Кәсіпкерлік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 18:42, контрольная работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестіктің рөлін айқындау, бәсекелестік формаларын және бәсекелестікті қамтамасыз ететін әдістерді көрсету

Оглавление

Кіріспе 3
1 Бәсекелестік туралы түсінік
1.1 Бәсекелестік және оны талдау қажеттілігі 4
1.2 Бәсекелестіктің түрлері және формалары 6
1.3 Бәсеке қабілеттілікті бағалау әдістері 10
2 Қазақстан Республикасында бәсекелік ортаның дамуы
және оның ұлттық экономика үшін маңызы
2.1 «Алматы нан» АҚ-ң сипаттамасы және бағалау 14
2.2 «Алматы нан» бәсеке қабілеттілігін талдау 18
2.3 «Алматы нан» бәсеке қабілеттілігінің арттыру жолдары 23
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Файлы: 1 файл

кәсіпкерлік бақылау.docx

— 104.41 Кб (Скачать)

       Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері - бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлекті қоюға еркі бар.

       Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:  біреу, өзі араласып кәсіп жасайды,  екіншісі- жұмысшылар жалдайды, үшіншісі- акция, облигация сатып алады,  төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады (инвестициялайды) т.б. Әрбір кәсіпкер  немесе бәсекелестікке қатынасушылар  өз ақшаларына қосымша пайда  тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы  күнін көруге тырысады.

       Еркін бәсекелестік жағдайда  ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы  бір салада өнімді көп шығарып  дағдарысқа ұшыраса, екінші салада  тауар жетіспейді. Бір фирманың  табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал  шоғырланып орталықтанады ол  монополия құрылуына әкеледі,  яғни нарықты басып алады, әлсізді  шығарады. Монополия деген сөздің  мағынасы: моно-жалғыз, полия-сату.

     Жетілмеген  бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.

     1) Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар:

      1) сатушы тек қана бір фирма

     2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ

     3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды

     4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын  кедергі қояды. 

     Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен  қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт  кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің  қатаң бақылауында болады.

     2) Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен рөль атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.

     3) Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго- көп емес, азғантай; полия- сату.

     Бәсеклестік әдістері:

     1) Баға бәсекесі басқа бәсекелестіктерге  қарағанда төмен бағамен тауар сату, төмен тарифпен қызмет көрсету. Бұл жағдайда бағаның төмендеуі өнім бірлігіне шығындарды азайтқаннан немесе пайда есебінен болады. Ірі монополистер бағаны төменге түсіріп барлық бәсекелестіктерді жояды, сонан кейін бағаны өсіріп жіберген зиянын немесе ала алмаған пайдасын қайтарады.

     2) Баға емес бәсеке – нарыққа жоғары сапалы, артық сенімділігі бар, пайдалану мерзімі ұзақ, жоғары өнімділікті, көп ассортиментті тауар ұсынады. Өнімнің аса ерекше маңызды параметрі – экологиялық тазалығы, қуат сыйымдылығы, эстетикалық көрсеткіші, қауіпсіздігі тағы  басқа.

     3) Арсыз бәсекелестікбұл әдіс бәсекелестіктің нормасын, ережесін бұзу, демпинг (төмен бағамен сату), нарықта үстемдік ету, өтірік мәлімет тағы басқа.

       Бәсекелестер фирманың өзі қызмет  істеуге тырысатын нарық түрлерін  таңдауына өте қатты әсер етуге  алады. Бұл жерде бәсекенің  3 түрін көрсетуге болады:

     Функционалды  бәсеке - бұл әр түрлі қажеттіліктерді көптеген тәсілдермен қанағаттандыруға болатындықтан туындайды 

     Осыған  сәйкес қанағатты қамтамасыз ететін барлық тауарлар функционалды бәсекеге жатады, оған спорт дүкендеріндегі  спорт құралдары мен жабдықтары  жатады. 

     Көріністі бәсеке – бір ғана мақсатқа арналған маңызды өлшемдермен ерекшеленетін тауарлардың түрі. Мысалы: бір класты 5 орынды  жеңіл автокөліктер, бірақ двигательдерінің мүмкідіктері әр түрлі болады.

     Затты (предметная) бәсеке – фирмалардың ұқсас тауарларды шығаруының нәтижесі, олар дайындаудың сапасымен, кейбір жағдайда бірдей сапамен  ерекшеленеді.

     Кәсіпорын өнімінің бәсеке қабілетілігін қалытастыру  үшін  басқару мен өндірісті  жаңалап қана қоймай, бұл не үшін істеліп жатқанын нақты біліп, қандай мақсатқа қол жеткізу керек екенін айқындау керек. Бұл жерде ең бастысы, бәсекелестік күресте өзіңнің салыстырмалы артықшылықтарыңды тез және тиімді қолдана білу. Барлық күштер сені әлеуметті бәсекелестерінен оңашалайтын салаларды дамытуға бағыттау қажет. Көптеген алдыңғы қатарлы фирмалар барлық жұмысшылары еруге міндетті өзінің салыстырмалы артықшылықтырын ереже, лозунг түрінде қалыптастырды.

     Кәсіпорын өндірісінде әлемдік класты қалыптастыру үшін өзің жұмыс істейтін әлемдегі ең  таңдаулы салада немесе нарықта маңызды бір өндірістік қызметтің аспектісін таңдауы қажет.

     Ол  үшін бәсекелестік нарықтағы кәсіпорын  өнімінің салыстырмалы артықшылықтары қандай екенін айқындап, өндірістің қандай аспектілеріне немесе шаруашылықтың  қандай қызметіне ең бірінші көңіл  аудару керектігін анықтаған жөн (мысалы, өндіріс шығындары және баға, сапа, техникалық деңгейі, қызмет көрсету деңгейі, өндіріс икемділігі және т.б.).

     Жалпы кәсіпорынның төрт негізгі бәсеке қабілеттілік деңгейін немесе дәрежесін бөліп  көрсетуге болады. Бірінші деңгейлі кәсіпорынның басшылары басқаруды ұйымдастыруды  ішкі нейтралды деп қарастырады. Басшылар өз қызметін өнімді беруде деп қана түсінеді де, тұтынушылары мен бәсекелестері үшін ешқандай сыйлық ойластырмайды. Олар өз өнімдерінің техникалық және конструкциялық жетілу деңгейіне соншалықты сенімді, яғни бәсекелестерімен салыстырғанда артықшылықтары маркетинггтік қызметте және  тұрмыстық бөлімдердің қуаттылығында, олар жарнамаға тауарын қою арқылы сатып алушыны қуантуға дайын. Барлық қосымша өндірістегі немесе басқарудағы жоғарылау ешбір мотивациясыз артық болып саналады.

     Мұндай  жақындау жоғары дәрежеде жеткіліксіз  болып көрінгенмен егер ол жылдам бәсекеден сақтайдын нарықта өз нишасын таба алса, кәсіпорын табысты болып саналады. Бірақ кәсіпорын немесе фирма өсіп өндіріс көлемін ұлғайту барысында келесі әрекеттер қалыптасуы мүмкін: кәсіпорын алғашқы жұмыс істеген нарық нишасынан келесі бір оның сегментінде бәсекеге түсуі мүмкін немесе алғашқы ниша өсуші нарыққа айналып басқа өндірушілер үшін тартымды бола бастайды. Бұл жерде тек қана өнімді өндіре білу аз, яғни  бәсекелестер ұсынған өндіріс шығыны, сапа, жеткізудің нақтылығы, қызмет көрсету деңгейі аясындағы салыстырмалы артықшылықтарды иеленуге тырысу керек.

     Сондықтанда бәсеке қабілеттілігі екінші деңгейдегі компаниялар өздерінің өндірістік жүйесін «сыртқы нейтралды» етіп жасауға тырысады. Бұл дегеніміз  кәсіпорынның негізгі бәсекелестері  орнатқан стандартқа толық сәйкес болу. Олар техникалық приемдарды, технологияларды, өндірісті ұйымдастыру әдістерін  алдыңғы қатарлы кәсіпорындардан  алып өзінде қолдануға және шикізат  материалдарын, полуфабрикаттарды  және толықтырушы заттарды да басты  бәсекелестері алатын көзден алуға тырысады.

     Өнімнің сапасын басқарудағы принциптері, қор деңгейін бақылауы, ішкі өндірістік бітеулері, өзінің өндірісіндегі жұмыскерлермен қатынасты да дәл сондай сипатты  орнатады. Керек болса олар басқарушылар мен мамандарды, әсіресе жоғары квалификациялы, білікті инженер – техник  мамандарын осы саладағы компаниялардан шақыруға тырысады.

     Осындай туындаған мәселелерді шеше алған  кәсіпорындар ғана өз бәсәкелестерін жеңіп бәсеке қабілеттіліктің үшінші деңгейіне жетеді, басқару өндірістік жүйеге, оны дамытуға және жетілдіруге  белсенді әсер ете бастайды.

     Нарықтық  жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің  жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді.Мұндай ерекшеліктердің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде туарлар мен тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды. Өнімнің бәсеке жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге қабілетті өнім нарықта тез және жеңіл  сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейіне жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтық пайда болу қарсаңында қалыптасады.

     Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып  алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы  үшін тиімділігі ұқсас тауар –  бәсекелестер ерекшеленеді. Тауарлы  нарықтың зерттеулері көрсеткендей сатып алу туралы тұтынушылардың  үштен бірінің соңғы шешімі тауардың сапа көрсеткіштерімен байланысты.

     Мәселенің мәнін толық түсіну үшін негізгі  салдарын ашып көретуге болады:

     1)Бәсеке қабілеттіліктің үш негізгі құрамдас бөлігі бар. Біріншісі өнімнің сапасымен тікелей  байланысты, екіншісі сатып алушының экономикалық мүмкіндіктерімен, шектеулерімен және тауарды өткізу экономикасымен байланысты. Үшіншісі тұтынушыға сатып алушы ретінде  ұнамды немесе ұнамсыз болып табылатын барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер және тағы басқалар.

     2) Сатып алушы – ең басты тауарды бағалаущы. Бәсеке қабілетті тауарлардың барлық элементтері әлеуетті сатып алушыға күмән тудырмайтындай айқын болуы керек. Жарнамада бәсеке қабілеттілік кешенін қалыптастырарда сатып алушылар мінез-құлқының жеке факторларын, интеллектуалдық деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. Қызықты факт: шетелдік жарнама беруші  барлық құралдар жарнамамен байланысты материалдарда сауатты және сауатсыз аудитория бөліп көрсетеді

     3)Әр нарық өзінің атып алушысымен сипаталады. Тәжірибеде бәсеке қабілеттілікке жалпы анық көзқарас қалыптасқан. Ол біз талқыға салып отырған ойды толықтырады.

     1.3 Бәсеке қабілеттілікті бағалау әдістері

 

       Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау талданатын өнімнің салыстырылатын база параметрлерін қою арқылы арқылы жасалады. Салыстыру базасына сатып алушының қажеттілігі мен үлгі жатады. Үлгі дегеніміз – максималды сату көлемі немесе болашақта өткізу даму болашағы  бар балама тауар. Бәсекелестік көрсеткіштің бірлік есебі төмендегі формула бойынша есептеледі:    

     

 

     gi – i - параметрі бойынша бәсеке қабілеттіліктің бірлік параметрлік көрсеткіштері ;

     Пi –талдалатын өнімнің   i- параметрінің ауқымы;

     Пin –қажеттілік толық қанағаттандырылатын i- параметрінің ауқымы;

     n – талданатын параметрлердің саны.

     Көрсетілген әдіс өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін оның параметрлерін  төмендету немесе жоғарлату қажеттіліктерін көрсетеді.

     Техникалық  параметрлері бойынша көрсеткішті  есептеу  төмендегі формула бойынша  есептеледі:

              ,

       - Техникалық параметрлері бойынша бәсеке қабілеттілік топтық;

      - i – техникалық  параметрі  бойынша бәсеке  қабілеттіліктің  бірлік көрсеткіштері;

      - қажеттілікті сипаттайтын жалпы  техникалық  параметрді жинау  арқылы i- параметрінің ауқымы;

      - бағалауға қатысатын параметрлер  саны.

     Экономикалық  параметрлер бойынша  топтық көрсеткіштер:

     

,

     З, З0 – бағаланатын өнім немесе үлгі бойынша тұтынушының толық шығындары;

            ,

     Т – қызмет мерзімі;

     i – тәртіп бойынша жылдар.

     Кешенді сандық көрсеткіштер арқылы белгілі  бір нарық жағдайында тауардың бәсеке қабілеттілігін көрсететін аралас әдіс – бәсеке қабілеттілік коэффициенті:

              ,

 

     i = 1, …, n – бағалауға қатысатын өнім параметрлерінің саны;

Информация о работе Кәсіпкерлік бақылау