Кәсіпорын қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Оглавление

КІРІСПЕ
I БӨЛІМ Аудиттің териалық негіздері
1.1 Аудиттің әдістері мен тәсілдері
1.2 Адиттің мақсаты мен міндеттеріні, ақпарат көздері

II БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайы аудиттінің әдістемесі
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

курсавой кәсіпорынның қаржылық жағдайы.doc

— 251.50 Кб (Скачать)

Жоспар

     КІРІСПЕ 

 

     I БӨЛІМ Аудиттің териалық негіздері

     1.1 Аудиттің  әдістері мен тәсілдері 

     1.2 Адиттің  мақсаты мен міндеттеріні, ақпарат  көздері

 

     II БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайы аудиттінің әдістемесі

     2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

     2.2 Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау

     2.3 Кәсіпорынның  төлем қабілеттігін талдау 

 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.     

 Бухгалтерлік есеп стандарттары  мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.                                                  

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер  серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз  тандауымен нарықтық қатынастар негізінде  мүмкіндігінше тез және дұрыс  бағдар тауып, оны ұстануына қарай  жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістікте-рі басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.                                                                                                                                    

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің ор-нықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-ражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

      Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Мақсаты - кәсіпорынның өзін - өзі  қаржыландыру барысын  зерттеу, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін - өзі  қаржыландыруын қарастыру.

Кәсіпорындардың  қаржылық  жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді  сақтандыру   жүйесімен  және кәсіпорындардың  қаржы ресурстарына сақтық  компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейеді.

Кәсіпорындардың  қаржысын  ұйымдастырудың қажетті мақсаты  – басқарудың  барлық  деңгейлеріндегі  қаржы резервтерінің болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            I БӨЛІМ Аудиттің териалық негіздері

                   1.1 Аудиттің әдістері мен тәсілдері

 

      Аудит  дегеніміз – шараушылық және  қаржылық операциялардың сәйкестігі  мен дұрыстығын бағалау мақсатында  заңды және жеке тұлғалардың   қаржылық есеп беруі мен басқа  да құжаттардың ҚР-ның заңына  сәйкестігін аудитор мен аудитторлық ұйымдардың тәуелсіз тексерісі.

     Аудитторлық  қызметтің негізгі түрі болып  қаржылық есеп аудитті табылады. Қаржылық есеп беру аудиттің мапқсаты аудиттордың қаржылық есеп беруі бекітілеген талаптарға сәйкес барлық мәнді аспектілер бойынша құрылғандығына байланысты өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктің болуын айтады.

      Аудиттің  міндеті болып қаржылық есеп  беру бойынша көзқарасын білдіру  табылады. Аудиттор осы міндетті  орындау үшін жүргізілген процедура  нәтижесінде жиналған дәлелдемелерді  бағалап, қорытынды жасайды.

     Аудит пәні  болып субьектінің шаруашылық  операцияларын тексеру табылады. Қаржылық аудиттің обьектілері  қаржылық есеп берудің барлық  элементтері: акивтері, міндеттемелері, меншікті капитал, табыстар, шығындар  табылады.

    Кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде аудит келесідей қызметті атқарады:

  • Эксперттік – қаржылық есеп беру элементтерін, бухгалтерлік есеп және бақылау жүйесіне кешенді тексеру жүргізуді айтады.
  • Аналитикалық – қаржылық есеп берудегі өткен жағдайды талдаусыз және болашаққа болжаусыз субьектінің қаржылық жағдайын обьективті, толық бақылау мүмкін емес. Сондықтан аудиттің толықтылығы мен шынайылығы шаруашылық әрекетке кезеңдік, кешендік талдаумен бекітіледі.
  • Кеңестік – бухгалтерлік есеп, салық салу, банктік іс, мүлікті бағалау, құқықтары және т. б. сұрақтары бойынша семинарлар мен сабақтар жүргізуді білдіреді. Сонымен қатар аудиттордың аудиттелетін обьектіге кеңес беру аудит барысында немесе аудит процедурасына байланысты емес, жеке жүргізіледі.
  • Өндірістік – бұл аудиттің өндірістік бағытын білдіреді, яғни келесі жұмыс түрлерімен байланысты:
    • субьектінің бухгалтерлік есебін қалыппына келтіру немесе жүргізу;
    • аудиторлық қорытындысыз қаржылық есеп беруді құру;
    • заңды және жеке тұлғаларға салықтар бойынша декларациялар толтыру;
    • субьектінің есептік саясатын өңдеу және т. б.

       Осы жұмыстың алғашқы үш түрі бойынша берілген кәсіпорындарда аудит жүргізуге болмайды, себебі аудиттор бухгалтер ретінде атқарған өз жұмысына қорытынды бере алмайды.

      Танымның жалпы ғылыми әдісі мыналарды қамтиды: қадағалау, салыстыру, ұқсастыру, модельдеу, жүйелі тәсілдеме, талдау мен синтез, индукция мен дедукция, абстракциялау, нақтылау, формалдау, тарихи және логикалық әдістер және т. б.

       Аудиттің  жұмыс тәсілі мен өзіндік ерекшелігі бар немесе нақты ғылыми әдістеріне жататындар: мәліметтерді көптеген нұсқалармен бағалау, экономикалық сараптау, түгендеу, бақылау мақсатыменөлшеу, қадағалау, қызмет тергеуі, талдамалы процедуралары, эксперимент, тестілеу, топтау, технологиялық бақылау, қолданыстағы стандарттармен және ережелермен салыстыру, камералық және кезікпе тексерулер, заңдық-тергеу тәсілдері және т.б.

    Осыған орай аудит әдісі дегеніміз – бұл шаруашылық қызметтерді және олардың нормативті-құқықтық реттеулерін тексеру және зерттеудің әдістемелік әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

    Аудиттің жалпы  және ерекше әдісінамасы болып  бөлінеді.

      Аудиттің  жалпы әдіснамасы табиғаттың, қоғамның  және қоршаған ортаның даму  заңдылықтарын зертейтін диалектикалық  және жалпы ғылыми таным теориясының принциптер жиынтығын білдіреді.

      Аудиттің  ерекше әдіснамасы экономикалық  ғылымның заңдарына негізделіп, бір жағынан, теориалық қорытындылар  мен принциптерден, ал екінші  жағынан – оны зерттеудің қолданбалы  әдістерінен көрінеді.

     Аудиттің ерекше әдіснамасы – бұл талдамалы-бақылау, экономикалық және заң ғылымдарының теориясы мен практикасының жетістіктері негізінде әзірленген нақты құбылыстар мен процестерді зерттеудің әдістері мен тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелері. Олар аудиттің белгілі бір нәтижелерінің жетістіктеріне, зерделеу көлеміне, мақсатты функцияларына және ғылым мен практика салаларына сәйкес қолданылатын зерттеудің жалпы ғылыми әдістерімен олардың өзара байланысына қарай қалыптасты.

         Тексеруге бел буған, яғни тексеруге шешім қабылданған аудитор зерттеу обьектісі туралы шындыққа жанасымды айғақтарды алудың әр түрлі әдістерін таңдай алады. Бизнестің аудиті мен талдауын жүргізудің мынадай арнайы әдістердің, тәсілдердің және процедура топтарын кеңінен қолдана алады:

  1. нақты бақылау тәсілдері – тексеру, зерттеу, түгендеу, бақылап жіберу, лабораториялық талдау, сараптау бағасы, нақты обьектілерді тексеру және т.б;
  2. айғақтарды құжаттық тексерулер әдістері, оның ішінде, деректемелерді формальдық тексеру, құжаттарда көріністапқан операциялар мен фактілердің мәні бойынша бағалауларын тексеру;
  3. қадағалау тәселдері – жаппай, тұтастай, іріктемелі, визуальды және тікелей;
  4. жауап алу тәсілдері – ауызша, анкеталық, корреспонденттік, өзін-өзі тіркеу және келуімен;
  5. операциялар мен міндеттемелердің шынайылығымен тексеру тәсілдері – құжаттық растау, кезікпе тексеру, өзара тексеру, бақылау мақсатында салыстыру, сканерлеу және т.б;
  6. сандық параметрлерді нақтылау тәсілдері - өлшеу, салмақтау, қайта есептеу, салыстрып тексеру және т.б;
  7. талдамалы процедуралары – іздестіру, жоспарлы, шолу, елеулі, преспективалық, оперативті, ағымдық, диагностикалық және т.б.

 

 

               1.2 Аутитін мақсаты мен міндеттірі, ақпарат көздері

      Аудит нарықтық экономика жаждайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді., сондай-ақ қаржылық жағдайды  тұрақтандыруға, шаруашылық жүгізуші субьектілер қызметтің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

      Аудитті  қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық  және басқа да қызмет салаларында  жүргізуге болады. Аудиттің ең  негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.

       Бұл  арада клиенттің нормативті құқықтық  актілердегі талаптарды сақтауын  бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясыаудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақталған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкестігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

       Аудит  мазмұны алға қойылған мақсаттар  мен бақылау обьектілерін ескеру  арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит обьектісіне шаруашылық  жүргізуші субьектінің қаржылық  қызметі кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының толықтығы мен анықтылығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынныңқаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.

      Бұндағы  негізгі мақсат экономикалық  әлеуетті, қаржылық ресурстарды,  салықтарды дұрыс есептеудің  талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту  бойынша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субьектілердің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісім шартпен толықтырылуы мүмкін.

        Егер аудиттің обьектісіне кәсіпорындағы  бухгалтерлік есептің жағдайы  кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субьектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

        Егер аудиттің обьектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түптілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Информация о работе Кәсіпорын қаржылық жағдайы