Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын (химиялык немесе физикалык қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және сонын салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім шығара отырып) пайдаланылатын немесе негізгі максатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және баска да материалдык ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, белімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын (ілеспе) өнім де қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік ұсыныстарында белгіленеді.
Бухгалтерлік есеп стандарттарында
материалдық құндылықтарды
Арнайы идентификациялау әдісі бірін бірі алмастыра алмайтын және арнайы жобалар мен тапсырмаларды орындауға арналған материалдарды
бағалау үшін қолданылады. Жол құрылысында мұндай материалдың түрлеріне жер асты құбырларын, рельстік темір жолдарды жатқызуға болады.
Орташа өлшем баға әдісі арқылы жаңадан келіп түскен материалдардың бағалары қоймадағы материалдардың қалдық құндарымен біріктіріліп орташа бағасы шығарылады. Қоймаға материалдар түскен сайын баға қайтадан есептеліп, өндіріске жіберілгені және қоймадағы материалдардың қалдығы соңғы орташа баға бойынша көрсетіледі.
Өндірісте пайдаланылатын материалдар әртүрлі болып және олар ең төменгі өзіндік құнға ие болған жағдайда, сонымен бірге бағаның жиі өзгеруінде орташа өлшем әдісін қолдану өте қолайлы болып саналады. Өйткені, бұл бағалау әдісі материалдарға деген шектен тыс жоғары немесе өте төмен баға әсерлерін төмендетеді.
ФИФО әдісі бойынша өндіріске материалдар бірінші сатып алынғандардың құндарымен жіберіледі, яғни материалдарды қоймадан өндіріске нақты өзіндік құнымен жіберуді білдіреді.
2. Өндіріске материадық шығындарды шығару келесі тәсілдердің біреуін қолдану арқылы жүзеге асады.
Бірінші - өндіріске жіберілген материалдар алғашқы құжаттардың негізінде тікелей 8110 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотының кредитінен шығарылады. Есепті мерзімнің соңында пайдаланылмаған материалдық қорлардың қалдығы түгенделіп, осы қалдық сомасы өндіріске жіберілген материалдық шығындардың сомасын азайтады.
Екінші әдіс –орталық қоймадан жіберілген өндіріске жіберілген материалдық құндылықтар мастердің есебіне беріліп, содан кейін тек өндіріске нақты жұмсалған материалдар есептен шығарылады.
Өндірістегі материалдарды есептен шығару тек ұйым басшысы бекіткен жауапты тұлғаның есеп беруі бойынша жүргізіледі. Осы есеп берудің және оған тіркелген алғашқы құжаттардың негізінде бухгалтер шығыстардың бағыты бойынша (өнім түрлері, шығын баптары бойынша) материалдарды бөлудің ведомостісін жасайды.
Материалдар есептен нақты өзіндік
құн бойынша шығарылады. Егер ұйымдардар
материалдар нақты өзіндік
Материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнына оларды сатып алуға, тасу-тасымалдауға, қайта өңдеуге кеткен шығындары қосылады.
Көпшілік жағдайда шикізаттар мен материалдар алғашқы құжаттардың немесе есеп берудің негізінде өндірілген өнімнің өзіндік құнына тікелей қосылып отырылады. Дегемен де, өндірістің кейбір саласында немесе жұмсалған материалдардан бірнеше өнім түрлері алынатын жағдайда материалдарды өнімнің өзіндік құнына тікелей қосып отыру әрдайым мүмкін бола бермейді. Мысалы, ағаш өңдеу, ет, сүт және т.б өнеркісіп салаларында өнім түрлері, сортары, топтары бойынша материалдық шығындар жанама түрде, яғни нақты шығарылған өнімнің көлеміне нормативтік шығыны бойынша тепе-тең, белгіленген коэфициент бойынша немесе өнімнің көлемі мен салмағына тепе – тең таратылады.
Материалдық шығндарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (материалдың аты)
Өнім аттары |
Нақты өндірілген өнім көлемі, дана |
Өнімнің бір өлшеміне материалдар шығынының нормасы, кг |
Нақты өнім көлеміне нормативтік материалдар шығыны (2*3) |
Бөлу коэфициенті |
Нақты жұмсалған материалдар, кг |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
А |
1000 |
5 |
5000 |
0,98 |
5000*0,98=4900 |
Б |
625 |
6 |
3750 |
0,98 |
3750*0,98=3675 |
В |
875 |
4 |
3500 |
0,98 |
3500*0,98=3430 |
Б-ғы |
2500 |
* |
12 250 |
0,98 |
12005 |
Материалдардың нақты шығын коэфициенті 0,98 тең. 12005/12250
Материалдарды өнідірілген өнім түрлері арасында коэф-к әдіс арқылы бөлу ет өнімдері, шыны, металлургия, орман өнеркәсіптерінде қолданылады. Әрбір өнім түрлері бойынша коэфициент алдын ала бекітіліп қойылады.
Өнім аттары |
Нақты өндірілген өнім көлемі, дана |
Бекітілген коэф-т |
Шартты өнім көлемі, (2*3) |
Шартты өнім бірлігіне материалдар шығыны |
Нақты материалдар шығыны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
А |
1000 |
1,0 |
1000 |
3,92 |
1000*3,92=3920 |
Б |
625 |
1,25 |
781,25 |
3,92 |
781,25*3,92=3062,5 |
В |
875 |
0,75 |
656,25 |
3,92 |
656,25*3,92=2572,5 |
Б-ғы |
2500 |
* |
2437,5 |
3,92=9555/2437 |
9555 |
Өндірілген әрбір өнім түрінің көлемін бекітілген коэф-ке көбейту арқылы әрбір өнім түрі бойынша шартты өндіру көлемі анықталады. Алынған мәліметтерді қосу арқылы барлық өнім түрлері бойынша шартты өндірудің жалпы көлемі анықталады. Наты жұмсалған материалдар шығынын шартты өнім көлеміне бөлу арқылы шартты өнім бірлігіне материалдар шығыны анықталады. Әрбір өнім түріне жұмсалған нақты шығынды анықтау үшін өнімнің әрбір түрінің шартты көлемін шартты өнім бірлігіне тиісті материалдар шығынына көбейту арқылы анықтайды.
Материалдық шығындарды өндірілген өнімнің көлеміне немесе салмағына қарай тепе-тең бөлу кезінде жұмсалған матриалдық шығындардың түрлері бойынша олардың жалпы көлемін өндірілген өнімнің барлық көлеміне немесе әрбір өнімнің салмағына бөледі, содан соң алынған нәтиже өндірілген әрбір өнімнің санына немесе салмағына көбейтіледі.
Өнім аттары |
Өндірілген өнім көлемі, тонна |
Нақты жұмсалған шығын, тонна |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
А |
250 |
320,3 |
|
Б |
225 |
288,3 |
|
В |
165 |
211,4 |
|
Барлығы |
640 |
820 |
Мыс: Жұмсалған шығын мөлшері 820/640=1,281
3. Өндіріс жұмыстарына қажетті материалдар алдын ала бекітілген лимиттің негізінде жіберілуі тиіс. Өндіріске жұмсалатын материалдарды шектеу материалдардың шығынын және олардың пайдалану нормаларының сақталуын бақылауға, өндірісті үздіксіз материал-дармен қамтамасыз етуге, құрылыс орындарындағы жұмыстардың жиелігін сақтауға, сонымен қатар материалдарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Құрылыс-монтаж жұмыстарына материалдардың шектеуі (лимиті) материалдар шығын нормасы негізінде орындалатын жұмыстардың жоспарлы көлеміне қарай әрбір учаскідегі (бөлімшедегі) ай басындағы және ай соңындағы пайдаланбаған материалдардың қалдығын есепке ала отырып жасалады.
Өндіріске жұмсалатын материалдарды
шектеу өндірістік-жоспарлау
Қоймадан материалдар міндетті түрде өлшеніп, шектеп-алу карталарына жіберілген материалдардың атауларына қарай көлемі және жіберілген күні көрсетіліп, жіберуші тұлға мен алушы тұлғаның қолдары қойылады. Құрылыс материалдарын шектен тыс жіберу және бір материалдарды басқаларымен ауыстыру тек ұйым басшысының, бас инженердің немесе соған лауазымды тұлғаның рұқсатымен орындалады. Шектеп-алу карталары бойынша құрылыста пайдаланылмаған материалдардың есебі де жүргізіледі. Айдың соңында бұл құжат ұйымның есеп бөліміне тапсырылып, есеп бөліміндегі материалдық жауапты тұлғадағы материалдардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу үшін қолданылады.
4. Материалдық шығындарды үнемдей отырып, олардың пайдалану тиімділігін арттыру құрылыс ұйымдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Ол үшін құрылыс ұйымдары материалдардың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында оларға алдына ала, ағымдағы және кейінгі бақылау жүргізу қажет.
Алдын ала бақылаудың мақсаты – өндіріске жіберілетін материалдарды нормативтік қажеттілік шегінде шектеп отыру. Ол үшін құрылысқа материалдарды жіберу үшін нормативтік карталар, жинақ ведомостері қолданылады. Осы құжаттардың негізінде жалпы құрылыс объектісі және жұмыс сатылары бойынша өндірістік нормамен нормативтік қажеттілік анықталады.
Ағымдағы бақылау
Кейінгі бақылау құрылыс-монтаж
жұмыстарына материалдарды
Негізгі әдебиеттер:
1.Назарова В.Л.Жапбарханова
М.С. и др.Басқару есебі «
2.Тайгашинова К.Т.Басқару есебі «LEM»,2011
3.Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002
4.Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004
5. Карпова Т.П.
Управленческий учет М.Аудит
6.Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
7.Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
8. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 2002
2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2002
3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006
5. Яругова А. Управленчесий учет: опыт экономически развитых стран. М: Финансы и статистика, 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Материалдық шығындар есебін ұйымдастыру тәртіптері
2. Материалдардың тасымалдану
3. Өндірістік қалдықтар есебі
4. Материалдарды бағалау
5. Материалдық шығындарды өнім арасында тарату әдістері
6. Материалдық шығындарды бақылау және лиметтеу
Өзін - өзі тексеру сұрақтары