Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Қазіргі өндірістік есеп үшін шығындардың түрлері; пайда болу орындары; шығарушылар бойынша есептеу негіз болып қызмет етеді.
Түрлері бойынша шығындар есебі есепті кезеңде өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) процесінде кәсіпорында шығындардың қандай тобы пайда болғанын көрсетеді.
Шығындарды пайда болған орны бойынша есептеу олар жасалған кәсіпорынның жеке бөлімшелері (жауапкершілік орталығы) арасында бөлуге мүмкіндік береді.
Шығынды шығарушылар бойынша есептеу қайсыбір нақтылы өнім бірлігін өндіруге немесе белгілі бір тапсырысты орындауға байланысты барлық шығындарды анықтауды көздейді.
Осылайша, бірлігінің өзіндік құнын, оған түсетін пайда мен тиімділік деңгейін өндірістік есеп аясында ғана есептеуге болады. Уақыт өте келе кәсіпорынды басқару процесі міндеттерді қою тұрғысынан да, оларды шешу жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта өндірістік есеп аясы тар мақсат емес. Оның ақпараты жедел өндірістік шешімдер қабылдау үшін менеджерге керек.
Бухгалтерлік басқару есебіне өндірістік есеп пен қаржылық есептің бөлігі (өнім өндірісіне жұмсалған шығын туралы есепті жасау бойынша) кіреді.
Сонымен, басқару есебінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін осылайша тұжырымдауға болады:
Кәсіпорынның
басқару жүйелерінің
Кәсіпкердің, маманның, ақпаратты ішкі пайдалануышының қай-қайсысына қажетті ақпараттык база қалыптастыратып негізде шот жүргізу контроллингтің іргетасы болып қызмет етеді.
Контроллингті енгізерде шот қызметкерлерінң, басқару құрамының кәсіпкерлердің ділін ескеру керек. Кәсіпорында контроллинг бойынша жекелеген бөлімшенің бар екендігі қолайлы құрылым болып табылады.
Контроллингті бақылаумен және тексерумен тендестіруге болмайды.
Контроллинг жүйесінде есеп пен шығындарды, шаруашылық және қаржылық қызмет нәтижелерін жолдау мәселерімен айналысатын оралымды бақылау көзге айқын түседі.
Талдау бухгалтерлік есеп беру мәліметтеріне негізделеді. Жоспарлы қызмет статистикалық есептерді; көрсеткіштердің нақты мәнін салыстыратын қорытындылар мен жоспарлы мәліметтер ұсынылады. Тексерушінің міндеті-талдау негізінде өндіріс пен өткізудің пайдалылығын (рентабельділігін) ұлғайту мен шығындарды қысқарту жөнінде басшыға ұсыныс жасау.
Күрделі өндірісте контроллинг технологиялық тізбек бойынша бөлінеді. Осылайша, еншілес кәсіпорындар барда оралымды басқарудың міндеті іс-қызметінің түпкілікті қаржылық қорытындылары үшін жауапкершілік еншілес кәсіпорындарға жіберілмеуі; ал пайда ішкі бөлімшелер (ішкі шаруашылық есеп) бойынша бөлінеді, Шығындар орталығының қарауында ақша түсімдері, инвестициялар және бөлімшелер өздерінің іс-әрекетімен бас кәсіпорыннын, стратегиялык міндеттерінен бөліктенетіндікен, кәсіпорынның стратегиялык мақсаттарын бакылау болады.
Контроллинг жауапкершілік орталықтары бөлімшелердің өндірістік өткізу шығындарын талдаудан басталады.
Бухгалтер-тексеруші жаңа инвестициялар, жаңа тауарлар мен бұйымдарды сатып алу мен өндіру; өндірістік ассортименттік кұрылымды қалыптастыру, бағаларды негіздеу сиякты көптеген басқару шешімдерін қабылдауға "вето" салу құқығына ие.
Басшыға ақпарат, қаржылық жоспардың (бюджет) елеулі көрсеткіштері мен берілген мақсатты жүзеге асыруға арналған шараларды әзірлеуге маңызды көңіл бөлінеді.
Контроллинг – кәсіпорынның түпкілікті мақсатын жүзеге асыратын процесті бақылау. "Контроллинг" - өте кең ұғым. Ол тек кәсіпорынның ғана емес, бизнестің де іс-әрекетін реттеуші түрінде алға шығады, сондықтан арнайы ерекшеленген міндетті іс-қызмет саясын атқарады:
Контроллингтің міндетті іс-қызмет саясы оның басқару есебі мен тексеруден айрықшылықтарын айкындауға мүмкіндік береді. Басқару есебінің барлық құрамдас бөліктері өзара байланысты, оларда түзілетін ақпарат кәсіпорындағы және тұтастай басқару жүйесіндегі басқару есебін жетілдіру мен ұйымдастыру деңгейін сипаттайды.
Осылайша кәсіпорынды басқаруға қажетті барлық ақпаратты бухгалтерлер дайындайды, ал мұнымен байланысты кәсіби қызмет контроллинг деп аталады. Бұған кәсіпорынның есеп беруін, қаржылық көрсеткіштерді талдау жасау бойынша жұмыс, жоспарлы жұмыс, сондай-ақ кәсіпорын қызметін бақылаумен байланыстының бәрі кіреді.
Әр түрлі мемлекеттердің экономикалық кеңістігінің қосылуы салдарынан "басқару есебі", "өндірістік есеп", "контроллинг" сияқты ұғымдар мен, терминдерді әр қилы түсіндіру проблемасы пайда болды. Басқару тәсілдері сомасындағы бір елдің мамандарының да олардың мәні жайлы көз қарастары бірдей болмауы мүмкін. Осыған байланысты ұғымдар мен терминдерді ұлттық негізінен ажыратуға болмайды. Басқару есебі, өндірістік есеп немесе контроллинг жайлы әр елде, әр түрлі құбылысты бір терминмен атауы мүмкін болғандықтан, оларды қайсы бір есептік жүйеге жатқызбай тұрып, айту қиын.
Нарықтық қатынастардың шапшаң дамыған кезінде басқарудың рөлі өседі; өйткені онын, құрылымы мен тәсілдерінде сапалық өзгерістер жасауды талап етеді. Есеп, талдау, мөлшерлеу, жоспарлау мен бақылаудың дәстүрлі тәсілдерін ақпаратты алу, өндеу және шешімдерді қабылдаудың бірыңғай жүйенің кірігу процесі өте тез жүруде. Кәсіпорынды басқаратын жүйе ағымдағы мақсаты пайда алу ғана емес, стратегиялық міндеттерді шешуге де бейімделген. Жұмысты басқаратындардың тар ауқымды, ортодоксальды ойлауы емес, жүйелі, кешенді тәсіл басым болатын жүйе қалыптасады. АҚШ-та бұл әділетті (объективті) тенденциялар мен процестер негізінде басқару есебі ретінде белгіленеді, бұл елдегі контроллинг кейіннен кеңінен қарастырылуы, ал басқару есебі контроллингтің құрамдас жүйесіне кіруі мүмкін екендігін де естен шығаруға болмайды.
Неміс кәсіпорындарын басқару теориясы мен практикасында басқару есебі ұғымы жоқ. Бухгалтерия қаржылық және өндірістік болып анық бөлінеді. "Контроллинг" терминін немістер ағылшын тілінен алып, онымен кәсіпорынды басқарудағы сапалық жаңа құбылысты белгіледі.
Осылайша басқару есебі нарықтық процестерді дамыту мен тереңдету нәтижесінде кәсіпорын мен фирманың практикалық қызметінің элементі ретінде пайда болды. Ол кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін оңтайландыру мақсатымен басқарманың объектілері шамасындағы шығындарды талдау, жоспарлау, есептеу жүйесін білдіреді.
Басқару есебі жинау, тіркеу және ақпаратты жинақтап қорыту жүйесі сөзінің тармағынасындағы есебі болып табылмайды. Бұл - бәрінен бұрын әр түрлі жүйе бөліктері мен тәсілдерді бір тұтас мақсатқа жету үшін жұмылдыратын кәсіпорынның басқару жуйесі.
Мұндай жүйе бөлігін басқару есебі, пайда басқармасы немесе контроллинг деп атауға болады.
4. Кәсіпорынның өндірістік ресурстары - талдаудың жэне қаржылық басқару есебінің объектілері. Өндіріс процесінде жұмыс істейтін өндірістік ресурстардың құрамдас бөліктері статистикалық болып қалмайды, олар айналым жасайды, түрі өзгереді, өнімге айналады, үнемі қозғалыста болады, тозады және басқа өзгерістерге ұшырайды,
Нарыққа көшетін кезенде кәсіпорындар өндірістік ресурстарды пайдапануды, оларға инвестициялаудың мақсатқа сәйкестілігін, инвестицияның табыстылығын сипаттайтын талдаушы ақпаратқа мұқтаж. Бұл міндеттерді басқару есебі шешеді, экономикалық жағынан дамыған елдерде бар практика осыны дәлелдейді.
Өндіріс құралдарының айналымының барлық кезеңдерінде өндірістік ресурстар (жабдықтау-дайындау қызметі, өндіріс пен өткізу) жүйелі бухгалтерлік есепте көрініс табады. Алайда бұл көрсету ерекшелікті, ол қозғалысты (мысалы. кәсіпорын қой-маларындағы материалдық ресурстардың есебі, жабдықтаушыларындағы түсім мен өндіріске беру, цехтағы, цех коймаларындағы материалдардың қалдығы), негізінде, ресурстардың жағдайы мен бар-жоғына қатысты болады.
Материалдық
ресурстар мен негізгі
Қаржылық есеп тұтастай кәсіпорын, өнім түрлері мен топ-тары, тапсырыстар бойынша өндіріске жұмсалған матерналдық, еңбек және қаржылық шығындар туралы ақпаратгы жинақтап қорытады.
Басшылардың хабардар болуы - басқарудың барлық төменнен жоғарыға дейінгі жүйссінің жұмыс істеу тиімділігін арттырудың ең маңызды факторы.
Бұрын айтылғандай, қазіргі жағдайда басқару есебін ұйымдастыру мен жүргізу жөнінде өзіндік шешімдер болуы мүмкін. Ішкі қажеттіліктер үшін есепке тіркеуді реттейтін құжаттардың болмауы, ұйымдастыру мен есептегі техниканың бар болуы өндірістік есепті басқару есебі етіп қайта құруға мүмкіндік береді.
Басқару есебінің
жүйесін жасағанда әрбір
Басқару жүйесіндегі жабдықтау - дайындау іс-әрекеті басым орын алуы тиіс, өйткені ол-өндірісті алғашқы бөлу. Мүнда мынадай бағыттар көрініс табады; көтерме сауданы ұлғайту, жекелеген бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайту, сатып алу тәсілін таңдау (өзі өндіру немесе жабдықтаушыдан сатып алу), кәсіпорынның айналым құралдарына және жабдықтау - дайындау бөлімшелеріне күрделі қаржы инвестициялаудың тиімділігі.
Осы мақсатпен жұмыс түрлері мен қоймалар бойынша шығындар, материалдар бағасы, жартылай өнімдерді дайындаудың өзіндік құны, өндіріске берілген материалдық ресурстарды бағалау туралы ақпарат жиналады және жинақтап қорытылады. Процестер бойынша - алу, тиеу мен тасу, іріктеу мен сапалы бағалау, сақтау, жұмыс орындарын қамтамасыз ету мен олардын орындалуын бақылау шығындарының сметасын жасауға ерекше рөл белінеді.
Жабдықтау - дайындау қызметі туралы қорытынды жиынтық ақпарат жабдықтаудың ауыспалы көлемін есептеу үшін қолданылады.
Өндірістік қызметтің баскару есебі - басқару есебі жүйесінің орталық буыны. Мұнда мақсат міндетті іс бойынша жұмсалатын шығындары мен тәртіп туралы ақпарат топтастырылған. Өндірістік есепте материалдық, еңбек және қосымша шығындарды мөлшерлеуге, сондай-ақ нақты болған және нормативті шығындарды көрсету тәсілдерін мөлшерлеуге (нормалауға) елеулі рөл болінеді. Мұндайда өндірістік есеп шығындар мен калькуляциялауды есептеудің бірыңғай процесі ұйымдастырылады.
Әрбір кәсіпорын технология, текника, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, шығарылатын өнімнің күрделілігі мен номенклатура ерекшелктерін тиісті тәсілдерді қолдана отырып , өндіріс есебін ұйымдастыру үлгісін таңдай алады. Есептін бұл тарауында басқарудьщ әр түрлі мақсаттарына арналған өнімдердің өзіндік құны анықталады.
Қаржы - өткізушілік іс-әрекеттің есебі көмегімен өнімнің ассортименті, оның пайдалылығы, нарықтық тенденциялар жарнамаға, маркетингке, буып-түю, орауға, дайын өнім қоймасында сақтау мерзімі мен сапасы туралы ақпарат жиналады, өнделеді және қалыптасады. Бөлімдер мен қаржы-өткізу іс-әрекетінің сегменттері бойынша шығыстар сметасы жасалады және оларды орындау барысы бақыланады. Есептің бұл учаскесінде өндіріс үшін ең пайдалы өнім, тұтастай өндіріс көлеміне де, жеке өнімдерден де түсетін материалдық кіріс мөлшеріне әсер ететін факторлар анықталады.