Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы шығындарды "қазандық" деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынга өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.
1887 ж. ағылшын
экономистері шығын туралы
Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, ақталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырылып қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әр тараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.
Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынадай ұғымдардың экономикалық мәнін білу және шектеу маңызды.
Шығындар - шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген -қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.
Көбіне экономикалык әдебиетте «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, тендестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндетгемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.
Басқаша айтсақ шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.
Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді:
Ағымдағы есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнін шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы есепте танылады.
Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:
-осы есепті кезенде алынған кірістермен байланыстырылған шығыстар (негізгі және негізгі емес қызмет шғыстары);
- Ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы (ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы ссепте және ағымдағы есепті кезенде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.
Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезенде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі шаруашылық операцияларымен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.
Ұйымның болашақтағы ресурстарында пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған шығыстар былайша бөлінеді:
• инвестициялар (күрделі қаржы);
• болашақ кезең шығыстары.
2. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар-басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
7 "Тауарлы-материалдық
қорлардың есебі" атты Бухгалте
Өндіріс шығындарын жіктеу.
Негізгілер - өндірістің технологиялық процусімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадан шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тіклейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығыңдар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.
Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бір элементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялык энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.
3-сурет. Өндіріс келемі мен өзгермелі шыгындар сомасы арасындағы тәуелділік
2-суреттен және 1-кестеден көрініп тұрғандай, өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе қалпы өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан.
2. Өзгермелі
шығындардың өнім өндірісі
Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.). Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.
3-суреттен
өндіріс көлемі өзгерген кезде,
2.Тұрақты
шығындардын өнім бірлігіне шақ
Өнім бірлігіне шаққандагы тұрақты шығындарды 5-сурет пен 2-кестеден көруге болады.
Өнім бірлігіне шакқандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.
Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).
Бір жолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік кұнына кіреді.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім - өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлық шығындар.
Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.
Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.
Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдарынан іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді).
Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
• өндірілген өнімнің өзіндік кұнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың кұнын бағалау;
3. Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Өзіндік кұнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:
Кіретін (входящие) шығындар алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі.
Өтіп кеткен (истекшие) шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі. Жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.
Мысалы, алып-сату үшін тауар өндірісіне жұмсалған шығындар, егер бұл тауарлар өткізілмесе және коймаларда сақталса, баланста кіретін (входящий) шығындар болып тіркеледі. Егер бұл тауарлар сатылса, онда бұл кіретін шығындар өткен шығындарға жатқызылуы тиіс, ол тауарларды өткізу нәтижесінде болған шығындар сметасында көрсетіледі. Өтіп кеткен және кіретін шығындар арасындағы айырма 6-суретте көрсетілген.