Кәсіпкерлік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 18:42, контрольная работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестіктің рөлін айқындау, бәсекелестік формаларын және бәсекелестікті қамтамасыз ететін әдістерді көрсету

Оглавление

Кіріспе 3
1 Бәсекелестік туралы түсінік
1.1 Бәсекелестік және оны талдау қажеттілігі 4
1.2 Бәсекелестіктің түрлері және формалары 6
1.3 Бәсеке қабілеттілікті бағалау әдістері 10
2 Қазақстан Республикасында бәсекелік ортаның дамуы
және оның ұлттық экономика үшін маңызы
2.1 «Алматы нан» АҚ-ң сипаттамасы және бағалау 14
2.2 «Алматы нан» бәсеке қабілеттілігін талдау 18
2.3 «Алматы нан» бәсеке қабілеттілігінің арттыру жолдары 23
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Файлы: 1 файл

кәсіпкерлік бақылау.docx

— 104.41 Кб (Скачать)

     Мазмұны 

                                                                                                             

       Кіріспе                                                                                                    3

1        Бәсекелестік  туралы  түсінік                                                  

1.1     Бәсекелестік және оны талдау қажеттілігі                                            4

1.2     Бәсекелестіктің түрлері және формалары                                           6                  

1.3     Бәсеке қабілеттілікті  бағалау әдістері                                                 10                                 

2        Қазақстан Республикасында бәсекелік ортаның дамуы

          және оның ұлттық экономика  үшін  маңызы         

2.1     «Алматы нан» АҚ-ң  сипаттамасы   және бағалау                             14                                                         

2.2   «Алматы нан» бәсеке қабілеттілігін талдау                                        18

2.3    «Алматы нан» бәсеке қабілеттілігінің арттыру жолдары                   23

          Қорытынды                                                                                           29

       Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                           30 

           
     
     
     
     

     Кіріспе

 
 

     Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпкерлік  қызметіндегі бәсекелестіктің рөлін  айқындау, бәсекелестік формаларын  және бәсекелестікті қамтамасыз ететін әдістерді көрсету

     Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы аспанында көк туы  желбіреген ел болып қалыптасқаннан кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды  табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп  - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс  – елдің экономикалық потенциялының  негізі, бәсекеқабілетті өндіріс  қана экономиканың бәсекеқабілеттіілігін  қамтамасыз ете алады. Қазақстан  Республикасының Өндірістік саясаты, осы салада жасалатын барлық нормативтік  құқықтық актілер, мемлекетті басқару  процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы  мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттігін қамтамасыз ету  үшін жағдайлар жасау, яғни соның  нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату.  Қазақстанның өндірістік бәсеке қабілеттілігі – адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру. Бәсекеқабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері төмендегідей:

     - ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ - нің өсуі;

     - халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және экспорттың өсуі;

     - бюджетке салықтың тұрақты түсуі;

     - шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді қолдану;

     - елдің ғылыми техникалық потенциялын сақтау және дамыту;

     - халықты жұмыспен қамту;

     - саяси және әлеуметтік тұрақтылық.

     Нарық кәсіпорынды шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін, өз қызметін қайта құруда шешімді әрекет жасауға ынталандырады. Нарық жағдайында кәсіпорын тауар  өндірушілерге тәуелсіз  шаруашылық жүргізудің негізгі объектісі болып  табылады және өзгермелі экономиклық  ортаның жағдайына бейімделу, залал  шекпей жұмыс істей білу қабілетіне байланысты.

     Нарықтық  экономиканың негізгі принциптері:

     - кәсіпорынның экономикалық және заңды дербестігі

     - еркін бәсекенің  қалыптасуы

     - баға қалыптасудың еркіндігі

     - мемлекеттің кәсіпорын жұмыстарына әкімшілік араласуын болдыртпау

     - тың қаржы – нарық жүйесі

     - нарықтық экономиканың негізгі принциптерін мемлекеттік қорғау.

     Қаржылай  көрсеткіштердің нәтижесі кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі абсолютті тиімділігін сипаттайды. 

     1 Бәсекелестік туралы түсінік

     1.1Бәсекелестік және оны талдау қажеттілігі

 

       Нарық механизмнің қалыпты әрекет етуі елдің қаржы, ақша және валюта жүйелердің тұрақтылығы жағдайында ғана болуы мүмкін. Бұл жүйелердің тұрақсыздығы нарықтық іс-әрекеттердің «наразылығын» тудырып, жағымсыз жағдайларға алып келетін нарықтық үрдістерді, соның ішінде, ең бастысы, бәсекелестікті бұрмалайды. Орталықтанған жоспарлы экономикалы елдер нарықтық экономикаға өту барысында шешуге тура келетін басты мәселелер болып, нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуына қажетті талаптарды құру және бірінші кезекте, нарық монополизациясының дәрежесін біршама төмендету табылады.

       Өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасына  әкімшіл-әміршіл жүйеден мұраға  қалған өте жоғары монополизация  нарықтық бәсекелестікті әлсіздетеді.  Бұл мәселені шешеудің басты  құралы ретінде, демонополизацияның  ізділікті, экономикалық қамтылған  саясатын жүргізу табылады. Соның  ішінде, біріншіден, жоғары монополизация  мен бәсекелестіктің шектелуіне алып келетін қосылу және өзге де шаруашылық аралық келісімдерге шектеулер жүйесін әзірлеу; екіншіден, қалыптасқан кәсіпкерлік монополиялардың шоғырланбауын ойластыру; үшіншіден, мемлекет тарапынан монополияланған салаларда бәсекелестікке белсенді көмектесу.

     Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы бәсекелестіктің  жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің  қозғаушы күштерін өте жақсы білуі  керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс-әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекетінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады.

       Бәсекелестіктің салалық деңгейіндегі  қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық  экономика жағдайында барлық  деңгейлерде көрініс табатын  жалпылама бәсекелестік механизімнің  маңызды құрамдас бөлігі болып  табылады. Мұндай зерттеу келесідей  аспектілерді қамтиды:

       Бәсекелестіктің салалық деңгейіндегі  қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық  экономика жағдайында барлық  деңгейлерде көрініс табатын  жалпылама бәсекелестік механизімнің  маңызды құрамдас бөлігі болып  табылады. Мұндай зерттеу келесідей  аспектілерді қамтиды

     Салада  потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда  болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда  нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады. 
 
 

     Кесте - 1 нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы

        

    Бәсекелестер  мақсаттары мен                                                             талаптарының диагностикасы

                                                  

 
          Бәсекелестердің нарықтық үлесін талдаужәне бағалау

                                                             

 

       

  Бәсекелестердің тауарлық саясатының  формалары мен әдістерін зерттеу                       
Бәсекелестер бағаларының өзгерісін зертеу
 
Бәсекелестер  өткізу торабының құралуын және олардың  өтізуді ынталандыру құралдарын талдау

                                                                                                                     

                                                               

                    Бәсекелестердің қаржылық қуаты мен тұрақтылығын бағалау
                     

                                    Нарықтың бәсекелестік картасын  құрастыру

 
 

     Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында  белгілі бір тосқауылдар болуы  мүмкін. Олардың негізгілері:

     - өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;

     - өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың көп түрлілікке әдеттенуі;

     - капитал қажеттілігі;

     - жабдықтаушыларды:ң алмасуына байланысты сатып алушылардың да сол кезеңдегі шығындары;

     - тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;

     - саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленген тосқауылдар.

     Нарықта әрекет етуші компаниялар арасындағы бәсекелестіктің қарқындылығы мынадай  факторлармен анықталады:

     - бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;

     - саланың салыстырмалы баяу өсуі;

     - үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;

     - дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше – конверсия шығындары);

     - қуаттардың секірмелі өсімі;

     - жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.

     Өнімнің бағасы, дизайнеры және сапасы нарыққа шығарылған ұқсас өнімге бергісіз болса ғана өнім бәсекеге қабілетті деп есептеледі.

       Өнімнің бәсеке қабілеттілігі ISO9000 және 14000 серияларының талаптарына сай болуы тиіс. Оны жобалау, жасау, өндіру және өткізу сияқты «сапа ілгесінің» барлық сатысында мақсатты және жүйелі түрде жүзеге асыра отырып, анықтау қажет.

 
 

     1.2 Бәсекелестіктің түрлері және формалары 

 

       Нарықтық экономиканың ең басты  принципі – тауар өндірушілердің  еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік  – бұл өндірушілер арасындағы  күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру  және өнімді тиімді өткізу  үшін күрес. 

       Нарық жүйесінде бәсекелестік  тұтынушылар үшін сайыс. Бұл  нарықтағы өзіне лайықты орын  алу үшін күрес, ол тауардың  сапасы мен арзандылығына байланысты.

       ІХІ ғасырдың орта кезінде  нарықта еркін бәсекелестік кең  өріс алды. Мұндай нарық сұраныс  пен ұсыныс негізінде бағаның  ауытқуымен байланысты болды.

     Ол  тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.

       Бәсекелестіктің негізгі екі  түрі бар:

     1) Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.

     2) Салааралық бәсекелестікбұл халық шаруашылығы салалары арасындағы күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.

Информация о работе Кәсіпкерлік бақылау