Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Массалық өндіріс – ұзақ мерзім бойы үздіксіз өндірілетін өнім өндірісін айтады, оған, отын шығару, метталургия, машина құрылысының кейбір саласы, текстильдік өндіріс, нан өндіріс, балық өндіруді жатқызады.
Өнеркәсіп өнідірісіндегі өнімнің рөліне байланысты негізгі және көмекші деп бөледі.
3.№2 «Қорлар» ҚЕХС сәйкес ұйымдар өнімнің өзіндік құнына енетін шығындардың құрамын анықтайды. Өндірістік өзіндік құнға жалпы және әкәмшәләк шығындар, дайын өнімді сату бойынша шығындар, сыйақы төлеу шығындар енгізілмейді. Бұл шығындар кезең шығындар ретінде есептеліп, есепті мезімнің соңында 5410 «Жиынтық кіріс немесе зиян» шотының Дебетіне шығарылады.
Өнімнің (жұмыс пен қызметтің) өзіндік құнына төмендегі шығындар қосылады:
Жаңа өнімді өндіруді игеруге байланысты шығындар болашақ кезең шығындары ретінде танылып, өнімнің өзіндік құныныа бекітілген мерзімдерінде өнімнің жаппай өдіріс басталған кезеңнен бастап қосылып отырылады.
Өнім өндіру мерзімі қысқа әртүрлі түрлі өнім өндірілетін өндірісте, мысалы: құрылғы, радиобөлшектер өндірісінде өндірісті игеру шығындары үстеме шығындар ретінде танылып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына тікелей қосылып отырлады.
Сонымен өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар: материалдық, еңбек ақы, еңбек ақыдан аударымдар, үстеме шығындар болып бөлінеді. (Осы шығындардың құрамын жазу семинар ретінде беріледі).
4. Шығындар есебінің объектілері болып – шығындардың пайда болу орындар, шығындардың орталығы және жауапкершілік орталықтары саналады.
Шығындардың пайда болу орындары - өндіріс шығындарының жұмсалуын бақылау және басқару үшін, сонымен қатар ұйым қызметінің нәтижесін анықтау үшін шығындарды жоспарлау, нормалау, және есебін ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымның құрылымдық бөлімшелері. өнеркәсіп кәсіпорындарында шығындардың пайда болу орындары болып өндіріс, цехтар, учаскілер, бөлімдер, бригадалар, және басқа да құрылымдық бөлімшелер саналады. Шығындардың пайда болу орындары өнімнің түрлеріне байланысты өзіндік құн баптары бойынша шығындардың аналитикалық есебінің объектілері болып табылады.
Шығын орталықтары – бұл бір бірінен қызметі, өндірістік операциялары, техникалық жарақтануы, еңбекті ұйымдастыру және шығындардың бағыты бойынша айырмашылығы бар алғашқы өндірістік және қызмет көрсетуші бірліктер болып табылады. Оларға учаскілерді, бригадаларды, қызметі, механизациялануы, еңбекті ұйымдастыру тәптіптері бірдей құрылғылардың топтарын жатқызуға болады.
Жауапкершілік орталықтары - өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында жоспарлы шығындардың нормаға сәйкес жұмсалуын қамтамасыз ететін және бақылайтын бөлімшелер мен жауапты тұлғалар.
Калькуляциялау объектілері
Өндірістік шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтау үшін екі калькуляциялық шот қолданылады: негізгі өндіріс шоты 8010 және көмекші өндіріс шоты 8030.
Негізгі өндіріс шотының Дебеті тиісті шоттардың кредиті өндіріске жұмсалған тікелей шығындардың мөлшерін көрсетеді, материалдар, еңбек ақы, еңбек ақыдан аударымдар.
Дт 8010 Кт 1310, 3350.
Жанама шығындар алдын ала үстеме шығындар құрамында есептеліп, содан соң белгіленген бөлу базалары арқылы негізгі өндістегі өндірілген өнім және аяқталмаған өндіріс арасында таратылады. Үстеме шығындарға: машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындары, негізгі құралдарды жөндеу шығындары, жылу, энергия, жарық, аренда, қызмет көрсетуші персонадардың еңбек ақылары және т.б шығындар жатады.
Көмекші өндіріс шығындары есепті мерзім ішінде көмекші 8030 штында жинақталып, есепті мерзімнің аяғында негізгі өндіріске апарылады.
Есепті мерзімнің соңында өндірілген өнімнің өзіндік құнны анықтау үшін алдыменен түгендеу және жедел есеп арқылы есепті мерзімнің аяқталмаған өндіріс көлемін анықтап, бағалайды, содан соң аяқталмаған өндіріс құнына шығындарды қосып, одан ақау болған өнімнің сомасын азайта отырып, есепті мерзімнің аяғында аяқталмаған өндірістің көлемін есептеп шығарады.
Дт 8010 Кт 1310 – 950,0 тг жұмсалған материалдар
Дт 8010 Кт 3350 – 500,0 тг есептелген еңбек ақы
Дт 8010 Кт 3350 – 120,0 тг еңбек ақыдана аударымдар
Дт 8010 Кт 8030 – 1035,0 тг үстеме шығындар
Барлық шығын 2605,0 тг
Дт 1320 – Кт 8010 – 2190,0 тг алынған дайын өнім
Дт 1340 – Кт 8010 – 4150, тг аяқталмаған өндірс көлемі.
Негізгі әдебиеттер:
1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002
2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004
3. Карпова Т.П.
Управленческий учет М.Аудит
4. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2002
3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006
5. Яругова А. Управленчесий учет: опыт экономически развитых стран. М: Финансы и статистика, 2001.
.
Тақырып 4. Материалдық шығындар есебі
1. Материалдар есебінің әдістері
2. Материалдарды бағалау
3. Материалдар көлемін жоспарлау және оларды бақылау
4. Материалдық шығындарды есептен шығару
1.811"Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі төмендегі номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.
Материалдар. Шикізаттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізатгардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі,
Лимиттік-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ак сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар (өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардын шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардын құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнін өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар - бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердін калдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарынын (отходтарының) құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау жасауды жолға кою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың құнына "Шикізат пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдыктардың кіріске алынуын 1350-шоттың дебеті және 8110 шоттың кредиті бойынша көрсетеді. 8110шоттың кредитіндегі талдамалық есеп регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатын буйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсетететін қызметтеріне өнімді іріктеп жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өндеуге, өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын шығындар жатады.
Субъектінің өз транспортымен және өз қызметкерлерінің күшімен жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар және шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі элементтеріне қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын аударымдарға және т.б.).
Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері жатады: жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны үшін қосымша кіре ақысы; субъектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын жүргізу үшінт.б.
Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жүмсалатын шығындар тиісті шығын элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен материаддық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (еңбек ақы төлеуге, негізгі корлар амортизациясына жұмсалатын шығындар, материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнына жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.