Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
1. Еңбек ақы шығындарының құрамы
2. Еңбек шығындарының есебі
1. Кез келген өндіріс процесінде жұмыс күші негізінен қозғаушы күш ретінде шығын элементтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Еңбекақының негізгі ұстамы ретінде жалақымен өлшенетін жұмысшылардың жаңа өндірген өнім көлеміне сан және сапа жағынан қосқан үлесі саналады. Еңбекақы – еңбек өнімділігін арттыруға, құрылыс–монтаж жұмыстарының көлемін ұлғайтуға, оның сапасын көтеруге жұмысшының мүддесін арттырушы негізгі құрал болып табылатындықтан автокөлік жолдарын салу мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар үшін еңбекақы шығындары есебі өндірістік есеп жүйесінде маңызды орын алады. Демек, еңбекақы шығындары есебінің негізгі мақсаты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысында жұмысшылардың орындаған жұмыс уақыты мен жұмыс көлемін алғашқы құжаттарға түсіріп, оларға тиісті еңбекақыны есептеу болып табылады.
Жұмысшы мен жұмыс
берушілердің арасындағы еңбек қатынастары
Қазақстан Республикасының
Шаруашылықтың жаңаша даму жағдайында еңбек және еңбекақы шығындары есебінің негізгі міндеттері еңбекақы шығындары бойынша барлық құжаттарды дер кезінде толтыру; өнімнің өзіндік құнын құрайтын еңбекақы шығындары мен одан аударымдар сомасын дұрыс анықтау және олардың өндіріс шығындарына дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету; құрылыс жұмысшыларына төленген нақты еңбекақы шығындарының нормадан ауытқуларын анықтау, ауытқу сомаларын тиісті белгі құжаттарымен рәсімдеу және олардың шығын объектілеріне дұрыс бөлінуін бақылау; белгіленген мерзімде жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу үшін еңбекақы бойынша көрсеткіштерді жинақтау және топтастыру болып табылады.
Жұмысшыларға төленетін еңбекақы негізгі, яғни өндірілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет сапасына, нақты орындалған жұмыс уақытына төленетін негізгі еңбекақы мен қосымша еңбекақыдан (демалыс ақысы, мемлекеттік тапсырмаларды орындағаны үшін, өндірістегі кідірістер және демалыс күндері үшін) төлемдерінен тұрады.
Жол құрылысы ұйымдарында “Еңбекақы” бойынша шығындарға осы ұйымда қабылданған еңбекақы жүйесі мен формаларына сәйкес есептелген өндірістік жұмысшылардың (штатта тұрмайтын жұмысшыларды қоса алғанда) және құрылыс жұмыстарына тікелей қатынасатын учаскі жұмысшылары құрамына енгізілген тізімдік қызметкерлердің барлық еңбекақы шығындары көрсетіледі.
2. Негізінен еңбекақы шығындары кесімді баға, тарифтік бағам, лауазымды жалақы бойынша нақты орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін жұмысшыларға төлемдерден, келісімшарт бойынша ұйымның штатында тұрмаған жұмысшыға төленетін еңбекақы, құрылыстағы жұмысшылардың еңбекақы қорына енетін басқа да төлемдерден қалыптасады.
Негізгі өндіріс жұмысшыларының
еңбекақыларын есептеу үшін кесімді
еңбекақы формасы және жол жұмыстарына
тікелей қатысатын бригадир-
Еңбекақының кесімді формасы - нақты орындалған жұмыстың жалпы көлемі үшін және белгілі бір еңбек жағдайына байланысты тікелей кесімді
бағамен еңбекақыны есептеуді білдіреді. Жол құрылысы ұйымдарында кесімді еңбекақы жүйесі арқылы жұмысшыларға еңбекақыны төлеудің артықшылығы сол, мұнда орындалмаған жұмыстар көлеміне немесе жалған жұмыстарға еңбекақы төлеуге жол берілмейді. Бұл өз алдына кәсіпорындағы еңбекақы бойынша қаржылардың дұрыс жұмсалуына кепіл бола алады.
Өндірім нормасы мен орындалатын жұмыстарға бағаны құрылыс ұйымының өндірістік-техникалық бөлімі тағайындайды және қажет болған жағдайда шаруашылықтың нақты жағдайларын есепке ала отырып, олар қайта қаралып, содан кейін кәсіпорын басшысына бекітуге беріледі.
Орындалған жұмыс пен
өндірім есебін мастер, учаскі бастығы,
прораб жүзеге асырады. Негізгі құрылыс
жұмысшыларының негізгі еңбекақыларын анықтаға
Орындалатын жол құрылысы жұмыстарының ұзақтығына және көлеміне қарай кесімді жұмысқа тапсырма есепті айдағы жұмыс көлемі басталмас бұрын бригадаға немесе жеке жұмысшыға беріледі. Тапсырмада құрылыс объектісі, орындаушылары, олар орындайтын жұмыстардың сипаттамасы, тапсырыстың мазмұны, нақты орындалған жұмыс көлемі туралы мәліметтер көрсетіледі. Тапсырмадағы (нарядтағы) жұмысты нормалау және белгілі бір жұмыс көлеміне еңбек ақыны есептеу үшін осы жұмыстарға құрылыс ұйымы бекіткен уақыт нормалары мен бағалары негіз бола алады. Қосымша төлемдердің барлық түрлері арнайы бекітілген құжаттармен, яғни “Қосымша төлемдер парағы” бойынша (№ Т - 48 үлгі) рәсімделеді.
Жұмыс уақытын пайдалану және өндірім есебі бойынша алғашқы құжаттар бригадирден алыну мүмкіндігіне қарай құрылыс ұйымының жоспарлау-техникалық бөлімінде тексеріліп, содан кейін есеп бөлімінде олардың шоттық өңделуі жүргізіледі. Мерзімді еңбекақы нысанымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы, сыйақылар мен басқа да төлемдер нақты орындаған жұмыс уақытының нәтижесі бойынша есептеледі.
Еңбекақының жалпы сомасы бригаданың әрбір мүшесіне белгіленген разряд бойынша нақты орындаған жұмыс уақыты мен сағаттық тарифке пропорционалды бөлінеді. Сонымен бірге еңбекақыны есептеу өндірім коэффициентін қолдану арқылы да жүзеге асады. Ол үшін бригаданың әрбір мүшесінің еңбекақысы есепті айда нақты орындалған сағат санын разряд бойынша бекітілген сағаттық-тарифтік бағаға көбейту арқылы есептеледі. Содан соң жалпы еңбекақы сомасын тариф бойынша еңбекақының жалпы сомасына бөлу арқылы өндірім коэффициенті анықталады. Бригаданың әрбір мүшесінің еңбекақысы оның тариф бойынша еңбекақысын өндірім коэффициентіне көбейту арқылы алынады.
Бригада мүшелері арасында еңбекақы еңбекке қатынасу коэффициентін есепке ала отырып бөлінеді. Еңбекке қатынасу коэффициенті (ЕҚК) – бригаданың әрбір мүшесінің соңғы жұмыс нәтижесіне жеке үлесінің (қатысуының) жинақталған сандық бағасы. Мұндай әдіспен еңбекақыны бөлу кезінде жұмысшының тек мамандығы мен нақты орындаған жұмыс уақыты ғана емес, сонымен бірге оның жеке мүмкіндігі мен еңбекке және өндіріске қатынасы да есепке алынады. Еңбекке қатынасу коэффициентінің артықшылығы сол, мұнда әбір жұмысшының жұмыста көрсеткен жетістігі үшін үстеме ақылар төленеді де, ал жұмысшы еңбек тәртібін бұзғаны үшін, әлде болмаса төменгі көрсеткіштері үшін еңбекақы төлемдері қысқартылады. ЕҚК-нің базалық саны ретінде 1 (бірлік) қолданылады. Ұжымдық еңбекте әрбір жұмысшының соңғы нәтижеге салған жеке үлесін дұрыс анықтау үшін “Бригада жұмысының есебі журналын” жүргізу қажет. Бригада мүшелеріне еңбекке қатынасу коэффициентін тағайындау бригада шешімімен қабылданады.
Нақты есептелген негізгі және қосымша еңбекақылар сомасын шоттар, аралық шоттар, аналитикалық есептің баптары, орындалған жұмыстардың түрлері арасында топтастыру және бөлу үшін “Құрылыс ұйымдарында еңбекақыны бөлу” кестесі қолданылады.
Бригада мүшелерінің еңбекақысын есептеу және оны бөлу
Жұмыс-шының аты жөні
|
Табельдік нөмірі |
Разряд |
Сағаттық тарифтік жүктеме |
Орындалған сағат |
Тариф бойынша еңбекақы |
Наряд бойынша еңбекақы (теңге) |
ЕҚК |
Табысты бөлу үшін есептелген шама |
Кесімді табыс |
Наряд бойынша еңбекақы (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Жүнісов М. К |
01 |
5 |
10,5 |
68 |
18564 |
24548 |
1,8 |
33415,2 |
6795,5 |
25359,5 |
Кереев Б. А |
02 |
5 |
10,5 |
44 |
15912 |
21310 |
1,7 |
27050,4 |
5501 |
21413 |
Омаров А. Қ |
03 |
6 |
16 |
68 |
19488 |
26715 |
1,8 |
35078,4 |
7133,7 |
26621,7 |
Ысқақов И. М |
04 |
4 |
6,3 |
20 |
10356 |
14420 |
1 |
10356 |
2106 |
12462 |
Шамеев К. О |
05 |
4 |
6,3 |
68 |
14498,4 |
16310 |
1 |
14498,4 |
2948,4 |
17446,8 |
Барлығы |
х |
х |
х |
х |
78818,4 |
103303 |
х |
120398,4 |
24484,6 |
103303 |
* Кесімді табыс деңгейі 103303 – 78818,4 = 24484,6 * Кесімді табыс коэффициенті 24484,6 : 120398,4 = 0,2033631 |
Өндіріс тиімділігін арттыру көпшілік жағдайда кәсіпорындарда қолданылатын еңбекақы формасы мен жүйесіне және қалыптасқан еңбек жағдайларына байланысты болғандықтан еңбекақы жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Солардың ішінде қазіргі уақытта құрылыс ұйымдарында көп қолданыла берілмейтін аккордтық еңбекақы жүйесін қолданудың қажеттілігі туындап отыр.
Өндірістегі жұмысшыларға есептелетін еңбекақының ауытқу себептері әртүрлі және оларға технологиялық процеспен қаралмаған қосымша операцияларға, артық жұмыс уақыты мен демалыс және мейрам күндері үшін төлемдер; құрылыс сметасында қаралмаған жол жұмыстарын өнімділігі төмен машиналармен орындалуы немесе жұмыс сапасының төмендеуі; технологиялық құжаттардағы қателіктер; белгіленген стандарттар мен техникалық шарттарға материалдардың сәйкес келмеуіне байланысты қосымша жұмыстар үшін төлемдер; құрылыс материалдарын тиімді пайдаланғаны үшін үстеме төлемдер; мерзімді жұмысшылардың орындаған жұмыс уақытына байланысты есептелген нақты еңбекақылары мен норма бойынша еңбекақы сомаларының арасындағы айырмашылықтар жатады.
Негізгі еңбекақы нормасынан
ауытқулар қосымша төлем
Еңбекақы шығындары өнімнің өзіндік құнының құрамындағы негізгі шығын элементтерінің бірі болып саналатындықтан, олар шығын объектілеріне дұрыс бөлінбесе өзіндік құнның дұрыс қалыптасуына, құрылыс-монтаж жұмыстарының бағасын тағайындауға, сонымен қатар ұйымның қызмет нәтижесін анықтауға кері әсерін тигізеді. Сондықтан бухгалтерлік есептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – бұл олардың объектілерге дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету болып саналады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құндарына қосылуына байланысты еңбекақы шығындары тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей еңбекақы шығындары жеке тапсырысқа тікелей байланысты және өзіндік құнға тікелей апарылады. Жанама еңбекақы шығындары деп бір уақытта бірнеше тапсырысты орындауға байланысты басшылардың, мамандар мен қызметкерлердің еңбекақыларын айтамыз. Бұл шығындарды бір тапсырыспен байланыстыру мүмкін емес, сондықтан да олар тапсырыстың өзіндік құнына үстеме шығындарды бөлу әдістемесі арқылы таратылады.
Негізгі әдебиеттер:
1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002
2 Друри К. Введение
в управленческий и
3. Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998
4. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999
4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2002
3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006
5. Яругова А. Управленчесий учет: опыт экономически развитых стран. М: Финансы и статистика, 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбек ақы төлеу және еңбек ақыдан есептелетін аударымдар шығындарының есебі
2. Еңбек ақы төлеу шығындар есебінің мақсаты
3. Өндіріс жұмысшыларының
4. Үстеме шығындар құрамына
5. Еңбек ақы төлеуден
6. Ұйымдардың әкімшілік
Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
1. Өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептеу формалары
2. Еңбек ақы есептеу формалары бойынша есептер шығару
3. Еңбек ақы шығындарын өнімнің
өзіндік құнына тарату
Тақырып 6. Өндірістік үстеме шығындардың есебі
1. Үстеме шығындардың құрамы
2. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлу
1. Үстеме шығындардың құрамына мыналар енеді:
- өндірістегі инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбекақылары және одан аударымдар, негізгі өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақылары және одан аударымдар;