Лекции по "Финансовому праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций

Краткое описание

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау

Файлы: 1 файл

басқару есебі.doc

— 2.42 Мб (Скачать)

 

 

 

Дәріс сабақтарының мазмұны:

 

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік

 

1. Басқару есебінің  теориялық негіздері. Басқару  есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің  элементі.

2. Бухгалтерлік басқару  есебінің пәні және экономикалық  мәні.

3. Басқару есебінің  объектілері, тәсілдері мен міндеттері. Бухгалтерлік басқару есебінің "КОНТРОЛЛИНГ" жүйесіндегі орны

4. Басқару есебінің  құрамдас бөліктері мен принціптері

5. Мекеменің ақпараттық  жүйесіндегі басқару есебі

6. Бухгалтерлік талдаушының басқару есебінде атқаратын ролі мен іс-қызметтері

7. Басқару есебі мен  қаржылық есептің салыстырмалы  сипаты

 

1. Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Кейінгі уақытқа  дейін талдау мен есел «қазандық» деп аталатын тәсілмен жүзеге асырылып келді. Бір тұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті кезең ішінде колдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан, өндіріске жұмсалған барлық қаражат құралдар есептелді. Нәтижесінде шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың жалпы сомасы шығатын «Қазандық» тәсіл шғындарды азайту мүмкіндігін анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын (кезең шығындары және т.б.), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер, қызметтер), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызмет және т.б.) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі ақпаратгың иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы тәсілді пайдалануда.

Отандық ұйымдарда  бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік кұн есебі ғана қолданылды. Меншіктің әр түрлі нысаны үйьмның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтык зкономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының бірі басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте өсуде.

Қазір кәсіпорындар өндірістік кызметте: өндірістік бағдарламаларды, өндірістік және әлеуметгік даму жоспарларын  әзірлеуде, баға саясаты сапасында стратегияны белгілеуде зандық және экономикалық дербестік алған. Осыған байланысты басшылардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін жауапкершілігі өскен.

Шаруашылық  дербестік- мекеменің ұйымдастыру формасын, қызмет түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу және т.б.

Қаржылық дербестік оның толық өзін-өзі қаржыландыруынан,қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.

Осыған байланысты бухгалтерлік қызметгің жеке саласы ретінде басқару есебін құру қажеттілігі пайда болды.

Бухгалтерлік басқару  есебі - шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.

Шаруашылық  қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі кұрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және мекеменің қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, ннвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.

Нарықтың экономика  елдерінде бухгалтерлік есептің  дамуы көрсетілген екі бағыт бойынша өзінің методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық дербестігін алды.

Біздің елімізде бухгалтерлік есеп орталықтандырылған мемлекеттік басқарудың ақпараттық қажеттіліктеріне бағынады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктерді дамытудың табиғи процесі ірі ішкі өндірістік маманданған және еңбек кооперациясының тармақталған жүйесі бар көп деңгейлі құрылымды кәсіпорындардың басқармалары жасанды түрде жоғарыдан тежеді. Нәтижесінде тұтастай ішкі өндірістік басқарма мен оның орталық буыны ішкі марка тұрақты қажеттілікті сезінді және әлі де сезінуде. 1937 ж. 1 каңтардан бастап жүрген мекеменің қаржылық шаруашылық қызметінің бухгалтер есебі шоттарының бас жоспары мен 2003 ж. 1 кантардан бастап қолданысқа енген. Шоттардың үлгі жоспары өндірістілік басқаруды есептік-шаруашылық қамтамасыз ету деңгейін күмәнсіз көтеруге тиісті. Жалпы және басқару есебін бөлуді қарастырады. Сонымен қатар, басқару есебінің оқшауланып бөлініп шығуы нарықтық экономика принциптерінің бірі болып табылатын кәсіпорының коммерциялық кұпияларын сақтауды қамтамасыз етеді.

Сондықтан басқару есебінің мәні мен белгіленген міндетін, оның ұйым есебінің жүйесіндегі орнын, ақпараттык қамтамасыз ету мен жүргізу тәсілдерін карау керек.

Нарықтық  экономика кезінде бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:

  • ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын кұрамындағы пайдаланушылар;
  • сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар.

Ішкі паидаланушылар - жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау кезінде есептік ақпаратты барлық деңгейде колданатын басқару қызметкерлері; меншік иелері, құрылтайшылары, директорлар кеңесі, менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік.

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық мүддесі бар басқа жақтағы сырт қоры пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару қызметкерлері (басшылығы) дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретіп, ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады. Тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: бар және болуы ықтимал инвестициялар, банктер, жабдықтаушылар, жалдамалы еңбеккерлер және т.б. Қаржылық есептің мәліметтері бойынша олар ұйымның қаржылық келешегі мен төлем қабілеттілігі туралы қорытынды жасайды, мысалы:

  • инвесторлар өздерінің күрделі қаржы салымынан экономикалық қайтарымдылық пен тәуекелділікті бағалауы тиіс; банктерге несиеленген қаражат қайтадан өзіне оралатындығын, несиелер бойынша проценттер мерзімінде төленуі-төленбеуін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер керек;
  • жабдықтаушылар және басқа кредиторлар оларға тиісті сома уақытында төлену төленбеуін білуі тиіс;
  • сатьш алушылар ұйым қызметі туралы, әсіресе егер олар ұзақ мерзімді негізде байланысты болса, ақпарат алуға мүдделі;
  • жалдамалы жұмысшылар өзінің жұмыс берушісінің жағдайы тұрақтылығы мен пайдалылығы туралы, ұйымның оларға әлеуметтік игілік беруі, жұмысқа қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі жайлы мәліметтер алуы тиіс.

Жанама қаржылық мүдделі сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: мемлекеттік және муниципиальды мүлікті басқаруға уәкілетті органдар, салықтық және қаржылық органдар, мемлекеттік статистика органдары, аудиторлық ұйымдар мен басқа пайдаланушылар (қоғамдық ұйымдар, қор биржалары, ғылыми кеңесшілер және т.б.).

Мемлекеттік органдар мен  олардың ұйымдарын ресурстардың орналасуы ұйым қызметі қызықтырады. Оларға ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік реттеу салықтар мен салық саясатың белгілеу, әр қилы статистикалық көрсеткіштер мақсаты үшін керек.

Қоғамдастық ұйым қызметінің тұтастай экономикалық және әлеуметтік ахуалына азаматтардың өміріне (мысалы, ұйым жұмысқа қамтуда ұлғайтып, табиғат қорғау шараларын жүргізіп, аймақтың экономикалық өміріне елеулі үлес қосады) ықпал етуін бағалау үшін ақпарат алуға ынталы.

Басқа сыртқары ақпарат  пайдаланушыларға қарағанда, салық және қаржы органдары есептік қана емес, басқа да салық төлеудің дұрыстығын тексеру үшін қажетті; ұйымның басқа да есептік ақпаратын алуға құқылы.

Басқа сыртқары пайдаланушыларға бухгалтерлік есеп мәліметтері, әдетте ұйымның қаржылық жағдайын бағалау үшін қажет. Олар бұл мәліметтерді тікелей ұйымнан немесе мемлекеттік статистика органдарынан ақы төлеп ала алады.

Нарықтық экономика  жағдайында толық шаруашылық және қаржылық дербестік берілген кәсіпорынды басқару процесі едәуір қиыңдады. Сондықган, бухгалтерлік есеп жүйесі алдындағы тұрған міндеттер де күрделенді. Әкімшілік жүйенің бухгалтерлік жүйесі бүгінде қазіргі замандағы «ақпараттық» кәсіпорынның талаптарын қанағаттандыра алмаушы еді. Жаңа айтылғандай, бухгалтерлік қызметтің дербес саласы жағдайында қаржылық және басқару делініп бөлінетін басқару есебі сөзсіз болады.

Қаржылық есепте кәсіпорынның нарық субъектісі ретіндегі шаруашылық серіктерімен, банктермен, салық жүйесімен және басқа сыртқы ұйымдарымен шаруашылық қатынастары, яғни кәсіпорын қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты сыртқы бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштері болып көрсетіледі, өнделеді және жинақтап қорытылады.

Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең алдымен  кәсіпорынның ішкі операцияларында  қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын, менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа тікелей кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқадай талаптар қойылады. Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылады.

Сонымен қатар, басқару  есебі әдетті бухгалетерлік есептен  мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға (мемлекет, банк, іскер серіктерге) арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Сондықтан егер бухгалтер есеп беру мен нұсқаудың түрлерін қатаң сақтауға тиіс болса, ал басқару есебі жөніндегі маман талдаудың түрлерін, тәсілдері бастысы - кәсіпорындағы экономикалық процестер барысының мәнін дұрыс ұғыну мен басшыға уақытылы кеңес беру. Басқару есебі - жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджерлерге көмектесу мақсатымен қаржылық ақпарат беру, басқаруды ақпараттық қолдау жүйеснен басқа ештеңе емес.

Басқару есебін назар үйіру деп те айтуға болады. Сонымен қатар уақыты шектеулі менеджерлерге өздері білетін немесе күтетіні жайлы тыңдайтын уақыты жоқ. Олар барлығын бақылай алмайды, сондықтан оларға жоспар бойынша жүріп келе жатқан істер жайлы ақпарат маңызды емес, яғни басқару есебінің мәні - түзетуді талап ететін өрісті айқындау.

Қаржылық  есептің басым міндеті - алғашқы бірінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған.

Бухгалтерлік  басқару есебінің міндеті - екінші және үшінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған, тікелей өндіріс ауқымындағы істердің жайы туралы нақты ақпарат болуы тиіс.

Сонымен, басқару  есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қыска мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.

 

2. Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.

Басқару есебінің негізінде каржылық, материалдық  және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.

Нақты басқару  есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдальшығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.

Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.

Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.

Өндірістік ресурстар  кәсіпорыннын шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:

  • негізгі құралдар - еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы яғни пайдалану;
  • материалдық емес ресурстар - мерзімнен бұрын қаржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патент материалдық ресурстар - еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өндеуге арналған еңбек керек жарақтары;
  • еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек  ететін  көпшілігі,  мақсатқа  сәйкес   қызмет  пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.

Информация о работе Лекции по "Финансовому праву"