергетикалық корпорациялар да, яғни энергетикалық өрімнің барлық буындары бірдей ортақ жауапкершілік жүгін арқалауы тиіс.

Қазақстан, болашақта маңызы қалтқысыз өсетін, энергетикалық  ресурстарды экспорттайтын тұрақты  дамушы елдердің бірі ретінде әлемдік  рынокқа көмірсутегін жеткізу саласындағы  өз жауапкершілігін толық мәнінде  сезінеді.

Халықаралық энергетикалық  қауіпсіздік кепілдігі тұтыншуылар  мен ресурстарды жеткізушілердің  мүдделерінің тоғысында ғана емес, сондай-ақ жаһандық геосаяси ойыншылар  мен трансұлттық энергетикалық  корпорациялардың қадамдарын үйлестіру  ісінде де жатыр.

Қазақстанның мұнайгаз секторында АҚШ, Еуропа, Ресей және Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының болуы энергоресурстар экспорты мәселесін кең ауқымды халықаралық ынтымақтастық деңгейіне шығарады.

Қазақстанның географиялық орналасуы экспорттық құбыр желісі құрылыстарын көршілес елдердің аумағымен  жүргізу қажеттігін алға тартады.  КҚК құбыр желісінің тиімді қызметі мен оның әлеуетін ұлғайту жұмысы, мың шақырымдық  Атасу - Алашаңқай мұнай құбырының іске қосылуы, Баку – Тблиси - Жейһан жобасына қосылу, сондай-ақ өзге де мүмкін болатын нұсқаларды қарастыру жаңа экспорттық бағыттарды дамытудағы Қазақстан  жүргізіп жатқан қарқынды жұмыстың куәсі болып табылады және ол біздің мемлекетіміздің теңгерілген сыртқы саяси бағдарын көрсетеді.

Қазақстанның көп бағдарлы энергетикалық және құбыр желілік  саясатының мүддесі біздің Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық одақ пен Орталық  Азия елдері секілді негізгі серіктестерімізбен ынтымақтастық бағытымызды анықтайды.

Энергетика саласындағы  Қазақстан –Ресей әрекеттестігі  дәстүрлі серіктестік ауанында, өзара  тиімділік және сенім негізінде  қалыпты дамып келеді. Бұл ретте, Каспийде кенішті бірлесіп игеру, Қарашығанақ газын Орынбор газ өңдеу зауытында өңдеу үшін тең үлеспен Бірлескен кәсіпорын құру ісін атап өткен жөн.

Осылайша, Ресей шикізат  импортының тұрақты көзін тапса, Қазақстан ірі ресейлік энергокәсіпорынның активіне қол жеткізіп отыр.

Информация о работе әлеуметтік қауіпсіздік