Балалардың сүйікті жыршысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 21:39, реферат

Краткое описание

Қымбатты достым, қалай ойлайсыз, қазіргі қазақ әдебиеті мен поэзиясында жалпақ жұрттың жаңадан тіл ашқан бүлдіршінінен бастап, аз-көп жасаған ғұмырында әлденеше қыр асқан қариясына дейін жаппай оқитын да танитын қаламгер бар ма? Бар! Ол - қазақтың көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы, Қазақстанның халық жазушысы - Мұзафар Әлімбай!

Файлы: 1 файл

Балалардың сүйікті жыршысы - Мұзафар Әлімбай.doc

— 320.00 Кб (Скачать)

 

Жүргізуші: Құрметті жыр сүйер қауым! Бүгін сүйікті ақынымыз М.Әлімбайдың шығармашылығымен тереңірек танысу үшін  1997 жылы “Санат” баспасынан шыққан 2 томнан тұратын таңдамалы шығармалар жинағы  бойынша “Мұзафар ақын еліне” саяхат жасаймыз. Ақынның шығармаларының қос томдығы - оның ондаған жылда орнатқан қос бөлмелі құтханасы. Ал құтханасының әрбір бөлімі бір-бір ауылға бергісіз  тамаша өлең-жыр, аңыздардан тұрады. Ендеше бірнеше ауылдан тұратын құтхананың төріне озыңыз! Жыр дастарханынан дәм татыңыз! Жылылық тапсаңыз, қалауыңызға жақса, жиі-жиі соғып тұрыңыз! Сапар барысында кітапханамыздың ең үздік оқырмандары атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Өлеңді нақышына келтіріп оқыған   жас ақындарымызға арнайы сыйлықтар беріледі. Сонымен, кешікпей саяхатымызға аттанайық!

 

(Алдын ала  үнтаспаға жазып алынған ат  айдаушы даусы мен ат тұяғының  дүбірі естіледі)

Кітапханашы: Балалар,  алдымен ”Балалық шақ” ауылына аттанамыз. Сапар барысында  әңгімеші мен өмірбаяншының қызықты әңгімелерін тыңдаймыз.

Әңгімеші:

“Асыға асқаныңда  қайқаң белден.

Алдыңнан ауыл шығар  ойпаң жерден,

Айна көл ақшыл тартып жатар тымық,

Секілді қымыз құйған жайпақ зерең”.

 

Бұл - ақынның туған  жерінің суреті. М.Әлімбайдың  туған өңірі Маралды атырабы да (Павлодар облысы, Шарбақты ауданы) әнші–күйшілердің, ақын-жыраулардың, ертегіші-хикаяшылардың, ділмәр шешендердің думан құрған өнер төріндей болды.  Солардың тәтті сазын, татымды сөзін, тартымды ғибрат-тағылымын қаршадайынан құлағына құйып өсті. Ақынның жастық шақ, есею жылдары, толысу кезеңдері де кілең бір өнегелі ортада, білікті үлкендердің қасында, таланттылардың жанында өтті.

Өмірбаяншы: “Әкем   ескіше оқыған, Уфадағы медресе “Ғалияны” бітірген, жәдитше мектепте дәріс берген. Анам Зейнеп те хат таныған. Жарқын мінезді, тілді, тумысынан ақын кісі еді…Әкесіз өткізген жылдарда тапшылық, тіпті жоқшылық тауқыметін талай тартсақ та, асыл ананың арқасында жетімдік көрмейтіндеймін.Қайран ананың жүрек жалыны тірі қалған екі баласын әлпештеуге әкеміздің көзі жоқтағы тұста да мол жетіпті. Алғаш рет Бұқар жырау, Көтеш, Абай, Сұлтанмахмұт, Иса, Естай, Сәбит Дөнентаев… аттарын да, жырларын да апамнан естідім. Қаншама ертегі, қиссаны апам жатқа айтушы еді. Өзі де жанынан жырлар шығарушы еді. Ақындықтың алғашқы ұрығына аппақ нұр, асыл нәр беретін де ана әлдиі, ана” жыры, ана әңгімесі шығар. Қаламгерлердің қайсысы болса да, анасын ақ сүті үшін де, рухани сусын бергені үшін де ақ жүрегінен алғысын айтып, еске алатыны содан-ау”-, деп еске алады ақынның өзі.

Көркемсөз оқушылар “Ана” , “Маралдыма махаббат”, “Балалық шақты еске алу” өлеңдері мәнерлеп оқиды.

Кітапханашы: Балалар, кішкене тынығып, аттарымызды ауыстырып алғаннан  кейін “Оқуда” ауылына аттанамыз.

 

(Алдын ала үнтаспаға жазылған ат айдаушының дауысы мен ат тұяғының дүбірі   естіледі)

 

Әңгімеші: Қандай жанның да балалық шағы - болашағының баспалдағы. Кім-кімнің де ат жалын тартып, азамат жасына келгенде қандай адам болмағы, оның балалықтан алған әсер -байлығына көп байланысты. Оның үстіне Мұзафар Әлімбай, негізінен, балалар ақыны. Сол себепті балалар ақынының тағы да балалық шақ әсері туралы естеліктеріне ден қоялық...

Өмірбаяншы: “…Мен үйде және интернаттар мен пансионаттарда тәрбиелендім. Үздік оқыдым, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан пионер болдым, сурет салуға да құмар-ақ едім, қабырға газеттерін шығару қай мектепте де менің сыбағама тиетін-ді. Көбіне тақпақ оқитынмын. Суфлер будкасынан сыбырлап отырғаным көп баланың қолы жетпес дәреже көрінетін маған.

Павлодар педучилищесі - менің поэтикалық бесігім, журналистік жолымның бастауы. Бірінші жырды  соның қабырғасында жаздым. Сол училищеде оқып жүргенімде тырнақалды туындым облыстық “Қызыл ту” газетінде 1939 жылы 18 маусым күні жарық көрді. Сол жылдары аяулы ұстаздарымнан әдеби ғана емес, адами тәлім алып өстім.Облыстық газет қасындағы әдеби бірлестікке де белсенді мүше болдық, бірақ бірде-бір әдеби кештен қалып көргеміз жоқ. Сөйтіп жүріп, “ақын бала” атана бастадық,”- деп еске алады ақын.

Көркемсөз оқушылар “Жолдас”, “Ұстазыма” “Ұстаз жолы” өлеңдерін  мәнерлеп оқиды.

 

Кітапханашы: Балалар, біраз сусынымызды қандырып, кешікпей “Солдаттар ұмытпайды сұрапылды” ауылына аттанамыз.

(Алдын ала  үнтаспаға жазылған ат айдаушының  дауысы мен ат тұяғының дүбірі   естіледі)

 

Әңгімеші:  Қиын жазған қаныммен де, теріммен

Қимасымды тартып алған өлімнен,

Менің төрт жол  отты жолым-төрт жылым

Қызыл бояу, ірі  әріппен терілген.

1941 жыл… Соғыс бұрқ  етті. Он сегізден жаңа ғана  асқан жасөспірім жігіт соғысқа  өз еркімен сұранып қанды майданға шеру тартты. М.Әлімбайдың балғын жастығы жойқын жорықтың аласапыран алаңында, көк ала түтіннің ішінде, оқ топанының астында өтті. Жас солдат қиын-қыстау күндерде қару мен қаламды қатар ұстады. Өрт оранып отырып, солдаттың оғындай ұшқыр, қаһарындай кекті алғашқы өлеңдерін жазды. Ақын өлеңдерінде жауға деген жалыны лапылдаған, дауылы бұрқап ұйтқыған өшпенділік жатты. “Ата, батырға да жан керек”, майданда қорыққан оқиғаларыңыздың еске түскенін айтып беріңізші” деген журналистің сұрағына, атамыз былай жауап беріпті

Өмірбаяншы:  “Бұл сонау алыстағы сұрапыл жылдарда болып еді…Ұрысқа түнде кірдік. Аға лейтенант Чернов екекуіміз артта қалып қойыппыз. Сөйтсек, немістердің шегінгенде қалып қалған бір артиллерия батареясының дәл тұмсығының астынан шығыппыз. Енді сәл жүрсек не тірідей, не “басқаша” қолға түседі екенбіз. Орманды тасалап зытып бердік. Олар да оқты жаудырып берді. Әйтеуір, тигізе алмады. Сонда қорықтым,- деп сөзін аяқтапты Мұзафар атамыз. Майданнан жеті жарым жыл өткен соң офицер - танкист атанып туған үйіне оралады.  Бір кездегі балаң жігіт жай ғана оралмай, уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтады.

“Ту тіккен” поэмасынан үзінді, “Ерлер ескерткішіне татиды”, “Қайран достар-майдандастар”  өлеңдері мәнерлеп оқылады.

Кітапханашы: Біраз демалып, дәмді-тәттілермен шәй ішіп, осы ауылда аттарымызды ауыстырып “Сүйген жүрек сөз табады сүйсінер…”   ғашықтар мен махаббат ауылына аттанамыз.

 

Балаларға тәтті  сусын мен конфеттер таратылып  беріледі.

Әңгімеші: Балалар бұл жолы да сөзді атамыздың өзіне берсек:

 

Өмірбаяншы: “Соғыс басталғаннан кейін бір ай шамасында Павлодарда бүкіл Арқаны әнмен тербеген әсем әнші, асқан талантты композитор Естай бастаған мәдени-үгіт бригадасы құрылды. Мен сол бригадаға конференсье әрі декламатор-ақын боп қатыстым. Бригада болып ауылдарда әдеби-концерттер өткіздік. Сонда Есағаңның үш айдай қасына ергенім кейін “Естай-Қорлан” ғашықтық дастанын жазуыма негізгі түрткі қозғау болған еді. Маралды көлі маңындағы ауылдарға барған сапарында сал-сері жігіт қор қызындай Хорланға ғашық болады. Әкесі бұны сезіп қалып, Хорланды атастырған жеріне ұзатып жібереді. Жас ғашық жаны күйзеліп қала береді. Бұдан кейін ақынның трагедиясы да, өнер өлкесі де сол Хорлан болады. Қазақ баласына жаппай ұнаған, құлағына ұялаған құдыретті ән-“Хорлан” сол қасіреттен туған. Естай - махаббат жыршысы. Жан азаттығының жалынды жаршысы. Сонда Есағаңның үш айдай қасына ергенім кейін “Естай-Хорлан” ғашықтық дастанын жазуыма негізгі түрткі қозғау болған еді.

Көркемсөз оқушылар “Сен бердің махаббаттың жазын маған” өлеңінен, “Естай-Хорлан” ғашықтық дастанынан үзінді оқиды.

 

Кітапханашы: Біраз демалып, аттарымызды ауыстырып “Поэзия патшалығында“  ауылына аттанамыз.

(Алдын ала үнтаспаға  жазылған ат айдаушының дауысы  мен ат тұяғының дүбірі   естіледі)

Көркемсөз оқушылар “Көңіл сазы”,“Ақын  арманы”, “Ана тілі” өлеңдері мәнерлеп оқиды.

 

Әңгімеші:  Сарқырап аққан тас бұлақ

 Самалды Баян тауында,

 Ұзаған сайын тасқындап,

 Келетін біздің ауылға.

 Ақындық асқар қиялдан

 Бұлақ жыр соған ағады.

 Ентелей келіп қияннан,

 Елінен арна табады…

Сонау заманнан-ақ қазақ  даласынан өлең өнері мықтап орын алған. Оның қазақ тұрмысына енбеген, салтқа айналмаған жері жоқ. Үлкен жиын-той  көркі өлең-жыр болған. Жырау ақындар  келелі топта өнеге жырын толғаса, суырып салма ақындар өз ара айтысқа түсіп, өнер жарыстырған. Бұларды қоршаған жұрты  жақсы сөздерге қошамет білдіріп, кеу-кеулей көтермелеп, оны өздерімен бірге ауыл-ауылға таратып отырған. Шын ықыласпен, зерде қоя оқыса, өлең өзін-өзі сүйгізеді, өзіне баурап еріксіз тартып алады. Мұзафар күндіз-түні үздіксіз ізденетін, гүлдерден бал жинаған арадай сөзді мысқылдап теретін үлкен еңбектің ақыны. Ол өз көргендерінің бәрін көңіл сүзегінен өткізіп, соның ішінен өлең боларлық дәнін таба біледі. Ұшы қиырсыз жалпақ даланың ұзына бойы жырға арқау бола бермеуі мүмкін. Соның үшін де күмбезді таулары, көз тоқтатар көгілдір көлдері, қызыл бұлттай желбіреген таулары, көз тоқтатар көгілдір көлдері, қызыл бұлттай желбіреген қызғалдақтары өлең жолы болып құрала кетуі ықтимал.

Көркемсөз оқушы “Поэзия патшалығында өлеңін  оқиды.

 

Кітапханашы: Біраз демалып, аттарымызды ауыстырып “Туған жер“  ауылына аттанамыз.

(Алдын ала  үнтаспаға жазылған ат айдаушының  дауысы мен ат тұяғының дүбірі   естіледі)

Әңгімеші: Бірде ақын атамыз журналистің “Сіздің бойыңыздағы әсемдік, сұлулық, сезімталдық әлемі - ақындық талант пен құдірет қара сөз өнерінің қайнар көзі - мақал-мәтелдерге деген қабілеттің қалыптасуына негіз қалаған не нәрсе деп ойлайсыз?”- деген сауалына мынадай жауап беріпті

Өмірбаяншы:  “Оған әсер еткен, ең алдымен менің алтын бесік-атамекенім Маралдының шырышы бұзылмаған арда табиғаты мен көз жанарыңды суырып әкетердей әсем көрінісі деп айтуыма болады. Бір шеті Сібірдің Құлынды даласымен шектесіп, екінші шеті Арқаның ақселеуі аймағына сұғына еніп жатқан бұл өңір бала күнімде қыз күлкілі бұлақтары сылдырай ағып, құлын жоны көрінбейтін көк майса шалғыны самал желмен толқындана тербеліп тұрар еді. Бәрінен де Маралдының дуадақ ұшқан дархан даласы мен топырағы тоңмайдай томырылған құнарлы қырқаларын айтсайшы!… Міне, осындай өңірде өмірге келген адам қалай ақын болмасын?! Егер біреу: ”Жыр әлеміне келер жолда кімге қарыздарсыз?”,-десе, онда мен еш ойланбастан: “Қасиетті туған жеріме, оның қиялыма қанат бітірген сұлу да әсем табиғатына борыштармын”,-деп жауап берер едім”-, дейді ақын атамыз.

Көркемсөз оқушылар “Сағыныш сазы”, “Маралдыма махаббат” өлеңдері, “Менің Қазақстаным” лирикалық-философиялық дастанынан үзінділерді  мәнерлеп оқиды.

“Маралдым”  әні орындалады. Әнін жазған: Ә.Бейсеуов. Өлеңі: М.Әлімбаевтікі.

Кітапханашы: Аттарымызды ауыстырып “Бүлдіршін, бүлдіршін, күнмен бір күлсін!“  балалар   ауылына аттанамыз.

(Алдын ала  үнтаспаға жазылған ат айдаушының  дауысы мен ат тұяғының дүбірі   естіледі)

Көркемсөз оқушылар “Мен туған үй”, “Бөбегім мен өлеңім”, “Оқырман! Өмірлесім, тағдырласым!” өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Әңгімеші: Мұзафар атамыздың   балаларға арналған өлеңдерінің таным тарапындағы мағынасы мен тәрбие саласындағы мәні орасан зор. М.Әлімбай балалар әдебиетінде де белді орын алатын ақындарымыздың бірі. Оның балаларға арналған өлеңінде кішкентай бөбектердің мінез-құлқын көп білетіндігі байқалады. Енді сөз кезегін ақын ағамыздың өзіне берсек:.

Өмірбаяншы: «Бөбекке арнап жазған бірінші өлеңім есімде қалмапты. Күлді – бадам құнсыз сөз болған ғой деймін. 1949 жылы «Пионер» журналында өзіммен қызметтес Мұхамед ағайдың үйіне барсам, кішкентай қыз баласы Ләйлә бұрышта қуыршақ ойнап, жансыз қуыршақтармен сөйлесіп отыр екен. Бір кезде ол жатқа өлең айтты. Бұл менің соғыстан кейін туған екі бауырыма ермек үшін шығарып берген жеке-жеке шумақтарым еді. (Осының аз-ақ алдында ғана «Пионер» журналында «Менің ойыншықтарым» деген атпен басылған.  1956-58 жылдарда “Қазақ әдебиеті” газетінде әуелі көркем әдебиет бөлімінің меңгерушісі, іле бас редактордың орынбасары қызметін атқардым. Республикамызда тұңғыш рет бүлдіршіндердің көркем-әдебиет журналы “Балдырған” ашылғаннан бастап мына беріге дейін соның бас редакторы болдым. … Шынымды айтсам, мені балалар ақыны жасаған балаларым мен бауырларым. Бүлдіршіндерге дегенімнің денін мен солар үшін жаздым, алғашқы нұсқаларын соларға тыңдаттым, мектепке барған соң соларға оқыттым, соларға сынаттым, жаттай алмаса не ұқпаса, солардың ыңғайына қарай өңдедім, қысқарттым, кәдеге жаратпай, толайым-түгел лақтырғандарым да болды…

 

 “Алматы кешінде” әні орындалады. Өлеңі : М.Әлімбаевтікі

Әнін  жазған: І.Жақанов

 

Кітапханашы: Біраз тынығып, аттарымызды ауыстырып “Әнсіз өмір-мәнсіз“  ән-жыр    ауылына аттанамыз.

(Алдын ала  үнтаспаға жазылған ат айдаушының  дауысы мен ат тұяғының дүбірі   естіледі)

 

Әңгімеші: Ән - адамзат құрдасы! Ән - зарлының мұңдасы! Ән -сергектік серігі! Ән - ғашықтық сырласы! Өздеріңізге жақсы таныс ақынның сөзіне жазылған “Ақмаңдайлым”, “Ақсұңқарым”, “Маралдым” тағы басқа әйгілі әндер құшағында қашаннан қазақ даласы әлдиленіп тұрса, “Мұғалім ол біздің”, “Ақ бауырсақ”, “Жұлдызым”, “Алаңдар туған анасы” тағы басқа да балаларға арналған өлеңдері сендерге жақсы таныс.  Ақынның бұл әндері халық - ананың өзі шығарған төл туындысы болып кеткеніне көп заман өтіпті. “Әнсіз өмір - мәнсіз” цикліне енген ән мәтіндері халық арасына кең тараған, әр қазақтың сүйікті әніне - көңіл күйіне, жан сырына айналып кеткен. Бұлар туралы айтып керегі жоқ, тамсана шырқап толғау керек.

Информация о работе Балалардың сүйікті жыршысы