Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 18:50, курсовая работа
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Кіріспе .....................................................................................................................4
1.НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
Негізгі қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі ...............................................................................................6
Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері ..........11
Негізгі қорларды бағалау .............................................................................15
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы .........................................16
2.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау .............................................................................................................20
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау ............................................25
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау .............................................................................................................27
3.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ МЕН РЕЗЕРВТЕРІ
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері .........................34
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату ....................................................................................................36
Қорытынды ...........................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................................44
Бұл кестеде 2006-2007 жж. «Мұнайгазқұрылыс» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері берілген, бұл кестеден көріп отырғанымыздай 2007 жылы 2006 жылға қарағанда орындалған жұмыс көлемі 2,67 есе көбейді.
Бір жұмысшының еңбек өнімділік деңгейі осы жылға жоспарланған мөлшерден 2,3 %-ке, ал 2006 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көбейген. Сәйкесінше бір жұмысшыға 2,9%-тен, бұдан еңбек қорларын, жұмыс уақытын, өндірістік персоналдың санын қысқарту және өндіріске жаңа техниканы қосудың, яғни еңбекті механикаландырудың есебінен еңбек өнімділігінің көтерілуі арқасында еңбек қорларын тиімді пайдаланғаны сипатталады. Осы шараның салдарынан өндірістік жұмысшылардың орташа еңбек ақысы жоспарланған мөлшерден 28,3 %-ке (128,00 - 100) және өткен 2006 жылмен салыстырғанда 1,69 есе көбейген. Әкімшілік қызметшілердің орташа еңбекақысы 2007 жылғы жасалынған жұмыс көлемінің көбею салдарынан және осы жылғы жоспардан асырып орындағаны арқасында көбейген.
2007 жылы өнімнің өзіндік құны жоспарлы мөлшерден төмендеп 98%-ті құрады және былтырға қарағанда 2,32 есе азайды. 2006 жылы өнімнің өзіндік құнының төмендеуі:
Бұл нәтижелер материалдардың шығын нормаларын қатайту есебінен болған өнімнің сапасын көтеру, ақауларды төмендету, өндіріске жаңа техника мен технологияны енгізу, техниканы пайдалануға әкімшілік шығындарға және коммуналдық қажеттіліктерге қаржының жұмсалуына бақылауды күшейту.
2007 жылы жұмысшылардың орташа тиімділік саны жоспарға қарсы 3,4%-ке, ал 2006 жылмен салыстырғанда 0,96 есе қысқарған.
2007 жылы жаңа негізгі өндірістік қорларды мүліктену және енгізудің арқасында олардың орташа жылдық құны 2,6%-ке (102,6% - 100%), 2000 жылмен салыстырғанда 1,11 есе өсті.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ-ның 2006-2007 жылғы жылдық есептемелердің мәліметтерін пайдаланып келесі мүліктік жағдайын бағалайтын және кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштерін есептейміз:
=
(15)
2006 жыл
= 67460/63270=1.07
=
(16)
= 1090/67460=0.02
=
= 22266/40788=0.5
=
= 40788/10746=3.8
Рентабельділік =
Рентабельділік
= 4545/67524=0.1
Есептеген коэффициенттерді
төмендегі кестеге келтіреміз.
Кесте №2.
«Мұнайгазқұрылыс»
АҚ қаржылық бағалау
коэффициенттері
Көрсеткіштер | 2005ж. | 2006 ж. | 2007 ж. | Өсу
коэф. |
1. Негізгі қордың өсу коэффициенті | 0,73 | 1,07 | 1,07 | 1 |
2. Негізгі қордың жаңарту коэффициенті | 0,06 | 0,02 | 0,21 | 10,5 |
3. Негізгі қордың нақты құн коэффициенті | 0,39 | 0,5 | 0,78 | 1,6 |
4. Толық өтімділік коэффициенті | 2,1 | 3,8 | 2,72 | 0,7 |
5. Рентабельділік | 0,12 | 0,1 | 0,18 | 1,8 |
Есептелген мүліктік жағдайын және өтімділікті сипаттайтын көрсеткіштерден біз 2007 жылы кәсіпорынның рентабельділігі 18%-ті құрады, бұл көрсеткіш 2006 жылға қарағанда 8%-ке өсті (0,18 – 0,1). Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті 2007 жылы 21%-ті құрады, 2006 жылға қарағанда 19%-ке (0,21 – 0,02) өскен, ал бұл көрсеткіш жоғарылаған сайын тозу коэффициенті төмендей береді.
Осылайша, «Мұнайгазқұрылыс» АҚ-ның қаржылық жағдайы өтіп кеткен 2 жыл ішінде (2006-2007 ж.ж.) тұрақтылығы байқалады, арықарайда кәсіпорынның тиімді қызмет етуі және оның табыстарын көтеру үшін барлық шаралар жасалынады.
2.2. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды
талдау
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау өткізудің методикасы оны қолданудың ең тиімді нұсқауды таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
2) Перспективаға мақсатталу;
Перспективалық анализ – бұл инвестицияларды талдаудың негізгі түрі, оған баланста бар негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар түріне қолданылатын технологиялық бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:
2006 жылы ФОо = 56997,8/66735 = 0,854 тенге
2007 жылы ФО1 = 152617/73855 = 2,066 тенге
2007 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,066 тенгеге өнім көріп отырмыз.
Қор
қайтарымның өзгерісін
Iфо = ФО1/ФОо
Iфо = 2,066/0,854 = 2,4 немесе 241%
яғни, қор қайтарымдылық коэффициенті 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.
Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда базистік жылға қарағанда есептік жылы қор қайтарым көрсеткіштері айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің 1,212 (2,066 – 0,854) өскенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.
Қор қайтарымның өсуі дәл қай фактордың
есебінен өсетінін анықтау үшін келесі
есептемені жүргіземіз. Бұл үшін келесі
кестеде қор қайтарымға және оның өсу
қарқынына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің
абсолютті өзгерулерін көрсетеміз.
Кесте 3.
«Қор
қайтарым өсімін есептеу
үшін бастапқы мәліметтер»
Көрсеткіштер |
Базистік жыл | Есептік
жыл
(2007 жыл) |
Абсолютті
өзгеріс
мың тг. |
Өсу
коэф. |
1. Өнім көлемі, мың тг. | 56997,8 | 152617 | +95619 | 2,8 |
|
66735 |
73855 | +7120 | 1,107 |
3. Қорқайтарым, тенге | 0,854 | 2,066 | +1,212 | 2,419 |
|
1,171 | 0,484 | -0,687 | 0,413 |
Есептік жылда өнім көлемі 95619 мың тенгеге өсті, оның ішінде:
ΔQ(Ф) = ФОо(Ф1 - Фо) (20)
ΔQ(Ф)
= 0,854 · 7120 = 6080,48 тг.
ΔQ(Ф) = (ФО1 - ФОо) · Ф1 (21)
ΔQ(Ф)
= 1,212 · 73855 = 89512,26 тг.
Осы екі фактордың бірігу әсерінен өндіріс өнімі 95619 мың тг. өседі. Осы жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай өндіріс өнімінің өсімі негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың есебінен болып отыр. Өнім шығару көлеміне осы 2 фактордың әсер ету арақатынасы өндіріс рентабельділігінің өсуіне шарт болады.
Өнімнің қор сыйымдылығын былтырғы жылға
қарағанда 41%-ке төмендегені негізгі қорлардың
салыстырмалы үнемдеу мөлшерінің бар
екенін көрсетеді, ол келесіндей анықталады:
+Эопф = ОПФ1
- ОПФо
(22)
мұндағы:
IBП - өндірістік өнім көлемінің индексі.
+Эопф = 73855 – 66735
· 2,8 = 19936 мың тг.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды терең талдау мақсатымен қорқайтарым көрсеткіші барлық негізгі қорлар бойынша анықталады.
Сәйкесінше қорқайтарым формуласындағы жалпы ортажылдық құнын негізгі қорлардың активті бөлігінің орташа құнымен алмастырамыз.
ФО@o = 56997,8/16352 = 3,485 тенге
ФО@1 = 152617/23991 = 6,4 тенге
Осы есептеулерден негізгі қорлардың активті бөлігінің қорқайтарым көрсеткішінің өсуі байқалады.
Бұл 2007 жылы кәсіпорын өнім өндірісі процесінде
машиналар және құрал-жабдықтарды аса
тиімді пайдалағаны айқындалады.
2.3. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен
Құрал-жабдықтар – бұл негізгі қорлардың үлкен бір активті бөлігі болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі прогрессивті тенденция болып саналады. Талдау процесінде өндірістік-өнеркәсіптік негізгі қорлардың активті бөлігінің ортажылдық құнының үлесін санаумен қатар кәсіпорынның машина және құрал-жабдықтармен мөлшерлі қамтылуы, олардың техникалық деңгейі анықталады.