Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 21:28, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Оглавление

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ---------------------------------------5
1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын орны----------------------------------5
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару-----------------------7
1.3. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер---12
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ------------------------------------------------------------------------------------16
2.1 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау--------------------------------------------------------------------------16
Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты---------18
2.3 Кәсіпорын қаржылық жағдайындағы қаржы нарығы--------------------21
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары ------------------23
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------25
Қолданылған әдебиеттер ------------------------------------------------------26
Қосымшалар -------------------------------------

Файлы: 1 файл

ЖОСПАР-касипорын каржылык есептеу.doc

— 155.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым                              министрлігі

Қорқыт  ата атындағы Мемлекеттік  Университеті 
 

           Курстық жұмыс 

Тақырыбы:Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін талдау 
 
 

орындаған: 

қабылдаған: 

тобы:             

курс:             
 
 
 
 

Қызылорда 2011ж

ЖОСПАР 
 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3 

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ---------------------------------------5 

    1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын  орны----------------------------------5

    1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару-----------------------7

    1.3. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер---12 

ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ------------------------------------------------------------------------------------16 

    2.1 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің  тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық  талдау--------------------------------------------------------------------------16

    1.   Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты---------18

       2.3 Кәсіпорын қаржылық жағдайындағы  қаржы нарығы--------------------21 

ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

    3.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін  арттыру жолдары ------------------23 

    Қорытынды-------------------------------------------------------------------------25 

    Қолданылған әдебиеттер  ------------------------------------------------------26 

    Қосымшалар   ------------------------------------------------------------------27-28 
 

    КІРІСПЕ

    Зерттеу  жұмысының  өзектілігі. Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

    Кәсіпорындар  қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

    Қандай  кәсіпорын  болмасын  өзінен - өзі  тіршілік ете алмайды. Сондықтан  кәсіпорын  экономикасы  негізгі  объектісіне:

  • Кәсіпорынның  өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің  үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
  • Кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
  • Кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
  • Шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және   өнімді сатуды әзірлеу;
  • өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
  • өндірістік  техникалық  жағдайы мен  қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
  • өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
  • кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруы;
  • кәсіпорындағы қаржылық есептеулер жүйесін зерттеу болып табылады.

    Кәсіпорындардың  қаржылық жауаптылығы  бюджет, қорлар алдындағы міндетті  орындалмағаны  үшін  заңнамада белгіленген қаржы  санкцияларының жүйесімен анықталады.

    Зерттеу жұмысының мақсаттары:

    Кәсіорындағы  қаржылық есептеулер жүйесін зерттеу  барысында, кәсіпорынның өзін - өзі  қаржыландыруын, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін - өзі қаржыландыруын қарастыру.

    Кәсіпорындардың  қаржылық  жауаптылығы кәсіпкерлік  тәуекелді сақтандыру   жүйесімен  және кәсіпорындардың қаржы ресурстарына сақтық  компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейеді.

    Кәсіпорындардың  қаржысын  ұйымдастырудың қажетті  мақсаты – басқарудың  барлық  деңгейлеріндегі  қаржы резервтерінің  болуы.

    Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың  мөлшеріне  пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты  нормативтер бойынша аударымдар  арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві  уақытша  болатын  қаржы қиыншылықтарын жоюға және  шаруашылықтардың  қызметіне  қажет  қалыпты  жағдайларды қамтамасыз  етуге, шығындарды қаржыландыруға арналды.

    Зерттеу  құрылымы: Берілген «Кәсіпорындағы қаржылық есептеулер жүйесі»  атты курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

    І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ

    1.1. Экономикада кәсіпорынның  алатын орны

    Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан — өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

    Кәсіпорын    экономикасы    микро    және    макроэкономикамен тығыз байланысты. Макроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар,   отбасылар,   яғни   жекелеген  экономикалың құбылыстарды  қамтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар жане қаржы рыноктарын, банкілерді,   түрлі   фирмалар   мен   кәсіпорындарды,   тағы басқаларды  зерттейді.  Микроэкономика  сол  сияқты  жекелеген   тауарларды   өндірудің   көлемін   қалай   тағайындайтынын және   олардың   бағаларын,   халықтың   жинақ ақшаларына   салықтар   қалай   ықпал   ететінін,   т.б.   зерделейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің ұйымдық нысаны және құқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жұмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.

    Микрозкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы  және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу болып табылады.

    Макроэкономика  — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық проценттерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс — белгілі баға бойынша тұтынушылар сатын алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.

      «Кәсіпорын экономикасы» пәні «Кәсіпкерлік экономикасы», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау», «Қаржы», «Статистика» және т.б. пәндермен тығыз байланысты.

    Кәсіпорын экономикасы үшін берілетін шама бар, ол әр уақытта есепке алынады. Халық шаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық ілгерілеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми-техникалық жетістіктер және т.б. кәсіпорынның жағдайын өзгертуге әкеліп соқтырады. Керісінше, кәсіпорын экономикасын зерделеу объектісі, мысалы, өндіріс шығындары макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтан да зерттеулерде осыларды ескеру қажет.

    Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономикалың пән болып табылады, пәннің мән - мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-әрекетін, әзірлеу процесін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.

    Кәсіпорын белгілі бір кәсіпкерлік ортада қызмет атқарып оның барлық іс-әрекетіне ықпал көрсетеді. Кәсіпкерлік орта қалыптасқан экономикалық және саяси-ахуалды, құқықтық, әлеуметтік-мәдени, технологиялық, гео-графиялық ортамен, экологиялық жағдаймен, сонымен бірге институционалдық және ақпарат жүйелерін сипаттайды.

    Кәсіпкерлік дегеніміз — адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті талдай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға:

    біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді білуге;

    екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

    Кәсіпкер  қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

        Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:

    •    Қазақстанның азаматтары;

    •     шетел мемлекетінің азаматтары;

    •  адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы). Кәсіпкердің мәртебесі   заңды   және   заңды   тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. 

    1. Кәсіпорынның  қаржы ресурстарын  тиімді басқару
 

    Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың  тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

    Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.

    Профессор Н.А Русак  бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, телеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".

    В.М. Радионова    мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы  ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен  көрсетіледі" деп жазады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін талдау