3.13 Кәсіпорынның қаржылық
есеп беруі.
Жылдам шешім қабылдаудың
негізітолық және маңызды ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.
Бұған есепке алу мен есеп
беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз–меншіктің
барлық түріндегі кәсіпорындардың
қаржы шаруашылық қызметін және
ұйымдық– құқықтық мәртебесін
кешенді түрде сипаттайтын жиынтық
көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің
деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер,
қазіргі және келешектегі инвесторлар.
Қызметкерлер сондай–ақ министрліктер,
ведомостволар, қалың көпшілік
мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық
саясат ұсынуға және несие
беру жөнінде шешім қабылдауға,
болашақтағы ақша ағынын бағалауға,
кәсіпорындардың ресурстары мен
міндеттемелерін және оның басшы
органдарының қызметін сараптауға
қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен
оның органдары берілген есеп
ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты
экономикалық саясат пен салық
шараларын белгілеу үшін пайдаланады.
Оларға сондай–ақ субъектілер
қызметін ретке келтіріп, салық
салу саясатын жүзеге асыру
үшін және табыстарды кіріске
алу мен әр алуан статистикалық
деректердің негізі үшін мәліметтер
керек.
Қаржылық есеп
негізінде субъектінің қаржылық
жағдайының нашарлай бастау тенденциясын
дер уақыттында аңдап, оның
шаруашылық қызметіндегі жағымсыз
құбылыстардың алдын алуға болады,
сондай–ақ пайданы молайту үшін
ішкі резервтерді анықтауға, соны
жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы
табысқа жетуге болады. Кәсіпорындағы
қаржы қызметінің ойдағыдай барысы
алға қойған мақсатқа, жоспарланған
көрсеткіштерге қол жеткізуге
қажетті жағдай жасайжы, кәсіпорынның
өндірістік қызметінің үздіксіздігі
мен қаржылық жағдайының қалыпты
тұрақтылығын қамтамасыз етеді,
ал бұлар кәсіпорының төлем
қабілетіне кепілдік береді.
Алайда, субъектілердің
қаржылық есебін пайдаланушылар
мүдделерінің айырмашылықтарына
қарамастан, субъектінің өмір сүруінің
басты шартыоның қызметіне қажетті
капиталдың жеткіліктілігі болып
табылады. Сондықтан капитал иелері
мен басқа да инвесторлар есептен
алатын ақпаратқа қанағаттануға
тиісті. Мұндай жағдай ақпарат
пайдаланушыларға ортақ сипат.
Осы талапқа жауап беретін
қаржылық есеп жалпы мақсаты
есеп деп аталады, ол барлық
тұтынушыларға арналған, бұлар үшін
қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші
субъект туралы ақпаратты негізгі
көзі қызметін атқарады. Кейбір
тұтынушылар, мысалы несие берушілер
қосымша ақпарат талап етуі
мүмкін. Алайда, тұтастай алғанда,
есеп беру тұғырнамасы сыртқы
тұтынушылардың жалпы қажетіне
қатысты және ол бәрінен бұрын
өз капиталын субъектінің қарамағына
бергендердің мүдделерін қорғауға
бағытталады.
Жылдық есеп мынадай
тұтынушыларға беріледі:
Меншік иелеріне (қатысушыларға,
құрылтайшыларға) немесе өкілдікті
органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға
сәйкесті органдар;
Кәсіпорының тұрған жеріндегі
салық органдарына;
Жергілікті қаржы органдарына;
Мемлекеттік статистикалық
органдарына;
Заңды тұлғаның
қаржылық есебі тұтынушылар үшін
ашық болып табылады. Ол қалың
көпшілікті субъектінің даму
бағыттары туралы және оның
аймақтық экономикалық, әлеуметтік
ахуалын жақсартуға соңғы жетістікрі
туралы ақпаратпен қамтамасыз
ете алады.
Қаржылық есеп
берудің элементтеріне: активтер,
міндеттемелер және капитал; кірістер
мен шығындар жатады. Мойындау
(мойындау)- объектінің балансына
қосылатын, сонымен қатар бір
элементтің анықтамасына сәйкес
келетін және мойындау критерияларына
жауап беретін үрдіс.(мұнда объектінің
құны немесе бағасы бар, ол
өлшеу үшін сенімді болуы мүмкін).
Баға - қаржылық есеп беруде элементтер
балансқа енгізіліп, шығындар
мен кірістер туралы есеп берудің
сомасын анықтайтын үрдіс.ХҚЕБС-
да бағаның әртүрлі екі түрі
қолданылады; тарихи баға, ағымдық
(қалпына келтірілген) баға, сатудың
мүмкіндік бағасы, келтірілген баға.
ХҚЕБС сәйкес келетін
есеп беру формасының түрлері,
нұсқалары, баптары бойынша кеңейтілген
түрлері келесідей:
Формасы
Нұсқасы
Минимальді баптар тізімі/
бөлімшелері (басқа түсініктемелердің
ашылуы бойынша)
Басшының есеп беруі (басшылығы)
Еркін түрі
Компания қызметкерлерінің
жалпы сипаттамаса- потенциальді даму
мен қол жеткізілген жетістіктер
болып табылады.Есеп беру диограмма,
графика түрінде көрсетіледі
және ереже бойынша суреттер мен
басшының қысқаша мәліметі (білімі,
қызметі, жасы, ХҚЕБС-ге не талап етілмейді
соларды көрсетеді, бірақ шығыс
дәстүрі болып табылады);
Кірістер мен шығындар
туралы есеп беру
Функциональді, шығындық, аралас
Түсім, операциялық қызметтердің
қаржылық нәтижесі, қаржылық шығындар,
түсімдерге салықтар бойынша шығындар,
қарапайым қызметкерлердің қаржылық
нәтижесі.
Баланс
Британдық, Европалық, Американдық
Негізгі құралдар, материалдық
емес активтер, қаржылық активтер, қорлар,дебиторлық
борыштар, кейінге қалдырылған салықтық
активтер мен міндеттемелер, қысқа
мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді
міндеттемелер, капитал, резервтер
т.б.;
Ақша ағымдары туралы есеп
беру
Тікелей әдіс, жанама әдіс
Операциялық қызметтер (сатып
алушылар, жабдықтаушылар,тұлғалар,салықтар);инвестициялық
қызметтер (ұзақ мерзімді активтер, алынған
пайыздар, қаржылық инвестициялар,қаржылық
қызметтер (бағалы қағаздарды шығару,
алынған және төленген төлемдер арендасы,
алынған зайымдар, төленген пайыздар);
Капиталда өзгерту туралы
есеп беру
Акционерлік компаниялар, шектеулі
жауапкершілік компаниялары, жеке компаниялар
Анықталмаған шығындар/ бастапқы
есеп беру кезеңіндегі жабылмаған зияндар;таза
табыс/ есеп беру кезеңіне шығындар; капиталдың
түрлері бойынша – акционерлік,
жарғылық, жеке, резервтік;
Пайда болу
Салық саясаты
Шығындар, негізгі құралдардың
амортизациясы, материалдық емес активтердің
амортизациясы, қорлар, зайымдар бойынша
шығындар, қаржылық құралдар мен инвестициялар,
аренда, салықтар мен кейінге қалдырылған
салықтарға шығындар, зейнетақымен қамтамасыз
етуге шығындар, ақша құралдары мен
ақша эквиваленттері;
Анықтама ақпараттары
Аты, заңдық статусы, компаниялардың
мекен- жайы, компания қызметкерлеріне
сипаттама, есеп беру кезеңі/ есеп беру
күні, тұлғалардың көлемі-есеп беру
күніне/ орташа жылдық;
Есеп беру баптарын ашу
Әрбір ХҚЕБС-ге сәйкес келетін
баптар бойынша тізімдерін ашу,есеп
беру баптарының өзгерістерін талдау,
шартты жағдай- есеп беру күні мен есеп
берудің шығарылған күні.
Мақсат- бұл қаржылық
жағдайдағы есеп беру, қаржылық
нәтиже мен ақша ағымдарының
сенімді көрінісі.Міндетті есеп
беруге кіретіндер: Бірінші басшылардың
есеп беруі, кірістер мен шығындар
туралы есеп беру, баланс, ақша
ағымы туралы есеп беру (ақша
құралдарының қозғалысы), капиталды
өзгерту туралы есеп беру, есеп беруге
түсініктеме және есеп саясаты.Басқа есеп
берулер компанияның ынтасы бойынша көрсетіледі.
Баланс дегеніміз–бұл
шаруашылық субъектісінің ресурстары
мен олардың құралу көздерінің
жағдайын ақшалай формада және
белгілі бір уақыт сәтінде
көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын
бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста
бұл екі категория–ресурстар
мен көздер, яғни актив пен
пассив мейлінше анық ерекшеленеді.
Баланстың негізгі бухгалтерлік
есептің классикалық:
Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке
меншік капитал) теңдеуі болып
табылады.
Активтер субъектісінің
қолында не бар екенін, яғни
барлық құны бар мүмкін, мүліктік
және мүліктік емес жеке игілігімен
құқын көрсетеді.
Міндеттеме дегеніміз–борышкердің
несие берушінің пайдасына белгілі
бір іс–қимыл жасау немесе
одан бастарту міндеті, ал несие
беруші борышкерден өз міндетін
орындауды талап етуге қақылы.
Жеке меншік капитал
дегеніміз–бұл меншік иесінің
активінен оның міндеттемелерін
ұстағаннан қалған капитал.
Жұмыс істеп
тұрған субъектінің балансы белгілі
бір мерзімге құрылады. Сонымен
қоса баланстардың бірнеше түрлері
болады, олар бір–бірінен елеулі
айырмашылақтарымен ерекшеленеді.
Бұл ұйымдық (алғашқы)
баланс, ол субъект қызметінің
басталуына бағындырылған. Субъектінің
бағыныштылығына қарай баланс.
Жаңадан құралған субъектілер
және бұрындары жұмыс істеген
субъектілердің ізбасарлары болып
бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект
баланс қарапайым болып келеді,
өйткені мүліктердің көпшілігі
негізінен тек ақша қаражатынан
тұрады.
Бухгалтерлік
баланста ресурстарды топтау
субъектісінің шаруашылық ресурстарының
экономикалық саралауға және
осы ресерстардың құралу көздеріне
негізделінеді. Олар ресурстар
мен шаруашылық операцияларының
экономикалық мазмұнын жақсырақ
көрсететіндей, сол арқылы субъектінің
қаржылық жағдайын зерттеу мақсатындағы
балансты талдауды жеңілдететіндей
тұрғыда орналасады.
Баланстың сол жағы
(формаға қараңыз)–актив өзіне
екі бқлімді қосып алады. І
бөлім–«ұзақ мерзімді активтер»
ІІ бөлім «ағымдағы активтер».
Баланс активінің І
бөлімінде статьялардың мынадай
тобы болады:
Материалдық
емес активтер, негізгі құралдар,
аяқталмаған күрделі құрылыс,
инвестиция, дебиторлық берешек,
алдағы кезеңдердің шығындары.
Баланс активінің ІІ
бөліміндегі «ағымдағы активтер»
мынадай статьялар тобы бар:
тауар–материал активтері, дебиторлық
берешек және басқа да активтер.
Баланс активінің ІІ
бөлімі қысқа мерзімде пайдалануға
арналған, бір жыл ішінде қолмақол
ақшаға айналдырылатын (жылдам өтетін)
ресурстарға бекітіледі.
Баланс пассиві осы
ресурстардың құралу көздері
мен мақсатты бағыттарын көрсетеді:
Ол мынадай бөлімдерден тұрады:
І бөлім: «жеке меншік капитал»
, ІІ бөлім «ұзақ мерзімді міндеттеме»
ІІ бөлім: Ағымдағы
міндеттемелер:
Бірінші бөлім
субъектінің міндеттемелерін өтегеннен
кейін қолында қалғандарын көрсететін
статьяларды біріктіреді.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
дегеніміз шаруашылық субъектінің
ақшалай формада міндеттемелерін,
көрсетілген қызметтерді және
басқаларды бір жылдан астам
уақыт мерзімде төлейтін соманы
білдіреді.
Сөйтіп, нарықтық экономика
жағдайында бухгалтерлік балансты
пайдаланушылардың ұланғайыр тобы
үнемі назар аударып отырады.
Бухгалтерлік
балансқа жекеленген шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен бухгалтерлік
ақпарат пайдаланатын көптеген
сыртқы және ішкі топтар мүдделері
тұрғысынан келу қажет. Сондықтан
да оның рөлі маңызды.
Сөйтіп, баланстың негізгі
элементі шаруашылық ресурстарының
белгілі бір түрі (активті статия)
немесе олардың көздерінің (пассивті
статья) қорытындыланған көрсеткіштер
есебіндегі статьясы болып табылады.
Баланс статьялары
топтарға қорытылады, ал топтар
бөлімдерге қорытылады. Мұның өзі
бухгалтерлік баланстағы ақпараттық
шолу мен талдауды жеңілдетеді.
Бухгалтерлік баланс активтері
мен пассивтердің жалпы ауқымдарының
тұрақты теңдігі ұсталынады. Актив
пен пассив көрсеткіштерінің
жиынтығын баланс валютасы деп
атайды.
Бухгалтерлік
баланс құрлымының күрделілігі,
көрсеткіштердің өзара байланысы
мен тұрақты сипаты оны тікелей
және кері байланыстары нақты
көрініп отыратын саластырмалы
түрдегі дербес ақпараттық жүйе
ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді. Пассив сипатымен келісілмеген
активтер өзгерісі шаруашылық
тетіктерінің тепетеңдігін бұзуға,
тиісті көздермен қамтамасыз
етілмеген шаруашылық ресурстарының
құрылуына соқырады.
Өз кезегінде актив
баланс пассивіне ықпал етеді:
шаруашылық ресурстарын тиімді
пайдалану олардың көздерін ұлғайтады,
субъектінің қаржылық жағдайына
игі әсер етеді.