Лекции по "Финансовому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций

Краткое описание

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау

Файлы: 1 файл

басқару есебі.doc

— 2.42 Мб (Скачать)

•     сметаны  жасауда және  басқару тиімділігін   бағалауда көмектесу;

•   жоспармен   үйлеспейтін   (келіспейтін)   операцияларды анықтауға  бағытталған  бақылау  сызбасын   яғни  схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет;

•     шешім  қабылдауға пайдаланылатын болашақта  болатын шығынды болжау;

•   тауарлы-материалдық  құндылықтар қорын бағалау мақсатында  түпкілікті   өнімге  шығынды  көшіру  міндетін оңайлату;

•     қол жеткізуге  аса қажетті мақсаттарды белгілеу.

Әрбір тармаққа жеке тоқталайық.

Нормативтік әдіс бойынша  жұмысты ұйымдастыру табыс табумен  байланысты материал, еңбекақы және басқа "шығындарды анықтау мақсатындағы технологиялық және нормативтік картаны жасаудан басталады. Нормативтік картаның негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляция жасалады. Ол қолданыстағы өндіріс технологиясынан, уақыт нормасынан, еңбекақыны бағалаудан, жөнелтпе құжат шығындарының тоқсандық сметасында бекітілген материалдар мен сатымдық жартылай дайындалған өнімнің қолданыстағы бағасына ықпал ететін бастаулық жиынды (черновой массы), таза жиыны (чистый массы) мен қалдықтарын қоса көрсететін материалдар мен сатымдық жартылай дайындалған өнім шығындарының нормасынан жасалады.

Үдемелі нормалар мен  нормативтер - шығынға қарсы механизмнің  маңызды элементі, өндіріс тиімділігін  арттырудың өнімнің өзіндік құнын  жоспарлауды, есебі және калькуляциялауды жетілдірудің бірден-бір шарты.

Норма - бұл нақты еңбек  пәні шығынының және технологиялық  процестін, әр түрлі операцияларына кететін жұмыс уақыты шығынының  немесе өнім дайындаумен байланысты еңбек құралын функциялау шығынының  белгілі бір шекке дейін болатын абсолютті шамасы.

Нормативтер, мысалы, металды  пайдалану коэффициентін, жабдық жұмысының  тәртіптемесін сипаттайтын салыстырмалы шама.

Техникалық-экономикалық норманы және нормативті әзірлеу  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың  құрамдас бөлігі болып табылады.

Нормативтік шығын дегеніміз, әдетте дайын өнім бірлігі есебінде көрініс табатын алдын ала  мұқиат анықталған нақты іс жүзіндегі  шығынды білдіреді. Оған өндірістік шығынның барлық үш элементі кіреді - тікелей  материалдық шығын, тікелей еңбек шығыны және жалпы өндірістік шығын.

Өндіріске өнім материалы  белгіленген қатаң шектеумен  беріледі. Материалды босатуды шектеу материалдық қолданыстағы үдемелі  шығын нормасы, айдың басында  цех шығындамаған материал қалдықтары қоса есептелетін өндірістік бағдарлама көлемі негізінде мақсатты тәртіппен жүзеге асырылады. Белгіленген шектеуден тыс материал босатуды құжаттау мұндай материал босатуға қажеттілік туғызған, яғни мәжбүрлігі себепті талдауды және оперативті бақылауды қамтамасыз етуі керек.

Шығын есебі айдың басындағы қолданыстағы норманы және осы нормадан ауытқуды жеке жүргізуде себептер мен кінәлілер бойынша қолданыстағы нормадан ауытқудың пайда болу сәтін ескеруге мүмкіндік береді, бұл үшін арнайы код әзірленеді. Нормадан нақты шығынның ауытқуы өнім түрлері мен шығын баптары бойынша ескеріледі, ал олардың иесіздік есебі барысында (а при их обезличенном учете) ауытқу сомасы калькуляция баптары бойынша нормативтік шығындарға жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құндарын үйлесімділікпен (пропорционал) бөлуді білдіреді.

Әр түрлі себептерден  болатын нормадан ауытқуды оған себепші  болған кінәлілерді және оның себебі қоса көрсетіліп ең бастапқы құжаттармен (сигнальными документами) ресімделеді.

Нормадан ауытқу есебі  жабдықтың, шикізаттың, материалдық  техникалық ерекшеліктеріне, олардың шығынын және өндірістің технологиялык процесін нормалауға қарай ұйымдастырылады. Нормадан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану сапасы, толық құнды материалдың орнына қалдықтарды қолдану және т.б. факторлар әсер етеді.

Оның үстіне материал, еңбек, энергия және басқа да шығындарды ауыстыру, кеміту немесе артгыру салдарынан болатын өзгерістерге байланысты нормадан ауытқулар орын алып тұрады. Барлық норма өзгерісі әдетте келесі есептік  кезеңнің бірінші күніне орайластырылады және олар норманы енгізу сәтінен қолданылатын нормативтік калькуляцияда көрсетілуі керек.

Өндірістің жиынтық  шығын есебі жиынтық шығын  есебінің тізімдемесінде жүргізіледі. Калькуляция объектісі біртекті бұйымдардың жекелеген түрлері  немесе тобы болып табылатындықтан тізімдемедегі аналитикалық шоты біртекті өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін дайындау бойынша шығын есебін ашады.

Бұйымның бір түрін  өндірудің шығын есебінде өндірістің есеп тізімдемесіндегі шығарылымның нормативтік  өзіндік құны есептік ай (кезең) үшін норма бойынша есебі нақты шығарылған өнімнің санына шығынның әр бабы бойынша нормативті көбейту жолымен алынады. Ал біртекті өнім өндірісіндегі топтастырылған шығын есебінде шығарылған өнімнің нормативтік құнын табу үшін осы топқа кіретін әр өнім түрінің нормативтік құндарының мәліметі жасалады және бұл мәлімет қорытындысы калькуляция баптары бойынша өндірістің есеп тізімдемесіне жазылады.

Нормативтік шығын бойынша  өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі онымен анықталатын нормативтік  нақты шығынның ауытқуын бөлшектеп талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, әр жауапты орталықтардың ауытқуы әрбір элемент бойынша анықталуы керек және ресурстардың бағасы мен санына сәйкес талдануы қажет. Бухгалтер менеджерлерге ауытқудың қай жерде болғанын дәл көрсетіп көмектессе, ал жауапты басшылар ауытқудың себебін табу үшін аса қажетті зерттеу жүргізеді (бухгалтер жекелеген процестегі нақты материалдың өтуі барысында негізгі материал бойынша ауытқуды анықтауына болады, бірақ жауапты орталықтардың басшылары бұл процесті зерттеп, артық шығынның себебін табуы керек). Мұндай зерттеудің нәтижесі тиісті түзетуші болуы керек, ал, егер ауытқу норманың ұдайы өзгеруінен болатыны анықталса, онда оны өзгерту қажет. Нормативтік шығын есебінің жүйесі ауытқуды бөлшектеп талдауға мүмкіндік тудырады. Мәселен, әрбір жауапты орталықтардың ауытқуын шығын элементі бойынша анықтауға болады (материал, еңбек, үстеме шығындар).

Тиімді бақылауға әр жауапты орталықтардың кезендегі  нормативті шығындарын жалпы нақты  шығындармен салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Өнім бірлігіне нормативтік және нақты шығындарды салыстыру өндірістің қай кезеңінде ауытқу жіберілгенін анықтай алмайды. Өнім бірлігін өндірудегі шығынның ауытқуын талдауда шығын тиімді бақылауға келмейді.

Өнім бірлігінің нақты  өзіндік құны шығын баптары бойынша нормативтерді калькуляция нормативтерінен жазатын өнім бірлігінің өзіндік құн есебінің тізімдемесінде есептеледі, ал норманың өзгеру және нормадан ауытқу сомалары өндірістің есеп тізімдемесінде көрсетілген индекстердің негізінде анықталады.

Тігін, аяқ киім, тоқыма, резина кәсіпорындарында және жоспарлы нормалары әрекетке жақын басқа  өнеркәсіп салалары нормативінің орнына өнімнің өзіндік құнын анықтау  үшін жоспарлы калькуляция қолданылуы мүмкін. Нормативті, жоспарлы және есептік  калькуляцияны жасауда шығын баптарының бірыңғай номенкалатурасын қолдану аса қажет.

Өнімнің нақты өзіндік  құны нормативті өзіндік құнға қосу жолымен немесе одан есептік кезеңде  анықталған нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін шегеру арқылы есептеледі.

Нормативті есеп әдісінің артықшылығы - оперативтілігінде. Өнімнің нормативтік өзіндік құны оны өндіру басталғанға шейін есептеледі. Нақты өзіндік құн - өндіру аяқталғанда есептеледі. Нақты өзіндік құн есебінің екі алгоритмі болуы мүмкін. Бірінші жолы - нақты өзіндік құнды нормадан ауытқуға және норманың өзгерісіне қарай түзелетін нормативтік өзіндік құн ретінде санау (қосу немесе алу). Норманың ауытқуы мен өзгеруі бір айда, яғни есептік кезеңнің ішінде оперативті (жылдам) анықталатындықтан идеалда нақты өзіндік құн өнімді дайындау процесінің аяқталуынан кейін қалағаныңызша дереу алуыңыз мүмкін. Екінші жолы - нақты өзіндік құнды дәстүрлі әдіспен есептеу, содан соң нақты өзіндік құнды оның нормативті (жоспарлы) шамасымен салыстыру арқылы анықтау. Бұл жағдайда есеп айырысу есептік кезең біткеннен кейін орындалуы мүмкін, яғни оперативті шығын есебі оның одан кейін болатын есебімен ауыстырылуы мүмкін, демек, нормативтік әдіс мұндай орындауда барлық мағынасынан айырылады.

Нормативтік шығын есебінін әдісі мен калькуляциясын пайдалану барысындағы бухгалтерлік жазудың схемасында 1320 «Дайын өнім» шоты қолданысқа енеді. Шот дебеті бойынша өткізілген жұмыстың және көрсетілген қызметтің, өндірістен шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны (корреспонденциясында 8110«Негізгі өндіріс» шотымен) көрініс табады. Кредит бойынша өткізіліп тапсырылған жұмыс, қызметтің, өндірілген өнімнің нормативтік өзіндік құны (7010 «Сатып-өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны» шотымен) көрініс табады.

Шығын есебі аталып көрсетілгендей белгіленген нормативтер бойынша жүргізіледі, нақты шығынның нормативтен ауытқуы аналитикалық есепте жеке тіркеледі.

2. Бұл жүйе өткен ғасырдың 20-сыншы жылдардың басында АҚШ-та пайда болды. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу, баға белгілеу, шығындарды оперативті басқару және бақылау үшін материалдың және еңбектің нормативтік шығындарын әзірлеп, пайдалануды қолға алған болатын. "Стандарт-кост" тарихи жүйесі отандық нормативтік есеп жүйесінің үлгісі болып табылады.

Отанымыздың экономистері америкалық ғалым Д.Ч. Гаррисонның 1933 жылы аударылып жарық көрген "Стандарт-кост" кітабы арқылы оның идеясымен танысты.

Басқару техника университеті бұл жүйені іс жүзіне асыру және тәжірибеде қолданудың жолдарын бөлшектеп  оқып-білуді қолға алады. Мәселені шешуде нормативтік шығын есебінің әдісі түрінде осы жүйені көрсету арқылы профессор М.Х. Жебрак үлкен үлес қосты.

"Стандарт-кост" жүйесінің  мағынасы есепке не болғаны  емес, болуы тиіс нәрсе кіреді, нақты шындық емес, міндеттісі  ескеріледі, әсіресе пайда болған  ауытқушылық көрініс табады.

Бұл жүйенің алдына қойған негізгі мақсаты – кәсіпорындағы  пайданың ауытқуы мен шығын есебі. Оның негізінде материалдардың, энегрияның, қосымша уақыттың, еңбектің және басқа  қандай да бір өнімді немесе жартылай әзірленген өнімді дайындаумен байланысты шығындардың мөлшерін нақты анықтау жатады. Және де бұл нормалар кайтадан орындалмайды. Оларды тіпті 80%-ке орындау жұмыстың сәтті болғанын білдіреді. Норманың асып түсуі оның қате белгіленгенін көрсетеді.

"Стандарт-кост"жүйесімен  нормативтік шығын есебінің әдісін салыстыру мынадай корытынды жасауға мүмкіндік береді:

•    екі әдіс те шығынды норма негізінде ескереді;

•    толық шығын  есебін жорамалдайды ;

•  шығынның "стандарт-кост" әдісі  бойынша есепте аса жоғары   белгіленген   норма   кінәлі   тұлғаға   қатысты шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылады және нормативтік әдістегі сияқты өндіріс шығынына қосылмайды.

"Стаңдарт-кост" шарты  ағымдағы есеп нормасының өзгеруін  қарастырмайды. Нормативтік әдісте  бұл қарастырылуы мүмкін.

Өндірістік шығын есебінің екі тәсілдемесі айрықшаланады, атап айтқанда:

•    өткен шығын  есебі;

• стандартталған шығын  есебі және одан ауытқу. Норма-стандартын   әзірлеу,   өндірістің   басталуына   дейін стандарттық калькуляцияны  жасау және жиынтық ретінде жүйеленген стандарттан ауытқуларды бөлумен бірге нақты шығын есебі "стандарт-кост" жүйесі деген атауға ие болды.

Стандарт - материалдық  және еңбек шығынының өнім бірлігін өндіруге қажетті сан немесе өнім, жұмыс, қызмет бірлігін өндіруге кететін  бұрын есептелген материалдық және еңбек шығыны.

Кост - бұл өнім бірлігін дайындауға кететін өндіріс шығынының  ақшалай көрінісі.

Стандарт-кост - бұл өндірістің тікелей шығынын реттеуге бағытталған  бақылау құралы.

Норманың және нормативтің  стандартын кәсіпорын дербес әзірлейді. Барлық стандарттарды үш деңгейге бөлуге болады:

1.   Баға деңгейін есепке алумен байланысты:

•    мінсіз - материалдарға, қызмет тарифіне, еңбекақы мөлшерлемелеріне   және   үстеме   шығындардың   сметалық мөлшерлемелеріне әлдеқайда  қолайлы бағаны ұйғарады;

•    қалыпты - экономикалық кезең ішінде орташа баға бойынша  есептеледі;

• ағымдағы - есептік кезеңде болжанған және осы кезенде қолданылатын бағаның негізіндегі есеп қарастырылады;

•   базистік - жылдың басында белгіленіп, жыл бойы өзгеріссіз қалады. Олар, әдетте, баға иидексін есептеу үшін қолданылады.

2.   Қуаттылықты пайдалану деңгейіне байланысты:

•    теориялық  – кәсіпорын оны жақсы немесе ойдағыдай орындауымен қол жеткізеді, кәсіпорынның мақсаты болып табылады, демалыс уақытының нормаланған  шамасына, куаттылықты толық пайдалануға негізделген әрі ақауға, іркіліске (простои), бүлінуге кететін уақыт шығынын қарастырмайды;

•    өткен шақтың орташа орындалуы - статистикалық мәліметтер бойынша есептеледі және әр ақауға, іркіліске бүлінуге кеткен уақыт шығындарын, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктерді қамтиды;

•    қалыпты орындау - алдағы кезеңдердегі норма кернеулігінің  болжалды орташа деңгейін қарастырады.

3. Өнім шығарылымының мөлшеріне байланысты: Өнім шығарылымының көлемі стандарттарды әзірлеу тәсілдемесіне бірінші деңгейдегі әсері болады:

•    теориялық - кәсіпорынның қуаттылығы теориялық  тұрғыдан алдын ала анықталады. Оған бір жолғы тәртіппен қол жеткізуге  болады немесе қол жетпеуі де мүмкін;

•    тәжірибелік - шығарылымның нақты қол жететін  деңгейіне   негізделген,   болмай   қоймайтын   шығындарды жібереді және теориялық стандарттың деңгейіне жуық жақсы орындаумен кәсіпорын қол жеткізеді;

•    қалыпты - кезең  ішіндегі өндіріс көлемінің жоғары және төменгі шамаларының орташасынан  өнімді шығарудың қол жететін  деңгейінде есептеледі;

•   болжалды - өнім шығарылымының болжалды  мөлшеріндегі нақты өндіріс жағдайының негізінде  есептеледі.

Информация о работе Лекции по "Финансовому праву"