Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Жинақтай келгенде шығарылатын өнім бір уақытта шығын есебі объектісі мен калькуляциялау объектісі құны есепті жыл ішіндегі жиынтық шығынды бұл кезенде өндірілген өнім санына бөлініп есептеледі.
Біртекті өнім шығаратын жерде өндіріске шыққан шығындардың негізгі мөлшерін калькуляцияның барлық баптары бойынша оңай анықтауға болады. Көптеген кен өндіретін және қайта өндеу өнеркәсібі орындарында жай тәсілді нормаға сай тәсілмен біріктіреді, осылайша өндіріс шығындарын бақылауды күшейтіп, өндіріс барысында шығындардың нормадан ауытқуын анықтайды. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі кәсіпорындарда нормаға сай тәсілдердің элементтерін өндірісті қарапайым ұйымдастырумен бірге қолданудағы дұрыстығы мен озықтығын дәлелдеді. Шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым тәсілінің төрт нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа. Тікелей және жанама шығыстарды барлық шығарылған өнімнің шығындарына белгіленген баптар бойынша есепке алынады. Өнім бірлігінің өзіндік кұнын барлық өндірістік шығындардың дайын өнімнің саны бөлумен анықтайды. Бұл өндірісте бітпеген өндіріс, жартылай өнімдер (полуфабрикат) мен дайын өнімнің кұрамдас бөлігі (гидростанция, құм, балшық, қазу) болмайды.
Екіншісі - дайын өнім мен бітпеген өндіріс арасындағы шығындарды бөлуді қажет (мысалы, ағаш дайындаушы өнеркәсіптің өнделмеген ағаштың 1м өзіндік құнын калькуляциялаған кезде) ететін жерде, бітпеген өндірісі бар кәсіпорындарда қолданылады.
Үшінші - бір уақытта өнімнің бірнеше түрін шығаратын немесе қазып шығаратын: жылу мен электр энергиясын шығару; мұнай мен газ өндіру; балықтың сан түрін шығаратын кәсіпорындарға қолайлы. Мұндай жағдайларда шығындарға тұтастай кәсіпорын бойынша, яғни қарапайым тәсілмен есепке алады, ал өнімнің өзіндік құнын қисындастырылған әдіспен калькуляциялайды. Мұнай мен газды өндіргенде энергетикалық шығындар, амортизация, бұрғылардың жерасты жабдықтарын, жөндеуді, қабаттың берерін артыруға, мұнайды айдау мен сақтауға жұмсалатын шығындарды тікелей белгі бойынша мұнайға, ал газ жинау тасымалдау шығыстарын газға жатқызады. Қалған шығыстарды мұнай мен газ арасында кәсіпорынның орташа келісімді бағалары бойынша бағалау мен жалпы өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Төртінші нұсқаны шығындар есебін процестер немесе бөлістер бойынша бұл процестер немесе бөлістердін өнімнің (жартылай өнімнің) өзіндік құнын анықтамай жүргізетін кәсіпорындарда қолданады. Бұл вариантты химия өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өнеркәсібі орындарында қолданады. Бұл жерде шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік тәсілдері үйлеседі.
Процестік калькуляция жүйесі дайын бұйымдары азды-көпті ұксайтын өнеркәсіп салаларында әрекет ететіндігі бұрын атап өтілді. Бұл жүйені пайдаланғанда өндіріс шығындарын нақты тапсырыстармен, өнімнің жеке бірліктерімен байланыстыруға әрекеттену жасалмайды. Керісінше, бір бұйымның өзіндік құнын белгілі бір кезең ішіндегі өндірістің өзіндік құнын сол кезенде жасалған бұйым санына бөліп, есептеуге болады. Басқаша айтсақ, тапсырыстын өзіндік құны сол кезенде жасалған барлық бұйымдардың орташа өзіндік құнына тең алынады.
Өзіндік құнды капькуляциялаудың процестік тәсілі біртекті немесе шамамен алғанда ұксас, бірдей өнімді сериямен немесе жаппай өнім өндіретін, не болмаса үзіліссіз өндірістік циклі бір технологиялық процестерде қолданылады. Шығындарды процестік калькуляциялауды технологиясы әрбір өндірістік бөлімшенің өндірістік процестің жеке бөлігін орындаудың және өнімнің бір операциядан өңдеу шарасы бойынша басқасына жылжуын қамтитын субъектілер қолданады. Соңғы бөлімше өндірісті аяқтайды және өнімді дайын өнім қоймасына тапсырады. Белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі шығындарды тапсырады орындауга қажетті уақыт ішінде емес, есепті кезең ішіндегі бұйымдарға қатыссыз, өндірістік бөлімшелер бойынша жинактап қорытады. Әрбір бөлімше үшін «Бітпеген өндіріс» жеке шоты ашылады. Мұндайда есепті кезеңнің басы мен соңындағы бітпеген өндіріс шартты түрде біткен өнімдерге қайта, есептеледі.
Мұндай өндіріске өнеркәсіптің кен өндіру салалары мен энергетика кіреді. Мұнда шығарылатын өнім бір уақытта шығын есебі мен калькуляциялардың объектісі болып табылады.
Шығындарды кіргізудің
толықтығына карай толық шығын
Бөлудің бірнеше базасын пайдалану кезіндегі мұндай тәсілдің олқылықтарына мыналар жатады: математикалық қателердің пайда болу ықтималдығының ұлғаюы; бұл тәсілде барлық жанама шығындар өзгермелі болғандықтан қосымша тапсырыстың бағасын тиімді анықтаудың мүмкін еместігі; ұйымның қай кызмет сәтінде пайда ала бастайтынын белгілеудің мүмкін еместігі; басқару шешімдерін қабылдаудың әр түрлі баламаларын қараған кезде шығындар тәртібі туралы қажетті мағлұматтар алудың мүмкін еместігі.
Пайда жанама
салықтарсыз түсім мен
Өзгермелі (тікелей) шығындар тәсілінде толық емес өзіндік құнды есептеу жасалады.
Ағымдағы шығыстардың (кезең шыгыстары) бірен-сараны, жарым-жартылайы ескерілмейді және калькуляцияланбайды, зияндық нүктесіне жеткенше өзіне тұрақты шығындарды алатын, жеткен соң салық салынғанға дейін пайда болатын маржиналды пайда есебінен жабылады. Мұндай тәсіл директ-костинг жүйесі негізінде жатыр.
2. Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебінің жүйесін өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына шығындарды толық қосу тұрғысынан қараса, онда шығындарды толық, толық емес, шектеулі енгізу жүйесін бөлуге болады.
Толық емес өзіндік кұнды жасау тәсілі "директ-костинг", ал толық өзіндік құнды - "абзорпшн-костинг" деп атайды.
Шығын түрлері бойынша тікелей және жанама шығындар бөлінеді. Тікелей шығындар пайда болған сәтінде нақтылы қандай түр мен өнім көлеміне қатысты екендігі белгілі шығындар. Шикізат пен материалдар, негізгі жұмысшылардың (яғни, осы өнімді дайындаумен тікелей шұғылданатын жұмысшылардың) еңбекақысы осындай шығындарға мысал болып табылады.
Бұл кезенде тікелей шығындардың шығарылатын өнім түрлері бойынша бөлінуін қамтамасыз ету үшін аналитикалық есепті осылайша ұйымдастыру ерекше маңызды. Бұған екі түрлі амалмен - тапсырыстық және бөлістікпен жетеді.
Өнімді негізгі де, қосалқы өндіріс те ("басқа жаққа шығару" деп аталады) шығара алады. Сондықтан тікелей шығындар негізгі өндіріс бойынша да, қосалқы бойынша да, 8110 "Негізгі өндіріс" және 8300"Көмекші өндіріс" бөлікшесінің шоттарында жиналады. Және де екі жағдайда есептің қай түрін қолдану жөнінде катаң талап жоқ. Басқаша айтсақ, қажет болса, негізгі өндіріс бойынша бөлістік әдіс, ал қосалқы бойынша - тапсырыстың және керісіншесі қолданылуы мүмкін. Бұл жердегі ой, қисын (логика) қарапайым: негізгі және қосалқы өндіріс әр түрлі салаларға (мысалы, негізгі өндіріс - машина жасау, қосалқы өндіріс - қазандың) жатуы мүмкін, есеп әдістің де, дәл осы салаға ең қолайлысы қолданылуы керек.
Біздің тәжірибемізде
толық өзіндік құнды
Есепте шығындар объектісіне бірден жатқызылуы мүмкін тікелей шығындар:
1) тікелей материалдық шығындар;
2) еңбекті өтеудің тікелей шығындары;
3) еңбекті өтеуден аударымдар.
Тікелей материалдық шығындарда өндіріске жұмсалған негізгі материалдардың нақты өзіндік құны болады.
Өнімнің толық өзіндік құнын есептегенде, оған жанама шығындар кіреді, оларға бұл жағдайда кезеңнің қосымша шығыстарын жатқызады. Есепті кезең ішінде мұндай шығыстар жеке шоттарда жинақталады, есепті кезең сонында бөлудің белгілі бір базасына сәйкес өнімнің нақты өзіндік кұнына кіреді. Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, тікелей шығындар сомасы бөлу базасы бола алады.
Өнім өндірудің, жұмысты
орындаудың, қызмет көрсетудің толық
өіндік құнына байланысты өндірудің, жұмысты
орындаудың, кызмет көрсетудің толық
өз құнына байланысты шығындардың есебі
жүйесінің жағдайларындағы
Толық өзіндік құн
негізінде кәсіпорын басшысы
өнімнің пайдалылығы мен
Толық өзіндік құн бойынша есептеу жүйесінің біздің пікірімізше, бірқатар жақсы жактары мен олқылықтары бар.
Толық өзіндік құн бойынша есептеудің тиімді жақтары:
- Қазакстан Республикасында
қолданылып жүрген қаржылық
- аяқталмаған және дайын өнімнің құнын байыпты бағалау.
Есептеудің бұл жүйесінің елеулі олқылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
- өнімнің өзіндік кұнына
оны өндіруге тікелей қатысты
емес (нәтижесінде өнімнің жеке
түрлерінің тиімділігін
- жанама шығыстарды
есептен шығарған жалпы
бөлу базаларын қолдану
- өнімге сұраныс азайғанда,
қоймадағы дайын өнім қорына
тұрақты қосымша шығыстар капит
- өзіндік құнды жоспарлы калькуляциялауда жоспарлы пайда алдын-ала қарастырылады, шын мәнісінде ол зиянның тәуекелділігін жою мақсатында жасалады;
- өндіріс көлеміне
байланысты шығындар
Негізгі материалдың шығындар тікелей шығындардың (қосалқы материалдар жанама шығыстар кұрамында ескеріледі) бірінші элементі болып табылады.
ҚЕХС-на сәйкес материалдардың нақты өзіндік құны олардың сатып алу шығындарына негізделіп, анықталады, бұған ресурспен жабдықтаушы ұсынған несиені пайдаланғаны үшін процент төлеу, жабдықтаушы ұйымдар төлеген комиссиялық сыйақылар, тауар биржаларының көрсеткен қызмет кұны, кеден, баж салығы, басқа ұйымдардың күшімен атқарылған тасымалдау мен жеткізу шығыстары кіреді.
Шығын баптарын көрсететін негізгі материалдардың құнын бағалау үшін дәстүрлі есеп саясатында төрт тәсіл пайдаланылады: орташа өзіндік кұн бойынша; сатып алу уақыты бойынша, бірінші келген материалдың өзіндік құны бойынша (ФИФО).
ФИФО тәсілі бойынша материалдардарды бағалауда: "бірінші келдің, бірінші кеттің" ережесі қолданылады. Бұл өндіріске материалдардың қай партиясы босатылуына қарамастан, алдымен, бірінші сатып алынған партия бағасы бойынша, содан екінші партия бағасы бойынша осылайша кезектілік тәртібімен, ай ішіндегі жұмсалған материалдардың жалпы саны алынғанша, есептен шығарыла береді.
Материалдарды бағалаудың көрсетілген тәсілдерін қолдану кәсіпорынды материалдардың аналитикалық есебін тек қана түрлер бойынша емес, жеке партиялар бойынша да ұйымдастыруға бейімдейді.
Орташа өзіндік құн тәсілін пайдаланғанда, материалдық қорлардың өзіндік қүны есепті кезең басында бар материалдық және осы кезеңде сатып алынған барлық материалдардың орташа өзіндік құнына тең болады.
ФИФО тәсілі материалдарды
хронологиялық тәртіппен