Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Қайтарылмайтын шығындар (өткен кезең шығындары) бұрын қабылданған шешім нәтижесінде пайда болған, өткен шешімдерімен өзгерту мүмкін емес. Шешім қабылдаған кезде қайтарылмаитын шығыстар мен есепке алынбайтын шығыстар түсінігін айыра білу керек.
Жүктелген, мойынға артылған шығыстар тек басқару есебінде ғана болады. Қаржылық есеп бухгалтері қайсыбір шығындарды "елестете" алмайды, өйткені ол құжаттық негізделу принципін қатаң сақтайды.
Жүктелген (оларды басқаша болжанған, баламалы деп те атайды) шығындар - бұлар шешім қабылдағанда алдын ала қарастыру қажетті шығыстар, бірақ олардың болашақта болмауы да мүмкін. Мойынға жүктелген шығындар жайлы сөз ресурстар шектелген жағдайда ғана болады, егер ресурстар шектелмесе, онда есептелінетін шығындар нөлге тең.
Жүктелген шығындар тандау жолы іс-қимылдың баламалы бағамының бірі екіншісінен бас тартуды талап еткенде, жоғалған немесе құрбан етуге тура келген мүмкіндікті сипаттайды.
Мысал. Кәсіпорын үш ауысым бойы толық қуатымен жұмыс іс-теуде және айына 5 млн теңге тапсырыс дайындайды. Көтерме сатып алушы кәсіпорынға жаңа айлық тапсырыс ұсынады, бұл 6 млн теңге қосымша өзгермелі шығындар жасауга әкеледі. Шарттың ең аз бағасы қандай болуға тиіс?
Тапсырыс қабылдаған соң кәсіпорын бұрың алынатын 5 млн теңге табыстан бас тартады, яғни шын мәнінде 5 млн теңге зиян шегеді. Бұл соманы кәсіпорын шарт талаптарын талқылаған кезде ескеруге тиісті. Шарттың бағасы 11 млн теңгеден (5+6) кем түсе алмайды. Мүндайда 5 млн теңге мойынға жүктелген (болжанған) шығындар немесе кәсіпорынның пайдалана алмаған пайдасы).
Шығындардың
бұл категориясы ресурстар
Жоспарланатын шығындар - мөлшерлеу, норматив, лимиттеу және смета негізінде белгілі бір өндіріс көлеміне есептелген шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына жатады.
Жоспарланбайтындар - қосымша, жоспарлы өзіндік құн шегінен шығатын, нормативтен тыс шығындар, яғни нақты шығындар. Олар өнімнің нақты өзіндік құнына ғана әсер етеді.
Өсетін және шекті шығындар мен табыстар-өнімнің қосымша партиясын дайындау мен сату нәтижесінде пайда болған косымша шығындар. Бұларға тұрақты шығындар кіруі де, кірмеуі де мүмкін. Егер тұрақты шығындар қабылданған шешімдер негізінде өзгерсе, онда олардың өсуі өсетін шығындар ретінде қарастырылады, егер олар өзгермесе, онда өсетін шығындар нөлге тең болады. Бұл әдісті басқару есебінде табыстарға да қолдануға болады.
Жаңа өткізу нарығын игеру көзделген. Өткізудін. қосымша көлемі 100 бірлікті кұрауы тиіс, өткізу бағасы өзгеріссіз калады. Өзгермелі шығындар шамасы тауар бірлігі үшін 800 теңгені кұрайды. Сондыктан мынадай %-ке ұлғайту қарастырылған:
5. Шығындарды бақылау мен реттеу мақсатымен мынадай жіктеу қолданылады:
Жауапкершілік орталықтары бойыншатіркелетін шығындар мен табыс жауапкершілік орталығының менеджерімен реттелетін және ретгелмейтіндер болып жіктеледі.
Реттелетіндер - сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша барлык шығындар реттеледі, бірақ нақтылы атқарушы барлык шығындарға арер ете алмайды. Егер атқарушы шығын деңгейін реттей немесе елеулі әсер ете алса, онда бұл шығындар осы орындаушы реттей алатын болып белгіленеді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігі өндірістік қорлар алуды реттеуге, адамдарды жұмысқа жалдауға және т.б. құқығы бар, өндірістік бөлім басшысы мұндай шығындарға ықпал етпейді.
Деңгейіне қызметкер елеулі ықпап ете алмайтын шығындар осы қызметкер реттейтіндер болып белгіленеді. Көптеген шығындар толықтай жеке атқарушының қарауында болмайды. Мәселе шығындарды кім бақылайтындығында емес, кім шығын деңгейіне әсер ете алатын жағдайда екендігінде.
Мысалы, өндіріс цехы материалды артық жұмсауға жол берді. Бұл шығындар цех бастығы үшін реттелетін болып табыла ма? Жауап бір мазмүнда. Егер артык жұмсау цехтағы еңбек немесе технологиялык тәртіпті бұзу салдарынан болса, онда бұл шығындар бақыланатын болып шыгады. Егер цехка келіп түскен материалдардың төмен сапасына байланысты болса, онда өндірістік емес шығындар цех бастығымен реттелмейтіндер болып қарастырылады және жауапкершілік жабдықтау бөлімі бастығына жүктеледі.
Тиімділер - бұлар өнім өндіруге бағытталған шығындар, өткізу нәтижесінде табыс алынады.
Тиімсіздер - өнім өндірілмейтін болғандықтан, нәтижесінде табыс алынбайтын щығындар. Бүлар - негізінде ақаудан, ірілістерден, материалдарды бүлдіруден және т.б. болған шығындар.
Шығындарды мөлшер (норма) шегіндегі және мөлшерден ауытқыған шығындар деп бөлуді бөлімшенің жұмыс тиімділігін анықтау үшін агымдағы есепте нақты болған шығындарды нормативтілермен жалғастыру жолымен қолданады.
Сметалық және накты шығындар арасындағы айырма нормативті (сметалық) шығындардан ауытқу деп аталады. Практикада реттелген шығындарды толық талдау талап етілуі мүмкін. Мысалы, кейде негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегін де, жұмыс категориялары бойынша негізгі материалды да, сонымен қатар әр түрлі типтерге сәйкес пайдаланылатын материалдарды талдауға жүгінген жөн.
Бақыланатындарға кәсіпорында жұмыс істейтін адамдар бақылайтын шығындарды жатқызады. Олар кұрамы бойынша реттелетіндерден айрықшаланады, өйткені мақсатты сипаты бар және жеке шығыстармен шектелуі мүмкін. Бақыланбайтын шығыстар - кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты емес шығыстар. Мысалы, негізгі кұрал-жабдықтарды асыра бағалау, негізгі құралжабдық мөлшерін өзгерту, және т.б.
Негізгі әдебиеттер:
1. Друри К. Введение в
2. Друри К. Введение в
3. Управленческий учет
– пособие, разработанные на
основе стандартов
4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 1995
Бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер:
1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002
2 Друри К. Введение
в управленческий и
3. Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998
4. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999
4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2002
3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006
5. Яругова А. Управленчесий
учет: опыт экономически развитых
стран. М: Финансы и
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
1. Өндіріс түрлері және олардың шығындар есебіне әсері.
1.Өнімнің өзіндік құн
есебі көпшілік жағдайда
Өндірісті ұйымдастыру – белгіленген мерзімде, бекітілген ккөлемде және сапамен ақшалай, материалдық және еңбек ресурстарын үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін өндіріс процесінің құраушы элементтерінің өзара байланысы және жалғасы деп түсінуге болады. Өндірісті ұйымдастыру өзіне мыналарды енгізіеді:
Жалпы өндірісті ұйымдастыру алғашқы құжаттармен рәсімделеді.
Өндіріс шығындарының есебініе сонымен қатар, өндіріс технологиясы әсер етеді. Өндіріс технолгиясы дегеніміз - өнімді өндірудің нақты тәсілдерін айтамыз. Өнім өндіру тәсілдерін, олардың әртүрлігіне өнеркәсіп өндірісінде қарамастан екі үлкен топқа бөледі: өндіруші және өңдеуші. Өндірушіге: кен, көмір, мұнай, газ, балық, орман дайындау және т.б. Бұларды шикізат пен негізгі материалдар шығыны болмайды. Яғни, өндірілген бір өлшем өнімнің өзіндік құнын жұмсалған шығындар мөлшерін алынған дайын өнімінің көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Тек көмір өндірісінде жердің бетіне шығарылған көмірдің өзіндік құны анықталады.
Өңдеуші салаға ауылшаруашылығы шикізаттары мен өңдеуді қажет ететін өнеркәсіп саласын жатқызуға болады. Оларға метеллургия, машина құрылысы, химия, текстиль, тамақ және т.б. кәсіпорындарын жатқызуға болады.
Өңдеуші өнеркәсіптерде өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру күрделі процесс болып саналады. Себебі, мұнда өнім брнеше технологиялық сатылар арқылы өтіп, жартылай фабрикатттар ретінде бір сатыдан екінші сатыға беріледі. Мніе осы кезде әрбір сатыдан өткен жартылай фабрикаттардың немесе дайын өнімнің өзіндік құнны анықтау қажет болады. Міне, мұның өзін шығындардың бухгалтерлік есебін әрбір сатыда жартылай өндірілетін өнімдер бойынша жүргізуді қажет етеді.
Технологиялық процестердің күрделігіне байланысты өндіріст күрделі және жәй деп екіге бөлінеді.
Күрделі өндіріске өндірілетін өнім бірнеше күрделі технологиялық сатылардан немесе фазалардан өтетін металлургия, текстиль, аяқ киім, машина құрылысы, балық өңдеу, ет өңдеу өнеркісіптері жатады. Күрделі өндірісте, міндетті түрде аяқталмаған өндіріс қалады.
Жәй өндіріс бір ғана технологиялық сатыдан тұратын өнім өндіріс жатады, мысалы: көмір, энергия, жылу өндіру, яғни бұл өнімдер қысқа мерзімнің ішінде өндірілгендіктен мұнда аяқталмаған өндіріс болмайды.
Шығындардың аналитикалық есебін ұйымдастыруға сонымен қатар, ұйымның мамандануы, яғни қызмет бағыты,өндірілетін өнімнің жиелігі мен көлемі, оның жие қайталануы сияқты факторлар әсер етеді. Сондықтан осыған байланысты өндірісті массалық, сериялық және жеке деп бөледі.
2. Жеке өндіріс – бұл арнайы тұтынушылардың тапсырысы бойынша жеке данамен өндірілетін өнім өндірісі. Бұған, кеме өндірісін, ауыр машина құрылысын, жөндеу жұмыстарын жатқызуға болады.
Сериялық өндіріс – жие аяқталатын және қайтадан басталатын біртипті бұйымдар мен бөлшектерді өндіру өндірісі. Өндірілетні бұйымдар мен бөлшектердің көлеміне байланысты олар ірі және кіші сериялық болып бөлінеді. Оларға станок, құрылғы, тігін өнеркәсіптері жатады.