Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Экономикалык ақпараттың басқа түрлері сиякты есептік ақпаратгың да жалпы белгілері, нормалы-ақпаратты және жоспарлы түрлердегі принциптері мен объектілері бар. Есептік ақпараттық жүйе мынадай сатылардан тұрады: алғашқы мәліметтерді жинау, өзгерту, тіркеу, есептеу орталықтарына немесе басқару аппаратына өңдеу үшін беру, оперативті басқару үшін мәліметтерді өндеу, мағлұматтарды талассыз түсуі мен белгілі бір принциптер бойынша жинақтау мен топтастыру, аналитикалық және синтетикалык есепте колданылатын жиынтық акпаратты және есептеу өндірісін қалыптастыру ішкі және сырткы есеп беруді жасау.
Бастапқы есеп қаржылық және басқару есебін алғашқы маліметтерімен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп барлық кәсіпорындарға тән жалпы жүргізу ережелерін қолдана отырып, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға ақпарат дайындайды.
Алғашқы ақпараттың үлкен көлемі менеджерлерге оны толығымен түсінуге, талдауға, өз жұмысында қолдануға мүмкіндік бермейді. Оларға қысқаша шолулар мен өздерінің міндеттемелерін орындау үшін топтастырылған акпарат керек. Әр түрлі деңгейдегі басшылар үшін арнайы дайындалған есептік ақпарат - басқару есептік ақпарат деп аталады.
Басқарма есебі – кәсіпорынның ақпарат жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол оперативті (бастапкы) ақпаратты сандық өлшеміне қарамастан, қолданады.
Сөз басқару есебі ақпаратын жасау үшін алғашқы, негізгі мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел (оперативті) ақпарат жайында. Іс барысы дұрыс болғанда, жедел ақпараттың көп бөлігі ұйым басшысы үшін қызықты емес. Токарьдың бір жұмыс күнінде қанша бөлшек шығарғаны, ұйымның шотына кеше қанша нақты сома түскені олардың назарын аудармайды. Мұндай фактілер құжаттармен ресімделуі тиіс, бірақ бұл құжаттарға ұйымның басқару деңгейі емес, басқарудың бастапқы буындары сүйеніп, іс жүргізеді. Басшылар қолға іліккен майда-шүйдені білуге қызықпайды, бастапқы есептік құжаттардан алынған, жинақталып қорытылған акпаратқа мүдделі.
Солай болғандыктан, менеджер жан-жақты карастырылған, жинақты ақпаратты да қолданады.
Өндірістік іс-қызмеіті басқарудың тиімділігі кұрылымдық бөлімшелер, қызметтер, кәсіпорын бөлімдерінің қызметі туралы ақпаратпен камтамасыз етіледі. Бұл акпаратты басқару есебі кәсіпорын ішіндегі басқарудың әр түрлі деңгейіндегі басшылар үшін, олардың дұрыс баскару шешімдерін қабылдауы үшін жасайды.
Басқару есебінің мазмұы басқару мақсаттарына орай белгіленеді: ол әкімшіліктің шешімі бойынша, ішкі бөлімше басшылары алдына қойылған мүдделер мен мақсаттарға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқарма мен ақпараттың міндетті іс-қызметі оның ықпалдылығын қамтамасыз өте отырып, басқару есебінің міндетті ролін де тұжырымдауға мүмкіндік береді:
Бухгалтерлік басқару есебінің ақпараты құпия сипатта және қорғауды талап етеді. Осыған байланысты, біріншіден, қызметкерлерді жеке құрамға айқын бөлу керек немесе бөлім-шелерді түгас тығыз топтастырып бір-бірінен алшақ орналастыру қажет. Екіншіден, бөлмеге бөгде адамдар немесе басқа бөлімше қызметкерлерінің кіруін шектеген жөн. Оларды жұмыс аякталған соң күзетке тапсырар алдында мөрлеп жабу керек, бұл бөлмеге рұқсатсыз кіру фактісін болдырмауға мүмкіндік береді.
6. Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшу, жаңа экономикапық жағдайлар бухгалтерлік қызметтің міндеттері мен өкілеттіктерін ұлғайтуда. Бухгалтерлік мамандық сапалы жаңа деңгейге шығып, бухгалтер өз қызметінде шаруашылық фактілерін есептік тіркеуден өндірісті басқаруға көшіп, жаңа сатыға көтерілді.
Басқару іс-қызметі тиген бухгалтерлер бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) деп аталады.
Кәсіпорындағы басқару
есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдай
Басқару процесінің міндетті іс-қызметтерін оқып-білген соң, басқару міндеттерін орындау кезінде менеджерлерге көмек көрсететін бухгалтер-талдаушы атқаратын рөлді қысқаша қарап көретін кез келген.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымында жеке бөлімшелер арасында желілік және (штабтық) өндірістік қатынастар болуы мүмкін.
Желілік қатынастар бағынышты адамдарға нұсқау беруді кездейді. Бас бухгалтер-талдаушы барлық бухгалтерлік қызмет, демек желілік қатынастар жұмысы үшін де жауап береді.
Желілік емес (штабтық) өндірістік қатынастар бір бөлім екінші бір бөлімдерге (мысалы, кадр, жабдықтау, жобалау, қаржымен қамтамасыз ету бөлімдеріне) қызмет көрсеткен кезде пайда болады. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметі бұл орайда да штабтық сипатқа ие болады, өйткені оған бағынышты қызмет кәсіпорынның басқа бөлімшелеріне кеңес береді, қызмет етеді және үйлестіреді.
Бухгалтер-талдаушының
міндетті іс-қызметіне толығырақ тоқтала
Жоспарлау. Бухгалтер-талдаушы өнімнің қандай түрлерін, қай рынокта, қандай бағамен сату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ күрделі каржы жөніндегі ұсыныстарды бағалау үшін ақпарат бере отырып, өндірістік бөлімшелердің келешектік жоспарларын (бюджеттерін) жасауға катысады. Бюджеттегі ақпарат өте дәл болуы және кірістер мен шығыстар жайлы мәліметгері, яғни жетуге тиісті жоспарлы көрсеткіштері болуы ксрек. Жоспарлар жауапкершілік орталықтарымен бірлесіп әзірленеді. Жоспарларды жасау төменнен жоғары қарай жүзеге асырылады.
Бухгалтер-талдаушы смета жасағанда қысқа мерзімді жоспарларды жасағанда басты рөлдердің бірін атқарады және көрсеткіштерді болжау кезінде қажет болуы мүмкін мәліметтерді жете дайындауды үйлестіреді және олардың өзара ұштасуын қадағалайды. Сосын ол бұл жоспарларды барлық ұйымның жалпы қаржылық сметасына біріктіреді және жоғары басшылыкқа бекіту үшін ұсынады. Бухгалтер-талдаушы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын талқылауға, күрделі қаржы бойынша ұсыныстарды бағалауға қатысады, өнімнің ең тиімді түрлерін анықтайды, өткізудің әлеуетті нарықтары мен оңтайлы бағаларды үсынады. Қазіргі заманғы бухгалтер-талдаушы бухгалтерлік есептін оперативті; қаржылық талдау мен қаржылық жоспарлау тәсілдерін тең дәрежеде меңгеруі тиіс.
Бақылау мен
реттеу. Бухгалтер-талдаушының қатысуын
Бақылау мен реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жеткен нәтижелер туралы есептерге саясатын басқару есептерінің мәліметтері пайдаланады. Бұл есептерде нақты нәтижелерге және әрбір жауапкершілік орталықтары үшін жоспарланған көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасалады.
Бухгалтер-талдаушы жоспарлы көрсеткіштерден болатын кейбір өндіріс нәтижелерінің ауытқу жағдайлары туралы менеджерді хабардар еткенде, бақылау мен реттеу процесінде үлкен рөл атқарады. Басқаша айтсақ, бухгалтер-талдаушы өндірістік нәтижелерге шұғыл талдау жүргізе отырып, өндірістің осал тұстарын белгілеп, бақылау мен реттеу процестерін іске асырады.
Бухгалтер-талдаушы дайындаған есептер, бір жағынан, жауапкершілік орталықтары басшыларының қызметін әділеті бағалауға мүмкіндік береді; екінші жағынан, менеджерлер мен басшыны қай учаскелерде жоспарлық көрсеткіштерге жету мүмкін болмағаны туралы хабардар етеді.
Іскерлік байланыстар (ақпарат алмасу). Басқару есебі акпарат пен есеп алмасудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мен жетілдіру жолымен іскерлік байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Мысалы, жоспарлар жүзеге асыруға жауапты ме-неджерлерге жеткізіледі, оның үстіне, бұл ақпарат әр түрлі бөлімшелердегі менеджерлерге өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін пайдалы болуы мүмкін. Сметаны орындау жөніндегі бухгалтерлік есептер менеджерге маңызды ақпарат ұсынады, ол басшылықты қаншалықты табысты атқарып отырғаны және ауытқушылықтар жөнінде басқару тәсілдері көмегімен кандай сұрактарды қарастыру қажет екендігі жайлы тұжырымдар жасайды.
Ынталандыру. Бухгалтер-талдаушы жасайтын бюджет (сметалар) менеджерлерге жоспарлы көрсеткіштер туралы анық түсінік-таныстыру беріп, оларды ұйым жүмысты алдына қойылған мақсаттарға жету үшін ұйымдастыра алуға жетелеуге, ынталандыруға тиіс. Бюджетті (смета) атқару туралы есептер еңбек өнімділігінің орындапған көрсеткіштеріне түзету енгізуді дәлелдеуге және нақты нәтижелерді жоспарланғандарымен салыстыру арқылы қандай көрсеткіштерге жетуге тиісті екендігі жайлы ақпарат беруге ынталы. Бұдан басқа, бухгалтер-талдаушы ұйым қызметкерлерінің қызметін ынталандыруға мүмкіндік жасайды және болуы ықтимал басқару проблемалары және жан-жақты қарастыруды талап ететін мәселелер аумағын анықтаута үлкен көмек керсетеді.
Кәсіпорындағы бухгалтер-талдаушының кәсіби іс-әрекеті арқасында жеке қызметгері арасындағы ақпарат пен есеп беруді алмасу мен менеджерлердің бақылау мен реттеу процестерін атқаруы үшін негіз жасапады.
Осылайша, бухгалтер-талдаушы, біріишіден, басшылық алдында бөлімшелердің бухгалтерлік есептерінің шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді, екіншіден жауапкершілік орталықтары басшыларына жоспарлау мен жұмыс қорытындысын шығаруда көмек көрсетеді. Сондықтан ол өзінің тәуелсіздігі мен әділеттілігін (объективтілігін) менеджерге кәсіпорынды басқаруда шынайы ықласпен көмектесу ниетімен үйлестіруі тиіс. Басқару есебі есеп процссін басқару процесімен ұштастырады.Бухгалтер талдаушы кәсіби этика нормаларын сақтауы тиіс.
Құзыреттілік. Бухгалтер-талдаушы мыналар үшін өз мамандығына қызмет етеді, ұйым, мамандық, өзі-өзінің алдында жауап береді:
Объективтілік. Бухгалтер-талдаушылар ұсынылған есептер, ескертулер, ұсыныстарды, болжауларды пайдаланушылардың құзыреті түсінуіне ықпал ете алатын барлық акпараттың толықтығы, анық хабарлануы және ашып көрсетілуі үшін жауапкершілік көтереді.
Адалдық. Бухгалтер-талдаушылар кәсіби міндеттерін атқарғанда өздеріне мынадай жауапкершілік жүктейді:
Құпиялылық. Бухгалтер-талдаушылар мыналарға міндетті:
- қажеттілігіне қарай бағыныштыларды жұмыста кұпиялылықты сақтау жөнінде хабардар ету мен осы процесті бақылауға.
7. Басқару есебі қаржылык бухгалтерлік есептің жалғасы болып, онымен тығыз өзара байланыстары және белгілі бір айырмашылықтары бар. Есептің екі түрі де біртұтас бухгалтерлік есептің өзара тәуелді және өзара шарттасқан бөліктері болып табылады.
Қаржылық есептің көптеген элементтерін басқару есебінен табуға болады:
Есептің екі түрін біріктіретін ең маңызды белгі - олардың ақпараты шешім қабылдау үшін қажет екендігін атап айтқан жөн. Сонымен, қаржылық есептің мәліметтері инвесторларға кәсіпорынның даму келешегін бағалауда жәрдемдеседі. Басқару есебінің мәліметтері баға белгілеу, шығындарды азайту және т.б. мәселелерді шешуге қолданылады.
Сонымен қатар қаржылық есеп пен басқару есебі арасында негізгі айырмашылықтар бар. Олардың ең маңыздыларын қарастырайық.
1. Есептің мақсаты
Қаржылық есептің мақсаты - ақпаратты сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есеп беруді жасау.
Басқару есебінің мақсаты - ағымдағы өндірістік-шаруашылық қызметті басқару мен бақылау, жоспарлауға арналған ақпаратты жинау және өндеуді шұғыл қамтамысыз ету.
2. Ақпарат көздері
Қаржылық есеп үшін - ұйымның қаржылық акпарат жинақтайтын есептік жүйесі, сонымен қатар салық салу жүйесінің элементтері.
Басқару есебі үшін – кәсіпорынның есеп жүйесінің мәліметтерінен басқалары, материалдық ресурстар шығындарының технологиялық қалдықтардың мөлшері (нормасы) жайлы мәліметтер, рыноктағы ахуал туралы зерттеулер, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептер, өндірістің бар жағдайларында олардың қорытындыларын қолдану мүмкіншіліктері, шаруашылық шарттарының тармақтарын тараптардың орындамауы кезінде айыптық санкция мөлшерлері және т.б.