Балалардың сүйікті жыршысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 21:39, реферат

Краткое описание

Қымбатты достым, қалай ойлайсыз, қазіргі қазақ әдебиеті мен поэзиясында жалпақ жұрттың жаңадан тіл ашқан бүлдіршінінен бастап, аз-көп жасаған ғұмырында әлденеше қыр асқан қариясына дейін жаппай оқитын да танитын қаламгер бар ма? Бар! Ол - қазақтың көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы, Қазақстанның халық жазушысы - Мұзафар Әлімбай!

Файлы: 1 файл

Балалардың сүйікті жыршысы - Мұзафар Әлімбай.doc

— 320.00 Кб (Скачать)

“Ақмаңдайлым” әні орындалады. Әні: Ш.Қалдаяқовтікі. Өлеңі: М.Әлімбаевтікі

Жүргізуші: Балалар, міне кітапханамызға қайтып оралдық. Бүгінде сексен жасқа толып отырған ақын–ағамыз Мұзафар Әлімбайға әлі де  ақындығына зерттеушілігі, бұған аудармашылығы, эссе, очерк жазушылығы, балдырғандар жанын зерек түсінушілігі, парасаттылығы ұштасып тоғысқан тарлан талантқа мерейтой үстінде одан әрі құлашын кеңге жазып, ойдың кенін қазып, сөз миуасын теріп, ел-жұртын поэзияның кәусар бұлағымен сусындата берсін демекпіз.

Жеңімпаздарды құттықтау.

Құрметті әріптестер, жоғарыда беріліп отырған шараны өз қалауларыңызша түрлендіріп өткізулеріңізге болады. Осы шарада берілген материалдар негізінде  «Мәнерлеп оқу сайысын» ұйымдастыруларыңызға да болады.

 

 

 

 

Поэзия  патшалығында

Әдеби-музыкалық  поэзия кеші

 

“Халайыққа  хат”-менің

       Ғұмырлық жыр дәптерім:

             Қат-қабат болып              

                             қатталған,

             Сырым менің ақтарған.

         Ақталмаған, ақталған

                                                                                 Кілең арман, тәтті арман…

 

Залдың безендірілуі:  Әдеби-суретті көрме. Оқушылар шығармашылығы бұрышы: М.Әлімбай шығармашылығы бойынша жазылған көркем шығарма, рефераттар, суреттер, өлеңдер, буклеттер.

 

(С.Тұрысбековтың “Көңіл толқыны” күйі әуенімен)

Ақын:     

Тумайды жұртын ақын жылатуға,

Туады жүректерді нұрлатуға,

Өлеңін орамал ғып  өтеді олар

Көз жасын адамзаттың құрғатуға.

Айнымас ол - әділдік баласы да,

Қыңбайды күншілдердің табасына

Жүрегін көпір етіп төсейді  ақын:

“Жетсін, - деп, - жұртым бақыт  жағасына!”

Шығандап шың басына шығады өнер.

Шын ақын екі туып, бір-ақ өлер.

Алдында әр заманның, әр ұрпақтың

                  Құламай тіккен туы тұра берер. ( «Ақын» өлеңінен)

                       

Жүргізуші (1):  Қош келіпсіздер, өлең сүйер, өнер сүйер қауым! “Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы”,-дейді көркем ойдың кемеңгері Абай ажарлы сөз, асыл өлең жөнінде. Жан - дүние құбылысы… іші алтын, сырты күміс өлең сөз тіршілігі… Ақындық қасиет, ақындық парасат алаңсыз, албырт, алқынбай, аптықпай, өз тірлігін, өз тынысын жалғай береді екен-ау. Өлең - ақыл суаты мен сезім қуатының тоғысқан жері…

 

Жүргізуші (2): Бүгін біздер, өткен ғасырдың сонау қырқыншы жылдары   Ертіс жағалауынан арман-қиялы ақ қарды Алатау жаққа шарқ ұрған, ал бүгінде Алатаудан да асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келе жатқан мұздыбалақ атақыран ақынымыз    Мұзафар Әлімбай әлемі хақында ой бөлісеміз.

                  

Ақын:      Жалаң аяқ, жалаң бас балалық шақ!

                 Балғын жылдар! Сағынып жаям құшақ.

                 Ақ шыбықты ат қылып шапқылаған

                 Анау бала кетті ғой маған  ұқсап...

                 

                 Аға тұтып, еркелеп, жанайсың да,

Ақ шашымды  сипайсың, аяйсың ба?!

«Осы қалай  төзген,-деп,-талай сынға!,

қырық беске  қызғана қарайсың ба?!

Кел, «Волгаға»  міне ғой... асығалық!

Мойнына апамның  кеп асылалық.

                                          («Бала жылдармен сырласу»)

 

Жүргізуші(2):  …Сегіз жасында әкеден, он үш жасында шешеден айырылды. Әке қайымына кенеле алмады, ана мейіріміне қанбай қалды. Әке мен шеше жақсылықтары жайында өзіндей аз жазған жазушы жоқтай көрінетін. Жетімдік -қиын тағдыр. Бірақ, Мұзафар қанша қиындық көрсе  де мойымаған. Тағдыр тәлкегіне төзу үшін тек өзіңнің халіңді ғана емес, өзгелер жайын да ойлай білу керек екенін түсінді. Дүниеге жаратушы жақсыларын тірісінде піріндей көрмейтін кей ұл-қыздың астам парықсыздығына, ұлылардың ұрпақтарының ата-ана өнегесінен өндіре сөйлеп - жазуға құлықсыз  - қабілетсіз келетініне қатты күйінеді.

 

Ақын :     Жеңбейді сенен өзге ұйқы кімді?

                Түн бақтың, күзетші етіп кірпігіңді.

                Балбырап бесігімде уілдесем,

           Күлімдеп, қабағыңа күлкі кірді.

                Емізіп ізгі құнар ақ сүтіңді,

               О баста ойлағандай мақсұтыңды,

                Құйдың мол құлағыма қазақ жырын,

                Жырлар деп жан тебіренте жақсы  күнді.

 

               Ойға алсам өкінемін дүркін-дүркін.

               Көрмедің, көрмедің-ау, әттең шіркін,

               Санатқа қосылғанын сары ұлыңның

               Өзі-өз боп еңбекақы әкеп бір күн. («Ана»)

 

Жүргізуші (2):  Ауыл мектебінен соң педагогикалық училище қабырғасында мұғалімдік мұратын жани бастағанда соғыс өрті лап етті. Он сегіздегі өрім жас өз қалауымен сұранып майданға аттанды.

Ақын:  Жеңіл ойды ауырлатты қатал күн.

Жас болса да, тебіренбей жатар кім?

Жас иыққа бар тағдыры  Отанның

Түсті келіп, мен де солдат атандым.

 

...Туған еді бізді  анамыз балғын қып,

Жорықтарда өкшемізді  алдырдық.

Төзбегенде шар болат, біз шыдадық

Өзіміздің күшті сонда  сынадық!  («Менің жастық жылдарым»)

 

 

Жүргізуші(1): Соғыста қаза тапқан досын жырлау арқылы майдан ақиқатын да өлеңге айналдырды.

 

Ақын:

 Екеуміз түйдей  құрдас ек,

 Екеуміз сырлас, мұңдас  ек.

 Жұлдызды туған бала еді,

 Ақындай албырт жан еді,

 Жаңа өмір сүйген  жары еді,

 Отаны – адал  ары еді…

  Құрдасым неге кешікті?

   Қаға ма біреу  есікті?

   Қақпайды енді  есікті,

                     Қақпайды енді есікті,

  Мәңгілік досым  кешікті. 

 

Жүргізуші (1) : Сегіз жылға жуық уақыт әскер сапынан босай алмады. Әдеби талабының, ақындық талантының арқасында ғана Қазақстан өкіметінің шақыртуымен 1948 жылы елге оралады. Демек, Мұзафар - өрттен шыққан ақын. Сондықтан болар, ол жалындап жанып тұрады: сөзі оқтың тіліндей шолақ, ойын шорт үзіп келте қайыратын ақын.

Шығармашылық толғану, толассыз іздену арқасында соғыстан кейінгі жылдары Мұзафар жас ақындарымыздың алдыңғы буынына келіп қосылады. Нақтылық, ойлылық, жинақылық - Мұзафар өлеңдерінің ең басты қасиеттерінің бірі.

 

“Соғыстан соңғы  ән” орындалады. Әні: Ә.Бейсеуовтікі.

Сөзі: М.Әлімбаевтікі.

 

Жүргізуші (2): 1948-1956 жылдар аралығында “Пионер” журналының поэзия бөлімін басқарып, өлеңсүйгіш жасөспірімдердің талап-тұлпарын қамшылап, қамқорлады. 1956-1958 жылдарда “Қазақ әдебиеті” газетінде басшылық бедерін қалдырады.

 

Жүргізуші (1):  Ұстаздыққа бейім әрі балажанды мінез  қазақтың жас жеткіншектерінің тілін сындырып-ұстартатын, туған тілімізге деген құрмет-құштарлығын арттыратын тәрбиелік бір басылым - құрал керегі туралы іштей ойлап, толғанып жүретін. Арманына 1958 жылы қолы жетті, шуақты шілдеде дүниеге келген «Балдырған» балалар журналы республика бүлдіршіндерінің – бірнеше буын ұрпақ өкілдері балалық шағының базары мен ажарына, киелі сөз өнері бастауларына баулитын байыпты - ұқыпты бағбанына, адамдық әліппесінің ережелеріне үйрететін үлкен мектепке айналды. «Балдырған» басылымының өзгелерге ойыншықтай оңай көрінетін ауыр жүгін жазушы Мұзафар Әлімбай ширек ғасырдан астам уақыт арқалады. 1958-1986 жылдар аралығында журналға тапжылмастан редакторлық етті.

 

Жүргізуші (2): Соғыстан кешігіп келген солдат әдебиеттің бейбіт майданына да кешігіп кірді. Алғашқы кітабы 29 жасында жарық көрді, құралыптас-құрдастарының бірқатары баяғыда-ақ бірді-екілі кітаптардың авторы болып үлгерген-ді. Алайда аз ұйықтап, азапты көбірек шексең, қалам сыбағасын толтыруға әбден болады екен. Бүгінде әдебиеттің әр түрлі жанрындағы (поэзия, әдеби зерттеу, фолклортану, халық тағылымы, эссе, очерк, естелік, ән өлеңдері) 50 төл туындының авторы. Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын 1984 жылы «Аспандағы әпке» атты балалар жинағы үшін алды.

 

Жүргізуші (1): М.Әлімбайдың “Ана” деген тұңғыш өлеңі 1939 жылы облыстық “Қызыл ту” газетінде басылды. Ал алғашқы кітабы “Қарағанды жырлары” деген атпен 1952 жылы жарық көрді. Одан кейінгі лирикалық және азаматтық әуенге жазылған "Құрбыма” (1954), “Лирика”, “Жолдар жырлар”, “Жүрек лүпілі”, “Өшпес от” жинақтары шықты. “Менің Қазақстаным”, “Құрбымның күнделігі”, “Естай - Қорлан” лиро-эпикалық поэмалары – осы жанрды дамытуға қосылған елеулі туынды.

Мұзафар Әлімбай поэтикасының үш тағанды тірегі іспетті «Естай-Хорлан» ғашықнамасы, «Ту тіккен» және «Құрыш қазақ» ерлік – қаһармандық дастандары дүниеге келген тұсында   қазақ поэзиясының ортақ жаңалық-жеңісі болды.

 

“Естай-Хорлан”  поэмасының «Уәде» бөлімінен үзінді оқу үшін қыз бен ұл бала ортаға шығады

Автор:      Міне үнсіз Хорланы тұр оң жағында,

Құрысын бүйтіп ақын болғаны да!

Жақ ашпай жапырақтай қалтырайды,

  Тәңірім тілін  байлап, қорлады ма?

 

«Жақындасам қорқамын, жанам  ба? – деп,

Аллама жалбарынам күні-түні,

Ұмсынсам, оң сапарым  болар ма?» - деп...

 

Бірі жоқ әлгі сөздің жаттағанның,

Білмеді алға қарай аттағанын.

 

Естай:      Өзіңе көрімдігім – «Бірмысқалым»,

                  Ағаңның кешір басқа таппағанын.

 

Хорлан:    Тыныш ем, тымық көлдей толқып кеттім,

Сабырлы ем,  өзегімді өрт қып кеттің.

                   Ескексіз қайық мінген жас балаша,

                   Есітіп өлеңіңді қорқып кеттім...

 

Автор:      Серінің кеудесіне басын сүйеп,

«Құдайым  менің  қашан  жасымды иед? –

Дегендей өксіп-өксіп  егілді қыз,-

Қай күні ғашық жүрек  ашық сүйед?!»

 

Өрт құшақ... бастан кешкен өзіміздің,

 Бұндайда қауқары  не сөзіңіздің?!

Ақынның сипап тауып  ат жоқ қолын,

Кигізді алтын жүзік  өзі қыздың.

 

Шыдатар жалын жастық буы нағып?

Отты ағын бойды қулап  шымырланып.

Хорланы құшағында Естай  сері

Кетер ме балауыздай бүгін  ағып!

 

Жалғыз түн – жазылған түн маңдайына,

Бұйырды тілдің балы таңдайына.

Тырп етпес, төнсе қылыш  төбесінен,

Қарамас келер күннің қандайына.

 

Естай:       Қол қысқа...тосыламын...неғылайын!...

              Уәде – келер жылғы мамыр  айы!

 

Хорлан:    Ақ тілеу. Алла оңғарсын жолымызды!

             Мен – дағы осы арадан табылайын.

 

Автор:       Жабысып көк шалғынға боз жамаудай.

                   Жатқанын бір жауырын қозғала  алмай...

                   Қыз-жігіт шала аңдады... алаңдады

                   Көркіне бір-бірінің көз қана  алмай.

 

                   Көңіл мас, көз жұмулы бұл  шағынан

                   Айырған әзезілге ұқсады таң.

                   Айрылған аспанынан ай сияқты

                   Сытылып  Хорлан шықты құшағынан...

 

Жүргізуші (2): Қараңыздар, “Елдіктің еңсесі” дастаны -Абылайды, ғашықтық дастаны - “Естай-Хорланды” толғаса, бұлар арқылы ақын әлгі айтқанымыздай, Отан тарихына саяхат жасаса, “Құрбымның күнделігі”, “Құрыш қазақ”, “Ту тіккен”, т.б, лирикалық, философиялық поэмалары арқылы Отанының бүгініне қайтып оралып, өз замандастарының еңбегі мен ерлігі, сол еңбек пен ерліктің жемісі мен жеңісін жырға қосады. Отан образын осылай жан-жақты ашады. Халқымыздың ой-өрісін, мәдениетін көтеруге қосқан бұл үлес сөз жоқ елеулі еңбек.

 

“Біздің Қазақстан” әні орындалады:Әні: Ғ.Тамендаровтікі.

 Өлеңі:  М.Әлімбаевтікі

 

Жүргізуші (2): Бар болмысын, күллі қалам қасиетін салған “Менің Қазақстаным” атты лирикалық-философиялық поэманы айрықша бөліп атар едік. Мұның өзі - туған ел туралы толғау. Жұрттың “Мұзаға мұзарты” деп жүргендері де осы толғау шығар. Оның барлық ақындық қуатын аямай сарқа жұмсаған бұл шалқыма - Әлімбай поэзиясының мәңгілік тақырыбы, алтын қазығы, тіпті мұзарт биігі екені де рас.

Мұзафар өлең арнасы ел өмірі  өзенінен тартылатынын жақсы біледі.

 

Ақын: Қадірлі Қазақстан, Отан-ана,

Есімім сенен бөлек  атала ма?

Алдыңда парызымды өтеп келем,

Өтсем де қарыздар боп ата-анама.

Көгінен күн аумайтын Қазақстан!

Сен жайлы өмір бойы жазам  дастан.

Сырлаймын әр сөзімді  өле-өлгенше,

Соғамын сәнді сарай  асыл тастан.

 

Жүргізуші (2): Ақиық ақын Мұқағали: “Мұзафар - ойдың ақыны. Шығыршықтың ішін шыр айналған тұтқындағы ақ тиін іспеттес ойнақы сөздің емес, сезгені, түйгені мол ойдың ақыны. …Ізденгіш те тапқыш, көп оқитын, көп түйіп, көп ойланатын бейнетқор да еңбекқор ақын Мұзафар Әлімбай…”деп сүйсінеді. Оның осындай алуан қасиет-қырларын қаһарман Бауыржан Момышұлының, ел ағасы Димаш Ахметұлының, көркемсөз алыптары Сәбит Мұқанов  пен Ғабит Мүсіреповтің, алдындағы ақын ағалары Қалижан Бекхожин, Әбу Сәрсенбаев, Әбділдә Тәжібаев, Дихан Әбілевтердің, көптеген өзі тұрғылас таланттардың пікірлері асыра айқындай түседі.

 

Жүргізуші (1): М.Әлімбайдың сан алуан тақырыптағы барлық өлеңдері де, барлық поэмалары да, яки күллі лирикасы мен эпикасы, бәрі-бәрі бір ұлы арнаға сарқып құйылып жатады. “Абайды қайталап оқығанда” деген атпен жиі жүгіндірген ақындық атасы - Абайдың бір ғана қарасөздерінің құдіретіне 54 мәрте мақала-зерттеме арнапты. Әлімбай Абайдың ауылы туралы жазса да, туған жер туралы тебіренсе де, қыз бен жігіт арасындағы махаббатты жырласа да, алыста қалған ауыр күндердің сұрапыл суреттерін салса да - барлығында да өзінің сыршыл ақын екендігін көрсетеді.

Информация о работе Балалардың сүйікті жыршысы