Кәсіпкерлік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 18:42, контрольная работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестіктің рөлін айқындау, бәсекелестік формаларын және бәсекелестікті қамтамасыз ететін әдістерді көрсету

Оглавление

Кіріспе 3
1 Бәсекелестік туралы түсінік
1.1 Бәсекелестік және оны талдау қажеттілігі 4
1.2 Бәсекелестіктің түрлері және формалары 6
1.3 Бәсеке қабілеттілікті бағалау әдістері 10
2 Қазақстан Республикасында бәсекелік ортаның дамуы
және оның ұлттық экономика үшін маңызы
2.1 «Алматы нан» АҚ-ң сипаттамасы және бағалау 14
2.2 «Алматы нан» бәсеке қабілеттілігін талдау 18
2.3 «Алматы нан» бәсеке қабілеттілігінің арттыру жолдары 23
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Файлы: 1 файл

кәсіпкерлік бақылау.docx

— 104.41 Кб (Скачать)

     2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  саны 2005 жылмен салыстырғанда  5,0 пайызға артты және 39975 бірлікті  құрады, оларда жұмыс істеушілер  саны 101,1 мың адамды құрады (немесе 2005 жылға 106,4 пайыз), аймақ кәсіпкерлері  өндірген  өнім көлемі (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 78,9 млрд. теңгені  құрады, бұл 2005 жыл деңгейінен 116 пайызға жоғары.

     2007 жылы шағын кәсіпкерліктер субъектілері  өндірген  жоспарланған өнімдер  көлемі  85,1 млрд. теңгені құрауы  керек, бұл 2006 жылдан 6,2 млрд. теңгеге  көп (108,0 пайызға).

     Шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2007 жылы 1125 бірлікке  39975 тен 41100 бірлікке дейін өседі (103,0 пайыз).

     2007 жылы  шағын кәсіпкерлік саласында  жұмыс істегендер саны 5,0 пайызға  артады және 106,1 мың адамды құрайды  және 2006 жылмен салыстырғанда 5,0 мың адамға артады.

     Кәсіпкерлікті дамытуда кәсіпкерлікті қаржылай қолдау маңызды рөл атқарады. Шағын кәсіпкерліктер субъектілеріне берілген кредиттер  көлемі 2005 жылы 50,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде екінші деңгейлі банктер 49,6 млрд. теңгені, 2006 жылы – 78,3 млрд. теңгені, оның ішінде екінші деңгейлі банктер 77,8 млрд. теңгені, 2007 жылы – 95,0 млрд. теңге жоспарлануда, оның ішінде екінші деңгейлі банктермен 94,6 млрд. теңге.

     Қызметтерін жүйелендіру және бәсекелестікті дамыту  мақсатында қазіргі кезде Қарағанды облысында  кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылы субъектілерінің өзара тиімді әрекет Стратегиясы әзірленуде. Стратегияның мақсаты  облыстың экономика жүйесін,  жалпы мемлекетте  шағын және орта бизнесті қолдауды әрі қарай дамыту  кезеңін құру болып табылады.

     Бәсекелестік  кәсіпкерліктің құрылуына жетекші  рөлді шағын бизнестің көптеген даму факторлары атқарады, олар конструктивті  келісімнің нарықтық механизмін құрады және әр түрлі субъектілер арсында  өзара әрекетті – аймақтық маңызды  жобалар  қызметтерін іске асыруда  ықтимал  серіктестіктер. Атап айтқанда, қоғамдық ұйымдарды, бизнес-бірліктерді, мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, білім беру, консалтингтік  және басқа құрылымдар өзара әрекет механизмін құру мен қамтамасыз ету.Қарағанды  облысында  әкімнің  2007 жылғы 27 сәуірдегі  № 09/14 Қаулысымен бекітілген, бәсекелестік жөніндегі Кеңес құрылған. Кеңес  қызметтерінің мақсаты Қарағанды  облысы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар негізгі  міндеттері бойынша ұсыныстар әзірлеу  және Қазақстан, жақын және шет ел нарығында  тауарлар мен қызмет көрсетулерге жоғары қосымша құнмен  жылжыту  бағыты болып табылады. Кеңес мемлекеттік  және жеке секторлар өкілдерінен  тұрады. Кеңесті басқаруды Кеңес  төрағасы – Қарағанды облысының  әкімі  іске асырады.

     Бәсекелестікті  дамыту үшін «Металлургия- метал өңдеу» және «Қарағанды қаласының фармацевтік  кластері»  кластерлер қызметтері іске асырады, солардың төңірегінде Үйлестіру  Кеңестері  құрылған және олардың  жоспарларына  техникалық және кәсіптік білімді кадрлар даярлау сапасын  арттыру үшін оқу орталықтарын ашу  дұрыстығының мәселелері, еңбек нарығында  олардың бәсекеге қабілеттіліктерін  арттыру.

     Қарағанды облысында кәсіпкерлікті дамытуға білімді бәсекеге қабілетті басқару  мен кәсіпкерлік талаптарын өздері талдауға, өздері нормалауға, өздері ұйымдастыруға, өздері басқаруға, өзара пайдалы  қызмет схемасына келісуге және басқаларға бағытталған. Бәсекелестікті басқару  және кәсіпкерлік қабілеттер  соңында  кәсіпорындардың, аймақтың жалпы  мемлекеттің  тауарлар мен қызмет көрсетулерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

     Қарағанды облысында  шағын кәсіпкерлікті  қолдау мен дамыту бағдарламасын  іске асыру кәсіпкерлік ортасының  анық өскенін көрсетті. 2006 жылы 2005 жылдың шілдесімен салыстырғанда шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6322 бірлікке өсті (51062 бірліктен 57384 бірлікке дейін). Өндірілген өнімдер көлемі (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 20,9 млрд. теңгеге, бюджетке төлем – 1,5 млрд. теңгеге өсті.

     Жалпы Бағдарламаны іске асыру жоспары  орындалған, оны іске асыруға қарастырылған  бюджет қаражаты игерілді: бизнес субъектілері үшін сайт құрылды, кәсіпкерлерге маркетинг, менеджмент және бухгалтерлік есептер  бойынша оқу жүргізілді және консультация беру бойынша жұмыстар жүргізілді.

     Осылайша, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін облыстық бюджеттен 2004 жылы – 7,1 млн. теңге, 2005 жылы – 5,0 млн. теңге, 2006 жылы -11,8 млн. теңге,  2007 жылы – 8,4 млн. теңге  бөлінді.

     «Кәсіпкерлік  қызметтерін қолдау» бюджеттік  бағдарламасын іске асыру барысында:

     - 2004 жылы мына қалаларда: Балқаш  Жезқазған, Қарағанды, аудандар: Осакаров, Қарқаралы және Жәйрем  кентінде 6 шағын бизнес орталығы  құрылды. 919 консультация берілді, 199 бизнес-жоспар құрылды, 623 кәсіпкер  оқытылды.

     - 2005 жылы: Осакаров, Қарқаралы, Бұқра  жырау, Жаңаарқа, Шет және Абай  ауылдық аудандардарында  6 шағын  бизнес орталығы құрылды.  1734 консультация  көрсетілді, 462 бизнес-жоспар әзірленді, 1315 кәсіпкерлер оқытылды.

     - 2006 жылы Қарағанды, Шахтинск қалаларында,  Осакаров ауданында облыс кәсіпкерлеріне  ақпараттық портал әзірлеуге,  Оскаров ауанында шағын бизнес  орталығын құруға  трансферттер  бөлінді (277 консультация  көрсетілді), Шахтинск қаласының кәсіпкерлері   оқытылды (123 кәсіпкерлер оқытылды).

     Сонымен қатар,  импорт  алмастыру Бағдарламасына сәйкес   импорт алмастыру өнімдерін  жеткізуге шартқа отыру бойынша  жұмыстар жүргізілді. Мысалы, 2006 жылдың басында 54 шағын және орта бизнес кәсіпорындары 5,5 млрд. теңге сомасында өнім жеткізу  ұсынылды, олар ұсыныстың жалпы сомасынан 17,5 пайызды құрайды. 01.01.07 жылғы ахуал  бойынша шағын және орта бизнес субъектілері жеткізген нақты өнімдер көлемі 9,0 млрд. теңгені құрады, бұл жағдайда бағдарлама қатысушыларының саны 142 бірлікті құрады.

     2006 жылы  2007-2009 жылдарға арналған  шағын кәсіпкерлікті қолдау мен  дамытудың жаңа Бағдарламасын  әзірлеу бойынша ұсыныстар мен  нәтижелер шынайылығын қамтамасыз  ету мақсатында облыстық бюджет  қаражатынан  шағын кәсіпкерлікті  дамыту бойынша маркетингтік  зерттеулер жүргізуге 5,0 млн. теңге   бөлінді. 

     Зерттеу төңірегінде 503 бизнес субъектісіне келесі қызмет түрлері бойынша: құрылысқа  – 13 пайыз, ауыл шаруашылығы өндірісіне – 4 пайыз, көлікке – 13 пайыз, тауар  өндірісі мен халық тұтынуларына – 7,5 пайыз, сауда, тұрмыстық қызмет көрсетулерге – 58 пайыз, оқыту, консалтингтік  және басқа қызмет көрсетулерге – 4,5 пайыз сауалнама жүргізілді.

     Қарағанды облысының имиджін отандық және әлемдік нарықта анықтау  мақсатында 100 негізгі Инернет-сайттарда талдау жүргізілді, соның негізінде РR- стратегия  бағыты анықталды, ол Қарағанды аумағына кәсіпкерлікті дамыту үшін артықшылық береді.

     Қарағанды облысында өткізілген,   шағын  кәсіпкерлік  қоғамына қатысты  және жалпы экономикалық реформаларға қатысты  анықтау бөлігінде облыс халқына  социологиялық сұрау жүргізілді (3 мың адамға). Өткізілген зерттеулер Қарағанды облысының шағын кәсіпкерліктің негізгі  мәселелерінің картасын құруға ықпал етті. 

     2.3 «Алматы нан» бәсеке қабілеттілігінің арттыру жолдары

 

     «Алматы нан» кәсіпорнының өндірістік құрылымы мынандай 4 топқа бөлінеді: кондитерлі, тоқаш, вафли, қаттама тоқаш өнімдері, кепкен нан цехтары кіретін негізгі  өндіріс, бухгалтерия, өндірістік зертхана, механикалық цех, электр қызметі, құрылыс  цехы, санитарлық қызмет, жабдықтау  қызметі мен өткізу қызметтері бағынатын  көмекші өндіріс. Өндірістік бөлімшелер тікелей өнім дайындау үлгісі жүретін (цехтар, телімдер, сонымен бірге  қойма, зертхана, шеберхана, энергетикалық  шаруашылық және т.б.), олардың саны мен құрамы кәсіпорынның өндірістік құрылымын бейнелейді.

     Кәсіпорынның  бәсеке қабылеттілігін артыру үшін  келесі факторлардың деңгейін жоғарлату жолдары қарастырылуы тиіс:

     - қызмет көрсету және өнім сапасы;

     - маркетингтің және өткізу стратегияларының тиімді көрсеткіштері;

     - басқару мен персоналдың білім деңгейі;

     - өндірістің техникалық деңгейі;

     - кәсіпорын қызмет ететін салық ортасы;

     - қаржыландыру көздерінің мүмкінщілігі.

       Америка мен жапон алдыңғы  қатарлы технологиялардың барлық  нарығындағы  қатал күресте  жапондардың ұстанымдары басымдылық  корсетті. Өйткені 70-жылдары олардың  негізгі принциптері баға және  сапа болды. Осыдан бастап жапон  фирмаларының өнімді өткізу, қызмет  көрсету, жарнамалау мәдениеті  дүние жүзі маркетологтарының назарын аудара бастады.

     Бұл жерден өзін сүйгіштікті көрііп отырсақта  «мемлекет имиджі» тауарлардың  бәсеке қабілеттілігін жоғарлаттуға елеулі үлес қосады. Нарықтық шаруашылық, сонымен  бірге оның оқымыстылары тауардың бәсекеқабілеттілігін схема түрінде көрсету – нарықтық процесстің барлық қиыншылықтары мен  жіңішке жақтарын схема түрінде  көрсетуге тырысу деп ұққан. Сондықтан  оларға бәсекеқабілеттілік ыңғайлы, ойды және көңілді шоғырландыратын жалпы  алғанда менедмент, жеке алғанда  маркетингтің барлық әртүрлі стратегиялық және тактикалық тәсілдерін қамтитын  термин болды,  Бәсеке қабілеттілік  - өзің және бәсекелесің үшін есептеп шығаратын, нәтижесінде жеңіске жететін деңгей көрсеткіші емес. Ол нарық жағдайында келесілерге сүйенетін жұмыс философиясы.

     - тұтынушылардың қажеті мен даму тенденциясын түсіну

     - бәсекелестердің мүмкіндіктері мен мінез – құлқын білу;

     - нарық дамуының тенденциясы мен жағдайын білу;

     - қоршаған ортаны және оның бағытын білу;

 тұтынушы сенің тауарыңды құптайтын тауар шығару және тұтынушыға жеткізу.         

     Шетел нарықтарында тауардың бәсеке қабілеттігін арттыру үшін тауарды өндіруді жоспарлау қажет. Тауарды өндіруді халықаралық жоспарлау тікелей-экстенсивтік, бейімделуші дамымайтын және дамитын стратегияларға негізделе жасалады. Тікелей-экстенсивтік стратегияда фирма ішкі рынокқа және экспортқа шығару үшін сапасы бірдей тауарды өндіруі керек. Бұл жағдайда фирма өз тауарын, оның заңтаңбасын, қораптауын, әрленуін (дизайнын), құрамы мен технологиялық қосымшаларын ешқандай түрлендірмей немесе өзгертпей-ақ өтіп кететініне сенімді болуы керек. Басқаша айтқанда, тікелей-экстенсивтік әдіс өндіріс ауқымын үнемдеу есебіне шығындарды азайтуға бағытталған.

     Ал  бейімделуші стратегияны алатын болсақ, бұл стратегияда компания әр елдің тұрмыс жағдайларына тез  бейімделіп кететін тауарларды өндіреді (бұндай жағдайларға тілдік, технологиялық, заңдық, мәдени-әлеуметтік жағдайлар  жатады). Бұл дүниежүзілік рынокта  тауар өндіруді жоспарлаудағы ең ыңғайлы жол. Өйткені бұл жерде  тауардың негізі өзгермейді және әр мемлекеттегі сұраныс жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырады. Сондықтан бейімделуші  стратегиясы халықаралық маркетинг  тәжірибесінде өте жиі қолданылады.Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

     Қазақстан Республикасы Конституциясында былай  деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік  қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін  пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге  мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар  болып табылады. Нарықтық экономика  кезінде осы фактордардың жұмыс  істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар, іскерлік, басқару  және өз мүмкіндіктерін белгілі бір  мақсатта жетістікке қол жеткізуге  пайдалана білу икемділігі. Жалпы  өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ  та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке  арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша  жұмыс орындарының ашылуына да себебін  тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін  маңызды мемлекеттік міндеттер  қатарына жатқызуға және экономиканы  реформалаудың ажырамас бөлігі деп  қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық  қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

     Кәсіпкерліктің  түрі формаларының өзара тиімді антымақтастық  құруы келешегі зор бағыт. Шағын  кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді  қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы  сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның  өзі олардың тұрақты табыстарына  кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың  орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын  қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа  қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік  нарықта колсалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөль атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке  өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ біртұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.

Информация о работе Кәсіпкерлік бақылау