Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Оглавление

Кіріспе .....................................................................................................................4

1.НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
Негізгі қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі ...............................................................................................6
Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері ..........11
Негізгі қорларды бағалау .............................................................................15
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы .........................................16


2.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау .............................................................................................................20
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау ............................................25
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау .............................................................................................................27


3.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ МЕН РЕЗЕРВТЕРІ
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері .........................34
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату ....................................................................................................36


Қорытынды ...........................................................................................................42

Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................................44

Файлы: 1 файл

Аида Э-08-1к.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

      Жетекші елдердің тәжірибесінде автогрейдерлерді шығарушылар қуаттылығы және массасы әр түрлі типтегі автогрейдерлерді шығаруға үлкен көңіл бөледі. Бір типтік автогрейдерлердің кеңейтумен бірге дәстүрлі машиналар да жетіледі. Жетілдіру негізінде келесі бағыттарда жүреді: жүргізушінің  еңбегіне жайлы жағдай жасау, жаңа шуды басатын, кондиционер орнатылған кабиналар жасау, техникалық күтіммен қызмет көрсету аралық мерзімін едәуір ұзартуға мүмкіндік беретін жаңа майлағыш жүйелерін қолдану, машиндерді құрастырудың модульдық әдісін дамыту.

     Жер қазатын машиндер паркінің негізін бульдозерлер құрайды. Оларға жер жұмыстарының барлық көлемінің 40%-ті келеді. Жер жұмыстарының  құрылысын жүргізгенде бульдозерлер және қопсытқыш бульдозерлер маңызды дәрежеге ие. Бульдозерлердің  және қопсытқышы бар бульдозерлердің анықталған даму тенденциясы болып келесілер табылады: бір типті бульдозерлер көбейту және жетілдіру, сонымен қатар минибульдозерлер жасау; машиндердің техникалық қызмет көрсеткіштерін және жөндеуін жеңілдету жолымен олардың эксплуатациялық үнемдеуін жоғарылату, жұмысқа дайындалу уақытын азайту; визуальдық бақылауды және механикаландырылған майлауды қамтамасыз ету; техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді жеңілдететін және тездетін тиімді диагностикалық құрылғыларды арнаулы құралдарды қолдану және т.б.

      Отандық және шетелдік тәжірибені құрылыста қазіргі машиндерді құрастыру және қолдану облысында зерттеу олардың дамуының келесі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді: машинистің еңбек жағдайын ары қарай жақсарту, кабиналарды машиннің негізгі тораптарының жұмысын бақылайтын информатика құрылғыларымен және қоршаған ортадан қорғайтын жүйелерімен жабдықтау; вибрациялы машиндерді пайдаланып еңбек өнімділігін арттыру, оларды автоматтық басқару құралдарымен және жұмыс циклын түгелдей автоматтандыруға мүмкіндік беретін борттық электронды есептеуіш машиналармен жабдықтау.

     Құрылыстың өнімділігін және сапасын көтерудің қажетті шарты болып қажетті нәтижеге мүмкіндік беретін құрылыс машиндерінің тиімділігі жоғары жұмыс органдарын қолдану және іздеу табылады. Прогрессивті бағыттары болып әр түрлі құрылыс материалдарымен жұмыс жасай алатын универсалды және көпфункционалды машиндерді шығару. Техниканы жетілдірудің қажетті шарты болып машиндерге қызмет көрсетуге еңбек сыйымдылығын төмендеткенде олардың сенімділігін көтеру табылады.

      Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды көтерудің, жоспарлаудың негізгі формасы болып техникалық дамуының, өндірісті ұйымдастырудың және кәсіпорынның техникалық қайта құралдануының жоспары табылады. 
 

                                             ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Нарықтық  экономикаға өтумен байланысты басты  орында өндірістік кәсіпорындардың  тіршілік етуі негізгі қорларды тиімді пайдалануында, осыған байланысты курстық жұмыс тақырыбын таңдау және оның  актуалдығы шартталады.

      Ұсынылған курстық жұмыста мынадай негізгі жағдайлар айқындалған, олар: кәсіпорынның негізгі капитал құрамы және құрылымы, кәсіпорынның негізгі қорлар қозғалысы, олардың техникалық жағдайының есебі, пайдалану көрсеткіштерінің анализі, жекелегенде негізгі қорлардың қорқайтарылымы, негізгі қорлардың қорқайтарылымына әр түрлі факторлардың әсер етуі арқасында өзгеруін зерттеу, оларды тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары келтірілген, олардың ішінен негізгілері кәсіпорындағы негізгі қорлар сұрақтарын оперативті шешу үшін есептеуіш техниканы толықтай пайдалану және жетілген программамен қамтамасыз ету, яғни бір ортаға топталып ЭЕМ есеп жүргізу.

      Амортизация нормативтерін және есептеу әдістерін, негізгі қорлардың қайта бағалау жүйесін және индексациясын жетілдіру, амортизациялық аударымдардың экономикалық ынталандыру шараларын және мақсатты пайдалануын басқару ұсынылады. Кәсіпорынға негізгі қорлар классификация түрлеріне өзгертулер енгізу ұсынылады.

      Классификациясын өзгеру – оларды классификациялық топтарға таратқанда негізгі қорлардың функционалдық арнаулығын дәл анықтауға мүмкіндік береді, бөлек топтардың  мағынасын өндірістік процесстерде олардың сипатын өзгертуге мүмкіндік береді.

      Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорларды тиімді пайдалану және жағдайын талдауды жетілдіру бойынша келесі қорытындыларды және ұсыныстарды құрастыруға болады. 2007 жылы өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың ортажылдық құны 20006 жылмен салыстырғанда 10,7% өсті (73855/66735 = 110,7), ал жоспарды орындау проценті 102,6%  құрады (73855/72000= 102,6). Қорлардың активті бөлігінің құны (машиналар және құрал-жабдықтар) 2006 жылмен салыстырғанда 46,7% өсті, яғни бұл қозғалысқа жаңа құрал-жабдықтар енгізілгендігімен түсіндіріледі.

      Негізгі қорлардың техникалық жағдайын талдау негізгі қорлардың көп бөлігі жақсы жағдайда екенін көрсетеді. Талдау қорытындысы бойынша жарамдылық коэффициенті 93%  құрады, ауыстыру коэффициенті 2007 жылы 20,7 % құрады. Барлық негізгі қорлар бойынша тозу коэффициенті жыл аяғына 0,003 (0,064 – 0,067) төмендеді және 0,064 немесе 6,4% құрады. Кәсіпорынның негізгі қорлардың техникалық жағдайының берілген көрсеткіштері кәсіпорында негізгі қорлардың техникалық деңгейі өндірістің берілген көлемін толық масштабты орындауға жағдай туғызады.

      Кәсіпорынның  негізгі қорларын сапалы пайдалануды  сипаттайтын көрсеткіш – қорқайтарымы болса жүргізілген талдау бойынша  өнеркәсіпті-өндірістік және олардың  активті бөлігі алдыңғы жылмен салыстырғанда  өскен.

      Құрал-жабдықтарды пайдаланудың анализі 2006 жылмен салыстырғанда номиналды уақыт қоры 100,4% (3120/3107) құрады. Құрал-жабдықтар жұмысын календарлы (100%) және номиналды уақыт қорларының әр түрлі пайдалану проценттері есептік жылдағы нақты жұмыс күндерінің саны ескергеннен төмен болғанын куәландырады. 2006 жылмен салыстырғанда есептік жылы (2007 жыл) тиімді уақыт қоры 104,2 % (2758/2648) құрады. Өткен жылы құрал-жабдықтарды жөндеуге 459 маш./сағ. жұмсалған. Есептік жылы құрал-жабдықтарды жөндеу уақыты 97 маш./сағ. келіп 362 маш./сағ. құрады. Бұл көрсеткіштің өзгеруі кәсіпорын 2007 жылы негізгі қорларды тиімді пайдаланғаны көрінеді. Бұл анализ пайдаланбаған немесе тиімді пайдаланбаған уақыттың көлемін есептеуге мүмкіндік берді, ол уақыт 1869 маш./сағ. құрады. Тиімсіз пайдаланбаған уақыттың негізгі себептері болып бұрын жоспарланбаған 2006 жылғы болған жоспардан тыс тұрып қалулар, төрт күндік жұмыс аптасы екені анықталады.

      Нарықтық  экономикада қаржылық талдау басқарудың негізгі бір функциясы болып  табылады. Есеппен қатар ол осы талдау арқасында тек қана нақты нәтижелердің констанциясын алып қана қоймай санымен қатар негізгі қорларды пайдалану тиімділігіне оң немесе теріс әсер еткен факторларды анықтауға мүмкін болатындай етіп құрылуы қажет.

      Кәсіпорында өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың үлкен мөлшері папйдаланатындықтан қойылған мәселелерді аналитикалық жұмыстарды механикаландыру немесе автоматтандыру жолымен шешу ұсынылады. Қорқайтарымға талдау жүргізгенде экономико-математикалық әдістерін және ЭЕМ қолдану орынды болып табылады.

      Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың анализін жетілдірудің басқа бағыты болып  негізгі қорлар анализінің жүзеге асып тұрған методологиясын жетілдіру табылады.

      Қазіргі кезде негізгі қорлардың жаңарту  процесі машиндердің және құрал-жабдықтардың бағасы қымбаттауына байланысты жүзеге асыру қиынға соғып отыр. Құрал-жабдықтарды ауыстыруға және жаңа техннологияларды құруға көп ақша мөлшері қажет. Кәсіпорынның өзінің қаражаттары жеткіліксіз, сондықтан бұл жерде инвесторлардың көмегінсіз қиынға соғады.

      Кәсіпорында реструризация программасы жасалынып  жатыр оның ақырғы мақсаты өндірісте  шығындарды бақылайтын оперативті басқару  жүйесі құру, ол кәсіпорында толықтай бәсеке қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін көтеруге үлкен әсерін тигізеді.

      Жалпы алғанда негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін көтеру келесі бағыттарды кірістіреді:

  1. Өндірістік процестердің механизациясы;
  2. Құрал-жабдықтардың модернизациясы және оларды ауыстыру;
  3. Еңбекті және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және т.с.с.
 

                               ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.09.1999 ж. №1308 үкімі: «Негізгі қорлар бойынша жылдық тозу мөлшерін бекіту туралы».
 
    
  1. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің  04.12.1995 ж. №13-5-3/10068 хаты: «Негізгі қорлар субъектін бағалау туралы».
 
    
  1. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің  үкімі 21.10.1994 ж. №1178: «Қазақстан Республикасында негізгі қорларды индекстеу туралы».
 
    
  1. Савицкая  Г.В. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қазметін талдау. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық: 1996 ж.
 
    
  1. Снитко  Х.Ф. Өнеркәсіптік кәсіпорында негізгі қорлар есебі, конспект шолуы. – Минск: Экаунт, 1993 ж.
 
    
  1. Ашимбаев  Т. Қазақстанның нарық жолындағы  экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.
 
    
  1. Хамзин  С.К. Құрылыс өндірісінің экономикасы. Алматы: «Баспа», 2002 ж.
 
 
 
 
 

 

 

 

Информация о работе Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны