Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Сонымен, кіретін шығындар "шығындар" терминінің синонимі, болып табылады, ал өтіп кеткен шығындар - ''шығыстар'" ұғымына ұқсайды. Шығындар - тауарды өткізу нәтижесінде шық-қан каражат, ал шығыстар - кірістер алуға байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың бөлігі.
Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты жиындар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Мұндай шығындар
өнімнің жекелеген түрлері
Өнім бірлігіне шаққандағы тікелей шығындар мөлшері іс жүзінде өндіріс көлеміне байланысты емес және оны ондіріс тиімділігін еңбек өнімділігін арттыру, жаңа ресурс және энергия сақтайтын технологияларды енгізу жолымен төмендетуге болады. Шығындар белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Өнім өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай өнімдер түріндегі еңбек керек жарақтары; өндірістік мақсаттағы негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы қосып есептеулерімен жәпе т.б.) кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды.
Қосымша (жанама) шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады. Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді:
Қосымша өндірістік шығыстарға (жабдықты ұстау мен пайдалануға) майлайтын, ысқылайтын және жабдықты ағымдағы күту мен жөндеуге арналған материал түрлеріне, шығыстар жабдық пен транспорттық құралдардың амортизациясына жабдыққа қызмет ететін жұмысшылардың әлеуметтік салықтың аударымдары бар еңбекақы шығыстары; коммуналдық (цехтық) шығыстар (электр энергиясына, суға және т.б.); қосалқы өндіріс көрсететін кызметтер, құраласпаптар мен керек-жарақтардың қалпына келтіру бойынша шығыстар мен тозу; жабдық жұмысына байланысты тағы басқа шығыстар жатады және олар 93 "Қосымша шығыстар" бөлікшесінің шоттарында ескеріледі.
Өндірісті басқаруға шыққан шығыстар (кезең шығыстары) еңбекақыны және өндірістік-диспетчерлік ақпаратгың және завод басқармасының әкімшілік-басқару аппаратының еңбегін өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымдарын, өндірісті дайындау мен ұйымдастыру амортизация, өндірістік қажеттілік пен өзі өндіретін жартылай өнімдерді сақтау үшін қолданылатын мүлікті, ғимаратты, үйді ұстау мен жөндеу шығындарын; жақсы жұмыс жағдайларын камтамасыз етуге, кәсіби бағдарга жэне кадр дайындауға жұмсалған шығындар; мүліктің тозуы мен өндірістік бөлімшелерді басқаруға кететін баска да шығыстар біріктіріледі. Бұл шығыстар кәсіпорын аумағында пайда болады.
Қолданыстагы баптар номенклатурасы өндірісті дайындау міндетін атқаруға, ұйымдастырушылық және баскарманың тікелей міндетті іс-қызметтерін жүзеге асыруды топтастырады. Экономикалық мәні жағынан әр түрлі шығындарды бүлайша біріктіру шығыстарды мөлшерлеуді, жосларлауды, бақылауды және талдауды қиындатады. Пайданы бакылау мен есептеу жүйесін күру, өндірістік емес шығындарға әсер ететін факторларды ашу үшін оларды міндетті іс-қызмет аясын белгілеу бойынша, ал іште шығын элементтер бойынша топтастыру мақсатқа сәйкес болар еді.
Шығындарды жіктеудің таңдалған бағыты шығыстарды пайда болған жерлерінде жайылдырма, бір шектен шығармауға (локализовать), мүмкіндіктерін жасайды. Мысалы, техникалық басқару шығыстарына техникалық қызмет еңбеккерлерін ұстау, олардың еңбекақысы және әлеуметтік салық аударымдары, амортизация техникалық қызмет орналасқан үй мен ғимаратты ұстау мен жөндеу шығындары; жалпы заводтық лабораторияларды ұстау; мүліктің тозуы мен оларды қалпына келтіру шығыстары; өнертапқыштыққа техникалық жетілдіруге және т.б. шыққан шығыстар жатқызылады. Бұл шығыстардың жарым-жартылайын өнім түрлеріне - өнертапқыштық, бұйым конструкциясын техникалық жетілдіруге, бөлуге болады; басқа бөлігінің жеке өндірістік бөлімшелерге қатысы бар және өндірістік қосымша шығыстармен бірге бөлінеді.
Кәсіпорынның басқа шығындары сияқты қосымша шығыстар басқару есебінде басқару мақсаттарына байланысты қарастырылады.
Бір текті өнім шығаратын кейбір кәсіпорындарда, мысалы, өнеркәсіптің энергетикалық, көмір, мұнай өндіру салаларындағы, барлық шығыстар тікелей болады. Өңдеуші кәсіпорындарда (машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібінде және т.б.) жанама шығыстар өте елеулі. Осылайша, шығындарды тікелей және жанама деп бөлу өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Өндірістік және өндірістен тыс (мерзімдік шығындарды немесе кезең шығындары).
Мұндай жіктеу бухгалтерлік
есептің халықаралық стандартта
Сондықтан шығындар басқару есебінде мыналарға жіктеледі:
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарға тек қана өндірістік шығындар жатқызылады, яғни өткізілген сәтке дейінгі дайын өнім өндірісіне және бітпеген (аяқталмаған) өндіріске байланысты: тікелей материалдық шығындар, әлеуметтік салық аударымдарымен бірге есептелетін еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар; қосымша шығыстар.
Өндірістік қорлар материал корларында, бітпеген өндіріс көлемінде кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім (тауар) калдықтарында заттандырылған.
Кезең шығыстары қорларды бағалағанда есептелмейді, жасалған есепті кезендерінде есептен шығарылады. Өткізілмеген өнім мен бітпеген өндіріс қалдықтарында келесі кезеңге көшпейді. Бұл шығындар ұйымның баға саясатында негізгі шешімдер қабылдауда өте маңызды. Бұларға өндірістік емес сипаттағы шығындар: коммерциялық (өнімді өткізуге байланысты), сыйақы түріндегі шығыстар мен жалпы және әкімшілік шығыстары жатқызылады.
Сонымен қатар шығындар бір элементті және кешенді болып бөлінеді.
Өндіріске жұмсалатын біртекті шығындар бір элементті деп аталады. Бұл белгі бойынша өнімнің (жұмыстың, көрсетілген кызметтің), өзіндік құнын құрайтын шығындар мынадай элементтер бойынша топтастырылды: материалдық шығындар; ең-бекті өтеу шығындары; аударымдар (әлеуметтік салық), қосымша (өндірістік) шығыстар;
Соған орай, бұл кәсіпорында
қосылғыштарға бөліп
Кешенді шығындар бірнеше экономикалык элементтерден тұрады. Іс жүзінде барлық элементер кіретін цехтық (қосымша) шығыстар үлгі болады. Мысалы, жоғары дәрежелі автоматтандырылған кәсіпорындарда еңбекақы аударымдарымен бірге өзіндік құн құрылымында 5% кұрайды. Әдетте, мұндай кәсіпорындарда тікелей еңбекақы бөлінбейді, оны «қосылған шығындар» деп аталатын жеке бапта өндірісті басқару мен қызмет ету бойынша шығыстармен біріктіреді.
4. Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:
Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлеміне тура сайма-сай өзгереді. Олар ұйымның іскерлік белсенділігіне байланысты өндірістік емес сипатта болады.
Өзгермелі өндірістік шығындар өнімнің өз құнын сипаттайды, өйткені нарықты (тұтынушының) объектінің құны емес, өнімнің құны мен оны тұтынуға кететін өзіндік шығындар қызықтырады. Материалдық шығындар, еңбекті өтеу ушін тікелей шығындар, қосалқы материалдар мен сатылатын жартылай өнімдерге шыққан шығындар өндірістік өзгермелі шығындарға үлгі болады.
Өндірістік емес шығындарға мыналар жатады:
Бұл шығындар тікелей сатылым көлеміне байланысты.
Өндірістік тікелей шығындар іскерлік белсенділікке байланысты емес, сондытан оны тұрақты деп атайды. Бұл шығыстар-жарнамаға, жалға төлемдеріне негізгі құрал жабдықтардың амортизациясына және т.б.
Тұрақты шығындар уақыттың белгілі бір кезеңі ішіндегі өндірістің (өндірістік қызмет) әр түрлі ауқымы үшін өзгеріссіз қалады.
Жартылай өзгермелі шығындар. Бұған тұрақтылар да, өзгермелі құрамдас бөліктер де кіреді. Мысалы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жоспарланған (тұрақты) шығындардан тұратын жартылай өзгермелілерден құралады, олар өндіріс көлеміне тікелей тәуелділікте болатын өзгермелі шығындар мен кез келген өндіріс көлемінде жүзеге асады.
Шынайы өмірде тек тұрақты немесе өзгермелі шығындарды кезіктіру, сирек. Экономикалық құбылыстар және олармен байланысты шығындар мәні жөнінен, едәуір күрделі, сондықтан көптеген жағдайларда шығындар шартты-өзгермелі (немесе шартты-тұрақты) да құрамдас бөліктері болады. Бұл жағдайда ұйымның іскерлік белсенділігінің өзгеруді де шығындардың өзгеруімен қоса жүргізіледі, бірақ өзгермелі шығындарға қарағанда тәуелділік тікелей емес.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінен шапшаң өсетін шығындар прогрессивті шығындар деп аталады, мысалы, өндіріс көлемі 20% өскенде және өндіріс шьгғындарының өсуі - 40%
Шығындарды өзгермелі және түрақты құрамдастар негізінде, жоғарыда көрсетілгендей, ұйьшның іскерлік белсенділігі деңгейін өзгертуге байланысты тәртібі жатады. Осындай бөлу негізінде шығындар, пайда мен өндіріс көлемі арақатынасының талдауы орындалады. Мұндайда өндіріс көлемі өндірістік қуаттың көрсеткіші ретінде, яғни өндірістік ресурстардың бар көлеміндегі өндірістің шекті көлемімен сипатталады. Өндірістік қуатты төрт түрге бөледі: теориялық (немесе ойдағыдай), тәжірибелік, қалыпта және нормативті.
Теориялық қуат - егер барлық машиналар мен жабдықтар тоқтамастан іркіліссіз ұтымды режимде жұмыс жасаса; бөлімше немесе тұтастай ұйым жете алатын ең көп шамада өнш шығару; өндірістің ең мол мүмкіндікті деңгейін анықтау үшін қажет.
Тәжірибелік қуат - қалыпты жұмыстың іркілістерін (құрал-аспапты ауыстыру, жөндеу қызмет көрсету үшін машиналардың іркілісі, жұмысшылар үшін үзілісте) шегеретін теориялық куат. Тәжірибелік қуат теориялық сияқты, ұйымдарда сирек қолданылады, өйткені олар негізгі жабдыкты жөндеуде немесе нарықтық жағдайды (конъюнктураны) жандандырғанда ғана қолданылатын косымша жабдық. Осыдан кейін ұйым көбіне қалыпты куатқа бейімделеді.
Қалыпты қуат - күтілетін сатылым талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті өндірістік куаттың орташа жылдық деңгейі. Бұл шама іскерлік белсенділіктің маусымдық ауытқуларымен нақтыланады.
Нормативті қуат - ұйым шығара алатын көлемі емес, шығаруы ықтимал өнім көлемінің шынайы мөлшері. Сондай-ақ пайданы бағалағанда немесе өзіндік құнды қалыптастырғанда есепке алынатын және алынбайтын шығындарды ажыратады.
Шаруашылық кызметі процесінде әрбір кәсіпорын кіріс түрінде түсетін қолма-қол ақша өсімін алу үшін өткізу көлемін ұлғайтуға тырысады. Болашақта ақшалай колда бар түсімнің ең көп шамасын қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорынның басқару құрамы кірістер мен шығыстардың белгілі бір тәртібін қолдануы тиіс. Қысқа мерзімді шешімдер үшін шамасы қабылданатын шешімге байланысты шығыстар мен кірістер туралы мәліметтер маңызды болады, сондықтан олар шамасы қаралатын, баламаға (альтернативаға) байланысты, колма-қол ақшаның өсу болашағы туралы анық-түсінік береді. Қолма-қол ақшаның өсу қозғалысын айқындайтын шығыстармен кірістер орынды (релевантты) (есепке алынатын) деп аталады. Бір баламаны екіншісінен айыратын шығындар көбіне басқару есебінде орынды (релевантты) деп аталады. Шамасы қабылданатын шешімдерден байланысты емес шығындар иррелевантты (орынсыз).
Мысалы. Кәсіпорын 30000 теңге сомасына материалдар алды. Бірақ серіктестердің бірі бұл материалдардан дайындалған өнімді 500 000 теңге сатып алуға келісті, алайда кәсіпорынға мұндайда 350 000 теңге сомасында қосымша шығыс шығаруға тура келер еді. Мұндай тапсырысты қабілдаған жөн бе? Кәсіпорынның екі ұйғарымның бірін ғана таңдайтын, тапсырысты қабылдамау керек пе немесе қабылдау керек емес.
300 000 тецге сомасында материалдар алу бойынша өткен шығындар қандай нұсқа талдауға байланысты емес, шешім тандауға әсер етпейді, яғни орынды (релевантты) емес және сондықтан шешім қабылдау кезінде ескерілмейді. Өткізуден түскен түсім 500 000 теңге, қосымша шығындар - 350 000 теңге, яғни пайда 350 000 теңге, ал кәсіпорын өз шығынын 300 000-нан 150 000 теңгеге дейін кемітеді.