Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
Қазақстан өзінің халықаралық
энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі жаңа рөліне толық
жауапкершілікпен қарайтындығын сеніммен
айтуға болады. Біздер Қазақстанның энергоресурстарын
әлемдік рынокқа жеткізу
Қазіргі кезде Қазақстанның
энергетикалық қауіпсіздікті
2011 жылы қазанда Астанада KAZENERGY-дің 6-шы Еуразиялық Энергетикалық Форумы өтті. Бұл Қазақстанның энергетикалық секторындағы жыл сайынғы аса маңызды халықаралық оқиға. Әлемдік және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде осы сектордың маңызы артып келеді. Соған байланысты Форумда талқыланған тақырыптардың мазмұны да жылдағыдан ауқымды болды. Мәселен, Форумда Еуразияның энергетикалық геосаясаты: қауіп - қатерлер мен жаңа көкжиектер; Энергетикалық кешеннің ұзақмерзімді дамуының орнықты моделі – энергиямен қамтамасыз етудің баламалы әлемдік жүйесі; Мұнай - газ саласы дамуының жаңа көкжиектері: жаңа технологияларды инвестициялау және инновациялау; Атом энергетикасының сабақтары және жаңартылатын энергия көздерін дамытудың жаңа мүмкіндіктері; Энерготиімділік және экологиялық қауіпсіздік; Қазақстанның идустриялық-инновациялық дамуы: жергілікті қамтуды дамыту сынды тақырыптар талқыланды. Мұның өзі әлем елдерінің энергеиткалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ынтымақтаса отырып, проблемалық мәселелерді бірге отырып шешуге деген ұмтылысын тудырып отыр. Энергетикалық форум 2006 жылдан өткізіліп келеді.
Форумға қатысушылар қазіргі
кезде энергетикалық
Форумға қатысқан мемлекеттік құрылымдар басшылары мен ғалымдардың дені әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мұнай-газ саласына жетекші рөл артылатынын айтады [23].
Энергетикалық қауіпсіздік
халықаралық тұрақтылықтың
Еліміздің энергетикалық стратегиясының өзегінде экономикалық негізділік және энергетиканың қоршаған ортаға техногендік әсерін мейілінше азайту қағидасы жатыр.
2.3 Каспийдің энергетикалық
ресурсын пайдалану және
Бүгінгі күні Каспий мұнайына әлемнің көптеген елдерінің назары ауып отыр. Аса үлкен көлемдегі көмірсутегі ресурстары мен ұдайы өсіп келе жатқан өнім көлеміне байланысты энергоресурстарды халықаралық рынокқа шығару қажеттілігінің туындайтындығы заңды құбылыс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мұнай мен газды экспорттау үшін труба құбырлар жүйесін құруды Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының екінші бөлімі ретінде анықтайды. Жолдауда тек тәуелсіз экспорттық бағыттар санының мол болуы ғана Қазақстанды бір ғана көршіге және бір ғана тұтынушының баға бәсекесіне тәуелді болудан сақтап қала алатындығы атап көрсетілді [18]. Дегенмен де, Каспий теңізі әлемдік мұхитқа шығатын табиғи жолы жоқ әлемдегі ең үлкен бірегей жабық су қойнауы болуына байланысты, теңіз мұнайын тасымалдау ісінің күрделілігі негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Мұнайды халықаралық рынокқа шығарудың бірнеше нұсқалары жасалды. Қазіргі уақытта олардың тек кейбіреуі ғана шын мәнінде жүзеге асатын деңгейде тұр. Жағдайдың былай қалыптасуына тек экономикалық факторлар ғана емес, бірқатар транзиттік мемлекеттердегі саяси жағдайлар мен кейбір батыстық топтардың ықпалы да әсер етіп отыр.
Қандай да бір елдің
аумағынан құбырлардың өтуі сол
елдің елеулі кірістері мен экономикалық
қуаты көрсеткіштерінің бірі болып
саналады және қандай да бір саяси
топтардың ықпал ету
Күні кешеге дейін қазақстандық Каспий мұнайы Қара теңізге кеңестік кезеңде салынған Өзен – Атырау - Самара мұнай құбыры (1380 км) арқылы тасымалданып келді. Жобалық құны жылына 30 млн. тонна болғанымен, шын мәнінде Атырау-Самара учаскесіндегі тасымал көлемі небары 10.5 млн. тоннадан аспады. Атырау-Самара мұнай құбырының өткізу қабілетін көбейтуге күрделі техникалық проблемалар кедергі жасады. 1969-70 жылдары салынған мұнай құбырының жабдықтары ескіргендіктен қазіргі уақытта жаңартуды талап етеді. Құбырға айдалатын мұнай қоспасының тұтқырлығы мен тығыздығының ауытқымалылығы да едәуір қиыншылықтар туғызуда. Осының салдарынан мұнай айдауға кететін электор энергиясының шығыны көбейіп, мұнай құбырының өнімділігі төмендейді және Қазақстан үшін тиімсіз болып саналатын Павлодар МӨЗ-не Ресейден мұнай жеткізіп араластыруға алып келеді. Осындай проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін және мұнай құбырының өнімділігін жылына 15 млн. тоннаға дейін жеткізуге болатын мұнай құбырларын қайта құру жоспары жасалды.
Каспий жағалауы аймағынан мұнай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жеке компаниялар мен халықаралық ұйымдар мұнай құбырларын жүргізуге байланысты түрлі нұсқаларға өз беттерінше зерттеу жасайды. Қазақстаннан қатты валюта рыногына мұнай тасымалдау бойынша мүмкін болатын 9 бағытқа (3-Иран арқылы Харг аралына дейін, 6-әртүрлі жолдармен Қара және Жерорта теңізіне дейін) экономикалық тұрғыдан баға беру жұмыстары 1992 жылдан басталды. Мүмкін болатын жаңа құьырлардың бағыттарын батыс, шығыс және оңтүстік бағыт деп шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Ұсынылып отырған әрбір бағыттың артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар [25].
Мұның ішінде неғұрлым шындыққа жақын келетіні батыс бағыты. Бұл бағыттағы жобалар ОЭС шеңбері мен ТАСИС жобасы бойынша қарастырылды. Олардың өзін екі бағытқа, соңғы терминалдары Қара теңізде болатын және Жерорта теңізімен аяқталатын бағытқа бөлуге болады.
Ұсынылған жобалардың ішінде жүзеге асырылып жатқаны әзірге Каспий труба құбыр консорциумы ( КТК) ғана. КТК 1580 километрлік мұнай құбырының құрылысын жүргізу үшін құрылды. Бұл қазірдің өзінде теңіз кенішін Новороссийск-2 мұнай құюшы терминалымен жалғастырып, Қазақстан мен Ресейден Қара теңіз арқылы жүретін экспорттық жаңа мұнай бағытын ашты. Әуелгі қуаты 28 млн. тонна мұнай айдаудан басталған мұнай артериясының ең жоғарғы өткізу қабілеті жылына 67 млн. тоннаға жетеді.
2001жылы 26 наурызда Атырауда КТК мұнай құбырына алғашқы мұнайды айдау салтанаты болып өтті. Тұрақты КТК тасымалы 2001 жылы желтоқсаннан басталды.
Консорциумға қатысушы жеке
компаниялар мен олардың үлесі-
Маңызы жоғары бағыттың бірі-Транскаспий бағыты. «Амоко Қазақстан петролеум» компаниясы Транскаспий труба құбыры трассасының әр түрлі нұсқаларының техника-экономикалық негіздемесін жасады. Аталған жоба үш кезеңнен тұрады. Біріншісі, қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан – Бакуден батыс рыноктарына бағытталған экспорттық мұнай құбырларының өткізу қабілеттерінің резервуары бойынша Әзірбайжанмен арадағы келіссөздер. Екінші кезеңге Батыс Қазақстаннан Бакуге мұнай тасымалдау үшін баржа құрылысының басталуы қосылады. Қазақстанда белгілі бір ірі көлемде мұнай өніміне қол жеткізгеннен кейін жобаның үшінші кезеңін, яғни ең күрделі тұсы – Қазақстаннан Бакуге қарай мұнай құьырының құрылысын жүзеге асыру көзделуде. Қазіргі уақытта негізгі назар мұнай тасымалдауды баржа көмегімен жүргізуді көздейтін екінші кезеңге аударылып отыр.
«Амоко Қазақстан петролеум» компаниясының өкілдері «баржалық тасымалдау өзге балама труба құбырлар нұсқаларына қарағанда аса күрделі емес, неғұрлым үнемді және барынша ыңғайлы тәсіл болып табылады. Оны Каспий теңізінің мәртебесі мәселесінің шешімін күтпей-ақ жүзеге асыруға болады және мұнай экспорттау бойынша өзге ұсыныстармен салыстырғанда, бастапқы капиталды көп талап етпейді, сондай-ақ қолма-қол қаржымен ертерек қамтамасыз етіп, қаржыландыруды жеңілдетеді” деп санайды аталған нұсқаның елеулі басымдылығы, сонымен қатар баржалық жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде өте көп мөлшерде мұнай өнімін талап етпейтіндігімен де ерекшеленеді. Бұл схема жылына 10 млн. тонна бастапқы мұнай экспортына есептеліп жүзеге асырылатын болса – бұл Батыс Қазақстан мұнай өндірісінің әзіргі шамасына толығымен сай келеді. Жобаны жүзеге асырудың 30 айға есептелуі де өзге труба құбырлары құрылыстарынан айқын артықшылығын білдіреді. Транскаспий бағытының келесі кезеңі Кавказ көлік делізі деген атқа ие болды. Қазақстан экспортқа мұнай тасымалдаудың кавказдық нұсқасын бұдан екі жыл бұрын зерттей бастады. Қазақстандық көмір сутегілерді Грузия аумағы арқылы айдау туралы алдын ала келісімге 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Тбилисиге сапары барысында қол жеткізілді.Бұл келісім бойынша мұнай Әзербайжандағы Дюбенди портынан темір жол арқылы 1999 жылғы жөндеу жұмысынан кейін 2 млн. тонна мұнай қабылдауға дайын болған Поти деп аталатын Қара теңіз портына жеткізіледі. Мұнан басқа грузин жағы Қазақстанға Хашури-Батуми труба құрылысын 20 жыл мерзімге пайдалануға берді. Оны қайта жөндеп, жабдықтауға кететін шығын 10 миллион АҚШ долларына бағаланды. Қайта жөндеу жұмыстарын америкалық «Шеврон» компаниясы жүргізеді. Қазақстан мұнайы өтетін Супса мұнай құю терминалының құрылысын Әзербайжандық халықаралық мұнай консорциумы жүргізіледі, операторы «Амоко» компаниясы болады. Консорциум Әзербайжандағы офшорлық кеніштерді игеруге қатысады, осыдан барып консорциум өндіретін мұнай өнімінің көлемі қаншалықты үлкен болатыны Әзербайжандық Баку-Супса құбырындағы қазақстандық мұнай үшін берілетін квотаның көлеміне тәуелді болады. Консорциум қәзіргі уақыттағы тәулігіне 400 мың тонна мұнай өндіруді 800 мың тоннаға дейін көтеруге жоспарлап отыр [27].
Премьер-Министр Н.
Ақтау портынан Бакуге дейін
Каспий теңізі арқылы мұнай тасымалдау
үшін Қазақстан Әзербайжаннан
Алайда Транскаспий жобасы
бойынша әр түрлі құйтырықты саясатқа
да назар аудармауға болмайды. Каспий
жағалауы елдерінің ішінде Иран мен
Ресей теңіз түбі арқылы мұнай
құбырын жүргізуге үзілді-
Батыстық бағыттағы тағы
бір терминал қара теңіз курорты
мен Новороссийск (Ресей) бағыты болып
табылады. 1997 жылы 12 шілдеде Бакуде
әзербайжандық мұнайды Баку-
Батыс бағытындағы келесі бағыт әртүрлі жолдармен өтуді болжайды: