Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 18:50, курсовая работа
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Кіріспе .....................................................................................................................4
1.НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
Негізгі қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі ...............................................................................................6
Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері ..........11
Негізгі қорларды бағалау .............................................................................15
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы .........................................16
2.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау .............................................................................................................20
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау ............................................25
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау .............................................................................................................27
3.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ МЕН РЕЗЕРВТЕРІ
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері .........................34
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату ....................................................................................................36
Қорытынды ...........................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................................44
мұндағы: Тф – нақты қызмет ету уақыты (жыл);
Тн – нормативті қызмет ету уақыты (жыл).
Тозуды толық анықтау үшін негізгі қорлардың элементінің жағдайын анықтау қажет.
Моральдық
тозудың бірінші түрі баланстық
және қалпына келтірілген құнның
қатынасы негізінде анықталады:
Ттозу(м1) = Фб
– Фв /Фб · 100% (11)
мұндағы: Фб – баланстық құн (мың тг.);
Фв – қалпына келтірілген құн (мың тг.).
Моральдық
тозудың екінші түрі көп жағдайда
құрал-жабдықтардың өнімділігін
салыстыру негізінде
Ттозу(м2)
= Пр2 – Пр1 /Пр2 · 100%
(12)
мұндағы: Пр1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өнімділігі;
Пр2 – жаңа негізгі қорлардың өнімділігі.
Бірақ
бұл кезде жаңа негізгі қорлар
қамтамасыз ете алатын шикізат және
материалдарды үнемдеу немесе еңбек
күшін үнемдеу есептелмейді. Сондықтан
моральдық тозудың екінші түрін дәл есептеу
үшін келесі формуланы қолданып негізгі
қорларды және өндіріс шығындарын салыстыру
қажет:
Ттозу(м2)
= Изд2 – Изд1 /Изд2 · 100% (13)
мұндағы: Изд1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өндіріс шығындары (тенге);
Изд2 – жаңа негізгі
қорлардың өндіріс шығындары (тенге)
«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.
Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.
Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.
Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.
Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.
Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың функционирлеу мезгіл қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.
Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.
Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.
Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.
Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсіімінен басқа
Өнімге ауыстырылған құн көлемі келесіндей анықталады; біріншіден негізгі қорлардың бастапқы құнымен, бастапқы құн қанша жоғары болса, сонша негізгі қорлар құнының ауыстырылатын бөлігі көп болады.
Екіншіден, бұл мөлшер негізгі қорлар түрімен анықталады, мысалға: өнеркәсіпте ғимараттардың нормативті қызмет ету уақыты 30-50 жыл (өндіріс спецификасына байланысты), ал машиндердің және құрал-жабдықтардың қызмет ету уақыты – 3-15, 15-20 жылға дейін.
Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс спецификасының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.
Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.
Осыған
байланысты амортизация нормасы
мына формула бойынша анықталады:
На
= Фп (б) – Фп/Фп · tсл
· 100% (14)
мұндағы: На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);
Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;
Фп – жойылатын құн;
tсл
– негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.
Амортизация
нормасы негізгі қорлар құнының
жылдық процентін өтеумен байланысты.
Амортизация нормасы
Амортизация нормалары экономикалық оқшауланған және негізгі қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі қорлардың экономикалық лайықты жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық жөндеу. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.
Бухгалтерлік есептің 6 стандартына сәйкес амортизацияны есептеу үшін келесі әдістер қолданылады:
а) кішірейетін қалдық
б) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен
шығару (комулятивтік әдіс).
2. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасының құрылыс фирмасы «Мұнайгазқұрылыс» акционерлік қоғамы – Қазақстанның бірден-бір мұнай өндірісі өнеркәсібі орталығы – Маңғыстау облысының Ақтау қаласында орналасқан. «Мұнайгазқұрылыс» АҚ – құрылыс-құрастыру жұмыстарын толық кешенді орындап, объектіні дайын күйінде тапсыратын бас мердігерлік құрылыс мекемесі болып табылады.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ-ның құрылымдары өздерінің құрылған кезеңінен бастап Маңғыстау облысының мұнай кен орындарының (Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас) және газ (Теңге, Батыс Теңге, Тасболат, Оңтүстік Жетібай) кен орындарының кешенді өнеркәсіптік жайластыру бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындады; Қаламқас, Жетібай, Өзен және Таушық кен орындарында қосалқы резервуарлар паркі бар, 4 мұнай айдау стансасы, 2 газ айдау стансасы (Сай-Өтес, Өзен) құрылыстарын жүзеге асырды, электр желісі жүйесін және мұнай құбыры торабын салуға қатынасты, одан басқа да сутехникалық құрылыстар тұрғызды.
Оның ішінде Қаражанбас кен орнында кірме дамбасы бар сутартқы, Бозащы түбегіндегі мұнай кен орындарын Каспий теңізінің тасқынынан қорғайтын бөгет, сонымен қатар Қаламқас кен орнының сортаң жерлерінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге бейімдеп сорықтыру жұмыстарын атқарды.
«Мұнайгазқұрылыс» Компаниясының құрамындағы құрылыс мекемелері Теңгіз кен орнын жайластыруды бірінші бастап, Каспий маңайы аймағының барлық жұмыстарын жүргізді. Барлығы 10 мың шақырымнан астам құбырлар, 720 шақырымға жуық электр жүйесі желілерін тартты. Сонымен қатар Компания қала салу жұмыстарымен де айналысты: құрылысшылар күшімен шөл далада мұнайшылар қаласы Жаңа Өзен салынды.
Соңғы кездерде «Мұнайгазқұрылыс» АҚ Маңғыстау және Атырау облыс отарында қайта қалыптастыру және мұнай сақтайтын қосалқы парктерді ауыстыру жобаларын жүргізу үстінде жәнеде Маңғыстау облысындағы жаңа кен орын: Доңға, Сотүстік Бозашыларды жайластыруда. 1997-1998 жылдары «Мұнайгазқұрылыс» АҚ – ауа райының қолайсыздығына қарамастан мемлекетіміздің аса қажетті деп табылатын объектісі Каспий теңізінің Қайдақ шығанағындағы «Сай-Өтес - Бозашы» ұзындығы 16 шақырым, шеңберінің орталық тартымдылығы 530 мм. Су асты құбырын ойдағыдай салып бітіріп, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешті.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ сонымен қатар машиндермен механизмдерді пайдалануға береді; автокөлікпен жүк тасу, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және де өндірістік байланыс қызметін көрсетеді.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ негізгі іс тапсырушылары болып өз облысымыздың мұнай өндіретін мекемелері: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбас» АҚ, НКТН «КазТрансОйл», соңғы кездерде Маңғыстау облысындағы жаңа мұнай газ кен орындарын игеріп жатқан шетелдік фирмалар «Тексако Норс Бузачи, Инк.», «Оман Ойл Компани Лтд.» және басқалар.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ өз құрамында жалпықұрылыс жұмыстарын және құрылысты механизациялау жұмыстарын жүргізетін, барлық жұмыс бабына қажетті өндірістік алаңдары, техникасы және жабдықтары сай құрылымдары бар және де радиотелефондарға қызмет көрсететін базалық жабдығы 8 каналды системалы өндірістік байланыс цехы бар.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ кәсіпқой және мақсатшыл адамдар жұмыс жасайды. Қоғам басшысының саясаты жақсы маман кадрлармен іскер жұмысшыларды іріктеу.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ құрылыс және құрастыру жұмыстарын іс тапсырушыларға өз күштерімен жүргізіп қоймай, арнайы мамандырылған мекемелерге жасатады және де осы мекемелердің атынан тендерге, тіпті келісім-шартпен де отыра алатын экслюзивтік құқығы бар. Осы мекемелердің барлығының Маңғыстау аймағының құрылыс саласында маңызды жұмыс тәжірибесі бар.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ жоспарында мекеменің өндірістік күштерін одан әрі дамыту, жұмыс бағытын кеңейту, құрылыс-құрастыру жұмыстарын Қазақстанның басқа аймақтарында жүзеге асыру.
Кесте
№1.
«Мұнайгазқұрылыс» АҚ технико-экономикалық көрсеткіштерін
Көрсеткіштер |
Өлшем
бірлігі |
2006ж. |
2007 ж. | Өсу коэф. | ||
жоспарлы | нақты | % | ||||
1. Жасалған жұмыс көлемі | мың тг. | 63334,5 | 164000 | 169289 | 103,2 | 2,6 |
2. Еңбек өнімділігі, соның ішінде | мың тг. | 7197,1 | 1863,6 | 1991,6 | 106,8 | 2,7 |
3. Өнімнің
өзіндік құны соның ішінде:
- басқалары |
мың тг. мың тг. мың тг. мың тг. мың тг. мың тг. |
51658 23465,8 18277,6 3573 3459 2882,6 |
122100 72400 36500 8540 3800 860 |
119656 71046 35610 8086 4214 700 |
98 98,1 97,6 94,7 110,9 81,4 |
2,32 3,03 1,95 2,26 1,22 0,84 |
4. Еңбек
ақы төлеу қоры, барлығы, соның
ішінде:
|
мың тг. мың тг. мың тг. |
29968,5 32377,6 6690,9 |
42249,6 34953,6 7296 |
44000,3 35610 8390,3 |
104,6 102,4 115,0 |
1,47 1,54 1,25 |
5. Орташа
еңбек ақы:
|
мың тг.
мың тг. тг. |
25192 33689 |
33109,9 37991,1 |
42480 43120 |
128,3 113,5 |
1,69 1,28 |
6. Персоналдың
орташа тізімдік саны:
|
адам адам адам |
88 72 16 |
88 72 16 |
85 69 16 |
96,6 95,8 100,0 |
0,96 0,96 1,0 |
7. Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны: | мың тг. |
66735 | 72000 | 73855 | 102,6 | 1,11 |