Кәсіпкерліктің шығу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 13:39, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес нарықтық экономикалық басты негізгі элементі болып табылады.

Ол көптеген жағдайларда экономикалық өсу қарқынын ішкі жалпы өнімнің 40- 50% құрай отырып, оның құрылымы мен сапасы анықтайды. Сонымен қатар бұл сектор нарықтық инфрақұрылымның құрамдас элементі болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың жоғарғы деңгейіне жету нарықтық- бәсекелестік шаруашылық қазіргі моделіне маңызды роль атқарады.

Оглавление

Кіріспе

1. Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның даму теориясының эволюциясы.

1.1. Кәсіпкерлік теориясының эволюциясы

1.2. Кәсіпкерлік ерекше экономикалық құбылыс

2. Қазақстандағы кәсіпкерлік даму ерекшеліктері

2.1. Кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негіздері

2.2. Қазақстандағы кәсіпкерліктің ерекшеліктері, проблемалары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Курс. Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның даму тарихы..doc

— 156.00 Кб (Скачать)

    Мазмұны 

    Кіріспе

    1. Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның даму теориясының эволюциясы.

    1.1. Кәсіпкерлік теориясының эволюциясы

    1.2. Кәсіпкерлік ерекше экономикалық құбылыс

    2. Қазақстандағы кәсіпкерлік даму ерекшеліктері

    2.1. Кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негіздері

    2.2. Қазақстандағы кәсіпкерліктің ерекшеліктері, проблемалары.

    Қорытынды 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 

    КІРІСПЕ

    Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес нарықтық экономикалық басты  негізгі элементі болып табылады.

    Ол  көптеген жағдайларда экономикалық өсу қарқынын ішкі жалпы өнімнің 40- 50% құрай отырып, оның құрылымы мен сапасы анықтайды. Сонымен қатар бұл сектор нарықтық инфрақұрылымның құрамдас элементі болып табылады.

    Шағын кәсіпкерлікті дамытудың жоғарғы  деңгейіне жету нарықтық- бәсекелестік шаруашылық қазіргі моделіне маңызды роль атқарады.

    Шағын бизнес қазіргі өндірістің құрамдас бөлігі ретінде, экономикадағы бәсекелестіктің  қабілетті көтеруге көмектеседі, нарықтық бас кезінде ұйымдастырылған  қоғамдық ұйымдары табиғи әлеуметтік қабатын қалыптастырады.

    Нарықтық  қатынастардың дамытудың алғашқы  кезеңдерінде кәсіпкерлік мемлекеттік  қолдауды қажет етеді. Шағын бизнеске көмекті мемлекеттік басқару  органдарымен қатар кәсіпкерлердің өзінің қоғамдық ұйымдары көрсету қажет. Ол үшін шағын бизнеске қатысты анық әрі біріңғай мемлекеттік емес сияқты қалыптастыру керек.

    Бұл мәселе шағын бизнеске көмегі- әрбір  деңгейде мақсатты, міндетті артықшылығы  арқылы анық көрсетілген арнайы жасалған бағдарлама жүйесі негізінде шешілмек.

    Кәсіпкерлік қолдау ең алдымен қалалар мен аймақтардың міндетті болып табылады. Қазіргі кезде үлкен дербестік ала отырып, аймақтар орталық органдардың қамқорлығынан шықты. Сондықтан да жаңа қалыптаса бастаған нарық жағдайындағы территорияның дамуының әлеуметтік экономикалық және экологиялық тапсырмаларының шешу қалалар мен аймақ әкімшілігінің өздеріне түсіп отыр. Аймақтағы тиімді нарықтық шаруашылық тауар мен қызмет көрсету нарығындағы монополиялық құрылым, шешуші  кезеңінде нарықты сақтауды қамтамасыз ететін және әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге көмектесетін, шағын кәсіпорындардың қажетті санымен теңескен жағдайда ғана мүмкін болады.

    Сондықтан да қалалар мен аймақтағы кәсіпкерлік  ортаға жан- жақты көмек көрсету  қалалық аймақты деңгейде шешілетін  мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатының бірі болуға тиісті. 
 
 
 
 
 

       

    І. Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның даму тарихы

    1.1 Кәсіпкерлік теориясының эволюциясы

      Республика экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндірісті басқару құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерістер болып жатқаны байқалады. Соның ішінде маңызды бағыттардың бірі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы болып табылады. Кәсіпкерлік алымдылық қабілеттің, пысықтықтың шынығуына жағдай жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының да болуы мүмкін емес. Сондықтан қазіргі кезеңде өз ойлау қабілеті мен еркіндігін мол пайдалана отырып кәсіпкерлікке назарды баса аудармасқа болмайды.

    Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелер  мен ірі фирмалар шағын кәсіпкерліктің дамуына жан-жақты ат салысуда. Өйткені  олар әлеуметтік-мәселелердің бірқатарын шешеді. Біріншіден, жұмысшылар жалдамалылар қатарынан шығып, өз кәсібінің қожасы болу мүмкіндігі туады. Екіншіден, кіші кәсіпкерлікті халықтың жұмыспен қамтылу мәселесімен бірлестіріп қарастыруға болады. Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің өркендеуі тауарлар өндіруді үлғайтуға және қызмет көрсетуді дамытуға жол ашады.

    Сол себепті, ең алдымен мен кәсіпкерліктің даму эвалюциясы мен оның жіктелу  теориясына және шетелдік тәжірибеге тоқталып өтуді   жөн   көрдік.

    Римдік, құқықта «кәсіпкерлік» ұғымы іс, іс-әрекет, әсіресе коммерциялық іс-әрекет ретінде қарастырылды. Ал кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты жүргізуші адам, жалгер алынды (түсіндірілді). Орта ғасырда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынада қолданылды. Оған, ең алдымен, сыртқы саудамен айналысатындарды жатқызды. Бұндай кәсіпкерлікке алғашқы мысалдардың бірін, Европа мен Қытай арасындағы сауданың даму бастауында тұрған, саяхатшы Марко Поло береді. Оның айтуынша саудагер (кәсіпкер) саяхатқа шықпас бұрын көпеспен товарды сатуға келісім-шарт жасайды. Бұл келісім-шарт бойынша, кәсіпкер, осы саяхатта өзі көрген көптеген ауыртпашылықтарға қарамастан, өз пайдасының 75 процентін көпеске (банкирге) беруге тура келеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер қатарына жиындарды, көріністерді ұйымдастырушыларды да жатқызды. Бұдан басқа, бұл түсінік ірі өндірістік және құрылыстық жобалардың жетекшілеріне де қолданылды. Мұндай жобалардың басшылары ешқашан да тәуекелділікке бел бумады, олар тек өздеріне берілген қаржылық, материалдық және сауда ресурстарын пайдалана отырып, жобаны ұйымдастыру жұмыстарымен ғана айналысты. Берт Хозелиц көрсеткендей, «орта ғасырда үлкен көлемде архитектуралық жұмыстар жүргізген, қорғандар тұрғызған, шіркеулер, әр түрлі ғимараттардың жобасын берген рухани тұлғалар кәсіпкерлер   деп   танылды».

    Ал  «кәсіпкерлік тәуекелділік» ұғымы XVII ғасырда, яғни кәсіпкер деп белгілі бір товарды жеткізуге немесе жұмысты істеуге мемлекетпен келісім-шартқа отырған адамды тани бастағанда дами бастады. Бұл жерде келісім-шарттың құны алдын-ала ескерілетіндіктен, шығынның немесе пайданың көлемі кәсіпкердің тек өзінің сәттілігіне байланысты   болады.

    Экономикалық  әдебиеттерде «кәсіпкер» ұғымы алғаш рет Парижде 1723 жылы басылып шығарылған жалпы коммерциялық сөздікте кездесті. Бұл сөздікте «кәсіпкер» деп өндіріс немесе құрылыс жобасы бойынша міндеттемелерді өзіне алатын адамды айтады.

    «Кәсіпкер» ұғымы ғылыми термин ретінде алғаш рет XVIII ғасырдың бас кезіндегі белгілі ағылшын экономисті Ричард Кантильонның еңбектерінде көрініс тапты. Ол кәсіпкерліктің алғашқы концепциясын жасап шығарды. Ал «кәсіпкер» туралы Ричард Кантильон былай деді: «саудагерлер, фермерлер, қоленершілер және т.б. да меншік иелері белгілі бағада сатып алып, белгісіз бағада сатуына байланысты, кәсіпкер дегеніміз тәуекелділік жағдайында жұмыс жасайтын адам». Буржуазиялық экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады. А.Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер-сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесіне, оған иелік жасайды.

    Ж.Б.Сэйдің анықтамасы бойынша, бұл - өндіріс факторларының  қисынын келтіріп ұштастыратын, экономикалық қызмет атқаратын адам.

    Бүгінгі таңда кәсіпкер және өсімқор деп, иелігіндегі қажетті құралдары (өзінікі немесе қарауға алған) бар пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар–шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы   басшысы).

    Капиталистік  елдердегі 80-жылдардағы «кәсіпкерлік шуы» экономикалық өсудің жаңа жағдайында пайда болды және оның нәтижесі көптеген ерекше факторлар мен себептерге байланысты.

    Бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі  кәсіпкерлік ҒТП-тің нәтижесіне; капиталистік экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамасыз ететін құралдарға, жұмыскерлерінің қалың топтарының творчесвалық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз   байланысты.

    Ал  отандық кәсіпкерлікке келер болсақ, оның 70 жылдан артық үзілісте болған өз тарихы бар. Сондықтан да оның қайта өркендеу мүмкіндіктері туралы айтқанымыз дұрыс болмас еді, өйткені байырғы тарихи дәуірде өмір сүрген, өткен ғасырдың бас кезінде орын алған құбылысты қайта өмірге әкелу мүмкін емес. Оның орнына қазіргі өте күрделі қоғамдық жағдайда пайда болып және дами бастаған   жаңа   кәсіпкерлікке   көңіл   бөлуіміз   керек.

    Өндірістің  жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар қарқыны қозғалмалы шекте  болады.

    «Кәсіпкерлік» термині және кәсіпкерліктің өзі бізде қоғамдық практикаға тек 80-ші жылдардың екінші жартысында ғана енді. Кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен меншікке деген көзқарастың өзгеруімен байланыстырылды.

    80-ші  жылдардың аяғында КСРО-да көптеген  экономикалық субъектілер - әр түрлі меншік иелері пайда бола бастады (мемлекеттік, жалгерлік, жеке, кооперативтік). Кәсіпкерліктің дамуына ең қолайлы кезең 1987-1991 жылдар аралығы болды. Салық ұйымдарының мәліметтері бойынша, аталған кезеңде КСРО бойынша 240000 шағын кәсіпорын тіркелген екен .

    Елде  кооперативтік құрылыс барысында  көптеген радикальды (түбірлі) өзгерістер көрініс берілді. Ал мына цифрлар  кооперативтің тиімділігін көрсетеді: КСРО бойынша 1988 жылы өткізілген өнім көлемі 4,3млн. сом құраса, ал 1990 жылы бұл көрсеткіш 67млн. өсті. Жұмыс пен қызмет көрсету көлемі де 1988 жылғы 4,3млн. сомнан 1989 жылы 34млн. сомға дейін өсті. ЖҰӨ-гі кооперативтен түскен өткізілген өнімнің (жұмыс пен қызмет көрсету) үлес салмағы 1988 жылғы 0,7 %-тен 1990 жылы 6,1 %-ке өсті. 1989-1990 жылдары кооперативтер негізінен мемлекеттік кәсіпорындарда құрылғандықтан және мемлекет меншігін пайдаланғандықтан, кооперативтік қозғалыс экономиканың аз ғана бөлігін    құрады, яғни мемлекеттік    меншік    формасы үстем болды. Ал ұсақ кәсіпорындар мемлекеттік өнеркәсіп құрамында әрқашан да өмір сүрген еді, бірақ олар «екінші сортты» өнеркәсіп болды. Осы кезде шағын кәсіпорындар негізінде шағын бизнестің мемлекеттік секторға қатысты және сонымен қатар қатал орталықтандырылған басқару жүйесіне салыстырмалы (қатысты) автономизация жүрді. Автономизацияның алғашқы формалары кооперативтік және жалгерлік (арендалық) қозғалыс болды. Бірақ та олардың дамуы техникалық жетіспеушіліктерді жеңіп шығып инновациялық орта қалыптастыра алмады.

    1990 жылы шағын кәсіпорындар құру жәнө оларды дамыту шаралары туралы және оған салықтық жеңілдіктер беру туралы үкіметтің қаулысы шыққан кезде шағын бизнестің дамуы жаңа күш алды. Бұл қаулыны қабылдағанда мемлекет саясаткерлері арендалық жүйеге,меншіктің кооперативтік түріне көшіру арқылы, немесе акционерлеу принципі негізінде жұмысшы тобыны берү арқылы тиімділігі аз және рентабельді емес ұсақ мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді бастамақ болды.

    Мемлекеттік статистика бекіткендей 1910-1991 жылдары  шағын кәсіпорындардың өсуі кооперативтердің шағын кәсіпорын болып қайта құрылуы   есебінен   болды.

    Осы кезеңде көптеген шағын кәсіпорындар ірі мемлекеттік кәсіпорындардың  құрамында ұйымдастырылды. Бірақ  та, егер олар батыс елдерінде венчурлық  түрде құрылса, ал бізде, негізінен, басқарушы элитаның табысын жоғарылату мақсатында құрылды. Тиімділікке жету мемлекеттік кәсіпорын-құрылтайшылардың жеңілдігі бар немесе ақысыз өндіріс алаңдарын, ресурстарын, құрал-жабдықтарын қолдану есебінен жүргізілді. Ал шағын кәсіпорындардың құрылу процедурасы өте күрделі болды. Ол белгілі бір деңгейде жергілікті әкімшіліктің шешіміне тәуелді болды, ал. Бұл өз кезегінде парақорлыққа жол салған болса, құрал-жабдық, материалдардың еркін нарығының жоқтығы шағын фирмаларды көлеңкелі экономикаға итермеледі.

    КСРО  ыдырап, әміршілдік жүйеден нарықтық жүйеге өту кезінде бұрынғы республикалар арасындағы шаруашылықтық байланыстар үзіліп кетті. Осы кезде бұрынғы Кеңес Одағындағы ірі кәсіпорындар өздерінің экономикалық өзгерістерге икемділігінің төмендігінен, салғырттығынан көп зардап   шекті.

    Ал 1992 жылы елдегі шағын бизнеске мемлекеттің  салық және баға саясаты өте қатты  кедергі келтірді. Елді жалған кәсіпорындар толқыны орап алды.

    Еске  сала кететін бір жайт, бізге шағын  бизнестің экономикалық ортаға әсерін қарастырғанда болып жатқан процестердің этаптарын ғана көрсетпей, сонымен қатар кәсіпкерлердің типтерін де көрсеткен абзал.

    Мамандардың бағалауынша, кез келген елдегі тұрғындардың 6 процентінің ғана кәсіпкерлік қабілеті бар және өз ісін ашуға дайын. Ал әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық жағдайында мұндай адамдардың саны азая түсетіні бәрімізге белгілі.

    Республика  экономикасының  нарықтық қатынастарға көшу және оның әзірше монополиялық биік деңгейін сақтау кезеңінде экономикалық өрлеудің басты күші-шағын және орта бизнесті дамытудың   маңызды   мәні   бар.

    Монополизм  еркін рыноктың аласапыранын және еркін  бәсекелестік мүмкіндігін жоя отырып экономикалық және технологиялық прогресске қарсы әсер ететін факторларды жасайтыны  белгілі. Аса инертті ауыр, техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық жаңалықтарды қабылдамайтын өнеркәсіп құрылымы – монополизмнің нәтижесі болып табылады. Капитал мен өндірістің жиынтығы технологияның ауырлауына әкеп соғады, ал еркін бәсекелестіктің шектелуі капиталдың салааралық еркін айналымына – қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін өндіріс құрылымын қолдаудың ең сенімді құралына кедергі келтіреді. Яғни монополизмнің 
бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы әсер ететін жалғыз фактор – шағын жеке бизнес. Солардың ішіндегі ең бастысы шағын кәсіпорындарды ресурстық және қаржылық қамтамасыз ету болып табылады.

Информация о работе Кәсіпкерліктің шығу тарихы