Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:01, курсовая работа
Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Ішкі факторлар кәсіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының теориялық аспектілері....................8
1.1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының экономикалық мәні мен мақсаты.........................................................................................................................8
1.2 Қаржылық стратегияның түрлері мен негізгі қағидалары..............................14
1.3 Қаржылық стратегияның қалыптастыру кезеңдері мен механизмі................21
2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау..................35
2.1 «Восток Молоко» корпорациясының баланс құрамы мен құрылымын талдау..........................................................................................................................35
2.2 Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау.................42
2.3 «Восток Молоко» корпорациясының іскерлік белсенділігі мен тоқырауға ұшырауын талдау......................................................................................................48
3 «Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру........51
3.1 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегия матрицасын қолдану.......................................................................................................................51
3.2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын оңтайландыру.............................................................................................................55
3.3 Жобалық ұсыныстардың экономикалық тиімділігі.........................................59
Қорытынды................................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................65
Қосымшалар..............................................................................................................67
Қазіргі таңда белгілі кәсіпорынның қаржылық стратегиядағы орны мен перспективада мүмкін болатын «критически жолын» біле отырып менеджерлер өз стратегияларын таңдай алады. Мысалы, 9 «Дағдарыс» квадратынан 8 «Дилемма», квадратын, содан 2 «Тұрақты теңгеріміне» квадратына немесе 6 «Аналық қоғам» квадратынан 4 «Рантье», содан 2 «Тұрақтылық теңгерімін» квадратына жылжуға болады.
Стратегиялық дамудың таңдаған жолының мақсатқа жетуді тек нақтыланған қаржылық саясат, адекватты қаржылық мүмкіндіктері мен матрицадағы қаржылық жағдаймен, критически жолын қамтамасыз етеді.
Ағымдағы қызметін және қаржылық стратегия матрициясының жылжуы, сонымен қатар қаржылық стратегияны қалыптастыруда ұзақ мерзімді сипаттағы болашаққа дамуын жоспарлаудың нұсқаларын талдау негізінде қаржылық саясаттың бірініші бөлігі З.А. Круш пен Л.В. Лущиковпен ұсынылған 2 кестеде көрсетілген. Сонымен қатар, қаржылық саясатты бұл кәсіпорынның таңдаған стратегиялық және тактикалық мақсаттары мен мәселелерінің, сонымен қатара әдістер мен тәсілдердің өз ара баланысты жиынтығы деп анықтайды, ал В.А. Слепов пен Е.И. Горомова, И.А. Бланк стратегия мен тактиканы қаржылық саясаттың бөлігі деп қарастырамайды.
Кесте 2
Қызметті реформалауды жүзеге асырған коммерциялық ұйымдардың қаржылық стратегиясының мүмкін нұсқалары
Қаржылық саясаттың бағыты | Реинжинирингтік даму | Дағдарыстық реинжиниринг |
1 | 2 | 3 |
1. Табысты қалыптастыру мен бөлу |
|
|
- тауарлы материалды қорларды шығынға жатқызу. | ФИФО | Орташа өзіндік құнмен |
- амортизациялық аударымдар | Жылдамдатырлған әдіс | Сызықтық әдіс |
- шығындрды басқару | Қысқарту |
|
- баға | Ойға қонымды максимизация |
|
- табыс | мини-максимизация стратегия | Максимизация стратегиясы |
- дивидендтік саясат | Дивидендтерді төлеу | Дивидендтерді төлемеу |
2. Айналым қаражаттары |
|
|
- сатып алынатын материалды- өндірістік қорлар | шектелген немесе консервативтік саясат | Консервативтік саясат (минимум қорлар) |
- қаржылық қамту көздері | шектелген саясат (өз қаражаттары мен несие) | Шектелген немесе консервативтік саясат |
- меншікті айнылым қаражаттары | компромисстік модель (мүмкіндігінше) | Агрессивтік (минимум бойынша) |
- қаржылық тұтынушылық қамту | қысқарту |
|
3. Инвестициялар |
|
|
- инвестициялық шешімдер (активтер) | негізгі құралдарды ауыстыру, қайта құру, өндірісті диверсификация | Инвестициялық жобаларды ынемесе өндірісті диверсификация |
- қаржлындыру көздері (пассивтер) | Меншікті капитал мен ұзақ мерзімді несие, венчурлық қаржландыру | Лизинг, бизнес жоспары бойынша несие немесе өндірісті қайта құрастыру. |
4. Капитал |
|
|
- капитал | Меншікті капиталды ұлғайту,капиталдың ортасалмақты бағасы мен қаржылық тиімділігін есептеп капиталды рационализациялау. | Капиталдың бір бөлігін қарыздарды жбуға жұмсау, капитал орташасалмақта құнын төмендету. |
Вывод
2 «Восток молоко» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Восток Молоко» корпорациясының баланс құрамы мен құрылымын талдау
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс.
Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты эономикалық даму кепілі.
Үш түрлі ғана сүт өнімдерін шығаратын кішігірім Васильевский сүт зауытының негізінде құрылған «Восток молоко» корпорациясы 1999 жылдың 23 қыркүйегінен қызмет атқарып келеді. Өндіріс көлемінің ұлғаюына және шығарылатын өнімнің түрлерінің көбеюіне байланысты балқытылған ірімшік шығаратын Украинский цехы қайта жабдықтаудан өтті. Атқарылған шаралар негізінде қазіргі заманға сай, күрделі технологиялық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған ірі өндіріс кәсіпорны ашылды.
Бүгінде корпорация 7 ауданның 8 өңдеу зауытын: Васильевск май-ірімшік зауыты, Украинский сүт комбинаты, Зырян қалалық сүт зауыты, Өскемендегі балмұздақ зауыты, Большенарым, Самар, Уржар май-ірімшік зауыттары, Уварово ауылындағы «Восход-Молоко» ЖШС және «Иртыш» ЖШС мен Украинка шаруа қожалығын біріктірген ірі қайта өңдеу кәсіпорнына айналды. Донское, Украинка, Бобровка ауылдарында сүт және ет өндіретін мал шаруашылық кешені бар. Шаруашылықты мал азығымен қамтамасыз ету үшін егістік жерлері бар.
Шемонаиха ауданы Рулиха ауылында сүтті алғашқы өңдеуден өткізетін сүт блогы іске қосылды, «Красная Шемонаиха» шаруа қожалығында сүт блогы қайта жаңғыртудан өтті. 2005 жылы Азово, Бетқұдық, Украинка ауылдарында тұрғындардан сүт қабылдайтын сүт қабылдау бөлімшелері ашылды.
Завидное және Таврия ауылдарында салқындатқыш ыдыстарды орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Қабылдау пункттері сүт сақтайтын және салқындататын қазіргі заманғы ыдыстармен жабдықталған.
Қазіргі уақытта корпорация кәсіпорындары 100-120 тонна сүтті өңдейді.
Шикізатпен қамтамасыз етін облыстың таңдаулы шаруашылықтары:
- «Камышинское» ШҚ
- Антроповтың ШҚ
- «Уваровское» ШҚ
- «Восход» ШҚ
- «Соловьевский» ӨК
- «Средигорненский»ӨК
- «Сағыр» ШҚ.
Корпорация кәсіпорындарында сүт өнімдерінің 40 түрі жасалып шығарылады:
- пастерленген сүт;
- иод қосылған сүт;
- иод қосылған айран;
- ашытылған сүт өнімдерінің көптеген түрлері;
- қаймақ;
- ірімшік және ірімшіктен жасалған тағамдар;
- сары май;
- шоколодты май;
- «Сулугуни» ірімшігі, балқытылған ірімшік, қатты ірімшік;
- балмұздақтың 10 түрі.
Өндіріске жаңадан енгізілген өнім түрлері:
- ірімшіктің жұмсақ түрлері;
- «Гауда» ірімшігі.
Өнім облыстың барлық аймақтарына, республиканың Астана және Алматы тәрізді ірі қалаларына, сонымен қатар Ресей Федерациясына жөнелтіледі. «Восток молоко» корпорациясы өз өнімдерін көптеген көрмелерде, жәрмеңкелерде, соның ішінде халықаралық жәрмеңкелерде назарға қояды, конкурстар жұмысына белсенді ат салысады.
Ассортиментті кеңейту және сүт өнімдерінің сапасын жақсарту үшін ұдайы құрал-жабдықтарды техникалық жаңарту жүргізіліп отырылады.
2005 жылдың қыркүйегі және 2006 жылдың шілде аралығында корпорация кәсіпорындарында іске қосылды:
термоәдіспен полимерлік пленкада қайнатылған балмұздақты орайтын автомат;
түрлі майлылықтағы және жоғары сапалы сары май шығаратын қазіргі заманғы жаңғыртылған желі;
кілегей және ашытылған сүт өнімдерін салатын салу «АЛУР –1500» автоматы;
ішуге арналған сүт және ашытылған сүт өнімдерін құятын 3 автомат;
PVRE-PAK пакетіне сүт және ашытылған сүт өнімдерін құятын құю автоматы және жартылай автомат;
2 сепаратор – кілегей айырғыш;
пайдалануға ыстайтын қамера және балқытылған ірімшікті сақтайтын және орайтын камералар берілді;
Украинский сүт комбинатында әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы бітті;
Жұмсақ және тұзды ірімшіктер жасап шығаратын жаңа ірімшік цехы, ірімшік массасын термохимиялық өңдеуден өткізіп дайындалатын ірімшік жасайтын болгарлық бірегей технологиялық желі салынуда. Ағымдағы жылы желі қойылып, өндіріске енгізіледі. Шикізатпен қамтамасыз ететін шаруашылықтармен бірге дайындалатын сүттің сапасын жақсарту жұмыстары жүргізіледі. Корпорация мамандарына консультациялық және нақты көмек жасалынып отырады.
Корпорация жұмысының тұрақтылығы тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы партнерлік қарым-қатынастың дұрыс дамуында деуге болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, шикізат үшін қарыздары жоқ, еңбек ақы уақытында төленеді. Облыстың негізгі азық-түлік дүкендері, ірі кәсіпорындар, бюджеттік ұйымдар және әскери бөлімшелер біздің өнімді тұтынушылар болып табылады.
Кәсіпорында Мемстандарттың аттестациясын өткен өндірістік және бак зертханалар жұмыс істеуде. Ірімшіктің қатты, балқытылған, тұзды түрлері, сары май, балмұздақ сертификациялаудан өткен. Алғаш меншік мал шаруашылығын құрған кезде 50 асыл тұқымды сиыр болса, бүгінде ірі қараның саны 5800 бас. Сонымен қатар сүтті суытып, сақтайтын қазіргі заманға сай ыдыстармен жабдықталған бірнеше сүт қабылдау пункттері де жұмыс істейді.
Тағамдық құндылығы жоғары болғандықтан (құрамында ақуыз, май, дәрумендер мен минералды заттар көп) корпорация мамандары ірімшік өндірісіне үлкен мән берген. Сондықтан да болар, әр түрлі сұрыпты ірімшіктер - кәсіпорынның мақтанышы. Әсіресе, «Дружба», «Янтарь», «Костромской», «Радонежский», «Сибиряк» ірімшіктері өтімді болғандықтан, дүкен сөрелерінде ұзақ тұрмайды. Сүттің жоғары сапалысын, экологиялық таза табиғи ферменттерді қолдана отырып, Болгарияның бірегей жаңа технологиясын енгізу нәтижесінде бүгінде кәсіпорында ірімшіктің тоғыз түрі шығарылады екен. Соның ішінде «Шығыс», «Васильевский» ірімшік түрлерін зауыттың арнайы тапсырысы бойынша Ресейдің азық-түлік саласының ғалымдары жасап шығарыпты.
Переход к анализу
Кесте 3
«Восток Молоко» корпорациясының балансының құрамы мен құрылуын тікелей талдау
Актив | 2008 | 2009 | 2010 | |||
мың.тг | % | мың.тг | % | мың.тг | % | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 Қысқа мерзімді активтер |
|
|
|
|
|
|
Ақша қаражаттары | 7340 | 0,33 | 42844 | 2,15 | 49076 | 3,95 |
Дебиторлық борыш | 140007 | 6,37 | 199832 | 10,02 | 141069 | 11,35 |
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар |
197198 |
8,97 |
210885 |
10,57 |
89590 |
7,21 |
Тауарлы-материалдық қорлар | 513184 | 23,35 | 431462 | 21,63 | 278320 | 22,39 |
Ағымдағы салықтық активтер | 5131 | 0,23 | 2558 | 0,13 | 2387 | 0,19 |
Басқа да қысқа мерзімді активтер |
389986 |
17,75 |
335807 |
16,84 |
154324 |
12,41 |
Қысқа мерзімді активтер жиыны | 1252846 | 57,01 | 1223388 | 61,34 | 714766 | 57,51 |
3-ші кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2 Ұзақ мерзімді активтер |
|
|
|
|
|
|
Негізгі құралдар | 433029 | 19,7 | 449456 | 22,53 | 378701 | 30,47 |
Биологиялық активтер | 461988 | 21,02 | 276374 | 13,85 | 120404 | 9,69 |
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар |
26439 |
1,2 |
25946 |
1,3 |
26548 |
2,14 |
Материалдық емес активтер | 18 311 | 0,83 | 16 238 | 0,81 | 131 | 0,01 |
Басқа да ұзақ мерзімді активтер | 5037 | 0,23 | 3250 | 0,16 | 2286 | 0,18 |
Ұзақ мерзімді актив жиыны | 944804 | 42,99 | 771264 | 38,66 | 528070 | 42,49 |
Баланс | 2197650 | 100 | 1994652 | 100 | 1242836 | 100 |
Пассив |
|
|
|
|
|
|
3 Қысқа мерзімді міндеттемелер |
|
|
|
|
|
|
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер |
436412 |
19,86 |
523980 |
26,27 |
284720 |
22,91 |
Салықтар бойынша міндеттер | 38953 | 1,77 | 18544 | 0,93 | 21504 | 1,73 |
Басқадай міндеттер және ерікті зейнетақы салымдары бойынша міндеттемелер |
6203 |
0,28 |
7287 |
0,37 |
9238 |
0,74 |
Қысқа мерзімді кредиторлық борыш |
455123 |
20,71 |
348752 |
17,48 |
105571 |
8,49 |
Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер |
276579 |
12,59 |
265180 |
13,29 |
187924 |
15,12 |
Қысқа мерзімді міндеттемелер жиыны |
1213270 |
55,21 |
1163743 |
58,34 |
608957 |
48,99 |
4 Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
|
|
|
|
|
|
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер |
47184 |
2,15 |
54536 |
2,74 |
55718 |
4,48 |
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек |
48841 |
2,22 |
48918 |
2,45 |
92997 |
7,49 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиыны |
96025 |
4,37 |
103454 |
5,19 |
148715 |
11,97 |
5 Капитал |
|
|
|
|
|
|
Жарғылық капитал | 130831 | 5,95 | 130138 | 6,52 | 116373 | 9,36 |
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) |
757523 |
34,47 |
597317 |
29,95 |
368791 |
29,67 |
Капитал жиыны | 888354 | 40,42 | 727455 | 36,47 | 485164 | 39,03 |
Баланс | 2197650 | 100 | 1994652 | 100 | 1242836 | 100 |