Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 21:11, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық сектор ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының қызметін қамтамасыз етеді, елдің негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін анықтайды. Табиғи жанармай энергетикалық ресурстар, экономиканың энергетикалық секторының өндірістік, ғылыми техникалық және мамандар әлеуеті Қазақстанның және Ресейдің ұлттық мақтаныштары болып табылады. Оны тиімді пайдалану халықтың өмір деңгейін, әлеуметтік жағдайын көтеруді қамтамасыз ететін елдің экономикасын тұрақты даму жолына қоюда қажетті алғышарттар жасауда.
жабылмайтын электр энергиясы тапшылығының пайда болуы;
елдiң шектес мемлекеттердiң электр энергиясына тәуелдiлiгi [38].
Қазақстан мен Ресей арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық 2000 жылы екі мемлекет қол қойған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында отын - энергетикалық кешен саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум арқылы жүзеге асырылып келеді.
Осыған дейін екі
ел арасындағы ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы мен
Келісім бойынша екі жақ электр энергетикасы саласындағы электр энергиясы мен жүйесiнің ашық, тең құқықтық және бәсекелесуге қабiлеттi мемлекетаралық рыногын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған ұзақ мерзiмдi өзара тиiмдi ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді.
Сонымен қатар екі ел мынадай
мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастырады:
қатар жұмыс істеу жағдайында электр
энергиясы мен қуатын өндіру, беру және
тарату балансы;
энергетикалық жүйелердің қатар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қуаттың авариялық резервтерін келісілген көлемдерде ұстап тұру;
бір Тараптың энергия өндірушілерінің екінші Тараптың электр энергиясының ішкі рыногына тең негізде қол жеткізуін қамтамасыз ететін электр энергиясы мен қуатының ашық, тең құқықтық және бәсекелестікке қабілетті мемлекетаралық рыногының қалыптасуы және дамуы;
авариялық, табиғи-апаттар және басқа да төтенше жағдайларда бір-біріне жедел көмек көрсету;
екібастұздық көмірдің ресейлік рыноктағы бәсекелестікке қабілеттілігін көтеруге арналған бағдарламаны әзірлеу және оның жүзеге асуын қамтамасыз ету, соның ішінде оның тасымалына арналған теміржол тарифтерін төмендету арқылы;
энергетика саласындағы нормативтік-құқықтық базаны үйлестіру [39].
Қазақстан және Ресей «ҚазТрансОйл» МТҰК жабық акционерлік қоғамы арқылы Кеңқияқ - Орск мұнай құбырымен Орск мұнай өңдеу зауытына ауыстыру тәсімі негізінде жеткізілетін көлемдерді қосқанда, ресейлiк мұнай құбырлары жүйесi бойынша экспортқа шығатын қазақстандық мұнай транзитiнiң көлемiн, оның ішінде Атырау - Самара мұнай құбырының өткiзгіштiк қабiлетiн жылына 15 млн. тоннаға дейiн кеңейту арқылы одан әрi арттыруды көздеп отыр.
Сонымен бірге Атырау - Самара, Кеңқияқ - Орск және Махачкала-Тихорецк - Новороссийск мұнай құбырларымен экспортқа шығарылатын мұнай транзитінің тоқсан сайынғы кестелерін қалыптастыру кезінде келісілген жеткізілімдердің бағыттары бойынша іс жүзінде пайдаланбаған транзиттік көлемдерді қалған тоқсандар бойынша тең құқықтық тарату қағидатына келісті.
«ҚазТрансОйл» ЖАҚ Бірыңғай бағыттар орнату жүйесінің шарттарына сәйкес қазақстандық мұнай компанияларының мүдделерін қорғайтын, Атырау-Самара, Кеңқияқ - Орск және Махачкала – Тихорецк - Новороссийск мұнай құбырлары бойынша мұнай транзитін ұйымдастыру, оған байланысты шарттарды, келісім-шарттарды және басқа да құжаттарды ресімдеу бойынша Қазақстан Тарапынан бірыңғай оператор болып табылады.
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне және Ресей Федерациясының Энергетика министрлiгіне мұнайдың тиiсті көлемдері жеткiзілімінің, оның тасымалын қамтамасыз етудің кепілдіктері, қазақстандық мұнайдың ресейлiк мұнай құбырлары жүйесiмен, сондай-ақ Атырау - Самара мұнай құбыры бойынша ұзақ мерзiмдi транзиті туралы бiрлескен құжатты қабылдауға келісті.
Қазақстан Ресей арқылы Балтық мұнай құбыры жүйесіне шығу және Бургас - Александруполис мұнай құбыры жүйесін салу жобасына қазақстандық компаниялардың қатысуы арқылы қазақстандық мұнайды экспортқа жеткізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Бұл ретте Ресей жағы осы мәселені қолға алып, бүгінгі күні оны жүзеге асыруға мүдделілік білдірді.
Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiне және Ресей Федерациясының
Энергетика министрлiгiне Орск мұнай өңдеу
зауытына ұзақ мерзiмде мұнай жеткiзiп
тұру туралы келiсiм жасау жөнінде тиiстi
шаруашылық субъектiлермен келiссөздер
жүргізу көзделді.
Екі мемлекет Қазақстан Республикасының
аумағында «ҚазТрансГаз» жабық акционерлiк
қоғамы мен «Газпром» РАҚ-ын қатыстыра
отырып, қазақстандық арналы газ құбырларын
басқару жөнiнде бiрлескен кәсiпорын құруды
қолдайды.
Қазақстандық газдың Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орнынан Ресей Федерациясына және ресейлiк газдың Қазақстан Республикасының солтүстiк және орталық облыстарына өзара алмасу сызбасы бойынша жеткiзудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырды.
Тараптар Қазақстан
Қарашығанақ кен орнынан ұзақ мерзiмдi кезеңге тұрақты емес газ конденсаты мен шикi газды Орынбор газ өңдеу зауытына жыл сайын жеткiзiп тұру мүмкiндiгін қарастыруды;
Қазақстан мен Ресейдің аумақтарындағы газ көздерiнен Астана қаласын газбен жабдықтау нұсқаларының жасалуын тездетуді;
«Газпром» РАҚ-ның қатысуымен газды Қытайға және басқа елдерге тасымалдау саласындағы, сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы түрікмендік газдың транзиті бойынша бiрлескен ықтимал жобалар жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi тапсырғанды ұтымды деп есептейдi.
екi мемлекеттiң аумақтары бойынша мұнай мен газды құбыр және темiржол көлiгімен транзиттеудiң;
өзара ұтымды негізде Қазақстан мен Ресейдің, сондай-ақ үшінші елдердің мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай химиялық кешендерінде көмірсутегі шикізатын қайта өңдеудің;
араптардың шаруашылық субъектiлерiне
екi мемлекеттiң аумақтарында мұнай
мен сұйытылған көмiрсутегiлердi қабылдаудың,
сақтаудың, үйiп-төгудiң өндiрiстiк
инфрақұрылым объектiлерi бар теңiз
терминалдарының құрылысын
екi мемлекеттің, сондай-ақ үшінші мемлекеттердің мұнай газ кешендерiнiң объектiлерiндегі жұмыстарға қазақстандық және ресейлік мамандандырылған құрылыс және сервистiк ұйымдарды тартудың мәселелерi бойынша бiрыңғай саясат жүргізетiн болады.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы Электр энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты тереңдету туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергиясының жалпы рыногін құру бағдарламасын жасауға келісті. Ол екі бағытта жүзеге асырылатын болды:
І-бағыт. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергетикалық жалпы рыногін қалыптастыру.
ІІ-бағыт. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының инвесторларымен екі елдің электр энергетикалық саласындағы кәсіпорындарға тікелей инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі жобаларды іске асыру [40].
2009 жылы 19 - қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірыңғай энергетикалық жүйелерінің қосарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімге қол қойылды.
Келісім бойынша мыналар келісілді:
электр энергиясы ағынының
нақты мемлекетаралық сальдосының
жоспардағыдан ауытқуларының
Қазақстан Республикасының
өз тұтынушылары үшін электр
энергиясын жеткізуге арналған
тарифтен аспайтын және осы
жеткізу жүзеге асырылатын
Ауытқудың сағаттық
көлемін сатып алу мен сатудың
қаржылық нәтижесі Ресей БЭЖ-
«KEGOC» акционерлік қоғамы, «Бірыңғай энергетика жүйесінің федералдық желілік компаниясы» ашық акционерлік қоғамы және «Бірыңғай энергетика жүйесінің жүйелік операторы» ашық акционерлік қоғамы (Ресей Федерациясы) арасындағы қосарлас жұмыс туралы;
«KEGOC» акционерлік қоғамы мен «ИНТЕР РАО ЕЭС» ашық акционерлік қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасы арқылы электр энергиясын өткізу кезінде туындайтын ауытқулар шамасын өтеу үшін электр энергиясын сатып алу - сату [41].
Энергетика өнеркәсібі алдында ешқандай компания, ешбір үкімет жалғызілік шеше алмайтын қиын міндеттер тұр. Осыған байланысты өзімнің баяндамамды Қазақстан екіұштылық алшақтығын азайту үшін күшейтілген түрде жұмыс жүргізіп отырған Қауіпсіздік, Сенімділік және Орнықтылық сияқты үш салаға тоқталғым келеді [42].
Біріншіден, Қазақстан энергетикалық ресурстар берушілердің, тұтынушылардың және тасымалдаушылардың әлемдік энергетика саласы қауіпсіздігін қолдау жөніндегі жалпы мүдделерін мойындайды. Санкт-Петербургтің Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік қағидаттарын мойындай отырып, Қазақстан әлемдік нарыққа энергетикалық ресурстарды сенімді әрі қауіпсіз жеткізуші ретінде табанды түрде әрекет ететін болады. Бұл жағынан ЕҚЫҰ-ға Төраға ретінде Қазақстан жанжалдар немесе қауіпсіздікке төнетін басқа қатерлер салдарынан энергетикалық өнім берудің өңірлік қауіпсіздігін сақтауға және тоқтап қалуын болдырмауға назар аударады.
Энергетикалық қауіпсіздік
мәселесінің екінші жағы әртараптандырылған
өнім беруді қамтамасыз ету болып
табылады. Бұл мәселеде Қазақстан
экспорттау жолдарын әртараптандыру стратегиясын
барынша ұстанады. 2009 жылғы қазанда
Қазақстан – Қытай мұнай
Болашақта Қазақстан ОПЕК құрылымына кірмейтін мұнайдың өспелі ұсынысының едәуір көзіне айналмақ. Қазақстанда барынша жоғары өндірістік әлеуетке қол жеткізу біздің жаңа, атап айтқанда шетелдік инвестициялар тарту мүмкіндігімізге байланысты. Сондықтан Үкімет инвестициялық ахуалды жетілдіру және жеке сектормен өзара тиімді әріптестікке жәрдемдесу бойынша жұмысты табанды түрде жалғастыруда.
Сенімділік мәселесіне келсек, Мексика шығанағындағы Deepwater Horizon мұнайының төгілуі қоршаған орта үшін экономикалық және әлеуметтік салдары ұзаққа созылатын трагедияға айналды. Аталған оқиғаның салдары Қазақстанға да әсер етті, өйткені біз теңізде мұнай өндіру бойынша едәуір қуаттылықты дамыту үстіндеміз. Қоршаған ортаның қауіпсіздігіне келер болсақ, Қазақстан ең жоғары стандарттарды ұстанатын болады. Біз осы саладағы шетелдік тәжірибені қуана қабылдаймыз [42].
Қазақстан теңізде бұрғылауға байланысты тәуекелдерді қорғау мен азайтудың ықтимал нұсқаларын әзірлеуде. Мұнай және газ, Қоршаған ортаны қорғау министрліктері Каспий теңізінің жағалауы мен теңіз аумағында мұнай өндіруге байланысты қауіпсіздік мәселелерін қарау жөнінде жұмыс тобын құрды.
Қазақстан сонымен қатар Каспийлік көршілермен мұнайды теңізде өндіру қауіпсіздігі мәселесі бойынша үкіметаралық хаттамаға қол қоюды жоспарлап отыр. Қазақстанда жоғары стандарттар қолданылатынына және қоршаған ортаны сақтау мен кен орындарын өңдеу мақсаттары арасында қажетті теңгерімге қол жеткеніне көз жеткізу үшін біз өнеркәсіптік сектормен тығыз жұмыс істейтін болады.
Қорыта келе, Қазақстан
өз энергетикалық ресурстарын
Сонымен Қазақстан мен Ресейдің энергетика саласында бір бірімен қатынастарды жалғастырып дамытудың мүдделер үйлесімділігін көруге болады.
Біріншіден энергетика саласында екі елдің де табиғи ресурстары жеткілікті.
Екіншіден, энергетика саласын дамытып, екі жақтың шаруашылығын, халқын энергиямен қамтамасыз ету әлеуеті де жеткілікті.
Үшіншіден екі ел де энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, электр энергиясына деген қажеттілікті үнемі тұрақты ұстап тұруға мүдделі.
Төртіншіден, әлемдің рынокқа отын – энергия тасымалдаудағы бір - біріне көмектің қажеттілігі.
Осындай мүдделердің ұқсастығына байланысты Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық байланыстары, энерегетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы одан әрі дами береді деген сенім мол. Бұл мәселеде Қазақстан экспорттау жолдарын әртараптандыру стратегиясын барынша ұстанады. 2009 жылғы қазанда Қазақстан – Қытай мұнай құбырының соңғы учаскесі пайдалануға беріліп, сол арқылы Батыс Қазақстан мен Каспий мұнай кен орындарын басқа құбыржолдармен және Қытаймен қосты.