Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
Келтірілген нұсқалардың
барлығы ортақ кемшілігі –
құбыр салуға байланысты техникалық
қиыншылықтар мен жоғары деңгейдегі
саяси тәуекелшілдік болып
2001 жылы 11 шілдеде Алматыда «Ұлттық компания» «Мұнай және газ көлігі» ЖАҚ-ы ( ЖАҚ «НТТНГ») мен АҚШ Үкіметі арасындағы субсидия туралы Келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес компания қазақстандық мұнайды тасымалдауда Баку-Жейхан мұнай құбыры жүйесіне дейін ұсынылып отырған бағыттардың техникалық, экономикалық және экологиялық аспектілеріне зерттеу жүргізу үшін 346 мың доллар көлемінде техникалық грант алды [29].
Шығыстық бағыт шын мәнінде бір сценарий арқылы өрбитін небәрі екі-ақ жоба ұсынып отыр: Қазақстан-Қытай-Қиыр Шығыс:
Аталған құбырларды жасаудың
бастамашысы ретінде Қытай
Оңтүстік бағыт бойынша мұнай тасымалдау мынадай екі жол арқылы болжанды:
- «Юнокал-Дельта» ұсынған және ОЭС шеңберінде қарастырылған Түркменстан мен Ауғанстан арқылы Пәкістанға бартын Орта Азиялық мұнай құбыры жобасы. Жоба Түркменстан мен Пәкістан тарапынан қолдау тапты. Бұл идеяны негіздеуге Орта Азия мен Сібір мұнай өндірушілері үшін Азия-Тынық мұхит рыногының келешегі ықпал етті. «Юнокал» компаниясының ойынша Қытай арқылы жүрер жол тым ұзақ, ең ыңғайлы балама жол Араб теңізіне баратын жол болып табылады. Ол былайша көрінеді: диаметрі 42 дюим және ұзындығы 1667 км-ге созылатын құбыр оңтүстік бағытта Түркменстанның Чарджоуы, Батыс Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Араб теңізі жағалауындағы терминалға барады. Жоба құрылысының құны 2,5 млрд. долларға бағаланды. Құбырдың үлкен көлемі қалыпты топырақты аудандармен, 97 км жару жұмыстарын талап ететін қатты жер қыртыстары арқылы өтеді. Құрылыс жұмыстары инфрақұрылымы дамымаған таулы жағдайларда жүргізіледі. Сонымен қатар Ауғанстандағы саяси тұрақсыздық та үлкен тәуекелдікті қажет етеді. Дегенмен де Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің зерттеулеріне қарағанда Батыс Қазақстандағы мұнай өндіруші компаниялар мұнайды оңтүстікке, Азияға тасымалдаудан Қара теңіз нұсқасына қарағанда барреліне 1,18 доллар артығымен алатын болады [29].
- Теңіз бен Өзен мұнайын
Иранға жеткізу жобасы-КТИ
Жоба ішінің екі түрлі
нұсқасы бар. Алғашқы нұсқа Қазақстаннан
Түркменстан арқылы Тегеранға дейінгі
экспорттық мұнай құбыры құрылысын
қарастырады. Бұл жоба қазақстандық
мұнайды экспорттау үшін неғұрлым үнемді
де қысқа жол болып табылады, оның
үстіне құбыр саяси тұрғыдан тұрақты
аумақтар арқылы өтеді. Қазіргі уақытта
Ақтау портынан Каспий теңізіндегі
ирандық Энзели портына, одан ары
Тегеран, Тебриз, Арак және Исфахан
МӨЗ-на дейін жеткізуді көздейтін
мұнай тасымалының нұсқасы
Екінші нұсқа КТИ мұнай құбырының құрылысын тікелей оңтүстік Иранға, Харг аралындағы терминалға дейін жеткізуді көздейді. Өткізу қабілеті жылына 25 млн. тонна құрайды (бұл сомма Теңіз бен Өзен мұнайынан тұратын болады деген болжам жасалынған).
1996 жылы мамыр айында
Қазақстан, Иран мен
Мұнай рыногын игеру проблемасы аса күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Нақтылы аймақтардағы экономикалық өсім қарқынына, әлемдік денгейде маңызды әр түрлі кенштердегі өндіріс денамикасына, бірқатар елдердегі саяси жағдаиларға, тіпті олардың лидерлерінің жеке басының мақсаттарына да көп нәрсе.
Мұнай саудасының сұлбасы ұдайы өзгеріп тұратын ағза секілді. Онда дәстүрлі өндіріс орталықтарының ығыстырылуы-әдеттегі құбылыс, бірақ ол әлемдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікке нұқсан келтіре алмайды. Қажет болған жағдайда квотамен реттеледі. Мүмкіндігі мол Каспий мұнайы тек Қазақстанға ғана емес, бәсекелестікке лайық өнім ретінде әлемдік рыноктан өз орнын алуы тиіс. Жерорта теңізі рыногында өзінің молая түсуіне байланысты Каспий мұнайы батыс африкалық және таяу шығыстық мұнайды ығыстыруға мәжбүр.
Атап өтерлік жайт, Каспийдің
қазақ шельфінде аса ірі
12 мамыр 2009 жылы Қазақстан, Ресей және Түркменстан ескі Каспий аймағы газ құбырын қайта құру және жаңасының құрылысы жөнінде келісті. Құрылыс 2010 жылдың қыркүйек айында басталмақ [32].
Каспий мұнайы бүгінгі таңда бірнеше құбыр жолдары арқылы әлемдік рынокқа шығарылып отырғаны белгілі. Олардың ішіндегі бұрыннан келе жатқаны Атырау – Самара – Новороссийск, жаңадан қосылған желілілердің бірі КТК, сонымен бірге Атасу – Алашаңқай, Атырау - Баку - Жейхан.
Каспий аймағында әлемнің
көптеген елдерінің әр түрлі мүдделері
тоғысып отыр, соның ішінде Қазақстан
бәсекелес болып табылатын
Жаңа құбыр құрылысының жобалары Орталық Азия мен Закавказье елдерінің барлығында жасалды. Әлемдік мұнай қауымдастығының сыртқы факторларға бейімделу механизмін Каспий аймағынан шығатын мұнай құбыры құрылысын жүзеге асыру мен дайындауға аударар ма деген ой келеді. Бұл ретте Каспий аймағы елдері арасында өзара тартыс туғызбайтын, мүмкіндігінше мол пайда түсіруді көздейтін, Құрылыс пен тасымалдау шығындарын төмендетудің нақтылы мүмкіндіктерін іздестіретін барлық мүдделі тараптардың келісіліп, үйлестірілген іс-әрекеттері болуы қажет. . Онда дәстүрлі өндіріс орталықтарының ығыстырылуы-әдеттегі құбылыс, бірақ ол әлемдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікке нұқсан келтіре алмайды. Қажет болған жағдайда квотамен реттеледі. Мүмкіндігі мол Каспий мұнайы тек Қазақстанға ғана емес, бәсекелестікке лайық өнім ретінде әлемдік рыноктан өз орнын алуы тиіс.
3. Қазақстан мен
Ресейдің энергетикалық
3.1 Қазақстан мен
Ресейдің энергетикалық
Энергетикалық сектор Қазақстан мен Ресей қарым - қатынасындағы ең маңызды әрі перспективалы саланың бірі. Бұл ынтымақтастық мұнай мен газды өндіру және өңдеу; оларды тасымалдау; электроэнергетика; атом энергетикасы салаларында жақсы дамып келеді. Осылардың ішінде, әрине, мұнай - газ саласының орны бөлек.
Себебі, екі ел де оларға өте бай мемлекеттер. Соның арқасында қазір Еуразия кеңістігінің ғана емес, Еуропа құрлығының да энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды ойыншыларға айналды. Тараптар осы рөлін одан әрі нығайту үшін ресейлік магистральді құбыр желілерін пайдалану арқылы қазақстандық көмірсутекті шикізатты тасымалдауда өзара ықпалдасуын жалғастыруда. Сонымен қатар мұнай мен газ өндіретін өндірісті бірлесіп жаңарту бағытындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасында энергетикалық
саладағы ынтымақтастық 1993 жылғы 25 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының
Жалпы қазіргі таңда Қазақстан мұнайы экспортқа негізінен Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК), Атырау – Самара, Атасу – Алашаңқай мұнай құбырлары және Ақтау айлағы арқылы шығарылуда. Осылардың ішінде алғашқы екеуі Ресеймен энергетикалық саладағы ынтымақтастығымызда маңызды орын алады.
Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК) 2001 жылы іске қосылған бұл құбыр желісі Қазақстан мұнайы экспортталатын негізгі бағыттардың бірі. Еліміздің көптеген жобалардың ішінен осыны таңдап алуы Қазақстан мұнай өндірісінің тарихындағы маңызды оқиғаның бірі болды. Бұл магистральді мұнай құбыры Қазақстанның Атырау облысы мен Ресейдің Астрахан облысы, Қалмақ Республикасы, Краснодар өлкесі арқылы өтеді. Ол іске қосылған күннен бастап 240 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданыпты, оның 201 млн. тоннасы қазақстандық қара алтын. 2010 жылы елімізде өндірілген мұнайдың 40,2 пайызы КТК арқылы айдалған. Ал жалпы жобаның негізгі мақсаты – Теңіз-Атырау учаскесінде өнімділікті жылына 34,05 млн тоннаға, ал Атыраудан Ресей шекарасына дейін тасымалданатын мұнай көлемін жылына 52,0 млн тоннаға дейін арттыру. Осы мақсатта КТК-ның әлеуетін ұлғайтудың принциптері туралы меморандумға да қол қойылған. Мамандардың пікірінше, аталмыш жоба екі жақ үшін де тиімді. Біріншіден, мұнай құбыры өтетін аймақтарда жаңа нысандар салынатын болады. Екіншіден, жобаны жүзеге асыру барысында 3000-нан астам уақытша жұмыс орны және 350 тұрақты жұмыс орны құрылады. Оның ішінде Қазақстанда 2700 уақытша және 150 тұрақты жұмыс орны пайда болмақ. Үшіншіден, оның жүзеге асырылуы Ресей мен Қазақстанның энергетикалық сектордағы ынтымақтастығының дамуына тың серпін береді [33].
Қазақстан мұнайын Ресей аумағымен экспортқа шығаруда «Атырау – Самара» мұнай құбыры да маңызды рөл атқарады. Бұл құбыр желісі де ірі экспорттық маршруттардың бірі болып табылады. Ол арқылы Қазақстан мұнайы «Транснефть» жүйесі бойынша Одесса, Приморск, Новороссийск айлақтарына және Достық жүйесі бойынша Солтүстік-Батыс, Орталық және Шығыс Еуропа нарықтарына тасымалданады. Осы құбыр жүйесімен жөнелтіліп жатқан қазақстандық мұнайдың көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Мәселен, былтыр 15,3 млн. тонна, ал 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 8 млн. тонна мұнай тасымалданған.