Лекции по "Финансовому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций

Краткое описание

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау

Файлы: 1 файл

басқару есебі.doc

— 2.42 Мб (Скачать)

- үстеме шығындар нормасында  есепке алынбаған, бірақ үстеме шығындарға жататын шығыстар (ақаудан болған ысыраптар, материалдардың жоғалуы, құрылыстағы кідірістен болған жоғалтулар, көпжылғы еңбегі үшін сыйақылар, жұмыстың жылжымалы сипатына байланысты шығындар, жұмысшыларды тасымалдау және өндіріс бригадаларын көшіру шығындары).

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші  цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен  байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.

Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

  • кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;
  • екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

2. Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

  • өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
  • тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
  • өндірілген өнім санына немесе өңделген шикізаттың салмағына пара-пар  етіп (пропорциональды) таратылады;
  • цех құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, қара металлургияда) немесе шикізат кұны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) таратылады;
  • алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;
  • басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т.б.).
    1. Үстеме шығындар" бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:8410 "Үстеме шығындар", онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;8420- "Материалдар" - үстеме шығындардағы материалдардың барлық түрлерін есепке алу үшін арналған;

8430- "Қызметкерлердің еңбегіне еңбек ақы төлеу" - жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;8440- "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" - 932-шотында есептелген еңбек акыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;

8450- "Негізгі құралды жөндеу" - өндіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалык) есебі келесі номенклатуралық  бап үлгілері бойынша жүреді:

Мысал. Аяқ киім тігетін  өнеркәсіп кәсіпорны төрт өнім түрін шығарады делік:

теріден тігілген ерлер  аяқ киімі - 100 мың жұп айына;

теріден тігілген ерлер  туфлиі - 7 мың жұп айына;

жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі - 12 мың жұп айына;

үйде киетін әйелдер  туфлиі - 12 мың жұп айына.

үстеме шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:

- алдымен құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың жұмыс сағатына кеткен осы шығыстың деңгейі және тиесілі өнім түрін әзірлеген кездегі кұрал-жабдықпен жұмыс істеу ұзақтылығы ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдыктың жұмыс істеу машина / сағаты туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалык) мөлшерлеме анықталады;

- содан соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.

Сметалык нормативтік мөлшерлеме есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

Н=СР,

Мұнда,

Н - сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;

С - құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалык шығыстың сомасы;

Р - құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған машина/сағатының саны.

Соңғы көрсеткіштің денгейі  өнімнің бір түрін әзірлеуде  пайдаланатын әртүрлі топтағы құрал-жабдықтың  машина/сағатын түзету коэффициентіне көбейту арқылы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойынша біртектес құрал-жабдықтардың топтары бойынша анықталады, мысалға, детальдарды штамповка жасау үшін арналған пресс (тығыздау), токарь станогі, фрезерлік станок т.б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір топтарының кажетті жұмыс сағатының санын технологиялык құжаттарының негізінде анықтайды. Ол үшін 4 кесте келтірілген.

- цех құрал-жабдыктарының  шығындарын олардың күрделілігіне, қуаттылығына және кұнына тәуелді етіп таратады, сондай-ақ әрбір құрал-жабдықтың бірлігіне келетін шығыстың мөлшері бойынша да 4 топқа бөлінеді: А, Б, В, Г;

  • құрал-жабдықтьң әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шығыс жасалған, онын жалпы сомасы 5985 мын. теңге құраған;
  • әрбір топ бойынша жұмыс істеу сағаты, яғни машинаның жұмыс істеу мерзімі белгіленген, осыдан барып өндіріс кұрал-жабдығының бір нормативтік сағатының сметалык мөлшерлемесі аныкталады.

Жоғарыда келтірілген  мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалык мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз.

Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің конструкциясы, технологиясы жәңе басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалык. мөлшерлемесін алуға рұксат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олардың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.

Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды пайдалану  мен күтіп-ұстау шығыстары оның калькуляцияланатын объектілеріне істелген машина сағатына пропорциональды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыларының жалақысына тәуелді емес. Сондықтан бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пайыздық қатынасы арқылы есептелінеді және осы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік құнына еңгізіледі, демек, оларды таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық мөлшерлемесі де осыған ұксас есептелінеді.

Көмекші өндірісте біртектес  өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады.

Есептелген сметалық мөлшерлеменің негізінде құрал-жабдықты пайдалану және күтіп-ұстау шығыстарын өнімді шығару туралы мәліметтерін тарату үшін келесі есептеулер жасалады

 

 

 

 

 

 

 

 

Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

  • өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
  • тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
  • өндірілген өнім санына немесе өңделген шикізаттың салмағына пара-пар  етіп (пропорциональды) таратылады;
  • цех құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, қара металлургияда) немесе шикізат кұны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) таратылады;
  • алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;
  • басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т.б.).

Мысалға, құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары 2775360 тенге құраған (оның ішінде жөндеуге — 1206000 тенге, негізгі құралдың тозу сомасына — 1129360 тенге, құрал-жабдықты күтіп-ұстауға, пайдаланған материалдар құнына — 440000 тенге шығындар жұмсалған).

Кұрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шығындарды таратқан кезде, оның сол тиесілі бөлігіне жататын ақаудың өзіндік құнын ескеру керек. Бұл шығыстар ақаудың өзіндік кұнына сметалық (нормативтік) мөлшерлемені анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Ақауды жөндеумен айналысатын жұмысшының жалақысы 18 тенге болса, ал оның сметалық нормативтік мөлшерлемесі 7,5 тенге құраған, бұл соңғы кұрал-жабдықтың күтіп-ұстау шығысына ақаудың тиесілі сомасы арқылы анықталған.

Жалпы, үстеме шығыстар негізгі  жалақының денгейіне байланысты етіп таратылады, ол мынаны кұрады:

  • негізгі өндірісте жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысы — 4929000 тенге;
  • көмекші өндірісте жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысы — 3190000 тенге;
  • ақауды жөндеумен шұғылданатын еңбеккерлердің жалақысы — 7200 тенге. 
    Үстеме шығыстарының жалпы сомасы 6236060 теңгені құраған. Тарату коэффициенті мынаған тең:

0,76740173 [6236060: (4929000+3190000+7200)].

Келтірілген мәліметтен үстеме шығысының әрбір тарату объектісіне  келетін сомасы:

негізгі өндіріске - 3782523 тенге (4929000x0,76740173);

көмекші өндіріске – 2448012 тенге (3190000x0,76740173);

Ақауды жөндеу бойынша  шығысқа - 5525 тенге (7200x0,76740173).

Егер де кәсіпорын  күрделі құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын болса, онда үстеме шығыстарды тарату коэффициенті бойынша аяқталмаған құрылысқа да жатқыза алады, ал ол 126 - "Аяқталмаған құрылыс" шотының дебеті және 930 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1. Друри К.  Введение в управленческий и  производственный учет (Перевод   англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002

2 Друри К.  Введение в управленческий и  производственный учет М.Аудит, 2004

3. Карпова Т.П.  Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

4. Управленческий  учет – пособие, разработанные  на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999

4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин. и статистика 2000

5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин и статистика. 2005

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 2002

2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин. и статистика 2002

3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005

4. Энтони Р.  Рис Д. Учет: ситуации и примеры.  М:Фин и статистика 2006

5. Яругова А.  Управленчесий учет: опыт экономически  развитых стран. М: Финансы  и статистика, 2001.

 

 

       Бақылау сұрақтары:

1.  Үстеме шығындардың түсінігі және құрамы

  1. Үстеме шығндарды тарату тәсілдері
  2. Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі
  3. Ақауды түзету бойынша шығындар есебі
  4. Түзелмейтін ақаудан шеккен шығындар есебі
  5. Бос тұрып қалудан шекен шығындар есебі
  6. Ақауды сатудан түскен табыстар есебі
  7. Алдағы кезең шығындар есебі мен таратылуы
  8. Мерзімдік шығындардың таратылуы
  9. Басқа алдағы кезең шығындарының есебі: еңбек демалысының резервін, негізгі құралдарды жөнелтуге және т.б. резервтер құру.

 

Тақырып 7. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың процестік әдісі

 

1. Аяқталған өнім өндірісінде  процестік калькуляциялау

2. Аяқталмаған өндірісте  процестік калькуляциялау

3. Есепті мерзім басындағы  және аяғындағы ақталмаған өндіріс

 

1. Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретін не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады.

Өндіріс шығындарын процестік калькуляциялауды сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды жасайтын кәсіпорындар өндірістің барлық процесін тұрақты қайталанатын операцияларға бөлуге болатын жағдайда қолдана алады.

Процестік тәсіл  көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылады.

Бұл салалар  өндірістің жаппай түрімен, өнімнің  шектеулі номенклатурасымен, өлшеу мен калькуляциялаудың ортақ белгілерімен, бітпеген өндірістің мүлдем жоқтығымен, не болмаса, шамалы мөлшерімен сипатталады.

Информация о работе Лекции по "Финансовому праву"