Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 16:11, реферат
Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі
Бухгалтерлік
есеп және баланс
Орындаған:
СПО “Экономика” тобының
Алимбекова Ж.Ж.
Бухгалтерлік
есеп
- Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты
- Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі
- Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы
- Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы
- Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі туралы Ереже
- Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы
- Типтік шаруашылық шарттар альбомы
- Бухгалтерлік қызмет туралы ереже
- Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары
- Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.
- Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже
-
Өзге де құжаттар
Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:
Бухгалтерлік
баланс
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай акпараттык мәліметтің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады.
Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе ,оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратгы мәліметтер жазылады.
- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
- кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
- аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
- жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.