Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
7010,7110,7210 шоттарында жиналған шартты-тұрақты шығыстар әрбір есепті кезеңнің соңында толығымен 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотынан жиынтық табысты азайту үшін есептен шығарылады.
Маржиналды табыс - өзгермелі шығыстар бойынша есептелген өнімді сатудан түскен түсім мен оның толық емес өзіндік құны арасындағы айырма. Маржиналды табыс құрамына кәсіпорынның пайдасы мен тұрақты шығындары кіреді. Маржиналды табыстан тұрақты шығындарды шегергеннен соң операциялық пайда көрсеткіші жасалады.
2. Өзгермелі шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың маңызды сәті шығындар мен пайданың оңтайлы арақатынасын есептеуге арналған акпаратты жасайтын өндірістің зиянсыздықты талдаумен калькуляциясының байланысы болып табылады.
Өзгермелі шығындар бойынша
өзіндік кұнды калькуляциялау бұйым
бағасы деңгейіне, бизнестің әр қилы
сегментінің өнімділігін ынтала
Стандартты "директ-костинг" – кәсіпорынның түпкілікті мақсатына - таза пайда алуға жету жүйесі.
"Директ-костинг" артықшылықтары:
• өзіндік құнды жарым-жартылай
калькуляциялаудың
• өзіндік құнды
әр түрлі кезендердің өзгермелі
шығындары, абсолютті және салыстырмалы
маржа бойынша салыстыру
• шығаруды ұлғайту үшін тиімділігі мол бұйымды анықтау;
• өзгермелі шығыстарды, өткізу бағаларын және шығарылатын өнім құрылымын өзгерту нәтижесінде пайда өзгерісін бақылау мүмкіндігі;
• тұрақты шығыстардың шамасын жедел бақылау үшін жағдайлар жасау, өйткені толық өзіндік құн есебінде қосымша шығыстардың бөлінбеген сомасының белігі бір кезеңнен екіншісіне көшеді, сондықтан бақылау нашарлайды;
• есептің талдаушылық
мүмкіндіктерін кеңейту, өйткені
есеп пен талдаудың тығызды бірігу-
• "директ-костинг" жүйесі принциптерін басқару есебінің басқа жүйелерімен үйлестіре қолдану.
Бұл жүйеде мынадай кемшіліктер бар:
• шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлудегі қиыншылықтар, бұл нәтижелерге әсерін тигізеді;
• кәсіпорынның көпшілігіне толық шығындар шамасы туралы ақпараттың бар болуы, ең алдымен, бұйымның бағасын белгілеу үшін қажеттігі, өйткені ұзақ мерзімді жоспардағы бағада кәсіпорынның барлық шығындарын жабуды қамтамасыз ету қажет. Толық өзіндік құн туралы мәлімет жоқ болса, бұл шартты сақтамаудың тәуекелділігі зор.
Сонымен, «директ-костинг»
өзгермелі (не болмаса бірен-саран)
шығын категориясына
Негізгі әдебиеттер:
1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002
2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004
3. Карпова Т.П.
Управленческий учет М.Аудит
4. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 2002
2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2002
3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006
5. Яругова А. Управленчесий учет: опыт экономически развитых стран. М: Финансы и статистика, 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Өзгермелі шығындар түсінігі
2. Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау тәртібі
3. Директ-костинг жүйесі және оның артықшылықтары
4. Тұрақты шығындар түсінігі
5. Абзорпшн жүйесінің
түсінігі және оның
Тақырып 12. Кешенді өндіріс шығындарының есебі
1. Бірігіп өндірілетін және қосымша өнім арасындағы айырмашылықтар
2. Кешенді шығындарды бірігіп өндірілетін өнімдер арасында тарату әдістері
3. Қосымша өнімнің есебі
4. Қосымша өнімдер және қалдықтар
Тақырып 13. Ұйымның өндірістік қаржылық қызметтерін жоспарлау. Бюджеттеу және бюджеттік бақылау
1. Жоспарлау және сметалу арасындағы өзара байланыс
2. Смета жасау және бюджеттік бақылау
3. Мекеме бюджетін қалыптастыру әдісі
1. Шығын туралы деректер көптеген басқару шешімдерінде шешуші мәнге ие. Бұрын шығынның мінез-құлық проблемалары мен басқару есебінің негізіне аса кажетті «шығын - мөлшер – пайда» моделі бойынша талдау қарастырылып келген болса, ендігі жерде бұл жинақталған білімді шамамен аса көп емес уақыт аралығында да, есептелген айтарлықтай кезеңде де ұтымды басқару бойынша шешім қабылдауда пайдалануға болады.
Жоспарлау - бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің срекше тұрпаты. Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Алдағы кезеңге құрылған жоспар төрт-бес жылдың ішіндегі, тіпті одан да ұзақ кезендегі келешектегі оқиғалардың дамуына қатысты әкімшіліктің ұйғарымдарын жиынтықтайды. Ұзақ мерзімді жоспарлаудың міндеті - бүгінгі танда немссс жақын арада арнайы шараларды қабылдауды талап ететін кажеттіліктер мен сұрау салуларды қарастырады (мысалы, қуаттылықты арттыру немесе жаңатауар шығару немесе жаңа өткізу нарығын ұйымдастыру мақсатындағы жаңа кәсіпорынға күрделі қаржы жұмсау). Кәсіпорын ұзақ жылдардың ішінде қандай да бір оқиғаның дамуына аяқ астынан ұрылып қалмауы керек. Кәсіпорын басшылығы болашаққа қам жасауы керек, өйткені кәсіпорынның негізгі өнім түрі, айталық он жылдың ішінде жеткілікті дәрежеде пайда әкеледі деп кесіп айту қиын. Жоспарлау процесінде мына сауалдарға жауаптар әзір болуы керек: кәсіпорын неге ұмтылады; алдына койған міндеттерін қашан және қалай шешеді? Егер басшылық бұл мәселелерде бір келісімге келетін болса, онда ұзақ мерзімді және қыска мерзімді жоспардан тұратын қолданысқа енгізетін бағдарламаны әзірлеуге кірісуі керек. Қысқа мерзімді жоспар рет-ретімен жасалатын жылдық бюджетті білдіреді (яғни, кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарын жақын келешектегі қажеттіліктерге колданып, нақтылай түседі).
Жоспарлау мен бақылау кәсіпорынды басқарудың аса қажетті шарты болып табылады - бұл процесс кәсіпорынның белгіленген жоспарға сәйкес мақсатқа кол жеткізуін білдіреді. Жоспарлау процесі бақылау процесімен ажырағысыз байланыста болады. Жоспарлау мен бақылаудын негіздерінде көбінесе бухгалтерлік есеп жүйесі мен статистикалық есеп беруде жиналатын қаржылық және өндірістік ақпараттардың өткен шақтағы талдауы жатады.
Бақылау және реттеу - ауытқуларды анықтау және алшақтықтарды түзету мақсаттарында жоспарлы көрсеткіштер мен нақты нәтижені салыстыруды білдіреді. Бұл келтірілген нақты нәтижелердің жоспарлануына сәйкес бағытталған немесе одан әрі жүзеге асыруға жарамайтыны анықталса, жоспарды қайтадан қарастыратын әрекет түрінде де көрінуі мүмкін. Бакылау және реттеу процесі ұзақ мерзімді жоспардың жүзеге асатынын немесе аспайтынын бағалауға мүмкіндік береді; күрделі проблемаларды шешеді; келешекте зиянды болдырмау үшін мақсаттар мен міндеттемелерді өзгерту шараларын қабылдайды. Егер алдыға койған мақсатқа қол жетпейтіні анықталатын болса, онда бақылау мен реттеу процесінде алынған мәліметтерді компанияның мақсаттары мен ұзақ мерзімді жоспарын қайтадан қарастыруда қолданады.
Ұйымдастыру
жұмысы. Ұйымдастыру жұмысының міндеті
Ұйымдастырушылық процестің ажырамас бөлігіне кәсіпорынды топтарға, бөлімдерге, секцияларға, бөлімшелерге және т.б. бөлу жатады. Мұндай бөлімшелерді құру ұйымдастырушылық сипатында пайда болатын міндеттерді мынадай жолмен - басшылық өз шешімдерін басқаруы үшін оңтайлы жағдай тудыруды қамтамасыз ететіндей жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп ұғуға болады. Осыған орай бюджет (немесе смета) -бұл жоспар. Жоспарлаудың нағыз нақтыланған деңгейіне жататын - бюджеттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойынша жекелеген бюджеттерді әзірлеу процесін білдіреді.
Бюджет үғымына тоқталмастан бұрын терминология проблемасын қолға аламыз. Әдеттегі "бюджет" ұғымын біз санамызда "бюджет тапшылығы" дейтін сөз тіркесі әбден сіңісті болған отбасылық, жергілікті. федералдық, мемлекеттік тәрізді анықтамалармен байланыстырып қарауға үйренгенбіз. Басқару есебінде дербес есеп түріндегі "бюджет" термині батыс елдерінде смета (кірістер мен шығыстардың сметасы) ретінде біздің ұғымға жақын басқаша мағынада қолданылады.
Бюджет дегенде, әдетте жоспарлы табысты және немесе шығынды көрсететін, белгілі бір уақыт мерзіміне дейін әзірленіп, қабылданған ақша түріндегі сандық жоспарды ұғамыз.
Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болып табылады.
2. Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.:
Бұл - бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды-бір-саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.
Жоспарлау кәсіпорынға
белгілі бір кезеңде кол
Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:
Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:
Жоспар былайша жіктелуі мүмкін:
Оперативті жоспар - ұйымның өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.
Оперативті-күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру максаты мен тактикалық жоспардын, көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің техникалык әзірлігін, оның материалдық-техникалық камтамасыз етілуін, аса қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді және т.б. осылардың бәрін қосып, біртұтас өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.
Әкімшілік (тактикалық) жоспары - ұйымдык құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалык жоспары. Оның мақсаты - орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.