Лекции по "Финансовому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций

Краткое описание

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау

Файлы: 1 файл

басқару есебі.doc

— 2.42 Мб (Скачать)

Қабылданған стандарттардың кез келген тәсілдемесі өндіріс процесінің басталуына дейін бухгалтерияда стандартты өзіндік құндардың картасында қорытындыланады. Карта бұйымды, тапсырысты қабылдап алған өндірістік бөлімшелер бойынша бұйым және тапсырыс бойынша жасалады.

"Стандарт-кост" жүйесін  ұйымдастыру бойынша жұмысты  үйлестірудегі кәсіпорынның көлеміне  қарай стандарттар мен әдістемелерді  есептен шығаруды бақылаушы немесе "стандарт-кост" жүйесімен байланысты барлық бөлімшелердің өкілдері кіретін комитет анықтайды.

Бұл жүйе шығын есебі жүйесінің тәжірибесінде қолданылатын басқалардан айырмашылығы, оның өзіндік сипаты болады:

• қаражатты шығындау (жұмсау) процесіндегі стандарттардан ауытқудың негізгі анықталуына  оның құжатталуы  емес,  синтетикалық  шоттағы  бухгалтерлік  жазба жатады. Ауытқушылықты құжаттап, тіркегенше, оның алдын алу міндеті қойылды;

•  барлық ауытқушылықтар емес, тек олардың пайдаланылған  стандарттарда көрініс тапқандары ғана тіркеледі;

•  калькуляция баптары  бойынша және ауытқушылық факторлары бойынша ауытқу есебі  үшін арнайы  синтетикалық шот бөлінеді.

Бұл ерекшеліктер мыналардың басқару процесінде әрдайым бағаланатынын  білдіреді: ауытқушылықтар қаншалықты елеулі, олар ескеруге тұра ма әлде тұрмай ма; қандай мәселені шешу барысында  бұл деректер қолданылуы мумкін; өндіріс шығынын талдаудағы анықталған ауытқушылықтың маңызы.

Міндеттердің орындалу тізбектілігі. Шығын есебі өткен  шығын есебі, стандартталған шығын  есебі және одан ауытқу деп бөлінеді. Стандарттар өндіріс процесінің басталуына дейін стандартты өзіндік құндардың картасына жиналады. Карта жауапты орталықтардың, өндіріс бөлімшелерінің және т.б. тұрғыда бұйым, қайта жасау, тапсырыс бойынша жасалады.

Нормалар белгіленген  кезең ішінде өзгермейді, ол айрықшалық (исключения) тек объективті себептерден - жабдықтаушылардың бағаны өсіруінен, еңбекақы денгейінің ауытқуынан (не отключения, а колебания), өндіріс жағдайын немесе оның технологиялық процесінің өзгеруінен - туындайтын ауытқуларда ғана болады.

Стандарт-кост - бұл өндіріс  процесінің барысын және нормативінен нақты көрсеткіштердің ауытқу мәнін ұдайы бақылауға, бұл ауытқулардың пайда болу себептерін талдауға, оны бір уақыттарда өзгерту тенденциясына, ауытқушылықты азайтуға басқарушылық ықпалды пайдалануға немесе нормаларды түзетуге негізделген өндірістік шығын деңгейін ұтымды басқару.

"Стандарт-кост" жүйесінің  артықшылықтары мынада:

•    кәсіпорын  пайдасын кемітетін шығынды анықтау  мүмкіндігі;

•    келешекте   болуы   мүмкін   шығындарды   болжау   мүмкіндігі;

•    калькуляциялаумен  байланыстырылған есептік жұмыстың ең аз шамасы;

• бұйымды өндіруге және өткізуге жұмсалатын болжалды шығындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

•   өнім бірлігінің алдын ала есептелген өзіндік  құндары негізінде бағаны қалыптастыру;

• нормативтен ауытқу мен оның пайда болу себебін бөлу арқылы кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді жасау;

•  өткізу бөлімі  арқылы  сату көлемін жоспарлауы және оңтайлы  бағаны белгілеуі мүмкін өндірістің өзіндік құны туралы нақты деректерді менеджерге ұсыну.

Барлық осы  міндеттерді  шешуде "Стандарт-кост" жүйесі өткен шығын жүйесіне қарағанда сәттірек болады.

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1. Друри К.  Введение в управленческий и  производственный учет (Перевод   англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили)  М. Аудит, Юнити, 2002

2 Друри К.  Введение в управленческий и  производственный учет М.Аудит, 2004

3. Карпова Т.П.  Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

4. Управленческий  учет – пособие, разработанные  на основе стандартов бухгалтерского  учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999

4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000

5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин и статистика. 2005

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1. Управленческий  учет – пособие, разработанные  на основе стандартов бухгалтерского  учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 2002

2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин. и статистика 2002

3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин и статистика. 2005

4. Энтони Р.  Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006

5. Яругова А.  Управленчесий учет: опыт экономически  развитых стран. М: Финансы  и статистика, 2001.

 

    

      Бақылау сұрақтары:

 

  1. Нормативтік әдістің модельдеріне байланысты бухгалтерлік регистрлерді  қалыптастыру.
  2. Басқару есебінде нормативтік шығындардан ауытқуды талдау.
  3. Нормативтік өндірістік есеп жүйесінде жиынтық есеп жүргізу тәртібі.
  4. Шығындар деңгейін бақылау және реттеу үшін қандай жіктеу қолданылады. 

   Тақырып 10. Нормативтік калькуляциялау жүйесінде бухгалтерлік жазулардың тәртіптері және ауытқуларды шығару әдістері

 

1. Нормативтік есеп әдісі бойынша бухгалтерлік жазулар

2. Тікелей шығындар  бойынша ауытқуды анықтау және  тарату

3. Үстеме шығындар  бойынша ауытқуларды анықтау  және тарату

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 11. Шығындардың толық таратылуымен және өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнын калькуляциялау

 

1. Шығындарды толық  таратылуы мен өзіндік құнды  калькуляциялау әдісінің мағынасы

2. Өзгермелі шығындар  бойынша өзіндік құнды калькуляциялау

       

        1. Шығындарды өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толық енгізу тұрғысынан толық өзіндік құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондыктан халықаралық практикада "директ-костинг" шектеулі өзіндік құн есебі жиірек қолданыла бастады.

Бұл жүйені шығын объектілері  бойынша толық емес, шектеулі өзіндік  құн жоспарланатын және ескерілетін  калькуляциялауға баламалы, дәстүрлі отандык әдістердің бірі деп қарауға  болады. Бұл жағдайда өзіндік құн тек өзгермелі шығындар бөлігінде ғана ескеріледі және жоспарланады. Шығындардың қалған бөлігі (тұрақты шығындар) калькуляцияға енгізілмейді, оқтын-оқтын есепті кезең ішіндегі қаржылық қорытындыларға есептен шығарылады. Өзгермелі шығындар бойынша сондай-ақ қорлар, қоймадағы дайын өнім қалдықтары және бітпеген өндіріс бағаланады.

Мұндай әдетті іс жүзінде  қолданған алғашқы кезеңдерде өзіндік  құнға тек тікелей шығыстар кіргізілетін, ал жанама шығыстардың барлық түрлері  тікелей қаржылық қорытындыларға есептен шығарылатын. Сондықтан мұндай жүйе "директ-костинг" (тікелей шығындар есебі жүйесі) деген атқа ие болды. Кейіннен "директ-костинг" өзіндік құн тікелей өзгермелі шығыстар бөлігінде ғана емес, өзгермелі жанама шығындар бөлігінде де есептелетін есептік жүйеге өзгеріп, айналды, ауысты. Соған орай атауда біраз шарттылыққа жол берілген.

Қысқартылған өзіндік  құн есебінде тұрақты жалпы өндірістік және жалпышаруашылық шығыстар есепке қатыспайды. Мұндай шығыстар өнім түрлеріне  бөлінбей, жалпы сомамен өткізілген өнімнің өзіндік құнына толығымен кіргізіледі және есепті кезең соңында сенімді өткізуден түскен түсімді азайту үшін тікелей есептен шығарылады.

"Директ-костинг"  жүйесінің негізіне салынған  басты принцип - өзгермелі және  тұрақты шығындарды жеке есептеу мен тұрақты шығындарды есепті кезеңнің зияны деп тану.

Бұл жүйе әрқилы елдерде  әр түрлі аталады. Германия мен Австрияда "бірен-саран шығын есебі" немесе жабу сомасы; Ұлыбританияда - "маржиналды шығындар есебі"; Францияда -"маржиналды есеп"термині қолданылады.

"Өзгермелі", "тұрақты, "жартылай өзгермелі", "жартылай  тұрақты" терминдері өндірістік  қызмет көлемін өзгертуде шығындар  тәртібіне сипаттама беру қажет  болған жағдайларда айырмашылыктарды  айқындағанда қарастыралатын уақыт  кезеңін ескеру қажет. Ұзақ уақыт мерзімі үшін (бірнеше жыл барлық) шығындар өзгермелі болады. Қысқа уақыт (бір жыл) үшін шығындар тұрақты немесе өндіріс өзгерістеріне қарай өзгермелі болады. Бұл жиынтық өзгермелі шығындардың өндіріс көлеміне желілік байланыстың барлығы туралы жорамал.

Өзгермелі шығындар - тұтастай алғанда өндіріс көлемі өзгеруіне  тура сайма-сай өзгереді, бірақ өнім бірілігіне шаққанда (кесімді еңбекақы, материалдар, отын, технологиялық қажеттіліктерге  электр энергиясы) тұрақты болып  табылады.

Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қатысты өзгермейді, бірақ өнім бірлігіне есептегенде өзгереді.

Алайда шығындардың  көпшілігі жартылай өзгермелілерге (араласқа), біреуі үлкен деңгейде, басқалары  өз деңгейде өндіріс көлеміне байланысты қатысты болады.

Өзгермелі шығындардың  түрлері:

•    тікелей материалдық;

•    тікелей еңбек;

•    технологиялык  мақсаттарға жұмсалатын.

Тұрақты шығындарға:

• жалпышаруашылық  мақсаттағ   негізгі   құрал-жабдықтардың амортизациясы;

•    басқару қызметкерлерінің еңбекақысы;

•    жал төлемі;

•  басқару шығыстары басқа баптарының көпшілігі (басқару құрамына транспорттық  қызмет ету, күзет, кеңсе тауарлары және т.б.).

Аралас, яғни жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындарға:

•    материалдық-техникалық қызмет ету;

•    телефон шығындары;,

•    жылытуға шығын шығару.

Басқарудың «директ-костинг» технологиясының мәні өндіріс шығындарын калькуляциялау мен өндіріс көлемін  шығын және кірістермен байланыстыру арқылы пайданы есептеу тәсілдемесіне  негізделеді. Бұл үшін (жеткілікті дәрежеде шартты түрде) жинақталған шығындарды тікелеймен ұқсастырылатын өзгермелілерге және жанамамен ұқсастырылатын тұрақтыларға бөледі. Өндірістік шығыстарды саралау (дифференциялау) пайда, көлемінің өнімді өткізу көлеміне байланыстылығын анықтауға және осы негізде өзіндік құнды басқаруға мүмкіндік береді.

Тікелей шығындарды дайын  бұйым түрлері бойынша жинақты  қорытады, жанамаларды - жеке шотта  жинайды және олар пайда болған есепті кезеңнің жалпы қаржылық нәтижелеріне есептен шығарады. Егер әрбір бұйым  бойынша түсім сомасынан өзгермелі шығындарды шығарып тастаса, онда осы бұйым бойынша маржиналды, табыс (брутто-пайда) аламыз. Барлық бұйым бойынша брутто-пайда қосындысында тұрақты шығындардың жалпы шамасын жабуға арналған пайданың жалпы сомасын аламыз.

Өзіндік құнды "директ-костинг" жүйесі бойынша калькуляциялау технологиясы өндірістің кез келген өндіріс көлеміндегі тұрақты шығыстардың өзгермейтін шамасын көздейді.

Осыған орай, бұл жүйенің  бір қатар жорамалдары бар: өзіндік  құнды "директ-костинг" жүйесі бойынша  калькуляциялау тұрақты шығыстардың өндірістің кез келген көлемінде өзгермейтін шамасын алдын-ала қарастырады, сондықтан басқару есебінде негізгі назар тұрақты шығыстарға аударылады. Барлық деңгейдегі менеджерлер оларға бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.

"Дирекг-костинг"  жүйесінің бірнеше айрықша ерекшеліктері бар:

•  өндірістік   шығындар  өзгермелі   шығындарға   (тікелей) және тұрақты шығындарға бөлінеді;

•   өнімнің  өзіндік  құнын   шектеулі   шығындар  бойынша калькуляциялау;

•   кірістер туралы есепті жасаудың көп сатылығы.

Бұл жүйе өнімді өткізуге бейімделген. Өткізу көлемі үлкен болған сайын, кәсіпорын пайданы көп алады. Дайын өнім мен бітпеген өндірісті тек өзгермелі (тікелей) шығындар бойынша бағалайды, ол кәсіпорынды өткізу көлемінің ұлғайту мүмкіндіктерін іздестіруге түрткі болады.

"Директ-костинг"  жүйесі жағдайында операцияларды  бухгалтерлік шоттарда көрсету  тәртібі мынадай. Тікелей шартты-өзгермелі  шығыстар бухгалтерлік есепте 8110 "Негізгі өндіріс" және 8310 "Көмекші өндіріс" шоттарында жиналады. Жанама шартты-өзгермелі шығыстар алдын-ала 8410 "Үстеме шығыстар", шотында жинақталады, сосын ай сайын 8114"Негізгі өндірістің басқа да шығыстары және 8314"Көмекші өндірістің қосымша шығыстары" шоттарына көшіріледі. Жалпы басқару мен шаруашылық шығындары бөлігіндегі шартты-тұрақты шығыстар 7210 «Әкімшілік шығыстар", шотында, ал өткізу шығыстары бөлігінде 7110"Өеімдерді сатып-өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстар" шоттарында көрсетіледі.

Өнімнің, аяқталған өндірістің және қоймаға берілгендердің өзіндік  құнының нақты сомасы 8110"Негізгі өндіріс" шотынан 1320"Дайын өнім" немесе 7010 " Сатып-өткізілген дайын өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны" шоты дебеттеріне көшіріледі.

Информация о работе Лекции по "Финансовому праву"