Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:53, курс лекций
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
Тақырып 3. Өндіріс шығындары есебі және әдістері
Тақырып 5. Еңбек ақы шығындарының есебі
Тақырып 15. Инвестициялық (күрделі қаржы салымы) шешімдерді қабылдау
Тапсырыстық тәсілде нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады, бұған дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын-ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.
Бұл кемшілікті жою мақсатымен өндірістің ұзақ циклды ірі бұйымдар (кеме жасау, ауыр машина жасау) дайындағанда, тапсырыстарды олардың (агрегатгар, конструкциялық элементтер), біткен конструкция болып танылатын тетіктеріне жеке ашу ұсынылады. Ұзақ сериялық өндірісте тапсырысқа ағымдағы айда шығару жоспарланған бұйым саны кіреді. Есепте тек нақты бұйымды (тапсырысты) ғана немесе бірнеше бұйымды (тапсырысты) дайындау үшін қолданылатын барлық тетіктер мен бөлшектерді бөліп жазу керек. Бөлшек пен тетіктердің бірінші түрі бойынша шығын есебі тапсырыстық тәсілмен ұйымдастырылады; екіншісі бойынша -нормативті тәсілмен, өйткені бұл бұйымдар сериялық немесе жаппай өндіріс тәртібімен шығарылады. Осылайша, жеке ретпен дайындалатын бұйымдардың жалпы құны тапсырыс бойынша (дара, қайталанбайтын тетіктер мен бөлшектер) ескерілген шығындардан және өзіндік құны нормаға сай тәсіл бойынша жаппай сериялық өндіріс тәртібімен саналатын жалпы тетіктер мен бөлшектер құнынан құралады. Кәсіпорынның экономикалық қызметінің кызметкерлері жеке және ұсақ сериялы өндіріс жағдайында өндіріс шығыны есебінің нормаға сай тәсілінің элементтерін мүмкін болған жердің бәрінде қолдануға тырысуы тиіс. Тапсырыстар бойынша шығындарды топтастырады және әрбір тапсырыстың өзіндік құнын өндірістің есеп карточкаларында есептейді.
Өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілінің мәні мынада, барлық тікелей негізгі шығындар (шикізаттың, материалдың кұны, өндірістік жұмысшыларды еңбекақысы аударымдарымен бірге) жеке өндірістік тапсырмалар бойынша калькуляциялық парактың белгіленген баптары тұрғысында ескеріледі. Қалған (жанама) шығындар пайда болған жерлері бойынша (машиналар мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды жинақтап қорыту кезінде, не болмаса қосымша шығыстарда, не болмаса қосалқы өндіріс шығыстары бойынша), тапсырыстардың сәйкес баптары (бөлу базасы белгілеген негізде) бойынша ескеріледі.
Өнімнің немесе жұмыстың
калькуляциялық бірлігінің нақты өзіндік
құнын шығын сомасын
Өнім бірлігінің өзіндік құны жеке тапсырыс бойынша жинақталған шығын сомасын осы тапсырыс бойынша дайындалған өнім бірлігі санына бөлу нәтижесінде айқындалады. Сондықтан тапсырыстық тәсілдің принципиальды ерекшелігі - шығын көлемін уақыт аралығы үшін емес, әрбір біткен тапсырыс бойынша қалыптастыру.
Бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өндірісте жеке есепті ұйымдастыру үшін, әдетте, шығындар есебі шотында әрбір тапсырыс бойынша жеке аралық шот (субшот) ашылады. Егер тапсырыстар саны көп болса, аналитикалық есепті бөлу алғашқы құжаттарға код беру жолымен жетеді. Тапсырыстар коды шикізат пен материалдарды беруге арналған материалдық талаптарда, еңбекақы негізінде, кесімді түрде есептеу жөніндегі есептесу ведомосінде қойылады. Содан кейін орындауға байланысты шығын көлемі жазбаларды тапсырыстың бірден кодымен бірге іріктеу жолымен белгіленеді. Жеке тапсырыстар тұрғысында аналитикалық есеп ұқсас түрде (аралық шоттар немесе кодтеу тәсілімен) және дайын өнім есебі шоттары мен өткізу (сату) есебі шоттарында құрылуға тиіс. Осылайша, тапсырыстық тәсілдегі есептік процесті қисынды біткен соңы әрбір нақты тапсырысты өткізудің қаржылық қорытындысы туралы акпаратты алу болып табылады.
Тапсырыстық тәсілді мысал ретінде көрсету үшін мысал қарастырайық.
Тапсырыс ретінде үш құрастырмалы түрден - 1, 2, 3 бөлшектерден тұратын құрастыру бірлігі шығады. Тапсырыс жасалуы үшін құрастырылатын бөлшектерден басқа, екі технологиялық операция - құрастыру мен сынақ кажет.
Тапсырыстардың өзіндік құны мыналардан құрылады:
• бөлшектер тапсырысына кіретің өзіндік құннан;
• екі технологиялық операцияны жүзеге асыруға шығатын шығындардан;
• осы тапсырысқа есептелген жанама қосымша шығыстардан.
Кәсіпорында колданылатын есеп саясатына сәйкес жанама жалпы шаруашылық шығындар (кезең шығыстары) өнімнің өзіндік кұнына жатпайды.
Шығындарды жанама бөлу сызбасы жалпы түрде былайша көрінеді:
• шығындар бөлінетін объект (азық-түлік, азық-түлік тобы, шығындардың пайда болған жері);
• шығындарды бөлу базасы таңдалады - шығындарды бөлу жүргізуге пайдаланылатын көрсеткіштер түрі;
• бөлудің коэффициенті (мөлшерлеме) бөлінетін жанама шығындардың шамасын тандалған бөлу базасының көлеміне бөлу жолымен есептеледі;
• жанама шығындардың
әрбір объектісіне келетін
Негізгі әдебиеттер:
1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002
2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004
3. Карпова Т.П.
Управленческий учет М.Аудит
4. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Управленческий
учет – пособие, разработанные
на основе стандартов
2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2002
3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005
4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 2006
5. Яругова А. Управленчесий учет: опыт экономически развитых стран. М: Финансы и статистика, 2001.
Тақырып 9. Шығындар есебінің нормативтік әдісі
1. Шығындар есебі және
өзіндік құнды
2."Стандарт-кост" жүйесі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
1. Есеп объектілерді көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен - оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құның нормативті тәсілмен өндіріс процесінде-ақ калькуляцияланады, нақты есепті кезең біткен соң жете зерттеуге болады. Анығында, мұндай бөлудің өндірістік процестің ұзақтығы есепті кезеңнің ұзақтығынан аспайтын жағдайында ғана мәні бар. Ұзак циклділігі бар өндіріс үшін нормативті өзіндік құн жайлы айтудың қажеті жоқ, өйткені есептің нормативті тәсілін қолданғанда, уақытты үнемдеу, норманы жасау мен түзеуге кеткен еңбек шығынын ұлғайту арқылы өзін-өзі ақтамайды. Тәжірибеде нормативті және нақты тәсілдер арасындағы тандау мәселесі, әдетте, объективті себептер тұрғысында шешіледі. Мәселе мынада, ұзаққа созылатын өндіріс көбіне бірен-саран немесе өте ұзақ сериялы (кеме және самолет жасау, ауыр машина жасау, қымбат жиһаз жасау, кұрылыс және т.б.) болады, ал мұндай өндіріс үшін нормативті тәсіл тіптен қолайсыз. Ол үлкен сериялылықта және көп номенклатуралық өндірісте, өнім бірлігін дайындау үшін қажетті операциялардың көп саны мен сан түрлілігінде тиімді қолданылады.
Шығындар есебінің нормативті тәсілін қолданудың мүмкіндігімен қажеттілігі туралы шешімді қабылдау нормалар мен шығыстар сметасын дайындау мен үнемі түзеу жөніндегі ұйымның мүмкіндіктерін талдауға негізделуі тиіс. Басқаша айтсақ, ұйымдық құрылымда негізгі нормамен нормативті қалыптастыруды нақты шығындардың нормативтілерден ауытқуы талдауды, іс жүзіндегі норманы түзеу мен өнімді емес шығындарды жою туралы ұсыныстар әзірлеуді, өнімнің нақты өзіндік құнын азайтуды жүзеге асыратын арнайы бөлімшенің (жоспарлы бөлім, экономикалық қызмет және т.б.) бар болуы қарастырылған. Мұндай жағдайсыз есептің нормативті тәсілін енгізу ұйымға нақты пайда әкеле алмайды.
Екі тәсіл де түпкілікті шотта өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау мен көрсетуге бағытталған, бірақ біріншісі - шығындарды тікелей есептеу жолымен, ал екіншісі - нормадан ауытқу арқылы көрсетеді.
Нақты шығындарды есептеу - қолданылып жүрген нормалар шамасы туралы мәліметтерді есепте көрсетпей, нақты болған шығындар туралы мағлұматтарды дәйекті жинақтау тәсілі.
Нақты өзіндік кұн есебінің жүйесі өз еліміздегі кәсіпорындарда дәстүрлі және кең тараған болып табылады және белгілі принциптерге сай жүргізіледі:
өндіріске шыққан алғашқы
бастапқы шығындарды бухгалтерлік есептің
шоттары жүйесінде толық
шығындарды өндіріс процесінде пайда болған сәтінде есептік тіркеу;
шығындарды өндіріс түрлері, шығыс сипатына, пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша жинақтау;
нақты шығындарды есеп пен калькуляциялау объектілеріне қатысты ету;
• нақты көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыру.
Есепті кезеңнің нақты шығындарының шамасы қолданылған ресурстардың нақты санын нақты бағаларына көбейту жолымен есептеледі. Ең ақырында нақты өзіндік құн анықталады.
Нақты өзіндік құн
бойынша есептің құндылығы
Алайда бұл жүйенің бірқатар елеулі кемшіліктері бар:
• толық өзіндік құн есебі шығындарды жою үшін ұсыныстар бермейді;
• басқарушы құрамды бухгалтерлік ақпаратпен жедел қамтамасыз етпейді; өйткені өнімнің өзіндік құны туралы мәліметтер өнім жасалған есепті кезеннен кейін ұсынылады, яғни өнімсіз еңбек пен материал шығындарын шұғыл шаралар қабылдау жолымен болдырмау мүмкін емес;
• қолданылған
ресурстар санымен олардың
• бұл жүйе өндірістің
негізгі факторларын оны
• еңбек сыйымдылығының "тарихи" өзіндік құнының есебі, шаруашылық фактілерін тіркеу бойынша көп артық жұмыс істеуді талап етеді;
• әкімшілікке уақытылы шаралар қабылдау жолымен жоюға болатын, өнімсіз еңбек пен материал шығындары туралы шұғыл дабыл қағудың мүмкін еместігі.
Осылайша, "тарихи" шығындардың есебі ресурстарды пайдалануды шұғыл бақылаудың өндірісті ұйымдастыруда артық жұмсау мен кемшіліктердің себебін ашу мен жоюды, технологиялық процестердің бұзылуын, ішкі резервтерді іздестіру мүмкіндігін болдырмайды. Бұл кемшіліктер басқару шешімдерін қабылдау үшін нақты өзіндік құнының есебін қолдануды шектейді.
Сондықтан нормативті шығындардың есебі, әсіресе нарықтық қатынастар мен бәсеке жағдайында ең озық нұсқаға айналды.
Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.
Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:
• шаруашылықтагы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақтылы ескерту;
• өндірістегі
резервтер мен нәтижелерді
Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.
Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.
Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:
1. Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.
Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердін санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.
2. Нормативтік өзіндік
құнды түзетуге арналған
бір ай ішіндегі норма есебі,
норманың өзгеруіне себепші
3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.
4. Сондай-ақ олардың
пайда болған орны бойынша
нормадан ауытқу себептерін
5. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.
Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар: