Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 15:25, дипломная работа
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесі дағдарысқа қарсы басқарудың озық тәжірибелерін, экономикалық дағдарысқа қарсы шарттар мен параметрлерін, ғаламдану жағдайындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің маңызын, дайындауды қажет етеді.
Тоқыма және кілем кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды.
КІРІСПЕ 1
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны 5
1.2 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және Қазақстан Республикасының тәжірибелері 12
1.3 Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері 23
2 ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ 35
2.1 Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын талдау 35
2.2 Кәсіпорындардын технико-экономикалық сипаттамасы және дағдарысқа қарсы басқаруын талдау 48
2.3 Тоқыма және кілем өнімдері әлемдік нарығының қазіргі жағдайы және дамуы. 61
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 73
3.1 Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясы. 73
3.2 Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары 80
ҚОРЫТЫНДЫ 91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 94
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 1
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны 5
1.2 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және Қазақстан Республикасының тәжірибелері 12
1.3 Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері 23
2 ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ 35
2.1 Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын талдау 35
2.2 Кәсіпорындардын технико-экономикалық сипаттамасы және дағдарысқа қарсы басқаруын талдау 48
2.3 Тоқыма және кілем өнімдері әлемдік нарығының қазіргі жағдайы және дамуы. 61
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 73
3.1 Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясы. 73
3.2 Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары 80
ҚОРЫТЫНДЫ 91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 94
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендік алған соң, тәуелсіз мемлекет қалыптасты. Республикада саяси және экономикалық тұрақтылық, азаматтық және ұлтаралық келісім қалыптасты, ел экономикасы шетелдік инвесторлар үшін тартымды сипат алды.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы казақстандық кластерлер жүйесінін дамуына жол аштъгқ.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздін колымызда нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикальтқ қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудын жоспары болуы керек деп санаймын. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.[1]
"Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады [2].
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделерінің нақты, өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі. Осы тұрғыда ақырғы тұтыну өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарға салмақ салынады. Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарына киім, тоқыма, мата, кілем тауарларын шығару барысында түсетін жауапкершілікте елдің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудын басты бағыттарының бірі болып саналады.
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуы өз басынан әртүрлі кезеңдерді өткізді. Кеңестік байланыстардың үзілуі, негізгі капиталдың тозуы, өндірістік бағдарламалардың нарық талаптарына сай келмеуі, саладан білікті мамандардың сауда саласына кетуі, заманға сай жаңа өнім түрлерінің шығарылмауы салада экономикалық қатер туғызды. Оның үстіне, сапасы нашар, ал бағасы арзан шетелдік импорттың нарықты толтырғанын ескерсек, сала кәсіпорындарының дағдарыстық жағдайға қалай тап болғанын түсінуге болады. Елде импортты алмастыру бағдарламасының, басқа да саланы қолдау құжаттарының қабылдануының және халықтың отандық өнімдерге назар аудара бастауының нәтижесінде ғана, соңғы кезде тоқыма және кілем өнеркәсібі саласында жандану байқалады. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде осы жандану үрдісін жоғалтып алмай, жаңа нарықтарды игеруге, бәсеке қабілетті өнім шығару арқылы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды шешу күткен сұрақтардың бірі.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесі дағдарысқа қарсы басқарудың озық тәжірибелерін, экономикалық дағдарысқа қарсы шарттар мен параметрлерін, ғаламдану жағдайындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің маңызын, дайындауды қажет етеді.
Тоқыма және кілем кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Осы мәселе бойынша түрлі көзқарастарды теориялық және әдіснамалық тұрғыдан көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған. Қоғамдық жүйелердің циклдық дамуының теориялық сұрақтары А.Смит, К.Маркс, Дж.М.Кейнс, Й.Шумпетер, Н.Д.Кондратьев, П.Самуэльсон еңбектерінде өз көрінісін тапты.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бойынша ғылыми көзқарастарды теориялық және әдіснамалық түрғыда ресейлік ғалымдар: В.К.Сенчагов, Э.М.Коротков, А.Г.Грязнова, Э.А.Уткин, А.П.Градов, Р.С.Сайфуллин, Е.С.Стоянова, А.Д.Шеремет, Л.Абалкин, М.А.Бендиков, С.Афонцев және басқалары өз еңбектерінде қарастырған.
Қазақстанда ұлттық экономиканың құрылымдық ерекшелігін ескере отырып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық тәсілдері қалыптасып келе жатыр. Осы ретте, экономикалық қауіпсіздік сұрақтарын зерттеп, қамтамасыз ету жолдарын ұсынып жүрген ғалым-экономистер А.Алимбаев, К.Кажымурат, М.У.Спанов, К.Арыстанбеков, Н.Қ.Мамыров, Қ.О.Оқаев, М.Б.Кенжегузин, А.М.Сейтқазиева, С.Б.Ахметжанова және басқаларының еңбектерін атап айту керек.
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын зерттеу өрісі әлі көптеген сұрақтар бойынша кең болып қалып отыр. Тоқыма және тігін кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз етудің бағалау көрсеткіштері, дағдарысқа қарсы басқаруды экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі ретінде қарастыру, мемлекет тарапынан дағдарысқа қарсы реттеудің экономикалық қауіпсіздікке тигізетін әсері, ғаламдану жағдайындағы саланың дамуын қамтамасыз ету бағыттары, тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының маңызы, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсіптерімен өзара тығыз байланыстарын назарға ала отырып, тиімді даму тізбегін құру мәселелері жан-жақты сараптауды талап етеді. Үдемелі қарқынмен дамып отырған технологиялық, инновациялық, ғылыми-техникалық факторлар және нарық сұранысының өзгермелілігі тұтынушылар зердесінен шығатын тауарлар өндіру қажеттілігін анықтайды. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету теориялық және әдіснамалық тұрғыдан саралау қажеттілігі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметтерін жан-жақты зерттей отырып, олардың экономикалық дағдарысқа қарсы дағдарысқа қарсы басқару және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау.
Белгіленген мақсатқа жету үшін зертеу жұмысының келесі міндеттері анықталды:
дағдарысқа қарсы қатысты анықтамаларды зерттеу және олардың мазмұнын ашу;
дағдарысқа қарсы басқарудың экономикалық тигізетін әсерін анықтау;
жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік нарығының даму беталысын бағамдау;
Қазақстан Республикасы тоқыма және кілем өнеркәсібінің және сала кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды салыстырмалы түрде талдау;
ғаламдану жағдайындағы тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағдарларын негіздеу.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындары «Алматы кілем» АҚ-ы, «Алматы Мақта» ЖШС жатады.
Зерттеу тақырыбына экономикалық дағдарысқа қарсы басқарумен байланысты ұйымдастырушылық – экономикалық қатынастар жиынтығы кіреді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік ғалым-экономистердің экономикалық дағдарысты қамтамасыз ету аясындағы ақыл-ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. Қазақстан Республикасының отандык экономиканы реттеуге, импортты алмастыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған заңдары, заңдылықтары, нормативті-құқықтық құжаттары зерттеледі және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттігінің, Алматы қалалық статистика Басқармасының, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Ассоциациясының, кедендік декларациялардың, тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының есептік мәліметтері, қолданылды. Диссертациялық жұмыста мәліметерді өңдеу барысында салыстырмалық талдау, статистикалық топтау, шаруашылық қызметті кешенді бағалау, экономикалық зерттеу әдістері пайдаланылды.
Зерттеуде алынған нәтижелердің ғылыми жаналығы болып келесілер саналады :
- зеріттелген кәсіпорындарда экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үшін реинжиниринг бағыттары анықталды ;
- ғалам даму жағдайындағы өнімнің сапалық қасиеттерін жетілдіруде ғылыми - техникалық және инновациялық жетістіктерді енгізудің, өнімнің жаңа түрлерін шығарудың қажеттілігі негізделді және нақтыұсыныстар жасалды;
Зерттеудің тәжірибелік маңызы тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету бойынша нақты тетіктерді ұсыну мен оларды қолдану тиімділігін негіздеумен сипатталады. Зерттеу нәтижелері тоқыма және кілем кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын дайындауға негіз бола алады.
Зерттеу тәжірибелерінің қолдау табуы. Зерттеудің негізгі бағыттары мен нәтижелері келесі халқаралық ғылыми – тәжрибелік конференцияларда баяндалды және талқыланды: «Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы тоқыма – тігін өнеркәсібінің дамуы» (Алматы, ҚазЭУ, 2005),
Диплом жұмысының нәтижелері "Алматы кілем", "Алматы мақта" ЖШС өндірістік қызметінде пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы.
Диплом жұмысы тақырып бойынша ғылыми зерттеу нәтижелері жалпы көлемі 0,9 б.т. тұратын ғылыми мақалаларда жарияланды.
Дипломның құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 38 кестені қамтиды.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қаматамасыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.
Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.
Әрбір кәсіпорын үшін өзінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қамтамасыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.
Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында экономикалық дағдарыстын сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, ақпараттардың компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды.
Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық ) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Бұл ретте, ұдайы өндіріске мүмкіндік болмай қалады. Кәсіпорында инвестициялардың басты көздері - амортизациялық аударылымдар, таза табыс және қарыз қаражаттары болғандықтан, дағдарыс жағдайында, айтылып кеткен инвестиция көздерінің тартылып қалуы мүмкін. Кәсіпорын әлуетін біртіндеп жаңалау (инновацияларды игеру, тұтыну сапасы артық тауарлар шығару) алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық және инвестициялық құралдарды игеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Ұдайы өндірісте осы құралдарды ұзақ уақыт бойы қолданбау кәсіпорынның дамуын тоқтатады.
Қазақстан Республикасының егемендік алған кезеңінен бастап, «экономикалық дағдарыс» термині елдің құқықтық - нормативті құжаттарынан берік орын алды. Осындай нормативті құжаттардың қатарына ҚР-ның "ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігінің Мемлекеттік стратегиясы жатады. Ұлттық заңдылықта экономикалық дағдарыс талаптары мен түсінігі, біздің ойымыз бойынша, анық көрсетілмегендіктен, біз «экономикалық дағдарыс» түсінігін жан -жақты қарастыруды үйғардық.
Үлкен заңгерлік сөздікте экономикалық дағдарыс келесідей түсінік беріледі: «...мемлекеттің үдемелі дамуы мен әлеуметтік, саяси және қорғану қабілетін дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін экономиканың жағдайы» [5].
ҚР-ның «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы « Заңында экономикалық қауіпсіздік «ҚР-ның ұлттық экономикасының тұрақты дамуына және экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер ететін үрдістер мен факторлардан, ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғалған жағдайы » деп көрсетілген [2].
Біз жоғарыда тоқталып өткен экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігіне берілген екі анықтамада да кәсіпорынның экономикалық дағдарысы қарастырылмаған, экономикалық дағдарыс түсінігі мемлекет деңгейінде ғана қарастырылған деп тұжырымдап, анықтамаларды зерттеуімізді ары қарай жалғастырдық.
Отандық және ресейлік авторлардың ғылыми жұмыстарында кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көзқарастар көрсетілген. Соларға шолу жасау арқылы, өз ойымызды білдірмекпіз.
Бір авторлардың пікірінше, кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) экономикалық қауіпсіздігі ғылыми - техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлуеттің сыртқы және ішкі экономикалық қатерлерден қорғалған жағдайы және оның барлық ресурстарын тиімді қолдану арқылы ұдайы өндіріске қабілеттілігі [6].
Келесі авторлар кәсіпорынның (шаруашылық субъектісінің) экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды оның ғылыми - техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлуетінің тікелей (белсенді) және жанама (енжар) экономикалық дағдарыс, мысалы, мемлекеттің тиімді емес ғылыми - өндірістік саясатымен немесе қолайсыз сыртқы ортаның қалыптасуымен байланысты дағдарыс, қорғалуы және ұдайы өндіріске қабілеті [7].
Басқа авторлардың пікірінше, экономикалық дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз - жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға мүмкін болатын экономикалық қатерлердің қарсы шаралар жүйесіне немесе басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне тең болуы [8].
Кейбір авторлар экономикалық дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын қызметіне дағдарысты алдын алу үшін корпоративті ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және қазіргі кезде, болашақта кәсіпорынның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді [9].
Осы пікірлерде кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен байланыстыруға талап болмағаны байқалады, дегенмен дағдарыстын алдын-алу туралы мәселе қозғалған. Экономикалық дағдарыс ұштаса отырып, дағдарысқа әкелуі мүмкін болғандықтан, айтылып кеткен көзқарастарды біз дағдарыстың алдын-алу шараларымен байланыстыра көрсеткіміз келді. Біздің ойымызша, кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен мәнін келесідей түсінік толығымен ашар еді: «Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайы». Осы ретте, бұл түсінікте ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдын-алу, ұдайы дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашылады деген ойдамыз.
Нарықтық экономика кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде интеллектуалдық меншікті және экономикалық дағдарыстан қорғаудың арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек. Кәсіпорындағы осы қызметке жауапты бөлімшенің, дағдарыс ережелерін сақтауды бақылайтын және қорғау жоспарын, құралдарын анықтайтын, бұзу әрекеті мен фактілерін анықтау және нейтралдау жұмыстары бірінші жолға қойылады. Кәсіпорын инфрақұрылымының кез-келген элементінің қызметінің босаңсуы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару тікелей әсер ететін болғандықтан, кәсіпорынды басқару үрдісі экономикалық қауіпсіздік сұрақтарымен тікелей байланысты.
Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету үшін меншікті корпоративті ресурстар пайдаланылады:
1. Капитал ресурсы;
2. Персонал ресурсы;
3. Ақпараттар және технологиялар ресурстары;
4. Техника және жабдықтар ресурстары;
5. Құқық ре сурстары: патенттер, лицензиялар, экспорттық квоталар және [10].
Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері әлеуметтік-экономикалық мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылықтардан тұрады. Меншік иелерінің және жалдамалы қызметкерлердін экономикалық мүдделерінің бар екенін айта кеткен жөн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар мүддесі таза табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі келтіретін факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып табылады. Осылайша біз экономикалық қатер деп, таза табыс мөлшерінің төмендеуіне немесе жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағалау өте маңызды. Себебі, қызметтегі белсенді әлует дағдарысқа қарсы дамуды анықтайтын, экономикалық өсудің кепілі және елдің экономикалық тәуелсіздігін, дағдарысқа қарсы басқару дағдарыстан сақтайтын тұрақты фактор болып табылады. Оның босаңсуы кәсіпорынның, мемлекеттің болжауға мүмкін болмайтын зардаптарға ұшырауына әкелуі мүмкін.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару ең алдымен менеджерлердің мүмкін қатерлерді көре білу және алдын-алу, пайда бола бастаған қиындықтарды тез шешіп, оң жолға түсу шараларын жүзеге асыруымен байланысты.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруда төнетін қатерлерді келесі түрде жіктейді:
- Субъективті, кәсіпорынның немесе оның басшылығының тиімсіз қызметімен байланысты, қатерлер. Мысалы: төмен бәсеке қабілеттілік әсерінен өнімнің нарықта өтпеуі, қаржылық тұрақсыздық жағдайы.
- Объективті, кәсіпорынға тәуелсіз жағдайлардан болатын қатерлер. Мысалы: инфляция деңгейі, табиғат апаттары.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару функционалдық тұрғыдан келесі элементтерден тұрады:
- Технико-технологиялық;
- Интеллектуалдық және кадрлық;
- Қаржылық;
- Саяси-құқықтық;
- Ақпараттық;
- Экологиялық [11].
Осы элементтерге толығырақ тоқталып кетейік.
Технико-технологиялық элемент. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуде менеджерлердің кәсіпорындағы технология, құрал-жабдықтар әлемдік стандарттарға сай келетінін, балама өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда қандай технология пайдаланатынын, қолданыстағы технологияны ішкі резервтердің көмегімен жақсарту мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми ізденістерді байқауы керек.
Интеллектуалдық және кадрлық элемент. Қазіргі экономикалық жағдайларда экономикалық дағдарысқа қарсы басқару деңгейі көп жағдайда мамандардың біліктілігімен анықталады. Сондықтан, кәсіпорында жұмыскерлерді іріктеу, оқыту және ынталандыру жүйесі ұйымдастырылған деңгейде болуы керек. Оның үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жағдайын үнемі талдап отыруы, дағдарыс жағдайында сасып қалмайтындай болуы керек.
Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығының жойылу себептері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің өзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз жоспарлау және басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін кәсіпорынның қаржылық - экономикалық қызметінде нақты тапсырмаларды жоспарлау және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық міндеттерді анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз шығындармен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету.
Саяси - құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге болады:
- кері әсерлерді анықтау;
- қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;
- осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.
Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында ақпараттарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы керек. Осы бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап, ары қарай дамуы үшін колдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.
Экологиялық элемент. Кәсіпорын экологиялық мөлшерлерді бұзудан болатын айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі келмесе, халықаралық және ұлттық экологиялық мөлшерлерді сақтауы керек.
Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі шаралар алгоритмі тиімді болар еді:
1. Мүмкін болатын экономикалық қатерлерді талдау;
2. Қарсы шараларды жоспарлау;
3. Қабылданған шаралардың орындалуын бақылау;
4. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау.
Кейде экономикалық қауіпсіздікті заңдылықтағы, нарықтағы, экономикалық тәуекелдерді есептеуде кеткен қателермен байланыстырып жатады. Осы қателердің бәрі кәсіпорынның таза табысына кері әсер ететінін айта отырып, біз мемлекетті, тұтынушыларды, табиғат факторларын экономикалық қатер төндірушілер ретінде өрсетуден аулақпыз. Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару менеджерінің басты қызметі - заңгердің, экономисттің, жоспарлау бөлімінің алдына экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін арнайы міндеттерді қоюда болып табылады.
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері мен себептері анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде олардың орындалуы бақылауға алынса, төртінші кезенде тиімділігі талдануы мүмкін. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанарлықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек болады. Осы айтылған кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару қамтамасыз ету циклын біз тереңірек талдайтын тоқыма-кілем кәсіпорындарына да кеңінен қолдануға болады.
Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің екінші кезеңінде дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді дәл қазіргі жағдайы бағаланады. Осы ретте, кәсіпорынға төнетін қатер және осы қатерден мүмкін болатын зиян толығынан талданады. Әрбір кәсіпорында жоғарыда айтылғандай қатерлердің алдын-алу шараларынан барынша оң әсер алатын ақпараттарды жинау, талдау және бағалаудың бірегей жүйесі болуы тиіс. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі жағдайын анықтау бірнеше басты бағыттарда жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметі бағаланады. Есептік мәліметтер негізінде кәсіпорын капиталының құрылымы мен серпіні, қарыз қаражаттарынан тәуелсіздігі мен автономдығы, айналым қаржыларының ағымдағы кезеңдегі және болашаққа өтімділігі мен төлем қабілеті талданады.
Осы тәріздес талдауға негізгі және айналым капиталының пайдалануы, еңбек өнімділігі, кұрал - жабдықтың пайдалануы мен тозуы да ұшырайды. Кәсіпорынның еңбек ресурстары мен еңбек ақы қорына ерекше назар аударылады. Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының шығындары кұрылымын талдау ресурстар үнемінің жасырын жолдарын, дамудың интенсивті, жоғары технологиялық жолдарын анықтауға жол береді.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайын бағалауда тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорнының өз өнімін өткізу көлемі туралы ақпаратының мәні зор. Бұл жерде басты көрсеткіш болып, сатылымдардың ассортименті мен аймақтық құрылымы анықталады. Маркетингтік тұрғыдан кәсіпорынның тауар нарығындағы орнын, бәсекелестерінің артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау кәсіпорынның нарықтағы үлесін, баға-сапа қатынасын, баға саясатын, бәсекелік стратегиясын анықтауға-мүмкіндік береді.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды камтамасыз етуді бағалауды аяқтай отырып, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабельділігін талдау жөн болады. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің келесі кезеңінде тоқыма- кілем өнеркәсібі кәсіпорнының кысқа және ұзақ мерзімге даму бағдарын жасау жатады. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету экономикалық қатерлердің алдын алу шараларын өткізу арқылы жұргізіледі. Егер қатер құшағын жайып тұрса, мысалы: кәсіпорыннан құрылтай құжаттарын тартып алғандай қылып алса, фирманың бұрынғы қызметкерінен сотқа арыз түссе, әріптестер қарыздарын қайтармай жатса, бәсекелестер кәсіпорынның тауар белгісін рүқсатсыз пайдаланып жатса,
кәсіпорынның арғы экономикалық өмірін қалай анықтап, жоспарлаймыз
.Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық, өндірістік, қаржылық қызметін талдау бізге дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі болуы мүмкін деген ой салды. Біздің елімізде кәсіпкерлер үшін нақты экономикалық еркіндікті қажет ететін нарық аяғына тұрды. Мұндай қадам үшін нарыққа сай еңбек өнімділігін, тиімділікті, тұтынушылар мен жабдықтаушылардың алуан түрлі талаптарына икемделетін өндірісті қамтамасыз ететін фирма мәдениеті мен басқару жүйесі керек-ақ. Дағдарысқа қарсы басқаруда, фирманың экономикалық ең тиімді басқару құралы ретінде, осындай әлует бар.
Ешкім және ешқашан дағдарыстан қорғап қалуға кепілдік бермейді. Әдетте, дағдарыстық жағдай аяқ астынан болады. Дағдарыс кәсіпорындарды қызмет саласына, қызметкерлер санына, өнім сапасына және басқа жағдайларға қарамай-ақ таңдайды. Дағдарыстық жағдайда менеджменттің әдеттегі, бәрімізге белгілі шеңберінен тыс тұратын әдістері қолданылуы тиіс. Олардың кейбірі арнайы, тек дағдарыс жағдайларында қолданылатын болса, кейбір әдеттегі әдістері бизнестегі тиімді шараларға қол жеткізу құралдары сапасында қолданылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесінде макро - микродеңгейлерге дағдарысқа қарсы шаралардың бай қоржыны бар [14].
Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, "көктен түскендей" тосын жай ретінде қабылданады да, оған, көп жағдайда, кәсіпорын персоналы дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ, қазір жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік дағдарыстарға да етіміз үйреніп келеді. Дағдарыстық құбылыстарға, мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс ретінде қарап, алдын-ала мұқият түрде дайындалу керек. Сол кезде кәсіпорын үшін зиян аз, ал дағдарыстан шығу жеңілірек болады. Дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау үшін, зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімін соған арнадық.
Мемлекет нарықтық экономиканың сыртқы жүйесі емес, оның құрамдас бөлігі болып табылғандықтан, ұдайы өндіріс үрдірісінің әр түрлі сфераларына өз әсерін тигізеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу-мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыдан жасалатын қызметі, мемлекеттік құқылы мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерді өзгеретін жағдайларға сәйкес, әртүрлі және өзара байланысты экономикалық реттегіштерді қолдана отырып, зандылық, атқарушы және бақылау сипатындағы жүргізетін типтік шаралардың жүйесі
[15].
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттерінің бірі болып, кәсіпорын қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардан өтуге жағдайлар жасау табылады. Бұл міндет дағдарысты мемлекеттік реттеу шараларын жасау мен өткізу арқылы шешіледі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-мемлекеттің кәсіпорынды дағдарыстық жағдайлардан, банкроттықтың алдын - алудан қорғау немесе оның арғы қызметін тоқтату үшін пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық және кұқықтық қатынастарын көрсететін макроэкономикалық категория. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-нормативті құбылыс. Ол қызметті талдаудан және нақты, ашық мақсаттарды қоюдан, мүмкіндігінше дағдарыстық жағдайларды оң түрде өзгертетін құралдардан тұрады [16].
Дағдарысқа қарсы басқару үрдістерін мемлекеттік реттеудің дамыған елдердегі тәжірибесін талдай отырып, қолданылатын тәсілдердің ортақтығына қарамастан әр мемлекеттің заңдылығы ұлттық экономиканың ерекшеліктерін, қалыптасқан менталитетті, этикалық дәстүрлерді ескеретінін айта кету орынды сияқты [17.18.19].
Біз осы зерттеу жұмысымызда нарықтық экономикалы, транзитты экономикалы елдердің және Қазақстан Республикасының дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибелерін қарастыра отырып, кәсіпорын үшін оңтайлы, ұтымды жақтарын анықтауға, жалпы дағдарысқа қарсы заңдылықтарды қандай да бір белгілері арқылы жіктеуге тырыстық.
Осы жерде мынадай орынды сұрақ туады - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қандай белгілермен бағаланады және қандай көрсеткіштер бойынша дәрменсіздікті алдын-ала болжауға болады ?
Жалпы түрде, кәсіпорынның банкроттығының ресми белгілері борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі-яғни төлем қабілетсіздігі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу үрдісін бастау үшін төлем қабілетсіздік белгісі Германияда- кәсіпорынның өзінің тез өтімді қаражаттарынан көп соманы 1 ай ішінде төлемеуі, Францияда несиегер куәлаган төлемді тоқтату фактісі, Англияда шаруашылық жүргізуші субъект бір немесе бірнеше қарыздар бойынша ең кемі 750 фунт стерлинг, АҚШ - та 5 мың доллар борышы болу керек. Бұрынғы социалистік елдерде банкроттықтың ресми белгілерін-дәрменсіздікті белгілеуде негізгі назар уақыт аспектісіне жасалады. Мысалы, Болгарияда, дәрменсіз болып, 60 күн бойы өз міндеттемелерін банк шоттарында ақша қаржылары болмағандықтан орындамаған фирма - төлем қабілетсіз деп жарияланады. Венгрияда дәрменсіз болып, мойындаған қарызын 60 күн ішінде немесе талап қойғаннан кейін 30 күн ішінде төлеуге кедергі болған себептерді кредиторға үсынбаған борышкер табылады. Румынияда бұл мерзім 30 күнтізбелік күнмен шектеледі. Басқа бұрынғы социалистік елдермен салыстарғанда дәрменсіздік институты ұзағырақ қызмет ететін Чехия мен Польшада банкроттықтың ресми белгілері-кәсіпорынның бірнеше кредитор алдында өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігі болып табылады. Ресей мемлекетінде, Қазақстан Республикасында үш ай мерзімде өз міндеттемелері бойынша төлем төлемеуі саналады.
Банкроттықтың ресми белгілерімен қатар, мүмкін банкроттықты білдіретін ресми емес белгілері бар.
Дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибесін нарықтық экономикалы елдердің бірі - Германия мысалынан бастадық. Ел экономикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып, өнеркәсіп шоғырлануының жоғары деңгейі табылады. Басқа көптеген Еуропалық елдермен қатар, Германияны жеткілікті деңгейде дамыған экономикалық инфрақұрылым және оның элементтерінің-жылжымайтын мүлік, ақпараттар, технологиялар, қаржылар және бағалы қағаздар нарықтарының бүтіндігі сипаттайды. Бұл бизнестің
жоғары деңгейін, және оның салдары ретінде жоғарғы ұйымдастыру шығындарын анықтайды. Осындай макроэкономикалық тенденциялар төлем қабілетсіз кәсіпорындарды басқару механизмдерінің типологиясын қалыптастырады. Кәсіпорындар санациясын тікелей мемлекеттік қаржыландыру, әдетте, аймақтық маңызы бар өте ірі зауыттарға ғана қолданылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде банктік несиелер бойынша кепілдік беру қолданылады. Кәсіпорындар санациясы, кредиторлар өз капиталдарын қайтарып алатынына анық сенімді болған жағдайда жүргізіледі. Санацияның міндетті шарттары болып кредиторлық борышты жартылай (кем дегенде 35 % - ке) жабу және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру үшін менеджерлік құрамды ауыстыру саналады.
Германияда, банкроттық механизм жетік әзірленген. Арбитрлық соттың конкурстық өндірісті ашуына негіз болып кредиторлардың немесе борышкердің өз арызы табылады. Кәсіпорын басшылығының арызды өз уақытында бермеуі қылмыс ретінде қабылданады-мемлекет төлем қабілетсіз элементтердің экономикадан кетуін қатаң бақылайды. Барлық сұрақтар кредиторлар жиналысының бақылауымен қызмет ететін конкурстық басқарушының құдіретіне жатады.
Заң жүзінде несие қарызын жабудың келесі кезектілігі белгіленген:
- мемлекетке салық борыштарын өтеу;
- әлеуметтік төлемдер, оның ішінде еңбек ақы (Германияда азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесі әрекет етеді, жұмысшыларға еңбек ақы қарыздарын төлеуге кәсіпорында қаражат жетпеген жағдайда мемлекет төлейді);
- басқа да несиегерлер.
Дегенмен, коммерциялық банктермен несиелеу, әдетте, жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы жүргізілетіндіктен, конкурстық өндірісті ашқан кезде кепілден бос мүлік аз қалады. Сондықтан, кредиторлар шешімінің кең таралған түрі болып кәсіпорын санациясын жүргізу табылады.
Неміс заңдылығы конкурстық өндірісті екі талап орындалған жағдайда қарастырады: банкпен несиелеу тоқтатылғанда және активтерден пассивтер артып кеткен жағдайда. Елдің жоғары сотының шешіміне сәйкес, кәсіпорынды, егер оның активтері қарыздарын өтемесе немесе өз дамуына негізделген дәйекті бизнес-жоспары болмаса банкрот деп табады.
Әрине, кәсіпорынның дәрменсіздігін анықтаудың мұндай критерийлері өте қатал. Сондықтан, кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын анықтау бірнеше бағыттарды қамтитын оның дағдарысының себептерін талдау жолымен жүргізіледі:
- кәсіпорынның қызмет етуінің құқықтық жағдайларын талдау оның ұйымдық - құқықтық нысанын, фирма қызметінің заңды кеңістігін қалыптастыратын құрылтай құжаттарын қарастыруды ескереді;
- кәсіпорын филиалдарының орналасуын, өндірістік бағдарламасын талдау өндіріс жағдайларының және өткізу оңтайлылығын бағалауға бағытталған;
- кәсіпорынды өндіріс ресурстарымен жабдықтау жүйесін талдау
барысында шикізат пен өнім қорының бар-жоғы, тауар айналым қарқыны, щикізат жеткізудің келісім-шарттарының орындалуы, шикізат сапасы мен құны анықталады;
- кәсіпорынға қаржы ресурстарының қажеттілігін талдау және қаржылық жоспарлау кәсіпорын активтерін бағалауға, олардың өтімділігін, нарықтық құнын, меншікті және қарыз капиталының үлесін, қаржылык саясаттың стратегиясын бағалауға және бизнес - бағдарламаны қаржыландырудың ең тиімді көздерін анықтауға бағыттылған;
- ұйымдастырушылық жағдайларды талдау кәсіпорынды басқару тиімділігін, менеджмент құрылымының ұтымдылығын, басқарушы құрамның біліктілік деңгейін, акпараттық тасқындардың оңтайлығын бағалауды ескереді;
- кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайларын бағалаудың да маңызы зор - салалық қимадағы жағдай, өндірілетін тауарлар тобы бойынша бәсеке деңгейі, бәсекелестердің стратегиясы мен қуаты, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, тұрғын халықтың төлем қабілеттілігі, экологиялық шектеулердің әсері.
Осы аталған факторлардың және заңдылықтың ресми мөлшерлерінің жиынтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтайды және оның құрылымын кайта құру нысандары жайлы шешімдерді қабылдауға негіз болады.
Италияның банкроттылық туралы заңдылығы бірнеше құқықтық нормаларды бөліп көрсетеді: банкроттық; банкроттық қаупі жағдайында кредиторлармен келісу; банкроттық қаупі төнген жағдайдағы бақыланатын басқару; басқару органдарын күштеп жою.
Германия тәжірибесінде белгіленгендей кәсіпорынды қаржылық сауықтыру нысандарына ұқсас, бұл нормалар дәрменсіз фирмалардың құрылымын қайта құрудың қатаң шараларын реттейді. Банкроттық- басқару және бақылау функцияларын меншік иесінен тартып алуды, сондай-ақ оның мүлкін тікелей сатуды қарастыратын ең өктемді шара болып табылады. Оның үстіне, Италия банкроттығының еркіндік саясын және банкроттық құқық қабілеттілігін шектейтін дербес салдары бар.
Кредиторлармен келісім, төлемдердің мерзімін борышкер бірқатар шарттарды орындаған соң кейінге қалдыруды, оның ішінде мүліктік немесе басқа заңмен белгіленген кепілдікті ұсыну да бар, ескеретін ымыралы шешім болып табылады. Ең қолайлы нысаны болып, кәсіпорын санациясының дәйекті жоспарын ұсынған кәсіпкерге, сот бақылауымен мүлікті және кәсіпорынды басқаруды сақтап, екі жылға дейін төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін бақыланатын басқару болып табылады.
Басқару органдарын күштеп тарату ерекшелігі - стратегиялық маңызы бар бірқатар кәсіпорындар мемлекеттік басқару органдардың бақылауында болғанымен анықталады. Осындай кәсіпорындардың каржылық дағдарысы жағдайында олардың мүлкін тарату жүргізіледі. Бұл әкімшілік тәртіппен мемлекеттік басқарудың тоқтатылғанын көрсетеді.
Банкроттық туралы Италияның заңдылығы үнемі жетілдіріліп отырғанын айта кету керек және осы үрдіс мақсаттарының бірі болып, кәсіпорын банкроттықка ұшыраған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының кешенін енгізу табылады. Егер Германияда мемлекет банкрот болған кәсіпорынның жұмысшыларына қарыздарын тікелей өтеуге қатысса, Италияда экономикалық-әлеуметтік реттеудің басқа, икемді нысандары карастырылған. Ол мемлекеттің қаржылық қиыншылықтары бар жеке компаниялардың жарғылық. капиталына мемлекеттік басқаруды енгізу мақсатында үлеспен кіру және осы шеңберде мемлекеттік үлесті қайтып берумен байланысты санациялық іс-шараларды қаржыландыру. Осы шараны нақты қаржылық дағдарысты басынан кешіріп отырған кәсіпорындарға ғана қатысты қолдануға болады. Сол себепті олардың дағдарыс алдындағы диагностикасы мақсатында және оларды қайта құру жайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның төлемқабілеттілігін анықтаудың негізделген көрсеткіштері қажет.
Италияда дәрменсіздік жағдайды келесі көрсеткіштермен анықтайды:
- өмірді сақтандырумен айналысатын кәсіпорындарға міндетті резервтер кепілдігі есебіне ұсынылатын активтердің жеткіліксіздігі;
- егер банктер немесе кооперативтік типті несие мекемелері үшін жарғылық капиталдың 1/3 - і жоғалса;
- басқа типтегі несие мекемелер үшін, егер қалған жартысы қарыз міндеттемелерін жабуға жеткілікті болғанына қарамастан, мүлкінің жартысы жоғалса.
Чехия Республикасында өтпелі кезең экономикасының күрделігіне қарамастан, кәсіпорындар қызметін дағдарыс кезінде реттеу-өркениетті бәсеке және экономиканы мемлекеттік реттеудің айрылмас элементі болып табылды. Банкроттық жағдайында конкурстық өндірістің басталғаны жайлы шешімді конкурс соты қабылдайды. Конкурстық өндіріс үрдісі оңалту мерзімін (әдетте 3 ай) қамтиды, ол мерзім ішінде несиегерлер талаптары уақытша тоқтайды және кәсіпорын өз қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады. Кредиторлар комитеті осы мерзім ішінде кәсіпорын жұмысын бақылаудың бір нысаны жайлы шешім қабылдауы мүмкін. Егер кәсіпорын төлем қабілеттілігін қалпына келтірмесе, төлемдер конкурс массасына енгізілген борышкер мүлкін сатудан түскен қаражаттар есебінен өтеледі. Бұл жерде талаптарды қанағаттандыру тәртібі, ең алдымен еңбек талаптарымен қатар конкурстық басқарушының еңбек ақысы қосылғандығымен ерекшеленеді. Банкроттылық туралы Чехия заңдылығының тағы бірқатар ерекшеліктері бар:
- егер конкурстық өндіріс барысында қарыздарды бөліп өтеу туралы шешім қабылданбаған болса, онда банкроттың өзі сотқа күштеп өтеу жүргізуді ұсынуға құқылы, бұл кредиторлардың ¾ бөлігі келіскен жағдайда мүмкін болады;
- мемлекеттік кәсіпорындарды банкрот деп танудың ерекше тәртібі белгіленген: банкроттық туралы шешім қабылдау үшін халықтық мүлік және жекешелендіру істері жөнінде Министрліктің шешімі қажет, қорғау мерзімі борышкер кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайында және оны жекешелендіру мерзімі шеңберінде беріледі;
- банкроттылық туралы зандылық мемлекет қарыздары бойынша субсидиарлық жауаптылықты өз мойнына алатын кәсіпорындарға қолданылмайды.
Чехия заңдылығында банкротты ажыратудың басқа елдерден ерекшелігі жоқтың қасы-дәрменсіздік белгісі болып, кредиторлық қарыздардың кәсіпорынның таза активтерінен жоғары болуы табылады.
Экономиканы дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеудің аспектілері әр елде әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та бұл, жұмысбастылық саласында заңдылықты жетілдіру, әсіресе, жастарға жұмыс орындарын көбейту, аймақтық күрылымдық бағдарламалар жасаудан көрінеді. АҚШ-тың заңдар жинағында үкіметтің тиімді іс-шаралары жеке аймақтардағы жұпемыссыздықтың жоғары деңгейін төмендету жөнінде арнайы әзірленген бағдарламаларды қамту, экспорт ролін көбейтуге және ауыл-шаруашылықтың, машина жасаудың және өнеркәсіптің бәсеке қабілеттілігін жақсартуға көбірік көңіл бөлу керек деп айтылған. Бұл саясат жастарды жүмыс орындарымен қамтамасыз ету бағдарламасын және штаттар, жалпы ел үшін маңызы зор салаларда жұмыс орындарын құру бағдарламаларын қамтиды.
Конгресс мәліметтері бойынша, елдегі жұмыссыздардың көп бөлігі жастардың үлесіне тиеді және бұл қылмыстың, нашақорлықтың, маскүнемдіктің және т.б. жоғары деңгейде өсуіне жағдай жасайды. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралармен бағдарламаларды әзірлеуде американдық заңгерлер үкіметке жұмысты кәсіптік оқумен үйлестірудің тәжірибелік әдістерін әзірлеу, жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, өндірістен қол үзбей кәсіптік білім алу тәжірибесі сияқты міндеттерді шешуді қарастыруды ұсынады.
АҚШ-та дағдарысты мемлекеттік реттеуді жетілдірудің екінші маңызды бағыты болып, экономикалық саясатты әзірлеу мен жүргізу жөніндегі әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың қызметтерін ғылыми жан-жақты негізделген үйлестіру табылады. Осы мақсатта реттеуді жетілдіру жөніндегі Президенттік кеңес құрылған. Оның басты міндеті болып, мемлекеттік аппарат алдында туындайтын мәселелерді шешуді әзірлеу табылады. Оның қызметінде келесі басым бағыттар бөліп көрсетіледі:
- қаржы ресурстарын басқаруды жетілдіру;
- басқару құралдары мен үрдістерін ұтымдау;
- бас инспектор қызметін үйлестіру;
- қылмыстар санын қысқарту жөніндегі әртүрлі ұйымдардың күшеюі және т. б.
Дағдарысқа қарсы мемлекеттік басқару экстремальді даму кезеңдерінде күшейеді-дағдарыс кезінде кәсіпорындар мен салаларды мемлекеттік бақылаудан бастап, өндіріс және өнімді бөлу сфераларында орталықтандырылған әкімшіліктің болуына дейін күшейеді. Мысалы, соғыстан кейінгі жылдардағы Жапониядағы экономикалық механизм қорларды бөлу, айналыс үрдісін қатаң реттеу, баға белгілеу, табыстар саясаты жүйесін реттеу, көптеген салалар мен кәсіпорындарды тікелей мемлекеттік басқарумен сипатталады.
Ол кезңвдегі жапон бизнесі үшін күрделі мәселе- отандық тауарларының қанағаттанарлықсыз сапасы болды. Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің үсынуымен 1950 жылы Жапонияға осы салада белгілі маман профессор Э.Деминг шақырылған, ол Жапон кәсіпкерлеріне "Жапон сапасы әлемде ең алдыңғы бола алады" деп жариялаған. Демингтің бұл сөздері, болашақты болжағанын өмір көрсетті [17].
Кей елдерде мемлекеттік органдар жекешелендіру бағдарламаларын әзірлейді, ал олардың жүзеге асырылуы жеке кәсіпорындарды және тұтастай экономикалық салаларды дағдарыстан шығаруға немесе оны болдырмауға бағытталған оң шаралар ретінде қарастырылады. Ондай жекешелендірудің мақсаты кәсіпорындардың жаңа, жетілдірілген құрылымдарын іздеу, олардың бәсекеқабілеттілігін және тиімділігін жоғарылату. Жекешелендірудің әр елде өз ерекшеліктері бар. Мысалы, Ұлыбританиядағы жекешелендіруге тән белгі болып бірыңғайлылық, Германияда сақтық, Италияда анық көрсетілген прагматизм табылады. Чехия Республикасындағы жекешелендірудің басты мақсаты-жеке меншік бөлігіндегі мемлекеттің үлесін азайту және мемлекеттік мүліктің үлес салмағын 10- 15 % - ға дейін жеткізу болды [18].
Дамыған елдердің банкроттық туралы заңдылық негіздерінің мұқият әзірленгендігі, олардың үнемі дамуда болуы, нарықтық шаруашылық жүргізудің өзгермелі жағдайларына бейімделуі көп жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің көп жылдық тәжірибесімен шартталған. Сонымен қатар, көптеген елдің банкроттық заңдылығы мазмұнының ортақтығына қарамастан, әрбір мемлекеттің экономикасына тән өз ерекшеліктері тән.
Америкалық құқық институтымен құрастырылған үлгілік қылмыстық кодексте американ штаттарына жаңа қылмыстық кодекс құрастыру барысында оған "Төлем қабілетсіздік жағдайындағы жалғандық" атты бап қосылу ұсынылған. Бұл бапта кәсіпорынды әдейі банкроттыққа ұшыратқан тұлғалардың жауапқа тартылатыны ашық ұсынылған. Американ штаттарының заң шығару жиналыстарының көбісі қылмыстық заң реформасын жүзеге асыруда үлгілік қылмыстық кодекске бағдарланып, банкроттық заңдылығын жасауда банкроттық кезіндегі жауапкершіліктің сол түрін де қамтыған.
Француз заңы бойынша «дәрменсіздік» ұғымы тек алыпсатарларға қолданылады, сондықтан саудаға жатпайтын маман тұлғаларға банкроттық жайлы ережелер колданылмайды. Англо-американдық құкық, сондай-ақ Германия заңы бойынша «дәрменсіздік» ұғымы сауда жұмыстарының тұлғаларымен шектелмейді, сондықтан банкроттық субъектісі болып төлеуді тоқтатқан борышқор болады. Швециялық қылмыстық кодексте төлем қабілетсіздікке әкелетін әрекеттер жасайтын борышқордың жауаптылығы қарастырылады.
Тағы бір айта кететін жайт, дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеудің әртүрлі елдердегі ұлттық механизмдері бір-біріне ұқсамайтыны соншалық, әлі күнге дейін бірегей нұсқаулар, бұл механизм стандарттары әлі әзірленбеген. Әлем елдеріндегі дағдарысқа қарсы басқарудың мемлекеттік механизмін шартты түрде бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады. Негізгі мүддесі - борышқор кәсіпорындарды қорғайтын заңдылықтар да бар. Бейтарап немесе мүдделерді «фифти-фифти» түрінде қарастыратын заңдылықтар да бар. Ақырында, радикалды кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға ұмтылатын заңдылықтар да бар.
Ресей Федерациясының «Кәсіпорындардың төлемқабілетсіздігі (банкроттығы) туралы» Заңы алғаш рет 1992 жылдың 19 - қарашасында қабылданды да, үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізілумен болды. Нәтижесінде 1998 жылдың 8-қаңтарында «Кәсіпорындардың төлемқабілетсіздігі (банкроттығы) туралы» Заң қайта қабылданды. Осы заңға сәйкес «төлемқабілетсіздік (банкроттық) арбитрлық сотпен немесе борышкердің жариялауымен кредиторларға ақша міндеттемелерін және (немесе) міндетті төлемдерін толық көлемде қанағаттандыра алмау қабілетсіздігі» деп анықталады.
Бұл елде заңды тұлғаның үш ай көлемінде кредиторлардың акша қаражаттары бойынша және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді төлей алмауы банкроттық белгісі болады. Арбиторлық сот кәсіпорынның құрылтай құжаттарында көрсетілген орналасқан орны бойынша төлем қабілетсіздік туралы істі жүргізеді. Арбиторлық сотқа борышкердің жиынтық қарызы еңбек ақы төлеудің ең аз көлемінен 500 есе артып кетсе өтінішпен баруға болады. Заң кәсіпорынды таратып жіберуді мақсат етпейді. Кәсіпорынның қызметін сауықтырудың мүмкіншіліктері бар болса, төрелік сот борышкердің мүлкін басқаратын конкурстық басқарушыны анықтайды. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінде бекітілген жоспар бойынша сауықтыру шараларын жүргізеді. Конкурстық басқару 12 айдан аспайтын мерзімге бекітіледі, ерекше жағдайларда бұл уақыт 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Кәсіпорын санацияның екі түрін ажыратады.
Санацияның бірінші түрі қарызды қайта ұйымдастыруға бағытталған (санация жүргізілетін занды тұлғаның мәртебесі өзгертілмейді). Мұндай санация кәсіпорынға, егер оның дағдарыстық жағдайы уақытша құбылыс түрінде қарастырылса, төлем қабілетсіздігін жоюға көмектесу үшін жүргізіледі.
Санацияның екінші түрі бойынша заңды тұлғаның мәртебесі, меншік түрі, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгертіледі. Кәсіпорында жүргізілген санация жұмыстары күткен нәтижеге жеткізбесе, онда ол банкрот деп жарияланады. Арбиторлық соттың шешімімен тарату үрдістерін өткізу үшін арнайы комиссия құрылады. Банкроттық жағдайындағы тарату жұмыстары келесі кезекте жүргізіледі:
- баланстық және нарықтық құны бойынша банкрот - кәсіпорынның мүлкі бағаланады;
- тарату массасы анықталады;
- мүлікті сатудың ең тиімді нысаны анықталады;
- кредиторлар талаптарын қанағаттандыру орындалады;
- тарату комиссиясы кредиторлардың барлық талаптары қанағаттандырылған соң арбиторлық сотқа тарату балансын жасайды.
Кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың өз кезегі бар: біріншіден арбиторлық соттың, тарату комиссиясының, мүлікті бөлушілердің, кепілдікпен қамтамасыз етілген кредиторлардың талаптары орындалады. Сосын кәсіпорынның өз жұмыскерлері алдындағы міндеттемелерін, жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтарды, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді, зейнетақы аударылымдарын, кепілмен қамтамасыз етілмеген кредиторлар талаптарын төлеу жүргізіледі. Әр келесі кезектегі кредитордың талабы тек алдыңғысы төленген соң ғана орындалады. Мүлікті сатқаннан кейінгі қаржылар жетпей жатса, талаптар пропорционалды түрде тең бөлініп, орындалады [19,20].
Қазақстан Республикасында банкроттықты реттейтін негізгі заң болып, 1997 жылдың 21 қаңтарында қабылданған «Банкроттық туралы» табылады. Бұл заңға уақыт талабына сай үнемі өзгерістер енгізіліп келеді. ҚР-сы банкроттылық заңдылығы кредитор мүддесін қорғауға көбірек бағытталған. Себебі кредиторлар мүддесі қаншалықты белсенді қорғалса, соғұрлым экономика инвестициялар үшін тартымды. Ал, бұл көкейкесті мәселе.
Заң қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады.
Кредитордың борышкерге қоятын талаптары жиынтығында жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмаса, банкроттық туралы істерді сот қарайды. Кредиторлардың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізу туралы органға арыз беріп, өтініш жасауына борышкердің төлем қабілетсіздігі негіз болып табылады. Егер борышкер міндеттемесін орындау мерзімі жеткен кезден бастап үш ай ішінде орындамаса, ол төлеуге қабілетсіз деп есептеледі [21].
Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізу туралы уәкілетті органға арыз беріп өтініш жасауына оның дәрменсіздігі негіз болып табылады. Оңалту рәсімі шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез - келген қайта ұйымдастырушылық, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтык және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем кабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданылады. Борышкер өзі оңалту үрдісінің жоспарын ұсынса, кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса, бес күннен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарылады. Тарату үрдістеріне мыналар жатады: кредиторлар бақылауымен, дәрменсіз кәсіпорынның еркімен таратылады және борышкер кәсіпорынды күштеп тарату.
Кредиторлар мүддесін қорғау және әкімшілік шығындарды азайту мақсатында кредиторлар комитетінің құрамына келесі кұрылымдардың өкілдері кіреді: еңбек ақы, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер және кепілдік кредиторлар.
Конкурстық және оңалту басқарушысына ай сайын берілетін сыйақы мөлшері шектелген. Заңға борышкермен ұсталған, бірақ төленбеген алименттерді алуға кәмілетке толмағандардың құкығын қорғауға бағытталған қосымшалар енгізілген. Осындай мөлшер міндетті зейнетақы жарналары бойынша борыштарға қатысты қарастырылған. Заңға кредиторлар комитетінің отырысы олардың 2/3-сі қатысса құқылы деген толықтырулар енгізілген. Конкурстық өндіріс мерзімі 6 айдан көп болмауы керек. Ерекше жағдайларда бұл мерзім 3 айға дейін созылады. Шығындар, айып санкцияларының шамасы және т.б. қарыздарды банкрот деп тану шешімі қабылданған және оны тарату мезетіне анықталады. Банкроттық үрдісінде катысуға байланысты несиегерлер шығындарының орны толтырылмауы борышқор несиегерлер реестрінің мазмұнымен танысқан соң, конкурстық басқарушы несиегерлер талаптарының реестрі мен оларды қарастыру нәтижелерін сотқа ол күшіне енгеннен 3 айдан кешіктірілмей бекітуге беріледі. Борышкердің қаржы құжаттарында көрсетілген, меншік иесі екенін растайтын құжаттар бар мүлік конкурстық массаны құрайды. Әкімшілік және сот шығыстары борышкер мүлкінің есебінен кезектен тыс өтеледі. Конкурстық масса келесі тәртіппен бөлінеді:
1. Біріншіден, таратылатын банкрот өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап беретін азаматтардың талаптары тиісті уақтылы төленетін капиталға айналдыру арқылы бірінші кезекте
қанағаттандырылады.
2. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, авторлық шарттар бойынша сыйақылар екінші кезекте жүргізіледі.
3. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.
4. Салық және бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешек төрттінші кезекте орындалады.
5. Бесіншіден, басқа кредиторлармен есеп айрылысады.
Әрбір кезек талаптары алдыңғы талап толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады. Банкрот мүлкі жетпегеннен орындалмай қалған, сонымен қатар сотпен тарату балансы бекітілгенге дейін жарияланбаған талаптар өтелген деп саналады. Көрсетілген сомалар кредиторлармен дебиторлық борыштан есептен шығарылуы керек [22,23].
Әлемнің нарықтық экономикасы әртүрлі деңгейде дамыған елдерінің дағдарысты мемлекеттік реттеу аспектілерін салыстыра отырып, біз дағдарысты мемлекеттік реттеуді бірнеше белгілері бойынша жіктедік. Дағдарысты мемлекеттік реттеуді түрлі белгілері бойынша жіктеуді 1 кестеде келтіріп отырмыз.
1 кесте - Дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеуді түрлі белгілер бойынша жіктеу
№ | Жіктеу белгілері | Дағдарысқа қарсы мемлекеттік ретгеу түрлері |
1. | Тараптарды қорғау | кредиторлар мүдделерін қорғайтын; бейтарап; кәсіпорын мүдделерін қорғайтын |
2 | Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігін тану | төлемдер сомасы; төлемдер мерзімі |
| Сауықтыру мерзімінің ұзақтығы | үш айға дейн; үш айдан алты айға дейн; алты айдан бір жылға дейін. |
4. | Конкурстық салмақты өткізуі | әлеуметгік бағьггталған; әлеуметтік бағьптталмаған. |
5. | Төлемқабілетсіздік диагностикасын өткізуі | жедел диагностика; терең талдауж үргізу. |
Бұл кестеде келтірілген белгілер бойынша Қазақстандағы дағдарысты мемлекеттік реттеуді кредиторлар мүддесін қорғайтын, төлемдер мерзімі бойынша төлем қабілеттігін анықтайтын, оңалту мерзімі алты айға дейінгі, әлеуметтік бағытталған, жедел диагностикалы заңдылық деп қарастыруға болады.
Төлем қабілеттілікті анықтау диагностикасы ҚР-сы заңдылығы бойынша тек қана екі коэффициент арқылы жүргізіледі де, әр саланың кәсіпорындарын өз ерекшеліктеріне қарамай өткізіледі. Ал, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі үшін дағдарысты реттеудің жедел диагностикасы кәсіпорын қызметін жан-жақты көрсетпейді. Осы мәселенің әдістемелік тұстарын біз толығырақ қарастыруды жөн көрдік.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесінің диагностикасы мәселелері отандық экономикалық және басқару ғылымдарындағы аз зерттелген сұрақтардың біріне жатады.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесі басқаруға ерекшелік беретін қасиеттерге ие: икемділік және бейімделу, өзгеру және өз уақытында жағдайға назар аудару қажеттілігі, сондай - ақ, кәсіпорын әлеуеті мен басқарудың ресми емес әдістерін тиімді пайдалану мүмкіндігі. Бұл туралы біз жоғарырақта айтқан болатынбыз. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесінің бұл ерекшеліктері диагностика шешетін міндеттермен негізделген: болуы мүмкін қатердің себептерін, факторларын және алғышарттарын өз уақытында біліп отыру, оларды жіктеу және қабылдауға қажетті шаралар жүйесін жасап шығару.
Қаржылық дәрменсіздіктің, ұйымдастыру дисфункциясының және басқа да ауытқулардың, көптеген құбылыстардың экономиялық диагностикасы мен превентивті санациясы біздің көзқарасымызша, жалпы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісін толықтыратын негізгі түсініктер болып табылады. Демек, диагностика кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету функциясы мен ерекше кезеңі болып табылатыны анықталады. Бұл кәсіпорынның балама жолмен дамуы үшін бастапқы бекет. Жоғарғы басқарушылар мен кәсіпорын иелері үшін диагностика-бұл экономикалық экономикалық дағдарыстын бастапқы сатысында оның нақты мүмкіншіліктері туралы дәл, сапалы ақпарат алу құралы және қызметке менеджменттің негізгі әдістері мен механизмдерін енгізу үшін негіз.
Кәсіпорын қызметін диагностикалық және превентивті зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, менеджерлер мен меншік иелері өз кәсіпорнында экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің рефлексивті моделін жасауға мүмкіншілік алады.
Диагностика - бұл сонымен қатар ағымдағы қаржылык есеп пен есеп берудің дәлдігін бағалау, мүмкін болатын тұрақсыз қаржылық-экономикалық жағдай мен заңдылықтар туралы гипотезаларды шығару үшін негіз. Диагностика менеджмент дисфункцияларына себепті-тергеу қатынастарын анықтауға, содан кейін кәсіпорынның дамуы мен қызмет етуінің түсініктемелі және болжамды моделін тұрғызуға, оның банкроттылығын ескертетін шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Біздің зерттеулердің нәтижелері тиімділік, оған жетудің сатылары келесідей тізбекпен анықталғанда сапасы жоғары болатынын көрсетеді: объекттің белгілі бір класқа және объектілер тобына жатқызылуын орнату; диагностика өткізілетін объектінің өз класс объектілерінен, оның нақты параметрлерін базалықпен салыстыру жолымен ерекшеліктерін анықтау; базалық көрсеткіштерден мүмкін болатын ауытқуларды анықтау; базалық көрсеткіштер ретінде институционалдық нормалардың қалыптасу әдістемелерін жасау.
Осылайша, диагностика функциялар, құрылым, байланыстар тәртібіне ие экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету механизмнің категориясы деген негіздейміз.
Тәжірибеде бар, күнделікті қолданылып жүрген теоремаларды қарастыра отырып, экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуде диагностика институтциональды тәсіл әдістемесімен толықтырылуы керек деген қорытындыға келуге болады. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету қабілеттілігі олардың ұйымдастыру мен технологиялар институттары, корпоративтілік деңгейінің мөлшері мен ауытқуларынан туындайды.
Сондықтан, экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесінің диагностикасы бұл:
- әлеуметтік - экономикалық жүйенің шаруашылық қызметінің базалық көрсеткіштерін зерттеу;
- кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және техника, технологиялык жағдайына ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуін жан-жақты талдау;
- жүргізілген шаралар мен қаржылық сауықтыру мен превентивті санация және болжау мақсаттарына жетуді экспертті бағалау.
Шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде коммерциялық ұйымдардың банкрот болу ықтималдылығының диагностикасының модельдері мен өзара ерекшеленетін, бірнеше әдістемелері ұсынылады. Компаниялардың қаржылық қызметінде мүмкін болатын дағдарыстарды болжау үшін талдау коэффициенттерінің ең алғаш зертеулері АҚШ-та 1930 жылдардың басында жүргізілді. Шетелдік фирмалардың қаржылық-экономикалық қызметінде банкроттылық ықтималдылығын бағалау үшін қазір тәжірибеде Э.Альтман мен У.Бивер жасап шығарған модельдер кең қолданылады. Ресей кәсіпорындары үшін жасап шығарылған мүмкін болатын банкроттылық диагностикасының жаңа әдістемелері О.П.Зайцевпен, Р.С.Сайфулинмен, Г.Г.Кадыковпен жасап шығарылған. Сонымен қатар, кәсіпорынның дәрменсіздігі (банкроттығы) туралы шешімдер қабылдау үшін негіз болып, 1995 жылдың 15-шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Экономика Министірлігімен бекітілген "Кәсіпорынның баланс құрылымын бағалау тәртібі туралы" ережесімен, сонымен қатар 1994 жылдың 7-қыркүйегінде №1002 Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру, Қайта құру және тарату механизмі туралы" Ережемен орнатылған кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттандырылғанын бағалау үшін критерийлер жүйесі табылады [24].
Шетелдік және отандық авторлармен жасап шығарылған банкроттылықты болжаудың барлық жүйелеріне коммерциялық ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайтын бірнеше (2-ден 7-ге дейін) түйінді көрсеткіштер кіреді. Олардың негізінде көптеген аталған әдістемелерде индикаторларда салмақты коэффициенттері бар банкроттық ықтималдылығының кешенді көрсеткіші анықталады. Бұл әдістемелер мен модельдер нарықтық жағдайда коммерциялық ұйымның экономикалық қауіпсіздік жағдайын, оның нақты белгілері пайда болғанға дейін болжауға мүмкіндік беруі тиіс. Қолданылатын әдістемелер қатерді тоқтату мақсатында, коммерциялық ұйымның қолайсыз жағдайы басталғанға дейін әртүрлі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету стратегияларын қолдануға мүмкіндік беруі керек.
О.П.Зайцеваның алты факторлы моделінде жеке коэффициенттер қолдану ұсынылады:
-К3-меншік қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті;
-КК[д-кредиторлық және дебиторлық қарыздардың қатынасы;
-Кс-қысқа мерзімді міндеттемелер және тез өтімді активтер
қатынасының көрсеткіші, бұл коэффициент абсолютті өтімді көрсеткішке кері шама болып табылады;
-Кө.з-өнім өткізудің зияндылығы, таза шығынның осы өнімнің өткізу көлемінің қатынасына тең;
-КК[Ө-қарыз және өз капиталының қатынасы;
- Кжүк-активтерді жүктеу коэффициенті, активтер
айналымдылығына кері шама ретінде.
Банкроттылықтың кешенді коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
Ккеш=0,25*К3+0,1*Кк[д+0,2*К с+0,25*К ө.з+0,1*К к[е+0,1*Кжүк (1)
Коммерциялық ұйымдар үшін жеке көрсеткіштердің салмақтық мәні эксперттік жолмен анықталған, ал банкроттылықтың нақты, кешенді коэффициентін нормативті деңгеймен сәйкестендіру керек, ол жеке көрсеткіштердің ұсынылған минималды мәні негізінде есептеледі: К3= 0, Кк[д=1, Кс=7, Көз=0, Кқ[ө=0,7, Кжүк=Кжүк өткен кезеңнің мәні. Егер нақты кешенді коэффициент нормативтен жоғары болса, онда банкроттылық ықтималдылығы үлкен, ал егер аз болса-онда
банкроттылық ықтималдылығы аз [25].
В.Н.Ковалев және О.Н.Волкова сынды авторлар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын есептеу үшін мына формуланы ұсынады:
N=25*R1+25*R2+20*R3+10*R4
Бұл жердегі Ri= Таңдап отырған кәсіпорын үшін Ni мәні/
Осы көрсеткіштің нормативті мәні
Жоғарыдағы теңдеудің коэффициенттері (25,25,20,20,10) әрбір фактор әсерінің эксперттер ұсынған үлес салмағы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын есептеу үшін В.Н.Ковалев және О.Н.Волкова әдісі бойынша келесі коэффициенттердің құрамдастырымы берілген:
1. Запастардың айналым коэффициенті N1=өнімді өткізуден түскен түсім/запастардың орташа қүны;
2. Ағымдық өтімділік коэффициентіN2=айналым қаражаттары/қысқа мерзімді пассивтер;
3.Капитал құрылымының коэффициент (леверидж) капиталы / қарыз қаражаттары;
4. Рентабельділік коэффициенті N4 = есептік кезеңнің пайдасы / баланс валютасы;
5. Тиімділік коэффициенті N = есептік кезеңнің пайдасы/өнімді өткізуден түскен түсім.
Егер N≥100 болса, кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы деп есептеледі. Егер N<100 болса; онда алаңдаушылық туғызады. Кешенді көрсеткіш неғұрлым 100-ден аз болса, жағдай шиеленісе түседі және осы кәсіпорын үшін қаржылық қиыншылықтардың туу ықтималдығы артады [26].
Қаржылық тұрақтылықтың көп түрлілігін, оларды бағалау және банкроттылық тәуекелін есептеуде болатын күрделіліктерді ескере отырып, біраз экономистер қаржылық тұрақтылығын бағалаудың шоғырланған баллдық көрсеткішін есептеуді ұсынады.
Бұл әдістің мәні кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нақты көрсеткішінен тәуекел деңгейін және көрсеткіштің баллмен сипатталатын рейтингтін анықтауда болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы ресми дағдарыстық жағдайды анықтайтын әдістемені қарастырайық.
«Төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру мәселелері бойынша, дәрменсіз кәсіпорындарды жою және санация бойынша, облыстық комиссиялар мен мемлекеттік мүлікті басқару бойынша аймақтық Комитеттердің бірігіп жұмыс істеуін ұйымдастыру туралы» №2 [IV 1996 жылдың 26-шілдесіндегі мемлекеттік мүлікті басқару
бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитеті Қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Мемлекеттік комитет жанындағы кәсіпорындарды қайта құру бойынша Агенттік, осы мемлекеттік органның директорымен 1995 жылдың 5-қаңтарында бекітілген «Төлем қабілетсіз кәсіпорындардың қаржылық жағдайын терең талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар» жасап шығарды. Бұл әдістемелік ұсыныстар қайта құру және тарату процедуралары, оның ішінде кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдауда төлем қабілетсіз кәсіпорындарды жою және санациялау бойынша облыстық комиссиялар мен мемлекеттік мүлікті басқару бойынша аймақтық комитеттерге, Агенттікке бірегей әдістемелік жолды қамтамасыз етті [26].
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты болып, кәсіпорынды-төлем кабілетсіз, ал баланс құрылымын-қанағаттанарлық деп тану туралы шешімді негіздеу табылады.
Баланс құрылымының қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
1. Ағымдағы активтердің (баланс активінің II бөлімі) ағымдағы міндеттемелер (болашақ кезең табыстарын шегергендігі баланс пассивінің III бөлімі) қатынасымен анықталатын-ағымдағы өтімділік коэффициенті (толық жабу коэффициенті). Ағымдағы өтімділік коэффициенті шаруашылық қызметін жүргізу мен кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерін өз уақытында өтеу үшін, кәсіпорынның айнымалы қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілгендігін сипаттайды.
2. Меншік айналымы қаражаттардың (меншік капиталынан үзақ мерзімді активтерді шегеру-баланс пассивінің I бөлімі-баланс активінің I бөлімі) ағымдағы активтер құнына (баланс активінің II бөлімі) қатынасымен анықталатын меншік қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті. Бұл коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы үшін қажетті меншікті айналмалы қаражаттардың бар болуын сипаттайды.
Келесі шарттардың біреуінің орындалуы, кәсіпорын балансын қанағаттанарлықсыз деп, ал кәсіпорынды-төлем қабілетсіз деп тануға негіз болып табылады:
- есепті кезеңнің соңында ағымдағы өтімділік коэффициенті мәнінің 2,0-ден аз болуы;
- есепті кезеңнің соңында меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті мәнінің 0,1-ден аз болуы.
Кәсіпорынды төлем қабілетсіз деп тану оны дәрменсіз деп тануды білдірмейді, меншік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталғанын білдірмейді. Бұл кәсіпорынды қиын жағдайдан өз күшімен шығуға ынталандыру үшін, дәрменсіздігін ескерту бойынша өз уақытында шараларды жүзеге асыру және кәсіпорынның қаржылық жағдайына жедел бақылауды жүргізуге бағытталған сәйкес мемлекеттік органдармен қаржылық тұрақсыздықты тіркеу жағдайы.
Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы жағдайында кәсіпорында өз төлем қабілеттілігін бекітудің нақты мүмкіндігін тексеру үшін 6 айлық мерзімде төлем қабілеттілігін орнату коэффициенті келесідей түрде есептеледі:
К=[Кса.ө+Мб/Ме*(Кса.ө-Кба.ө)]/
Бұл жерде:
Кса.ө, Кба.ө-есепті мерзімдегі ағымдағы өтімділік коэффициентінің нақты мәні;
Мб-аймен есептегенде төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бекітілген мерзім (6 ай);Ме-есептік мерзім;
К
мөлш а.ө=2
Егер бекіту коэффициенті 1-ден аз болса, ол кәсіпорында алдағы 6 айда төлем қабілеттілігін бекітудің нақты мүмкіндігі жоқтығын көрсетеді. Егер бекіту коэффициентінің мәні 1-ден артық болса, ол кәсіпорында төлем қабілеттілігін бекітудің нақты мүмкіндігі бар екендігін және баланс құрылымын канағаттанарлықсыз деп тану туралы шешім 6 айға дейін тоқтатыла тұратынын көрсетеді.
Баланс құрылымы қанағаттанарлық болған жағдайда, қаржы жағдайының тұрақтылығын тексеру үшін 3 айға дейінгі төлем қабілеттілікті жоғалту коэффициенті есептеледі:
К=[КСа.ө+Мб/Ме*(КСа.ө-К6а.ө)]/
Бұл жердегі: Ме-төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мерзімі (3 ай).
Төлем қабілеттілігін жоғалту коэффициентінің мәні 1-ден артық болса, кәсіпорында алдынғы үш айда төлем қабілеттілігінін жоғалтпаудың нақты мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Егер төлем қабілеттілігін жоғалту коэффициенті 1-ден аз болса, ол кәсіпорында алдыңғы үш айда төлем қабілеттілігін жоғалту қаупі бар екенін, яғни ол несие берушілер алдындағы міндеттемелерді орындай алмайтынын көрсетеді [27].
Біздің ойымызша, жоғарыда айтылған кәсіпорындардың
экономикалық қаушсіздік жағдайын диагностикалау әдістемелерінің қай-қайсысының да бірқатар кемшіліктері бар, олар Қазақстан экономикасы жағдайында дағдарысты болжауды Қиьшдатады:
1. Екі-үш факторлы модельдер нақты емес. Қарастырылатын факторлар саны көп болса, болжаудың нақтылығы жоғарылайды.
2. Э.Альтман, У.Бивер, Таффлер модельдері құрамында 60-70 жылдардағы талдау мәліметтерінің негізінде есептелген жеке және кешенді көрсеткіштердің шекті мәндері, салмақты үлестері бар.Осыған байланысты олар қазіргі экономикалық жағдайға және Қазақстан Республикасындағы бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктеріне сәйкес келмейді.
3. Қазақстан Республикасы мен дамыған нарықтық экономикалы
елдердің арасындағы экономикалық жағдайлар, бизнесті ұйымдастырудағы айырмашылықтар шет ел авторларының модельдерінде пайдалынатын қаржылық көрсеткіштер жиынтығының өзіне әсерін тигізеді. Осылайша Альтманның
формуласы биржалық, белсенді қызмет ететін, олардың бағасы анықталатын екінші ретті акциялар нарығының барлығын көрсетеді. Альтманның «Z-есебінің» төртінші көрсеткіші-акционерлік қоғамның барлық акцияларының нарықтық құны қарызға алынған құралдарға қатынасы оның өзіндік капиталының нарықтық құнымен міндеттемелерді жабу деңгейін сипаттауы керек. Бірақ, қазақстандық құнды қағаздардың екінші ретті нарығы ойдағыдай дамымай отырған жағдайда бұл көрсеткіш өз мәнділігін жояды.
4. Шет ел авторларының модельдерінде Қазақстан нарығына тән
кейбір негізгі көрсеткіштер есептелмейді.
5. Жоғарыда айтылған әдістер мен модельдердің болжау мерзімі
үш-алты айдан бес жылға дейін, ал кейбір модельдерде мерзімі
мүлдем көрсетілмейді. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйе жағдайында бес жылға тең болжау мерзімін пайдаланатын уақыт әлі болған жоқ, сол себептен қысқа мерзімді уақытты пайдалану керек.
6. Қазақстан Республикасында пайдаланатын дәрменсіздік критерийлердің ресми жүйесінде тек қана коммерциялық ұйымдардың өтімділігі көрсеткіштері пайдаланады. Басқа да кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері (тиімділік, айналым, капитал құрылымы және т.б.) есепке алынбайды. Бұның себебі, ең алдымен осы критерийлер жүйесінің коммерциялық ұйымдардың ағымдағы және жақын арадағы төлем қабілеттілігін бағалауға арналғандығында деп есептейміз..
7. Көрсетілген әдістемелер коммерциялық ұйымға экономикалық
қатер жақындығының ықтималдылығын анықтауға ғана мүмкіндік
береді, ал өсу фазасының басталғанын және өмірлік циклдің басқада фазаларын болжау мүмкін емес.
8. Көрсеткіштердің нормативті мәнінің дифферециалданбаған сипаты, олардың әмбебаптығы және критерийлер жүйесінің біртекті болуы өндірістік-шарушылық қызметі түрлерінің көптігі жағдайында бұрыс болып табылады. Коэффициент мәнділігін бөлу белгілі кәсіпорынның спецификасына және саладағы немесе аймақтағы жағдайға тәуелді [28].
Белгіленген кемшіліктерді дәлірек анығырақ қарастырайық. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның барлық ағымдағы міндеттемелерді жабу қабілеттілігін сипаттайды. Коэффициенттің нормативті мағынасы-жоғары болуында. Қазіргі кезде көптеген қазақстандық кәсіпорындардың ағымдағы өтімділік коэффициенті нормативтерден төмен, ал ең жақсы дегенде оның жылдан-жылға өсуі байқалады. Бірақ есептеу формуласынан көрініп тұрғандай, оның өсуі ағымдағы активтің ілгірілеме өсуінің нәтижесінен болады. Статистикалық есеп көрсететіндей, кәсіпорынның ағымдағы активтерінің негізгі үлесін дебиторлық, ағымдағы міндеттемелердің-кредиторлық қарыз құрайды.
Баланстық ара қатынасынан көретініміздей, кредиторлық қарыздың өзінен-өзі азаюы мүмкін емес, ол әр қашанда айналым активтерінің қысқаруымен қатар жүреді. Сондықтан кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін жоғарылатудың ең дүрыс жолы шаруашылық қызмет нәтижелерінің есебінен ағымдағы активтерді өсіру болып табылады. Осылайша, төлем қабілеттілікті қалпына келтіру белгісі жоспарлы мерзімде таза табыс мөлшерінің ағымдағы міндеттемелерден екі есе көп болуын қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның төлем қабілеттілік деңгейін объективті бейнелеуі үшін, алымында нақты өтімділік деңгейі бар активтерді есептеу керек. Оларға, біздің ойымызша, тұрақты халықаралық стандарт бойынша өтімді емес деп есептелетін жылжымайтын мүлікті және ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жатқызуға болады.
Одан басқа, көрсеткіштің нормативті мәні отандық кәсіпорынның нақты жағдайларын ескерусіз, әлемдік есепті-аналитикалық тәжірибеден алынған. Бұл коэффициентті «нормативті мәніне жету экономикалық қауіпті жағдайда ғана емес, тек қана кәсіпорынның стационарлық жағдайда қызмет еткенінде болуы мүмкін және де коэффициентті» нормативті мәні барлық кәсіпорындар үшін бірдей. Ал, бұл коэффициент кәсіпорын саласына, орналасқан аймағына және уақытқа тығыз байланысты.
Экономикалық дамыған елдерде осы коэффициенттің нормативті мәні салалар және сала іші бойынша ажыратылады. Мысалы, АҚШ-тың сауда Министрлігінің ақпарттары бойынша, ағымдағы өтімділік коэффициенті 1997 жылы өнеркәсіптік салаларында келесідей болған: машина жасау —1,47, тамақ өнімін өсіру-125, басқа қызметтер-1,67, химия өнеркәсібі-1,3, мұнай және көмір өндіруші өнеркәсіп-1,0, бөлшек сауда-1,5, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп-1,41 [29].
Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдерде, ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтк мәні екіге тең болғандығы тек қана дағдарыстын мән ретінде қаралады. Көрсеткіш нормативі сала ерекшелігіне, тауарлар және қызметтер үшін есеп нысанына, өндірістік цикл ұзақтығына, тауарлы-материалды құндылықтар құрамына және т.б. байланысты. Негізінде өтімді құралдар қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті болуы, осыдан көрсеткіш мәні 1-ден төмен түспеуі керек. Анықталғанда ағымдағы міндеттемелермен болашақ мерзім табыстарын және еңбек ақы төлеуге есептелген шығындарды, сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден алынған аванстар қатарын алып тастаған дұрыс.
Олар уақыт бойынша тапсырысқа берілген өнім өндірісін біткен кезевдерінде төлеу болып табылады және нақты түрде қайтарылуға жатпайды, оларды баланстан алып тастау тек қана жасалған жұмысты қабылдау актына немесе тапсырылған өнімді қабылдау актына қол қойылған кезеңде болады.
К а.ө=Ағымдағы активтер / (Агымдағы міндеттемелер-БМТ-ЕАШ-АА) (5)
Бұл жердегі:
БМТ-болашақ мерзім табыстары;
ЕАШ-еңбек ақыға төленетін шығындар;
АА-сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванс.
Анықтағанымыздай, кәсіпорын ағымдағы міндеттемелер бойынша жауап беру мүмкіндігі мынадай екі шартқа байланысты: жабдықтаушылармен және сатып алушылармен өз ара есеп шарты және ағымдағы активтер өтімділігі дәрежесі, яғни мүлік құрылымы.
Мүмкін болатын деңгейін есептеу мына ережеге негізделеді: өтімділіктің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның өзіндік капиталы есебіненен аз өтімді ағымдағы активтер және сатып алушылардан түскен жабылмаған-жабдықтаушыларға төлейтін ағымдағы төлем бөлігі қаржыландырылуы керек. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің мүмкін болатын деңгейі мәні келесідей болып есептелуі керек:
1. Жабдықтаушыларға тоқтаусыз төлеуді қамтамасыз етуге қажетті аымдағы активтер сомасын анықтау (сома меншік қаражаттары есебінен қаржыландырылуы керек)
2. Ағымдағы міндеттемелердің мүмкін болатын сомасын анықтау. Есептеудің екі нұсқасы бар деуге болады – «икемді» және «қатаң». Нұсқалардың айырмашылығы кәсіпорынның жабдықтаушылармен және тапсырыс берушілермен есептесу шарттарының айырмашылығында.
Икемді және қатаң нұсқаларды пайдалану арқылы қарастырып отырылған көрсеткіштің минималды және максималды шектерін анықтауға мүмкіндік туады.
Икемді вариант сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен өз кезеңдік есептесуді көрсетеді. Жабдықтаушыларға тоқтаусыз төлеуді қамтамасыз ету үшін қажетті меншік құралдардың сомасы абсолютті шамалар, түсімдер және төлемдер айналымы мерзімдерінің негізінде анықталады және осы ағымдағы өтімділік коэффициенттінің минималды мәні анықталады. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін біз икемді нұсқаның шегі-1,5 деп белгілеуді ұсынамыз. 1,5 шамасында болса, ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерден 1,5 есе көп екенін көрсетіп, тоқыма және кілем кәсіпорындарының активтері икемді орналасқанын анықтайды.
Қатаң нұсқа тапсырыс берушілермен және жабдықтаушылармен үзікті есептесуді көрсетеді. Қарастырылып отырылған қарыз айналымының мерзіміне тең мерзімі арқылы бір уақытта барлық сомамен есептесу жүргізу ұйғарылады. Бұл берілген нұсқада жабдықтаушыларға тоқтаусыз төлем жүргізуді қамтамсыз ету үшін қажетті меншік қаражат сомасы, түсімдер (сатып алушылар аванстары, дебиторлық қарыз) және төлемдер (жабдықтаушылар аванстары, кредиторлық қарыз) мерзімдерінің айырмашылығымен қоса, орташа күндік шығындар шамасы негізінде анықталады. Осы жерде ағымдағы өтімділік коэффициентінің максималды мәні анықталады [30].
Кәсіпорын балансының құрылымын бағалау үшін пайдаланатын келесі көрсеткіш меншік қаражаттарымен қамту коэффициенті болып табылады. Ол меншік айналым қаржыларының ағымдағы активтер құнына қатынасын сипаттайды.
Біздің ойымызша, бұл коэффициент айналым құралдарының кұрылу көздерінің құрамын нақты көрсету үшін, алымында ұзақ мерзімді пассивтерді және де болашақ мерзім табыстарын есепке алған дұрыс.
КМҚҚ=(МК-ҮМА+ҮММ+ БМТ)/Ағымдағы активтер (6)
Бұл жердегі:
МК-меншік капиталы;
ҮМА-ұзақ мерзімді активтер;
ҮММ-үзақ мерзімді міндеттемелер.
Осындай жедел диагностика негізінде оның қаржылық жағдайы туралы қорытынды жасау мүмкін емес. Сол үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жүргізу қажет. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару және белсенділігін анығырақ сипаттау-осыған дейін біз атап өткен Германия дағдарысты реттеу заңдылығында толық қарастырылған: кәсіпорыннын қызмет етуінің құқықтық жағдайларын талдау; өндірістік бағдарламасын талдау; кәсіпорынды өндіріс ресурстарымен жабдықтау жүйесін талдау; кәсіпорынга қаржы ресурстарының қажеттілігін талдау; ұйымдастырушылық жағдайларды талдау; кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайларын бағалау экономикалық дағдарысқа қарсы басқару қамтамасыз етудің суретін ашуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Оның үстіне, шетелдік диагностика тәжірибесінің ішіндегі ең көп көрсеткішті модель осы неміс заңдылығында болып қалып отыр. Осы ел заңдылығы бойынша кәсіпорынның экономикалық-қаржылық жағдайы 6 топтан тұратын көрсеткіштерді талдаудан тұрады. Біз осы әдістемені толықтырып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару 8 топтан тұратын көрсеткіштері:
1. Өндірістік бағдарламаның орындалуы;
2. Өнім сапасы және бәсекеқабілеттіліктің көрсеткіштері;
3. Өндірістік әлеует көрсеткіштері;
4. Еңбек әлеуетінің көрсеткіштері;
5. Қаржылық дағдарысқа қарсы басқару көрсеткіштері;
6. Іскерлік белсенділік көрсеткіштері;
7. Инвестициялар және инновациялар көрсеткіштері;
8. Шығындар және өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері;
9. Маржиналдық талдау негізіндегі басқару шешімдерінің көрсеткіштері (кәсіпорын қызметі экономикалық дағдарыс деңгейде болса есептеледі).
Бұл көрсеткіштердің нормативті шамалары экономикалық әдебиеттерде анықталған деңгейлерден немесе саладағы орташа деңгейден кем болмауы тиіс. Мысалы, негізгі капиталдың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын тозу коэффициенті, жаңару коэффициенті, баланс валютасындағы негізгі құралдардың белсенді бөлігінің үлесі, негізгі каптиалдың белсенді бөлігінің үлесі, өндірістік қуаттың қолданылуы көрсетеді. Еңбек әлуетінің қауіпсіздігін жұмыскерлердің орташа тізімдік санының артуы, кәсіпорындағы орташа еңбек ақы мөлшерінің саладағы орташа айлық жалақысынан артық болуы, еңбек өнімділігінің өсуі сипаттайды. Жоспарланған өндірістік бағдарламаның %-бен есептегенде орындалуы өндірістік бағалармен дағдарысқа қарсы басқаруын көрсетеді. Қаржылық коэффиценттердің оңтайлы мөлшерлерде болуы кәсіпорын қаржыларының дағдарысқа қарсы басқаруын анықтайды. Өнім сапасының және бәсекеқабілеттілігінің көрсеткіштерін тұтынушылыр арасында анкеталық сұрау жүргізу, SWОТ талдау арқылы аныктауға мүмкіндік туады. Инвестицшілар мен инновациялардың қауіпсіздігін, кәсіпкерлік белсенділік көрсеткіштерін экономикалық әдебиеттерде анықталған әдістемемен анықтаймыз. Біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жаңа коээфициент ойлап табу арқылы емес, қолданылып жүрген көрсетісіштерді жүйелеп, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын анықтайтын деңгейге жеткізуге тырыстық. Оның үстіне, жоғарыда айтылып кеткен ағымдағы өтімділік коэффициенті мөлшерлі деңгейін тоқыма және кілем өнеркәсіп кәсіпорындары үшін бірден екіге дейінгі аралықта қалдыруды қолдаймыз.
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етілу деңгейін макро, микро деңгейлерде талдаймыз. Тоқыма және кілем өнеркәсібі біздің елімізде мұнай, газ, басқа да өндіруші салаларға қарағанда төмен бәсекелі блокқа жататыны белгілі. Бірақ та, бұл саланың ерекшелігі айналым қаражаттарының тез айналмалылығында болып қалып отыр. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде ішкі нарықты толығымен қанағаттандыратын өндірістік қуаттылықтар орналасқан. Саланың дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми-өндірістік потенциал жеткілікті деңгейде сақталған, болашақты тиімдірек қолдануға болатын сенімді шикізат базасы сақталған. Тұрғылықты халықтың жұмысбастылық қабілетін толығымен қамтамасыз ете алатын саланың қабілеті бар.
Қазақстандағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын бағалау үшін біз жалпы өнеркәсіптің дамуына талдау жасауды, содан кейін ғана саланың дамуын қарастыруды жөн деп таптық.
Өнеркәсіп өндірісі Қазақстан Республикасы экономикасының
Кесте ақпараттарына сүйенсек, өнеркәсіптің ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 2003 жылы 29,3 %-ға, 2004жылы 33,4%-ға тең болды. Осылайша, тек қана 2004 жылы ішкі жиынтық өнімдегі өнеркәсіп үлесінің басқа жылдармен салыстырғанда артық болғанын айта кетуіміз керек, 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 4,1% - ға артты. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны да солай өзгерген. 2004 жылы тек қана ірі және орта кәсіпорындардың саны көрсетілгендіктен, бұл көрсеткішті алдыңғы жылдармен салыстыруға келмейді [31, 32].
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі қарастырып отырған барлық жылдарда артып отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда 2003 жылы - 16,8%, 2004 жылы — 12,1% шамасында болды. Салық салуға дейінгі жиынтық табыс көлемі 2003, 2004 жылдары алдыңғы жылмен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің жыл сайынғы артуы оң бағаланады.
2 кесте - 2003 -2004 жылдардағы ҚР-сы өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері серпіні
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2003 жыл | 2004 жыл | өткен жылғы пайызбен |
1. | Республикалық ЖІӨ- дегі өнеркәсіптің ЖҚҚ-ның үлесі | % | 29,3 | 33,4 | 113,9 |
2. | Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістерінің саны | бірлік | 13177 | 1536 | - |
3. | Өнеркәсіп өндірісінің көлемі | млрд тенге | 2336,9 | 2618,6 | 112,1 |
4. | Салық салуға дейінгі жиынтык табыс | млн тенге | 401087 | 351600 | 87,7 |
5. | Негізгі қызметтен табыс | млн. тенге | 402210 | 324832 | 80,8 |
6. | Өнеркәсіп табыстылығының деңгейі | % | 23,0 | 37,8 | 164,3 |
7. | Негізгі капиталға салынған инвестициялар | млн. тенге | 587953 | 475820 | 80,9 |
8. | Негізгі қызметтегі қызметкерлер | мың адам | 671,2 | 626,1 | 93,3 |
9. | Негізгі қызмет өнеркәсіптік қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы | теңге | 26226 | 27759 | 105,8 |
Ескертпе:
- ҚР статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген;
Өнеркәсіпте жұмыс істейтін персонал саны жыл сайын азайып келеді, бұл еліміздегі жұмыссыздар санының артуына әкелуі мумкін. Айлық еңбек ақы мөлшері жылдан-жылға артып отыр.
Республикада жүргізілген экономикалық реформа келесідей сандық және сапалық парметрлермен сипатталады.
Дамудың бірінші кезеңінде (1992-1994 жж.) басты назар шет елдік ірі инвестицияларды стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарға тартуға аударылды. Ұлттық теңгенің енгізілуімен басталатын екінші кезеңде нарықтық шаруашылық жүргізу механизмінің тетіктерін (нормативті-құқықтық базаны жетілдіру, салықтық, бюджеттік, банктік реттеу, сыртқы экономикалық байланыстарды жетілдіру, кедендік істі жолға қою, нарықтық инфрақұрылымды дамыту) жасау арқылы ұлттық макроэкономикалық саясатты қалыптастыру жүргізілді. Осы кезеңнің нәтижесі болып, экономиканың либерализациясы, нарықтық экономика және инфрақұрылым институттарының калыптасуы, елдегі қаржылық тұрақтану танылады. Еліміздің дамуының үшінші кезеңінде (1997-2003 жж.) экономиканың тұрақтануы байқалады. ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасы құрылымдық өзгерістердің кешендігі және көлемі бойынша алдыңғы қатарға шықты. Қабылданған шаралар қазақстандық қоғамның барлық жақтарын қамти отырып, ЖІӨ-нің, өнеркәсіптік өндірістің және экономиканың инвестициялану көлемінің артуымен сипатталады. Республикада жүргізілген реформалардың қорытындысында:
- экономикалық, инфляциялық, төлем, инвестициялық дағдарыстарды басқару арқылы, экономикада даму қамтамасыз етілді;
- ЖІӨ-де импорттың үлес салмағы азайып, экспорттың дамуы байқалады;
- Тұрғылықты халықтың нақты табыстарының артуы және жұмыссыздық деңгейі азайғаны байқалады;
- Экономиканың салалық құрылымы өзгеріп, өнеркәсіптің үлес салмағы артты [33].
Біздің ойымызша қазір республикада дамудың төртінші кезеңі (2000 жылдан басталады) орын алып отыр. Осы кезеңде экономикада өсу фазасы байқалады, шаруашылық жүйесінің реформациясы іске асып, экономикалық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасты деп айтуға болады. Өнеркәсіптің дамуы көрсеткіштерінің өсу серпіні байқалып, жалпы Қазақстан Республикасын нарықты экономикалық ел деп дүние жүзі танып; дамуын оң бағалап отырған кезде, тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы қай деңгейде екендігі байқалады.
3 кестеде - тоқыма және кілем өнеркәсібі даму көрсеткіштерінің серпіні берілген.
3 кесте - ҚР-сы тігін және кілем өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2003 жыл | 2004 жыл | өткен жылеа пайызбен |
1. | Өнеркәсіп өндірісінің көлемі | млн. тенге | 39673 | 37474 | 94,5 |
2. | Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі сала өнімдерінің үлесі | % | 1,7 | 1,4 | 82,3 |
3. | Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістерінің саны | бірлік | 724 | 188 | - |
4. | Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс | млн.тенге | -760 | -200 | 26,3 |
5. | Негізгі қызметтен табыс | млн.тенге | -490 | -42 | 8,6 |
6. | Тиімділік деңгейі (залалдығы) | % | -2,1 | 0,3 | 14,3 |
7. | Негізгі капиталға салынған инвестициялар | млн. тенге | 963 | _ | - |
8. | Негізгі қызметтегі қызметкерлер | мың адам | 24,4 | 25,4 | 104,1 |
9. | Өнеркәсіптің гізгі қызметіндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы | теңге | 9851 | 10669 | 108,3 |
Ескертпе:
- ҚР статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген;
Тоқыма және кілем өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің көлемінің 2003 жылдан артқаны байқалады. 2003 және 2004 жылдарды осы көрсеткіштің төмендеуі саланың дамуын теріс бағалауға негіз болады. Өнеркәсіп өнімдері өндірудің жалпы көлемін деп сала өнімдерінің үлесі жылдан-жылға кеміп отыр. Тиімділік деңгейі (заладығы) 2003 жылдан бері артып отырғанымен, 2004 жылдың қорытындылары бойынша да теріс шаманы құрайды. Негізгі қызметтегі қызметкерлер саны 24-25 мың адам шамасында сақталып қалып отыр. Өнеркәсіптің негізгі қызметіндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы қарастырылып отырған жылдары артып отырғанымен, жалпы өнеркәсіптегі жалақы мөлшеріне қарағанда артта қалуда.
4 кесте - ҚР-сы тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі натуралдық өлшеммен өнім өндірісі
№ | Көрсетшгер | Өлшем бірлігі | 2003 жыл | 2004 жыл. |
| Өткен пайызбен жылға (%) |
1. | Кардо немесе таракден түгілген майсыданған жуылған жүн |
тонна |
4707 |
6762 |
|
144 |
2. | Мақта талшығы, кардо және тарақпен түгілген |
тонна |
137364 |
131942 |
|
96 |
3. | Маталар-барлығы | мың шаршы метр |
19162,9 |
22975,5 |
|
120 |
4. | Арнайы маталардан басқа, мақга маталары | мың шаршы метр | 14204 | 19926 |
| 140 |
5. | Төсек жаймалар | мың дана | 1727,8 | 1599,8 |
| 93 |
6. | Кілемдер мен кілем бұйымдары | мың шаршы метр | 133,6 | 97,7 |
| 73 |
7. | Киіз | тонна | 248 | 378 |
| 150 |
8. | Машинамен және қолмен тоқылған тоқыма шұлықтар | мың дана | 3007,8 | 2396,4 |
| 80 |
9. | Ерлер мен ер балаларға арналған сырт киімдер, трикотаждан басқа | дана | 265866 | 291492 |
| 110 |
10. | Әйелдер мен қыздарға арналған сырт киімдер, трикотаждан басқа | дана | 422415 | 409169 |
| 97 |
11. | Бөлшек саудаға арнап өлшеп оралмаған жүн иірім жібі | тонна | 389 | 389 |
| 100 |
12. | Бөлшек саудаға арнап өлшеп оралмаған мақта иірім жібі | тонна | 2452 | 3743 |
| 153 |
Ескертпе:
- ҚР статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген:
Статистика агенттігінің ақпараттары бойынша азық-түлік емес тұтыну тауарларына шығындар жалпы тұтыну шығындарының ішінде келесідей үлес салмақтарын иемденеді екен: киім, мата және аяқ киім алуға 43-49%, үй үшін әртүрлі тауарлар-11-12%, көлік құралдарына бензин, қосалқы бөлшектер-8-11%, дәрі және медикаменттерге-6-8% [34].
2003 жылғы саладағы дамуды біз экономикалық қауіпті деп
бағалаймыз. 2004 жылғы жедел деректерге сүйенсек, салада
экономикалық өсу нышандары болғанымен, аяғына тік тұрды деп
айтуға әлі ертерек болар еді.
Келесі тауар топтары бойынша арту қарқыны анықталған: кардо немесе тарақпен түтілген майсызданған жуылған жүн, маталар, арнайы маталардан басқа, мақта маталары, киіз, ерлер мен ер балаларға арналған сырт киімдер, бөлшек саудаға арнап өлшеп оралмаған жүн иірім жібі. Қарастырылған тауарлық топтар бойынша өнім шығаратын тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуына кедергі болып, ішкі нарықта арзан импорттық тауарлардың басым болуы табылады.
Осы мәселенің оң шешімі отандық нарықтан азықтық емес тауарлардың импорттық арзан баламаларын ығыстыратын бәсекеқабілетті өнімді шығаруды ұйымдастыру деп ойлаймыз.
Отандық тауар өндірушілерге бәсекеқабілетті өнім шығаруда нақты қолдау көрсету үшін 2003 жылы «2003 - 2004 жылдарға арналған жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларындағы импортты алмастыру бағдарламасы» қабылданған болатын. Бұл бағдарламаның кұжатта жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуының басым бағыттары аныкталып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін ірі тауарлар топтары бекітілген болатын. Оларға мақта-мата және жүн тоқыма жіптері жатқызылды [35].
Берілген шаралардың бір бөлігі тәжірибелік маңызға ие болып, нақты сипат алды. Оларға келесі шараларды жатқызуға болады:
-франчайзингтік қызмет көрсету нарығын, оның аспекгілерін, сыйымдылығын, қозғалу механизмдерін зерттеу;
-импорт алмастыру бағдарламасының басымды бағыттарына кіретін кәсіпорындар басшыларына, өндірісті қайта жандандыру мен дамуы үшін, лизингті пайдалануды ұсыну.
Сонымен қоса, бұл бағдарламалық құжатта, басымдылықтарға сәйкес, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жеңілдікті несиелеу механизімі қарастырылды. Несиелеу мемлекеттік бюджет қорларынан, тек екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Банктер толық жауапкершілікті жобалық тәуекелді өздеріне алып және бюджет қаражаттарының қайтарылуына кепілдік беруі керек еді.
Мұнда таң қаларлық жағдай қалыптасты. Ақшаның қайтарылуына жауапкершілік банк мойнында болғанымен, несие алу үшін рұқсатты кәсіпкер ҚР экономика және сауда Министірлігінен алуы қажет және де Министрлік және басқа ынталы органдар кәсіпкерге жоба бойынша оңтайлы тұжырым берсе де, бұл банк несие беретіндігінің кепілі болып табылмады.
Сөйтіп нәтижесінде жеңілдікті несиенің құны, қосымша рұқсаттарды есепке алғанда, бірнеше рет артады, сондықтан кәсіпкерге қарапайым коммерциялық несиені банктен алғаны тиімді болып қалды [36].
Қазір осы - бағдарламаның қорытындыларын талдай отырып, кейбір кемшіліктеріне қарамай - ақ бағдарламаның негізгі бағыттарының орындалуы тоқыма және тігін өнеркәсібі саласында белгілі йымдастырушылық - экономикалық ұмтылыстарға қол жеткізді деп айтуға болады.
Тоқыма және кілем өнеркәсібінде ең үлкен өндіріс көлемінің өсуі келесі өнім түрлерінде байқалады:
- сыртқы тоқыма киімдер;
- бөбектерге арналған тоқыма киімдер;
- трикотаж іш киімдер;
- жүн тоқыма жіптері;
- былғары шикізаты;
- спорт және қорғаныс киімдері.
Жүргізілген зерттеулер сала кәсіпорындары өндіре алатын бәсеке қабілетті, тұтынушылар сұранысына ие тауарлар тобына балалар киімін шығару, табиғи матадан сырт киім тігу және төсек жаймасын тігу жататынын көрсетті.
Ішкі нарық арзан және ортаң қолды тауарларға толы десек қателеспейміз. Қалалық және ауылдық елді мекендерге Қытай, Түркия және басқа елдерден алып келінетін арзан тауарлық бұйымдар Қазақстанның табиғат жағдайында тез тозып, жарамсызд анады.
Ақырғы және аралық өнім өндіруші салаларының жағдайы қиын болып отыр. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде технологиялық артта қалу мәселесі шешуін күтуде. Негізгі құралдарды жаңартпай, өндірістің техникалық деңгейін ары қарай дамыту мүмкін еместігін білсек те, көп кәсіпорындардың қазіргі қаржылық жағдайы техникалық қайта жарақтандыруды көтере алмайтынын айта кетуіміз керек. Қазіргі кезде отандық тоқыма және кілем өнеркәсібі салаларының негізгі капиталының тозу деңгейі 50 % - ға жетті. Саусакпен санарлықтай кәсіпорындар ғана заман талаптарына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған, кәсіпорындардың 1/3 - інде жаңа құралдардың толық тізбегі болмаса да, жаңа элементтері бар. Қалған кәсіпорындарда 20-30 жылғы құрал - жабдықтар пайдаланады.
Осы ретте Қазақстан аймағында тоқыма және кілем өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтардың шығарылмайтынын, шығарылатын кейбір станоктардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің төмен екенін, ал бағасының шарықтап тұрғанын айта кету өте орынды деп есептейміз. Импорттық, еңбек өнімділігі жоғары және үнемді құрал - жабдықты сатып алуға, қайталап айтамыз, кәсіпорындардың төмен қаржылық жағдайы қолды байлайды.
Саладағы экономикалық қауіпті жағдайдың қалыптасуына бұрынғы, көбіне рационалды емес, шарушылық байланыстардың үзілуін жатқызуға болады. ТМД елдерінен келетін мата импорты қысқарды. Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстандағы күштеп мақта өсіруге негізделген, нәтижесінде үлкен аудандар улы химикаттармен уланған, Аралдың тартылуынан себеп болған мономәдениеттің жойылуы нәтижесінде мақта өсірудің қысқаруы және әлемдік бағаға көшу тоқымамен айналысушыларды қапыда қалдырды. Ескірген кұрал-жабдық максималды көлемде, сұраныс жоқ, енсіз және сирек стандартты маталардың максималды погон метрлерін өндіру жағдайы қалыптасқан кез болды (дәл осы көрсеткіш жоғарыдан жоспарланатын). Бартер арқылы шикізат алу шаралары нәтижесіз аяқталды. Жеңілдікті бағамен алған мақта, әлемдік нарықта қайта сатылып тоқымашыларға түспеді. Мақта - мата және аяқ-киім өндірушілерін біріктіретін трансұлттық компания (ТҮК) құру туралы келісім әлі іске асқан жоқ.
Екінші мәселе бақыланбайтын, реттелмейтін импортпен байланысты. Киім, тиркотаж, аяқ-киімнің 3/4 бөлігі ұйымдастырылмаған нарықта (негізінде Қытай, Түркиядан келеді) сатып алынады. Біздің кәсіпорындар баға тұрғысынан импорттық тоқыма, киім өнімдерімен бәсекеге түсе алмайды. Қазір бәсекенің негізгі бөлігі импорттық өнімдерге, негізінен Қытай өнімдеріне тиеді [37].
Алыс және жақын шетелдерден келетін импорттық тоқыма өнімдерінің сапасы көбінесе төмен болып, тігістері ажырап жатады. 2003-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің экспорт және импорт көлемі 5 - кестеде көрсетілген.
5 кесте - Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібі бойынша экспорт және импорт
(млн. доллар)
№ | Көрсеткіштер | Экспорт | Импорт | ||||||
|
|
|
| 2003 жыл | 2004 жыл |
|
| 2003 жыл | 2004 жыл |
1 | Тоқыма және тоқыма өнімдер, барлығы |
|
| 115 | 120 |
|
| 72,8 | 76 |
| ТМД елдері |
|
| 50 | 53 |
|
| 32,6 | 35 |
| ТМД-дан тыс елдер |
|
| 65 | 67 |
|
| 39,7 | 41 |
Ескертпе:
- ҚР статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген;
5 кестеден қарастырылып отырған жылдары, тоқыма және тоқыма өнімдері экспорты жоғарылағанын, ал импорттың арту деңгейі экспортқа қарағанда аз болғанын көреміз. Жоғары сапалы отандық тауарлар импорттық балама тауарларға қарағанда 30-40%-ға қымбат. Сонымен қоса, қазір маталар, тоқыма жіптер және тоқыма полотнолар аса шектеклеген көлем мен ассортиментте шығарылып, отандық тауар өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Оларды алып кіргізуге кедендік баж 5-20%-ға дейін болады, нәтижесінде тоқыма және кілем кәсіпорындарының өнімінің қымбаттауына әкеледі. 2003 жылы сыртқы сауда айналымында тоқыма және кілем өнеркәсібі тауарларының үлесі бар болғаны 2,1%-ды құрады. Басқаша сөзбен айтқанда, еліміздің тоқыма және кілем өнеркәсібі халық шаруашылық маңызы жоқ салаға жатады. Қарастырылып отырған саланың тауарлар экспорты 6 кестеде көрсетіледі.
Кедендік декларациялар ақпараттары бойынша есептелген бұл кестеде 2004 жылғы тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі тауарлар экспорты 136879,6 мың долларды, ал импорт (7 кестеде көрсеттік) 81082,4 мың долларды құрады, яғни тауарлардың осы тобы бойынша оң баланс бар [38].
6-кесте - Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің тауарлар экспорты
(мың доллар)
№ | Көрсеткіштер | 2003 жыл | 2004 жыл | 2004 ж. 2003 ж - ға % - бен |
1. | Мақта талшығы | 84716,3 | 101328 | 119,6 |
2 | Мақта-мата иірілген жібі | 15,3 | 111,6 | 729,4 |
3. | Жүннен иірілген жіп | - | 21,8 | - |
4. | Қаптар, брезент | 146,6 | 441,2 | 301,0 |
5. | Басқа да тоқыма материалдары | 588,5 | 64,6 | 11,0 |
6. | Өндірістік - техникалық бағыттағы өнім, барлығы | 113023,4 | 129587 | 114,7 |
7. | Маталар, мата емес материалдар | 1357,2 | 2249,8 | 165,8 |
8. | Тоқыма бұйымдары | 456,8 | 502 | 109,9 |
9. | Шұлық бұйымдары | 49,4 | 135 | 273,3 |
10. | Тоқыма, тігін бұйымдары | 1002 | 629,4 | 62,8 |
11. | Көрпелер, ас үй орамалдары | 487 | - | - |
12. | Кілем және кілем бұйымдары | 92,6 | 10,4 | 11,2 |
13. | Басқа да бұйымдар | 48,4 | 1 | 2,1 |
14. | Ақырғы тұтыну тауарлары | 6091,4 | 7292,6 | 119,7 |
15. | Барлық өнім | 119114,8 | 136879,6 | 114,9 |
16. | Ақырғы өнім үлесі | 5,1% | 5,3% | 103,9 |
Ескертпе:
- ҚР Кедендік декларациялар мәліметтері бойынша есептелген;
-
Бірақ, тоқыма және кілем өнеркөсібінің барлық тауарларынан ақырғы өнім экспорты мен импортын бөліп қарастырсақ, импорт 52302,4 мың долларды, экспорт 7292,6 мың долларды құрайды. Ақырғы өнім үлесі тауарлар импортында 64,5 % - ды, экспортында 5,3 % - ды қамтиды. Ақырғы тұтыну тауарлары экспорты төмендеуге, импорты жоғарылауға бет бұрған. Кедендік импорттық және экспорттық бағалар қатынасы бойынша бірқатар тауарлардың "көлеңкелі" импортының ары қарай экспортқа шығарылуында жариялылық алатыны туралы да жанама түрде ой толғауға болады.
7 кесте - Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің тауарлар импорты
(мың доллар)
№ | Көрсеткіштер | 2003 жыл | 2004 жыл | 2004 ж 2003 ж-ға % - бен |
1. | Мақта-мата иірілген жібі | 444,2 | 249,6 | 56,2 |
2 | Жүннен иірілген жіп | 379,9 | 9,2 | 2,4 |
3. | Қаптар, брезент | 5953,8 | 9347,4 | 157,0 |
4. | Басқа да тоқыма материалдары | 12723 | 10838 | 85,2 |
5. | Өндірістік-техникалық бағыттағы өнім, барлығы | 5032,5 | 6470 | 128,6 |
6. | Маталар, мата емес материалдар | 26296,7 | 28780 | 109,4 |
7 | Тоқыма бұйымдары | 5032,5 | 6470 | 128,6 |
8. | Шұлық бұйымдары | 4432,3 | 4069 | 91,8 |
9. | Тоқыма, тігін бұйымдары | 17088,5 | 23612,4 | 138,2 |
10. | Көрпелер, ас үй орамалдары | 1420,8 | 2414,6 | 169,9 |
11. | Кілем және кілем бұйымдары | 355,8 | 3823,4 | 1074,6 |
12 | Басқа да бұйымдар | 153,1 | 244,2 | 159,5 |
13. | Ақырғы тұтыну тауарлары | 46443,5 | 52302,4 | 112,6 |
14 | Барлық өнім | 72740,2 | 81082,4 | 111,5 |
15. | Ақырғы өнім үлесі | 63,8% | 64,5% | 101,1 |
Ескертпе:
-ҚР Кедендік декларациялар мәліметтері бойынша есептелген;
2004 жылы жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің импорты 81082,4 мың долларды құрады.
5 және 6, 7 кестелердегі статистикалық және кедендік ақпараттардың бір-біріне сәйкес келмеуі де көп тауарларға шекарадан өтерде кедендік баж төлемдерінің төленбеуін немесе «көлеңкелі» түрде өткізілетінін дәлелдейді.
Тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі тағы бір мәселе —бағдарлы емес және залалды өндірісті қайта профильдеу, техникалық қайта қаруландыру және кез-келген тиімді тапсырысқа құрал - жабдықты қайта оңалуға мүмкіндік беретін, ресурс үнемдеу технологияларының бәсеке қабілеттілігін меңгеру болып танылады. Салаға тауарларды модельдеу мен маркетингтік жаңа қызметтері, барлық түйіндес салалардың барлық кешенін қамтитын, оның ішінде аралас маталар (мақта, зығыр және синтетикалық жіптер), бояулар, мақсатты инвестициялық бағдарламалар, айналым қорларды азайту үшін несиелер қажет.
Макро деңгейде саланың экономикалық қауіпсіздігіне келесі факторлар қатер төндіреді: ішкі нарықтың сапасыз импорттан және теріс пиғылды бәсекеден қорғалмағаны, кәсіпорындарды айналым қаражаттарының жетіспеушілігі, бюджет және жабдықтаушылар алдында қарыздың ұлғаюы, құрал-жабдықтың техникалық жағдайының төмендігі, кәсіпкерлердің салаға инвестицияларды салуға асықпауы, білікті мамандардың жұмыстан кетуі [39].
Біздің есептеулеріміз отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарыс жағдайында екендігін, сала өнімдерінің бәсекелік қабілеті төмен деңгейде екенін көрсетті.
Қазақстан аумағындағы тоқыма өнімдерінің нарығын сипатгай келе, саланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тоқыма және кілем өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру, саланың өндірістік әлуетін толығынан пайдалану қажеттілігі бар екенін байқаймыз. Аталған мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан, сонымен қатар, кәсіпорын тарапынан да бірнеше шаралар атқарылуы тиіс. Олардың қатарына, мемлекет тарапынан келесі бағыттар іске асырылуы керек:
- импорт алмастыру саясатының белсенділігін арттыру;
- өндіріске қажет сырттан әкелінетін шикізаттарға, құрал - жабдықтарға кедендік салымдарды азайту;
- отандық өндірушілерді теріс пиғылды бәсекеден қорғау, ішкі нарыққа енетін өнімдердің сапасын, олардың халықаралық талаптарға сәйкестігін қатаң бақылауға алу.
Кәсіпорын тарапынан келесі шаралар шешілуді қажет етеді:
- бәсекеге төзімді өнімдер шығару қадамдарын жасау;
- өндірісті инновациялық құрал-жабдықтармен жаңарту;
- өнімнің жаңа түрлерін өндіруді қолға алу;
- маркетингтік ізденістердің, өткізу желістерінің мәнін бекіту;
- мүмкіндігінше жаңа нарықтарға шығу.
Мезо деңгейдегі тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық қауіпсіздігін талдау үшін біз зерттеу жұмысымызда Алматы қаласындағы саланың дамуына тоқталып өтеміз. Алматы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие. Күшті өндірістік потенциалы, нарықта қалыптасқан жеке субъектілері, біршама шетелдік әріптестері және жоғары ғылыми-техникалық, кадрлық, қаржылық әлуеті бар Алматы инвестициялық турғыдан тартымды деп есептеледі [39, 40, 41, 42]..
Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында шағын кәсіпорындардың үлесі басым. Бұл сектор бәсекеқабілетті, технологиялық дамыған және қажетті болып табылады. Бірақ, өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ірі және орта кәсіпорындардың (50-ден аса жұмыскері бар) үлесіне жалпы өнімнің 73,9 % - ы, шағын кәсіпрындардың үлесіне 15,4 % - ы, өнеркәсіптік емес кәсіпорындарының балансындағы қосалқы өндірістерге - 2,8 % - ы сәйкес кедді [43, 44].
Барлық тіркелген жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының 181 - 1 немесе 73 % - ы киім өндірісімен айналысады, тоқыма бұйымдарын шығарумен 46 кәсіпорын немесе 18 % - ы шұғылданады, былғары, былғары бұйымдары және аяқ киім өндірумен 22 кәсіпорын ( 9 % - ы) маманданған (8 кесте ).
Алматы қаласында маталарды өндеумен айналысатын бір де бір кәсіпорын жоқ, пайыздық үлес салмағы бойынша киім өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың үлес салмағы басқаларына қарағанда басым.
8 кесте - Алматы қаласының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өнеркәсіп жіктегіші бойынша орналасуы
№ | Жіктегіш нөмірі мен аты | Кәсіпорындар саны | ||
|
| бірлік | саны | |
1 | 17-тарау | Тоқыма бұйымдарын шығару | 46 | 18 |
2 | 17.1 | Иіру | 7 | 3 |
3 | 17.2 | Тоқыма өндірісі | 6 | 2 |
4 | 17.3 | Маталарды өндеу (отделка) | - | - |
5 | 17.4 | Дайын тоқыма бұйымдарын шығару | 18 | 6 |
6 | 17.5 | Басқа да тоқыма материалдарын шығару | 8 | 3 |
7 | 17.6 | Трикотаж және тоқылған маталар өндірісі | 1 | 0,5 |
8 | 17.7 | Трикотаж және тоқылған бұйымдар өндірісі | 6 | 2 |
9 | 18-тарау | Киім өндірісі | 181 | 73 |
10 | 18.1 | Теріден киім өндірісі | 7 | 3 |
11 | 18.2 | Тоқыма материалдардан киім өндірісі | 159 | 64 |
12 | 18.3 | Теріні өңдеу және бояу, теріден бұйымдар жасау | 15 | 6 |
13 | 19-тарау | Былғары,былғарыдан бұйым өндірісі және аяк киім өндірісі | 22 | 9 |
14 | 19.1 | Теріні өндеу | 9 | 4 |
15 | 19.2 | Шабадан, сөмке және басқа да тері галантерея бұйымдар өндірісі | 2 | 1 |
16 | 19.3 | Аяк киім өндірісі | 11 | 4 |
17. | Барлығы | 249 | 100 |
Ескертпе: ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ассоциациясы бойынша есептелген.
Алматы қаласының тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау үшін 8 кестені тұрғыздық. Қарастырылып отырған мерзімде өндірілген өнім көлемінің, жалпы өнеркәсіптік өнім көлемііндегі сала өнімінің үлесінің, саладағы жұмыскерлер санының, өнеркәсіп бойынша жалпы жұмыскерлер санындағы сала персоналының үлесінің төмендегені анықталды.
Бір қуантатын жағдай, бір жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы артып отыр. Негізгі құралдардың тозу деңгейі жылдан-жылға артып, 2003 жылы 65,4 % - ды құрады, бұл көрсеткіш тек саланың дамуын теріс бағалайды. Алматы қаласының тоқыма және кілем өнеркәсібінің өнім көлемінің жылдан - жылға артқаны байқалтанымен, физикалық көлем индексінің төмендегені байқалады.
9 кесте - Алматы қаласының тоқыма және кілем өнеркәсібінің көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2003 жыл | 2004 жыл | 2004Ж. 2003ж-ға %-бен |
1 | Өнім көлемі | млн. тенге | 2091,8 | 3428,8 | 163,9 |
2. | Физикалық көлем индексі | % | 125,4 | 113,7 | 125,4 |
3. | Сала өнімінің жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі | % | 2,0 | 2,1 | 105 |
4. | Өнеркәсіптік кәсіпорындар саны | бірлік | 249 | 251 | 100,8 |
5. | Қызметкерлер саны | мың адам | 3,895 | 3,719 | 95,5 |
6. | Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы | теңге | 12396 | 15647 | 126,2 |
7. | Сала жұмыскерлерінің жалпы өнеркәсіптегі персоналдағы үлесі | % | 8,4 | 8,3 | 98,8 |
8. | Негізгі құралдардың тозу деңгейі | % | 65,4 | 67,3 | 102,9 |
9. | Негізгі құралдарды жаңалау коэффициенті | % | 0,5 | 0,7 | 140 |
Ескертпе:
-Алматы қалалық статистика Басқармасының мәліметтері бойынша
есептелген;
Негізгі құралдардың тозу деңгейі артып отыр. Негізгі құралдардың жаңару коэффиценті өте аз шамада оң шамаға өзгеруде. Жұмыскерлердің саны қарастырылып отырған жылдары тек төмендегені байқалады.
Мақта маталары, мата емес материалдар және олардан жасалған бүйымдар топтары бойынша натуралдық өлшем бойынша өсу байқалады, қалған тауарлық топтар бойынша құлдырау байқалады. Біздің жасаған қорытындыларымыз бойынша, Алматы қаласының тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы экономикалық дағдарыс жағдайында екені анықталды. Қаладағы саланың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қолдану қажеттігі бар.
Натуралдық өлшеммен есептегендегі өнім өндірісі 10 кестеде сипатталады
10 кесте — Алматы қаласындаға тоқыма және кілем өнеркәсібінің натуралдық өлшеммен өнім өндірісі
№ | Көрсеткіштер | Өлшем біряігі | 2003 жыл | 2004 жыл | 2004 ж. 2003 ж -ға %-бен |
1. | Мақта маталары, барлығы | Мың кв, м | 14138 | 19939 | 141 |
2. | Төсек жаймалары | мың дана | 740,3 | 200,3 | 27,1 |
3 | Кілем және кілем өнімдері | мың кв. м | 130,7 | 89,6 | 68,5 |
4. | Мата емес материалдар және олардан жасалған бұйымдар | мың кам |
1030,3 |
1222,4 |
118,6 |
5. | Машинада және колдан тоқылған жемперлер | мың дана | 20 | 2,2 | 10,7 |
6. | Ерлердің жұмыс киімі | мыңдата | 66,6 | 57,5 | 86,3 |
7. | Әйелдердің жұмыс киімі | мың дата | 75,7 | 39,6 | 52,3 |
8. | шалбарлар және баскиімдер | мың дана | 46 | -2 | - |
9. | Киім аксессуарлары | мың дана | 6012,1 | -2 | - |
Ескертпе:
- Алматы қалалық статистика Басқармасының мәліметтері бойынша
есептелген;
Қазақстан Республикасындағы жалпы өнеркәсіптің, тоқыма және кілем өнеркәсібінің, Алматы қаласындағы осы саланың дамуын, тоқыма және кілем бұйымдары бойынша экспортты және импортты, Алматы қаласындағы тіркелген жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін бағалай келе біз келесідей тұжырымдарға келдік:
- Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы жалпы өнеркәсіптің дамуымен салыстырғанда 2003 жыл мәліметтеріне сүйенсек, көп кейінде қалып отыр:
а)рентабельділік деңгейі өнеркәсіп бойынша — 16,6%, тоқыма және кілем өнеркәсібі бойынша -2,5%;
ә)жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы өнеркәсіп бойынша - 27759 теңге, салада - 9095 теңге, Алматы қаласы бойынша - 15647 теңге ;
б) негізгі құралдардың тозу деңгейі жалпы өнеркәсіптік кешенде -41%, салада -51 %, Алматы қаласы бойынша — 65,4 % - ды құрайды. Осы көрсеткіштердің даму сипаты тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғанын көрсетеді.
Алматы қаласында тіркелген жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының 73 % - ы киім өндірісінде шоғырланған (бұл жерде киім ательелері де бар), тоқыма бұйымдарын шығаруға барлық тіркелген кәсіпорындардың 18 % - ы, былғарыдан бұйымдар жасауға және аяқ киім өндірісіне 9%-ы ғана маманданған (басқаша сөзбен айтқанда, тұтынушылардың аяқ киімінің барлығы дерлік импортталған тауарлар). Тұтыну тұрғысынан экономикалық қауіпті жағдай қалыптасқан, себебі Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан импортталатын тоқыма тауарларының сапасы көп жағдайда көңілге қонымды емес. Бірақ, бағалары арзан болғандықтан сол импорттық тауарларды тұтынамыз.
- Ақырғы өнімнің экспорттық үлесі тоқыма және кілем тауарларының көлемінде 5,3% - ды, импорттық үлесі - 64,5 % - құрайды. Сала бойынша тоқыма шикізатын (мақта талшығы, мақта-мата иірілген жібі, терілер, былғарылар) экспортқа шығарып, дайын өнімді импортқа алып, отандық өңдеуші кәсіпорындар нарықта шетелдік бәсекелестерімен баға, тауарлық марка тұрғысынан күреске түсе алмай отыр. Бұл жағдай, тұтынушылардың импорттан тәуелді екенін (сәнді де солар анықтайды), азықтық емес тұрғыдан экономикалық қатер бар екенін көрсетеді.
Микродеңгейде экономикалық қауіпсіздікті, оның Қамтамасыз етілу деңгейін келесі бөлімде "Алматы кілем", "ТК АММК" АҚ-дары мысалдарында 1 - бөлімде ұсынылған әдістеме бойынша бағалаймыз.
Магистерліқ диссертациялық жұмыстың негізгі объектісі "Алматы Мақта" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, "Алматы кілем" ААҚ-ының болып табылады. Қазақстан Республикасының нарығында тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының жеткілікті санының бар екенін, тіркелгенін және қызмет етіп жатқанына көзіміз жетті. Солардың ішінен тоқыма бұйымдарын шығаруға маманданған "Алматы мақта" ЖШС - нің, кілем өнімдерін шығаратын "Алматы кілем" ААҚ-ының, дағдарысқа қарсы басқаруын талдауды жөн көрдік [45, 46, 47].
"Алматы кілем" ААҚ-ы өз бастауын 1936 жылдан "Ковровщица" артелінен алады. Компания Қазақстан Республикасындағы кілем және кілем өнімдерін шығаратын бірден-бір кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын өндірісі материалсыйымды болып табылатын классикалық жаккардтық кілемдер мен кілем өнімдерін дайындайды. Кілемдер өз технологиясы, әдеби-колористік бейнелеуі, тығыздығы бойынша қолдан тоқылған кілемдерден кем түспейді. Кілемдердің түпнұсқа өрнектері классикалық, сондай-ақ авангардтық стильде жасалады. Кәсіпорынның тәжірибесінің, жолға қойылған технологиясының және табиғи талшықтар үлесінің басым болуына байланысты кілемдер әдемі, тұтынуда дағдарысқа қарсы басқаруын көздейді, төзімді және жақсы жылу изоляциясы, дыбыс жұтқыштығы бар. Эксплуатацияға қолайлы, жанға жайлы және олардың бағасы орта деңгейлі тұтынушыға сәйкес келеді. Кілем өнімдерінің ассортименті кез-келген тұтынушының талғамын қанағаттандырады. Осы ретте кәсіпорын портреттерге, сувенирлерге, әкімшілік, қонақ үй және басқа да интерьерлерге жеке жоғары көркем суреттік тапсырыстарды орындайды. «Алматы кілем» ААҚ - ы ТМД елдерінің ішіндегі саусақпен санарлықтай ені
4 метрлік кілемдер шығаратын кәсіпорындардың бірі. Компанияның Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда жабдықтаушылар желісі бар. Кілем фабрикасы республикадағы өндірістік маштабтағы кілем өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын. Кәсіпорын қуаттылығы республиканың сапалы және жүннен тоқылған кілемдерге деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
11 кесте - Кәсіпорындардың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
№ | Негізгі
| Өлшем | "Алматы кілем" АҚ-ы | "Алматы мақта"ЖШС |
| |||||||||
п/п | көрсеткіштер
| бірлігі
| 2003 ж. | 2004 ж | Ауытқуы (+; -) | 2003 ж. | 2004 ж. | Ауытқуы (+; -) |
| |||||
1. | Өткізуден түскен табыс | мың теңге | 84978,8 | 75017,3 | -9961,5 | 137555,4 | 245139,0 | + 107583,6 |
| |||||
2 | өнімнің өзіндік құны | мың теңге | 156703 | 118089 | -386,1 | 322512 | 70836 | +67611 |
| |||||
3 | Кезен шығындары | мың теңге | 77648 | 62175 | -154,73 | 205505 | 134792,7 | -707123 |
| |||||
4. | Жалпы табыс | мың теңге | 83411,7 | 73836,4 | -9575,7 | 134330,3 | 174303 | +39972,7 |
| |||||
5. | Таза табыс | мың теңге | 69413,7 | 61500,3 | -7913,4 | 74074 | 33188,4 | -40885,6 |
| |||||
6. | Жалпы персоналдың орташа тізімдік саны | адам | 318 | 290 | -28 | 1256 | 1101 | -155 |
| |||||
7 | Еңбек ақы қоры | мың теңге | 59093,2 | 55952,4 | -3140,8 | 118139,9 | 147013,9 | +28874 |
| |||||
8 | Орташа айлық еңбек ақы | теңге | 15490 | 16078 | +588 | 7840 | 11130 | +3290 |
| |||||
9. | Еңбек өнімділігі | мың теңге | 267,2 | 258,68 | -8,52 | 109,52 | 222,65 | +113,13 |
| |||||
10 | Неізгі құралдардың орташа құны | мың теңге | 159998 | 168388 | 8390 | 1214729 | 1207776 | -6953 |
| |||||
11 | Негізгі құралдардың орташа құны | мың теңге | 122855 | 13053 | +7678 | 846495 | 826497 | -19998 |
| |||||
12 | Қор қайтарымдылығы | теңге | 0,6917 | 0,5747 | -0,117 | 0,1625 | 0,2966 | +0,1341
|
| |||||
13 | Қор сиымдылығы | теңге | 1,4457 | 1,74 | +0,2943 | 6,1533 | 3,3713 | -2,782 |
Ескертпе: Косіпорындардың мәліметтері бойынша есептелген
"Алматы мақта" ЖШС - де Қазақстан Республикасындағы түрлі бағыттағы: киімдік, сыртқы киімдік, көйлектік, костюмдік, жейделік мақта маталарын шығаратын ірі кәсіпорын. Қазақстанның және ТМД елдерінің нарықтарында кәсіпорынның өнімі 30 жылдан астам уақыт бойы танымал және сапалы өнім өндірушісі тұғырынан көріне білді.
Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 15 мың тонна мақта талшығын өңдеуге, 70-80 миллион погон метр мата өндіруге жоспарланған. Негізгі жабықтаушылары болып Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шикізітын мақта талшығына өңдейтін 16 кәсіпорны табылады. Кәсіпорын жартылай фабрикаттарын тұтынушыларының қатарына Өскеменнің, Шымкенттің, Алматының, Талдықорғанның, Павлодардың, Ақтөбенің, Астананың, Атырау, Қарағандының тігін фабрикалары жатады. Дайын тігін өнімдерін негізгі тұтынушылар "Қазақстан темір жолы" жанындағы "Жолаушылар тасымалы" ЕМК-ы, қарулы күштер есептеледі. Қазіргі кезде комбинат құрамына үш фабрика кіреді: №1, 2 тоқыма-иіру комбинаттарыы (1965 және 1970 жылдары салынған), өңдеу фабрикасы (1968 жылғы). Маталар өндірісінің технологиялық циклы келесі кезеңдерді қамтиды: мақта қоймасы, тасымалдау, түтіп, тарап, тазалау, өңдеу, иіру машиналарына жүнді қабылдау, дайын матаны өңдеу құралдарына қабылдау, дайын өнімді қоймалау. Кәсіпорында өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін автомобиль және қойма көлігі бар.
Қарастырылып отырған кәсіпорындар бойынша негізгі капиталдың қауіпсіздігі көңілде алаң тудырады (12 кесте). "Алматы кілем" АҚ-ында тозу коэффициенті қарастырылып отырған жылдарда 44-46% көлемінде, "Алматы мақта" ЖШС - нің 58-63% аралығында анықталды. "Алматы мақта" ЖШС - нің өз қуаттылығының тек ¼-ің "Алматы кілем" АҚ-ы 13-16%-ын пайдаланылып отыр.
Кәсіпорыннан 15 км қашықта өткізу және жабдықтау базасы, темір жол тұйығы бар.
Өндіріс құралдарының белсенді бөлігінің үлесі бойынша "Алматы мақта" ЖШС - нің бірінші, "Алматы кілем" сәйкесінше екінші орында."Алматы кілем" АҚ-ында негізгі құралдардың жаңаруы кәсіпорынның Астана қаласындағы өкілдігіне жиһаздар және Қапшағай қаласында демалыс аймағы үшін жер сатып алынғаны есебінен болды. Машиналар және құрал-жабдықтар тобы бойынша 2004 жылы күрделі жөндеу жүргізілгендіктен олардың бастапқы құны артып отыр. "Алматы мақта" ЖШС - нің негізгі капиталы іс жүзінде тозған және жаңалауды, өндіріс электроэнергияны, ресурстарды тиімді пайдаланатын қазіргі заман талаптарына сай жаңа технологияны қажет етеді. Кәсіпорында құрал-жабдықтардың материалдардың жеткізілмеуінен, өндірістің дискретті жұмыс істеуінен бос тұрып қалуы алаң туғызады. 13 кестеде 2003 - 2004 жылдарда нақты және жоспар бойынша бос тұруы көрсетілген.
13 кесте - "Алматы мақта" ЖШС - нің иіру өндірісінде құрал - жабдықтардың бос тұру көрсеткіштері
Көрсеткіштер | 2003жыл | 2004 жыл | ||||
| жоспар | нақты | +,- | жоспар | нақты | +, - |
Күрделі жөндеу | 0,26 | 0,13 | -0,13 | 0,27 | 0,22 | -0,05 |
Орташа жөндеу | 0,4 | 0,88 | 0,48 | 0,39 | 0,98 | 0,59 |
Кәсіптік ремонт | 0,21 | 0,23 | +0,02 | 0,21 | 0,65 | 0,44 |
Негіздерді байлау | 1,77 | 2,42 | +0,65 | 1,79 | 2,29 | +0,5 |
Майлау, қайта майлау | 0,7 | 0,44 | -0,26 | 0,71 | 0,44 | -0,27 |
Электр жабдығын кәсіптік жөндеу | 0,26 | 0,29 | +0,03 | 0,26 | 0,45 | +0,19 |
Жабдықтарды тазалау | 0,86 | 2,92 | +2,06 | 0,86 | 3,55 | 2,69 |
Басқалары | - | - | - | - | 1,09 | +1,09 |
Барлығы | 4,46 | 7,55 | +3,09 | 4,49 | 9,68 | +5,19 |
Ескертпе: Кәсіпорын ақпараттары бойынша дайындалған
Станоктардың жоспардан тыс ең көп тұруы 2004 жылы байқалды. Құрал-жабдықтардың жіп иіру үрдісінде тоқтап қалу негіздерді байлау арқылы қайта майлаудан, өнімнің жаңа ассортиментін енгізуден, жөндеуге қажетті детальдардың дер кезінде жеткізілмеуінен болды. Құрал-жабдықтардың жоспардан тыс тұрып қалуынан болған екі жыл ішіндегі залал 529,4 мың погондық метрді құрады.
Осы және 13 кестеде берілген басқа да көрсеткіштерді талдай келе, "Алматы мақта" ЖШС - нің және "Алматы кілем" АҚ-ы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруы қамтамасы ету деңгейінде тұр деп тұжырым жасаймыз.
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көрсеткіштері еңбек әлеуеті тұрғысынан оң деп бағаланады (13 кесте). Расында қарастырылып отырған 2 кәсіпорында ("Алматы мақта" ЖШС - нің ", "Алматы кілем" АҚ-ы) бойынша жыл сайын жалпы персоналдың саны азайып отыр. Дегенмен, орташа айлық еңбек ақы мөлшерінің қай кәсіпорында болса да жыл сайын өсіп отырғаны байқалады. Оның үстіне, орташа айлық еңбек ақы мөлшері Еңбек өнімділігі жыл сайын артып отыр. Қарастырылып отырған кәсіпорындарда еңбекті кешенді ұйымдастыру принциптерінің қолданылуы төмен деңгейде деп айтуға болады. Сондықтан, кәсіпорындарда жұмысшылардың өз қызметіне деген қызығушылықтарын арттыруға, ақырғы өнімнің сапасын арттыруға әрбір жұмыскердің араласудағы жауапкершілігін оятуға ұмтылу қажет.
14 кесте — Кәсіпорындардың еңбек ақы әлуметінің дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Өлшем | Тоқыма және тігін өнеркәсібінің кәсіпорындары | |||||||||||
|
| бірлігі | "Алматы кілем" АҚ-ы | "Алматы мақта" ЖШС |
| |||||||||
|
|
|
| 2003 ж. | 2004 ж. |
| 2003 ж | 2004 ж. |
|
|
| |||
1. | Жалпы персоналдың орташа тізімдік саны | адам |
| 318 | 290 |
| 1256 | 1101 |
|
|
| |||
м2. | Өткен жылға шаққанда | % |
| 80,9 | 91,2 |
| 88,3 | 87,7 |
|
|
| |||
3. | Өндірістік - | адам |
| 296 | 273 |
|
| 1081 |
|
|
| |||
| өнеркәсптік персонал
| % |
| 93,1 | 94,1 |
| 97,8 | 98,2 |
|
|
| |||
4. | Оның ішінде әйелдер | адам |
| 196 | 184 |
| 938,2 | 841 |
|
|
| |||
|
| % |
| 66,2 | 67,4 |
| 76.4 | 77.8 |
|
|
| |||
5. | Еңбек ақы қоры | мың теңге |
| 59093,2 | 55952,4 |
| 118139,9 | 147013,9 |
|
|
| |||
6. | Өткен жылға шаққанда | % |
| 128,3 | 94,7 |
| 94,4 | 124,4 |
|
|
| |||
7. | Орташа айлық еңбек ақы | теңге |
| 15485,6 | 16078 |
| 7838,4 | 11127,3 |
|
|
| |||
8. | Өткен жылға шаққанда | % |
| 156,7 | 104,4 |
| 106,9 | 141,9 |
|
|
| |||
9 | Еңбек өнімділігі | мың теңге/ ада м |
| 728,5 | 721,2 |
| 419,7 | 703,5 |
|
|
|
Ескертпе: Кәсіпорындардың мәліметтері бойынша есептелген
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету қызметкерлерді басқару тұрғысынан талдағанда, басқару аппаратының жаңашылдыққа бейімділігіне, өндіріске ноу-хауды енгізуіне, корпоративтік рухты қалыптастыруға ұмтылуына, қызметкерлерді ынталандыру жүйесіне назар аудардық (14кесте). Зерттеулеріміз бойынша, "Алматы кілем" АҚ-ында керек қадамдар енді жасалып жатқанына, "Алматы мақта" ЖШС - нің басқару кейбір позициялар бойынша нарық талаптарына сай келе бермейтіне көз жеткіздік. Сондықтан, "Алматы кілем" АҚ-ы экономикалық басқару тұрғысынан экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету, "Алматы мақта" ЖШС - нің Қызметкерлерді басқару экономикалық қауіпті деп шештік.
Оған орай: "Алматы кілем" АҚ-ы жұмыскерлер саны бойынша орта кәсіпорындарға жатса, ал ірі кәсіпорынға жатқызылатын "Алматы мақта" ЖШС - нің өзгерістерге оңтайлы,нарық құбылмашылығына икемді болмауын да ескеру керек. 14 кестеде кәсіпорындардың қаржылық дағдарысқа қарсы басқару көрсеткіштері берілген. Кәсіпорынның мәліметтері негізінде есептелген коэффициенттер бойынша "Алматы кілем" АҚ-ының қаржылары экономикалық қауіпсіз, "Алматы мақта" ЖШС - нің қаржылары экономикалық қауіпті деңгейде орналасқан деп сипаттауға болады.
15 кесте - Кәсіпорындардағы қызметкерлерді басқару көрсеткіштері
№ | Кәсіпорынның басқарылуын сипаттайтын факторлар | Бағалары | ||
|
| "Алматы кілем" АҚ | "Алматы мақта" ЖШС ің |
|
1. | Кәсіпкерлік мәдениет және философия | 0 | 0 |
|
2. | Мақсаттар және стратегиялар | 1 | 0 |
|
| Қызметкерлерді ынталандыру жүйесі | 0 | 0 |
|
4. | Ғылыми зерттеулердің пайдалануы | 1 | 0 |
|
5. | Жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылуы | 0 | 0 |
|
6. | Нарықтағы баға саясатын талдау | 1 | 1 |
|
7. | Жаңа өнімді жасау және енгізу | 1 | 0 |
|
8. | Өткізуді және маркетинг қызметін қолдану | 0 | 0 |
|
9. | Персоналды жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату шарттары | 1 | 1 |
|
10. | Барлығы | 5 | 2 |
|
Ескертпе:
1. Кесте SWOT-талдау және [48] әдебиет көзі арқылы тұрғызылды;
2. Кәсіпорын ақпараттары бойынша эксперттік әдіспен есептелген;
3. "1'-артықшылығы, "0" -кемшілігі.
"Алматы мақта" ЖШС - нің кредиторлық қарыз мөлшері көп. Осы ретте 2003 жылы кәсіпорынның "Темір банк" АҚ-ы арасындағы болған шиеленісін ескеру қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жария болған материалдардың көзқарастары әртүрлі. Бір авторлар кәсіпорынның қызметін, кәсіпорын басшылығының көзқарастарын ақтап ойларын білдірсе, екінші авторлар банк қозғалысын жақтап шығады [49, 50,51,52].
Біз кім қалай десе де, осы шиеленістің кәсіпорынға қолайлы болмағанын айтқымыз келеді. Себебі, біріншіден, кәсіпорынның имиджіне сөз келсе, екіншіден тоқыма компаниясының инвестициялық тартымдылығына нұқсан келді. Сондай-ақ, жабдықтаушылар мен тұтынушылар тарапынан кәсіпорынның болашағына деген сенімсіздік туады.
Шығындарды басқарудың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы шығындарды азайтудың резервтерін анықтауға мүмкіндік туады. Осы ретте "Алматы кілем" АҚ-ы өнімінің мысалында өнімнің өзіндік құнына талдау жүргізілді.
16 кесте - Кәсіпорындардың қаржылық қамтамасыз ету көрсеткіштері
| Көрсеткіштер | нормативті | Тоқыма және тігін өнеркэсібінің косіпорыңдары | ||||||||||
|
| мәні | "Алматы кілем" АҚ-ы | "Алматы мақта" ЖШС |
| ||||||||
|
|
|
| 2002 ж | 2003 ж. |
| 2002 ж. | 2003 ж. |
|
|
| ||
1. | Тәуелсіздік коэффициенті | 0,5-0,6 |
| 0,6556 | 0,6654 |
| 0,6534 | 0,4733 |
|
|
| ||
2. | Тәуелділік коэффициенті | 0,4-0,5 |
| 0,3444 | 0,3346 |
| 0,3466 | 0,5267 |
|
|
| ||
3. | Қаржылыңдыру коэффиценті | >1 |
| 1,9039 | 1,9882 |
| 1,8848 | 0,8987 |
|
|
| ||
4. | Қарыз және меншік қаржыларының өзара катынас коэффициенті | <1 |
| 0,5252 | 0,5030 |
| 0,5305 | 1,1128 |
|
|
| ||
5. | Инвестицияларды жабу коэффициенті | 0,9-0,75 |
| 0,8980 | 0,6654 |
| 0,6534 | 0,4733 |
|
|
| ||
6. | Инвестициялау коэффиценті | >=0,5 |
| 0,7790 | 0,8065 |
| 0,7043 | 0,5232 |
|
|
| ||
7. | Оңтайлаңдыру коэффициенті | >=0,5 |
| 0,3099 | 0,3010 |
| 0,2629 | 0,0541 |
|
|
| ||
8. | Запастар мен шығындарды меншік көздерімен камтамасыз ету кэффициенті | >-0,6-0,8 |
| 0,6578 | 0,5181 |
| 0,4856 | 0,0689 |
|
|
| ||
9. | Қысқа мерзімді коэффициенті | - |
| 0,2961 | 1,0000 |
| 1,0000 | 1,0000 |
|
|
| ||
10. | Кредиторлық карыз коэффициенті | - |
| 0,2436 | 0,9175 |
| 0,3651 | 0,2642 |
|
|
| ||
11. | Дебиторлық және кредиторлық карыз қатынасының коэффиценті | 2\1 |
| 2,5857 | 0,3405 |
| 1,2618 | 1,1144 |
|
|
|
Ескертпе: Кәсіпорындардың мәліметтері бойыншаесептелген
17 кесте -"Алматы кілем" АҚ-ңда кілемнің өзіндік құнының көрсеткіштерінің талдау
(1 шаршы метрге)
№ | Көрсеткіштер | 2003 жыл | 2004 жыл | ||
|
| теңге | % | теңге | % |
1 | Шикізат және материалдар | 601,17 | 44,1 | 461,52 | 44 |
2 | Өндірістік шығындар | 379,55 | 27,8 | 293,69 | 27,9 |
3 | Амортизация | 39,38 | 2,8 | 30,42 | 2,9 |
4 | Негізгі құралдарды жөндеу | 68,28 | 5 | 52,45 | 5 |
5 | Салықтар | 138,74 | 10,2 | 104,89 | 10 |
6 | Әкімшілік шығындар | 62,1 | 4,6 | 47,2 | 4,5 |
7 | Ғылымға шығындар | 33 | 2,4 | 25,17 | 2,4 |
8 | Сақтандыру шығындары | 24 | 1,8 | 18,88 | 1,8 |
9 | Несиеге төленген шығындар | 10,5 | 0,8 | 14,68 | 1,4 |
10 | Жалпы толық өзіндік кұн | 1362,7 | 100 | 1048,9 | 100 |
11 | Сатылым бағасы | 1368 | 100,4 | 1446,2 | 137,8 |
Ескертпе: Кәсіпорын ақпараттары бойынша дайындалған
17 кесте мәліметтері 1 шаршы метр кілемнің (жалпы тоқыма және кілем өнеркәсібі өнімдерінің) өзіндік құнында негізгі үлес салмағы шикізат және материалдарға келетінін көрсетеді. Өндірістік шығындардың үлес салмағы-28 %, амортизация-3 %, негізгі Құралдарды жөндеу-5% "Алматы мақта" ЖШС - нің 10-13% шамасында), салықтар-10%, әкімшілік шығындар-5% тұрғысында болатынын көрсетеді. Талдау жүргізіліп отырған кәсіпорындардағы шығындар өзгерісін 18 кестеде беріп отырмыз.
18 кесте — Кәсіпорындардағы шығындар талдау
№ | Корсеткіпітер | Өлшем | Тоқыма және тігін өнеркәсібінің кәсіпорыңдары | |||||
|
| бірлігі
| "Алмагы кілем" АҚ-ы | "Алматы мақта" ЖШС | ||||
|
|
| 2003 ж | 2004 ж. | Өткен жылдан ауытқуы | 2002 ж. | 2003 ж. | Өткен жылдан ауытқуы |
1 | Косіпорыңдаш жалпы шығыңдар
| мың теңге | 234351 | 180264 | 76,9 | 528017 | 843158 | 159,7 |
2. | Өнмнің өзіңдік құны | мың теңге | 156703 | 118089 | 75,4 | 322512 | 7083653 | 219,6 |
3. | Кезең шығындары | мың теңге | 77648 | 62175 | 80,1 | 205505 | 134792,7 | 65,6 |
4. | 1теңге өнімге сәйкес келетін шығындар | теңге | 1,034 | 0,955 | 92,4 | 1,316 | 1,173 | 89,2 |
Ескертпе: Кәсіпорындардың мәліметтері бойыншаесептелген
19 кесте — Кәсіпорындардағы іскерлік белсенділік қамтамасыз ету көрсеткіштері
| Көрсеткіштер | өлшем | Тоқыма және тігін өнеркәсібінің кәсіпорыңдары | |||||||||
|
| бірлігі | "Алматы кілем" АҚ-ы | "Алматы мақта" ЖШС |
| |||||||
|
|
| 2003 ж. | 2004 ж. |
| 2003 ж. | 2004ж. |
|
|
|
| |
1. | Меншік капиталының | рет | 1,8192 | 1,3897 |
| 0,4690 | 1,1372 |
|
|
|
| |
| айналым коэффициенті
| күн | 197,9 | 259,1 |
| 767,6 | 316,6 |
|
|
|
| |
2. | Негізгі капиталдың | рет | 1,4171 | 1,1208 |
| 0,3303 | 0,5950 |
|
|
|
| |
| айналым коэффициенті
| күн | 254,0 | 321,2 |
| 1090,1 | 605,0 |
|
|
|
| |
3. | Ағымдағы активтердің | рет | 2,1782 | 1,7286 |
| 0,5911 | 0,9746 |
|
|
|
| |
| айналымдағы
| күн | 165,3 | 208,3 |
| 609,1 | 369,4 |
|
|
|
| |
4. | Материалдық айналым | рет | 1,3229 | 0,9111 |
| 0,4594 | 0,7962 |
|
|
|
| |
| қаржыларының айналымдағы аиналымдьільіш
| күн | 272,1 | 395,1 |
| 766,9 | 452,2 |
|
|
|
| |
5. | Дайын өнімнің айналымдылғы | рет | 5,0152 | 2,7715 |
| 1,0110 | 1,0796 |
|
|
|
| |
|
| күн | 71,8 | 129,9 |
| 356,1 | 333,5 |
|
|
|
| |
6. | Дебиторлық кдрыздың | рет | 1,4953 | 1,5081 |
| 0,4807 | 0,8634 |
|
|
|
| |
| айналымдығы | күн | 240,7 | 238,7 |
| 748,9 | 416,9 |
|
|
|
| |
7. | Кредиторлық | рет | 2,3390 | 1,2003 |
| 0,5245 | 1,0222 |
|
|
|
| |
| қарыздың айналыңдылығы
| күн | 153,9 | 299,9 |
| 686,4 | 352,2 |
|
|
|
| |
8. | Ақша каражаттарының | рет | 7,9398 | 7,2122 |
| 65,648 | 11,72 |
|
|
|
| |
| айналымдылығы
| күн | 45,3 | 49,9 |
| 5,5 | 30,7 |
|
|
|
| |
9. | Парманентті | рет | 1,3282 | 1,3897 |
| 0,4690 | 1,1372 |
|
|
|
| |
| капиталдың айналымдылығы
| күн | 271,0 | 259,1 |
| 767,6 | 316,6 |
|
|
|
|
Ескертпе: Кәсіпорындардың мәліметтері бойынша есептелген
Осы ретте кәсіпорындағы жалпы шығындардың өзгеру беталысы арқылы шығындарды азайтудың бағыттарын анықтауға болады. 19 кесте мәлметтері талдау жүргізіліп отырған екі кәсіпорында жалпы шығындарда өнімнің өзіндік құнының алатын үлес салмағының әртүрлі екенін көрсетті.
"Алматы-кілем" АҚ-да 68,5%, "Алматы мақта" ЖШС - 84% -ды алып отыр. 1 теңге өнімге сәйкес шығындар бойынша қарастырылып отырған кезеңде "Алматы мақта" ЖШС үш жыл ішінде де 1 теңгеден артық болуы кәсіпорында шығындарды басқару қызметі іске қосылмағаны. Жалпы, толық шығындардың өзгеру серпіні келесідей: "Алматы мақта" ЖШС 2004 жылы 2003 ылмен салыстырғанда 59,7%-ға артып отырған, "Алматы кілем" АҚ-нда 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 23,1%-ға төмендеген. Сондықтан, шығындарды басқару қауіпсіздігі бойынша "Алматы мақта" ЖШС теріс, "Алматы кілем" АҚ-н оң бағалаймыз.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көрсеткіштерін өндірістік бағдарламаның орындалу тұрғысынан бағалайық. "Алматы кілем" кәсіпорынында өндірістік бағдарламаның 97%-ға орындалатынын, "Алматы мақта" ЖШС 90%-ға ғана орындалатынын ескертті. Себебі, кәсіпорындарда техникалық бояудың жетіспеушілігі, құрал-жабдықтардың бұзылып қалуына байланысты жұмыс тоқтап қалады екен. Қазақстан Республикасында кілем өнімдеріне бояу шығаратын, жіп иіретін станоктар шығаратын бір де бір кәсіпорын жоқ екен. Ал, шетелден әкелуге кәсіпорын қаржылары жетіспей қалады екен.
Іскерлік дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету тұрғысынан кәсіпорындардың экономикалық жағдайын әртүрлі бағалауға болады. "Алматы кілем" Ақ-ның іскерлік белсенділік коэффициенттерін оң бағалауға болады. Себебі барлық көрсеткіштер есептік мерзімде айналыста болып отырды 19 кестеде көрсетіп кеткендей.
Осы кәсіпорында қарастырылып отырған мерзім де меншік капиталы, негізгі капитал, ағымдағы активтер, материалдық айналым қаржылары, дебиторлық қарыз, кредиторлық қарыз, перманентті капитал толығынан бір де айналым жасамаған.
20 кесте - Кәсіпорындардағы өнімнің сапалық көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Бағалануы | "Алматы кілем" АҚ | "Алматы мақта" ЖШС |
1. | Өнімнің стандарттарға сәйкестігі | сәйкес / сәйкес емес | сәйкес | сәйкес |
2. | Сапаны басқару жүйесінің болуы | бар/жоқ | жоқ | жоқ |
3. | Сапа көрсеткіштері *эстетикалығы *қауіпсіздігі *экологиялылығы *сақталуы *сенімділігі |
сәйкес / сәйкес емес |
сәйкес қауіпсіз таза сақталады сенімді |
сәйкес емес қауіпсіз таза сақталады бояуы оңып кетеді |
Ескертпе: Кэсіпорын ақпараттары бойынша дайындалған
Оның үстіне, кредиторлық және дебиторлық. қарыздың айналым ұзақтығы күндер есебінде ұзарып отыр.
Кәсіпорындардың өнімдерін сапа көрсеткіштері бойынша бағалау үшін 20 кестені ұрғыздық. Сапа көрсеткіштері бойынша "Алматы мақта" ЖШС маталарының бір жуған соң, бояуының оңып кететіні анықталды.
"Алматы кілем" АҚ-да кілемдер, кілем бұйымдары және төсеніштер ҚР-ның 23.02.2001 жылы қабылданған Мемлекеттік Стандарттың қауіпсіздік сапасы бойынша сертикацияланған. Барлық өнім 100%-дық тексеруден өтеді. Кәсіпорын МемСТ Комитетімен бірге бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ISO 9000 стандарттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Кілемдер мен төсеніштердің сорттылығының орындалуы жылдан-жылға артып келеді (21 кесте). Шығарылатын кілем бұйымдарының барлығы нарықтағы балама тауарлардан табиғи талшықтарды кең қолдануымен ерекшеленеді.
21 кесте -"Алматы кілем" АҚ-да кілем бұйымдарынын сорттылығын бағалау
№ | Клемдер мен төсеніштер | Жоспар | Нақты | Ауытқуы |
2. | 2002 жыл | 90% | 94,1% | +4,1% |
3. | 2003 жыл | 92% | 97,1% | +5,1% |
Ескертпе: Кәсіпорын ақпараттары бойынша дайындаған автор.
Кәсіпорында көркем-техникалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, жаңа суреттер мен техникалық мәселелер қаралады. 2004 жылы 20-дан астам сурет жасалап, өндіріске енгізілді, сондай-ақ 119 бірлік көлемінде жеке портреттер мен әкімшілік ғимараттарды көркемдеуге тапсырыстар орындалды.
Кәсіпорындардың нарықта өнімді өткізуі 22 кестеде берілген.
22 кесте - Кәсіпорындардың нарықта өнімді орналастыру көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Өлшем біршгі | "Алматы кілем" АҚ | "Алматы мақта" ЖШС |
1. | Жалпы нарықтағы кәсіпорын өнімінің үлесі | % | 5 | 0,9 |
2. | Кәсіпорынның өнімді нарықта өткізуі * ішкі нарықта * сыртқы нарықта |
% % |
80 20 |
95 5 |
Ескертпе: Кәсіпорын ақпараттары бойынша дайындалған
"Алматы мақта" ЖШС - 0,9%, "Алматы кілем" АҚ-ның - 5 % көлемінде. Кәсіпорындардың негізгі тұтынушылары ішкі нарықта. Кәсіпорындарда маркетингтік қызметке басты назар аударылмайды.
Кәсіпорындарда маркетингтік мақсаттарға жұмсалатын шығындар көлемі 2004 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда артып отыр, дегенмен маркетингтік шығындарды ұтымды пайдалана отырып, өткізудің жаңа желілерін ашудың көзі бар. Сондай-ақ, жарнамаға жұмсалатын шығындарды ұлғайту тұтынушылар кеңінен тартуға мүмкіндік берері сөзсіз. Сатылымдар тиімділігі қарастырылып отырған екі кәсіпорында да теріс шаманы анықтайды.
Тоқыма және кілем кәсіпорындарында айналым қаражаттарының жетіспеушілігінің маркетингтік шығындарға, оның ішінде жарнамаға қаржының аз бөлінуі байқалады.
23 кесте - Кәсіпорындарда 2004 жылы маркетингтік мақсаттарға жұмсалған шығындарын есептеу көрсеткіші
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | "Алматы кілем"АҚ | Өткен жылдан ауытқуы | "Алматы мақта" ЖШС | Өткен жылдан ауытқуы |
1 | Маркетингтік мақсаттарға жұмсалған шығындар көлемі | мың теңге | 265,9 | 121,2 | 199,6 | 100,2 |
3 | Сонын ішінде: жарнама шығындары | мың теңге | 165,4 | 151,6 | 87,6 | 102 |
5 | Жарнама шығындарының жалпы маркетинг шығын сомасындағы есі | мың теңге | 62,2 | -5,9 | 43,9 | -9,5 |
Ескертпе: Кәсіпорьш ақпараттары бойынша дайындалған
Осы ретте кәсіпорын капиталының, инвестициялардың тиімділігін бағалау орынды. Талдау жүргізіліп отырған тоқыма және кілем кәсіпорындарына тартылған инвестициялардың жалпы капиталдың рентабельдік көрсеткіштері бағаланды
24 кесте - Кәсіпорындардағы 2004-жылғы капиталдың рентабельділік көрсеткіштер деңгейін бағалау
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | "Алмаіы кілем"АҚ | "Алматы мақта" ЖШС |
1 | Қарыз капиталының рентабельділігі | % | 0,82 | 2,2 |
2 | Меншік капиталының рентабельділігі | % | 8,58 | -9,2 |
3 | Инвестицияланған капитал рентабельділігі | % | 5,7 | -5,12 |
4 | Қаржылық тетік | % | 0,03 | 0,51 |
Ескертпе: Кәсіпорын ақпараттары бойынша дайындаған автор.
"Алматы мақта" ЖШС, "Алматы кілем" АҚ-дарындағы қарыз капиталының рентабельділігі 2004 жылы 0,82 —ден 3,9 арасында анықталған. Бұл көрсеткіш кәсіпорынға тартылған несиелердің нақты құнын анықтамайды, себебі бұл жерде салық төлеуден болатын үнем көрсетілмейді. Кәсіпорындар қарастырылып отырған мерзімде қысқа мерзімді несиелерді айналым капиталындағы ақша қаражаттарының аздығынан қызметкерлерге еңбек ақы төлеуге алып отырған.
Қарастырылып отырған мерзімде меншік капиталының рентабельділігі "Алматы кілем" АҚ-нда оң шаманы, "Алматы мақта" ЖШС -да кәсіпорында теріс шаманы көрсетеді., "Алматы мақта" ЖШС -да меншік капиталын тиімді пайдалану мақсатында шаралар жүргізу керектігі анықталды. Кестеде қаржылық тетік кәсіпорын айналымына қарыз тартқаннан меншік капиталының қанша пайызға көрсетеді. Осы ретте кәсіпорындардың қарыз қысқа мерзімге, айналым капиталына емес, ұзақ мерзімге және ұзақ мерзімге капиталға салынғаны тиімді болар еді. Зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімінде "Алматы кілем" АҚ-ның мысалында инвестициялық жобаны есептеу арқылы, инвестициялардың тиімділігін көрсетпекпіз.
"Алматы мақта" ЖШС, "Алматы кілем" АҚ-ның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды бірінші бөлімде ұсынған әдістеме арқылы талдау қорытындыларын, жиынтық экономикалық бағасын 24 кестеде шоғырландырдық.
24 кесте -Кәсіпорындардың жиынтық экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды бағасы
№ | Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды құраушы көрсеткіштер | "Алматы кілем" АҚ-ы | "Алматы мақта" ЖШС |
1 | Өндіріс әлеуеті дағдарысқа қарсы басқаруды | - | - |
2 | Еңбек әлеуетінің дағдарысқа қарсы басқаруды | + | + |
| Шығындарды дағдарысқа қарсы басқару | + | - |
4 | Өндірістік дағдарысқа қарсы бағдарламаның орындалу | - | - |
5 | Өнім дағдарысқа қарсы сапасы және бәсеке қабілеттілігі | + | - |
б | Инвестициялар және инновациялар дағдарысқа қарсы басқару | - | - |
7 | Қаржылық қауіпсіздік | + | - |
| Іскерлік белсенділік кауіпсіздігі | + | - |
9 | Барлығы | + | - |
Ескертпе:
1. "+" —экономикалық қауіпсіз деңгейде;
2. "-" —экономикалық дағдарыс жағдайында.
Маржиналдық талдау негізіндегі басқару шешімдерінің көрсеткіштері кәсіпорын дағдарыс жағдайында деп бағаланса ғана есептелетінін бірінші бөлімде сипаттағанбыз.
24-кесте мәліметтері "Алматы кілем" АҚ-ның, қызметтерін экономикалық қауіпсіз, ал "Алматы мақта" ЖШС қызметін экономикалық дағдарысты деп қорытындылайды. Экономикалық дағдарыс жағдайындағы "Алматы мақта" ЖШС төлем қабілеттілігін 1-бөлімде ұсынған формуламыз бойынша есептейміз. Бұл жерде ағымдағы өтімділік коэффиценті тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорыны "Алматы мақта" ЖШС үшін 1,5-ден кем болмауы керек. Сол жағдайда ғана кәсіпорынның қысқа мерзімде экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге қабілеті бар деп есептеледі.
Кәсіпорынның қаржылары қолайсыз орналасқан (ұзақ мерзімді активтерге шоғырланған) деп тұжырымдап, "Алматы мақта" ЖШС үшін маржиналдық талдау негізіндегі басқару шешімдерінің көрсеткіштерін анықтадық.
"Алматы мақта" ЖШС 2004 жылы өнім өткізуден түскен түсім (ӨӨТТ) 718573,1 мың теңгені, айнымалы шығындар (АШ) 708365,3 мың теңге, тұрақты шығындар (ТШ) 134792,7 мың теңге болды. 2003 жылы кәсіпорын үшін маржиналдық табыс МТ=718573,1-708365,3=10207,8 мың теңге болады. Сатылым көлемінің дағдарыстық нүктесі (СКДН) келесі формула бойынша анықталады [48, 381-6]:
СКДН=ӨӨТТ*ТШ/МТ (7)
Бұл жердегі: ӨӨТТ - өнім өткізуден түскен түсім;
ТШ —түрақты шығындар.
"Алматы мақта" ЖШС үшін сатылым көлемінің дағдарыстық нүктесі кәсіпорынның дәл қазіргі экономикалық жағдайы үшін өте үлкен шама болғандықтан, кәсіпорын үшін бизнес-реинжиниринг үрдісін жүргізу қажет.
Диссертациялық жұмысымыздың екіде үшінші бөлімінде кәсіпорындағы бизнес-реинжиниринг үрдісін өткізу бағыттарын, Тоқыма және кілем өнімдері әлемдік нарығының қазіргі жағдайы және дамуы жолдарын және кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын нығайту жолдарын қарастырамыз.
Тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикасы дамыған және дамушы елдердің экономикасында алатын орны ерекше. Қазіргі кезде Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының мәліметтеріне сәйкес, тоқыма және кілем өнеркәсібі машина жасауды, химия өнеркәсібін, әскери-өнеркәсіптік кешенді басып озып, әлемдік өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы салаларының бірі болып саналады. Себебі, бұл өнеркәсіп ақырғы тұтыну өнімін шығара отырып, бәсекеқабілетті өнім өндірісі жағдайында тұрақты өткізу нарығына ие, өндіріс ресурстарының жоғарғы тиімділігі мен тез айналымдылығын қамтамасыз етеді, елдің экономикалық қауіпсіздігіне өз үлесін қосады.
1900-2000 жылдар аралығында планетаның халық саны 3,7 есе, бір адамға шаққандағы жиынтық ішкі өнім (доллармен есептегенде) 4,1 есе, энергияны пайдалану 5,7 есе, бір адамға шаққанда тоқыманы тұтыну (килограммен) 5,7 есе артқаны анықталды [49].
Жер бетіндегі тұрғын халық санының және тұрмыс жағдайының артуы осы саланың дамуына әсер етті. Еуропалық одақ елдерінде 1985-2000 жылдары тоқыма және кілем бұйымдарын тұтыну 90,5%-ға, импорт көлемі 18%-дан 48%-ға артты. АҚІП-та осы кезеңде сала өнімдерін тұтыну 99,3%-ға, импорт 27,4%-дан 44,6%-ға өссе, Жапонияда тұтыну 220%-ға, импорт көлемі 3 есе (17,7%-дан 51,6%-ға) жоғарылағаны байқалады [50].
Әлемдік экономиканың ғаламдануы, тоқыма және кілем өнеркәсібін бәсеке қабілетті қылғанымен қоса, талшық, бояғыш заттар өндіріс географиясының тұтастай өзгерісіне, құрал-жабдықтың, тоқыма материалдары және олардан жасалған бұйымдар географиясының аз, ал тоқыма материалдардан жасалған бұйымдарды тұтыну географиясының сәл ғана өзгерісіне әкелді. Өндіріс еңбекақы деңгейі төмен және саяси-экономикалың тұрақтылығы жоғары елдерде (Қытай, Индонезия, Турция, Вьетнам, Бразилия), ал тоқымадан жасалған бұйымдарды тұтыну еңбекақы деңгейі жоғарғы елдерде басым (АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа) [51].
Тоқыма өнеркәсібі кілем өндірісімен салыстырғанда 4 есе капитал сыйымды болып отыр. Тоқыма өндірісінің белгілі мамандарының бірі А.Ормирод өз зерттеулеріне жаңадан салынған тоқыма кәсіпорнының құны химия немесе мұнай өндірісінің құнымен бірдей болатынын, сондықтан экономикасы дамыған елдерде орналасуы керектігін өзек етеді. Еуропалық компаниялар өз басымдылықтарын ноу-хау, сауда белгісін енгізу, құрал-жабдықтардың санын азайтып, өндіріс қуаттылығын арттыратын, еңбек өнімділігін, өнім сапасын жоғарылататынын жаңа технологаяларды пайдалану арқылы сақтап қалуға ұмтылуда [52]. АҚШ-та еңбек ақы шығындары матаның өзіндік кұнында 20%-ды, жаңа индустриалдық елдерде 2-3%-ды құрайды. Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарындағы еңбек ақы көлемінің диапазоны 25 кестеде көрсетілген.
25 кесте - Түрлі елдердің тоқыма өнеркәсібіндегі бір сағаттық еңбекақы мөлшері
№ | Елдер | 1 сағаттық еңбекақы, $ | № | Елдер | Бір сағаттық еңбекақы, $ |
1. | Жапония | 23,65 | 13. | Турция | 4,44 |
2. | Швейцария | 22,32 | 14. | Гонконг | 3,85 |
3. | Бельгия | 21,32 | 15. | Оңтүстік Корея | 3,66 |
4. | Голландия | 20,82 | 16. | Сингапур | 3,56 |
5. | Германия | 20,5 | 17. | Мексика | 2,93 |
6. | Франция | 16,49 | 18. | Венесуэла | 1,9 |
7. | Италия | 16,2 | 19. | Сауд Арабиясы | 1,47 |
8. | Канада | 13,44 | 20. | Бразилия | 1,46 |
9. | АҚШ | 11,61 | 21. | Малайзия | 1Д8 |
10. | Австралия | 10,84 | 22. | Ресей Федерациясы | 0,80 |
11. | Англия | 10,27 | 23. | Қытай | 0,36 |
12. | Тайвань | 5,76 | 24. | Қазақстан Республикасы | 0,35 |
Ескертпе: 2003 жылдар мәліметтері бойынша дайындалған
25 кестеден көріп отырғанымыздай, бір сағаттық еңбекақы мөлішері Жапонияда 23,65 АҚШ доллары көлемінде болса, ең аз деңгейі Қытайда 0,36 АҚІП доллары көлемінде ғана байқалған, яғни Жапонияда тоқыма өнеркәсібінің жұмыскері бір сағаттық жұмысына Қытайдың тоқыма өнеркәсібінің жұмыскеріне қарағанда 66 есе артық еңбек ақы алады. Қазақстан Республикасында жеңіл және тоқыма өнеркәсібіндегі еңбек ақы қарастырып отырған елдер арасындағы ең аз шаманы көрсетіп отыр.
Соңғы он жылдықта әлемде тоқыма жіптердің қай түрін болса да көп тұтына бастаған. Табиғи және жасанды талшықтардан жасалған тоқыма, кілем бұйымдарына сұраныстың даму серпінін қанағаттандыруда қайталама шикізатты пайдаланудың әлуеті бар. Мақта, зығыр және басқа да шикізаттарды егетін ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі шектеулі болғандықтан, соңғы жылдары жасанды талшықтардың өндірісі ұлғайып отыр.
26 кесте - Жіптер мен талшықтардың әлемдік өндірісі
№ | Жіптер мен талшықтар | 1990 жыл | 2000 жыл | 2001 жыл | 2002 жыл | 2002ж 1999ж. %-бен | ||||
|
| млн. тонна | % | млн. тонна | % | млн. тонна | % | млн. тонна | % |
|
1 | Мақта | 20 | 45 | 19 | 39 | 21,5 | 42 | 19 | 39 | 105,3 |
2 | Жүн | 2 | 5 | 1,4 | 3 | 1,3 | 3 | 1,3 | 3 | 65 |
3 | Жасанды оның ішінде: | 22 | 50 | 28 | 58 | 28 | 55 | 29 | 58 | 131,8 |
4 | - синтетикалық | 20 | 45 | 26 | 54 | 26 | 51 | 27 | 54 | 135 |
5 | - целлюлоздық | 2 | 5 | 2 | 4 | 2 | 4 | 2 | 4 | 100 |
6 | Барлығы | 44 | 100 | 48,4 | 100 | 50,8 | 100 | 49,5 | 100 | 112,5 |
Ескертпе: Мәліметтер [53] дерек көзі бойынша есептелген.
1990 жылы әлемде барлығы 44 млн. тонна жіптер мен талшықтарды пайдаланса, 2002 жылы бұл көрсеткіш 12,5%-ға өсіп, 49,5 млн. тонна құраған. Құрылымы жағынан да өзгерістер бар.
Мақтадан жасалған жіптер мен талшықтарды пайдалану натуралдық өлшем бойынша 2001 жылы 1,5 млн. тоннаға артқанымен, жалпы құрылым бойынша 3%-ға төмендеген. 2002 жылы мақтадан жасалған жіптер мен талшықтар өндірісінің төмендеуі АҚШ-та мақта алкаптарының азайуымен, Қытайда табиғи талшықтарды жасанды талшықтармен ауыстырумен болды. Мамандар алдағы уақытта да мақта жіптері мен талшықтары өндірісінің төмендейтінін болжап отыр [54]. Оның есесіне, синтетикалық жіптер мен талшықтарды пайдалану натуралдық өлшем бойынша 7 млн. тоннаға, құрылымындағы үлес салмағы 8 % -ға артқан. Синтетикалық жіптер мен талшықтар бойынша натуралдық көлем 7 млн. тоннаға, үлес салмағы 9%-ға артқан. Целлюлоздық жіптер мен талшықтар натуралдық өлшем бойынша өзгермеген, үлес салмағы бойынша 1%-ға төмендеген.
2000-жылдың соңғы айларында Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, өздері өндірген мақта-матадан иірілген жіп өткізу қиындығымен байланысты біршама дағдарысқа кезікті, бүл тоқыма жіп экспортының көлемін арттырып жатқан Қытай тарапынан бәсекенің артуынан болды. Сондықтан көптеген елдер мақтаны артығымен алып қоюға асықпауда және олардың тұтыну деңгейінің артуы туралы болжамдар расталмауда [55].
Мақта-матадан иірілген жіпті экспорттаушы және импорттаушы алдыңғы қатарлы елдер 26 кестеде көрсетілген.
Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыстың дамушы елдері тоқыма тауарларының өндірісі мен саудасының эпицентрін құрайды.
Қытай, Корея Республикасы, Индонезия және Тайвань елдері химиялық талшықтар өндірісі мен химиялық тоқыма экспорты бойынша әлемде басты орынды алып отыр.
27 кестеде – Мақта – матадан иірілген жіпті экспорттаушы және импорттаушы алдынғы қатарлы елдер (2000 жылдың соңы )
№ | Экспортаушылар | Импорттаушылар | ||
Ел | Экспорт, мың тонна | Ел | Импорт, мың тонна | |
І | Үндістан | 534 | Гонконг | 379 |
2 | Пакистан | 455 | АҚШ | 129 |
3 | Испания | 103 | Германия | 93 |
4 | Италия | 92 | Португалия | 72 |
5 | Германия | 47 | Австрия | 66 |
6 | Австрия | 39 | Франция | 56 |
7 | Египет | 32 | Англия | 52 |
8 | Греция | 31 | Испания | 45 |
9 | Франция | 25 | Греция | 10 |
Ескертпе: Мәліметтер [56]дерек көзі бойынша есептелген.
Қарастырылып отырған елдердің біразы 2000-жылдың 2-жарты жылдығында кейбір дамыған елдердегі байқалған экономикалық дағдарыстың кері әсерін көрді. АҚШ-тың, Жапония мен Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі химиялық тоқыма өнімдері нарығындағы стагнация белгілерінің әсерінен Корея Республикасы мен Тайвань экспорттаушылары өткізу қиындықтарына кезікті.
Негізінен, химиялық талшықтар өндірісінің көлемі бойынша дүние жүзі бойынша үшінші орын алатын (КХР мен АҚШ-тан кейінгі) Тайваньда синтетикалық талшықтар бойынша қуатты үздіксіз арттыру - ұсыныстың сұраныстан асып түсуіне әкелді. Сондықтан 2001 -жылдың қыркүйек айында Экономика Министрлігінің шешімі бойынша, ұзақ уақыт бойы дағдарысқа ұшыраған, полиэфирді талшық өндіретін кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсетілді. Басқа шаралармен қоса, үкімет өндірушілерді төменірек банктік мөлшерлемелер бойынша, шарты артық құрал-жабдықты азайту және кәсіпорын модернизациясы болатын несиелеу көзделетін жаңа несиелеу жүйесін енгізуді жоспарлаған.
Химиялық талшық өндірісі бойынша дүниежүзі бойынша бірінші орынға шыққан Қытайда өндіріс қуаттылығын арттыру нәтижесінде 2001-жылдың басында артық өндіріс нышандары байқалған. Әсіресе, бұл жағдай қарқынды дамыған полиэфир талшығының өндірісінде байқалды. Нәтижесінде, полиэфир талшығы мен оның шикізатының (полимер) бағасы 2001-жылдың бірінші жарты жылдығында 20- 3 0 % төменд еп, химиялық талшықтар өнеркәсібінің белсенділігіне теріс әсер тигізді. Химиялық талшықтар өндірісінің өсу қарқыны 2001 жылдың қаңтары-шілдесіндегі 17,5%-дан тамызда 8,1%-ға дейін төмендеді [57]. Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдеріндегі химиялық тоқыма өнімдері нарығының құрылымы 2001 -жылы синтетикалық маталар, әсіресе полиэфирлі жіптер, өндірісі мен экспортының қысқарып, олардың бағаларының төмендеуімен сипатталады.
Корея Республикасында синтетикалық маталарды өндіру орталығы (полиэфирлі жіптен) Тэгу-Киентукта тоқыма және бояу кәсіпорындарының қуаттарының жүктелуі 2001-жылдың ортасына таман 68-50%-ға дейін төмендеді. Жапон ақпарат қүралдарының пікірінше, бұл синтетикалық маталар экспортының қысқаруы нәтижесінен болған. Химиялық тоқыма Оңтүстік Кореяның тоқыма өнімдері экспортының құрамында басым үлес алады.
28 кесте - Корея Республикасының химиялық тоқыма өнімдерінің сыртқы сауда көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | 2001 жыл, млн. доллар | 2000 жылға %-бен есептегенде |
I | Экспорт | ||
1. | Химиялық кешенді жіптер | 869,7 | 81,5 |
2. | Штапельдік талшықтардан иірілген жіп | 120 | 89,8 |
3. | Химиялық жіптерден жасалған маталар | 2738,4 | 81,4 |
4. | оның ішінде: - полиэфирлі - полиамидті | 2326,4 232 | 82,2 77 |
5. | Штапельдік талшықтардан жасалған маталар, оның ішінде: целлюлозадан | 414, 7 217,7 | 79,5 72,4 |
ІІ | Импорт | ||
1 | Химиялық кешенді жіптер | 410,1 | 77,2 |
2. | Штапельдік талшықтардан иірілген жіп | 2977 | 107,6 |
3. | Химиялық жіптерден жасалған маталар | 162,7 | 81,2 |
4. | - оның ішінде полиэфирлі | 117,9 | 86,4 |
5.
| Штапельдік талшықтардан жасалған маталар, оның ішінде: целлюлозадан |
кілем 255,5 59,2 | 78,2 67,6 |
Ескертпе: Мәліметтер [58] дерек көзі бойынша есептелген.
Барлық маталар түрлері экспортының жиынтық кұндық сомасында (тоқыма өнімдерінен басқа) химиялық жіптен жасалған Маталардың үлес салмағы 70%-ға жуық, оның ішінде полиэфирлі-60%-ды құрайды. Сондай-ақ, Корея Республикасы экспортпен қоса тоқыма талшықтарын, тоқыма жіппен маталарды импорттайды, бірақ импорт экспорттан үш есе кем. Импорт құрамында (тоқымадан басқа барлық маталар) химиялық талшықтар маталары мен жіптерінің үлесі 50%-ға жуық.
2001-жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2000-жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, Оңтүстік Кореяның полиэфирлі жіп маталары экспортының құны 22%-ға төмендеген және сол жылдың аяғына дейін, Қытай мен Индонезиядан әкелінетін маталар тарапынан болатын бәсеке салдарынан бағаларының төмендеуі болжанып, ол болжам расталды да.
2000-жылға дейін Корея Республикасы, полиэфирлі жіптен жасалған маталардың экспорт көлемінің қысқаруына қарамастан Қытайға синтетикалық маталарды жеткізу көлемін арттырғанын айта кетуіміз керек. Бірақ, 2000-жылдан бастап, Қытайға Оңтүстік Кореялық экспорт көлемі қысқарды. Себебі, Қытай өзіндік синтетикалық маталар өндірісінің дамуы әсерінен полиэфирлі маталар саласында мықты бәсекелеске айналды. Оның үстіне, 2001-жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында, Қытай Корея Республикасына синтетикалық жіптен жасалған маталардың экспорт көлемін 10%-ға арттырған.
Оңтүстік Кореялық экпорттаушылардың қытайлық синтетикалық мата жеткізушілермен Мексика және Таяу Шығыс елдері сияқты, үшінші нарықтардарда да бәсекелесуіне тура келеді. Жапон ақпарат қүралдарының мәлімдеуінше, 2000-жылы Оңтүстік Кореялық фирмалар Мексикаға жіберілетін экспорт көлемін қысқартып, бағаны төмендетуге мәжбүр болған. Өйткені Қытайдан келетін синтетикалық маталар мексикандық маталар импортының 40%-дан астамын қүрайды. Оңтүстік Кореялық синтетикалық маталар экспортының Таяу Шығыс елдерінде күрт қысқаруы пакистандық сауда фирмалары тарапынан болған бәсекеге байланысты, олар сол маталарды Қытайдан төмен бағамен сатып алып, Таяу Шығыстық елдер нарығында қайта сатумен айналысады.
Полиэфирлі маталар бәсекеқабілетілігінің төмендеуін ескере отырып, Оңтүстік Корея фирмалары өздірінің өндірістік базаларын аз өнімділікті құрал-жабдықтарды жою немесе шетелге шығару арқылы қайта құруды тездетуге мәжбүр.
Оңтүстік Кореядағы синтетикалық маталар бағасы 2000-жылы сұраныстың төмендеуі, синтетикалық, оның ішінде полиэфирлі талшықтардың арзандауы, арзан болып келетін қытайлық маталар бәсекесі сияқты негізгі факторлар әсерінен төмендеді. Негізінен, 2001-жылдың сәуір-қазаны аралығында ішкі нарықтағы көтерме бағасы-7%, полиэфирлі тафта-4% және нейлондық тафтаға-3% төмендеген [59].
Қытай Халық Республикасында тоқыма өнеркәсібінің өнім экспортының құрамында химиялық тоқыма үлесі 18%-дан аспайды, өйткені, бұл ел дәстүрлі түрде табиғи тоқыма (матадан, жібек және басқа талшықтардан) экспорттаушысы ретінде сипатталады. Сонда да, Қытай кең көлемде химиялық тоқыманы импорттайды, көбінесе талшықтар және синтетикалық маталар, бірақ өзіндік өндірістің дамуымен олардың импорты қыскаруда. Сонымен қоса, синтетикалық жіп маталарының қытайлық импорты құны жағынан экспорттан 1,8 есе артып отыр.
29 кесте - Қытай Халық Республикасының тоқыма өнімдерімен сыртқы саудасы
№ | Көрсеткіштер | 2001 жыл, млн. доллар | 2000 жылға %-бен есептегенде |
I | Экспорт | ||
1. | Синтетикалык, штапельдік иірілген жіп | 250,2 | 107,6 |
2. | Аралас иірілген жіп (синтетика-мақта) | 123,4 | 147,7 |
3. | Вискоздық штапельдік иірілген жіп | 45,2 | 76,7 |
4. | Синтетикалық жіптен жасалған маталар | 1270 | 148 |
5. | Аралас жіптерден жасалған маталар | 1043,6 | 93,4 |
6. | Вискоздық штапельдік маталар | 212,8 | 84,8 |
II | Импорт | ||
1. | Синтетикалық талшықтар | 953,2 | 98,5 |
2. | Вискоздық талшықтар | 53,6 | 113,3 |
3. | Синтетикалық жіптер | 1337,4 | 107,5 |
4. | Синтетикалық жіптен жасалған маталар | 2219,4 | 91,6 |
5. | Аралас жіптен жасалған маталар | 339 | 83,3 |
Ескертпе: Мәліметтер [60] дерек көзі бойынша есептелген.
29 кесте мәліметтерінен көрініп тұрғандай, 2001-жылы Қытай синтетикалық штательді иірілген жіптен, әсіресе, аралас жіптен және синтетикалық жіптен жасалған маталар экспорты күрт өсті.
Негізінен, 2001-жыл2 000-жылмен салыстырғанда синтетикалық жіптен жасалған маталар экспорты көлемі бойынша 35% және құны бойынша 48%, экспорт бірлігінің орташа құны 6%, Метіріне 70 пайызға артты.
Натуралдық өлшем бірлігі бойынша штапельді вискоздық иірілген жіп бойынша 26,8%-ға, аралас жіптерден жасалған маталар бойынша 1,7%-ға, штапельді вискозды маталар бойынша 16,5%-ға, вискоздық талшықтар бойынша 7,5 % -ға, синтетикалық жіп бойынша 4,1%-ға, синтетикалық жіптен жасалған маталар бойынша 4,7%-ға, аралас жіптен жасалған маталар бойынша 14,9%-ға төмендеу байқалады [61].
Қытайда тоқыма және кілем өнеркәсібі қызметінің ұйымдастыруы басқа елдерге қарағанда назар аударатын ерекшеліктері бар: мерзімінде арзан электр энергиясын пайдалану, жұмыстың үш ауысымдық мерзімде үздіксіз ұйымдастырылуы, жұмыскерлердің басым бөлігі әйелдер болғандықтан, оларға әлеуметтік жағдайлардың жасалуы.
Жоғарыда айтылған маталардың Еуропалық Одақ елдеріне экспорты сандық қатынаста 55%, Корея Республикасына 10% және Мексикаға 2,9 есе артқан (30 кесте).
30 кесте - Синтетикалық жіптен жасалған маталардың қытайлық экспорты
| Көрсеткіштер | 2001 -жыл | ||
млн. метр | млн. доллар | 1 метрдің орташа бағасы, цент | ||
1. | Барлығы | 1804,32 | 1270,06 | 70 |
2. | ЕО елдері | 294,7 | 287,14 | 97 |
3. | Гонконг | 236,82 | 150,34 | 63 |
4. | БАӘ | 192,88 | 131,94 | 68 |
5. | Корея Републикасы | 112,72 | 54,96 | 49 |
6. | Мексика | 108,44 | 65,74 | 61 |
Ескертпе: Мәлшеттер [62] дерек көзі бойынша есептелген.
Жапониядағы полиэфирлі жіп маталардың өндірісі бірқатар префектурада 2001 -жылдың қаңтарынан бастап төмен деңгейде болды [63]. Маталар және дайын өнімдер запастырының азаюы себебінен полиэфирлі маталар бойынша ұсыныспен сұраныс арасындағы тепе-теңдік айтарлықтай өзгерген жоқ, бірақ олардың бағасы төмендей түсті (31 кесте).
2000-жылы, синтетикалық маталардың жапон нарығында ішкі және экспорттық сұраныстың әлсізденуі байқалды. Жапонияның тоқыма экспорттаушыларының Ассоциясының мәліметтері бойынша, көрсетілген маталар экспорты 2001ж қаңтар шілдесінде 3% төмендеп, алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Шамамен 360 млн. м қүрады. Мұнда, АҚШ-қа жіберетін жеткізілім 22%, Еуропа елдеріне - 10%, және БАӘ-не - 4% қысқарды. Қытайға шығарылатын өнім 19%-ға және Вьетнамға 61%-ға өсті, себебі ол маталар жапон фермаларының тапсырыстары бойынша өндірілетін дайын өнімдерге бағытталған. Жапон ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, ҚХР-на Жапонияға киім түрінде қайта реэкспортталатын полиэфирлі маталардың жапон экспортының 40% келеді.
31 кесте - Жапонияның тоқыма өнімдерімен сыртқы саудасы
№ | Көрсеткіштер | 2001 жыл, млн. доллар | 2000 жылға %-бен есептегенде |
I | Экспорт | ||
1. | Штапельдік, химиялық талшықтар: - синтетикалық - целлюлоздық |
761,2 257,8 |
93,8 101,3 |
2. | Синтетикалық талшықтан иірілген жіп | 793,8 | 92,5 |
3. | Целлюлоздық талшықтан иірілген жіл | 118 | 74,5 |
4. | Синтетикалық жіптен жасалған маталар | 1932,8 | 90,8 |
5. | Целлюлоздық жіптерден жасалған маталар | 394,2 | 80,7 |
II | Импорт | ||
1. | Химиялық талшықтардан иірілген жіп | 196 | 104,9 |
2. | Штапельдік талшықтардан иірілген жіп | 154,8 | 88,1 |
3. | Химиялық жіптерден жасалған мата | 103 | 90,7 |
4. | Штапельдік иірілегн жіптен жасалған маталар | 119,6 | 91 |
Ескертпе: Мәліметтер [63] дерек көзі бойынша есептелген.
Натуралдық өлшем бірлігімен есептегенде целлюлозадан иірілген жіп, синтетикалық және целлюлозалық талшықтардан иірілген жіп, синтетикалық және целлюлозалық жіптерден жасалған маталар бойынша экспорт төмендеген. Импорттауда тек қана химиялық талшықтардан иірілген жіп бойынша артуды көруге болады. Жапонияда химиялық талшықтардан жасалған маталарға деген баға иенамен есептегенде 2001-жылы тұрақты деңгейде болды, алайда долларлық эквивалентінде төмендеу жағына қарай ауытқуы байқалады.
Тайваньда полиэфирлі жіптен жасалған синтетикалық маталар экспорты 2001-жылы 2000-жылмен салыстырғанда көлемі бойынша 5%, ал құны бойынша -1,46 млд.долларға азайған. Азаю себептерінің арасында Таяу және Орта Шығыс елдеріне деген жеткізілімдердің тоқтатылуы, сонымен қатар АҚШ-тың шығыс жағалауларына деген жеткізілімдердің лаңкестермен жасалған Қыркүйектегі шабуылына байланысты тоқтатылуы көрсетіледі.
Стандартты ассортименті синтетикалық маталардың бағасы Тайваньнан экспортты қоса алғанда төмендеуі, дамыған елдер нарығында, сонымен қатар Таяу Шығыс аймақтарындағы сауда жағдайының нашарлауын көрсетеді [64].
Тоқыма өнеркәсібі жұмыбастылық бойынша АҚШ экономикасының ең маңызды секторларының бірі (450 мың адам). Соңғы жиырма жыл бойы созылып келе жатқан тоқыма өнеркәсібінің біртіндеп құлдырауы азиялық дағдарыстан соң толығымен күйреумен аяқталды. 1999-жылдан бері 215 тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорны жабылып, 177 мың адам жұмысынан айырылды - бұл болат құю өнеркәсібіндегі жұмыскерлердің жалпы санынан артық. Тоқыма өнеркәсібінің сауда балансы АҚШ үшін кері сальдоға келеді, бүл 2001-жылы 16,7 млрд. долларды қүрады, ал дайын киімді қосқанда -33 млрд. доллар. Оның үстіне, дайын киім өндірісі біртіндеп шетелге ауысып отыр [65].
Саланың негізгі мәселелері, тоқыманы өндірушілердің Американдық институты сарапшыларының пікірінше, әділетсіз бәсекеден және валюталық бағам саясатынан шығады, әсіресе бұл азия елдеріне қатысты. Бұл теорияны жақтаушылар техникалық қайта жарақтанумен байланысты саладағы еңбек өнімділігінің артуын көрсетеді.
АҚШ әкімшілігі саланы кез келген мүмкін болатын жолдармен қолдау көрсетуді жалғастыруда. Егер еркін сауда нақтылық сипат алатын болса, америка тоқыма өнеркәсібі (кейбір жоғары технологиялық компаниялардан басқалары), америка аяқкиім өнеркәсібі сияқты жоғалып кетуі мүмкін. Тоқыма өнеркәсібі АҚШ-та көптеген дамыған елдердегідей, отандық тоқыма бүйымдарын жоғары тарифтермен, квоталармен қорғалғандығының арқасында әлі де жан сақтап тұр.
Тоқыма өнеркәсібі - рұқсат етілген импорттың жалпы көлемін квоталау мөлшері әлі күнге дейін қолданылатын бірден-бір ірі сала. Квоталау тәртібінің әсері 2005-жылдың қаңтарында аяқталады, бұл АҚШ өзінің халықаралық міндеттеріне сәйкес осы тауар тобы бойынша қалған квотадан бастартуға міндетті күн.
БСҰ-ның тоқыма мен киім жөніндегі келісімі және жаңа аймақтық сауда келісімдері, олардың жасалуы президент әкімшілігінің сауда саясатының мақсаттарының бірі болып табылады. Тоқыманы өндірушілердің Америка институты, әкімшілік тоқыма және дайын өнімге қатысты арнайы мақсаттар мен нұсқаулар, оның ішінде импорт тарифтерін бекіту және Азияның дамушы елдеріне олардың тарифтерді төмендетуін және саудаға жатпайтын кедергілерін аластатуына қол жеткізу үшін белсенді қысым көрсететін шешімдер қабылдауы керек деп нықтап отыр. Сонымен қатар, американдық сарапшылар жаңа келісімде Америка елдері үшін өнімнің шығу елі жайлы қатаң ережелер болуы керек деп есептейді.
АҚШ БСҰ-да өз тоқыма өнімдеріне Азия және Латын Америкасы елдерінің (Үндістан, Пакистан, Филиппиндер, Таиланд, Индонезия, Бразилия және Аргентина) нарықтарын ашқызуға тырысуда, олар американдықтардың ойынша, американ тоқымасын енгізуге жоғары тарифтік және тарифтік емес тосқауыл қойып отыр. КАТО институтының бағалауына қарай, АҚШ-тағы қолданыстағы тоқыма импортына қойылған квоталар мен тарифтер американ тұтынушыларын жыл сайын 10 млрд. доллар шығынға ұшыратады. Тоқыма өнеркәсібі - "бейімдеу көмегі" федералды бағдарламасының шеңберінде көмекті алушылардың ең ірісі [66].
Еуропалық одақ елдерінде тоқыма және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қосылған құның 3%-ын құрайды, жұмыспен 2,2 млн. адамдарды қамтамасыз етеді, яғни жұмыс орындарының 8%-н қамтиды. Әрине, бұл салалар еуропалық елдер экономикасында маңызды орын алады.
Литваның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында 55 мың адам жұмыс істейді, олар елдің өнеркәсіп өнімінің 18%-ын өндіреді. Жеңіл өнеркәсіп тауарларының экспорты ел экспортының 20%-ын құрайды. Экспорт көлемі жылына 0,8 млрд.доллар құрайды. Экспорт көлемі жыл сайын 4-5%-ға өсіп отыр. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өндірілген өнімнің 88%-ын экспорттайды [67].
2001-жылы ЕО елдеріне экспорт 2000-жылмен салыстырғанда 9 % -ға өсті және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының жалпы экспортының 83%-ын құрайды. 2002-жылы Литваның жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 864 млн. долларға, жетті, бұл ел экспортының 20%-ын құрайды. Негізгі сауда кәсіпорындардың әріптестері - бұл Германия, Дания, Ұлыбритания, Швеция, АҚШ, Италия, Франция, және т.б. елдердің фирмалары. Бұрынғы КСРО республикаларына жеңіл өнеркәсіп тауарларының экспорты 5%-ды құрайды, ішкі нарықта шамамен 12 % өнім сатылады. ТМД елдерімен сауда-саттыққа кедергі болатын себептер жалпыға танымал: жоғарғы баж салығы, сауда әріптестерінің төлемқабілетсіздігі, азаматтардың сатып алу мүмкіндігінің жеткіліксіздігі, саяси қиындықтар.
Литваның тоқыма және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы 1991-жылы, республика тәуелсіздігін алған соң құрылған. Қазіргі кезде Қауымдастық 55 мың адам жұмыс істейтін 200-дей фирманы біріктіреді (елдің жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының 80%-ы). Қауымдастық - бұл өзінің басты мақсаты етіп, Литваның жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарына көмекті қоятын коммерциялық емес ұйым. Ол көмек экспортті кеңейтуде, жаңа әріптестер мен нарықтар іздесуден көрінеді. Қауымдастық өз мүшелерінің мүдделерін үкіметте, сонымен қатар халықарлық ұйымдарда көрсетеді. 2001 -жылы Қауымдастық халықаралық тоқымашылар ассоциациясы ЕURАТЕХ құрамына кірді [68].
Ресейде тоқыма және кілем өнеркәсібінің артуы баяулап, 2000 жылдан бастап салада дағдарыс элементтері байқалуда. Ресей Мемлекеттік статистикалық комитетінің мәліметтері бойынша, жеңіл өнеркәсіптің өсуі 2000-жылы 20,9%-ды, ал 2001-жылы 5%-ды құрады. Егер 2000-жылы жеңіл өнеркәсіптің өсу қарқыны өнеркәсіптегі ең жоғары болса, 2001-жылы есепке алынатын 15 саланың сегізі алға шықты, оның ішінде тамақ (8,4%) және машина жасау (7,2%) бар [69].
Тоқыма өнеркәсібінде 2001-жылы 2000-жылмен салыстырғанда өсу қарқынының үлесі 6,7%-ға, тігін өнеркәсібінде 8,8%-ке артты. Тоқыма өндірісінде өнім көлемі 2001-жылы 1999 жылмен салыстырғанда 78%-ға, тігін өнеркәсібінде 31%-ға өсті (32 кесте). 2001-2003 жылдардағы саладағы өндірушілердің бағаны өсіру қарқыны инфляция деңгейінен төмен болды.
32 кесте - 1999-2001 жылдардағы өнеркәсібіндегі өндіріс серпіні (%)
Ресей тоқыма және кілем
№ | Көрсеткіштер | 1999-жыл | 2000-жыл | 2001-жыл | 2001 -жыл 1999-жылға % есебімен |
1. | Тоқыма өнеркәсібі | 127,7 | 130,4 | 106,7 | 177,7 |
2. | Тігін өнеркәсібі | 104,6 | 117,4 | 108,8 | 103,6 |
Ескертпе: Мәліметтер [70] дерек көзі бойынша есептелген.
Тоқыма өнеркәсібінде өсу тек маталардың үш тобы бойынша ғана болды: мақта-мата, зығыр және жүн [70]. Жібек маталар, тоқыма бұйымдарын шығару қысқарды, тюльгардинді бұйымдар, кілемдер шығару азайды. 1998 - 2002 жылдары өндірілген мақта маталарының 20%-ы ТМД елдері мен Батыс Еуропа елдеріне экспортталған. Экспорттық мүмкіншіліктерді толық пайдаланбау ресейлік тауарлардың әлемдік нарықтағы төмен бәсеке қабілеттілік деңгейімен байланысты - қазір кезенде ресейлік тоқыма және тігін кәсіпорындарының 34%-ы өздерін ішкі нарықта, 24%-ы ТМД елдерінің нарығында, 7%-ы - әлемдік нарықта бәсеке қабілетті санайды [71].
Тігін өнеркәсібінде көйлек пен юбка өндірісі қысқарды, шалбар бойынша өсу қарқыны төмендеді, киімнің бұл түріне алдыңғы екі жыл бойы өсудің жоғары қарқыны болған (33 кесте).
Дайындауы күрделі және бағалы пальто мен костюмдер 18%-ға жоғарылады, олардың өндірісі 2001-жылға дейін байқалмаған болатын. 2000-жылы өндірілген өнімнің 98%-ы өткізілді. Қоймаларда 1 млрд. рубльға өнім қалды, ал барлығы 2001-жылдың басында дайын өнім қалдықтары Ресей Мемстатком мәліметтері бойынша 5 млрд рубль құрады.
33 кесте - Ресей жеңіл өнеркәсібінің өнім түрлері бойынша көрсеткіштер серпіні
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2000 жыл | 2001 жыл | 2001-жыл 2000-жылға % есебімен |
I | Тоқыма өнеркәсібі |
|
|
| 106,7 |
1. | Маталар, барлығы | млн.м.кв. | 2328 | 2617 | 112,4 |
2. | оның шінде: - мақта -мата - зығыр - жүн - жібек | млн.м.кв. |
1821 113 54,4 178 |
2028 124 56,4 173 |
114,6 110,0 103,7 97,3 |
3. | Токыма өнімдері | млн.дана | 121 | 119 | 98,5 |
II | Тігін өнеркәсібі |
|
|
| 108,8 |
1. | Пальтолар | мың дана | 2336 | 2593 | 111,0 |
2. | Костюмдер | мың дана | 4542 | 5060 | 111,4 |
3. | Көйлектер | мың дана | 8400 | 6100 | 72,6 |
4. | Шалбарлар | мың дана | 14876 | 14921 | 100,3 |
5. | Жейделер | мың дана | 5215 | 6070 | 116,4 |
Ескертпе: Мәліметтер [72] дерек көзі бойынша есептелген.
2001-жылы Ресей Мемстатком мәліметтері бойынша тоқыма және кілем өнеркәсібінде бұйымдарды 1678 кәсіпорын шығарды, олардың 156-сы өндірісті сол жылы бастады. 2001 жылы дәрменсіз кәсіпорындар үлесі 43,8%-ды, 2002 жылдың қаңтар-желтоқсанында 55Д%-ды, 2003 жылдың қаңтар-наурызында 45,7%-ды құрады..
Тігін өнеркәсібінде өнім шығарудың өсуі токыма саласында да өсуді арттырды, себебі тігіншілер көбінесе отандық маталарды белсенді пайдаланады. Отандық тігін фурнитураларын пайдалануға өту қысқыштар, түйме және т.б. шығаруды ынталандырады.
Тігін өнеркәсібіндегі өсу сыртқы киімді шығарудағы көп шығынды қажет еткендігімен де түсіндіріледі, бірақ сонымен қатар салыстырмалы жоғары тиімділік әкеледі. Сондықтан, соңғы уақытта жаңа цехтар құрылды, қосымша қуаттар енгізілді. Ресей тігіншілерінің асортиментті саясаты соңғы жылдары жария болып келеді, ол сатып алушылар мүдделерін басты назарға алады.. Ресей тігіншілерінің өнімі сапасы бойынша және сәнге сәйкестігі бойынша импорттық балама тауарларға ұқсас болып келеді [73].
Бірақ, тігуде қазіргі заманға, сәнге сай маталар қажеттілігі қанағаттандырылмайды, бұрынғыдай тор түсті үйлесімсіз, көбінесе қара және сұр түстермен шектеледі. Ресей тігін өнеркәсібінің жетістіктеріне қарамастан, импортқа деген қажеттілік әлі жоғарғы деңгейде. Тоқыма бұйымдарының импортының көлемі өсті. Бір жыл бұрын, матадан дайындалған киімдер тоқыма бұйымдарына қарағанда 2 есе көп сатылып алынды, оның үстіне импорттың жартысынан көбі Италияға, Германияға, Түркия мен Қытайдан келеді.
Біз қарастырған елдердің тігін және тоқыма өнеркәсібінің дамуынан жасаған корытындыларымыз мынадай:
- Тоқыма және кілем өнеркәсібі кейінгі жылдары дамушы елдерде
қарқынды дамып келеді. Бұл жағдайға сол елдегі еңбек ақының
төмен деңгейі мен арзан шикізат бағасы оң әсер етуде, елдердің
қалыпты саяси жағдайы осы салаға инвестицияны тарту үшін
қолайлы болып тұр.
- Дамушы елдерде экономикасы дамыған елдерге қарағанда
тоқыма және кілем өнеркәсібі дамуының өз кемшіліктері бар.
Оларға мыналар жатады: электр энергиясының төмен сапасы,
кәсіпорын құрылысының ұзақ уақытқа созылуы, жұмыскерлердің
біліктілігі, жоғары технологиялардың шет елдерден әкелінуі.
- Экономикасы дамыған елдерде кілем және тоқыма өнеркәсібінің
даму қарқыны төмендегені анықталды. Дамушы елдерден келетін
импорттық кілем және тоқыма өнімдері дамушы елдерде
шығарылатын өнімдерден сапасы жағынан кем түспейтін
болғандықтан, дамыған елдердің отандық тоқыма және кілем
өнімдерін нарықтан тысқырып отыр. Дамыған елдерде кілем және
тоқыма өнеркәсібін қолдау үшін арнайы бағдарламалар жүзеге
асырылып, импорттан келетін тоқыма және тігін өнімдеріне
шектер, квоталар қойылған.
-Бүкіл әлемдік сауда үйымы өзіне мүше елдерге кілем және тоқыма бұйымдары бойынша қосымша даму жолын ашып отыр. Осы халықаралық үйымның ережелері Азия дамушы елдері үшін қосымша нарық көзін ашып берді.
- Тоқыма және кілем өнеркәсібінің әлемдік даму беталысында
жұмыскерлері саны 100-ден артык, бірақ 1000 аламнан аз, икемді
технологиямен жабдықталған, тапсырыстарды дәл уақытында
орындайтын, шағын және орта кәсіпорындардың санының артуы
қызуғышылық туғызады.
Қазақстан Республикасында кілем және тоқыма өнеркәсібінің, экономиканың осы бір маңызды саласының дамуын, ондағы даму ерекшеліктерін әлемдегі кілем және тоқыма өнеркәсіндегі даму деңгейде екені анықталды.
"Алматы кілем", "Алматы мақта" ЖШС, дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясын жасау үшін біз экстрополяция, бюджеттеу әдістерін пайдаландық. "Алматы кілем" кәсіпорынында дағдарысқа қарсы басқару механизмінің стратегиясын жасау үшін дамудың келесі вариантын ұсынамыз: импортты алмастыру бағдарламасы бойынша кілемдер өндірісін модернизациялау үшін несие алу ұсынылады. Жобаның мақсаттық бағыты тарау, тоқу құрал-жабдығын алу және орнату. Несие көлемі 1 млн. АҚШ доллары көлемінде, несиелеу мерзімі 7 жылға бекітіледі. Пайыздық ставка мөлшері 11%. Несиені игеру транштар бойынша алдыңғы 6 айда өтеді, жеңілдік кезеңі алғашқы 15 ай, негізгі қарызды қайтару әр алты жүргізіледі. Несиені уақытынан бұрын қайтаруға болады.
Жоба жоғары технологиялы, қазіргі заманға сай электрондық жаккардтық машиналары және басқармалы компьютері бар кілем тоқитын станоктарды алуды қарастырады. Осы станоктардың өнімділігі жылына 90000 кв.м бола отырып, фабрика бұрын шығармаған тығыздығы жоғары кілемдерді шығаруға мүмкіндік береді. Кілемнің осы түрін шығару арқылы нарықтың жаңа сегменттерін игеруге,импортты алмастыратын және экспорт бағытты өнім шығаруға және шетелдерден келген импортты кілемдер жаулап алған нарық бөлігін қайтадан қайтып алуға болады. Тығыздығы әдеттегідей кілемдерді шығару бұрынғы көлемде қала бермек. Өнім сапасының жоспарлап отырған деңгейіне шығу, тоқыма станогын, тарау құралын сатып алу үшін инвестициялық көмек керек. Жаңа құрал-жабдықтың әсерінен өнімнің өзіндік құны азаяды, бәсеке қабілеттілігі артады, жаңа жұмыс орындары ашылады. "Алматы кілем" экономикалық қауіпсіздік стратегиясының жобасына қажетті капиталдың қалыптасуы 34 кестеде көрсетілген (1 АҚШ доллары 155 теңгеге тең деп алдық).
Жобаның қалыптасуына 1844503 АҚШ доллары қажет, өндірістік емес шығындар 1935 доллар, өндірістік шығындар 117000 доллар шамасында болмақ. 1 млн теңге жаңа құрал-жабдықты алуға жұмсалса, персоналды оқыту үшін 20000 доллар, суретті дайындайтын станция 97000 доллар болмақ. Жоба капиталының қалыптасуына қажетті жетіспеген қаржыны меншік қаржыларынан төле қарастырылып отыр.
34 кесте - "Алматы кілем" АҚ-ының инвестициялық жобасы капиталының қалыптасуы
1 доллар=155 теңге
№ | Көрсеткіштер | Меншікті қаржы салымдары | Алынатын инвестиция | Барлығы |
|
| теңге | доллар | доллар |
1. | Негізгі капитал |
|
|
|
2 | Ғимараттар, үйлер және жер | 934000000 |
| 602581 |
3. | Компанияның қолда бар құралы | 55333000 |
| 356987 |
4 | Сатып алынатын құрал-жабдық |
| 883000 | 883000 |
5. | Айналым қаржылары |
|
|
|
6. | Қоймадағы дайын өнім, шикізат және материалдар | 50200000 |
| 323871 |
7. | Барлығы |
|
| 2166438 |
8. | Өндірістік емес шығындар |
|
|
|
9. | Кедендік баж салықтары | 300000 |
| 1935 |
10 | Барлығы | 300000 |
| 1935 |
11 | Өндіріс алдындағы шығындар |
|
|
|
12 | Персоналды оқыту |
| 20000 | 20000 |
13 | Суретті дайындау станциясы |
| 97000 | 97000 |
14 | Оқыс шығындар | 2200000 |
| 14194 |
15 | Барлығы | 201432288 | 1000000 | 2299567 |
Кілем тоқитын жаңа станокта жұмыс орындары ашылатын болғандықтан, біз ары қарай қанша персоналдың қажет екенін,орташа айлық еңбек ақы мөлшерін жоспарлап, келесі 34 кестеде көрсеттік.
35 кесте -"Алматы кілем" АҚ-да жаңа кілем тоқу станогы үшін қажетті персонал
№ | Персонал лауазымы | Персонал саны, адам | Айлық еңбекақы, теңге | Еңбек ақы қоры,теңге | ||
1 смета үшін | Сменалар саны | Барлығы | ||||
1. | Цех бастығы | 1 | 1 | 1 | 35000 | 35000 |
2 | Инженер-ситемотехник | 1 | 1 | 1 | 35000 | 35000 |
3. | Мастердің көмекшісі | 1 | 1 | 1 | 30000 | 30000 |
4 | Есепші | 1 | 1 | 1 | 17000 | 17000 |
5. | Тасымалдаушы | 2 | 1 | 2 | 16000 | 32000 |
7 | Тоқымашы | 1 | 3 | 3 | 28000 | 84000 |
8. | Ставилыцик | 2 | 3 | 6 | 24000 | 144000 |
8. | Инженер-жүйеші | 1 | 3 | 3 | 28000 | 84000 |
9. | Барлығы |
|
| 18 |
| 461000 |
Жоғарыда келтірілген кестеде бір сменаға қажетті жұмыскерлер саны, сменалар саны, жұмыскерлердің еңбек ақысы, және еңбек ақы қорының бір айлық мөлшері көрсетілген. Осылайша, жаңа кілем тоқитын станокгы игеру үшін 18 жұмыскер, жалпы еңбек ақы қоры айына 461000 теңгені кұрайды.
Енді несиені игеру жоспарын жасайық. Жоғарыда несиені игеру алдыңғы алты айда жүргізіледі десек, айлар бойынша несиені игеру 13-кестеде көрсетіледі.
36 кесте - "Алматы кілем" АҚ-да несиені алдыңғы алты айда игеру жоспары
АҚШ доллары
| Көрсеткіштер | 1-ай | 2-ай | 3-ай | 4-ай | 5-ай | 6-ай | Барлығы |
1. | Құрал-жабдық бойынша бірінші төлем | 240000 |
|
|
|
|
| 240000 |
2 | Суретті дайындау станоктарын алу | 57000 |
| 40000 |
|
|
| 97000 |
3. | Мамандарды оқыту |
| 20000 |
|
|
|
| 20000 |
4 | Тарау аппараттарын алу |
|
|
| 55000 | 55000 |
| 110000 |
5. | Құрал-жабдық бойынша екінші төлем |
|
|
|
|
| 533000 | 533000 |
6. | Барлығы | 297000 | 20000 | 40000 | 55000 | 55000 | 533000 | 1000000 |
Ескертпе: Дайындаған автор
Несиені игеру жоспары 6 айға есептелген. Бірінші айда құрал-жабдық бойынша 30%-дық төлем төлеу және сурет салу станциясын сатып алу көзделген. Екінші айда осы станокта жұмыс істейді деген мамандарды оқыту жүргізіледі. Персоналды оқытып болған соң, сурет салу станогының қосалқы бөлшектерін төртінші айда орнатады. Тарау аппараттарын алу 4 және 5-айларға жоспарланып отыр. Соңғы алтыншы айда кілем току станогының қалған бөлшеттері сатып алынып, өндіріске орнатылады.
Тығыздығы жоғары жаңа технологиялы құрал-жабдықты орнатқан соң, кәсіпорын сапасы әлемдік стандарттарға сай, өнім шығаруды көздеп отыр, өнім көлемін екі есеге арттырмақ жоспары бар.
"Алматы кілем" АҚ-да несиені игеру қолайлы жағдайларда өтетін болса, таза табыс көлемі арта түспек. Табыстылықтың жобалық көрсеткіштері 37 кестеде келтірілген.
Несиені ойдағыдай игеру жағдайында тығыздығы жоғары кілемдерден түскен табыс 1531510 долларды, ал әдеттегідей тығыздықты кілемдерді сатудан түскен табыс мөлшері 2276129 доллар құрауы тиіс
37 кесте - "Алматы кілем" АҚ-ның болжамдық табыстылығы
№ | Көрсеткіштер | Болжамды сомасы | |
|
| теңге | доллар |
1. | Жай кілемдерді сатудан түсетін табыс | 3528000000 | 2276129 |
2 | Тығыз кілемдерді сатудан түсетін табыс | 237384000 | 1531510 |
3. | Басқа тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін табыс | 10080000 | 65032 |
4 | Ғимаратты жалға беруден табыс | 3780000 | 24387 |
5. | Басқа да табыстар | 3780000 | 24387 |
6. | Барлығы | 607824000 | 3921445 |
7 | Дайын өнімнің өзіндік құны (жай кілемдер) | 278600000 | 1797419 |
8 | Дайын өнімнің өзіндік құны (тығыз кілемдер) | 187470000 | 1209484 |
9. | Барлығы | 466070000 | 3006903 |
10 | Салық салынатын табыс | 141800000 | 914542 |
11 | Корпоративті табыс салығы | 42540000 | 274362 |
12 | Таза ақша тасқынының дисконты 17% | 43780100 | 282452 |
Н | Әкімшілік шығыңдар | 20000000 | 129032 |
14 | Таза табыс | 160271000 | 1034006 |
Жоба бойынша таза табыс көлемі 1034006 долларды құрауы керек. Біз жобаның қай кезден басталатыны көрсетпей отырмыз, себебі қазір кәсіпорында инвесторды іздеу процесі жүруде, ал қайтарып беру мерзімі 7 жыл екенін көрсеттік. Несиені алу кәсіпорынның тозған негізгі капиталын жаңартады, нарыққа бәсеке қабілетті өнім шығарылады, қосымша жұмыс орындары ашылады, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етеді.
2006-2008 жылдарға "АММК ТК" АҚ-ның экономикалық тиімділігін бағалайық. Ол үшін көрсеткіштердің өзара пропорционалды тәуелділік әдісін қолдандық. Бұл әдістің негізін кәсіпорын қызметінің маңызды бір көрсеткішін идентификациялап, базалық көрсеткіш ретінде алып, қалған көрсеткіштерді соған пропорционалды "байлап" өсіріп отырамыз деген тезис құрайды. Базалық көрсеткіш ретінде, әдетте өнім өткізуден түскен табыс немесе өнімнің өзіндік құны алынады. Бұл әдісті таңдауымыз логика тұрғысынан дұрыс және өзара байланысты көрсеткіштер серпінін зерттеу барысында қуатталады. Болжау нәтижелері 38 кестеде көрсетіледі.
38 кесте - "Алматы мақта" ЖШС қызметінің 2006-2008 жылдарға болжамды көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2006 ж. | 2007ж. | 2008ж. |
1. | Өнім өткізуден түскен табыс | мың теңге | 776123 | 963550 | 1150977 |
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | мың теңге | 572261 | 686713 | 824056 |
3. | Жиынтық табыс | Мың теңге | 203862 | 276837 | 326921 |
4. | Кезең шығындары | Мың теңге | 112797 | 124077 | 136485 |
5. | Негізгі қызметтен түскен табыс | Мың теңге | 91065 | 152760 | 190437 |
6 | Салық салуға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс | Мың теңге | 91065 | 152760 | 190437 |
7. | Таза табыс | Мың теңге | 63746 | 106932 | 133306 |
8. | Персоналдың саны | адам | 1100 | 1100 | 1100 |
9 | Еңбек ақы қоры | Мың теңге | 175888 | 204762 | 233636 |
10 | 1 жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы | теңге | 13325 | 15512 | 17699 |
11 | 1 теңгеге шаққандағы шығындар | теңге | 0,88 | 0,84 | 0,83 |
Кәсіпорында 2004-2006 жылдары негізгі кызметтен түскен табыс болмайды деп есептедік. "Алматы мақта" ЖШС біз жұмыскерлер саны 2006 -2008 жылдар аралығында өзгермейді деп жобалаймыз, тоқыма және кілем өнеркәсібінде шағын кәсіпкерліктің дамуы қолдау көрсететін басыңқы бағдар болғанымен, Қазақстан бойынша мақта маталарын шығаратын кәсіпорын біреу болғандықтан, кәсіпорынды төлем қабілетсіз, экономикалық қауіпті жағдайда екен деп жауып тастау шешілген сұрақ болмайды. Сондықтан, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қалпына келтіруді бірте-бірте өткізу керек. Осы тұрғыдан несие немесе инвестиция тартудың біз көзін көріп отырғанымыз жоқ. "Темір банк" АҚ-мен болған тартыстан кейін, кәсіпорынның жақын болашақта өз күшіне сүйенгені дұрыс болар деп ойлаймыз. Бірақ, бұл пікір кәсіпорынның "қол қусырып, қарап отырсын" деген түсінік емес, даму бағдарларын маркетингті жақсарту, өнімнің өзіндік құнын азайтудан, реинжиниринг үрдістерін өткізуден іздеу керек деп ойлаймыз. Қарастырылып отырған жылдары кәсіпорын қызметінен оң нәтиже алады деп болжап отырғандықтан, таза табыстан түскен қаржы көлемін негізгі капиталды модернизациялауға бағыттаған ұтымды шешім болар еді.
"Алматы кілем" АҚ-ның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үшін басты назарды келесі бағыттарға аудару керек:
- негізгі капиталды жаңарту, мүмкіндігінше жоғары технологиялық станоктарды өндіріске енгізуге ұмтылу;
- кәсіпорындағы жоспарлау деңгейіне көңіл аудару, жоспарлардың орындалуына тырысу;
- әкімшілік шығындарын төмендету;
- өнімнің сапасын арттыру;
- маркетингтік қызметті жандандыру;
- өнім өткізудің дилерлік желісін бекіту.
"Алматы мақта" ЖШС экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында реинжиниринг үрдісін өткізу керек. Реинжинирнгтің объектісі болып, кәсіпорын емес, өндірістік процестер табылғандықтан, маркетинг немесе өндірістік бөлімшелер емес, олардың жұмысы қайта бағдарланады. Кәсіпорындағы реинжинирингке жататын үрдістерді анықтау үшін ІSO 9001 сапа жүйесін жалпы бағдар ретінде қабылдауға болады. Осы стандартта кәсіпорынның барлық бизнес-функцияларының сапасы қамтылған:
1. Басшылықтың жауапкершілігі;
2. Сапа жүйесі;
3. Мәмілелереді талдау;
4. Жобалауды басқару;
5. Құжаттарды басқару;
6. Шикізаттарды сатып алу;
7.Тұтынушыларға ұсынылатын өнім;
8. Өнімді идентификациялау;
9. Үрдістерді басқару;
10. Сынақтарды бақылау және өткізу;
11.Бақылау, өлшеу қүрал-жабдығы;
12. Бақылау және сынаудың мәртебесі;
13. Сәйкес емес өнімді басқару;
14. Алдын-алу және түзеу іс-шаралары;
15.Тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау, жеткізу;
16. Сапа туралы мәліметтерді тіркеу;
17. Сапаны ішкі тексеру;
18. Кадрларды дайындау;
19.Техникалық қызмет көрсету;
20. Статистикалық әдістер
"Алматы мақта" ЖШС бизнес реинжинирингті төрт кезеңде өткізуге болады: болашақ компанияның бейнесін жасау; компанияның қазіргі моделін құру; жаңа бизнесті жасау; қайта жобаланған үрдістерді енгізу.
Бизнес-инжинирингті өткізу барысында бірнеше шешімді рольдерді бекітуге болады:
- үрдістердің иесі;
- топтың лидері;
- байланысшы (коммутатор);
- топқа қатысушы;
- сыртқы кеңесші;
- үйлестіруші (координатор).
"Алматы мақта" ЖШС бизнес-реинжинирг үрдістерін басау ғана, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуы, олардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету шешуі күтетін маңызды мәселелердің бірі екенін көрсетті. Осы тұрғыда кәсіпорын тұрғысынын, мемлекет тұрғысынын, зерттеушілер тұрғысынан жүргізілетін жұмыс бір арнада жүргізілсе, сала кәсіпорындары әлі де әлемге аты шыққан компаниялармен бәсекелес болатынына сеніміміз мол.
Қазақстан Республикасы тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету бағыттарын ұсыну үшін, бұл саладағы қатерлердің себептері мен салларларына тоқтала кеткен жөн. Осы жерде себептерді өзара байланысты екі топқа бөліп көрсеттік.
Бірінші топтың себептері - қазақстандық тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық деңгейі. Осы топта шетел тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының деңгейіне сәйкестендіре отырып, жеті көрсеткішті анықтадық.
1. Кәсіпорындардың мамандануы. Шетелдің көптеген тоқыма
және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындары өнім түрлері бойынша
әмбебептылығымен ерекшеленіп, әртүрлі талшықтар мен жіптерден
маталар, тоқыма бұйымдарын, маталық емес өнімдер өндіріп, осы
арқылы сұраныс пен сән беталысына оңтайлы бейімделе біледі.
Біздегі тоқыма өнеркәсібіндегі фабрикалар талшықтар және
маталар түрлері бойынша қатаң бөлінді (мысалы: Қарғалы шүға,
Алматы мақта-мата комбинаттары). Қазір кәсіпорындардың
талшықтар мен маталар топтары бойынша мамандануы бәсеңдеп,
кәсіпорындар нарық талаптарына жақсы бейімделе бастады.
2. Өндірілетін өнім құрылымы. Шетелдік тоқыма және кілем
өнеркәсібінің өнімдерінде тоқыма және маталық емес өнімдер
үлесі көбірек, олардың өндірісі маталармен салыстырғанда аз еңбек
сыйымды. Қазақстанның тоқыма және кілем өнеркәсібінде бұл
өнімдердің үлес салмағы аз. Қазір шығарылатын өнім құрылымы
жақсара бастады. тоқыма және тоқыма-галантереялық өнімдер
үлесі жыл сайын артып келеді.
З.Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының көлемі. Шетелдік тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының көбісіндегі адамдар саны 300-ге дейін, нарық талаптарына жедел икемделетін шағын фабрикалар саны басым. Адамдар саны 1000-ға дейін жететін қазақстандық кәсіпорындардың нарықтық талаптарға сай келмеуі экономикалық қатердің бір себебі болды. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің алып кәсіпорындарының құрылымын өзгерту, ұсақтандыру өндіріс шығындарын төмендетуге, нарық талаптарына жедел бейімделуге мүмкіндік туғызады.
4. Технологиялық өндірісті басқаруды компьютерлеу.
Шетелдік тоқыма және кілем кәсіпорындарындағы ақпараттарды
жинау, жоспарлау, өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды
кеңінен компьютерлеу, өндірісті басқару тиімділігін және құрал-
жабдық жұмысының көрсеткіштерін біршама арттыруға мүмкіндік
береді. Қазақстандық кәсіпорындарда бұл элементтерді саусақпен
санарлықтай ғана кәсіпорындарда байқауға болады. Қазір
кәсіпорындарда өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды
компьютерлеу жақсаруда. Бірақ, станоктарды компьютерлеу,
олардың жұмыс параметрлерін оңтайлау, тек қана жаңа заманғы
құрал-жабдық алынған соң жүзеге асырылады.
5. Синтетикалық талшықтарды пайдалану. Шет елдердегі кілем және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары синтетикалык
талшықтар мен жіптерді, әсіресе, тоқыманың тұтыну қасиеттерін
арттырып және өзіндік құнын төмендететін, полиэфирлі
талшықтарды өте кең қолданады. Дамыған елдерде оларды
пайдалану 50%-дан асып кетті. Қазір синтетикалық жіптер мен
талшықтарды пайдалану мүмкіндігі мен қажеттілігі де артып отыр,
енді олардың еркін нарығы пайда болғандықтан, фабрикалардың
оларды оңай сатып алуға мүмкіндігі бар.
6. Маталардың ассортименті мен сапасы. Шет елдік
кәсіпорындар шығаратын ені кең маталардың көп экономикалық
артықшылықтары бар, өндірісте ені 140 сантиметрден асатын
маталар үлесі басым. Бұл маталардың ассортименті нарық
конъюктурасымен қалыптасып және оның әсерінен жедел өзгеріп
отырады. Қазақстан кәсіпорындарындағы дайын маталардың ені
103 см-ге тең болды. Бұрыннан, негізінен, көлемді арттыруға
бағытталған Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібінде
технологиясы жеңіл, қарапайым маталар өндірісі басым болды.
Қазіргі кезде маталардың ені ұлғайтылды, себебі кәсіпорындар
бірте-бірте ескі пневморапирлі станоктарды өндірістен алып
тастауда. Нарықта импорттық маталармен бәсекелесіп, сауда-
саттық жүргізуге тура келгендіктен, маталардың сапасы мен
ассортименті жақсарып келеді. Дегенмен, құрал-жабддықтардың
жағдайы және деңгейімен тежелетін маталардың сапасы мен
ассортиментін ары қарай жақсарту қажеттілігі де бар.
7. Құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы. Шетелдік
тоқыма кәсіпорындары үнемі бәсеке жағдайында болғандықтан,
жұмыс параметрлері компьютерлендірілген жоғары өнімді, жетілген
құрал-жабдықтармен өздерін қамтамасыз етуі қажет. Бұл өз
кезегінде еңбек өнімділігін, өнім сапасын арттырады, өнімнің
өзіндік кұнын төмендетеді. Қазақстандық тоқыма кәсіпорындары
жетілдірілмеген отандық құрал-жабдықтармен жабдықталған
болатын. Тек қана жіп иіру өнеркәсібіндегі машиналар мен станоктар шет елдерден сатып алынатын еді. Соның өзінде де, сатып алынатын машиналар амортизация кезеңінен шығып кеткен болуы мүмкін. Қазіргі кезде құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы одан да нашарлана түсті. Себебі, өткен жылдарда біз айтқан машиналар мен станоктар одан ары моральдық және физикалық түрде тозды. Бұл жағдайдан кәсіпорындарды қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы шығуға болады.
Екінші топтың себептері — кәсіпорындарды басқару деңгейі. Көптеген фабрикалардың басшыларында шикізаттарды сатып алу, маталарды өткізу, қаржы ресурстарын басқару сияқты сұрақтарды шешуде жеткілікті тәжірибелері болған жоқ. Жақсы жүмыс істеп отырған фабрикалар басшылары нарық жағдайларына тез бейімделді, даму стратегаясын бекіту және менеджерлер тобын қалыптастыру арқылы табысқа жетіп отыр.
Бірінші топтың факторларын жақсарту көп қаржы салымдарын қажет етеді және бір күннің немесе бір сағаттың ішінде шеше салатын мәселе емес. Сондықтан олар "инерциялық" факторларға жатады. Екінші топтың факторлары — кәсіпорындарды басқару деңгейін де аз уақыт ішінде түбегейлі өзгертуге болмайды. Осы екі топтың факторларын қазірден бастап, біртіндеп дұрыс жолға қойса, уақыт өте келе жемісін жейтініміз анық [74].
Нарықтық экономика зандары бойынша, бәсеке қабілетсіз кәсіпорындар дағдарысқа ұшырып, бәсеке қабілетті кәсіпорындар қызметін жалғастыруы керек екенін білеміз. Тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі жағдайды талдау, осы саладағы көп кәсіпорындардың дағдарыс жағдайында екенін, бір тобының дәрменсіздік жағдайында екенін көрсетті.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес тоқыма және кілем өнеркәсібі ішкі бағдардағы тоқырау блогына жатады. Осы стратегияда тоқыма және тігін өнеркәсібін қолдау шараларына мемлекеттік сатылымдар жүйесін ұйымдастыру және нарықты теріс пиғылды бәсекеден қорғау жатады.
Алматы қаласының 2010 жылға дейінгі индустриалдық дамуы саясатының регионалдық бағдарламасы бойынша жеңіл өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттары болып:
- кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру;
- жаңа технологияларды игеру арқылы бәсекеқабілеттілікті
арттыру;
- ішкі тұтыну нарығында отандық өндіріс тауарларының үлесін
арттыру табылады.
Саланың дамуы ең алдымен отандық ауыл шаруашылық шикізатты өңдеуге бағытталған қолда бар өндірістік әлеует базасында өткізіледі. Саладағы маңызды міндеттер болып, тиімділігі аз өндірістерді сегментациялау, бейінін өзгерту, солардың базасында шағын және икемді бәсекелесті өндірістер құру табылады.
Селективті қолдаудың негізгі нысандары болып, жеңіл өнеркәсіптің дайын тауарларын конкурстық негізде әскери және соларға теңестірілетін тұтынушыларға мемлекеттік сатып алуларды орналастыру және ұзақ, орта мерзімге несиелеу жатады.
Алматы қаласы жеңіл өнеркәсібін дамытудың мақсатты кешенді бағдарламасын және өткізу концепциясын өткізу жоспарлануда. Маталар, тоқыма полотнолар және жоғары сапалы тігін өнімдерінің өндірісі үшін құрал-жабдықтарды модернизациялау, қаланың жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында: "Алматы мақта" ЖШС, "Алматы тоқыма комбинаты" ЖШС-де жаңа технологиялык циклдар құру керек. Қажетті инвестициялар көлемі 20 млн. АҚШ доллары көлемінде бағаланады [75].
Кілем және тоқыма өнеркәсібінің өз артықшылықтары бар, олардың ішіндегі ең елеулісі: жоғары капитал айналымдылығы. Қазіргі экономикалық жағдайда тоқыма және кілем өнеркәсібіне инвестициялар және инновацияларды салу инвесторлар үшін тартымды болмақ-тоқыма және кілем өнеркәсібіне салынған инвестициялар басқа салаларға қарағанда аз болуы мүмкін және істі білікті түрде жүргізе білсе, аз уақыттың ішінде қайтарып алуға болады. Айналым қаржыларын ұсыну да тиімді, себебі бір жылдың ішінде қаржылардың 4-6 рет айналысы болуы мүмкін.
Тоқыма жөне кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қажет. Тұрғылықты жерлерінде жұмыстан босаған әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету шешуін таппаған сұрақтардың бірі. Оның үстіне,. токыма және тігін өнеркәсібінің құлдырауы ауыл шаруашылық кешенінің, химия өнеркәсібінің және машина жасау саласының өніміне деген сұранысты төмендетті.
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету төмендегідей салалық және салааралық мәселерді шешумен байланысты:
- Мақтаны, зығырды (оның котонизациясы жоғары сапалы аралас
маталарды алуға мүмкіндік береді), химиялық шикізатты, жүнді
өңдеудің жаңа технологияларын, былғары-тері шикізатын (оның
ішінде тігін, автомобиль, жиһаз, тері-галантерея өнеркәсібі үшін)
кеңірек пайдалану негізінде саланың шикізат базасын дамыту;
- Маркетингтік, ақпараттық, жарнамалық қызметтерді, дилерлік
желілерді, өткізуді, бағаларды, қаржылар мен инвестицияларды
басқару бойынша ассоциацияларды дамыту;
- Салада ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, киіз, текемет,
алашалар бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту;
- Мақта-мата және жүн өнімдерінің, өңделген тері, шетелдік
үдемелі құрал-жабдықпен материалдарды пайдаланған тігін
өнімдерінің экспортын дамыту;
- Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарындағы әлеуметтік
сфераның обьектілерін жергілікті бюджеттің балансына беру;
- Қазақстан Республикасында шығарылмайтын құрал-жабдықтар
мен материалдар үшін баж салықтарын төмендету немесе алып
тастау;
- Әскери құрылымдардың, балалар үйлерінің, көмір, мүнай өндіру-
өңдеу өнеркәсіптерінің үдемелі сұраныстарын қанағаттандыру үшін
тендерлер ұйымдастыру;
- Спорт және басқа да мәдени шараларды өткізу үшін түрлі
ассортименті киімдерге сұранысты қанағатгандыру үшін жеңіл
және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарын тарту.
Тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесі мемлекет түрғысында келесідей бағыттарды қамтуы мүмкін:
- Теріс пиғылды бәсекені жою.Қазақстандық нарыққа тоқыма және кілем бұйымдарының кедендік баж төлемдерінсіз және жеңілдікті салық төлеу арқылы түсетін каналдарын жою. Қазақстанның кедендік территориясына импортты тауарды енгізгенде оның құнын төмендетуді жою үшін өнім топтары бойынша ең төменгі бағалар каталогын жасау.
- Салалық лизингтік компанияны құру және сала кәсіпорындарының техникалық қайта жарақтану мәселесін шешуге
мүмкіндік беретін лизингтік операцияларды жүргізуге қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету.
- Жоғары сапалы, экологиялық таза және қауіпсіз өнім шығару
үшін мемлекеттік стандарттарға жаңа техникалық регламенттер, стандарттар, өзгерістер мен толықтырулар, метрологиялық және талдау құралдарын, әдістерін енгізу. Бұл шараны орындау халықаралық стандарттарға сай жүргізілуі керек. Жоғары сапаны анықтайтын сертификациялық орталықтар желісі болуы тиіс.
- Елдің барлық территориясында аймақ аралық көтерме-жеке тауар өткізу желісін құру.
- Кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі екенін ескере отырып, мемлекеттік деңгейде қосымша құн салығына, Қазақстанда шығарылмайтын технологиялық жабдықты және оның қосалқы бөлшектерін ел территориясына енгізгенде кедендік төлемдерге жеңілдіктерді қайта қалпына келтіру.
- Тоқыма және кілем өнеркәсібі ғылыми-зерттеу секторын қайта
қалыптастыруды өткізу.
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының деңгейінде экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді біз келесі бағыттардан көреміз:
- Химиялық талшықтар қосылған, ені 150 сантиметрден асатын
маталар өндірісін ұлғайту.
- Жіп иіру өндірісіне талшықтарды тұту, араластыру үшін
кардотарайтын, ленталық машиналарды енгізу.
- Өндеу (отделка) өндірісіне таза мақта және химиялық талшықтар
мен жіптер қосылған маталарды өңдеу үшін мерзімді және үздіксіз
жұмыс істейтін құрал-жабдықтарды енгізу.
- Жуылған, жуылмаған және карбондалған жүнге және солардан
жасалатын өнімдерге нормативті-техникалық құжаттаманы халықаралық стандарттарға сайлау.
- Сәнді көркем-колористік, жеңілдетілген ерлерге және әйелдерге
арналған пальто, костюмдік маталарды өндіруді игеру және өндіру.
- Түйенің жүнінен жасалатын маталар өндірісін игеру.
- Сән әлемінде тақымал дизайнерлердің лицензиялары бойынша
киім өндірісін ұлғайту [76].
Әлемдік тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын жасалған талдау, синтетикалық талшықтардың, маталардың үлес салмағының артқанын көрсетті. Жасанды талшықтардан жасалған тоқыма және кілем өнімдерінің әлі де арта түсетінін мамандар болжап отыр [77] (38 кесте).
38 кесте — 2040 жылға тоқыма талшықтарын әлемдік тұтынудың болжамы
№ | Талшықтардың түрлері | Өлшем бірлігі | жылдар | |||||
|
|
| 1960 | 1970 | 1980 | 1990 | 2000 | 2040(болжам) |
1 | Жүн | млн. т | 1,5 | 1,6 | 1,6 | 1,7 | 1,5 | 2,0 |
2 | Мақта | млн. т | 9,4 | 12,3 | 14,2 | 18,2 | 20,2 | 33,0 |
3. | (нарықтық үлесі) | % | 64,5 | 53,3 | 46,6 | 45,8 | 37,3 | 21,0 |
4 | Химиялық талшықтар | млн. т | 1,8 | 4,8 | 8,2 | 10,4 | 16,2 | 38,0 |
5. | (нарықтық үлесі) | % | 12,0 | 20,5 | 27,1 | 26,2 | 30,0 | 24,0 |
6. | Химиялық жіптер | млн. т | 1,5 | 4,0 | 5,9 | 8,9 | 15,5 | 85,0 |
7 | (нарықтық үлесі) | % | 10,1 | 17,1 | 19,4 | 22,4 | 28,7 | 53,0 |
8. | Барлығы | млн. т | 14,6 | 23,2 | 30,3 | 39,8 | 54,1 | 160,0 |
9. | Өсу қарқыны (алдыңғы кезеңге шаққанда) | % | - | 4,7 | 2,7 | 2,8 | зд | 2,2 |
10 | Жер шарының тұрғындары | Млр адам | 3,0 | 3,6 | 4,4 | 5,3 | 6,1 | 9,2 |
11 | 1адамға шаққандағы талшықтарды тұтыну | кг/адам | 4,7 | 6,2 | 6,7 | 7,5 | 8,8 | 17,3 |
Ескертпе: Мәліметтер [78] дерек көзі бойынша есептелген.
Кесте мәліметтері химиялық талшықтарды тұтыну жылдан-жылға артқанын, 2040 жылға дейін барлық талшықтар мен жіптердің 50%-ын қамтитын көрсетеді. Тұрғын халықтың санының артуы талшықтарды пайдаланудан аз болуы мүмкін. Демек, Қазақстан Республикасы тоқыма және тігін өнеркәсібінің осы үрдістен өз орнын табуға ұмтылуы қажет.
Тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуының негізі болып, фундаментальды және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері, тауардың тұтынушылық қасиеттерін арттыратын жаңа материалдарды, өнімнің жаңа үлгілерін, жаңа технологияларды жасау жатады. Қазақстан Республикасында жібек, астарлық маталарды, тігін жіптерін, қосымша материалдарды, молния-замоктарды, синтетикалық және жасанды талшықтарды шығаратын бір де бір кәсіпорынның жоқ екенін айта кету керек.
Ауыл шаруашылық кешенін басқару сұрақтары байсалды
ойлануды талап етеді. Мамандану есебімен құрылған, міндетті
түрде сервисті бөлімшелері бар ауыл шаруашылық
кооперацияларын қолдау керек. Сол жағдайда "Өндіріс - өндеу - сақтау — тасымалдау - өткізу" циклы аяқталған тізбек болады.
Ғылыми және инновациялық зерттеулердің басыңқы бағдарлары болып:
- тоқыма өнеркәсібіне ресурс үнемдейтін, экологиялық таза
технологияларды жасау;
- сорбциялық сиымдылығы және селективтілігі жоғары тоқыма
материалдарын және технологияларын ойластыру;
- аз сызықтық тығыздықты жеңілдетілген жартылай жүн
маталарын табу жатады.
Өнеркәсіпте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану "ғылым - өндіріс" тізбегінің қай кезде де осал тұсы болғаны анық. Нарықтық қатынастар кәсіпорындарды ғылыми-техникалық ізденістерді қолдануға мәжбүрлейді деу артық айтқандық болар еді. Бұл мәселе кәсіпорындардың төмен қаржылық жағдайымен, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді ынталандыратын заңдылықтың жоқтығынан ушыға түседі.
Нарықтың дамуы, бәсеке, тұтынушылар талаптары сапа түсінігін кеңейте түсіп, кәсіпорындардың бәсекеқабілеттілік және сенімділік факторы ретінде қарастырылатын болды. Тауар өндірушілер және тұтынушылар арасындағы қатынастар қазіргі кезде тиімді сапаны басқару жүйесін қажет етеді.
Қазір тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдерінің сапасы ҚР-ның "Стандарттау туралы", "Сертификаттау туралы" заңдарына және "Сапа" бағдарламасына сәйкес жүргізіледі [79, 80, 81]. Аталған зандар мен бағдарламаның басты мақсаттары адам өміріне, қоршаған ортаға қауіпсіз және бәскекеқабілетті өнім өндіру болып есептеледі.
Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы ұйымдар мен кәсіпорындарда халықаралық сапа стандарттары талаптарына көшу әлуеті бар. Қазір көптеген кәсіпорындарды менеджмент жүйесі жұмысының дұрыстығы және ақырғы өнімнің сапасы толғандырады. Сондықтан сапа менеджменті жүйесін енгізу процессі өзекті болып отыр. Халықаралық деңгейде сапа менеджменті деген атауға ие болған жүйенің негізіне халықаралық сапа стандарттары, менеджменттің өзары байланысқан жүйесі және сапаны жалпы басқару жүйесі жатады [82]. ISO халықаралық стандарттары жалпы сипатта болады және өнеркәсіптің немесе экономиканың нақты саласынан тәуелді болмайды. Ұйым қажеттіліктерінің әртүрлілігіне байланысты халықаралық стандарттар мақсаты сапа жүйелерінің біртүрлілігін қалыптастыруда емес.
Сапа жүйесін тұрғызу және тәжірибеде қолдану нақты ұйымның міндеттерімен, өнімімен, процестерімен және жеке тәсілдемесімен анықталады. ISO халықаралық стандарттары сапа жүйесі қандай элементтерден тұратынын көрсеткенмен, нақты кәсіпорын қалай өткізетінін көрсетпейді. Тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру және тиімділікті барынша қамтамасыз ету үшін сапа жүйесінің қызметтің немесе ұсынылатын өнімнің нақты түріне сай келуі керек [83].
Бұл жүйе тек кәсіпорынның ішкі құрылымын жақсартып және тиімділігін арттырып қоймай, әлемге танымал ISO халықаралық стандартын алуға да мүмкіндік береді. Мысалы: ISO 9000 стандарты бойынша сертификацияланатын компаниялар мемлекеттік жәке жеке тендерлердің тұрақты қатысушы болып қалады. ISO 9000:2001 стандартының мәні өндірістік процестерді үнемі жақсартуды білдірсе, ISO 14001 сертификациялық жүйесі бар компанияның үшін тұтынушыларға, жергілікті халыққа, үкіметке және қоғамға жолы ашық [84].
Осы ISO жүйесін енгізу процесіне кәсіпорындардың көп санын тартып қана қоймай, оларда болатын қайта құрылымдаудан қорықпау қажеттігін айту орынды. Қазақстандағы бірлескен немесе шетел компаниялары тоқыма және тігін бұйымдарымен жабдықтайтын отандық кәсіпорындарды тандағанда, халықаралық стандарттар бойынша сапа сертификатының болғаныны тартымды. Өкінішке орай, кәсіпорындар көп жағдайда оны ұсына алмайды.
Қазір бұл стандарттар әлемнің 73 елінде қолданылады. Қазақстан Республикасында ISO 9000 стандарттарын енгізіп, ҚР СТ ISO 9000-2001 талаптарын дайындады. І8О халықаралық стандарттарын енгізуге әрбір кәсіпорын ерікті болғанымен, оны енгізу қажеттілігін нарық талаптары анықтап отыр. ISO 9000-2001 талаптарын кәсіпорынға енгізу сапаны жалпы басқару негіздеріне сәйкес және 4 деңгейде жүргізіледі:
1. Стандартқа сәйкестігі;
2. Пайдалануға сәйкестігі;
3. Нарықтың нақты талаптарына сәйкестігі;
4. Ерекше талаптарға сәйкестігі [85].
Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындарында, оның ішінде біз "Алматы кілем", "Алматы мақта" ЖШС, ІSO халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жұмыстар әзірше тек бағдарда ғана бар. 2003 жылдың 7-қарашасында Алматы қаласында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар Қауымдастығы өткізген "ІSO стандарттарын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында енгізу" семинарына қатысқан тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындары басшылары халықаралық стандарттарды кәсіпорындарға енгізу қажеттілігімен келісті.
Әлемге танымал стандарттарды енгізу халықаралық сауда және өнеркәсіптік қатынастарына жол ашады. Бұл сондай-ақ, Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына кіруді оңтайландырады.
Әлемдік экономикада терең өзгерістер болып жатыр. Олардың сипаты мен серпініне баға беру үшін белгілі бір уақыт мерзімі қажет емес. Қазірдің өзінде де бүл өзгерістердің сипаты анықтальш келе жатыр, олардың барлығы да ғаламдандырумен тікелей байланысты. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің әлемдік дамуында келесідей бағдарларды анықтадық:
- тоқыма және кілем өнеркәсібі азия елдерінде қарқынды дамып келеді, оған еңбек ақының, энергияның төмен болуы әсер етіп, экспорттық мүмкіншіліктері мен өндірістік әлуеті жыддан-жылға арта түсуде;
- орта сапалы, көлемі шектелмеген өнімдер Еуропалық Одақтан,
АҚШ-тан, Жапониядан тыс мемлекеттерде өндірілуде;
- дамушы елдердің шығаратын тоқыма бұйымдарының сапасы жоғарылауда;
- экономикасы дамыған елдерде технологиясы күрделі, сәнді, модельдік бұйымдар өндірісі даму үстінде.
Дамушы индустриалдық елдердегі фабрикаларды қаржыландырудың нұсқасын зерттей келе, А.Ормирод бүл тәжірибенің дамыған елдер үшін де пайдалы болатынын айтады. Қаржыландырудың жалпы формуласы келесідей: кәсіпорын капиталының 51%-ы меншік капиталы, 49%-ы қарыз капиталы, өтеу мерзімі 2-3 жыл болуы керек. Қаржыландырудың осы нысанын Халықаралық қаржыландыру корпорациясы (ІҒС), еуропалық инвестициялық банк (ЕІВ), Африкандық даму банкісі (АІВ) қолдайды [86].
Ұлттық экономикалардың өзара тартылысының бір-біріне әсер етуі реттеуді қажет ететін кезеңге жетті. Әлемдік экономиканың дамуында 1950-2000 жылдар аралығында әлемдік өндірістің 7 есе, әлемдік экспорт көлемі 20 есе, әлемдік өнеркәсіптік өндіріс 10 есе, оны сыртқа шығару-35 есе артқанын көруге болады.
Әлемдік шаруашылықтың ашықтығы жағдайында аса маңызды орын Бүкіл Әлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) беріледі. Себебі, ол халықаралық сауданың либерализациясы мен дамуын қамтамасыз етуші субьект болып табылады.1947 жылы құрылған Сауда мен Тарифтер бойынша Бас келісімнің мұрагері болып табылатын БСҰ өз қызметін 1995 жылдың қаңтарынан бастады. БСҰ - әлемдік деңгейдегі ірі ұйым ғана емес, қызметіне жүздеген келісім жүргізушілер, эксперттер қатысатын, үдемелі дамып және өзгеріп отыратын кұрделі механизм болып табылады. Басқа халықаралық ұйымдармен салыстырганда БСҰ-ң ерекшелігі — миллиардтаған сомалармен бағаланатын мәмілелерді бақылайды, нәтижесінде тұтынушылардың және нақты компаниялардың мүдделерін көздейтін тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортының ережелері белгіленеді [87].
БСҰ халықаралық сауданың максималды мүмкін
болжамдығы мен еркіндігін қамтамасыз ету және сауда, сауда шекаралары бойынша қатысушы-елдер арасындағы кез-келген сұрақтарды шешу үшін халықаралық сауда ережелерін әзірлейтін, әлемдік деңгейдегі бірден-бір ұйым.
БСҰ-на кіру үрдісі Қазақстан үшін 1996 жылдың қаңтарында басталды және осы шараның нәтижелері біздің ел өмірінің барлық тұстарын, экономиканың барлық салаларын, отандық немесе импортгық өнімнің тұтынушылыры мен өндірушілерін қамтиды. Бүл ғаламды мәселе, оны әлемдік экономиканы ғаламдандыру деңгейінде қарастырған жөн. Осы беталыс отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындарын, олардың тұтынушыларын айналып өтпейді.
Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларының БСҰ-на кіру дайындығының әртүрлілігін, осы БСҰ-на кіруден бірдей деңгейде қайтарым алмайтындығын айта кету керек. БСҰ-на кіруден тез қайтарым экспорттаушы-салаларда, қазіргі заман талаптарына сай жоғары бәсекеқабілетті технологиясы мен құрал-жабдығы бар, әлемдік деңгейде сапа және өнімнің өзіндік қүны бойынша жұмыс жасайтын салаларда болады.
Қазақстанда қызметі экспортқа бағытталған жеке салалар мен кәсіпорындар бар, бірақ әлемдік нарықта толық бәсеке қабілетті салалар мен жеке кәсіпорындар жоқтың қасы. Сондықтан БСҰ-на өту Қазақстан экономикасы үшін күрделі, көп жылдық болса да қажетті міндеттердің бірі. Бірақ, бұл шараны өткізбей отандық экономика дамуға ынтасыз, бәсекеқабілетсіз болып қала бермек.
Соңғы 10-15 жылдардың тәжірибесі БСҰ-на өткен дамушы елдер (Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия) өндірістің барлық түрлерінің технологиялық және техникалық деңгейін көтеріп, экспорт үлесін арттырғанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы БСҰ-на мүше болып кіргеннен кейін, отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінде қандай өзгерістер болмақ? БСҰ-на өту үшін қандай қиыншылықтар мен ұтымдылықтар бар?
Біздің ойымызша, қиыншылықтарға төмендегілерді жатқызуға болады:
- Бәсекеқабілетті технология мен өнімді қамтамасыз ете алмайтын құрал-жабдықтардың тозған, қазіргі заман талаптарына сай емес паркі;
- Ұзақ мерзімді, көп сатылы, шығынды технологияларды қажет
етумен бірге кәсіпорындарда айналым қаражаттарының
жетіспеушілігі;
- Кәсіпорындардағы менеджменттің орташа деңгейі.
Тоқыма және одан өнім өндірушілердің БСҰ-на кіруіне жеңілдіктерді келесі сипаттардан көреміз :
- Дамыған және дамушы елдердегі еңбек ақы деңгейімен салыстырғандағы жүмыскерлердің еңбек ақы деңгейінің төмендігі. Бұл көрсеткіш өнімнің өзіндік құнында аз үлестік салмақты алатын болғандықтан, баға бойынша бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуы керек. Осы себептен, Батыс Европа, АҚШ, Жапониядан технологиямен бірге капиталдың көші дамушы елдерге бет бұрды. Дамушы елдерде өндірілген өнім дамыған елдерге өткізіледі. Осылайша, еңбектің, капиталдың, ақырғы өнімнің және пайданың еңбек бөлінісі жүргізіледі. Бүл жерде барлығы да, дамушы елдер де ұтыста, оларда жүмыс орындары ашылады, қазіргі кезге сай технологиялар енгізіледі, еңбек ақы мен тұрғын халықтың әл-ауқаты артады.
- Жеке қазақстандықтың салыстырмалы түрдегі төмен төлем
қабілеттілігіне қарамастан, жалпы қазақстандық жиынтық тұтыну
нарығының жоғар төлем қабілеттілігі. Осындай кең нарықта
тоқыма және тігін өнімдерінің отандық және шетелдік
өндірушіліерінің бәріне орын табылады. Киім мен тоқыманың
отандық өндірушілері үшін ішкі тұтыну нарығы көлемінің 50-60%-
ын игерудің өзі де өндірісті дамыту үшін жеткілікті болар еді.
- Сапасыз импорттың ағынын жоғары баж салықтарымен емес
(БСҰ-ның ережелеріне қарсы), өркениетті сертификация өткізіледі. Осындай жүйеде ешқандай сертификациялау органдары керек болмай қалады.
5. Лабораториялардың тәуелсіздігіне мін түспеген болуы керек.
6. Тәуелсіз тестілеу лабораториясын ұйымдастыру - оңай
дүние емес, арнайы маманданған персонал, қымбат құралдар,
жабдықталған тұрғын-жай, аккредитация болуы қажет. Осындай
лабораторияны үйымдастырудың өтелім мерзімі - үш-төрт жыл.
7. Өнім сапасын тестілейтін жүйелер, әдістер, құралдар деңгейі
тоқыма және киім өндірушінің соңғы онжылдықта "жоғары
технологиялы" болған құрал-жабдықтарынан қалмауы керек.
8. Тестілеу қымбат болмауы керек.
9. Тестілеу жүйесін ұйымдастыруға қоғамдық ұйымдар белсене
ат салысады. АҚІП-та тоқыма өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін
тексеру әдістерін Америкалық химиктер-токымашылар және
колористер ассоциациясы, Европа үшін ISO жасайды.
Осының бәрін қорытындылай келіп, тоқыма және кілем өнеркәсібінің алдына жаңа талаптар қоямыз:
• қазіргі заманға сай жабдықталған тәуелсіз тексеру
лабораторияларын жасау;
• тексеру қүралдарын Қазақстан Республикасында жасауды
Ұйымдастыру.
Қазақстанның БСҰ-на енуі тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін оң эффект беруі керек. Бірақ, бір жағынан, саланың осал тұстары бойынша шетелдік инвесторлардан корғау шараларын қабылдау, екінші жағынан елімізде өндірілмейтін тауарлар импортына жағдай жасау қажет. Осындай тауарларға жүн жіптері, мақта маталары, киім, тоқыма бұйымдары жатады. Киім өндірісінде үрдістерді технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық тұрғысынан қайта қүру кажеттігі бар. Бұл үрдістер икемді болуы, басқару шешімдерін тез арада қабылдау мүмкіндігіне ие, минималдық инвестицияларды, өндірістік аудандарды, энергия ресурстарын қажет етуі керек. Кәсіпорындар нарық жағдайының талаптарына сай, киім ассортименті мен моедельдерін жаңалауға, әмбебап технология мен құрал-жабдықтарды пайдалануға, киімді тігу үрдісін автоматизациялауға қабілетті болып тұрғызылуы тиіс. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарыыда айтылған артықшылықтардың бәрі сақталады. Сондықтан, киім өндірісінде шағын кәсіпорындардың кең желісін қалыптастыру ұтымды болмақ.
БСҰ-на өту отандық кәсіпорындарға әлемдік саудаға жалпыға бірдей және тең жағдайларда қатысуға, БСҰ-ң механизмдерін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдерінің мүдделерін қорғауда пайдалануға, сала кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, өнім экспортын жеңілдетуге мүмкіндік береді. БСҰ-ның мүшелігі болу Қазақстан Республикасы үшін өзекті қажеттілік болып отыр. БСҰ шеңберіңде сауда саясаты арқылы Қазақстанға келесідей негзгі міндеттерді шешу керек:
- қазақстандық экспорттың дискриминациясын болдырмау;
- өркениетті сауданың ережелері мен принциптерін қабылдаған
ашық нарықты экономикалы ел имиджін бекіту;
- ЕврАзЭО және ТМД шеңберінде аймақтық регионалдық интеграциялық процестерді дамыту;
- нақты Кедендік одақ пен бірегей нарықтың қалыптасуына ұмтылу;
- экспортты ынталандыру бойынша шараларды жасау және өткізу.
Қазірдің өзінде қазақстан БСҰ-на мүше 144 елдің 135-імен сауда қатынастарын жүргізіп отыр. БСҰ-на мүшелікке өту қазақстанға осы елдермен бірегей ереже мен талаптар бойынша сауда жүргізуге мүмкіндік береді [88].
Соңғы кезде баспасөз бетінен Қазақстан БСҰ-ның 2005 жылы толыққанды мүшесі болады деп айтылып жүр. Бұл процесс біздің елдің стратегиялық әріптесі Ресей Федерациясымен бірге өткізілмек [89, 90, 91].
Әлемнің ғаламдануы жағдайында тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындары үшін Қазақстан Рестубликасының БСҰ-на мүшелікке өтуі, халықаралық стандарттау ISO 9000 жүйесін енгізу, салада шағын кәсіпкерлікті дамыту, химиялық талшықтар өндірісін жолға қою және басқа да жоғарыда сөз болған ұйымдастырушылық шаралар осы саланың кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етеді деп тұжырымдаймыз.
Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға болады:
1.Қазақстан Республикасы ашық нарықты экономикалы ел екенін әлем жұртшылығы мойындаған жағдайда, кәсіпорынға сыртқы ортадан, бәсекелестері тарапынан қауіп-қатер төнуі мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік, мемлекет деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды күнделікті өмірге терендеп енген түсініктер болса, кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді көпшіліктің еті үйрене қоймаған термин болып саналады. Ғалым-экономистердің кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге берген анықтамаларын зерттей келіп, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды — кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары механизмінің тиімді қызмет ету жағдайы деп пайымдаймыз. Үдемелі дамып отырған қоршаған ортада қызмет ететін кәсіпорын басшылығына қатердің, дағдарыстың алдын-алатындай көреген болуы қажет. Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының қызмет ету ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісін бірнеше кезең бойынша кұру керек. Біріншіден, қатерлердің жіктелуі, себептері анықталуы; екіншіден, экономикалық қауіпсіздіктің дәл қазіргі жағдайы бағалануы; үшіншіден, қысқа және ұзақ мерзімге даму бағдарын дайындалуы оң қадам болады.
2. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету - кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданылып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтырды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс-шараларының жиынтығы ретінде көрсете отырып, біз дағдарысқа қарсы басқару кэсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі дегенге тұжырымға келдік. Шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және өз көзқарастарымызды қорытындылай келе, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін, біздің ұсынымыз бойынша, екі тұрғыда қарастыру керек. Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмінің бір қыры мемлекет тұрғысында, макро деңгейде көрінсе, екінші қыры кәсіпорын шеңберінде, микро деңгейде бекітілуі тиіс. Мемлекет деңгейіндегі кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету тетіктеріне: монополияға қарсы және баға саясаты, салықтық реттеу, өнім және қызмет сапасын мемлекеттік реттеу, импортты алмастырудың және отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясаты, мемлекеттік инвестициялық саясат, кәсіпорындарды оңалту және санация жатса, кәсіпорын деңгейіндегі тетіктеріне: шығындарды басқару, өнім сапасын және бәсекеқабілеттілікті басқару, өндірістік әлуетін оңтайландыру, еңбек ресурстары мотивациясы, контроллинг, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, маркетинг және логистика, инвестицияларды және инновацияларды басқару, бизнес реинжиниринг жатады.
3. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды барлық құрамдас бөліктерін талдай келіп, кәсіпорын басшылығына дағдарыстың, катердің
алдын-алып, болжай алуы және оң жолға бүра білуі керек деген
ұйғарымға келдік. Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі
шаралар алгоритмі тиімді болар еді: мүмкін болатын экономикалық
қатерлерді талдау; қарсы шараларды жоспарлау; қабылданған
шаралардың орындалуын бақылау; экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды жүйесінің тиімділігін талдау.
4. Шетелдік және дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеу
аспектілерін салыстыра зерггеп отырып, біз дағдарысқа қарсы
мемлекеттік реттеуді бірнеше белгілері бойынша жіктедік. Осы
жіктелу бойынша Қазақстандағы дағдарысқа қарсы мемлекеттік
реттеуді кредиторлар мүддесін қорғайтын, төлемдер мерзімі
бойынша төлемқабілеттілігін анықтайтын, реабилитация мерзімі
алты айға дейінгі, әлеуметтік бағытталған, жедел диагностикалы
завдылық деп қарастыруға болады. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесі үшін дағдарысқа қарсы реттеудің жедел
диагностикасы толық суретті жан-жақты көрсетпейтінін анықтадық.
5. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету біз Германия дағдарысты реттеу әдістемесін толықтырып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету 8 топтан тұратын көрсеткіштер жинағы
ретінде қарастыруды ұсынамыз: өндірістік бағдарламаның
орындалуы; өнім сапасы және бәсекеқабілеттіліктің көрсеткіштері;
өндірістік әлует көрсеткіштері; Еңбек әлуетінің көрсеткіштері;
қаржылық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көрсеткіштері; іскерлік белсенділік көрсеткіштері; инвестициялар және инновациялар көрсеткіштері; шығындар жөне өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері; маржиналдық талдау негізіндегі басқару шешімдерінің көрсеткіштері. Осы ретте, біз кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін анықтау диагностикасын экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің микродеңгейдегі жүйесінің бағыттарымен
ұштастыруга тырыстық. Микродеңгейдегі экономикалық
дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету қамтамасыз ету жүйесі 9 бағыттан тұрады. Дегенмен, маркетинг және логистика көрсеткіштері сапа және бәсекеқабілеттілік көрсеткіштерімен қайталанып отырады, бизнес-реинжиниринг міндеті алдыңғы міндеттер оң шама бермегенде қосылады деп ойлаймыз, себебі бизнес-реинжинирг кәсіпорын қызметін қайтадан жобалауды білдіреді. Бүл көрсеткіштердің нормативті шамалары экономикалық әдебиеттерде анықталған деңгейлерден немесе саладағы орташа деңгейден кем болмауы тиіс. Оның үстіне, жоғарыда айтылып кеткен агымдағы өтімділік коэффициенті мөлшерлі деңгейін тоқыма және тігін өнеркәсіп кәсіпорындары үшін бірден екіге дейінгі аралықта қалдыруды қолдаймыз. Өтімділік коэффиценті 1 шамасында болса, кәсіпорын қаражаттары қолайлы, 2 шамасында болса қатаң орналасқан деп есептеуге болады. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету осылай бағалау арқылы ғана экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету механизмінің диагностикасын толыққанды етіп көрсете аламыз.
6. Қазақстандағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы жалпы өнеркәсштің дамуымен салыстырғанда 2003 жыл мәліметтеріне сүйенсек, көп кейінде қалып отыр: Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы жалпы өнеркәсіптің дамуымен салыстырғанда 2004 жыл мәліметтеріне сүйенсек, көп кейінде қалып отыр: рентабельділік деңгейі өнеркәсіп бойынша — 16,6%, тоқыма және тігін өнеркәсібі бойынша -2,5%; жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы өнеркәсіп бойынша — 27759 теңге, салада — 9095 теңге, Алматы қаласы бойынша — 15647 теңге; негізгі құралдардың тозу деңгейі жалпы өнеркәсіптік кешенде - 41%,салада -51%, Алматы қаласы бойынша - 65,4%-ды құрайды. Осы көрсеткіштердің даму сипаты тоқыма және тігін өнеркәсібінің экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғанын көрсетеді.
7.Алматы қаласында тіркелген жеңіл өнеркәсіп саласының
кәсіпорындарының 73%-ы киім өндірісінде шоғырланған (бұл
жерде киім ательелері де бар), тоқыма бұйымдарын шығаруға
барлық тіркелген кәсіпорындардың 18%-ы, былғарыдан бүйымдар
жасауға және аяқ киім өндірісіне 9%-ы ғана маманданған (басқаша
сөзбен айтқанда, тұтынушылардың аяқ киімінің барлығы дерлік
импортталған тауарлар). Тұтыну тұрғысынан экономикалық дағдарыс
жағдай қалыптасқан, себебі Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан
импортталатын тоқыма тауарларының сапасы көп жағдайда көңілге
қонымды емес. Бірақ, бағалары арзан болғандықтан сол импорттық
тауарларды тұтынамыз.
8.Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша "Алматы кілем" АҚ-ның, Алматы мақта" ЖШС,қызметін экономикалық дағдарыс жағдайында деп бағалаймыз. Экономикалық қатер төніп отырған Алматы мақта" ЖШС,тәлем қабілеттілігін ұсынған әдістемеміз бойынша есептеу арқылы, кәсіпорындағы ағымдағы өтімділік коэффициенті 1,0486 шамасында екенін анықтадық.. Ендеше, ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерін толығынан жабады деген қорытындыга келеміз. Кәсіпорынның қысқа мерзімде экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге қабілеті бар деп есептеледі.
1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы Алматы 2005 ж.
2 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, Білім, 1997.
3 Қазақстан Республикасының "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Заңы. 26. 06. 1998 // Егемен Қазақстан, 28. 06. 1998.
4 Антикризисное управление. Учебник под ред. Короткова Э.М.М.: ИНФРА-М, 2001, 128-6.
5 Антикризисный менеджмент Под ред. Грязновой А.Г.М:Экмос,1999, 7-6
6 Теория и практика антикризисного управления. Учебник под ред. Беляева С.Г. М.:ЮНИТИ, 1996,57-6.
7 Мухамбетов Т.И., Нукушев А.Г. Банкротство и антикризисное управление предприятием (учебное пособие). Алматы, 2000, 226-228-6.
8 Нуров С. Законодательство о банкротстве: актуальные вопросы // Фемида, №5-6, 2000, 54-58-а.
9 Мухамбетов Т. Банкротство - единственный путь спасения экономики // Экспресс К, 24.11.2000.
10 Справочник кризисного управляющего. Под ред. Уткина ЭА. М.: Экмос, 1999, 45-47-6.
11 Управление развитием организации: модульная программа для менеджеров. Модуль "Антикризисное управление", М.,2000, 11-17-6
12 Клейнер Г.Б., Качалов Р.М. Предприятие в нестабильной
экономической среде: риски, стратегии, безопасность. М.:Экономика, 1997, 93-95-6.
13 Экономическая стратегия фирмы. Под ред, Градова А.П. СПб.: специальная литература, 1995, 55-59-6.
14 Базаров Т.З., Беляев С.Г. Теория и практика антикризисного управления. Учебник для вузов. Москва.: ЮНИТИ, 1996, 35-6.
15 Гришаев С.П., Аленичева Т.Д. Банкротство и практика применения в России и за рубежом. М.: ЮРИС, 1993, 116-6.
16 Востриков П. О банкротстве предприятий заемщиков и банков за рубежом // Хозяйство и право, №3,1995, 102-103-6.
17 Марьина О. Банкротство — это серъезно: анализ законодательства о несостоятельности (банкротство предприятий в странах Содружества) // Профсоюзы, №1,1994, 36-38-6.
18 Монич Ю. Банкротство предприятий в странах Центральной и Восточной Европы: цели, проблемы, результаты //Проблемы прогнозирования, №5, 1995, 37-6.
19 8.01.1998 №-6-ФЗ "О несостоятельности (банкротстве)" РФ
Федералдық Заңы//Экономика и жизнь: ваш партнер консультант, 1998, ақпан, 5-8-6.
20 Хоа Л. Новый закон РФ о несостоятельности (банкротстве): взгляд зарубежного экономиста // Экономика и жизнь, 1998, №11,28-6.
21 ҚР-ның 21.01.1997 жылғы "Банкроттық туралы" Заңы 2003
жылдың 1 қыркүйегіне өзгертулермен және толықтырулармен.
Алматы.: Юрист, 2003.
22 Лобков А. Законодательство о банкротстве кардинально изменилось // Азия-ЭЖ, 1998, №27, 5-6.
23 Радостовец В.В. Банкротство юридического лица и связанные с ним процедуры // Бюллетень бухгалтера, 2000, №35, 4-7-6. Информация. Анализ. // Текстильная промышленность, 2001, №1,32-33-6.
24 Нукушев А. Анализ вероятности банкротства // Транзитная экономика, 2000, №3,23-43-6.
25 Ковалев В.В. В ведение в финансовый менеджмент..: Финансы и статистика, 2000, 98-6.
26 Антикризисное управление. Учебное пособие для технических вузов. Под ред. Минаева Е.С. М.: Приор, 1999, 123-6.
27 Федотова М.А. Как оценить финансовую устойчивость предприятия // Финансы, 1995, №6,15-19-6.
28 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск, 2000, 670-671-6.
29 Крюков А.Ф., Егорычев И.Г. Анализ методик прогнозирования кризисной ситуации коммерческой организации с использованием финансовых индикаторов // Менеджмент в России и за рубежом, 2001, № 2, 94-6.
30 Зайцева О.П. Антикризисный менеджмент в российской фирме // Аваль,1998,№11-12, 45-47-6. Ковалев В.Н., Волкова О.Н. анализ хозяйственной деятельности предприятия. М.: ПБОЮЛ, 2000, 385-395-6.
31 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Алматы, экономика, 1999, 125-129-6.
32 Дюсембаев К.Ш. Анализ вероятности банкротства предприятия // Сб. научных трудов, Алматы, Экономика, 1999, Ч 1, 170-186-6. '
33 ҚР Үкіметінің "Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жъшдарға арналған бағдарламасы" // ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы, 2001, №30,10-49-6.
34 Мамыров Н.К. Развитие экономики РК в условиях глобализации мирохозяйственных связей. Материалы международной научно практической конференции "Национальная экономика РК в условиях глобализации". Алматы, 2002, З-10-б.
35 Сейфуллина Т.А. Импортозамещение как фактор экономической безопасности РК // www.kisi.kz
36 Концепция развития текстильной и легкой промышленности РК. Проект. Алматы, 2002.
37 2001-2003 жж. ҚР-сы кедендік декларациялар ақпараттары
38 Социально-экономическое положение г.Алматы за 2000-2003гг. Алматинское городское статистическое управление. Алматы, 2003.
39 Основные показатели работы промышленности г.Алматы январь-декабрь 2003г. Алматы, Алматинское городское статистическое управление, 2003.
40 Цены и тарифы на непродовольственные товары, платные
услуги. Алматинское городское статистическое управление.
Алматы, 2003, январь.
41 ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығының мәліметтері.
42 Алматы қаласы кәсіпорындарының 2003 жылдың қаңтар-
желтоқсанындағы өндірістік-қаржылық қызметі туралы ақпарат
43 "Алматы кілем" АҚ-ң 2003-2004 жылғы есептік -қаржылық
мәліметтері.
44 «Алматы Мақта» ЖШС 2003-2004 жылғы есептік -қаржылық
мәліметтері.
45 Герчикова И.Н. Менеджмент. Учебник. Москва.: ЮНИТИ,2001, 47-353-6.
46 Донских А. Рыночный урок текстилыциков//Казахстанская правда от2б.11.2002, №254-255.
47 Губенко А. Своя рубашка ближе к телу//Новое поколение ОТ22. П.2002, №47.
48 Ибраев К. Отечественные финансовые группы скупают базовые предприятия легкой промышленности//Панорама от 01.11.2002, №42.
49 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия 2-е изд., перераб. и доп. — Мн.: "Экоперспектива", 1998, 272-279-6.
50 Киричевский Г.Е. Текстильная химия: эволюционные и революционные процессы сегодняшнего дня и ближайшего
будущего // Текстильная промышленность, 2001, №3, 20-22-6.
51 Юхина Е.А.; Юхина О.С. Отступить, чтобы наступать? //
Текстильная промышленность, 2003, №10, 66-68-6.
52 Айзенштейн Э.М. Производство и потребление полиэфирных волокон. Сегодня и завтра //Текстильная промышленность, 2003, №9,28-31-6.
53 Тимофеев Д. К борьбе за долю рынка//Текстильная
промышленность, 2003, №9,44-47-6.
54 Артемьев А.В. полимерные отходы-сырье будущего для химических волокон // Текстильная промышленность, 2003, №11- 12,42-45-6.
55 Кокеткин П.П. Новые технологии в производстве одежды для малого и среднего бизнеса // Текстильная промышленность,2003,
65 Кащеев О.В. Глобализация против регионализации//Текстильная промышленность, 2003, №3,22-25-6.
66 Митрофанова А.В. Хлопковый сезон закончится на подъеме? // Текстильная промышленность, 2003, №7-8,32-35-6.
67 Лобачева Е.М. Дамоклав меч кризиса //Текстильная промышленность, 2003, №6,66-67-6.
68 Информация. Анализ.//Текстильная промышленность, 2001,№1,32-33-6.
69 Капкаев А.А. Рынки текстиля из химических волокон и
нитей стран Юго-Восточной Азии//Текстильная промышленность, 2002, №2, 39-42-6.
70 Дмитриев С. США // Мировая экономика и международные отношения, 2002, №8,34-36-6.
71 Викшрайтис В. Легкая прмышленность Литвы сегодня //
Текстильная промышленность, 2002, №7,44-6.
72 Жуков Ю.В. Рост продолжился. Темпы замедлились//Швейная промышленность, 2002, №2,4-7-6.
73 Вотчиникова С.Н. Швейная промышленность: развитие отрасли обнадеживает // Швейная промышленность,2001,№4,14-15-
74 Жуков С. Изгой российского общества // Текстильная
промышленность, 2002, №4,15-19-6.
75 Статистический ежегодник Казахстана 2003.
Статистический сборник. Алматы, Агентство Республики Казахстан
по статистике, 230-232-6.
76 Материалы сайта кагзіаі.азсіс.кг
77 Айзенштейн Э.М. Сырье для текстиля: мировая
перспектива //Текстильная промышленность, 2003, №4, 34-36-6.
78 Калымбетова Д.Ж. Ғаламдану жағдайындағы тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарлары//ҚазЭУ жаршысы, 2003, №2.
79 Региональная программа развития индустриальной политики г.Алматы на период до 2010 года. Алматы, 2002.
80 Стратегический план развития РК до 2010 года. Утвержден Указом Президента РК от 04.12.2001, №735, Астана, 2001.
81 Қазақстан Республикасының "Сертификаттау туралы" Заңы //Егемен Қазақстан, 13.08.1999.
82 Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңы // Егемен Қазақстан, 13.08.1999.
83 ҚР Үкіметінің "2001-2005 жылдарға арналған Республикалық "Сапа" бағдарламасы туралы" Қаулысы // Егемен Қазақстан, 08.05.2001.
84 Выживание — дело добровольное, или Что такое ISO? //
Текстильная промышленность, 2003, №4, 17-19-6.
85 Организация производства и управление предприятием.
Под ред. Туровца О.Г. Москва.: ИНФРА-М, 2002, 228-235-6.
86 Антонов Г.А. Основы стандартизации и управления качеством продукции. Ч 2. СП6Д995, 75-78-6.
87 Международный стандарт ИСО 9004-1:1994. Управление качеством и элементв системы качества. Справочник МЭК. Москва, 1999.
88 Кричевский Г.Е. ВТО и проблемы качества отечественного текстиля и одежды//Текстильная промыщленность, 2002,№2,4-5-6.
89 Бутырина Е. По мнению международных экспертов, казахстанские компании обладают необходимым потенциалом для внедрения систем качества по стандартам ИСО//Панорама от
17.10.2003, №40.
90 Издибаев Т. Казахстан может стать полноправным членом ВТО в 2005году // Панорама от 17.10.2003, Хо40,
91 ҚР Үкіметінің "Отандық тауар өндірушілерді қорғау
жөніндегі жекелеген шаралар мен оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысы // Егемен Қазақстан, 1999, 9 қазан.