Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Басшыларға қысқа мерзімде пайданы өте көп шамада көбейтуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау үшін ақпарат беріледі.
Ұйымдастырушылық іс-әрекеттің басқару есебі талаптарын қанағаттандыру үшін басқарудың әр түрлі деңгейіндегі менеджерлердің өзіндік шығындары, трасферттік бағаларды қалыптастыру принциптері, мамандандырудың орынды деңгейі шығындар шикізат өңдеу көлемі - пайда принципін қолданатын өндірістік бөлімшелерге қатысты негізділікті, бөлімше мөлшерін тандаудың дұрыстығы туралы ақпарат қажет.
Мұнда ұйымдастыру қызметі туралы шығыстар сметасы жасалып, атқарылуы бақыланады: өндірістің ауыспалы көлемі, өзгермелі және тұрақты шығыстар, трансфертгік бағалардың өзіндік құнының, пайданың есептік-талдамалы есептеулері жүргізіледі. Есептің бұл тарауы жауапкершілік орталықтары - рентабельділік шығындары бойынша жиынтық ақпаратты қалыптастырады.
Басқару есебінің барлық құрамдас бөліктері өзара байланысқан, оларда жасалатын ақпараттар тізбесі кәсіпорындағы басқару есебі мен тұтастай басқару жүйесінің ұйымдастырылу және жетілдіру деңгейін сипаттайды.
Басқару есебінің принциптеріне мыналар жатады: кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі; жоспарлау мен есептеу (жоспарлы-есептік) үшін кәсіпорын бөлімшелерінің іс-әрекет нәтижелерін бағаларын өлшеу бірдей бірлігін пайдалану; басқару мақсатымен алғашқы және аралық ақпараттың жалғастығы, сабақтастығы және бірнеше рет пайдалану; ішкі есеп беру көрсеткіштеріне басқару деңгейлері арасындағы қатынастық байланыс негізі ретінде қалыптастыру; шығындарды, қаржыны, коммерциялық қызметті басқарудың бюджеттік (сметалық) тәсілдерін қолдану; есеп объектілері туралы тура ақпаратты қамтамасыз етудің толықтығы мен талдаушылығы; есеп саясаты белгілеген кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділік. Аталған принциптердің жиынтығы басқару есебі жүйесінің ықпалдылығын қамтамасыз етуі, бірақ есептік процесті бір ізге салмайды.
Кәсіпорын қызметінің үзіліссіздігі кәсіпорынның болашақта дамитындығын білдіретін, өндіріс ауқымын қысқаратын және өзінен-өзі тарайтын ниеті жоқтығымен бейнеленеді. Бұл принцип бухгалтерлерді ұзақ мерзімді проблемаларды шешуге: өнімді өндірудің бәсекеге қабылеттілігін талдау, шикізат пен материалдарды, ассортиментті өзгерту мен жаңа өнімді игеру, инвестициялар және т.с.с. ақпараттық қызмет етуді жасауға бағыттайды.
Өндірісті жоспарлау мен есептеуде бірыңғай жоспарлы-есептік өлшем бірліктерін пайдалану, олардың арасындағы тікелей кері байланысты қамтамасыз етеді.
Жоспарлы-есептік бірліктер жедел (оперативті) өндірістік жоспарлау жүйесінің әр түрлі деңгейіндегі мәнін ашады, олардың көмегімен өндірістің басқару есебі мен шығындардың бухгалтерлік есебі көрсеткіштерінің өзара тығыз байланысына негізделген барлық есеп жүйесінің методологиясын әзірлеу үшін, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің - шаруашылық жүргізу нәтижелерін анықтау үшін нақты мүмкіндіктер пайда болады. Өндірістің басқару есебінің жоспарлы-есептік бірліктері мен бухгалтерлік есеп қолданылатын, қоймаға тапсырылған дайын өнімді өлшеу бірліктері бірдей. Солар арқылы басқару мен орындалған тапсырыстардың қаржылық есептері арасында байланыс байкалады.
Кәсіпорыннын кұрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелерін бағалау- басқарү есебі жүйесін құрудың негізін қалайтын принциптердің бірі. Кәсіпорындардағы ұйымдастыру формаларының бір-біріне ұқсамайтын барлық өзгерістері болса да, басқару есебі оперативті - өндірістік және техникалық экономикалық жоспарлаумен байланысты болуға тиіс. Басқару есебі жоспарлау мен бақылау жүйесімен біріккенде цехтың, участоктың, бригаданың шаруашылық жүргізу механизімін білдіреді. Іс-қызмет нәтижелерін бағалау әрбір бөлімінен өндірістен өнімде өткізуге дейінгі кәсіпорынның пайдасын қалыптастыру тенденциялары мен келекшектерін анықтауды көздейді.
Кәсіпорынның шаруашылық тетігі бөлімшелердегі және олардың ішіндегі оралымды басқару қажеттіліктеріне бейімделуге тиісті.
Алғашкы мәліметтерді жинау, өндеу және тарату процесінде сабақтастық пен көп қолданыс принциптерін сақтау есеп жүйесін қарапайымдандырады және оны тиімді етеді, аз шамадағы мәліметтерден басқару шешімдеріне арналған ақпараттың ең көп қажетті санын (аз шығын - бухгалтер-талдаушының алдына қойылған мақсатты шешуде атқаратын зор маңызы) алуға мүмкіндік береді
Басқару есебі алғашқы бастапкы есеп мәліметтері бойынша ішкі есеп берудің көрсеткіштерін соншалықты қалыптастыру мүмкіндіктерін ие болғандықтан, олар кәсіпорын іиііндегі қатынас жүйесіне айналады. Есептік ақпарат алғашқы құжаттарда, негізгі және қосалқы цехтардың есебінде нөлдік деңгейде пайда болады, бірінші деңгейде акпарат жабдыктау бөлімінің, ішкі операция, өндірістік бөлімшелердің, бухгалтерияның өткізу және қаржылық бөлімдерінің, қойма шаруашылығының құрама құжаттарында топтастырылады. Кейінгі деңгейлерде завод басқармасының (бас конструктордың, бас технологтың, бас механиктің, кадр, өндірістік бөлімдердің және т.с.с.) бөлімдеріндег есептік құрама кұжаттаманы жинақтап қорыту мен қалыптастыру жасалады.
Ең жоғары деңгейде құрылымдық бөлімшелерден түскен құрама ақпарат жинақтап қорытылады, ол өндірістік-диспетчерлік, жоспарлы-экономикалық және бухгалтерия - бөлімдерінің корытындылайтын есептік құжаттамасына айналады. Есептердің мазмұны оның мақсатты белгілілеуіне немесе арнайы басшының қызмет орнына байланысты болады. Бухгалтерлік-талдаушылар: өнімнің өзіндік құнын анықтау мақсатымен өзіндік құн талдау жөніндегі есептер; алдағы шығындарды жоспарлауға арналған сметалар; жұмыс нәтижесін бағалау үшін өндірістік бөлімшелердің ағымдағы оперативті есептерін; шұғыл шешімдер қабылдау үшін өндіріске шығатын шығындар жайлы есептер, сондай-ақ ұзақ мерзімді жоспарлау немесе болжау үшін күрделі сметасын талдау жасайды.
Осылайша жүйе ақпараттың толықтығы мен талдамалылығы принциптеріне сай болуы керек. Есептегі көрсеткіштер талдау үшін қолайлы түрде қосымша талдаушылық өндеуді талап етпейтіндей болуы тиіс, кері синтез (төлемдегіден басқарудың жоғары деңгейіне дейін) қарастырмауы керек. Бұл принциптерді бұзу жүйенің қымбаттауына және басқарудың оралымдылығын жоғалтуға келеді.
Кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділік принципі де басқару есебі жүйесін кұру үшін өте маңызды. Басшыға арналған ақпарат орынды кезде ғана қажет, ерте де емес, кеште емес. Уақытты қысқарту басқару есебі дайындаған акпараттық дәлдігін едәуір азайтуы мүмкін. Әдетте, басқару ақпараты бастапқы мәліметтерді жинау, оларды өндеу және қорытынды ақпаратта топтастыру кестесін белгілейді.
Шығыстарды, қаржыны, коммерциялық іс-әрекетті басқарудың бюджеттік (сметалық) тәсіл принципі ерекше көңіл бөлерліктей. Ол ірі кәсіпорындарда жоспарлау, бақылау және реттеу құралы ретінде қолданылады. Бюджеттік цикл қызметтің, бөлімшенің барлық салаларын жоспарлау; барлық ұжымның жобалық шешімдерін жинақтау; жоспар нұсқалары мен түзетулер енгізу есептері; жоспарланғаннан ауытқулар мен өзгеретін жағдайларды түпкілікті жоспарлау мен есептеу амалдарынан тұрады.
Смета (бюджет) ендірісті, өткізуді, бөлу мен қаржыландыруды қамтиды. Сметаларда бүкіл кәсіпорынның және оның бөлімшердің өндіріске шығындарын, бөлімшенің, тұтастай кәсіпорынның іс-қызмет түрлерінен түсетін кірістер, пайда көрініс табады.
5. Бұрын атап көрсетілгендей, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар өз бетінше жоспарлар, өндірістік бағдарламалар жасайды, өндіріс пен өнімді өткізу, баға саясаты саласында стратегияны белгілейді. Көрсетілген және ұқсас міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ басшы тиімді басқару шешімдерді қабылдауы үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ең анық жедел ақпарат қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік басқару есебі жүйесі ұсынады, және де олардың міндеттері күрделенеді.
Дамыған батыс елдерінде басқару есебі - құрамына қаржылық есеп те кіретін бухгалтерлік есептің біршама оқшауланған жүйеше (подсистема), бұған сондай-ақ қаржылық есеп те кіреді, және де олардың әрқайсынының өз мақсаттары мен міндеттері бар. Еске сала кетейік, қаржылык есептің мақсаты - өз әкімшілігіне де, сыртқы пайдаланушыларға да мәліметтер беру.
Басқару есебінін мақсаты - ішкі пайдаланушыларды - кәсіпорынды басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылықты есептік ақпараттың барлық түрлерімен қамтамасыз ету.
Ақпарат - тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер жайлы мәліметтер мен байқаудың фактілері, мағлұматтары, нәтижелері яғни зерттеу объектісі туралы берілген, біздің білімімізді кеңейтетіннің бәрі 100 саны өзінен-өзі ақпарат болмайды, ал ұйымда 100 адам жұмыс істейді деп жазу ақпарат болады.
Күнделікті жұмыс процесінде ұйымда қаржылық және басқару есебінде көрсетілетін қорытынды ақпарат үшін негізгі материалдар болып қызмет ететін оперативті ақпараттың біразы пайда болады. Менеджерлер үшін кез келген ақпарат ол есеп объектісі болу-болмауына, сандық бағалауға келу-келмейтіндігіне қарамастан, маңызды. Ірі тапсырыс берушіні ұйымның өнім сапасына көңілі толмайды және ол басқа жабдықтаушыны іздеуге әзір деген қауесет есегі пен бақылаудың объектісі болмаса да, сандық бағалауға келмесе де бұл өте маңызды ақпарат. Басқару есебіне қажетті, ақпараттың басқа типті ақпараттан, оның ішінде, қаржылық есепте пайдаланылатын ақпараттан негізгі айырмашылығын анықтау қажет.
Басшылық пайдалануы үшін жасалған және дайындалған бухгалтерлік басқару ақпаратына сыртқы пайдаланушыларға арналтан ақпаратқа қарағанда, басқаша талаптар қойылады. Басқару есебінде сандық емес ақпаратта (қауесет, әлеуметтік пікір-сұрау және т.с.с. нәтижелері) есептік және есептік емес болып бөлінетін сандықта да қолданылуы мүмкін. Есептік ақпараттың құжаттық негізділік принципі басқару есебінде ескерілмеуі мүмкін, сондықтан нақты және болжамдық бағалар да қолданылады.
Шұғыл басқару шешімдерін қабылдау үшін зерттеу объектісі туралы толық немесе толық емес ақпаратты қолдануға болады. Сонымен бірге кейбір жағдайларда тез өңделетін, толық емес ақпарат та жеткілікті болады. Бұдан басқа, жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін жеткілікті болатын жуық ақпарат та қолданылуына болады және мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да пайда болатын ақпарат көлемін едәуір ұлғайтуды ұйымнан талап етеді.
Шығарылатын өнімге сұраныс, белгілі бір жагдайлар мен талаптарда өнімді өткізу мүмкіншілігі, бұл өнімнің өндірісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, негізгі өндіріс, өндірістің техникалық дайындығы, өндіріске шығындар мен белгілі бір бұйымдарды шығарудың тиімділігі және т.с.с. жайлы ақпарат көлемі ұлғаяды. Көптеген кәсіпорындарда ақпараттық қажетгіліктер шамамен бірдей.
Экономикалық ақпарат кәсіпорынның өндірістік шаруашылық кызметін дәйекті және толық көрсетеді, мынадай түрлерге бөлінеді: жоспарлы, нормативті анықтамалық және есептік (1-сурет).
Жоспарлы
ақпарат болашақта жасалуы
Уақыттың (жылдың) нақты кезеңіне арналып, тұтастай кәсіпорын үшін смета (бюджет) жасау техникалық-экономикалық жоспарлаудың маңызды бөлігі болып табылады. Сметаны жасаған кезде әкімшілік қоятын басты мақсат - құрылымдық бөлімшелердің жеке жоспарларын үйлестіру, келісімді қамтамасыз ету.
Дайын өнім немесе дайындаудың әр түрлі деңгейіндегі өнім (не болмаса көрсетілетін қызмет, жұмыс түрлерін атқару үшін осы кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімше ұйымдастырылса) тұтастай кәсіпорын мен оның дербес құрылымдық белімшелерінің іс-әрекеті түпкілікті нәтиже болып табылуына байланысты, сметалардың мақұлдануы жоспарлау объектісі: өнім, сол өнімді өндіру бойынша шығындар, оның тиімділігі арқылы жүзеге асады.
Оперативті өндірістік жоспарлауға кәсіпорындар, жеке бөлімшелер, уақыттың қысқа мерзіміндегі (бір айдан сағатқа дейін) жұмыс орындары бойынша өндірістік бағдарламаның көрсеткіштерін анықтау егжей-тегжей қарастыру және нақтылау бойынша жоспарлы жұмыстар кіреді. Оперативті-өндірістік жоспарлаудың айрықшалыкты ерекшелігі - ол кәсіпорынның экономикалық нормалы жоспарын бүге-шүгесіне дейін әзірлеумен үйлеседі және өндірістік бағдарламаны орындаудың тепе-тендігін тікелей бақылайды.
Жоспар әзірлеу оның орындалуына кепілдік бермейді. Әрбір болімше басшысы бұл үшін нақты шаралар қолданады. Әрбір менеджер жоспардың орындалу барысын қадағалауға, қайсыбір ауытқуды тапқанда араласуга, қажет болған жағдайда бұрынғы жоспарды жаңа жагдайларды ескере отырып, өзгертуге міндетті.
Өндірісішілік жоспарлаудың екі бөліміңің түсінігін анықтау бір кәсіпорын аясында олардың мақсаттары мен міндеттері үйлеседі деп айтуға мүмкіндік береді. Жоспарлаудың екі бөлімінің негізін бірдей көрсеткіштер мен экономикалық нормалау кұрайды.
Нормалы-анықтамалық ақпарат-экономикалық ақпараттың қалған түрлері арасындағы байланыстырушы буын. Оның құрамы өндіріс түрімен, шығарылатын бұйымдардың номенклатүрасымен және күрделігімен, өндірісішілік еңбекті болумен, ішкі шаруашылык байланыстарының даму деңгейімен белгіленеді. Бұл белгілер техникалық-экономикалық және оперативті-өндірістік жоспарлаудың, өндіріс есебінін, өндіріске және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға жұмсалған шығындар есебін тәсілдерін қолдануға негіз қалаушылар болып табылады.