Лекции по "Финансовому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций

Краткое описание

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау

Файлы: 1 файл

басқару есебі.doc

— 2.42 Мб (Скачать)
  1. Есеп қорытындыларын пайдаланушылар.

 Қаржылық есеп - ең бастысы, сыртқы пайдаланушылар.

  1. Есеп жүргізу тәсілдері

Қаржылық  есеп - шоттар мен екі жақты жазу, кұжаттама мен түгендеу негізгі элементтер болып қызмет етеді.

Есептің екі  түрін біріктіретін ең маңызды белгі - олардың ақпараты шешім қабылдау үшы қажет екендігін атап айтқан жөн. Сонымен, қаржылық есептің мәліметтері инвесторларға кәсіпорынның даму келешегін бағалауда жәрдемдеседі. Басқару есебінің мәліметтері баға белгілеу, шығындарды азайту және т.б.

Басқару есебі бұл әдістерді қолданады, бірақ үнемі емес. Ақпарат жазу міндетті түрде қосарлы жүйе бойынша жүргізілмейді, яғни кез келген пайдалы жүйе қолданылады.

5. Есеп жүргізу тәсілдерін еркін тандау

Қаржылық есеп қаржылық ақпараттың жазылуын, бағалауын және берілуін реттейтік бухгалтерлік есепті жүргізудің жалпыға бірдей принциптерімен есептелген, яғни ол белгілі бір дәрежеде орталықтандырылған. Көпшілікке арналған қаржылық есептілік міндетті аудиторлық тексеруге жатады.

Басқару есебі  басқарушылардың мақсаттары мен міндеттеріне орай ұйымдастырылады мемлекет ешқандай реттемейді, ең тиімді басқару шешімдерін қабылдауға байланысты табыстармен салыстыруға болатын қүннан басқа ешқандай шектер жоқ, кәсіпорын мүддесіне қызмет етеді, оның қаржылық есептен артықшылығы да осында. Басқару есебі көбіне қисынға (логикаға) және тәжірибеге немесе жалпы қолайлылығына негізделген. Бұл орайда басқару есебінің орталықтандырылмауы туралы да айтуға болады.

6. Есеп ақпаратын ұсыну түрлері

Қаржылық  ақпарат ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне қарамастан, барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай, ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік салық қызметі және басқа орталық ведомостволар бекіткен формалар бойынша салық инспекциясы органдарына ұсынылады.

Басқару есебінің қорытындылары еркін формада  ұсынылады; міндетті формалар, бланктер жоқ. Оның үстіне, басқару есебін жүргізу немесе жүргізбеуді ұйымның өз басшысы шешеді.

7. Есеп ақпаратының өлшеуіштері

Шаруашылык  процестерін жинақтап қорыту үшін қаржылық есепте ақшалай бірліктер қолданылады.

Басқару есебі жөніндегі мамандар жұмыстарында өлшеуіштердің барлық түрлерін: заттық, еңбек, ақшалай, яғни келгенін пайдаланады.

8. Ақпараттың ашық көрсетілу дәрежесі

Қаржылық есепте - коммерциялық құпия емес, ашық деп саналады, кейбір жағдайларда тәуелсіз аудиторлар растайды.

Басқару есебінде коммерциялық құпия болып табылады, жариялауға болмайды және кұпия сипатта.

9.   Шығындарды топтастыру

Қаржылық есепте шығындар өндіріске шығатын шығыстардың біртекті түрі деп түсінілетін экономикалық элементтері бойынша топтастырылады. Элементтер бойынша шығындарды, топтастыру мынадай сұраққа жауап береді: есептік кезеңде өндірісте не жұмсалады? Қаржылық есепті жүргізу мақсатымен экономикалық элементтердің мынадай тізбесі белгіленген:

  • материалдық шығындар;
  • еңбек өтеуге шыққан шығыдар;
  • әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
  • амортизация;
  • басқадай шығындар.

Мұндай тіктеу қаржылық есептеуде іс-әрекеттің әдеттегі түрлері бойынша нәтижені (лайда немесе шеккен зиян) анықтауға мүмкіндік береді.

Басқару есебінде шығындар калькуляция баптары тұрғысынан шығысты көтеретіндер бойынша топтасады. Шығынды көтеруші ретінде сыртқы рынокта да, ұйым ішінде өткізуге арналған кәсіпорындардын өнім (жұмыс, көрсетілген қызмет) түрлері түсініледі. Калькуляция баптары бойынша шығындарды жіктеу мына сұраққа жауап береді: ресурстар неге жұмсалды және қайда?

Өнеркәсіп орындары үшін мынадай калькуляциялык баптар тән:

  • шикізат пен материалдар;
  • қайтарымды қалдықтар (шегеріледі);
  • отын және технологиялық қажеттіліктерге энергия;
  • сатып алынатын жартылай өнімдер, құрастырмалы бұйымдар, басқа жақтағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік  сипаттағы  жұмыстары   мен   көрсеткен   қызметтері;
  • өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысы;
  • өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбекақысы;
  • әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
  • өндірісті дайындау мен игеруге шығындар;
  • жабдықты ұстау мен пайдалану шығындары; ақау шығындары; цехтық шығындар;
  • жалпызаводтық шығындар;
  • өзге өндірістік шығындар;
  • коммерциялық шығындар.

Алайда әрбір кәсіпорын қандай баптар бойынша шығындарды жіктейтіндігін өз бетінше шешеді,

10. Есептің негізгі объектісі

Қаржылық  есепте кәсіпорынның шаруашылық қызметі біртұтас ретінде қабылданады.

Басқару есебінде негізгі назар жауапкершілік орталықтарына аударылады.

11. Есепті жасаудың мерзімділігі

Қаржылық есепте - заңнамалық нормативті актілермен белгіленеді. Кәсіпорын толық қаржылық есеп жыл қорытындысы бойынша, толық емес - тоқсан сайын жасалады.

Басқару есебінде есептер қажетгілігіне қарай: ай сайын, апта сайын, күн сайын, ал кейде - әр түрлі деңгейдегі басшылардың сұраулары бойынша шұғыл жасалады.

12. Ақпараттың сенімділік дәрежесі

Қаржылық  есеп құжатпен расталған, бірақ бұған  қарамастан, оның бағалары шүбәсіз дәл болмауы мүмкін.

Басқару есебінің ақпараты көбіне есептік сипатта болады және бухгалтерлік есеп шоттарындағы операциялармен байланысты емес. Нәтижесінде басқару есебінде жуық бағалаулар жие қолданылады.

13. Базистік құрылым

Қаржылық есеп негіз  қалаушы баланс теңдеуіне кұрылады: Актив = Өзіндік капитал + Сыртқы міндеттемелер.

Басқару есебінің құрылымы осы ақпаратты пайдаланушылардың қорына байланысты.

14. Уақыт аспектісі

Қаржылық есепте - өткенге  бағытталу. Басқару есебінде -болашақты бағдарлау.

15. Есептердің адістемесі

Қаржылық есептердін материалдары бастапқы бухгалтерлік мәліметтерге көбірек сүйенеді.

Басқару есебінде есептесулер, ең алдымен, ұйым ішіндегі барлық бөлімшелерге шоғырланған, өткен кезең материалдарын талдау мен болашақты болжау бағаларының, бастапқы мәліметтердің үйлесіміне негізделеді.

16. Практикалық қызметте қолдану

Қаржылық есеп жасалуын растайтын құжаттар негізінде шаруашылық операцияларын тіркейді, яғни ұйымның шаруашылық өмірінде болған фактілермен жұмыс істейді.

Басқару есебі болған құбылыстарды талдау негізінде болашақ жайлы ұсыныстар жасайды. Басқару есебінен болашаққа арналған талдау деп атауы да сондықтан.

17. Басқа пәндермен байланыс

Қаржылық  есеп - ең бастысы өз тәсіліне негізделген.

Басқару есебі - басқа пәндермен - микроэкономикамен, каржымен, экономикалық талдаумен, математикалық статистикамен және т.б. тығыз байланысты.

 

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1. Друри К.  Введение в управленческий и  производственный учет (Перевод   англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили)  М. Аудит, Юнити, 2002

2 Друри К.  Введение в управленческий и  производственный учет М.Аудит, 2004

3. Карпова Т.П.  Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

4. Управленческий  учет – пособие, разработанные  на основе стандартов бухгалтерского  учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999

4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000

5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин и статистика. 2005

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1. Управленческий  учет – пособие, разработанные  на основе стандартов бухгалтерского  учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 2002

2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин. и статистика 2002

3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий  аспект М.Фин и статистика. 2005

Бақылау сұрақтары:

  1. Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері
  2. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар. Басқару және қаржылық есеп жүйелемелерінің салыстырмалы  сипаттамасы: қойылатын талаптар, ақпараттардың анықтылығы, есеп көлемі, қорытынды есепті тапсыру жиілілігі.
  3. Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі. Басқару процесі: жоспарлау бақылау мен реттеу, ұйымдастыру жұмысы, ынталандыру.
  4. Басқару есебінің маңызды объектілері, ретіндегі шығындардың орталықтары; пайда орталықтары және жауапкершілік орталықтары.
  5. Басқарудағы өндірістік есеп және оның маңызы.
  6. Өндірістік есептің мәні мен мақсаттары.
  7. Өнімнің өзіндік құнын басқару негізі ретіндегі өндірістік есеп.
  8. Өндірістік есептің маңызы: өндіріс шығындарының есебі, шығындардың жиынтық есебі, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

 

 

Өзін- өзі тексеру сұрақтары

  1. Басқару есебінің мақсаты. Жоспарлау, бағалау және бақылау мақсаттарында мәліметтерді жинау
  2. Басқару есебінің есеп беру жиілілігі? әрдайым және сұраған уақытта
  3. Мәліметті пайдаланушыларға ұсыну мерзімі. Күнде, апта сайын, ай сайын, сұраған кезде
  4. Басқару есебінің объектілері. Кірістер, шығындар, активтер
  5. Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды топтастыру не үшін қажет? Шығындардың аналитикалық есебін жүргізу және өнімнің өзіндік құнын табу
  6. Шығындарды есептеудің қандай әдістері бар? Тапсырыстық, процестік, нормативтік
  7. Тапсырыс әдісі қай салада қолданылады? Жекелеген және аз сериялы өндірістерде
  8. Қызметкерлерге заттай ақы ретінде берілген өнімнің құны “Еңбек ақы шығындары” элементіне қосылады ма? Қосылады
  9. Несие шартында бекітілген мөлшер бойынша банктің несиесін өтеу төлемін шығындардың қандай элементіне қосады? Пайыздар бойынша шығындар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу

 

1. Шығыстың шығыннан  айырмашылығы 

2. Басқару есебінде  қолданылатын шығындарды жіктеу

3. Өнімнің және алынған  пайданың өзіндік құнын анықтау  үшін шығындарды жіктеу

4. Шығындарды шешім  қабылдау мен жоспарлау үшін  жіктеу

5. Жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметті бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу

 

1. Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.

Өндірістік  есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ыкпалды жүйесін құру қажет.

Бухгалтерлік  ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, одардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпараттағайындауына байланысты.

Шығындарды  жіктеу әр түрлі белгілер бойынша  жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).

Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу: өнімнің өзіндік құны мен апынған пайданы есептеу - келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке апынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстар), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу; реттелетін және реттелмейтін.

Өндіріске шығынды  есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтыннын бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарынын мысалы болып табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі   іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.



Оңтайлы басқару  шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығысдарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Информация о работе Лекции по "Финансовому праву"