Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
Бухгалтерлік басқару есебі - есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есбінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы - шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизиестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтын бөлімшесі үшін анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық бөлімішесі (бұлар бизнестің ұсақ сегментері болуы мүмкін,алайда міндетті түрде өзінің басшысы.
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде кұрылымдық бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек:
Әрбір шығын орталығы - жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның басшысына кәсіпорының барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауға көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл осы орталыққа шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын орталықтары ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.
Кіріс орталығы - жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларынын іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті - жауапкершілік орталығының қызмет корытындылары шығаруда нәтижелерді кесімді белгілеу.
Пайда орталығы - бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі - алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің корытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталықтары – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік көтереді.
Басқару есебінің мәні - шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорьшың болашақ даму мәәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін таллдауға есеп жүйесін біріктіріп кірістіру (интеграциялау).
Ұйымды жауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.
Менеджерлерге жүктелген жауапкершілік дәрежесіне байланысты кәсіпорының ұйымдастырушылық құрылымы орталықтандырылған немесе ортлықтандырылмаған болып сипатталуы мүмкін.
Орталықтанған ұйымдар функционалді принциптер бойынша (әкімшілік, қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.с.с.) құрылған және олардың басқару есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай жүйесі шын мәнісінде консервативті болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлікті көздейді және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.
Орталықтапдырылмаған құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттері бар, кәсіпорын әкімшілігінің алдынала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай алады.
Дегенмен орталықтандырылмаған жүйенің табысты жұмыс істеуі тым болмағанда, екі шартты сақтағанда болуы мүмкін:
- жоғары мамандандырылған басқару кұрамының бар болуы;
- тұтастай ұйымның және оның жеке кұрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары мен мүдделерінің үндесуі.
Таңдалған ұйымдастырулық құрылым түріне қарамастан, тұтастай компанияны қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте жоғары басшылықта болады.
3. Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Құнды қағаздармен қаржылық операциялар, мүлікті сату мен сатып алу, жал және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т.с.с. басқару есебінің шеңберінен шығады.
Бұрын атап көрсетілгендей, басқару есебінің өрісі - есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніпдегі есеп немесе сегменттік есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп - ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Сегменттік есептің ақпараты фирмаішілік басқаруда, сегменттік есепті құрастыруда, басқарудың әр түрлі деңгейіндегі шығындар мен нәтижелері басқарушылық бақылау жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды бақылау үшін қолданылады.
Басқарушылық бақылау жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша кірістер мен шығыстарды реттеу мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын ережелер мен олардың бір қатарын өзіне алады. Сегменттік есептің нақты мәліметтері мен жоспарды экономикалық талдау негізінде олар жауапкершілік орталықтарының қызмет нәтижелерін өлшейді және жоспарланған көрсеткіштерге мәліметтері сәйкес келетіндігі анықтайды.
Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер үшін смета (бюджеттердің) әзірлеу қалыптасу негізі болып қызмет етеді. Басқаша аитсақ сегменттік жоспарлау басқарушылық бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Басқа екі құрамдас бөлігі болып сегменттік есеп пен сегменттік есеп берушілік шығады.
Ақпаратпен қамтамасыз ету - жүйелі, уақтылы, сыйымды, нысаны мен қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
Сегменттік жоспарлау, есептеу мен есеп беруді жүргізу бухгалтер жолдаушының қызметтік міндеттеріне кіреді.
Кәсіпорынның акпаратгық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері көрсетілетін әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебімің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады.
Құжаттама – кәсіпорынның өндірістік қызметін жеткілікті дәрежеде толық көрсететін алғашқы құжаттар мен ақпараттық машиналық атқарушылары. Кәсіпорын ерекшелігіне сәйкес бастапқы есеп қаржьшық және басқару есебіне арналған ақпараттың негізгі көзі болып табылады.
Түгендеу - объектінің іс жүзіндегі жағдайын, сондай-ақ есептік мәліметтерден ауытқушылықты, есепке алынбаған құндылықтарды, шығындарды, кем шығуды, ұрлықты анықтау тәсілі.
Топтастыру мен жинақтап қорыту, бақылаушы шоттарды пайдалану - белгілі бір белгілер бойынша объекті туралы ақпаратты жинақтауға және жүйелендіруге мүмкіндік беретін – тәсіл. Топтастырылған ақпарат іс-әрекет нәтижелерін бағалау мен шұғыл және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиімді пайдаланады.
Бақылаушы шоттар - сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар. Бақылаушы шоттар жүйесі қаржылық және басқару есебі арасын байланыстыратын буын болып шығады және есептік жазбалардың толықтығы мен дұрыстығың анықтауға жол ашады.
Мөлшерлеу (нормалау) - ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі. Мөлшерлеусіз қорлар мен іс жүзіндегі шығындар жағдайын бақылау мен басқару есебі жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес. Мөлшерлер бақылау жүйесінің негізгі ретінде жауапкершілік, азық-түлік және операциялар орталықтары бойынша жіктеледі және топтастырылады.
Ынталандыру - кәсіпорының мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы. Бұл ретте сметалар мен оларды орындау туралы атқару есептері алға шығады.
Бақылау - пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.
Басқару есебінің ақпараты оперативті басқаруда бухгалтерлік мәліметтермен нығайтылады және кейде толықтырады. Өз кезегінде қаржылық есеп мәліметтері жанжақты қарастырылады; басқару есебінен түсетін ақпаратпен толықтырылады.
Бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі; қойылған мақсатқа (кері байланыс) жету анықталады; ауытқу себептері: жоспарлау кемшіліктері; оперативті шешімдер санын көбейтуге әкелген іс-қимылдың қолайсыз жақтары; бақылау жүйесінің басқару талаптарына сәйкессіздігі; қате мақсатты таңдау айқындалады.
Тәсілдің барлық элементтері бір-бірінен алшақ емес, басқару міндеттерін шешуге бағытталған ішкі шаруашылық байланыстарын ұйымдастыру жүйесінде әрекет етеді.
Бухгалтерлік басқару есебінде қолданылатын топтар сан алуан:
түгендеу мен құжаттама,
Олардың барлығы бір тұтас жүйеге бірігіп кірістіреледі және кәсіпорынды басқару мақсатында қолданылады.
Қаржылық есеп пайданы анықтау үшін шығындарды кірістермен салыстыруды көздейді. Үлкен ассортиментті тауарлар шығаратын немесе көп өндірістік жұмыс тізбесі бар кәсіпорындағы әрбір орындаған жұмыстың құнын бағалағанда әрбір орындалған жұмыстың құнын ескеру қажет. Жасалған жұмыстардың, өндіріс сатысындағы жұмыстың құнынан және пайдаланылмаған шикізат құнынан кұралатын жалпы сома ағымдағы кезең шығындарының сомасынан шегерілуге тиісті пайданы анықтағанда, өнім қорының құнын бағалау үшін негіз болады. Бұл жалпы сома балансқа енгізу үшін өнім қоры кұнын есептегенде де негіз болып кызмет етеді. Сондықтан құн жасалған жұмыстың немесе өнімнің әрбір түрі бойынша есептеледі, осылаиша, қаржылык есептері жасау үшін қажет акпарат дайындалады. Өндірістік есеп (өндірістік шығын есебі) жүйесі осындай ақпаратты дайындау мен беру үшін құрылған болатын.
Өндірістік есеп мәліметтеріне 1950 жылдары сыртқы пайдаланушылар емес, көбіне ішкі пайдаланушылар қызығушылық танытатын. Кәсіпорын басшылығы үшін өндірістік шығындар жайлы мәліметтерді жинақтау нәтижесінде басқару есебі жүйесі пайда болған қаржылық есеп жүйесінен гөрі басқа принцип бойынша жүзеге аса бастауға себепті болды.
1972 жыл бухгалтерлік есептің қаржылық және басқару болып ресми бөлінуін жария етті. Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы түлектеріне бухгалтер-талдаушы мамандығын беріп, басқарма есебі бойынша диплом алу бағдарламасын әзірледі.
Басқару есебі ұйымның өз шегіндегі басқару үшін қажетті есептік ақпараттың барлық түрін камтиды. Басқару есебінің жалпы өрісінің бөлігін өнім бірлігінен түсетін түсім мен өндіріске жұмсалған шығындарды анықтау мақсатымен бұрын дамыған өңдірістік есеп алады. Өндірістік есеп қазіргі заманғы жағдайларда өндіріс шығындары есебін алдын-ала болжап қана қоймай, үнем туралы мәліметтерді немесе өткен кезендердегі мәліметтер немесе болжамдарды, стандарттармен салыстырғанда артық жұмсауды талдауды және шығындарды азайтудың мүмкін болатын резервтерін айқындауды көздейді.