Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Оглавление

Кіріспе .....................................................................................................................4

1.НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
Негізгі қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі ...............................................................................................6
Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері ..........11
Негізгі қорларды бағалау .............................................................................15
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы .........................................16


2.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау .............................................................................................................20
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау ............................................25
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау .............................................................................................................27


3.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ МЕН РЕЗЕРВТЕРІ
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері .........................34
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату ....................................................................................................36


Қорытынды ...........................................................................................................42

Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................................44

Файлы: 1 файл

Аида Э-08-1к.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

     Кәсіпорынның өндірістік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және оны тиімді қолданудың анализін жүргізгенде барлық құрал-жабдықтарды оның өндіріс процесіне қатысуы бойынша мақсатқа сай топтау қажет.

    Құрал-жабдықтар сәйкесінше келесі негізгі құраушыларды кірістіреді: нақты бары, орнатылғаны және әрекеттегісі. Нақты құрал-жабдықтарға кәсіпорынның иелігіндегі барлық, қай жерде орналасқанына (цехтарда, складта) және қандай жағдайда екеніне байланыссыз құрал-жабдықтар кіреді. Орнатылған құрал-жабдықтарға жұмысқа дайындалған және жөнделген цехтарда орналасқан, тіпті орнатылған құрал-жабдықтардың бір бөлігі резервте, жоспарлық жөндеуде, концервацияда, модернизациялауда болуы да мүмкін құрал-жабдықтар кіреді. Әрекеттегі құрал-жабдықтар – бұл ұзақтығына байланыссыз есептік кезеңде іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар.

    Құрал-жабдықтарды толық пайдалану мәселесін орнатылмаған әрекетсіз құрал-жабдықтардың санын минимумге түсіруден қорытындыланады. Осы мақсатпен нақты бар, орнатылған және жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың мөлшерін сипаттайтын шамаларын жақындастыру қажет. «Мұнайгазқұрылыс» АҚ бойынша құрал-жабдықтар мәліметтері №4 кестеде келтірілген. 

Кесте №4. 

     «Құрал-жабдықтар  бойынша мәліметтер». 

 
Құрал-жабдықтар
 
Базистік  жыл
 
Есептік жыл
 
Ауытқу
1. Нақты  бары, бірлік 59 68 +9
1.1. Орнатылған, бірлік  41 51 +10
1.1.1. Қозғалыстағы, бірлік 26 31 +5
    1.1.2. Қозғалысқа  түспегендігі,  бірлік
15 11 -4
1.2. Орнатылмағаны,  бірлік 18 17 -1
 
 

      Қолда бар құрал-жабдықтарды өндіріске қатыстыру дәрежесі және оны өндірісте қолдануды келесі көрсеткіштер сипаттайды, ол көрсеткіштерді есептеу үшін №4 кесте мәліметтерін пайдаланамыз.

     Пайдаланымға  берілген құрал-жабдықтардың үлесі  – бұл орнатылған құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен  анықталады.

     2006 ж. = 41/59 = 0,69   2007 ж. = 51/68=0,75

      Іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі – қозғаалыстағы құрал-жабдықтардың орнатылған құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады:

     2006 ж. = 26/41 = 0,63   2007 ж. = 31/51 = 0,61

      Паркте бар құрал-жабдықтардың пайдалану дәрежесі – бұл қозғалыстағы құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады.

       2006 ж. = 26/59 = 0,44   2007 ж. = 31/68 = 0,46

     Бұл есептеулерден көріп отырғанымыздай есептік жылы пайдалануға берілген құрал-жабдықтар үлесі 0,06(0.75 – 0.69) көбейген, бұл орнатылмаған құрал-жабдықтар санының азаюына алып келеді.

     Нақты жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі 0,02 (0,61–0,63) төмендеген, берілген жағдайда бұл көрсеткіштің төмендеуі құрал-жабдықтардың тозуы және пайдалануға жарамсыздық себебінен үлкен көлемде құрал-жабдықтардың жұмыстан шығу есебінен болып отыр.

     Нақты бар құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесінің көрсеткіші 0,02 (0,46 – 0,44) өскен, бұл көрсеткіштің өсуі кәсіпорын паркте бар құрал-жабдықтарды тиімді қолданатынын сипаттайды

     Бірақ та паркте бар құрал-жабдықтарды пайдалану деңгейінің өсуі құрал-жабдықтардың қайтарымының өсуіне алып келмейді. Материалдық өндіріс сферасында күрделі проблема болып құрал-жабдықтардың толық сменалық және ішкі сменалық тұрып қалуларын қысқарту табылады.

    Жұмыс жасап тұрған құрал-жабдықтарды тиімді арттыру 2 жолмен жүргізіледі: экстенсивті (уақыт бойынша) және интенсивті (қуаттылығы бойынша).

    Құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті жолын сипаттайтын көрсеткіштер - құрал-жабдықтар саны, соның ішінде әрекетте жоқ еңбек құралдарының үлесі, істен шыққан уақыты (машина уақыт), машина және станок паркінің құрылымы.

     Құрал-жабдықтарды интенсивті пайдалану 1 машина/уақытта өнім шығару көрсеткіштерімен сипатталады, яғни оның өнімділігімен. Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалануды талдау оның жұмысының уақыт балансын қарастырумен байланысты, ол келесі уақыт қорларын қосады:

  • құрал-жабдық өлшемінің календарлы уақыт қоры (талданатын кезеңге календарлы күндер санының көбеюі арқылы есептелінеді);
  • номиналды уақыт қоры (бір кезеңде жұмыс сменасының көбеюі жұмыс сменасының  уақыттық ұзақтығына тең);
  • тиімді уақыт қоры жоспарланған кезеңнің ішінде тиімді пайдаланылатын уақыт мөлшерімен анықталады. Ол номиналды уақыт қорына тең, тек оның ішінен жөндеуге, модернизацияға, профилактикаға және құрал-жабдықтардың жапсырмаға кететін уақытын шегерімен тасталады.
  • пайдалы уақыт – құрал-жабдықтардың нақты жұмыс уақыты, жоспарлық емес тұрып қалуларды шегеріп тастағандығы тиімді жұмыс уақыт қоры секілді анықталады.
 

      2006 жыл

календарлы уақыт қоры = 365 · 24 = 8760 сағ.

номиналды уақыт қоры  = 258 · 2·6 = 310 сағ.

тиімді уақыт қоры = 3107 – 459 = 2648 сағ.

пайдалы уақыт қоры = 2648 – 904 = 1744 сағ.

     2007 жыл

календарлы уақыт қоры = 365 ·24 = 8760 сағ.

номиналды уақыт қоры = 260·2·6 = 3120 сағ.

тиімді уақыт қоры  = 3120 – 362 = 2758 сағ.

пайдалы уақыт уақыт = 2758 – 847 = 1911 сағ.

     Уақыт қорының жиынтығы құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын талдауға мүмкіндік береді. Календарлы және номиналды уақыт қорларын салыстыру ауыстыру икоэффициентін жоғарылату есебінен, ал номиналды және тиімді – құрал-жабдықтарды жақсы пайдалану есебінен, жұмыс уақытында жөндеуге кететін уақыт шығынын қысқарту есебінен жақсы пайдалануды анықтауға мүмкіндік береді.

     Талданып отырған кәсіпорын бойынша құрал-жабдықтардың жұмыс уақыт қорлары туралы мәліметтер №5 кестеде көрсетілген:

   

Кесте №5. 

«Уақыт  қорларының бастапқы мәліметтері» 

Көрсеткіштер
Базистік жыл (2006) Есептік жыл (2007) %

орындалуы

Абсолютті

өзгеріс

1. Календарлы  уақыт қорлар 8760 8760 100  
 
2. Номиналды  уақыт қорлар 3107 3120 100,4 13
3. Тиімді  уақыт қорлар 2648 2758 104,2 110
4. Пайдалы  уақыт қорлар 1744 1911 109,6 167
5. Жоспарлы  уақыт қорлар 1723 1936 112,4 213
 

    2007 жылы уақыт бойынша құрал-жабдықтарды пайдалану коэффициенттері:

Календарлы уақыт қоры = 1911/8760 = 0,218

Номиналды уақыт қоры = 1911/3120 = 0,613

Тиімді  уақыт қоры = 1911/2758 = 0,693

Жоспарлы  уақыт қоры = 1911/1936 = 0,987

    Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша былай қорытынды жасауға болады: базистік жылмен салыстырғанда нақты номиналды уақыт қоры 100,4% құрайды. Құрал-жабдықтар жұмысының календарлы (100%) және номиналды (100,4%) уақыт қорының проценттерінің әр түрлі болуы нақты жұмыс күндерінің саны және ауыстырылу коэффициенті ескерілгеннен сәл төмен болғанын көрсетеді. Базистік кезеңге тиімді уақыт қоры 104,2% құрады. Базистік жылда құрал-жабдықтарды жөндеуге 459 маш./сағ. (3107 - 2648) кеткен. Нақты есептік жылда жөндеуге 362 маш./сағ. (3120 - 2758) кеткен немесе алдыңғы жылға қарағанда 97 маш./сағ. кем болған.

    Базистік жылда құрал-жабдықтардың белгіленген көлемінде оның тиімді жұмыс қоры 2648 ма./сағ. құрады. Ал өндіріс бойынша жоспарды орындауға қажетті уақыт – 1723 маш./сағ. Сәйкесінше құрал-жабдықтардың белгіленген көлемінде кәсіпорынның 925 маш./сағ. (2648 - 1723) пайдаланбаған уақыты қалады. Бұл 1999 жылы құрал-жабдықтардың жоспардан тыс тұрып қалулары болған. Жоспар бойынша өнім шығаруға 1936 маш./сағ., демек, нәтижесінде 25 маш./сағ. (1911-1936) құрал-жабдықтардың тұрып қалулары болған. Бұдан басқа кәсіпорын 847 маш./сағ. (2758-1911) тиімді немесе мүмкін уақытын пайдаланбады. Осылайша тиімді пайдаланбаған және тіпті пайдаланбаған уақыттың толық көлемі (97+925+847)=1869 маш./сағ. құрады.

    Бұл кәсіпорынның жіберіп алған мүмкіндіктеріне айғақ болады. Кәсіпорынға құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту қажет. Есептеуіш техникалық қолдануына негізделетін автоматтандырылған жұмыс уақытын бақылайтын және есептейтін құралдар қолданған орынды.

    Құрал-жабдықтарды ішкі сменалық қолдану дәрежесі құрал-жабдықтардың жүктеу коэффициентін (Кжүкт.) сипаттайды, ол нақты жұмыс уақытының (Тн) тиімді уақыт қорына (Тқ) немесе номиналды уақыт қорына қатынасымен анықталады:

                            Кжүкт. = 1911/2742 = 0,697

    Номиналды уақытты пайдалану дәрежесі тиімді уақыт қорының (Ттиім.) номиналды уақыт қорына (Тн) қатынасымен анықталады:

                  К'р = Ттиім.н                                                                                            (23)

                  Кр = 2680/2742 = 0,977

     Қарастырылып жатқан көрсеткіштер құрал-жабдықтар және жұмыс уақытын пайдалану құрамы құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті формасын сипаттайды.

     Қор қайтарымның факторлық жүйесінің себепті байланысын талдау детерминирленген факторлық үлгілерінің бірнеше түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

     Құрал-жабдықтарды пайдалануды толық ауыстыру деңгейін құрал-жабдықтарды ауыстыру коэффициенті (Кауыст,) сипаттайды:

                             Кауыст, = Тауыст.күн./Nқ.                  (24)

                       Кауыст, = 18625/305/31 = 1,97                         (2001 жыл) 

мұндағы:

Тауыст. - смена станоктарының жұмыс жасаған мөлшері;

Ткүн  - жұмыс күндер саны;

 Nқ.     - қозғалыстағы құрал-жабдықтар саны

    Бұл коэффициент 2006 жылмен салыстырғанда істелетін жұмыс көлемінің өсуі есебінен 0,62 өскен, ол 2006 жылы 1,35 құрады.

      Құрал-жабдықтың  пайдалы жұмыс уақыты (Тn): 

                  Тn  = Ткүн · Кауыст. · tауыст. · Кжүкт.                      (25) 

2006 жыл:  Тn  = 305·1,35·6,0·0,469 = 1158,7

2007 жыл:  Тn  = 305·1,97·6,0·0,697 = 2512,8

     2007 жылы құрал-жабдықтардың пайдалы жұмыс уақыты 1354,1 сағ. өсіп 2512,8 сағ. құрады.

     Құрал-жабдық бірлігіне өнімнің ортасағаттық шығу көлемі (Вr), мың тенге:

                   Вr = Q/Nкүн/Tn                    (26) 

2006 жыл:  Вr = 56997,8/26/1158,7 = 1,892

2007 жыл:  Вr = 152617/31/2512,8 = 1,952

      2007 жылы құрал-жабдықтардың пайдалы жұмыс уақытын, қозғалыстағы құрал-жабдықтардың санын көтеру есебінен құрал-жабдық бірлігіне ортасағаттық өнім шығару көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 0,067 мың тенгеге өсіп 1,959 мың тенгені құрады. Есептеу нәтижелерін №6 «Қор қайтарымды есептеу үшін бастапқы мәліметтер» кестесіне келтіреміз: 

Кесте №6. 

Қорқайтарымды есптеу үшін бастапқы мәліметтер 

Информация о работе Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны