Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Орташа өзіндік
құн тәсілі босатылатын
Материалдарды есептен шығару шығыс жайлы құжаттар негізінде атқарылады.
Есепті кезең ішіндегі материалдың жалпы нақты шығысы (тікелей шығыстардың бірінші элементі) мынадай формула бойынша есептеледі:
Рф = Онп + П - В - Окп
Мұнда, Рф-есепті кезең ішіндегі материалдың нақты шығысы;
Онп - есепті кезең басындағы материалдың калдығы;
П - есепті кезең бойы материалдың түсуін құжатпен растау;
В - есепті кезең бойы материалдың
ішкі ауыстырылуы (материалды
қоймаға қайтару, басқа
Окп - түгендеу мәліметтері бойынша анықталатын есепті кезең соңындағы материалдың қалдығы.
Әрбір бұйымға шыққан нақты шығысты норма бойынша шығысқа сәйкес бөлу жолымен анықтайды.
Негізгі өндірістік жұмысшылардың
еңбек ақысы тиісті аударымдарымен
бірге тікелей шығыстардың
Еңбектің істеген мерзіміне қарай ақы төленетін түріндегі еңбеккерлердің еңбекақысы есептеу үшін жұмыс істелген уақыт есебі табелінің мәліметтері пайдаланылады. Еңбекті өтеудің кесімді түрі жағдайында,- кесімді ақы алушы жұмысшы (сдельник) өнімділігін есептеудің әр түрлі жүйесі қолданылуы мүмкін. Ұсақ сериялы және жеке өндіріс жағдайында жұмысшылардың өнімділігін есептеу бойынша кесімді жұмыс наряды; сериялық өндірісте маршрут парақтары немесе карталары негізгі бастапқы құжат болып табылады.
Әрбір жұмысшының ауысым немесе есептелетін кезең ішіндегі өнімділігін анықтау үшін жаппай және ірі сериялық өндірісте ауысым немесе есептелетін кезең соңындағы өнделмеген бөлшек немесс құрастырылмаган бұйым қалдықтарына операциялық санақ жүргізіледі. Жұмысшылардың өнімділігі ауысым басындағы дайындау немесе бөлшек қалдығы ретінде, бөлшек санына көбейтілген, ауысым ішінде жұмыс орнына берілгеннен минус ауысым соңына дейін өңделмеген немесе кұрастырылмаған бөлшектер (дайындау) болып анықталады. Осылайша есептелген әрбір жұмысшының өнімділігі өнімділік есебі рапорты немесе тізімдемесімен рәсімделеді.
Кесімді бағаны нақты іс-жүзінде жеткен өнімділікке көбейткенде кесімді ақы алушы-жұмысшының есептелген еңбекақысының мөлшері алынады.
Жанама шығындар нақты объектісі белгісіз болған жағдайда үстеме шығындарына жатқызылады.
Кезең шығыстарын (7110,7210,7310) да жанама деп тануға болады, өйткені олар өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялауға қатысады және сонымен қатар тура жолмен бұйым шығыстарына жатқызылуы мүмкін.
Қосымша шығыстар өндірістік бөлімшелерде, учаскелерде, цехтарда, өндірістерде, бөлістерде пайда болады. Олардың белгіленуі, сипаты және іс-қызметтік ролі тікелей өндіріспен байланысты.
Бұл шығыстардың мөлшерлері көбіне өндіріс көлеміне байланысты, қосымша шығыстардың екінші тобы - кезең шығыстары туралы бұлайша айтуға болмайды, олар өндірісті ұйымдастырумен және жалпы қызмет етумен сондай-ақ жалпы ұйымды басқарумен байланысты.
Қосымша шығыстардың аналитикалық есебі кәсіпорынның бөлімшелері бойынша, ал олардың тұрысынан - белгілі шығыс номенклатурасы бойынша жасалады. Шығыстардың баптары №2"Босалқыларі" ҚЕХС-да және оларға әдістемелік ұсыныстарда қарастырылады.
7 бухгалтерлік есеп
стандарттары шығыс баптарының
мынадай номенклатурасын
1) басқа жақтан алынған
материалдар, онын ішінде транс
2) қызметкерлердің еңбегін өтеу;
3) еңбек өтеуден заңнамалар белгілеген мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық аудару;
4) негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу;
5) негізгі құрал-жабдықтардын тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
6) коммуналдық қызмет;
7) жал төлемі;
8) басқадай қосымша шығыстар.
Ай ішіндегі үстеме шығыстардың түрлерін арнайы тізімдемеде көрсетуге мүмкіндік береді. Әрбір баптың ішінде нақтылау мақсатымен шығындарды толық анықтау үшін аналитикалық есепті ұйымдастыруға болады.
Әдетте ұйымдарда өндіріс басшылары мүмкін болатын шығындар мөлшерін біліп, дәлелді шешім қабылдауы үшін алдын-ала үстеме шығыстар жоспарын жасайды.
Үстеме шығыстарды бөлу процесі үш элементтен тұрады:
* шығындарға қатысты объект таңдалады;
* объектіге жатқызылған
шығындар тандалады және
* шығындардың есептік
объектімен арақатынаста
Бөлу тәсілдері ерікті
түрде бухгалтер-талдаушының
Үстеме шығыстарды таңдаудың маңызды принципі осы өнім түріне шыққан нақты шығысқа ең жуық болу нәтижесі болып табылады.
Кезеңдердің аналитикалық есебі шығыстардың тобы бойынша, ол топтың ішінде баптар бойынша, ол кәсіпорынға шығыстар сметасын орындауды бақылауға мүмкіндік береді.
№2 «Босалқылар» ҚЕХС-да кезең шығыстарының өнімді өткізумен байланысты келесі шығындары көрсетіледі:
- еңбекақы, сыйақы және еңбекақыға байланысты төлемдер бойынша;
- тауар өткізумен шұғылданатын қызметкерлердің еңбек қорынан әлеуметтік салық аудару;
- буып-түю, орау, тиеу, тасу бойынша;
- өткізу және
басқа делдалдық ұйымдарға
төленетін комиссиялық
- коммуналдық кызметке:
өткізу орындарындағы
- жарнамаға: өткізу нарығын жете білу бойынша;
- белгіленген мақсаты ұқсас басқа шығыстар.
Жалпы және әкімшілік шығыстарға - өндірістік процеспен байланысты емес шығыстар жатқызылады:
- жалақы, сыйақы, жәрдемақы және басқа төлемдер бойынша;
- әкімшілік жеке
- лауазымды қызмет адамдарына қосымша төлемдер коммуналдық қызметке;
- әкімшілікке белгіленген бөлмені ұстау;
- күмәнді борыштар
бойынша резерв сомасын
- айыппұл (штраф) өсімақы (пени) келісім шарттарын орындамағаны үшін төленетін айып (неустойка);
- белгілеуі бойынша ұқсас шығыстар.
Кәсіпорынды басқаруға шыққан шығыстар мемлекет тарапынан нормалауға және шектеуге (лимиттеуге) түседі, олардың кейбіріне (іссапарға шығындар, өкілдік шығындар, қызметтік авто-транспортты ұстауға және т.б.) арнайы мөлшер, норматив пен шектеулер (лимитгер) заңнамалармен белгіленген.
Бір ай ішіндегі жалпы шаруашылық шығыстар тізімдемеге жазылады, бұл оларды баптар бойынша талдауға мүмкіндік береді және кәсіпорын толық өзіндік құнды калькуляциялайтын болғандықтан олар әр айдың соңында толықтай есептен шығады. 8410 "Үстеме шығыстар" мен 7210"Жалпы және әкімшілік шығыстар" шоттарында пайда болған сәтінде бастапқы құжаттар негізінде өнімнің нақты түрімен байланыстыру мүмкін емес жанама шығындар жиналады мысалы, есептеу-кассалық қызмет екені үшін банкіге төлеу, үйдің амортизациясы, кадрлердің біліктілігін арттыруға шығындар және т.б. жанама шығындар кезең ішінде шыққан өнімніц барлық көлемінің өзіндік құнына кезең ішінде шыққан өнімнің барлық көлемінің өзіндік құнына ғана кіреді. Сондықтан жанама шығындар жөніндегі талдау кұрылымдық бөлімшелер бойынша (жөндеу, транспорттық, энергетикалық цех және т.б.) дәстүрлі жүргізіледі.
Өнімнің өзіндік құнын жасау калькуляция объектілері тұрғысынан яғни шығарылатын өнім номенклатурасы тұрғысында ұйымдастырылады:
• қосалкы өндіріс шығындарын өнім түрлері бойынша бөлу;
• жалпы өндірістік шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - өндірістік өзіндік құн жасау;
• жалпы шаруашылық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - өнеркәсіптік-өндірістік өзіндік құнын (дайын өнімнің өзіндік құнын) жасау;
• коммерциялық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - толық өзіндік құнды (өткізілген өнімнің өзіндік құнын) жасау.
Негізгі әдебиеттер:
1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002
2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004
3. Карпова Т.П.
Управленческий учет М.Аудит
4. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 2002
2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2002
3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006
5. Яругова А. Управленчесий учет: опыт экономически развитых стран. М: Финансы и статистика, 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Өнімнің өзіндік құнын
2. Калькуляциялық объектілер және калькуляциялық бірлік
3. Калькуляциялау түрлері
4. Процестік калкуляцияның мәні мен қолдану өрісі: сериялық өндіріс, жаппай өндіріс
5. Тапсырыстық есеп және өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі, қолдану өрісі
6. Шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері. Есепті ұйымдастыру
7. Тапсырыс бойынша шығындардың жиынтық есебі
8. Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау
Тақырып 8. Шығындар
есебі мен өзіндік құнды
1. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі түсінігі
2. Шығындарды бөлу
және өзіндік құнды
1. Бұл тәсіл бұйымға (бұйымның шағын тобына), жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Әдетте, әрбір тапсырыс жеке тапсырыс беруші, тұтынушы, алушы үшін арналады.
Әдіс негізгі материалдар
(технологиялық мақсаттарға
Тапсырыстық тәсіл мынадай жағдайларда колданылады:
• бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өнім өндірісінде, не болмаса жұмысты (қызмет көрсетуде) орындау кезінде, әсіресе, әрбір тапсырыс бойынша жасалатын өнім бірегей болмаса да, басқа тапсырыс өнімдерінен елеулі айрықшаланған жағдайда;
• күрделі және ірі бұйымдар шығарғанда;
• ұзақ технологиялық циклды өндірісте;
• едәуір бөлігі қайталанбайтын және жеке тапсырыстар бойынша саны шағын болып шығарылатын өнімнің көп әр түрлілігінде;
• жұмыс орындарының технологиялық ерекшелігі мен жұмыс орындарына белгілі бір операциялар мен бөлшектетіктерді тұрақты бекітудің мүмкін болмауы;
• әдетте, әмбебап жабдықтармен керек-жарақтарды қолданғанда;
• барлық қолдан құрастырушы
және жеткізу операцияларының
• жұмысшылар арасында жоғары білікті мамандардың көп болғанында;
• өнім дайындаудың (өндірістік циклдін) салыстырмалы ұзақ мерзімінде.
Тапсырыстық тәсілде
бірен-саран бұйымға немесе бұйымның,
жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің
санаулы санына өндірістік тапсырыс
калькуляциялаудың объектісі
Тапсырыстарды сол немесе басқа өнім түрін дайындау үшін тапсырыс берушімен келісімшарт жасау негізінде жекеде бір бұйым және ұсақ сериялы өндіріс кәсіпорынның жоспарлы-өндірістік бөлімінде (орындауға қатысатын цехтар саны бойынша) толтырады, содан кейін тапсырысты орындаушы цехқа және бухгалтерияға түседі.
2. Өндіріс шығындарын жинақтап қорыту жөніндегі барлық алғашқы құжаттамада (лимитно-заборлық картасы, шикізат пен материалдарды босатуға арналған талаптар, маршрут парақтары, нарядтар және басқа құжаттар) тапсырыстардың нөмірі (шифрі) көрсетіледі. Құжаттаманы өндегенде шығындарды цех-орындаушылар, жеке тапсырыстар мен калькуляция баптары бойынша топтастырады. Сонымен қатар, әдетте өзіндік құнды калькуляциялаудың жартылай өнімдік нұсқасы қолданылады, яғни әрбір цех бойынша өз шығындары цехтан-цехқа жартылай өнімдерді беру шоттарында көрсетілмейді.