Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Оглавление

Кіріспе .....................................................................................................................4

1.НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
Негізгі қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі ...............................................................................................6
Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері ..........11
Негізгі қорларды бағалау .............................................................................15
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы .........................................16


2.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау .............................................................................................................20
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау ............................................25
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау .............................................................................................................27


3.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ МЕН РЕЗЕРВТЕРІ
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері .........................34
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату ....................................................................................................36


Қорытынды ...........................................................................................................42

Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................................44

Файлы: 1 файл

Аида Э-08-1к.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

                                                             Жаңа  негізгі  қорлар құны                           

                                                       Жыл аяғындағы негізгі қордар құны                                 (4)  
 

     Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады: 

                                                Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны              

                               =

                                                  Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны                               (5) 

    Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың   интенсивті коэффициенті пайдаланылады:

                                                         Жойылған негізгі қорлар құны  

                                                      Қайта енгізілген негізгі қорлар құны                                 (6) 

     Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.

     Негізгі қорлардың тек қана тозуы және өте ескіргендігінен пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын  жою коэффициенті: 

                                                        Жойылған негізгі қорлар құны            

                                                   Негіpгі қорлардың жыл басындағы құны                            (7) 

    Негізгі қордың қозғалысының барлық көрсеткіштері баланстық құннан шыға есептелінеді. Негізгі қорлардың қозғалысы туралы толық мәліметтерді негізгі қордың балансынан алуға болады.

   Негізгі қорларды пайдалану үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты 2 топқа бөлуге болады: жалпыланғыш және жеке көрсеткіштер. Жалпылағыш көсреткіштер - оған бірінші кезекте қорқайтарымын және рентабельділікті жатқызады, халық шаурашылығының барлық деңгейінде негізгі қорларды  пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Жеке көрсеткіштер – натуралды, көбінесе кәсіпорында немесе оның бөлімшелерінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті көрсеткіштеріне бөлінеді.

     Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткіштері олардың уақыттағы пайдалануын сипаттайды, ал интенсивті пайдалану көрсеткіші анықталған құрал-жабдық түрінен уақыт бірлігіне өнім түсімінің көлемін сипаттайды.

    Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштерінің маңыздыларына жоспарлы, тәртіпті және календарлы құрал-жабдықтың жұмыс уақытын пайдалану коэффициенттері, құрал-жабдық жұмысының сменалық коэффициенті, ішкі сменалық тұрып қалулар көрсеткіштері және т.б. жатады.

    Экстенсивті пайдаланудың жеке көрсеткіштерінің ішінен құрал-жабдық жұмысын ауыстыру коэффициенті ерекше орын алады, ол  бір тәулік ішіндегі машино-смен сомасының барлық машина санына қатынасымен анықталады. Құрал-жабдық жұмысының ауыстыру коэффициентін көтеру – бұл өнім өндіріс көлемінің өсуінің және негізгі қорларды тиімді пайдаланудың маңызды көзі болып табылады.

     Құрал-жабдықтар жұмысын ауыстыру коэффициенті келесі формуламен анықталады: 

                                                     Ауыстыру машиндері                 

                                                    Құрал-жабдықтар мөлшері                                      (8) 

     Құрал-жабдықтарды пайдаланудың ауыстырымдылығын көтерудің басты мақсаты – бұл негізгі қорларды қалыптастыруды жетілдіру. Оларды дәл қалыптастыру процесінде кәсіпорын өзгешілік есебімен – жұмыс күші және негізгі қорлар арасында ең басты пропорцияға жету қажет.

     Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткішінің ішінде құрал-жабдықтарды ауыстыру көрсеткішін толықтыратын құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалу көрсеткіші де маңызды мағынаға ие. Құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалуларының негізгі себептері - өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі, жұмыс орындарының құрал-саймандармен, материалдармен, детальдармен жабдықталуы; құрал-жабдықтардың түзелмеуі және жоспарда қарастырылмаған ремонттар; жұмысшылардың жетілмеуі. Құрал-жабдықтардың ішкі сменалық тұрып қалуын төмендету үшін ең алдымен құрал-жабдық жұмысының бақылауын және есебін жақсарту, станоктардың және машиндердің жұмыс есебін автоматтандыру және механикаландырудың әр түрлі жүйелерін кеңінен пайдалану.

     Құрал-жабдықтарды экстенсивті және интенсивті пайдалану көрсеткіштерінен басқа өндірістік алаңдарды және құрылыстарды пайдалану көрсеткіштері де маңызды орынға ие. Өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану капиталды құрылыссыз өнім өндіруді көтеруге мүмкіндік береді және осымен капитал салымдарының мөлшері қысқартады; босатылған өндірістік алаңдарда өндірісті жаңа құрылысты жүргізгенге қарағанда тез ұйымдастыруға болады, осының арқасында уақыт ұтамыз.

    Көп жағдайда жоғарыда айтылып кеткен құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті негізгі қорлардың бөлек көрсеткіштерінің пайдалану дәрежесін ғана көрсетеді, сондықтан негізгі қорлардың барлық пайдалану массасын анықтау үшін кәсіпорындарда, халық  шаруашылығының салаларында жалпылағыш көрсеткіштері қолданылады.

    Олардың ішінде маңыздысы – негізгі қорлардың қорқайтарымы, өнім бағасының негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады: 

                          ФО = Q/Fc                       (9) 

мұндағы:  Q - өндіріс көлемі;

                  Fc – негізгі қорлардың орташа жылдық құны. 
 
 
 
 
 
 
 
 

                             1.3. Негізгі қорларды бағалау 

     Материалды активтерді негізгі қор деп есептеу сәтінде қажетті шарт болып олардың бағалануының біріңғай әдістемесі табылады. Осыған байланысты негізгі қорлардың бастапқы, ағымды,  баланстық, өткізу құнын және жойылу құнын бөледі.

  1. Негізгі қорлардың  бастапқы құны.

      Негізгі қорлар бухгалтерлік есепте бастапқы құн бойынша кіріске алынған кезде көрінеді, ол өзіне барлық қажетті шығындардың нақты жұмсалуын, төленген қайтарылмайтын салықтар және жинақтар, сонымен қатар активті жұмыс жағдайына және оны белгіленіміне пайдалануымен тікелей байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, эксплуатацияға жүргізу шығындары және басқа да әр түрлі шығындардың жұмсалуын қосады. Жер учаскесінің бастапқы құнына келесілер кіреді:

  Шотта көрсетілген сатып алу бағасы;

Қозғалмайтын мүлік жөнінде агенттерге комиссиондық сый-ақылар;

●  Сату-сатып алу келісім шартын жасаған заңгердің қызметіне төлем;

●  Салықтар және жинақтар;

●  Мақсатты пайдалануға жерді дайындау шығындары (ғимараттарды құлату, тазарту, тегістеу) және т.б. 

      Сатып алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнына келессілер жатады:

●   Сатып алу құны;

Тасымалдауға кеткен шығындар (соның ішінде тасымалдау кезіндегі сақтандыру);

●   Монтаж;

●   Құрал-жабдықтардың эксплуатацияға жарамдылығын тексеру мақсатымен сынау жүргізу және т.б.

      Ғимараттардың және құрылыстардың құрылысын жүргізгенде негізгі қорлардың бастапқы құнына құрылыс бойынша барлық шығындар кіреді:

Материалдар;

Еңбекақы төлеу;

Үстеме шығындардың сәйкес үлесі;

Архитекторлар, заңгерлердің қызметіне төлемдер;

Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

Құрылыс кезіндегі берілген кредит проценті;

Құрылысқа рұқсат алуға кеткен шығындар.

     Негізгі қорлар объектісінің бастапқы құны анықталады:

●   Негізгі қорлар субъектісінің өзім дайындалған кезде немесе оларды фактілік шығындар сомасымен сатып алу;

●   Объектілерді басқа бір заңды немесе жеке тұлғалардан эксперттік жолмен немесе қабылдау-беру актісі бойынша тегін алған кезде.

     2. Негізгі қорлардың ағымдық құны – бұл белгіленген уақытқа негізгі қорлардың пайдаланып жүрген нарықтық бағасының құны. Әр түрлі уақытта эксплуатацияға енгізілген біртекті негізгі қорлар олардың өндірісіне әр түрлі шығын деңгейі көрсетеді. Сондықтан оларды ағымдық құн бойынша бағалау қажеттілігі туады.

    3. Негізгі қорлардың баланстық құны – бұл негізгі қорлардың активі есепте және есептемеде көрсетілетін жиналған амортизация сомасын шегеріп тастағандағы бастапқы және ағымды құн. Бұл негізгі қорлардың өндірілетін өніміне, жұмысына және қызмет көрсетуіне немесе ағымды шығындарға әлі ауыстырылмаған құны. Бұл құнның төмендеуі негізгі қорларды эксплуатацияда табу уақытының жоғарылау себебінен болады.

   4. Негізгі қорлардың жойылу құны – негізгі қорлар жойылған кезде туатын запас бөлшектерінің, ломның, қалдықтардың болжамды бағасы.

      

      1. . Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы
 

      Негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.

       Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.

      Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.

      Өндірісте тозған негізгі қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық  шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.

      Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:

      Моральдық тозудың бірінші  түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.

      Моральдық тозудың екінші түрі -  бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.

      Тозуды  анықтау әдістері:

      Физикалық тозу негізгі қорлардың қызметтену негізінде анықталады: 

                        Ттозу(ф) = Тфн · 100%                (10) 

Информация о работе Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны